UF

РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ, Россия - жерінің аумағы, халқының саны және әкономикалық қуаты жөнінен ТМД-дағы аса ірі ел. Солтүстік-батысында Норвегиямен және Финляндиямен, батысында Польшамен, оңтүстік-шығысында Қытаймен, МХР және КХДР-мен шектеседі. Солтүстік Мұзды мұхитқа (Баренц, Ақ, Кара, Лаптевтер, Шығыс Сібір, Чукот теңіздеріне), Тынық мұхитқа (Беринг, Охота, Жапон теңіздеріне) және Атлант мұхитына (Балтық, Қара және Азов теңіздеріне), тұйық Каспий теңізіне ұласады. Жері 17075,4 мың км2. Халқы 133 741 мың (1975). Астанасы - Москва қаласы. Әкімшілік жағынан 16 автономиялық республиканы (Башқұрт, Бурят, Дағыстан, Қабарда-Балқар, Қалмақ, Карель, Коми, Мари, Мордва, Солтүстік Осетин, Таар, Тува, Удмурт, Чечен-Ингуш, Чуваш, Якут), 5 автономиялық облысты (Адыгей, Таулы Алтай, Еврей, Қарашай-Черкес, Хакас), 6 өлкені, 49 облысты және 10 ұлттық округты [Агин-Бурят, Коми-Пермяк, Қоряк, Ненец, Таймыр (Долган-Ненец), Усть-Орда-Бурят, Ханты-Манси, Чукот, Эвенкі, Ямал-Ненец] біріктіреді. Экономикалық даму жөнінен 10 экономикалық ауданға (Солтүстік- Батыс, Орталық, Волга-Вятка, Орталық Қаратопырақты, Волга бойы, Солтүстік Кавказ, Орал, Батыс Сібір, Шығыс Сібір және Қиыр Шығыс) бөлінеді.

Мемлекеттік құрылысы. Ресей Федерациясы территориясын оның ризалығынсыз өзгертуге болмайды. Мемлекеттік құрылыс формасы бойынша Ресей - федерациялық мемлекет.

Табиғаты. Ресей Федерациясы Шығыс Европа және Солтүстік Азияның көпшілік бөлігін алып жатыр. Жері солтүстіктен оңтүстікке 2,5-4 мың км-ге, батыстан шығысқа қарай 9 мың км-ге созылған. Территориясының 70%-ке жуығы жазық келеді. Батысында аласа (биіктігі 250-400 м) қыратты (Валдай, Орта Орыс, Волга бойы) және ойпатты (Ока-Дон, Каспий маңы т. б.) Шығыс Европа жазығы, орталық бөлігінде Орал таулары (ең биік жері Народная тауы, 1895 м), бұның шығысында Батыс Сібір жазығы жайласқан. Енисей мен Лена өзендерінің аралығындағы Орта Сібір үстірті (өзен аңғарларымен күшті тілімделген; биік жерлері - Путорана үстірті, 1701 м және Енисей бұйраты, 1104 м) өзінің шығыс жағында Орталық Якут жазығына жалғасады. Россияның таулық өңірі шығыс және оңтүстік бөлігіндегі жоталардан құралады. Бұларға республиканың Европалық бөлігіндегі Үлкен Кавказдың солтүстік беткейлер жоталары (РФ-дің ең биік жері - Эльбрус тауы 5642 м, осында), Сібірдің оңтүстігіндегі Алтай (4506 м), Кузнецк Алатауы, Батыс Саян, Шығыс Саян, Тува таулары, Байқал маңы, Байқал сырты, Становой жоталары, Солтүстік-Шығыс Сібірдегі Жоғары Яна, Черский жоталары, Колыма таулы қыраты және Қиыр Шығыстағы Чукот, Коряк таулы қыраттары, Джугджур, Бурейн, Сихотэ-Алинь жоталары, Камчатка және Куриль таулары жатады.

Геологиялық құрылымы жөнінде РСФСР жері Шығыс Европа платформасының көпшілік бөлігін, Сібір платформасын түгел, Орал, Батыс Сібір жазығы, Оңтүстік Сібір, Жоғары Яна-Чукот аймағы, Коряк таулы қыраты, Камчатка, Куриль аралдары, Приморье және Сахалин қатпарлы аймақтарын қамтиды. Ежелгі платформалары өте көне кезеңде теңіз түбіне шоғырланған шөгінді және вулкандық қабаттан түзілген, кейіннен күшті қатпарлануға және өте тереңге жеткен метаморфизмге шалынған жоғарғы протерозойға дейінгі кристалдық фундаменттен құралады. Бұлар бірнеше дүркін гранит қабатымен жанышталып ерітілген. Бұл процестер 2 млрд. жылдан астам уақыт бойы байқалды және протерозойдың орта кезінде (1800-1700 млн. жыл бұрын) толастады. Қатпарланудың Карелдік дәуірінен кейін Шығыс Европа және Сібір платформалары фундаментінің беті денудация процестерінен тегістөлді және бұның үстінде антропоген жүйесіне дейінгі аралықта шөгінді жыныстар жамылғысы пайда болды. Платформаларды шектеуші қатпарлы аймақтар одан кейінгі мезгілде жаралды. Протерозойдың ортасына дейін бұлардың орнында жер қабығының мұхит түбіндегі түрі сақталған. Бұдан кейін мұнда геосинклинальдық жүйелер дами бастады, соның нәтижесінде жаралу мезгілдері әр түрлі байқал (протерозой аяғында), каледон (палеозой ортасында), герцин (палеозой соңында) және киммери (мезозойда) қатпарлы аймақтары қалыптасты. Осылардан бірте-бірте жас платформалардың фундаменті құралды. Кавказда геосинклинальдық даму процестері альпілік мезгілде аяқталды, Куриль және Командор аралдарында, Охота, Беринг теңіздері шұңғымаларында, терең сулы куриль-камчатка науасында бұл құбылыс әлі аяқталған жоқ. Қатпарлы аймақтар ежелгі платформаларды бір-бірінен және мұхиттық шұңғымалардан бөліп тұратын Жерортатеңіздік, Орал-Монғол, Тынық мұхиттық, Арктикалық белдеулерге бірігеді.

Республика жер қойнауында Ресей Федерациясының минералдық отын ресурсының негізгі бөлігі (бүкіл одақтық барланған көмір қорының 70%-тен астамы, газдың 80%-тен астамы және шымтезектің жалпы қорының 91%-і), темір рудасының көпшілігі, апатиттің 100%-і, калий тұздары бүкіл одақтық қорының 60%-тен астамы т.б. пайдалы қазындылар шоғырланған. Көмір бассейндері негізінен карбон, пермь және юра мезгілдерінде жаралған. Мұнай мен газдың ірі кендері Солтүстік Кавказдың мезозойлық және үштік қабаттарына, Волга-Орал, Ухта-Печора мұнайлы-газды аудандарының палеозойлық, Батыс Сібір жазығының мезозойлық, Шығыс Сібір және Якут палеозой және мезозойлық, Сахалин аралының палеоген және неоген жыныстарына жиналған. Темір рудасы, төмірлі кварцит қорлары Курск магнит аномалиясында, Оралда, Сібірде, Карелияда табылды. РСФСР қойнауы түсті және сирек металдарға өте бай. Боксит кендері Оралдан, мыс рудалары, қорғасын-мырыш Солтүстік Кавказдан, Орта және Оңтүстік Оралдан, Шығыс Сібірден, никель Кола түбегінен, қалайы Якут, Магадан облыстарынан, Хабаровск, Приморье өлкелерінен, вольфрам және молибден Солтүстік Кавказдан, Шығыс Сібірден ашылды. Әсіресе Норильск кенді аудандарындағы мыс-никель рудаларының өндірістік маңызы күшті. Мурманск облыстарының апатит-нефелин рудаларына, Орталық Россия фосфоритке, Солтүстік Орал беткейі калий тұздарына, Орал, Алтай, Байқал сырты таулары, Кола түбегі бағалы және түрлі түсті тастарға, мәрмәрге, гранитке, базалықа, Якутия алмасқа бай.

Ресей Федерациясы территориясы негізінен қоңыржай белдеуде; Солтүстік Мұзды мұхит аралдары мен материктің қиыр солтүстік аудандары арктикалық және субарктикалық, Кавказдың Қара теңіз жағалауының біраз жері субтропиктік белдеулерге жатады. Климаты континенттік; Шығыс Сібір климаты тым контмненттік, мұнда шілде және қаңтар айларының орта температурасы арасындағы амплитуда 50-65°С. Қаітардың орташа температурасы 0-5°С (Европалық бөлігінің батыс жағында, Кавказ алдында). және -40, -50°С (Якутия шығысында). Шілдеде 1°С (Сібірдің солтүстік жағалауы) және 24-25°С (Каспий маңы ойпатьі). Атмосфералық жауын- шашын жағдайы батыстан енетін Атлант мұхиттық және шығыстан енетін Тынық мұхиттық ауа массаларына тығыз байланысты. Жылдың жауын- шашын мөлшерінің ең көп жері - Кавказ және Алтай таулары (1500-2000 мм), ең аз жері - Каспий маңы ойпаты (120-150 мм). Қар жамылғысы оңтүстік жағында 60-80, қиыр солтүстігінде 260-280 күндей сақталады. Ең қалың қар жамылғысы (70-100 см) Батыс Сібір және Камчаткада байқалады. Қысы қатаң әрі ұзақ. Сібір мен Қиыр Шығыстың солтүстік бөлігінде көп жылдық тоң қалыптасады (қалыңдығы 200-1500 м); бұның жалпы ауданы 10 млн. км2. Арктикалық (56 мың км2) және биік таулық (3500 км2) өңірлерде мұздық шоғырлары пайда болған.

РСФСР-де ұзындығы 10 км-ден асатын 120 мың өзен бар; бұлардың жалпы ұзындығы 2,3 млн. км. Жер беті ағын сулары Солтүстік Мұзды мұхит (Солтүстік Двина, Печора, Обь, Енисей, Лена, Индигирка, Колыма т. б.), Тынық мұхит (Амур, Анадырь, Пенжина т. б.), Атлант мұхиты (Дон, Кубань, Нева) алаптарына жатады. Ішкі тұйық алап айдыны - Каспий теңізіне Волга ө. құяды. Барлық өзендерінің жалпы ағын мөлшері 4000 км3-ге жуық. Өзендерінің көбі жаңбыр және қар суымен қоректенеді. Көктемде және жаздың басында тасиды; 1-2 айға (Краснодар өлкесінің өзендері) және 7-8 айға (Сібірде) қатады. Кеме жүзетін және ағаш ағызылатын су жолдарының ұзындығы 400 мың км. СССР гидроэнергетикалық ресурстарының 75%-і (320 млн. квт) РСФСР үлесіне тиеді. Әсіресе Сібірдің Енисей, Лена, Ангара, Обь, Ертіс өзендері және Амур, Волга өзендері гидроресурс қорларына өте бай. 2 млн-ға жуық көлі бар. Ірілері - Каспий, Байқал, Ладога, Онега, Таймыр көлдері. Рыбинск, Красноярск, Иркутск, Братск бөгендері салынған.

Топырақ және өсімдік жамылғысы солтүстіктен оңтүстікке қарай ауысып отыратын табиғи зонадар бойынша тараған. Солтүстік Мұзды мұхиттың аралдарында және материктік жағалауында арктикалық шөл зонасы (топырағы күлгін, өсімдіктерден мүк, қына т. б. өседі), бұдан оңтүстігірек тундра (топырағы күлгін, мүк, қына аралас бұта өсімдіктер) және орманды тундра (қайың, шырша аралас шоқ тоғай өседі) зоналары қалыптасқан. Республика территориясының 65%-ке жуығы орманды зона шегінде орналасқан. Мұндағы күлгін, шым күлгін топырақ қабатында шалғындық шөптің көптеген түрі, шырша, май қарағай, самырсын, қарағай, бал қарағай, қайың, көк терек, емен ағаштары аралас орман өседі. Бұл зона өзінің оңтүстігінде орманды дала өңіріне жалғасады. Сұр, қара топырақты орманды далада негізінен шөптесін өсімдіктер өседі; емен, қайың, көк терек шоқ ормандары да кездеседі. Россияның дала зонасы құнарлы қара (гумустық қабаттағы шірінді мөлшері 4-10%) және қара қоңыр топырақты. Түгелге дерлік жыртылған. Оңтүстік жағында (Каспий маңы ойпатында) РСФСР жері шөлейт зонаны қамтиды. Таулы аймақтарының топырақ және өсімдік жамылғысы алуан түрлі келеді. Биіктік белдеулер әсіресе Кавказ жоталарында жақсы байқалады. Мұндағы 600-800 м-те дейінгі қара топырақты шалғынды дала таулық-ормандық қоңыр топырақты еменді-шамшатты және одан жоғары қылқан жапырақты орманға ұласады. 2000-2200 м  биіктіктен жоғары жатқан таулық-шалғындық топырақты беткейлер субальпілік және альпілік шалғын жамылған. РСФСР территориясының 40%- тен астамы (700 млн. га) орман. Жалпы ағаш қоры 79 млрд. м3. Сібір мен Қиыр Шығыстың тайгалық бөлігі, Европалық жағының солтүстігі орманды келеді.

Жануарлар дүниесі жөнінен республика жері Палеарктикалық зоогеографиялық облыс құрамына енеді. Жануарлардың таралуы географиялық зоналықпен тығыз байланысты. Арктикалық шөл және тундрада ақ түлкі, солтүстік бұғысы, полярлық жапалақ, орманды өңірде бұлан, қоңыр аю, сілеусін, бұлғын, түлкі, тиін, барша тышқан, ақ қоян, бұларға қоса Шығыс Сібірде марал, құдыр, Қиыр Шығыста уссури жолбарысы, қара аю, жанат тәрізді ит, орманды далада және далада саршұнақ, суыр, аламан, дуадақ, бөзгелдек т. б. мекендейді. Тиін, ондатра (жерсіндірілген), түлкі, бұлғын, бұлан, солтүстік бұғысының шаруашылықтық маңызы күшті. Өзен-көлдері балыққа бай.

Табиғи ландшафтыны, флора мен фаунаны сақтау үшін республика жерінде 30-дан астам қорық (жалпы ауданы 5 млн. га) ұйымдастырылған; бұлардың ірілері: Алтай, Астрахань, Баргузин, Кавказ, Печора, Ильич, Ока маңындағы террастық, Столбы, Теберда.

Халқы. Республиканы 100-ден астам халықтар мекендейді. Бүкіл тұрғындарының 82,8%-і орыстар (1970). Қарашай-Черкес (орыстар халқының 47,1%-і), Коми-Пермяк ұлт округы (36%-і), Ямал-Ненец ұлт округы (46,9%-і), Агин Бурят ұлт округы (44%-і) және Дағыстан АССР-нен (14,7%-і) басқа ұлт округтары, автономиялық облыстар және республика халқының көпшілігі орыстар. Шығыс славян тілінде орыстардан басқа республиканың барлық бөліктерінде тұратын украиндар мен белорустар сөйлейді. РСФСР-дің Европалық бөлігінің солтүстігін финн-угор тобына жататын вепстер, ижорлар, саамдар, комилер, коми-пермяктар мекендейді; осы топ тілімен Орта Волга бойының халықтары; - марилер, удмурттар және мордвалар да сөйлейді. Волга бойында және Оңтүстік Орал өңірінде түркі тілдес - чуваштар, башқұрттар, татарлар, Қазақстанға шектес өңірлерінде қазақтар, Төменгі Волга бойында монғол тілі тобына жататын қалмақтар қоныстанған. Этникалық жағынан Солтүстік Кавказ аймағы өте күрделі; мұнда орыстар және украиндармен қатар иран тілі тобына (осетиндер), түркі (қара-шайлар, балқарлар, құмықтар, ноғайлар), кавказдық абхаз-адыгей (қабардалар, адыгейлер, черкестер, абалар) және нахдағыстан (чечендер, ингуштар, аварлар, дарғындар, лезгиндер, лактықтар т. б.) тобына кіретін халықтар аралас тұрады. Сібір мен Қиыр Шығысты мекендеуші якуттар, долғандар, алтайлықтар, шорлар, хакастар және тувалықтар - түркі тобына, буряттар - монгол, хантылар және мансылар - финн-угор; ненецтер, нганасалар және селькуптар - самодий; эвенкілер, гидаль еместер, әвендер, нанайлар, удэгейлер т. б. тунгус-маньчжур, эскимостар және алеуттер - эскимос-алеут, чукчалар, коряктар, ительмендер - чукча-камчат тобына жатады. Ұлт аралық тіл - орыс тілі. Халықтың орташа тығыздығы 1 км2 жерге 7-8 адамнан келеді. Республиканың орталық (58,2 адамнан), Орталық Қаратопырақты (46,4) өңірлерінде халық өте тығыз, Шығыс Сібір (1,9), Қиыр Шығыста (1,0) сирек қоныстанған. Қала халқы 67% (1975). Еліміздегі ірі қалалардың жартысы осы республикада; бұлардың ішіндегі 6 қаланың (Москва, Санкт-Петербург, Горький, Новоси бирск, Куйбышев, Свердловск) тұрғындар саны 1 млн-нан астам, 17 қаланікі 500 мыңнан астам болды (1975).

Тарихы. Алғашқы қауымдық құрылыс. Ресей Федерациясы территориясында алғашқы адам шамамен бұдан 700 мың жыл бұрын өмір сүрген деп есептелді және оның ізі Солтүстік Кавказдан, Кубань жағалауынан байқалды. Адам оған Закавказьеден келді. Тас дәуірінің онан кейінгі кезеңі бұдан 100 мың жыл бұрын аяқталды. 100-35 мың жыл бұрын орта палеолит кезеңінде (мустьер мәдениеті) неандерталдық адамдар от тұтату әдісін үйренді. Бұл кезеңде Төменгі Волгаға, Орта Уралға адамдар қоныстана бастады, олар тек тау үңгірлерін паналаған жоқ, жер үй салып алуды үйренді. Палеолит дәуірінен кейінірек (35-тен 10 мың жылдар шамасы бұрын) қазіргі заманғы адамның табиғи түр сипатының қалыптасуы аяқталды. Мезолит кезеңінде садақ, жебе пайда болды. Оңтүстік ауданда мал қолға үйретіле бастады. Шамамен б. з. б. 6-5 мыңыншы жылдары неолит дәуірі қалыптасты, тайпа пайда болды. Кейін қазіргі Азия мен Европа бөлігі территориясында халықтардың ұзақ қалыптасу процесі басталды. Біраз халықтар егін және мал шаруашылығымен айналысса, ал Солтүстік Европада аңшылық пен балық аулау шаруашылықтары басым болды. Б. з. о. 3-мыңыншы жылда Солтүстік Кавказда қола дәуірі, 1-мыңыншы жылда Оңтүстікте темір дәуірі басталды. Металл құралдары негізінен Уралда, Батыс Сібірде, Жоғары Поволжьеде жасалды. Темір құралдарын алдымен Солтүстік Кавказ тайпалары, скифтер мен сарматтар қолданды. Олар бір-бірімен жауласып етті.

Б. з-дың 3 ғасырында Шығыс Европа жазықтығына көшпөлі халықтар - готтар, ал 4 ғасырда ғундар баса көктеп кірді. Солтүстік Кавказда 4-8 ғасырларда аландар бірікті, 6 ғасырдың орта шенінде Шығыс Европада аварлар бастаған көшпелі тайпалардың одағы құрылды. Олар 7 ғасырда Византиядан жеңілді. 5 ғасырда Азов теңізінің солтүстігі мен шығысында болгарлар көшіп жүрді. Бұлардың бір бөлігі 5 ғасырдың аяғында Дунайға қоныстанды, ал көпшілігі 6 ғасырда Орта Азияда пайда болған ірі мемлекет - Түрік қағандығына бағынышты болды. Арабтарға қарсы күресте ол Шығыс түрік қағандығына бағынды. Осы тұста ол Шығыс түрік және Батыс түрік қағандығына бөлінді; соңғысының орнына 7 ғасырда Хазар қағандығы құрылды. Оған Азов, Дон жағалауларындағы, Солтүстік Кавказдағы көшпелі және жартылай көшпелі тайпалар бағынды. Батыс түрік қағандығымен күресте болгарлардың ең ірі бірлестігі - Ұлы Болгар пайда болды. Бірақ сол 7 ғасырда-ақ бұл мемлекеттік күйреді. Хазар қағандығынан жеңіліс тапқан болгарлардың бір бөлігі Дунай жағалауына қоныстанды. Екінші бөлігі Волга мен Камаға көшіп, 10 ғасыр Шығыс Европадағы ірі ежелгі феодалдық мемлекет - Волга-Кама Болгариясы ірге теуіп, Орта Поволжье халықтарын біріктірді.

Ежелгі славяндар Шығыс Европа территориясында қалыптасты. Б. з-дың 1-мыңыншы жылдарының алғашқы жартысында шығыс славяндарының ішінде Днепрдің орта жағалауындағы тайпалар жетекші орын алды. Олардың егін шаруашылығы, мәдениеті жоғары болды.

Феодалдық қатынастардың қалыптасуы және дамуы (15 ғасырға дейін). Шығыс Европа, Сібір және Қиыр Шығыс территориясындағы құл иеленушілік ежелгі уақыттан бері белгілі болса да, ол жаңа таптық қоғамның негізі бола алмады. Шығыс славяндарында егін, мал шаруашылығының т. б. кәсіпшіліктердің дамуы қауымдық құрылыстың шеңберінде өндірістік прогреске жол ашты, белгілі тайпа басы жер мен жайылым иесіне айналды. Көсем-князьдар бастаған белді әскери-демократиялық жасақтардың жорығы бірте-бірте олжа түсіруден гөрі өңдеуге болатын жерлерді басып алу мақсатын көздей бастады. Көптеген қауымдық жер күштілердің жеке меншігіне көшті. Феодалдық қатынастардың күрделі де ұзақ даму процесі 8-9 ғасырлардың өзінде-ақ ежелгі орыс мемлекетінің (орталық Киев) құрылуына әкеліп соқты. 988-989 жылдар христиан діні енгізілді, ол Киев Русінде мемлекеттік билігін нығайтуға, феодалдық қатынастар мен халықаралық жағдайды жақсартуға ықпал жасады. 11 ғасырда шығыс славяндарда феодалдық құрылыс бекіді.

Көшпелі печенегтер мен половшылардың шабуылын тойтарып, Киев Русі Шығыс Европадағы халықаралық байланысы дамыған, материалдық және рухани мәдениеті жоғары ірі мемлекетке айналды. Киев Русінің гүлденуі князьдар Владимир Святославич (шамамен 980-1015 ж.) пен Ярослав Мудрыйдың (1019-1054) қызметіне тікелей байланысты. Ұлы Киев князы Мстислав Владимирович өлгеннен кейін (1132) ежелгі орыс мемлекеті ыдырап, Суздаль, Галицк-Волынск князьдықтары, Новгород феодалдық республикасы т. б. бөлініп шықты.

Оңтүстік-орыс князьдары 1223 жылы Калка өзеннде монғол-татар әскерінен жеңіліс тапты, ал 1236 жылы монғол-татарлардың Шығыс Европаға шабуылы басталды. Олар Волга-Кама Болгариясын талқандап, 1237 жылы Рязань жеріне күйрете соққы берді. Қалаларды қиратып, мыңдаған адамды тұтқындап, айдап әкетті. Монғол-татар шапқыншылығы төк Германия мен Чех шөкарасында талқандалды. Бұл кезде орыс жеріне батыстан шведтер баса көктей кірген. Александр Невский бастаған орыс жасақшылары 1240 жылы оларға күйрете соққы берді, ал 1242 жылы Псков жеріне шабуыл жасаған неміс рыцарьларын мұз үстінде талқандады. Монғол-татар шапқыншылығы орыс князьдықтарын бөлшектеп, әлеуметтік және мәдени дамуына кедергі жасады. 13 ғасырдың аяғы - 14 ғасырдың басында халықтың қажырлы еңбегі арқасында күйреген шаруашылықтың едәуір бөлігі қалпына келтірілді.

Орыс мемлекетінің құрылуы және дамуы (15 ғасырдың 1-жартысы - 17 ғасырдың басы). Ока мен Волга өзендерінің аралығы (Солтүстік-Шығыс Русі) орыс жерінің әлеуметтік экономикалық және саяси өмірінің орталығына айналды. Халық орманды жерлерге қоныстанды, егіншілік, мал шаруашылығы, кәсіпшілік дамыды, жаңа жерлер игерілді, қалалар өркендеді. Еңбек құралы, егіншілік техникасы жетілдірілді, үш танапты ауыспалы егіс жүйесі енгізілді. Феодалдық қатынастың нығаюы шаруалар мен қала тұрғындары арасында тап қайшылығын туғызды (Кирилло-Белозер, Никольский, Калязин, Болдин т. б. монастырь шаруаларының толқуы, 1304 жылы Костромадағы, 1340 жылы Брянскідегі, 1382 және 1445 жылы Москвадағы, 1340, 1359, 1418 жылы Новгородтағы, 1385 және 1483-1485 жылдар Псковтағы қала тұрғындарының көтерілісі).

Қоғамның өндіргіш күштерінің дамуы сауда қатынасының өркендеуін жеделдетті. Бұл облыс аралық экономикалық байланысты нығайтуға ықпал жасады. Бір тұтас орыс мемлекетін құрудың алғы шарты қалыптасты. Шіркеудің қолдауына ие болған Москва княздығы саяси басшылыққа ие болды. 14 ғасырдың 2-жартысында Москва князьдығы орыс жерінің монғол- татар езгісіне қарсы қарулы күресін басқарды. Орыстың біріккен әскері Дмитрий Иванович Донскойдың басшылығымен 1380 жылы Куликово шайқасында монғол-татарларға күйрете соққы берді. Москва ұлы князьдығының өкіметі 15 ғасырдың аяғы - 16 ғасырдың басында орыс жерінің бірігуін негізінен аяқтады. 1478 жылы - Новгород, 1485 жылы - Тверь, 1510 жылы - Псков, 1514 жылы - Смоленск, 1521 жылы - Рязань қосылды. 1480 жылы монғол-татар езгісі жойылды, бірақ Алтын Орданың мұрагерлері - Қырым, Қазан, Астрахань хандықтарының, сондай-ақ Литва ұлы князьдығы мен Балтық жағалауындағы неміс рыцарьлығының шабуылынан қорғану керек болды.

Өзінің тәуелсіздігі жолында күресе отырып, көп ұлтты Россияның іргесі нығайды. 16 ғасырда Россия мемлекетінің территориясы 5,5 млн. шаршы км-те жетті. Кәсіпшілік пен егіншілік шаруашылығы, сауда, қол өнері онан әрі дами түсті, ірі феодалдық иеліктер, князьдар мен боярлардың жеке әскері сақталып қалды. «Россия» деген ат тарай бастады, 16 ғасырдың 2-жартысында Россияда орыстан басқа украин, белорус, карел, саам, нанай, коми, татар, башқұрт, удмурт, чуваш, мордва, құмық, ноғай т. б. халықтар тұрды.

Ірі феодалдар мемлекетке бағынғысы келмей, өздерін еркін ұстады. Ішкі саяси күрес бірінші орыс патшасы Иван IV Васильевич Грозный (1533-1584, 1547 жылдан патша) кезінде шиеленісе түсті. Патша дворяндықты нығайтуға бағытталған реформа шығарты. Қазан мен Астрахань хандығын жойды. Балтық теңізіне шығу үшін соғыс [Ливон соғысы (1558-1583)] князьдық-боярлық оппозиция мен мемлекеттік өкімет арасындағы қайшылықты шиеленістіре түсті. Патша өкіметінің өз жағдайын террорлық жолмен жақсартуға бағытталған шаралары 17 ғасырдың басында шаруалар көтерілісіне әкеліп соқтырды. Оны И. И.  басқарды. Боярлар мен дворяндар арасындағы күрес те күшейе түсті. Елдің шиеленіскен ішкі жағдайын пайдаланған польша мен швед феодалдары 1604 жылы Россияға баса көктей кірді. Поляк әскері Москваны басып алды. Тек К.З.Минин мен Д.М. Пожарский бастаған халық жасақтары ғана 1612 жылы Москваны босатты. 1613 жылы Романов әулеті таққа отырды.

Буржуазиялық қатынастардың қалыптасуы мен дамуы және абсолютизм кезеңіндегі Россия. 17 ғасырда Россия өзінің тарихында жаңа кезеңге аяқ басты, буржуазиялық ұлттық байланыс қалыптасты. Қала қол өнері бірте-бірте ұсақ товарлы өндіріске айналды, қазыналық мата, мемлекеттік қажеті үшін қару-жарақ пен металл шығарыла бастады, сауда өріс алды. Жергілікті ұсақ рыноктармен байланыс нығайып, Бүкіл россиялық рыноктың негізі қаланды. Мемлекеттік астанасы Москва сауда байланысының ірі орталығына айналды. Алайда 17-18 ғасырдағы буржуазиялық элементтердің туу процесі крепостнойлық тәртіптің нығаюы жағдайында өтті. Мануфактура өндірісі крепостнойлық еңбекке негізделді. Дворяндық билік жерге феодалдық-помещиктік меншікті нығайтуға және крепостнойлық қатынастарды онан әрі дамытуға әкеліп соқты.

Орыс мемлекетінің Польша, Швеция, Қырым хандығы және Түркиямен соғысының ауыртпалығы халық бұқарасына түсті, салық шексіз өсті. Феодалдар мен феодалдық мемлекеттің тарапынан қанаушылықтың күшеюі 17 ғасырдың орта шенінде қала көтерілісін [Москва көтерілісі (1648), Москва көтерілісі (1662), Новгород көтерілісі (1650), Псков көтерілісі (1650)], Степан Разин бастаған шаруалар соғысын (1670-1671), 17 ғасырдың аяғында Стрелецтер көтерілісін (1698) туғызды.

17 ғасырдың ортасында Земство соборын шақыру тоқтатылды, мемлекеттік басқару жүйесінде, әскери істе ішінара өзгерістер енгізілді, патшаның самодержавиелік өкіметі нығайды. Петр I (1682-1725) тұсында мемлекеттік құрылыста, мәдениетте, экономикада ірі өзгерістер болып, тұрақты армия мен әскери-теңіз флоты құрылды; Лесная (1708), Полтава (1709), Гангута (1714), Гренгам (1720) түбінде ірі жеңіске қол жетті. Балтық теңізіне шығуға жол ашылды. 1721 жылы Россия империясы жарияланды. Өнеркәсіп едәуір дамыды, Уралда тау-кен өнеркәсібі жедел өркендеді. Сауда ұлғайды, көпестік нығайды. Шіркеу мемлекетке бағындырылды. Ақсүйектер мектебінің құрылуы, батыс-европа мәдениетімен байланыстың кеңеюі, кітап бастырудың дамуы, ҒА негізінің қалануы (1724, ашылуы - 1725), жаңа календарьға көшу (1700 жылдан), дворяндар тұрмысындағы өзгерістер Россияның мәдени өміріне ірі жаңалықтар енгізді. Россияны дүние жүзілік державаға айналдырған реформалар мен әскери жаулап алушылық крепостнойлық тәсілмен, қалың бұқараны феодалдық қанаушылық жолымен жүзеге асырылды.

Петр I өлгеннен кейін дворян топтары арасында өкімет билігі үшін күрес шиеленісе түсті. Бірнеше сарай төңкерістері болды. Бірте-бірте билікті дворяндар қолға алды. Арзан крепостнойлық жұмыс күшіне зәру болған көпестер дворян сословиесіне көше бастады. Император Екатерина II (1762-1796) мемлекеттік жерді дворяндарға үлестіру арқылы, олардың жер иемденушілігін нығайтты. Мемлекеттік жер қорын толықтыру үшін 1764 жылы шіркеу жері өкіметке қаратылды. Жаппай наразылық және шаруалардың бұған бой ұсынбаушылығы көп кешікпей Россия тарихындағы ең ірі көтеріліс - Е.И.Пугачев бастаған шаруалар соғысына (1773-1775) әкеліп соқты. Оны жаншып басқаннан кейін, үкімет жергілікті жерде дворяндар билігін (1775 жылы губерниялық реформа) күшейтті. 18 ғасырдың 2-жартысында алдыңғы қатарлы орыс ойшылдары (Я.П.Козельский, Н.И. Новиков, С.Е.Десницкий т. б.) крепостнойлық өзгіге қарсы шықты. А.Н. Радищев крепостнойлықты жоюдың қажетті шарты ретінде самодержавиені революция жолмен құлату талабын қойды.

Түркияға қарсы соғыста жеңіске жеткеннен кейін Қырым хандығы жойылды (1783), Қара теңіздің солтүстік жағалауы Россиялық империясына қарады, шекара Днестр өзен бойымен белгіленді. 18 ғасырдың аяғындағы орыс-түрік соғысында П.А.Румянцев-Задунайский, А.В.Суворов және Ф.Ф. Ушаков сияқты талантты қолбасшылар шықты. Россияның халықаралық жағдайы нығайды. Оған Оңтүстік Украина жағалауы және бүкіл Белоруссия қосылды. 19 ғасырдың басында император Александр I, (1801-1825) бірнеше реформа шығарды.

1812 жылы Наполеон армиясы Россияға басып кіріп, Отан соғысы басталды. Француз армиясы Бородино шайқасында [26. 8 (7. 9). 1812] үлкен шығынға ұшырады, орыс армиясының берік қорғанысын бұза алмады. Бірақ армияны сақтау, уақыт ұту мақсатымен бас қолбасшы М.И.Кутузов Москваны тастап шықты. Орыс армиясының шебер қимылдары, басқыншыларға қарсы бүкіл халықтық көтеріліс нәтижесінде көп кешікпей Наполеон армиясы толық жеңіліп, қашуға мәжбүр болды. Отан соғысынан кейін крепостнойлық тәртіпке қарсы халық наразылығы күшейді. 1825 жылы 14 желтоқсанда декабристер көтерілісі Россиядағы революция-азаттық қозғалыстың дворяндық кезеңінің бастамасы болды.

19 ғасырдың 1-жартысы Россия тарихындағы феодалдық-крепостнойлық құрылыстың дағдарысымен сипатталады.

Крепостнойлық право еркін жұмыс, күші рыногын құруға кедергі жасады, капиталдық қор жинау және капитализмнің даму процесін тежеді. Бірақ 1825 жылы мақта-мата өнеркәсібіндегі жұмысшының 95%-і өз еркімен жалданушылар болды. 19 ғасырдың 2-жартысында Россияда өнеркәсіп төңкерісі басталды. Европалық Россияның орталық қара топырақты емес губернялары территориясында өнеркәсіпті экономикалық аудан қалыптасты. Сауда операциясы мен айналымы Нижегород, Ростов, Урал жәрмеңкелерінде өріс алды. 1837 жылы Петербург - Царское Село тұңғыш темір жол, ал 1851 жылы дүние жүзілік ең ұзын Петербург - Москва темір жол ашылды. Либералдар крепостнойлық правоны жоғарыдан, реформа жолымен жою жобасын жасады. Бұл идеяға революция-демократтар В. Г. Белинский, А.И. Герцен, Н.П.Огарев қарсы болды. Олар крепостнойлық тәртіпті революция жолмен құлату идеясын насихаттады.

Капиталистік даму кезеңіндегі Россия. Россия 19 ғасырдың 2-жартысында капиталистік формацияға көшті. Император Александр II (1855-1881) үкіметі жүргізген шаруалар реформасы (1861) арқылы бүкіл Россия имлериясында 22,5 млн. шаруа босатылды. Бұл өнеркасіп пен ауыл шаруашылығында капиталистік қатынастардың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызды.

60 жылдарда орыс азаттық қозғалысы тарихында буржуазия-демократиялық кезең басталды. Бұл қозғалысқа «Современник» журналының төңірегіне революция күштерді топтастырған Н.Г.Чернышевский, Н.А. Добролюбов басшылық етті. Осы кезеңдегі ең ірі революция ұйым - «Жер және ерік» болды. 70 жылдардан бастап самодержавиеге қарсы күресті революция-халықшылдар жалғастырды. Алғашқы жұмысшы ұйымдары: Одессада «Жұмысшылардың Оңтустік россиялық одағы» (1875), Петербургте «Орыс жұмысшыларының солтустік одағы» (1878) құрылды. Халықшылдар Александр ІІ-ні (1. 3. 1881) өлтірді. Император Александр III (1881-1894) үкіметі самодержавиені және дворян-помещиктердің билігін нығайту мақсатымен, бұрынғы буржуазия реформаны қайта қарауға кірісті. Алайда капиталистік өндірістік қатынастар дами түсті. Орта Поволжьөде, Дон мен Солтүстік Кавказда астық шаруашылығы саудасы кеңейтілді. 80 жылдарда өнеркәсіпте түбірлі өзгеріс болды. Оңтүстік Донбасс, Баку сияқты жаңа өнеркәсіпті аудандары құрылды. Азаттық күресінде жетекшілік роль жұмысшы табының қолына көшті, Москва мен Петербург пролетариаты оның авангарды болды. Жұмысшы қозғалысының өсуі негізінде марксистік үйірмелер мен топтар құрылды.

90 жылдары Россияда 22 мың км ден астам темір жол салынды. Қара металлургия өнімі, мақта өңдеу, мұнай, тас көмір, шойын, темір мен болат өндіру бірнеше есе ұлғайтылды. Бірақ Россия техника-әкономикалық жағынан алдыңғы қатарлы капиталистік елдерден артта қалды. Крепостнойлық тәртіптің қалдықтары капитализмнің дамуына кедергі жасады. 19 ғасырдың аяғында 30 мың помещикте 70 млн. десятина, ал 10,5 млн. шаруа семьясында 75 млн. десятина жер болды. Бұл ауыл шаруашылығында капитализмнің дамуына кедергі жасады. Енді орыс капиталистері рынокты Россияның шет аймақтарынан іздестірді. 19 ғасырдың 60-80 жылдар Россияға Орта Азияның бір бөлігі, қазақ жері түгел қарады. Оның прогрессивті маңызы болды. Россия ғылым, әдебиет, көркемөнерді дамытуда елеулі табысқа жетті. Мұның басқа халықтардың мәдениетін өркендетуге игі әсері тиді.

Империализм және буржуазиялық-домократиялық революция кезеңіндегі Россия. Россия дүние жүзіндегі басқа мемлекеттік қатарында капитализмнің ең жоғарғы стадиясы - империализмге аяқ басты. Өндіріс пен капиталдық шоғырлануы негізінде монополистік бірлестіктер құрылды. Капиталистердің шамадан тыс пайдасы жергілікті тұрғындардың көпшілігін қайыршылықта өмір сүруге мәжбүр етті. Жұмысшы табы аяусыз қаналды. Ешқандай саяси правосы болмады. Россияда 20 ғасырдың басында халықтық революцияның экономикалық және әлеуметтік алғы шарты пісіп, жетілді. Революция қозғалыстың орталығы енді Батыс Европадан Россияға ауысты. 1895 жылы В.И.Ленин бір топ марксистермен бірге Петербургте «Жумысшы табын азат ету жолындағы күрес одағын» ұйымдастырды. Бұл революция пролетарлық партияның алғашқы нышаны болды. РСДЖП 1-съезі 1898 ж. Россиялық с.-д. жұмысшы партиясының құрылғанын ресми түрде жариялады. Жаңа типті пролетариат партиясы үшін күресте лениндік «Искра» газеті шешуші роль атқарды. Большевиктік партияның негізін 1903 жылы 2-съезд қалады, съезд РСДЖП Программасын қабылдады. Россия ленинизмнің отанына айналды. Революция дағдарыстың шегіне жетуі 1904-1905 жылдар Орыс-жапон соғысын тездетті. Патша үкіметінің соғыста жеңілуі жағдайды шиеленістіре түсті. Россиядағы 1905-1907 жылдар буржуазия-демократиялық революция кезінде жұмысшы табы марксистік партияның жетекші күші ретінде көрінді. Революция бұл күресте жеңіліс тапқанмен самодержавиенің іргесін шайқалтты. Столыпиннің аграрлық реформасын жүргізе отырып, самодержавие енді революцияға қарсы күресу үшін тірек іздеді.

1910 жылы революция қозғалыстың жаңа өрлеу кезеңі басталды. 1914-1918 жылғы 1-дүние жүзілік соғыс революцияның пісіп-жетілу процесін тездетті. 1916 жылғы революция жағдай Россиядағы буржуазиялық-демократиялық Февраль революциясына (1917) әкеліп соқты. Соның нәтижесінде патша тағынан құлатылды. Февраль революциясының жеңісі ел тарихындағы шұғыл өзгеріс көзеңі болды. Россия буржуазия-демократиялық  республикаға айналды.

1917-1920 жылдардағы Ұлы Октябрь социалистік революциясы, Азамат соғысы және соғыс интервенциясы кезеңіндегі Россия. Патша үкіметі құлатылғаннан кейін революцияның бірінші демократиялық кезеңі аяқталды. Алайда буржуазия-демократиялық революцияның әкономикалық міндеттері жүзеге асырылмады. Империалистік соғыстан шығу мәселесі де шешілмеді. Қос өкімет орнады. Жұмысшы, солдат және шаруалар Советтерімен қатар, буржуазия диктатураның органы - Уақытша үкімет құрылды. Қос өкіметтің қатар өмір сүруі ұзаққа бармайтын еді, екеуінің арасындағы қарама-қайшылық тап күресіне әкеліп соқтыратыны сөзсіз. Большевиктік партия мартта астыртын жұмыстан шығысымен, Ленин буржуазия-демократиялық революцияны социалистік революцияға ұластырудың нақты, теориялық жоспарын жасады (В. И. Лениннің Апрелъ тезистері).

Россияда социалистік революцияны дайындау тарихында РСДЖ(б)П Букіл россиялық 7-(Апрель) конференциясы, [1917 жылы Апрель дағдарысы, 1917 жылы, Июнь дағдарысы, 1917 жылы Июль кундері, РСДЖ(б)П алтыншы съезі, корниловшыларды талқандау маңызды оқиға болды. Партия жұмысшы табының социалистік қозғалысын, бейбітшілік жолындағы жалпы демократиялық қозғалысты, жер үшін күресуші шаруалардың демократиялық

күресін, орыс емес халықтардың ұлттық тәуелсіздігі жолындағы ұлт-азаттық қозғалысын бір тұтас революция толқынға біріктірді. Революцияның қозғаушы күші пролетарлық болды.

1917 жылғы Ұлы социалистік революциясының жеңісі нәтижесінде Россияда капиталистер мен помещиктер өкіметі құлады, пролетарлық диктатурасы орнады, әлеуметтік және ұлттық езгі жойылды. Пролетарлық қаналушыдан үстем тапқа, коммунистік  партия жетекші партияға айналды. Советтердің Букіл россиялық екінші съезі 25 октябрьде (7 нояб.) өкімет билігі түгелдей Советтерге көшкенін хабарлады. БОАК сайлады және тарихта тұңғыш рет Россия Советтік Республикасының жұмысшы-шаруалар үкіметін - Халкомсовын құрды. Председателі В. И. Ленин болды. 1917 жылдың ноябрінен 1919 жылдың мартына дейін БОАК председателі болып Я. М. Свердлов, 1919 ж. мартта М. И. Калинин сайланды. Советтердің 2-съезі, БОАК және Халкомсов тұңғыш рет өздері іске кіріскен алғашқы күндерде-ақ Бейбітшілік туралы декрет, Жер туралы декрет, Россия халықтары правосының декларациясын қабылдады. Шаруалар 150 млн. гектардан астам жер алды. Россия халықтары теңдік, өзін-өзі билеу правосына иө болды. 1917 жылы 12 (25) желтоқсанда УССР-і құрылды. Совет өкіметін онан әрі нығайтуда Советтердщ Букіл россиялық үшінші съезінің үлкен маңызы болды.

РСФСР Халкомсовы 1918 жылы 3 наурызда Германиямен Брест бітімін жасасты. Бұл күйзелген, қираган халық шаруашылығын қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Советтердің Букіл россиялық бесінші съезі (10. 7. 1918) тұңғыш советтік конституция - РСФСР Конституциясын қабылдады.

1918 жылы жазда Азамат соғысы мен соғыс интервенциясы басталды. Патша генералдары М.В.Алексеев, А.В.Колчак, А.И.Деникин, П.Н.Врангель Антантаның финанс, әскери және саяси көмегіне сүйеніп, ақ гвардияшылар армиясын құрды. Олар Солтүстік Кавказ, Дон, Сібір, Уралды, Волга жағалауының бір бөлегін; Солтүстікте ағылшын-американ әскері Мурманск, Архангельскіні басып алды. Американ, ағылшын, француз және жапон әскерлері Қиыр Шығыс пен Сібірге баса көктеп кірді, Герман әскерлері Белоруссия, Украина, Қырымды басып алды. РСФСР территориясының көпшілік бөлегі ақ гвардияшылар мен интервенттердің қолында болды. Коммунистік партия пролетарлық пен еңбекші шаруаларды шетел басқыншыларына, ақ гвардияшыларға қарсы күреске шақырды. 1918 жылы 30 қарашада Ленин бастаған жұмысшы және шаруалардың қорғаныс Советі құрылды. РК(б)П ОК мен РСФСР Халкомсовы жаумен күресте жеңіске жету үшін «соғыс коммунизмін» жүзеге асырды. Ақыры Коммунистік партияның басшылығымен орыс жұмысшы табы мен шаруалары жеңіске жетті. Орыс халқы Қазақстан мен Орта Азия халықтарына да қол ұшын берді. Орта Азияда Хорезм (26. 4. 1920), Бұхара (8. 10. 1920) халықтық советтік республикалары, Закавказьеде - Азербайжан ССР-і (28. 4. 1920), Армян ССР-і (29. 11. 1920), Грузия ССР-і (25. 2. 1921) құрылды. РСФСР-де ұлттық автономиялық облыстық мен республикалар құрылды.

РСФСР-дегі социалистік құрылыс (1921-1940). РСФСР-дің соғыстан кейінгі ішкі жағдайы тым ауыр болды. Көптеген кәсіпорындар шикізат пен отынның жоқтығынан жұмыссыз қарап тұрды. Темір жол транспортының біразы күйреген. Ауыл шаруашылық өнімі едәуір кеміді. Елде ұсақ товарлы уклад басым болды. Советтердің Букіл россиялық сегізінші съезі (22-29. 12. 1920) РСФСР үкіметінің халық шаруашылығын қалпына келтіру шараларын мақұлдап, Россияны жаппай электрлендірудің (ГОЭЛРО) лениндік жоспарын бекітті. 1921 жылы наурызда РК(б)П 10-съезі жаңа экономикалық саясатқа көшу жөнінде тарихи шешім қабылдады. 1922 жылы Кашира ГРЭС-і іске қосылды, Волхов СЭС-і салынып жатты.

СССР құрылғанға дейін РСФСР үкіметі шын мәнінде жалпы федеративтік үкімет ролін атқарды. Советтік Республикалардың (УССР, БССР, Грузин ССР, Армян ССР, Азербайжан ССР) РСФСР БОАК мен Халкомсовы жанында өкілдері болды. Барлық мәселе бірге, келісіммен шешілді. РСФСР үкіметі 1920-1922 жылдар Балтық жағалауы мемлекеттері, Иран, Ауғанстан, Түркия, Ұлыбритания, Италия, Германиямен шарт жасасты.

Советтердің Бүкіл россиялық 10-съезі (23-27.12.1922) советтік республикалардың мемлекеттік бірігуіне үн қосты. 1922 жылы 30 желтоқсанда Москвада СССР Советтерінің бірінші съезі болды, онда Советтік Социалистік Республикалар Одағы құрылды. Алғашқы құрамына РСФСР, УССР, БССР, ЗСФСР кірді. 1925 жылдың басында РСФСР құрамында 9 автономиялық республика, 15 автономиялық облыстық болды. 1925 жылы 11 мамырда Советтердің Бүкіл россиялық 12-съезі РСФСР Конституциясының жаңа текстін қабылдады. 1925-1927 жылдар РСФСР халық шаруашылық соғысқа дөйінгі дәрежесіне жетті. Ленинніц кооперативтік жоспары жүзеге асырылып жатты. 1925 жылы 2840-тан астам совхоз, 9280-нен астам колхоз болды. Социализм құрудың лениндік жоспарын жүзеге асыра отырып, Коммунистік партия БК(б)П 14-съезінде (1925) елді индустрияландыру, 15-съезінде ауыл шаруашылығын коллективтендіру бағытын ұстады. РСФСР-дің халық шаруашылығын және әлеуметтік-мәдени құрылысын өркендетудің 1-бесжылдық жоспары (1929-1932) Советтердің Бүкіл россиялық 14-съезінде (мамыр, 1929 жыл) бекітілді. Бұл жылдарда көптеген ірі металлургия, автомобиль, трактор, химиялық темір бетон з-дтар салынды. Барлығы 1100 ірі өнеркәсіп кәсіпорындары іске қосылды. Жұмыссыздық жойылды. Ал 2-бесжылдықта (1933-1937) халық шаруашылығының барлық саласын техника қайта жабдықтау негізінен аяқталды. 2900 жаңа өнеркәсіп кәсіпорьшдары салынды. Магнитогорск, Новокузнецк, Кемерово, Амурдағы Комсомольск, Электросталь, Магадан т. б. жаңа қалалар бой түзеді. Мәдени революция жүзеге асырылды.

Колхоз құрылысы нығайды, 1937 жылғы 1 шілдеде шаруалар шаруашылығының 92,6%-і (егістік көлемінің 99,4%-і) колхозға бірікті. РСФСР негізгі астықты базаға айналды. Екі бесжылдықта РСФСР-де, бүкіл елдегі сияқты, негізінен социалистік қоғам орнады.

Советтердің Бүкіл россиялық төтенше 17-съезінде (21. 1. 1937) СССР Конституциясына сәйкес РСФСР-дің Конституциясы қабылданды. Мұнда автономиялық республикалардың конституциялары қабылданып, ол РСФСР Жоғары Советінің 3-сессиясында (28. 5. - 2. 6. 1940) бекітілді.

РСФСР Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945). 1941 жылы 22 маусымда фашистік Германияға қарсы Совет Одағының Ұлы Отан соғысы басталды. Жау сол жылдың күзінде Ленинградты қоршауға алып, Москва мен Дондағы Ростов түбіне таянды. Смоленск жерінде, Москва, Ленинград, Севастополь, Тула түбінде кескілескен шайқас болды. Москва шайқасында (1941-1942) жау алғаш рет ірі жеңіліске ұшырады. Партизан қозғалысы кеңейе түсті. 1942 жылдың күзінде неміс фашистері қайта шабуылға шығып, Волгаға жетті. Солтүстік Кавказдың біраз бөлегін басып алды. Сталинград шайқасында (1942-1943), Солтүстік Кавказда, Курск шайқасында (1943) фашистік армияға күйрете соққы беру Ұлы Отан соғысының барысына елеулі өзгеріс жасады. Неміс фашистерін түре қуып, 1945 жылдың 8 мамырында еріксіз тізе бүктірді.

Россияның жұмысшы табы, шаруалары және интеллигенциясы КПСС- тің басшылығымен бұл жеңісте шешуші роль атқарды. Шайқас алаңында көрсеткен өпшес ерлігі үшін РСФСР жауынгерлерінен 2,373 мыңнан астам адам орден, медальдармен наградталды. 11 мың Совет Одағы Батырының 7 мыңнан астамы РСФСР-ден (1945 жылғы мәлімет).

Соғыс жылдарында неміс фашистері 12,150 өнеркәсіп кәсіпорындарын, 13 мың км темір жолды қиратты, 52,800 колхоз, 860 совхоз, 1330 МТС талқандалды. РСФСР-дің халық шаруашылық мен азат маттарына келтірілген зиян 249 млрд. сом (сол кездегі баға бойынша) болды (СССР бойынша 679 млрд. сом).

Россия Федерациясы соғыстан кейінгі кезеңде. 1950 жылдың аяғында РСФСР-дің соғыста күйреген өнеркәсібі қайта қалпына келтірілді. 3700 ірі өнеркәсіп кәсіпорны қайта тұрғызылып, жаңадан салынды. Совет үкіметінің шешімі негізінде орыстың ежелгі 15 қаласының (Смоленск, Вязьма, Псков, Новгород, Калинин, Орёл, Брянск т.б.) құрылысы жедел қолға алынды. РСФСР бауырлас Украина, Белоруссия, Молдавия және Балтық жағалауы республикаларының экономикасын дамытуға қол ұшын берді. РСФСР-де 1951-1956 жылдар 1900 ірі өнеркәсіп орны іске қосылды, өнеркәсіптің жалпы өнімі 79% өсті.

1954 жылы 29 мамырда Украинаның Россияға қосылуының 300 жылдығын атап өтуге байланысты және РСФСР халықтарының мемлекеттік, шаруашылық және мәдени құрылыста қол жеткен көрнекті табысы үшін республика Ленин орденімен наградталды.

Социализм Россияның бейнесін түбірімен өзгертті. Ол СССР-дің ең ірі индустриалды республикасына айналды. КПСС 23-25-съездерінің шешімдерін жүзеге асыруда ірі табыстарға ие болды. Социалистік қоғамды дамыту кезеңінде РСФСР еңбекшілері өздерінің өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық, ғылым мен мәдениеттегі ерлік еңбегімен коммунистік құрылыс ісіне салмақты үлес қосты. Бұл күндері партияның 25-съезінің шешімдерін және оныншы бесжылдықтың міндеттерін жүзеге асыруда қажырлы еңбек етіп келеді.

Халық шаруашылығы. РСФСР-өнеркәсіптік шикізаттарға және отын энергетикалық ресурстарга өте бай, табиғи жағдайы алуан түрлі республика. Совет Одағындағы гидроэнергия қорының 1/4-і және ағаш байлығының 9/10-ы осында. Мұнай, газ, көмір, калий тұздары, никель, қалайы боксит, вольфрам, алтын, платина, асбест, графит, слюданың ірі кендері, ауыл шаруашылығына жарамды кең байтақ өңірлер бар. РСФСР әқономикалық жағынан СССР-дің барлық одақтас республиқаларымен тығыз байланысты; оларға өнеркәсіп және ауыл шаруашылық салаларын одан әрі дамытуға көмектеседі, өзі олардан шикізаттар, кейбір өнеркәсіптік өнімдер алады. Социалистік құрылыс жылдары РСФСР аграрлық өңірден ауыл шаруашылық дамыған индустриялы республикаға айналды. 1941-1974 жылдар ұлттық табыс 10 еседен астамға, өнеркәсіптік өнім мөлшері 12,2 есе, ауыл шаруашылық өнімі 2,4 есе, транспорттың жүк айналымы 7,5 есе артты. Жалпы өнеркәсіп (әсіресе ауыр индустриясы) ауыл шаруашылығынан, өндіріс қажетін шығарушы салалар тұтыну бұйымдары өнеркәсібіне қарағанда басым дамыған. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылық және транспорт салалары, өндірістік шикізат, отын-энергетикалық және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану бір-бірімен тығыз байланыстылықпен дамуда. Бұл әқономикалық процесті дамыта түсу мақсатында, республика жерінде жаңа Батыс Сібір, Саян, Братск-Усть-Илим т. б. аймақтық-өндірістік комплекстер қалыптасуда. Экономикалық аудандардың мамандануы, шаруашылықтарының дамуы және аудан аралық байланыс одан әрі жақсартылуда.

Өнеркәсібі.   Республикада 1974 жылы 28 мың кәсіпорын (еліміздегілердің 60%-і) бар. РСФСР елімізге қажет шикізат түрлерін түгел өндіреді, өнеркәсіп өнім түрлерінің барлығын шығарады. Совет Одағында өндірілетін электр энергиясының 2/3-і, мұнай дың 4/6-і, көмірдің 1/2-і, табиғи газдың 2/5-іне жуығы, темір рудасының 1/3-і, болат және прокаттың 1/2-і, минералдық тыңайтқыштың және күкірт қышқылының 1/2-і, шығарылатын қағаздың 4/6-і, цементтің 3/6-і автомобильдің 4/8-інен астамы, металл кесуші станоктардың 1/2-і, тракторлардың 1/2-і, аяқ киімнің 72-і, мақта матаның 4/6-і, жібек матаның 2/3-сі, ет және майдың т. б. РСФСР үлесіне тиеді.

Ауыр индустрия салалары ішінде электроэнергетика, химия, машина жасау өнеркәсіптерінің маңызы зор. Бұлардың даму қарқыны өте күшті. 1941-1974 жылдар машина жасау және металл өңдеу өнімі 40,6 есе, химиялық және мұнай-химиялық өнеркәсібі 35,5 есе, электроэнергетика 23 есе артты.

РСФСР отын өнеркәсібі 717 кәсіпорыннан қалыптасқан (1974); бұларда 728 мың адам еңбек етеді. Мұнай (379,8млн., 1974 ж.) Волга-Орал мұнайлы- газды аймақтан (1974 жылғы өнімі 222,8 млн.тонн, немесе республика мұнайының 59%-і), Батыс Сібір бассейнінен (1974 ж. - 116,4 млн. т, ірі кендері Самотлор, Усть-Балык, Мегион, Шаим, Соснино-Советское), Солтүстік Кавказдан (Грозный, Майкоп, Малгобек т. б.), Коми АССР-інен (Вой-Вож, Ус, Ярега т. б.), Сахалин аралынан өндіріледі. 1974 жылы республикада 100 млрд. м2 табиғи газ алынды. Ірі кендері Солтүстік Кавказда, Волга бойында, Солтүстік-Батыс экономикалық ауданында шоғырланған; бұлар бүкіл РСФСР газының 59%-ін өндіреді. Батыс Сібір, Орал, бассейндерінен өте бай газ кендері ашылды. Батыс Сібір қоры 14 трилион м3-ге белгіленген.

Республикадағы аудан аралық маңызы бар ірі көмір бассейндері - Кузнецк және Печора. Әр ауданның өзіндік қажетін өтеуші бассейндерге Москва, Кизел, Канск-Ачинск, Иркутск кендері жатады. Өндірілетін көмірдің 60%-тен астамы (231 млн. т, 1974) - тас көмір. 1974 жылы республикада 25,3 млн. 772 отындық шымтезек (негізінен Орталық, Волга-Вятка, Орал аудандарынан), 6 млн. 772 жанғыш тақта тас (Солтүстік-Батыс, Волга бойы) алынды. Россия энергетикасы 915 кәсіпорыннан құралады, 1974 жылы бұлар 605,7 млрд. квт*сағ энергия өндірді. Электр станцияларының жалпы қуаты 125,6 млн. квт (1974). Өнімнің 2/3-сі (407,5 млрд. квт-сағ) Орталық, Волга бойы, Орал, Шығыс Сібір аудандарында алынады. Орталық, Солтүстік-Батыс, Орта Волга, Орал және Солтүстік Кавказ энергетикалық жүйелері қалыптасқан. Бірнеше атом электр станциялары (Нововоронеж, Петербург, Кола),

Камчатка геотермалдық, Кола түбегінде теңіздің толысуына негізделген электр станциялары іске қосылған.

Химиялық және мұнай-химиялық өнеркәсібінің (602 кәсіпорын) барлық салалары Совет өкіметі жылдары қалыптасты. Мұнай-химиялық комплекстері Волга бойында, Орталықта, Батыс Сібірде, Сібірде, синтетикалық каучук өндірісі орталықтары Волга бойында (Волжск, Тольятти, Стерлитамак, Нижнекамск), Орталық (Ярославль, Ефремов) және Орталық Қаратопырақты (Воронеж) аудандарда, Батыс Сібірде (Омбы), синтетикалық пластмасса кәсіпорындары Орталық (Москва, Владимир, Орехово-Зуево), Волга-Вятка (Дзержинск), Волга бойы (Новокуйбышевск, Қазан, Волгоград), Орал (Свердловск, Төменгі Тагил) аудандарында, химиялық талшық өндірісі Орталық (Рязань, Калинин), Орталық Қаратопырақты (Курск), Волга бойы (Волжск, Саратов, Энгельс), Батыс Сібір (Барнаул, Кемерово) және Шығыс Сібір (Красноярск) экономикалық аудандарында шоғырланған. Минералдық тыңайтқыш өнеркәсібі (азоттық - Орталық, Орталық Қаратопырақты, Волга-Вятка, Волга бойы, Солтүстік-Батыс, Солтүстік Кавказ, калилік - Орал, фосфаттық - Солтүстік-Батыс, Орталық, Орталық Қаратопырақты, Волга бойы аудандарында) жақсы дамыған.

РСФСР қара металлургиясы (166 кәсіпорын) 1974 жылы өнеркәсіпке 51 млн. 772 шойын, 75,6 млн. 772 болат, 59,5 млн. 772 прокат берді. Аса ірі комбинаттар Оралда (Магнитогорск, Челябинск, Төменгі Тагил), Орталық ауданда (Липецк, Тула) және Батыс Сібірде (Новокузнецк). Волгоград, Красноярск, Череповец қалаларында да ірі кәсіпорындар бар. Орал, Курск магнит аномалиясы, Кузнецк тас көмір бассейні қара; металлургияның ірі шикізат базалары саналады.

Совет Одағы никелінің (Солтүстік-Батыс, Орал, Шығыс Сібір), қалайысының (Қиыр Шығыс), мысының (Орал), қорғасынының (Солтүстік Кавказ), мырышының (Солтүстік Кавказ, Орал) негізгі бөлігін РСФСР береді. Жергілікті арзан электр әнергияға және шикізат қорына негізделіп Солтүстік-Батыста (Волхов, Кандалакша, Надвоицы), Волга бойында (Волгоград), Оралда (Краснотурьинск, Каменск-Уральский) Батыс Сібірде (Новокузнецк) және Шығыс Сібірде (Красноярск, Братск, Шелехов) алюминий өнеркәсібі дамыған. Солтүстік Кавказда (Тырныауз), Шығыс Сібірде (Сорск) вольфрам және молибден кәсіпорындары бар. Шығыс Сібірде, Қиыр Шығыста алтын, Якутияда («Мир», «Айхал», «Удачная» кимберлит түтікшелері) алмас өндіріледі.

РСФСР-дің 4984 машина жасау және металл өңдеу кәсіпорындарында 9093 мың адам еңбек етеді. Басты өнімдері: металлургия жабдықтары (1974 жылы 182 мың тонна ірі орталықтары Электросталь, Свердловск, Орск, Иркутск), әнергетикалық машиналар (12,1 млн. квт трубина, 11,2 мың дана машина; Петербург, Москва, Свердловск, Новосибирск), транспорттық машиналар (253 дана әлектровоз, 33 мың жүк вагоны, 1,4 мың жолаушы вагоны; Коломна, Новочеркасск, Ленинград, Брянск, Калинин, Мытищи, Төменгі Тагил, Новоалтайск), теңіз кемелері (Ленинград), өзен кемелері (Горький, Волгоград, Астрахань, Тюмень, Хабаровск, Благовещенск), автомобильдер (999,9 мың жеңіл және 566,1 мың жүқ машинасы, 43,3 мың автобус; Москва, Брянск, Горький, Павлово, Тольятти, Ульяновск, Миасс, Ижевск, Қорған), тракторлар (251 мың; Челябинск, Волгоград, Ленинград, Владимир, Липецк, Руоцовск), комбайндар (88,4 мың астық жинаушы комбайн; Дондағы Ростов, Таганрог, Сызрань, Люберцы, Красноярск).

РСФСР құрылыс индустриясының құрамында 2095 кәсіпорын бар. 1941-1974 жылдар цемент өндірісі 19 есе, кірпіш 5,5 есе, терезелік әйнек 6 есе өсті. Цемент (1974 жылы 68,9 млн. т) өндірісінің аса ірі орталықтары Оралда (Сухой Лог, Горнозаводск), Волга бойында (Вольск, Стерлитамақ), Солтүстік Кавказда (Новороссийск), Орталық ауданда (Брянск, Воскресенск, Подольск). Құрастырмалы темір-бетон (1974 жылы 58,8 млн. м3) кәсіпорындары көбіне ұлғаюдағы өнеркәсіптік аудандарда (Орталық, Волга бойы, Солтүстік-Батыс, Орал) шоғырланған.

РСФСР үлесіне Совет Одағы ағаш қорының 90%-тен астамы келеді. Республикада 4375 орман, ағаш өңдеу және целлюлоза-қағаз кәсіпорындары бар. Орманды Солтүстік-Батыс, Волга-Вятка, Орал, Батыс Сібір, Шығыс Сібір, Қиыр Шығыс аудандарында ірі ағаш дайындау комплекстері іске қосылған. Целлюлоза қағаз өнеркәсібі (1974 жылы 5,9 млн. т целлюлоза, 4,2 млн. т қағаз және 2,4 млн. т картон), Солтүстік-Батыста (Архангельск, Йондопога, Сегежа, Котлас, Сыктывкар), Оралда (Краснокамск, Соликамск), Волга-Вятка ауданында (Правдинск, Волжск), Шығыс Сібірде (Красноярск, Братск) т. б. өңірлерде дамыған.

Жеңіл өнеркәсіп салаларында (4815 кәсіпорын) 2874 мың адам еңбек етті. Шығаратын өнім мөлшері жөнінен ең басты саласы - мата тоқу (ірі ежелгі орталықтары: Иваново, Москва, Ярославль, Орехово-Зуево, Калинин, Кострома, Ленинград). Тюмень, Ленинск-Кузнецкий (жүн мата), Орынбор, Кемерово (жібек) т. б. жаңа мата тоқу орталықтары өсіп, дамуда.

Республикадағы 6260 тамақ кәсіпорындарында 1635 мың адам еңбек етеді. Одақтық маңызы бар басты салалары - қант (1974 жылы 2,7 млн. т ұнтақ: қант, негізінен Орталық Қаратопырақты және Солтүстік Кавказ аудандары) және ет (1974 жылы 1,5 млн. т, Орталық және Солтүстік Кавказ аудандары) өндірістері.

Ауыл шаруашылгығы. Ауыл шаруашылық өндірісіне және шаруашылықтарына пайдаланылатын жері 658,7 млн. га (1974) немесе республика территориясының 40%-ке жуығы. Бұның 70%-і совхоздардың және басқа мемлекеттік шаруашылықтар қарамағында, 30%-ін колхоздар пайдаланады. Ауыл шаруашылық жері 222,2 млн. га, оның ішінде егістік 133,8 млн. га, шабындық 26,8 млн. га, жайылым 59,6 млн. га. 13 мың колхозы және 10,5 мың совхозының қарамағында 1 млн. трактор, 400 мыңға жуық комбайн, 480 мыңнан астам жүк автомобилі бар (1974). Ауыл шаруашылық өнімінің жалпы құны 1974 жылы 45,3 млрд. сом болды, бұның 26,0 млрд. сомы мал шаруашылығынан, 19,3 млрд. сомы егіншіліктен түсті.

Совет Одағы егістігінің 60%-і және астық дақылдары егісінің 60%-і РСФСР-дің үлесіне тиеді. Егісінің (126,0 млн. га, 1974) жартысынан астамын (66 млн. га) совхоздар және басқа мемлекеттік шаруашылықтар пайдаланады. Егістік жерлер негізінен Орталық, Орталық Қаратопырақты, Волга бойы, Солтүстік Кавказ, Орал, Батыс Сібір аудандарында шоғырланған. 1974 жылы РСФСР елімізде жиналған дәнді дақылдар өнімінің 7г-ін, яғни 111,8 млн. т астық берді, бұның 48,7 млн. иг-сы бидай болды. Басты астықты өңірлері - Волга бойы (30 млн. т), Солтүстік Кавказ (20,8 млн. т), Орал (13,5 млн. т), Батыс Сібір (10,4 млн. т), Орталық (11,1 млн. т) және Орталық Қаратопырақты (12,7 млн. т) аудандары; бұлар республиканың астық дақылдары жалпы өнімінің 88%-ін жинайды. Егілетін басты дақылдарьі (егісі млн. га): бидай (34) қара бидай (7,6), жүгері (0,7), арпа (17,2), сұлы (9,4), тары 1,8, қара құмық (1,1), күріш (0,2), қант қызылшасы (1,5), күнбағыс (2,7), картоп (4,5), овощ (0,7). Еліміздегі жеміс-жидек және жүзім отырғызылған жердің 30% (1,5 млн. га) РСФСР территориясында (1974) негізінен Солтүстік Кавказ және Орталық аудандарда. Суармалы егіншілік жақсы (әсіресе Орталық, Волга бойы, Солтүстік Кавказ аудандарында) дамыған.              

Кең байтақ шабындық пен жайылым республикада мал шаруашылығын дамытуға қолайлы жағдай туғызуда. Еліміздегі мүйізді ірі қараның, шошқаның жартысынан астамы, қой мен ешкінің 45%-і, солтүстік бұғысы түгелімен, құстың 55%-і осында. Мал басы (млн., 1975): мүйізді ірі қара 56,5, бұның ішінде сиыр 21,8, шошқа 36,5, қой мен ешкі 68,7, солтүстік бұғысы 2,3. Мүйізді ірі қара Волга бойы, Орталық және Батыс Сібір аудандарында, шошқа Солтүстік Кавказ, Волга бойы, Орталық Қаратопырақты, қой мен ешкі Шығыс Сібір, Волга бойы, Солтүстік Кавказ, солтүстік бұғысы Қиыр Шығыс аудандарыйда басым өсіріледі. Республика шаруашылықтары 1974 жылы мемлекетке 8,2 млн. т мал және құс (тірі салмағымен есептегенде), 30,3 млн. т сүт, 19,2 млрд. жұмыртқа, 251 мың т жүн тапсырды. Солтүстік-Батыс, Орталық Волга-Вятка әкономикалық аудандары, Калининград, Свердловск, Пермь облыстарын, Удмурт АССР-ін қамтитын Қара топырақты емес аймақты игеру жоспарлы түрде қолға алынуда.

Транспорты. СССР жалпы жүк айналымының 69%-і (3388 млрд. т/км) РСФСР үлесіне келеді. Темір жолының ұзындығы 78,9 мың, тас жолы 273 мың, ішкі су жолы 126 мың, магистралдық құбырлары 42 мың км (1974). Жалпы жүктің 61,8%-і темір жолмен, 13,6%-і теңіз транспортымен, 5,9%-і өзенмен, 5%-і автомобильмен, 13,6%-і құбырмен тасылады. Аса ірі темір жол магистралдары: Москва - Куйбышев - Челябинск - Омбы – Новосибирск – Красноярск - Иркутск - Хабаровск - Владивосток (Транссібір темір жолы), Москва – Пермь - Свердловск, Москва – Орынбор - Ташкент, Москва – Ленинград - Мурманск, Москва – Минск - Брест, Москва - Киев - Одесса, Москва - Дондағы Ростов - Баку. 1974 жылы Байқал - Амур магистралының (БАМ) құрылысы басталды. Ірі су жолдары. Волга (Камамен), Обь (Ертіспен), Енисей, Лена, Амур өзендерімен өтеді. Өзен транспорты үшін Ақ теңіз - Балтық, Москва атындағы, Волга-Дон т. б. каналдардың маңызы күшті. Совет Одағының аса маңызды порттары - Новороссийск, Ленинград, Калининград, Мурманск, Архангельск, Владивосток РСФСР территориясында. Аса маңызды автомагистралдары: Москва - Ленинград, Москва - Минск, Москва - Киев, Москва - Симферополь, Москва - Горький - Қазан, Москва - Куйбышев, Үлкен Невер - Якутск, Магадан - Усть-Нера, Москва, Ленинград, Новосибирск, Свердловск, Красноярск, Иркутск, Хабаровск, Омбы республикадағы ірі әуе жолдарының торабы болып саналады. 1974 жылы әуе транспортымен 58 млн. жолаушы, 1,8 млн. т жүк тасылды. Мұнай мен газ өндіру қарқынының артуына байлақа жетті. Дәрігерлік көмек тегін көрсетілді, халықтың денсаулығын қатысты құбыр транспортының ролі өсті. 1975 жылы құбылардың жалпы ұзындығы 42 мың км-ге жетті. Аса ірілері: «Дружба», Туймазы – Омбы – Новосибирск -  Красноярск - Ангарск, Усть-Балык - Қорган - Уфа - Альметьевск, мұнай құбырлары, Орта Азия - Орталық, «Сияние Севера» газ құбырлары. РСФСР жерінде 10 ірі экономикалық аудандар қалыптасты; бұлар: Орталық экономикалық аудан, Орталық Қаратопырақты экономикалық аудан, Волга-Вятка экономикалық ауданы, Солтүстік-Батыс экономикалық аудан, Волга бойы экономикалық ауданы, Солтустік Кавказ экономикалық ауданы, Орал экономикалық ауданы, Батыс Сібір экономикалық ауданы Қиыр Шығыс экономикалық ауданы, Шығыс Сібір экономикалық ауданы.

Денсаулық сақтау ісі. Ертедегі славяндарда денсаулық сақтау ісі феодализм дәуірінде (9-12 ғ.) монастырь қарамағында болды және халықтық медицина дамыды. 16 ғасырда медицина ісін мемлекет тарапынан басқаратын алғашқы Аптектік палата ұйымдастырылды. 18 ғасырда денсаулық сақтау ісін Медицина коллегия басқарды. Ал 19 ғасырда земство медицинасы, фабрика-завод және қалалық медицина салалары дамыды. Патшалық россияда денсаулық сақтау ісі сол кездегі дамыған Европа елдерінен артта қалды. Сондықтан халық арасында инфекциялы аурулар (тырысқақ, шешек, безгек, бөртпе сүзек, туберкулез, қышыма, басыр т. б. аурулар) көп таралған. Елде 1913 жылы әрбір мың адамнан 29,1 адам; ал бір жасқа дейінгі балалардан 27%-і өліп отырған. Октябрьлық революциясынан кейін денсаулық сақтау ісіне ерекше көңіл бөлу нәтижесінде РСФСР-де өмірдің орташа ұзақтығы, революцияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда 2,5 есе өсіп, 70 жас мақсатында 8 сағатық жұмыс күні енгізілді, еңбекті қорғау, әлеуметтік қауіпсіздендіру, ана мен баланы қорғау т. б. жөнінде декрет қабылданды. РСФСР-де 1975 жылы ішкі ауруларға мың, хирургиялық 226,8 мың, онкологиялық 27,8 мың, оториноларингология 22 мың, офтальмология 21,3 мың, неврология 48,1 мың, гинекол. 102,2 мың, жүкті және босанған әйелдерге 106,6 мың, балалар жұқпалы ауруына арналған 192,7 мың төсектік аурухана, диспансерлер болды. Ауруханалардан басқа 19 мың амбулатория-поликлиникалар, емдеу мекемелері, 1553 диспансер және өнеркәсіп орындары жанында 890 медсанитариялық бөлімдер болды. 1974 жылы 2,7 мың санэпидемиологиялық станция; 65,2 мың аптек және аптек бөлімшелері жұмыс істеді. Елде дәрігерлер, медицина қызметкерлердің саны да артты, мыс., 1974 жылы 93,9 мың терапевт, 46,7 мың хирург, 27,5 мың акушер-гинеколог, 52,3 мың педиатр, 10,1 мың офтальмолог, 10,1 мың оториноларинголог, 11,9 мың невропатолог, 10,4 мың психиатр, 12,1 мың фтизиатр, 7,6 мың дерматовенеролог, 16,4 мың рентгенолог және радиолог, 25,6 мың стоматолог т. б. қызмет істеді. Дәрігерлер мен фармацевтер РСФСР-дің 45 медициналық институт және 5 университеттің медицина факультетінде даярланады, сондай- ақ 379 орта дәрежелі білім беретін арнайы оқу орындары бар. Денсаулық сақтау жөніндегі ғылми мәселелер 186 ғылыми медицина мекемелер мен 132 ғылыми-зерттеу институттарында қаралып отырылады (1975). РСФСР-де курорттар мен санаторийлер көп. Мұнымен қатар жүздеген пансионаттар мен демалыс уйлері бар. Атақты Ессентуки, Кисловодск, Железноводск, Пятигорск курорттары, Сочи, Анапа, Геленджик, Ейск, Горячий Ключ, Теберда, Нальчик сияқты санаторийлер дүние жүзіне әйгілі. Бұлардан басқа бальнеологиялық курорттар да бар. Денсаулық сақтау ісіне, физкультура мен спортқа үкімет қаржысынан 5902 млн. сом жұмсалды (1974).

1974 жылы 109 мың физкультура коллективі, 2,5 мың балалар спорт мектебі, 7 физкультура институты және 15 физкультура техникумы болды. РСФСР-де 1974 жылы республикаға еңбек сіңірген 30 спорт шебері, халықаралық дәрежедегі 250 спорт шебері, 239 Европа және дүние жүзілік, 550 СССР чемпионы болды. Олимпиадалық ойындар чемпиондарының 345-і РСФСР чемпиондары болды. 1975 жылға дейін РСФСР-де 1,5 мың адамға еңбек сіңірген жаттықтырушысы және 500 адамға еңбек сіңірген СССР жаттықтырушысы деген атақ берілді. РСФСР-де 1,7 мыңдай стадион, 22 спорт сарайы, 500-дей бассейн, 30 мыңнан астам спорт және гимнастика залы, 57 мың футбол алаңы, 33 жеңіл атлетика манежі, 5 мың спорт лагерлері және 3 мыңдай аңшы, балықшы үйлері болды.

Оқу-ағарту ісі. РСФСР-дің халық ағарту тарихы ертеден басталады. Киев Русі халқының арасында сауаттылық болғандығын ертеде (11 ғ.) қайыңның қабығына жазылған жазулар дәлелдейді. Монастырьлар жанында училище, жоғары типті мектептер болған. Білім берудің дамуы 16-17 ғасырларда көп ұлтты орыс мемлекетінің қалыптасуына және кітан баспасының шығуына байланысты. 1574 жылы Иван Фёдоров бірінші славян-орыс әліппесін басып шығарды. 17 ғасырда орта мектептер ашылды, 1687 жылы Славян-грек-латын академиясының негізі қаланды. Петр І-нің реформалары программасында дүнияуи мектептер ұйымдастыруға басты көңіл бөлінген. Алғашқы арнаулы оқу орындары құрылды: 1701 жылы Москвада Математика және суда жүзу мектебі; 1715 жылы Петербургте Теңіз академиясы; 1719 жылы инженерлік мектеп; Оралда тау-кен завод мектептері т. б.; 1724 жылы Петербургте құрылған ҒА жанында Академиялық унивесритет, Академиялық гимназия ашылды. Бірақ білім беру ісі дворяндық мемлекеттің таптық мақсатына қызмет етті де бұқара халық сауатсыз болды. 18 ғасырда дворяндық жабық оқу орындары пайда бола бастады (кадет корпустары т. б.). Осы кезеңде халық ағарту мемлекеттік жүйесі қажеттігін талай еткен педадогика идеялар дамыды. 1786 жылы қалалардағы мектеп жүйесінің негізін қалаған мектеп реформасы жүргізілді. 19 ғасырдың басында 1804 жылғы оқу орындары Уставы бойынша бір-бірімен байланысты оқу орындарының мемлекеттік жүйесі жасалды. Унивесритет, институттар, лицейлер ұйымдастырыла бастады. Капиталистік қоғамның дамуы 19 ғасырдың 1-жартысында жоғары техника оқу орындарының ұйымдастырылуын қажет етті. Бұл кезеңде қалалық жерлерде бірқатар гимназия, приход училищелері ашылғанмен, селоларда оқу орындары жоқтың қасы болды. Қоғамдық қозғалыстың ықпалымен 60 жылдарда мектеп басқару ісін орталықтандыруды көздеген мектеп реформалары жүргізілді. Осыған сәйкес 1864 жылғы Устав бойынша орта мектептің 2 типі бекітілді: университетке түсуге право беретін классикалық (7 жыл) және жоғары техника оқу орындарына түсуге право беретін реалдық гимназиялар (6 жылдық). Әйелдерге білім беру ісі біртіндеп дами бастады. 60-70 жылдарда мұғалімдер семинарияларының негізі қаланды. 1872 жылдан реалдық училищелер құрылып, шіркеу-приход мектептері өріс алды. Бірнеше қалаларда түрлі оқу орындары ашылды және студенттердің әлеуметтік құрамына өзгерістер енді.

19 ғасыр барысында революция-демократиялық бағыттың өкілдері (А. И. Герцен, В.Г.Белинский, Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов, Д.И.Писарев), ағарту ісінің қайраткерлері (Н. И. Пирогов, К. Д. Ушинский, Л. Н. Толстой, В. И. Водовозов т. б.) білім беруді демократияландыру үшін күрес жүргізді. 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында Россияда маркстік педагогиканың негізі қалана бастады. В.И.Ленин тәрбие мен білім беру саласындағы пролетариаттық талабын белгілеп берді. 19 ғасырдың соңында Россия білім беру саласында европаның дамыған елдерінен кейін қалды. 1897 жылғы санақ бойынша РСФСР территориясында тұратын халықтардың (9-49 жастағы) сауаттылығы орта есеппен 29,6% болды. Көптеген ұлттардың жазуы болмады.

Ұлы Октябрьлық социалистік революциясы барлық ұлттар еңбекшілерінің білім алуына, мәдениеттенуіне жағдай жасады. В. И. Ленин қол қойған декреттер негізінде социалистік құрылыстың міндеттеріне сәйкестендірілген халық ағарту ісінің жаңа жүйесі құрылды. 1917 жылы соңы мен 1918 жылы басында шіркеуді мемлекеттен және мектепті шіркеуден бөлу, барлық оқу-тәрбие мекемелерін национализациялау және оларды Халық Ағарту Комиссариаты қарауына беру жөнінде декреттер қабылданды. 1918 жылы БОАК «Бірыңғай еңбек мектебі туралы ережені» бекітті. Коммунистік партия мен Совет мемлекеті аз уақыт ішінде халықтың сауатсыздығын жою міндетін қойып, 1923 жылы «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы құрылды. 1932 жылдың соңына қарай сауатсыздық негізінен жойылды. 1939 жылғы санақ бойынша халық сауаттылығы 89,7% болды. Кейінгі жылдарда халық ағарту жүйесінде мектептің типі, құрылымы және оқу мерзіміне байланысты бірқатар өзгерістер болды. Партия 17-съезінен (1934) кейін, РСФСР Халкомсовы «Жалпы жеті жылдық политехникалық міндетті оқуды енгізуге дайындық туралы» қаулы қабылдады. 1949 жылы 7 жастан 7 жылдық оқу міндеті енгізілді.

КПСС 24-съезінің шешімдеріне байланысты орта білімді жүзеге асырудың 3 жолы белгіленді - жалпы білім беретін орта мектептер, арнаулы орта оқу орындары, орта кәсіптік-техникалық училищелер. 1974 жылы Халыққа білім беру туралы заң қабылданды.

Мектепке дейінгі тәрбие жүйесінде 1974 жылы 67 мың балалар бақшасы, бақша-ясли және яслилерде 6138 мың бала тәрбиеленді. 1974-1975 оқу жылында 91,6 мың жалпы білім беретін мектептерде 23941 мың оқушы, 2477 арнаулы орта оқу орындарында 2673 мың оқушы оқыды. 1975 жылдың 1 қаңтарында 3589 кәсіптік-техникалық училищелерде 1701 мың оқушы оқыды. 1974 жылы 475 жоғары оқу орны (2798 мың студент) болды.

1974 жылы 2350 пионерлер сарайы мен үйлері, 414 жас техниктер ст., 228 жас натуралистер ст., 90 экскурсиялық-туристік ст., 98 балалар паркі болды. Республикада 62 мыңнан аса кітапхана (кітап қоры 848,3 млн. дана) жұмыс істейді. РСФСР-дегі ірі универсалды кітапханалар: СССР-дің В. И. Ленин атындағы мемлекеттік кітапханасы, М. Е. Салтыков-Щедрин атындағы мемлекеттік көпшілік кітапханасы, РСФСР-дің мемлекеттік көпшілік тарих кітапханасы, Москва, Ленинград ғылми кітапханалары, Қазан унивесритетінің т. б. жоғары оқу орындарының кітапханалары, Орталық политехникалық кітапхана т. б. орталық салалық кітапханалар бар. 1974 жылы 639 музей болды. Оның ішінде: В.И.Ленин музейлері, СССР-дің Орталық Революция музейі, Третьяков галереясы, А. С. Пушкин атындағы бейнелеу өнері музейі, Ленинградтағы Орыс музейі мен Эрмитаж т. б. РСФСР-де 76,9 мың клубтық мекеме бар (1974).

Ғылымы мен ғылми мекемелері. Жаратылыс тану және техникалық ғылымдары. 17 ғасырдың аяғына дейінгі жаратылыс тану білімі. Ежелгі Русьте табиғат туралы мағлұмат тәжірибе негізінде жинақталды. Техника дағдылар ұрпақтан ұрпаққа беріліп, ғылыми ілімнің әлементтері туа бастады. Киев Русінде құрылыс техникасы мен қолөнер кәсібі жоғары дәрежеге жетті. Әр түрлі жаратылыс тану-тарихи мәліметтер ескі шежірелерде кездеседі. Олар 10-11 ғасырлардағы Русьте Европа мен Азияның жеке бөліктері туралы географиялық мәліметтер болғандығын дәлелдейді. Даниил Паломниктің «Хожениесінде» (1106-1108) Константинопольден Иерусалимге дейін жасалған саяхат баяндалған.

Христиандық енгеннен кейін (10 ғасырдың аяғы) Русьте византиялық-болгарлық дін ілімі әдебиетінің аудармасы тарала бастады. Онда ежелгі ғылымның элементтері болды. Иоанн Болгарскийдің «Шестодневінде» Әлемнің құрылысы, жануарларды класқа бөлу, адам анатомиясы, Жердің ауа-райлық белдеуі т. б. туралы Аристотель мен Платонның көзқарасы баяндалды. Русьтегі орыс мәдениеті мен жаратылыс тану ғылымының дамуына монғол-татар шапқыншылығы орасан зиян келтірді.

13 ғасырдың 2-жартысында тұз, қарамай, сақар қайнату ісі, металлургия дамыды. 1382 жылы Русьте алғашқы зеңбірек, Москва (1404), Новгород (1436) және Псковта (1477) алғашқы сағаттар пайда болды. Двигатель ретінде су шығыры пайдаланылды. 15 ғасырдың аяғында Москвада зеңбірек сарайы салынып, онда 1586 жылы А. Чехов Царь-пушканы құйып шығарды, 1534 жылы Монета сарайы, 1563 жылы Баспа сарайы салынды. 16-17 ғасырда мыс, күміс, темір кен орындары ашылды. 16 ғасырдың аяғында алғашқы мануфактура өндірісі пайда болды.

14 ғасырдың аяғында бір орталыққа қаратылған Орыс мемлекетінің құрылуы аяқталды. Ол мемлекет игерілген жаңа жерді, құрылысты, соғыс техникасыныц дамуын т. б. есепке алды. 1654 жылы алғашқы Дәрігерлік мектеп ашылды. 17 ғасырда соғыс ісі, арифметика, геометрия, астрономия, тау кен ісі, ауыл шаруашылық, медицина т. б. бойынша алғашқы әдебиеттер пайда болды. 17 ғасырдың ортасында Везалияның «Анатомиясы», Коперник жүйесі баяндалған Блаудың «Атласы», Гевелидің «Селенографиясы» орыс тіліне аударылды.

18 ғасырдағы жаратылыс тану және техникалық ғылым. Петр І-нің басшылығымен (Я.В.Брюстың, В. Н. Татищевтің т. б. қатысуымен) Россияда арнаулы білімнің дамуына себепші болған шаралар жүргізілді. Москвада Пушкар мектебі (1701), Математика және навигациялық ғылым мектебі (1701), госпитальдық медицина мектеп (1707), Инженерлік мектеп (1712), Петербургте Теңіз академиясы (1715), Инженерлік мектен (1719), медицина-хирургиялық мектеп (1733) т. б. ұйымдастырылған. 1714 жылы Петербургте Аптекарлық бақша (1823 жылдан ботаникалық бақ) және орыстың алғашқы жаратылыс тану ғылымының музейі - Кунсткамера ашылды. 1703 жылы алғашқы баспа оқулық - Магницкийдің «Арифметикасы» және «Логарифмдер таблицасы» жарық көрді. 1722 жылы Г.Г.Скорняков-Писаревтің «Статикалық ғылым немесе механика» деген оқу құралы шықты. 1714 жылы алғашқы мемлекеттік кітапхана (қазіргі СССР ҒА-ның кітапханасы) ашылды. 1720-1727 жылдар химиялық лабораториясы ұйымдастырылды.

Россияның территориясы да зерттелді. 1699 жылы адмирал К.Крюйс Азов теңізі мен Донды құралмен өлшеді. 1714-1715 жылдар А.Бекович-Черкасскийдің басшылығымен Каспий теңізінің шығыс жағалауының қартасы қолжазба түрінде жасалды, осының негізінде К. Верден мен Ф. И. Соймонов Каспий теңізінің алғашқы картасын 1720 жылы басып шығарды. 1719-1721 жылдар И.М.Еврейнов пен Ф.Ф.Лужин Камчатка мен Куриль аралдарының толық картасын жасады. 1734 жылы И. К. Кирилов «Бүкіл россиялық империя атласын» басып шығарды.

Мамандардың дәрежесін көтеру және ғылыми-зерттеулерді дамыту үшін 1724 жылы Ғылым академиясы ашылды. Механиканың математика аппараты жасалды. Жер, оның флорасы мен фаунасы зерттелді. Орыс ғылымының тарихында М. В. Ломоносовтың еңбектері білімнің барлық саласын қамтып, елдегі ғылым мен ағарту ісінің дамуына зор әсер етті. Математика мен механика Л. Эйлер, Н. және Д. Бернуллилер, Я. Герман, X. Гольдбах еңбектерінде дамытылды. Ж. Н. Делиль, Л. Эйлер, С. Я. Румовский, А. И. Лексель астрономиялық зерттеулер жүргізді. Физика Ломоносовтың, Г. В. Рихманның т. б. еңбектерімен дамытылды. Химия Ломоносов еңбегінің нәтижесінде ғылыми негізге айналды. 1768-1774 жылдар академиялық экспедицпялардың нәтижесінде (П. С. Паллас, И. И. Лепехин, В. Ф. Зуев т. б.) көптеген геология, география, биология материалдар жинақталды. Россияда ғылыми эмбриологияның негізін салушы К.Ф.Вольф жұмыс істеді. А.Т. Болотов орыс агрономия ғылымының негізін салды. И. П. Кулибин механика саласынан көптеген жаңалықтар ойлап шығарды. 1763-1765 жылдар И.И. Ползунов жылулық күш қондырғысын жасады. 1755 жылы Москва унивесритеті, 1773 жылы Петербургте Тау-кен училищесі, 1798 жылы Медицина-хирургиялық академия ашылды.

19 ғасырдағы жаратылыс тану және техникалық ғылым (60 жылдарға дейін). 19 ғасырдың 1-жартысында Қазанда, Петербургте т. б. унивесритеттер ашылды. 1804 жылдан физика-математика факультеттер ұйымдастырылды. 1819 жылы ғылым магистры мен докторы дәрежесі енгізілді. Петербургте орман (1803), жол қатынасы инженерлерінің корпусы (1809) институттары, артиллерия және инженерия академия (1855) ұйымдастырылды. Унивесритеттердің жанынан обсерватория, химия лаборатория, физика кабинет, ботаника бақ т. б. ашылды. Москвада табиғатты зерттеушілер қоғамы (1805), Минералогиялық қоғам (1817), Москва ауыл шаруашылық қоғамы (1820), Орыс география қоғамы (1845) пайда болды. Негізгі ғылыми орталық болған Петербургте математиктер М. В. Островский, В. Я. Буняковский, Петербург математика мектебінің негізін құрушы П. Л. Чебышев, Пулков оосерваториясының (1839) алғашқы директоры В. Я. Струве, электр доғасын ашқан В.В.Петров, электромагнитизм ілімін дамытқан Э. X. Ленц және Б. С. Якоби, Россияда органикалық химияның негізін қалаушы А.А.Воскресенский, Н.Н.Зинин, Ю.Ф.Фрицше, термохимияның негізгі заңын ашқан Г. И. Гесс, эмбриолог және анатом X. Пандер, соғыс хирургиясының негізін қалағаи Н. И. Пирогов т. б. жұмыс істеді. Москва университетінде аналитикалық механика мектебінің негізін қалаушы Н. Д. Брашман, астроном Ф. А. Бредихин, геолог Г. Е. Шуровский, хирург және физиолог Е. О. Мухин, хирург Ф. И. Иноземцев т. б. істеді. Қазан университетінде Евклидтік емес геометрияны жасаушы Н. И. Лобачевский, астроном М. А. Ковальский, химик Н. Н. Зинин, 1844 жылы рутенийді ашқан К. К. Клаус, зоолог Э. А. Эверсман т. б. жұмыс атқарды.

19 ғасырдың 1-жартысында ғалымдардың қатысуымен жер шарын кемемен айналып шыққан 40 шақты саяхат жасалды. И. Ф. Крузенштерн мен Ю. Ф. Лисянскийдің (1803-1806), В. М. Головниннің (1807-1809,   1817-1819), Ф. Ф. Беллинсгаузен мен М. П. Лазаревтің (1819-1821), Ф.П.Литкенің (1826-1829) т. б. кемемен шеккен сапарларында жүздеген аралдар, Антарктида (1820) ашылды, бағалы мұхиттық, геофизика, биология, әтнография материалдар жинақталды. Арктика мен Алясканы, Қиыр Шығысты (Г. И. Невельская, 1848-1855), Сібірді (А. Ф. Миддендорф, 1842-1845), Алтайды, (П. А. Чихачев, 1842), Арал теңізін (А. И. Бутаков, 1848-1849), Каспий теңізін (К. М. Бэр, 1853-1856) зерттеу жалғастырылды. Европалық Россияның геологиялық картасы жасалды (Н. И. Кокшаров, 1840 т. б.). Электротехника (П. Л. Шиллинг, Б. С. Якоби), металлургия (П. Г. Соболевский т. б.), көпір салу (С. В. Кербедз) дамыды. 1833 жылы Е.А. және М. Е. Черепановтар Россиядағы алғашқы паровозды жасады.

1861-1917 жылдағы табиғат тану және техникалық ғылым. 1861 жылы крепостнойлық право жойылғаннан кейінгі капитализмнің тез етек алуы өндіргіш күштердің дамуына себепші болды. 1861 жылы А. М. Бутлеров химия құрылыс теориясын жасады. 1863 жылы И.М.Сеченовтың «Ми рефлекстері» атты еңбегі жоғарғы нерв қызметін материалистік тұрғыдан түсінуге жол ашты. 1869 жылы Д. И. Менделеев химиялық элементтердің периодтық заңын ашты. 60 жылдары К.А.Тимирязевтің зерттеулері дарвинизмді қуаттап, фотосинтез іліміне зор үлес қосты. 1883 жылы В.В. Докучаевтің «Русский чернозем» атты еңбегінде генетикалық топырақ танудың негізі салынды.

Химия саласында Бутлеровтың шәкірті А. М. Зайцев қаныққан және қанықпаған спирттердің синтез тәсілін жасады. 1873 жылы Москва университетінде істеген В. В. Марковников Бутлеровтың химия құрылыс теориясын онан әрі дамытқан ғылыми мектептің іргесін қалады. Марковниковтың шәкірттері М.И.Коновалов т.б. осы заманғы органикалық синтездің негізін қалаған химия реакциялар ашты. Бутлеровтың шәкірті А. Е. Фаворский Петербургте химик-органиктердің мектебін құрды. Менделеевтің ілімі Н. С. Курнаковтың еңбегінде дамытылды. Термохимия мен физика химияны Н. Н. Бекетов және оның қызметкерлері зерттеді.

Биология саласында И. И. Мечников эволюциялық идеяны патологияға қолданды. Эволюцияның даму жолдары мен факторларын М. А. Мензбир, кейін А. Н. Северцов салыстырмалы-анатомиялық әдіспен зерттеді.

1898 жылы С. Г. Навашиннің жабық тұқымды өсімдіктердің қосарланып ұрықтануын ашқандығы дүние жүзіне белгілі болды. А.Н.Бекетов ботаника география мектебінің негізін қалады. П.А.Костычев агрономиялық топырақ танудың, И. В. Мичурин ауыл шаруашылық дақылдарының ғылыми селекциясының негізін салды.

Қазан мектебі (В.М.Бехтерев, Ф. В. Овсянников т. б.) нерв жүйесін гистологиялық және физиологиялық тұрғыдан зерттеді. И. М. Сеченов орталық тежелуді ашты (1862), салыстырмалы және эволюциялық физиология негізін салды. И.П.Павлов қан айналу (1874-1888) және ас қорыту (Нобель сыйлығын алған, 1904) физиологиясы бойынша классикалық зерттеулер жүргізді. Отандық биохимиялық физиологияның негізінде дамыды. А. Я. Данилевский ферменттердің синтездік қасиетін ашты. 1880 жылы Н.И.Лунин витаминдерді анықтады. Мечниковтың фагоцитоз құбылысын ашуы және иммунитеттің фагоцитоздық теориясын жасау жаңалықтары (1908 жылы Нобель сыйлығын алған) жалпы патология саласында зор маңызы болды. В. В. Пашутин орыс патологтарының өзіндік мектебін құрды. 1912 жылы Ф. А. Андреев жануарлар организмін тірілту жөнінде сәтті нәтижеге ие болды.

Орыс клиникалық медицинасы Европада жетекші орынға ие болды (С. П.Боткин, Г.А.Захарьин т.б.). Педиатрияның жеке пәнге айналуы С.Ф. Хотовицкийдің, Н.Ф. Филатовтың т. б. аттарымен байланысты. С.С.Корсаков пен В.П.Сербскийдің мектебі орыс психиатриясын Европада алдыңғы орынға шығарды. А. Я. Крассовский, В. Ф. Снегирев операциялық гинекология проблемаларын зерттеді.

Математикада П.Л.Чебышев бастаған Петербург мектебі жетекші роль атқарды. Чебышев пен оның мектебінің (А. Н. Коркин, Е. И. Золотарев, А. М. Ляпунов т. б.) еңбектері ықтималдық теориясына, сандар теориясына, математикалық анализ бен математикалық физикаға арналған. Қолданылмалы математика мен механика саласындағы ірі табыс Н.Е. Жуковский, С. А. Чаплыгин және И. В. Мещерскийдің еңбектері болды. К. Э. Циолковский космонавтика теориясы мен космостық аппараттардың негізін салды. Өріс теориясын жоғары бағалаған алғашқы физиктердің бірі А. Г. Столетов болды. Ол магнетизм, фотоэффект, газдардағы әлектр разряды жөнінен еңбек жазды. П.Н.Лебедев жарықтың қатты дене мен газга түсіретін қысымын тапты. 1874 жылы Н.А.Умов энергияның серпімді денелерде таралу заңын ашты. Е.С.Федоров пен Г.В.Вульфтың еңбектері кристаллографияга арналды. 70 жылдары астрономияда астрофизика дами бастады. Пулковта Ф.А.Бредихин (комета орбиталарының теориясынан еңбек жазған), оның шәкірті А.А.Белопольский, Москвада В.К.Церасский (астрономиядан еңбек жазған) жұмыс істеді. Жер туралы ғылымнан А. П. Карпинский Европалық Россияның геологиялық тарихын зерттеді. Петрографияда Ф.Ю.Левинсон-Лессингтің еңбегі ерекше көзге түсті. 90 жылдары В.И.Вернадский қызметінің арқасында минералогияның ірі орталығы пайда болды.

Орыс океанографиясы (С. О. Макаров, Ю. М. Шокалский, Н. М. Книпович) мен климатологиясы (А. И. Воейков) жоғары даму сатысына жетті. Б. Б. Голицын сейсмологияның негізін салушылардың бірі болды. П. Ц. Семенов-Тян-Шанский (1856-1857), кейін Н.М.Пржевальский, Г.Н. Потанин т. б. Орталық Азияға әкспедиция жүргізді. П.А.Кропоткин т. б. Сібірге геологиялық зерттеулер жүргізді, В.Л.Комаров Орта Азия, Қиыр Шығыс, Корея, Маньчжурия және Қытай флорасын зерттеді. Н. Н. Миклухо-Маклайдың Жаңа Гвинеяға, басқа да Тынық мұхит аралдарына жүргізген саяхаты ғылымға үлкен үлес қосты.

Техника ғылым саласынан металлографияның негізін салған Д.К. Черновтың еңбегі шықты. А.С.Йоповтың радионы ойлап табуы (1895) техникадағы ұлы жаңалық болды. А.Н.Лодыгин қыздыру лампысын (1872), П. Н. Яблочков практикада қолданылатын домалық лампыны (1876) ойлап тапты. Темір жол транспортының дамуына А. П. Бородин, Н. Н. Митинский зор еңбек сіңірді. Теңіз кемесін жасау саласында А. Н. Крылов, С.О. Макаров т. б. қызмет етті. Тау-кен механикасының негізін М. М. Протодьяконов жетілдірді. Соғыс техникасынан Н. В. Майевский, В. С. Барановский т. б. иір ойықты зеңбірек жасау жөнінде жетекші болды. 1881 жылы А.Ф.Можайский бу двигательді «ауада ұшатын снарядқа» патент алды. 1909-1914 жылдардың самолеттердің бірсылыра соны конструкциялары жасалды (Я. М. Гаккель, Д. П. Григорович, И. И. Сикорский).

19 ғасырда ғылыми мекемелердің ішінде жетекші орын алған ҒА-нда 5 лаборатория, 5 музей, 14 комитет және комиссия, бірнеше обсерватория болды, онда 109 ғылыми қызметкер және 180 шамалы көмекші қызметкерлер болды. Ұлы Октябрьлық революциясына дейін РСФСР территориясында 231 ғылыми мекеме, Шығыс Орал территориясында 20 ғылыми мекеме болды. Россияда 12 мыңдай ғылыми қызметкер істеді.

1917 жылғы Ұлы Октябрь революциясынан кейінгі табиғат тану және техникалық ғылымның дамуы. Коммунистік партия мен Совет үкіметі ғылымды социализмді құрудың қажетті құралы деп тапты. Ол Россия халықтарының экономикалық, қоғамдық және мәдени дамуының белсенді күші болды. Партия мен үкімет ғылымның дамуының негізгі құралы ғылыми-зерттеу мекемелерін қалыптастыру деп үйретті. Осының нәтижесінде орыс ғылымы тек сан жағынан емес, сапа жағынан да өзгерді. РСФСР-дің алғашқы өмір сүруінен бастап, ғылым социалистік құрылыс қызметін атқаруға кірісті. Зерттеу жұмыстарының міндеттері В. И. Лениннің «Совет өкіметінің кезектегі міндеттері» деген еңбегінде айқын көрсетілген.

РСФСР ғалымдары ГОЭЛРО жоспарын жасауға, елдің өндіргіш қорларын игеру жұмысына, халық шаруашылығын өркендетудің мемлекеттік жоспарын жүзеге асыруға, елді индустриализациялауға, өнеркәсіпті минералдық шикізатпен қамтамасыз етуге, ауыл шаруашылығын коллективтендіруге, мәдени революциясын жүзеге асыруға қатынасты. Кең көлемде жүргізілген жаппай зерттеулер артта қалған елімізді алдыңғы қатарға шығарды, 1941-1945 жылдар Ұлы Отан соғысында жеңіп шығуга база жасады.

РСФСР ғалымдарының қатысуымен ядролық қару жасалды, жер жүзіндегі тұңғыш атом электр станция, алгашқы атомоход жасалды, алғашқы Шер спутнигі жіберілді, жер маңындағы орбита бойымен адамның алғаш ұшуы, экипажы бар корабльдердің космоста түйісуі, планета аралық станциясының Айға, Шолпанга, Марсқа жайлап қонуы жүзеге асырылды, Арктика мен Антарктика меңгерілді, Дүние жүзілік мұхит зерттелді. (Ғылым мен техниканың жеке салаларының дамуы жөнінде СССР мақаласының Ғылым бөлімінен қараңыз).

1918 жылы Оқу халық комиссариаты жанынан Ғылыми бөлім ашылып, оған ғылыми күштерді нығайту және ҒА-ндағы, жоғары оқу орындарындағы, ғылыми қоғамдардағы т. б. зерттеулерді ұйымдастыру міндеті жүктелді. Совет өкіметінің алғашқы жылдарында Оқу халық комиссариаты, Ғылыми-техникалық бөлім жүйесінде, Бүкіл одақтық халық шаруашылық, Денсаулық сақтау халық комиссариаты т. б. жанынан институттар ашылды. Воронежде, Горькийде, Иркутскіде (1918), Свердловскіде (1920) унивесритеттер құрылды.

1920 жылы РСФСР-дің ғылыми-зерттеулерді мемлекеттік ұйымдастыру тәжірибесін одақтас республикаларда қолданды.

1922 жылдан кейін РСФСР-дің ғылыми мекемелерінің едәуір бөлігі жалпы ) одақтық мекемелерге айналды. 1925 жылы Россия ҒА СССР Ғылым академиясы болып қайта құрылды. Көрнекті орыс ғалымдары Россияның шеткі аймақтарында В. Л. Комаров Қиыр Шығыста, А. Е. Ферсман Кола түбегінде, К. И. Скрябин Қырғызстанда, Е. Н. Павловский Тәжікстанда, Б. А. Келлер Түрікменстанда т. б. ғылымның дамуына көмектесті. СССР ҒА-ның Кола (1930), Қиыр Шығыс және Орал (1932), Батыс Сібір (1943), Қазан, Карелия (екеуі де 1945), Коми (1949), Дағыстан (1950), Башқұрт (1951) филиалдары пайда болды. 1957 жылы СССР ҒАның Сібір бөлімшесі ұйымдастырылды. 1969 жылы ғылыми мекемелерді дамыту үшін СССР ҒА-ның Қиыр Шығыс, Орал ғылыми орталықтары, сондай-ақ Жоғары мектептердің Солтүстік Қавказ ғылыми орталығы құрылды. РСФСР территориясында салалық бүкіл одақтық академиялар жұмыс істейді.

Қоғамдық ғылымдар. Философия. Ежелгі Русь жазушыларының (Иларион, Кирилл Туровский, Климент Смолятич, Владимир Мономах, Никифор, Нестор т. б.) шынайы және діни шығармаларында философиялық идеялар айтылған. 16 ғасырда Максим Грек, Зиновий Отенский, Ермолай-Еразм діншілдер бағытында ғана емес, философ ретінде де пікір айта бастады. 1687 жылы Москвада Славян-грек-латын академиясы құрылып, онда аристотелизм рухында алғашқы курс оқылды.

Петр І-нің реформалары орыс қоғамының рухани өмірін өзгертті, ғылым, шынайы мәдениет және философиялық дамыды. 1713 жылы тұңғыш рет орыс тілінде аристотельдік космологияның жүйелі курсы басылып шықты. Россиядағы тәжірибелік жаратылыс тану және материалистік философия дәстүрінің негізін қалаушы М. В. Ломоносов, 1755 жылдан философияның негізгі орталығы Москва ун-ті болды. Онда Ломоносовтың шәкірттері И. Н. Йоповский, Д. С. Аничков философиядан сабақ берді. 18 ғасырдың 2-жартысында А. Н. Радищев, 19 ғасырдың басында декабристер (Н. М. Муравьев, П. И. Пестель, Н. А. Бестужев, А. А. Бестужев-Марлинский, К. Ф. Рылеев т. б.) орыс философиясын дамытуға үлкен үлес қосты.

Россиялық с.-д. қозғалысқа диалектикалық материализм философиясының ықпалы зор болды. Плехановтың «Тарихқа монистік көзқарасты дамыту туралы мәселе жайында», «Тарихтағы жеке адамның ролі туралы мәселе жайында», «Марксизмнің негізгі мәселелері» т. б. еңбектері тарихи материализм теориясын қорғауда, оны таратуда маңызды орын алды. Плеханов халықшылдардың субъективті идеалистік пікірін және россиялық мен халықаралық жұмысшы қозғалысындағы философия ревизионизмді сынға алып, Россиядағы революция-демократиялық ой тарихшысы есебінде көрінді. Онын философия ізбасарлары Л. И. Аксельрод, А.М.Деборин болды.

20 ғасырдың басында Россиялық. с.-д. қозғалыста эмпириокритицизм идеясы кен тарады. А.А.Богданов, В.А.Базаров, А.В.Луначарский осы идеяның ықпалында болды.

1936 жылы СССР ҒА-ның Философиялық институты құрылды. 1947 жылдан «Вопросы философии» журналы шықты. Г.Ф.Александровтың «Батыс-европалық философия тарихы» кітабы бойынша туған 1947 жылғы дискуссия еліміздің халықаралық және ішкі жаңа жағдайына орай совет философиялық ғылымын қайта құру жолын белгіледі. Соңғы жылдары «Философия тарихы» (1-6 т.), «Философиялық әнциклопедия»         1-5 т), «СССР-дегі философия тарихы» (1-4 т.) т. б. көлемді еңбектер жарық көрді.

Тарих ғылымы. Ежелгі Русьте жазбаша тарихи еңбектер 10 ғасырдың аяғында 11 ғасырдың басында шыға бастады. Қиев пен Новгородтың жазба ескерткіші пайда болды. 17 ғасырдың 30 жылдарында Романовтар патшалық әулетін дәріптеу міндетіне бағытталған «Жаңа шежіре» құрастырылды. 16 ғасырдың аяғында 17 ғасырдың басында Сібір шежіресі жазылды. Ол Ермак жорығына, Сібірді игеруге арналды. 18 ғасырдың 20 жылдарында «Свей соғысының тарихы» жарық көрді, Оныц редакторы Петр I болды. А.И. Манкиевтің «Россия тарихының өзегі» (1715 жылы жазылған) тарихи шығармалардың алғашқы жиынтығы болды. Бұл 18 ғасырдың басына дейінгі оқиғаны қамтыды. ҒА (1724) құрылғаннан кейін орыс тарихын зерттеу негізінен Россияға батыс-европадан шакырылған ғалымдардың (көпшілігі немістер) еншісіне тиді.

19 ғасырдың 1-жартысында Россияда революция тарихи ой дамыды. Дворяндық революционер-декабристер Н. М. Карамзиннің тарихи құбылыс көзқарасын батыл сынады. Н.М.Муравьев «тарих халыққа тән» десе, П.И. Пестель, П.Г.Каховский, Н.А.Бестужев т. б. халықтың қанаушылыққа қарсы күресін тарихтың басты мәні деп қарады. Россиядағы революция-демократиялық тарихи пікірлер революционер-демократтар - В.Г.Белинский, А. И. Герцен, Н. П. Огарёв, Н. Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбовтың есімдерімен тығыз байланысты. 19 ғасырдың аяғында тарихқа материалистік көзқарас кеңіңен тарады. Бұл бағытта Г.В.Плехановтың еңбектері маңызды орын алады. Ол орыс қоғамдық ойының тарихын марксистік тұрғыдан зерттеді. Россия тарихына марксистік жолмен дұрыс баға берген В. И. Ленин болды.

Орыс тарихы туралы жүйелі еңбекті М. Н. Покровский құрастырды. Оған дворян тарихшылары П. Н. Милюков, Лаппо-Данилевский т. б. қарсы шықты. Ғалымдар В. И. Герье, Н.И.Кареев, П. Н. Виноградов, Д. М. Петрушевский, В. В. Латышев, В. И. Модестов т. б. еңбектері жалпы тарих мәселелеріне арналды. РСФСР тарихшылары буржуазиялық революция жұмысшы табы мен революция қозғалыс, халықаралық қатынас, ұлт-азаттық қозғалысы тарихын жүйелі зерттеді.

Экономикалық ғылым. Ежелгі Русьте экономикалық идея шіркеу трактаттары мен мемлекеттік-праволық актілерінде қамтылды. Киев Русінің бірінші документтерінде-ақ экономикалық идея таптық сипат алды. Петр I абсолютизмді нығайтатын, отандық өнеркәсіпті, сауданы дамытатын, шаруалардың есебінен мемлекеттік финансты нығайтатын экономикалық саясат жүргізді. 18 ғасырда прогресшіл экономикалық идеяны М.В. Ломоносов ұсынды. Ол өз шығармаларында елдің табиғи байлығын зерттеу, фабрика мен заводтар салу, сауданы дамыту, халықтың өсуіңе жағдай жасау, Солтүстік теңіз жолын шаруашылық мұқтажы үшін пайдалану жөнінде пікір айтты. Ал А.Н.Радищев крепостнойлық правоны жою туралы мәселе қойды. Сондай-ақ оның еңбектерінде ақша айналымы, баға, кредит, пайда мәселелері айтылды. 19 ғасырдың 1-жартысындағы дворян идеологтарының арасында бір-біріне қарама-қарсы реакциялық-консервативті (Е.Ф.Канкрин, Н.М. Карамзин), либералдық (М.М.Сперанский, Н.С.Мордвинов), революция (декабристер) бағыттағы үш ағым болды. Орыстың прогресшіл экономикалық ой-пікірін дамытуға декабристер үлкен үлес қосты. Революционер-демократ В.Г.Белинский крепостнойлық правоны жою керектігін айтты. Ол Россияның болашағын шаруалар көтерілісімен байланыстырды. Крепостнойлыққа қарсы батыл күрескен А. И. Герцен, Н. П. Огарев, Н. Г. Чернышевский болды. Россияның өндіргіш күштерінің дамуы проблемаларына ғалым-химик Д. И. Менделеев ерекше көңіл бөлді. 19 ғасырдың аяқ шенінде халықшылдардың экономикалық идеясы кең тарады. Олар крепостнойлық правоғк қарсы болғанымен, елдің капиталистік даму жолының прогресшіл ролін бағалай білмеді. 70-80 жылдардағы халықшылдар орыс қауымын социализм ұясы деп негізсіз сипаттама берді.

Капитализмнен социализмге өту кезеңінде жаңа әкономикалық саясат халық шаруашылығын жоспарлау және товарлы-ақша қатынасын пайдалану, елде ауыр өнеркәсіпті өркендету, ауыл шаруашылығын коллективтендіру әкономикалық ғылымының негізгі мәселелері болды. Республикадағы экономикалық зерттеу орталығы - СССР ҒА-ның Экономикалық институты (1936), СССР ҒА-ның Дүние жүзілік экономикасы және халықаралық қатынастар институтыты (1956), СССР Мемлекеттік жоспарлау комитеті жанындағы Экономикалық ғылыми-зерттеу инстиуты (1955).

Заң ғылымы. Россиядағы заң білімінің тууы Киев мемлекеттік дәуіріне жатады. Заң білімі Петр І-нің кезінде (Ф. Прокопович, В. Н. Татищев т. б. еңбектері) жаңа сатыға көтерілді. Петр I коллегия жанынан практикалық курс ұйымдастырды. 1732 жылы Кадет корпусында заңдық еңбектер пән ретінде оқыла бастады. 1755 жылы Москва университетінде заң факультеті ашылды. Орыстың тұңғыш право профессоры С. Е. Десницкий болды. Ол мемлекеттік және право, қылмысты істер правосы теориясынан бірқатар еңбектер жазды. 19 ғасырдың 60 жылдарында заң әдебиеттері дамудың ең жоғары шегіне жетті, правоның барлық негізгі салалары қамтылды. Революция-демократия В. Г. Белинский, А. И. Герцен, Н. П. Огарев, Н. Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбов сол кездегі мемлекет пен правоны батыл сынап, самодержавиені құлатуға, демократия орнатуға шақырды. Мемлекет және право проблемаларының марксистік концепциясы негізінде Ұлы Октябрьлық революциясының алғашқы жылдарында-ақ, мемлекеттік өкіметтің бірлігі ұлттардың өзін-өзі билеуі, советтердің пролетариат диктатурасының мемлекеттік формасы лениндік принңиптерін жүзеге асырған, жаңа советтік конституция - РСФСР Конституциясы (1918) жасалды. 1924 және 1937 жылғы РСФСР Конституцияларында Советтік мемлекеттік право теориясы онан өрі дамытылды. Заң ғылымының дамуына КПСС ОК-нің «Елімізде заң ғылымын онан әрі дамыту және заң білімін жақсарту шаралары туралы» (1964), «Қоғамдық ғылымдарды онан әрі дамыту және олардың коммунистік құрылыстағы ролін көтеру шаралары туралы» (1967) қаулылары үлкен ықпал жасады.

Әдебиет тану ғылымы. Россияда әрқашан тарихи-әдеби процестермен, елдің қоғамдық өмірімен тығыз байланысты болды. 17-18 ғасырларда мектеп оқу құралдары, библиографиялық тізімдер т. б. кең өріс ала бастады. 18 ғасырдың 80 жылдарының басында Россия академиясы құрылды. 19 ғасырда ол ҒА-ның Орыс тілі және сөз өнері бөліміне айналды. Әдебиет тану ғылымын дