UF

ЖАҢА ЗЕЛАНДИЯ (англ. New Zealand, маори Aotearoa) – Тынық мұхиттың оңтүстік-батыс бөлігіндегі мемлекет. Ол Солтүстік (114,7 мың км2), Оңтүстік (150,6 мың км2), Стьюарт, Чатем аралдарын т. б. шағын аралдарды алып жатыр. Батысы - Тасман теңізі, солтүстік жағы - Фиджи теңізі, ал шығысы мен оңтүстігін - Тынық мұтхиты шайып жатыр. Британ Ынтымағының құрамыпа кіреді. Жері 268,7 мың км2. Халқы 4,8 млн. (2018). Астанасы - Уэллингтон қаласы. Әкімшілік жағынан 108 графтықтарға бөлінеді.

Мемлекеттік құрылысы. Жаңа Зеландия - Британия Ұлттар ынтымағының құрамындағы мемлекет. Мемлекеттік басшысы - англия королы, оның өкілдігін Жаңа Зеландияның премьер-министрінің ұсынысымен тағайындалатын генерал-губернатор жүзеге асырады. Жоғары заң шығарушы органы - бір палаталы парламент, ол 3 жылға сайланады. 21 жасқа толған азаматтар сайлауға қатыса алады. Сайлау тең емес. Мыс., ерекше округтарға бөлінген жергілікті халық - маорилер 4 депутат қана сайлай алады. Сот жүйесі жоғарғы сот және апелляциялық сот басқаратын арнаулы соттардан құралады.

Табиғаты. Жаңа Зеландия аралдары таулы келеді, жерінің % бөлігі - тау, үстірт, қырат. Ең биік жері - Оңтүстік Альпідегі (Оңтүстік арал) Кук тауы (3756 м). Ең ірі Кентербери жазығы Оңтүстік аралда. Жер сілкінуі, вулкан атқылауы жиі болады. Солтүстік аралдың орталық бөлігінде Руапеху (биіктігі 2796 м), Нгаурухоэ (2291 м), Тонгариро (2048 м) атты әрекетті вулкандар бар. Климаты теңіздік, субтропиктік, қиыр оңтүстігінде қоңыржай салқын. Ең жылы айында (қаңтарда) ауаның орташа температурасы солтүстік бөлігінде 19°С, оңтүстік бөлігінде 14°С; шілдеде 12°С және 5°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері таудың жел жақ беткейінде (батыс жағы) 2000-5000 мм, қалғаи жерлерінде 400-700 мм. Ірі өзендері - Уайкато, Уонгацуи, Рангитики (Солтүстік арал) және Клута, Тайери, Матаура (Оңтүстік арал). Суы мол, терең көлдері - Те-Анау, Манапоури, Уакатипу (Оңтүстік арал), Таупо, Ротоуда Тасман теңізі жағалауындағы курорттардың бірі.

Солтүстік арал. Жері сары, қызыл қоңыр және қара топырақты келеді. Жерінің 23%-ке жуығы (6,2 млн. га) - субтропиктік және мәңгі жасыл орман. Жаңа Зеландия аралдары құсқа бай, әсіресе киви, тоты құс көп. Жер бетінде алғаш жаралған кесірткелердің бірі - гаттерия (немесе тутара) осында ғана бар.

Халқы. Ұлттық құрамы жөнінен Жаңа Зеландия халқы біртектес, оның 85%-і жаңа жерге қоныстанушы ағылшындардың, шотландиялықтардың және ирландиялықтардың ұрпақтары, олардан мұнда ағылшын-жаңа зеландиялық ұпт пайда болды. Байырғы тұрғындары - маорилердің саны 223,4 мың (бүкіл халықтың 7,8%-і). Халық елде біркелкі қоныстанбаған: Солтүстік аралда 70,7%-і, Оңтүстік аралда 29,3%-і тұрады. Халықтың орташа тығыздығы 1 км2 жерге 16,4 адамнан. Мемлекеттік тіл - ағылшын тілі. Еңбек етуші халық 1026 мың (1966), оның өнеркәсіпте 27%-і, сауда және финанс орындарында 17,6%-і, транспорт пен байланыс мекемелерінде 9,6%-і, құрылыста 0,3%-і, ауыл шаруашылығында 4,7%-і істейді. Халықтың 77,3%-і қалаларда тұрады; іріқалалары - Окленд, Крайстчёрч, Уэллингтон, Хатт.

Тарихы. Жаңа Зеландияға адам баласының қоныс тебу тарихы әлі толық зерттелмеген. Кейбір мәліметтер бойынша, 10-14 ғасырларда Жаңа Зеландияға Орталық Полинезиядан қазіргі маорилердің арғы аталары келіп қоныстанған. Европалықтардан Жаңа Зеландияға ең бірінші барған адам голланд теңізшісі Т. Тасман болды (17 ғ.). Одан кейін 18 ғасырдың 2-жартысында ағылшын теңізшісі Дж. Кук барған. 19 ғасырдың бас кезінде Жаңа Зеландияға европалықтар келіп, маорилердің жерін тартып ала бастайды. Сүйтіп, Жаңа Зеландия 1840 жылы ағылшынның отарына айналды. 1843 жылы ағылшын отаршылдарына қарсы маери қарулы көтерілісі (маори соғысы) басталды. Маорилердің ең соңғы қарулы қарсыласуы 1872 жылы басып-жаншылды. Оңтүстік аралдағы алтын кепінің ашылуына байланысты әмигранттардың саны күрт өсіп, 1868 жылдың өзінде-ақ 225 мыңға жетті. Отардағы бүкіл экономикалық және саяси билік жер олигархиясының қолында болды. 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында Жаңа Зеландияда капитализм ағылшын капитализмінің «филиалы» ретінде туып, өркендеді. Жаңа Зеландия 1907 жылы доминион болды. Бұл тұста елдің халқы 1 млн. адамға жетті.

1-дүние жүзілік соғыстың алдында Жаңа Зеландияда жұмысшы қозғалысы өрістеді. 1909 жылы Лейбористік партия қалыптасты. Жаңа Зеландия 1-дүние жүзілік соғысқа (1914-1918) қатысып, соның нәтижесінде кіші отарлық державаға айналды. Ұлы социалистік революциясының ықпалымен Жаңа Зеландияда жұмывшы қозғалысы жеделдей түсті. 1921 жылы Жаңа Зеландия Коммунистік партиясы құрылды. 1931 жылы Жаңа Зеландияның ішкі, сыртқы істерде дербестігі танылғанымен, ол экономикалық жағынан Англияға мейлінше тәуелділік жағдайда болды. Дүние жүзілік экономикалық дағдарыс жылдарында (1929-1933) Жаңа Зеландияның экономикасы қатты күйзеліске ұшырады, 1932 жылы елдегі жұмыссыздардың саны 80 мыңға жетті. 1935 жылы сайлауда Лейбористік партия жеңіп шығьш, үкімет билігі Лейбористердің қолына көшті.

Дүние жүзілік екі соғыстың аралығындағы кезеңде негізінен Жаңа Зеландия ұлты қалыптасты. 2-дүние жүзілік соғыста Жаңа Зеландия Гитлерге қарсы коалицияда болды. Ол 1939 жылы 3 қыркүйекте фашистік Германияға, 1941 жылы Жапонияға соғыс жариялады. Оның соғыс күштері Грециядағы, Солтүстік Африкадағы, Италиядағы шайқастарға және Тынык мұхиттағы Жапониямен арадағы соғысқа қатысты. Соғыстан соңғы жылдары Жаңа Зеландияның өнеркесібі едәуір өсті. Дегенмен экономикасының негізі ауыл шаруашылық болды. Ауыл шаруашылығының даму дәрежесі жөнінен Жаңа Зеландия капиталистік дүниедегі маңдай алды елдердің бірі болды. Англия Жаңа Зеландияның сыртқы сау-дасында бұрынғысынша басты роль атқарды. Сонымен қатар, Жаңа Зеландия экономикасына американ капиталының енуі кушейе тусті.

1949 жылы Ұлттық партия үкіметі (1936 жылы құрылған) билікті өз қолына алды. Ереуілдік қозғалыстар өрістеді. 1951 жылы ақпан-шілдеде Жаңа Зеландия тарихындағы ірі (25 мыңнан астам адам катысқан) ереуіл болды. Соғыстан кейінгі жылдары Англиямен саяси байланысы әлсіреп, Жаңа Зеландияның ішкі саясатына АҚІІІ әсері басым болды. Сөйтіп, Жаңа Зеландия  әскерлері АҚШ жағында Кореядағы соғысқа (1950-1953) қатысты, 1865-1870 жылдар Вьетнамдағы соғыс қимылдарына қатысты. 1961 жылы Жаңа Зеландия укіметі Батыс Саомаға тәуелсіздік беруге келісуге мәжбур болды. 1968 жылы Науру аралы да тәуелсіздік алды. Соңғы жылдары Жаңа Зеландия халқы, әсіресе маорилер ереуілді күшейте тусті. Олар Жаңа Зеландия әскерлерінің Вьетнамдағы соғысқа қатысуына, сондай-ақ елдегі экономикалық және саяси теңсіздікке қарсы күрес жүргізуде.

Саяси партиялары мен кәсіподақтары. Жаңа Зеландия Ұлттық партиясы 1921 жылы құрылды. Ірі буржуазия мен фермерлердің мүддесін қорғайды. 1960 жылдан басқарушы партия. Лейбористік партия 1909 жылы құрылды. Жаңа Зеландия Социалистік бірлік партиясы 1966 жылы қазанда құрылды. Пролетарлық интернационализмді жаңтайтын коммунистерді біріктіреді. Жаңа Зеландия Коммунистік партиясы 1921 жылы құрылды. Кәсіподақтарының көпшілігі Жаңа Зеландия еңбек федерациясына біріккен, 1937 жылы құрылды. Ерікті кәсіподақтардың халықаралық конфедерациясына (ЕКХК) кіреді.

Экономикасы. Жаңа Зеландия - өнеркәсібінің жедел қарқынмен дамуына қарамастан аграрлы ел. Экономикасының басты саласы - ауыл шаруашылық, оның ішінде мал шаруашылығы. Жаңа Зеландия қырқылған жүн мөлшері жөнінен капиталистік елдер арасында 2-орын, сары май өндіруден 4-орын, сыр алудан 7-орын алады. Экономикасы шетел капиталымен тығыз байланысты. 1960-1969 жылдар Жаңа Зеландиядағы шетелдік инвестицияның мөлшері 269 млн. Жаңа Зеландия долларына жетті, оның ішінде Ұлыбританияның үлесі 44,1%, АҚШ пен Канаданікі 15,8%. Ұлыбритания Жаңа Зеландияның басты кредиторы болып табылады. Елде Жапонияның, Батыс Германияның әкономикалық ықпалы артып келеді. Шаруашылық салаларында мемлекеттік-монополистік капитализм дамуда. Ірі электр станциялар, темір жолдар, ішкі авиалиниялар, көмір шахталарының көбі мемлекет қарамағында.

Ауыл шаруашылығы - жалпы ұлттың өнімнің 50%-тен астамы, экспорт товарларының 80%-ін (1970) береді. Шаруашылықтары ауыл шаруашылық техникасымен жақсы қамтамасыз етілген, еңбек өнімділігі өте жоғары. 1969 жылы ауыл шаруашылығына 17,2 млн. га жер пайдаланылды, оның ішінде өңделген жер 9,2 млн. га. Егісінің 90%-іне жемшөп, арпа, сұлы, жүгері себіледі (оған негізіненмал жайылады), 10%-іне астың және бау-бақша дақылдары егіледі. 1970 жылы жиналған егіс өнімі (мың т) бидай 278,2, сұлы 55,2, арпа 165,5, жүгері 54, картоп 243. Ауыл шаруашылық өнімдері құнының 90%-і мал шаруашылығының үлесіне тиеді.1970 жылғы мал саны (млн.): мүйізді ірі қара 8,8 оның ішінде сауын сиыр 2,4, қой 60,3 (капиталистік елдер арасында 3-орын), шошқа 0,584; олардан 1970 жылы өндірілген өнім (мың т): сары май 239,8, сыр 101,6, ет 1051,6, жүн 328. Жаңа Зеландия дүние жүзінде экспортқа сары май шығарудан 1-орын, жүн шығаруден 2-орын, сыр және ет шығарудан 3-орын алады. Теңізден кит және балық аулау дамыған.

Өнеркәсібі. Жаңа Зеландия тау-кен өндірісінің өнімдері: көмір (Оңтүстік аралдың солтүстік-батыс бөлігінен өндіріледі), мұнай және табиғи газ (Солтүстік аралдағы Нью-Плимут қаласының атырабы), темір рудасы (Солтүстік және Оңтүстік аралдарының батыс жағы), әк тас, доломит. 1970 жылы СЭС-терінің жалпы қуаты 2894,4 Мвт, жылу электр станцияларынікі 788,3 Мвт болды; сол жылы 12925,5 млн. квт-сағ электр өндірілді. Ірі СЭС- тері - Бонмор, Монапаури, Роксборо, ірі жылу электр станциялары - Меремере, Марсден. Өңдеу өнеркәсібінің басты саласы - тамақ (ет, май, сыр, балық) өндірісі, ол бүкіл өнеркәсіп өнімінің 33%-ін, экспортының 20%-ін береді. Металлургия (Блафф алюминий, Окленд металлургия з-дтары), химия (бірнеше целлюлоза-қағаз комбинаттары, Окленд түбегінде мұнай айыру з-ды), машина жасау және құрастыру з-дтары (Уэллингтон, Окленд қалалары) бар. Жаңа Зеландия кәсіпорындарының көбі шағын көлемді.

Транспорты. Темір жолының ұзындығы 5029,4 км, оның ішінде электрленгені 109,4 км. Солтүстік және Оңтүстік аралдары аралығына темір жол паромдары қатынайды. Тас жолдары 93,8 мың км, оның 46,6 мыңы асфальтталған. Окленд, Уэллингтон, Крайстчёрч қалаларында халықаралық әуе порттары жұмыс істейді. Жаңа Зеландияның теңіз флоты өте шағын. Сыртқы сауда товарларының көбі Ұлыбритания, Жапония, АҚШ кемелерімен тасылады. Басты теңіз порттары - Фангарен, Окленд, Уэллингтон, Литтелтон.

Сыртқы саудасы. Экспортының 85%-і жүн, сары май, сыр, еттің үлесіне тиеді. Олардан басқа шетке қағаз, ағаш өнімдері шығарылады. Шетелдерден ендірістік құрал-жабдықтар, мұнай, фосфорит, астық, шай, қант, кофе т. б. сатып алынады. Сыртқы сауда серіктестері - Ұлыбритания, АҚШ, Жапония, Австралия. Ақшас - Жаңа Зеландия доллары.

Денсаулық сақтау ісі. 1969 жылы әрбір 1000 адамға шаққанда, баланың тууы 22,5, адамның өлімі 8,7, тірі туған әрбір 1000 баладан өлгені 16,9. Адам өмірінің орташа ұзақтығы ерлерде 68,4, әйелдерде 73,5 жас. Елде жүрек қан- тамыр аурулары, қатерлі ісік, туберкулез, энцефалит, инфекциялы гепатит сияқты аурулар көбірек таралған. Денсаулық сақтау ісіне Денсаулық сақтау министрлігі басшылық етеді. 1969 жылы 24,9 мың төсектік 186 аурухана (1000 адамға 0,8 төсек), 3,1 мың дәрігер болды. Бұл елде мемлекеттік емдеу мекемелерімен қатар, аурулардан ақша алып емдейтін жеке меншік дәрігерлер де бар. Медицина мамандарын Отаго университетінің медицина факультеті дайындайды.

Оқу-ағарту ісі. Жаңа Зеландияның халық ағарту жүйесіне 3-5 жастағы балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелер (балалар бақшасы, балалар ойыны орталығы), 8 жылдық бастауыш мектеп және 6 жылдың орта мектеп енеді. 1969-1970 оқу жылында балалар бақшасында 40 мыңға жуық бала, бастауыш мектептерде 514,7 млн, орта мектептерде 184 мыңнан астам оқушы болды. Кәсіптік дайындық бастауыш және 4 жылдың Орта мектеп негізінде жүзеге асырылады 1969-1970 оқу жылында кәсіптік-техникалық дайындық жүйесінде 99 мыңға жуың, мүғалімдер дайындау жүйесінде 8,5 мың оқушы болды. Жоғары оқу орнына 6 жылдық орта мектепті бітіргендер қабылданады. Жаңа Зеландия университеттері Отаю университеті (Данедин қаласында), Кентерберий университеті (Крайстчёрч қаласында), Околенд унивесритеті, Виктория университеті (Уэллингтон қаласында), Масей университеті (Палмерстон-Норт қаласында), Вайкато университеті (Гамильтон қаласында). 1969-1970 оқу жылында университеттерде 31,5 мың студент оқыды Ірі кітапханалары:  Уэллингтондағы мемлекеттік кітапхана, Окленд көпшілік кітапханасы, университтер кітапханалары. Музейлері: Уэллингтондағы Ұлттық көркемөнер галереясы, Окленд тарих-этнографиялық музейі, Крайстчёрчтегі Кентерберий музейі.

Баспасөзі, радиохабары, телевизиясы. Жаңа Зеландияда 1971 жылы 230 мерзімді басылым, оның ішінде 16 жалпы ұлттық,89 провинциялық газет және 130 журнал шықты. Аса ірі газеттер: «Доминион» (1907), «Ивнинг пост» (1865), «Нью Зиленд геральд» (1863), «Окленд стар» (1870), «Уикли ньюс» (1863). Бұлар - Ұлттық партия бақылауындағы басылымдар. «Стандард» (1880) - Лейбористік партия органы, «Нью Зиленд трибюн» (1966) - Жаңа Зеландия социалистік бірлік партиясының органы. Жаңа Зеландия коммунистік партиясы «Пиплс Войс» газеті мен «Нью Зиленд лейбр ревью» журналын шығарады. Информациялық агенттігі - Нью Зиленд Пресс Ассошиэйшн - Жаңа Зеландия күнделікті газеттердің кооператив бірлестігі. Радиохабары 1925 жылдан, телевизия хабары 1958 жылдан беріле бастады. Радиохабар ағылшын тілінде және жергілікті халықтардың 4 тілінде жүргізіледі.

Әдебиеті. Жаңа Зеландия әдебиеті ағылшын тілінде 19 ғасырдың 70 жылдарынан бастап дамыды. Жергілікті Маори фольклорының жазбалары сақталған. Жаңа Зеландия әдебиетіндегі алғашқы шығармалар - А. Дометт (1811-1887) және Дж. Уайттың (1826-1891) христиан дінінің маорилерге тигізген игі өсерін бейнелеуге әрекеттенген туындылары. Маорилер өмірі туралы жазылған реалистік туындылар У.Боктің (1848-1931), Г. В. Вогельдің (1868-1947), А.А.Грейстің (1867-1942) очерктері, сондай-ақ жаңазеландиялықтар туралы жазылған У.Сатчеллдің (1860-1942) «Жоғалғандар елі» (1902), А. Малганның (1881 ж. т.) «Үй» (1927) романдары болды. Эдит Сере Гросман (1869-1931) және Джейн Мандер (1877-1949) әйел теңдігі туралы, ал Дж. Ли (1891 ж. т.) буржуазиялық қоғамның сұрықсыз сиқын суреттеген романдар жазды. Ф. Сарджесон (1903 ж. т.), Д. Малган (1911-1945) және Ф. Ш. Энтоші (1891-1925) село өмірін, еңбек адамдарын жырлады. Ал Д.М.Дэвин (1913 ж.т.), Д.Р.Кол (1916 ж.т.), Робин Хайдтардың (1906-1939) роман, новеллаларына әлеуметтік-психологиялық мәселелер арқау болды. Р. Д. Финлейсонның (1904 ж. т.) «Көктеген папоротник» атты әңгімелер жинағы (1965) мен Н. Хиллиардтың (1929 ж. т.) «Қуаныш билігі» (1965) романында әлеуметтік мәселелер, нәсілшілдік қайшылығы сөз болады. Жаңа Зеландия әдебиетінде Эдит Литетон (1873-1945), У.Г.Гутри-Смит (1861-1940), Нэлли Скэнлэн (1892 ж. т.) өз романдары арқылы отаршылдық тарихын дәріптесе, Джесси Маккей (1864-1938), А. К. Мейсон (1905 ж. т.) т. б. шығармаларында фашизм мен милитаризмге өшпенділік, туған халыққа деген сүйіспеншілік бейнеленеді. А. Кэмпбелл (1925 ж. т.) - маори халқының бірінші ақыны. Жаңа Зеландия әдебиетінде революция шығарма Г. Уатсон (1912-1944) жырларынан басталды. Жаңа Зеландия әдебиетінің прогресшіл тарихшысы проф. Г. Роудз Жаңа Зеландия романдары мен прозасының тарихы туралы бірнеше кітаптар жазды.

Архитектурасы мен бейнелеу өнері. Отар елге айналғанға дейін маорилер бекіністі деревняларда (айналдыра бөренеден салынған шағын құрылыстармен қоршалған) тұрды. Олардың мифтік бейнелері мен аңыз ертегілері ағаш ұқсату өнерінде көрініс тапты. Ағаш пен нефриттен текті адамдар мен батырлардың мұсіншелерін жону, жабайы зығыр талшығынан өрнектеп сулық шекпен тоқу өнері кеңінен таралды, Маори өнерінің бай дәстүрі үй бөлмелерін әшекейлеу, киім-кешектер мен зергерлік өнері бұйымдарыв жасауда сақталған.

19 ғасырдың 2-жартысынан Жаңа Зеландияға қоныс аударушылардың көбеюіне байланысты Окленд, Уэллингтон, Крайстчёрч, Данедин қалалары көркейе бастады: оларда түзу көшелер салынып, орталығында ашық алаңдар мен парктер орнады. 1920-1940 жылдарға дейін басым болған ағылшын архитектуралық үлгілері (неоклассика, неоготика) қазірг архитектура бағытқа (темірлі-бетон, болат қаңқа) бет бұрыс жасады. Жергілікті табиғатқа лайықтап, 2 қабатты тұрғын ұйлер салу кең тараған. 19 ғасырдың аяғында жергілікті кескіндеме - пейзаж (П. Ван дер Велден, Дж. Нейрн), турмыс-салт дәстүрлерін бейнелеу (Г. Линдауэр, Ф. Ходжкинс, Ч. Ф. Голди) қалыптасты. 20 ғасырда «кентербери» мектебі өкілдерінің (А.Ф.Николл) табиғат суреттері, Э. Мервин Тейлордың гравюралары реалистік туынды ретінде көшпілікке танымал болды.

Музыкасы. Жаңа Зеландия жергілікті тұрғындары - маорилердің музыка өнері алғашқы қауымдық құрылысқа салды. Мелодиялық қатары шектеліп, нотаға түсірілгенде жарты тоннан да кіші интервалдар пайдаланылады. Ән-билері - хака (ерлер биі) және поп (қыздар биі). Музыкалық аспаптары - коауау, нгуру (флейталар) және путорино (кернейлі аспаптар). Кейіннен қоныстанған халықтардың музыкалық мәдениеті, сондай-ақ 19 ғасырда ұйымдасқан хор, камералық музыкалық қоғамдары европалық музыкалық мәдениетінің ықпалымен қалыптасып дамыды. Қазіргі композиторлары: Д. Айлберн, Т. Вернон Гриффитс, Г. Ласком т. б. Опералық сахнаны 100 жыл бойы шетелден келген өнерпаздар пайдаланды. А. Хилл (1870-1960) маорилік сюжетке «Тапу» (1903) және «Мавритан қызы» (1905) операларын жазды. 1954 жылы Жаңа Зеландия опера компаниясы (1962 жылы Д.Фаркердің «Рождестволық сыңар мүйіз» атты операсын қойды) және ұлттық балет труппасы (К. Смоллдын - «Тұман балалары» атты алғашқы 2-і актілі балетін Қойған) ұйымдастырылды. Эн-зе-би-си жанында ұлттық және жастар симфониялық оркестрі бар. Музыкалық оқу орындарының орталығы - университеттер мен Нельсондағы (1893 жылы құрылған) музыка мектеп.

Театры. Жаңа Зеландияның ұлттық театры бертінде пайда болды. Елде көбіне Ұлыбритания және Австралиядан келген жеке коллективтер мен актерлер өнер көрсетіп отырды. 20 ғасырдың 30 жылдары ғана университет пен мектептер жанынан әуесқойлардың драмалық және опера труппалары ұйымдаса бастады. Әуесқойлардың драмалық труппалары Уэллингтон, Окленд, Гамильтон, Палмерстон, Данедин (мұнда 1958 жылы құрылған «Глоб» театрының жетекшілері - ерлі-зайыпты П. және Р. Кари қызмет етті; театр жанында студия бар) т.б. қалаларда ұйымдасты. Бірен-саран труппалардың театр үйлері бар.

Киносы. 1904 жылы тұңғыш документті сюжет түсірілді. 1912 жылы туристік фильмдер шығаратын мемлекеттік киностудия құрылды. 1-дүние жүзілік соғыс кезінде әскери хроника, 20 жылдары негізінен қысқа метражды документті ленталар түсірілді. Ұлттық көркемсуретті киноның негізін қалаушы - режиссер Р. Хейуорт. Оның «Ақырғы қарсыласу» (1935) фильмі маорилердің отаршылдарға қарсы күресін бейнеледі. 1936 жылы ағылшын режиссер Дж. Грирсонның әсерімен кинорежиссерлер тобы қалыптасып, қойған фильмдерімен өз елінің көкейкесті мәселелеріне үн қосты. 40 жылдардың 2-жартысы мен 50 жылдары Грирсонның шәкірттері «Токиоға хат», «Өзен қуаты», «Жүк кемесі» (режиссер С.Холмс), «Вангануй өзенінің аңызы» (режиссер А. Пери), «Отты мекен» (режиссер Дж. Фини) атты әлеуметтік және көркемдік мәні бар документті ленталар түсірді. Осы кезде толық метражды «Үшеу үшін сапар» (режиссер М. Форлонг) көркемсуретті фильмі шығарылды. Бірақ көптеген кинематографистердің жұмысына үкімет тарапынан шек қойылып, қысым жасалғандықтан, олардың бірсыпырасы басқа елдерге кетуге мәжбүр болды. Бірқатар «тәуелсіз» кинорежиссерлер мемлекеттік киностудиядан тысқары, жеке меншікті кинофирмалар ашып, фильмдер шығаруда. Олар «Қиратылған бөгет» (режиссер Р. Майрамс және Дж. О’Ши), «Қашқын» (режиссер О’Ши және Дж. Грэхем) т.б. көркемсуретті фильмдер шығарды. Мемлекеттік киностудия тек документті, қысқа метражды кинокартиналар ғана шығарады: «Жастардың ұлттық оркестрі» (1961), «Окленд» (1967), «Шөп өсірушілер» (1970). 400-ден астам кинотеатр жұмыс істейді.

Әдеб.:Андреева В.М. Новая Зеландия. Экономико-географическая характеристика. М., 1963; Народы Австралии и Океании. М., 1956; Ерофеев Н.А. Англо-французское соперничество в Тихом океане и аннексия англичанами Новой Зеландии в 1840 г. в кн.: Французский ежегодник 1958. М., 1959; Железнова И.П., Лебедев И. А. Киви. -М., 1966; Новозеландские рассказы. (вступ. ст. В. Рубина). -М., 1963; Хиллиард Н. Клочок земли. Рассказы, М., 1964; Крамп Б. Залив. М., 1969; Выставка живописи и графики Новой Зеландии. –Каталог. -М.-Л., 1959; Бахта В.М. Аотеароа. -М., 1965; Зименко В. Образы Новой Зеландии. «Культура и жизнь», 1959, № 7.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-03-13 12:41:36     Қаралды-6944

БӨЛШЕКТЕР ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Алдымен бұлар «жай бөлшектер» деп аталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕ ЖҮЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ ЦИРК ҚАШАН ЖӘНЕ ҚАЙ ЖЕРДЕ АШЫЛДЫ?

...

Қазіргі кездегі заманауи цирктің әкесі - ағылшын кавалеристі аға сержант Филип Астли

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЕТРО ҚАЙ ЖЕРДЕ ЖӘНЕ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Метро - теміржол көлігінің бір түрі, оның жолдары көшелерден алшақ, көбінесе жер асты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЫСЫҚТАР ҚАШАН ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫНА АЙНАЛДЫ?

...

Соңғы уақытқа дейін ежелгі мысырлықтар мысықтарды алғаш қолға үйреткен деп есептелді

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КІРПІШ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Пісірілген балшықтан жасалған бұл әмбебап құрылыс материалы

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ОТТЕГІ ҚАЙДАН КЕЛЕДІ ЖӘНЕ ОЛ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

...

Оттегі - жер бетіндегі ең көп таралған химиялық элементтердің бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДӘПТЕР ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Мектеп дәптерлеріне ата-әжелеріңіз, аналарыңыз бен әкелеріңіз жазған

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ПЛАНЕТА ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Біздің планетамыз шамамен 4,5 миллиард жыл бұрын пайда болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ПЛАНЕТА ҚАЙСЫ?

...

Күн жүйесіндегі ең үлкен планета - Юпитер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »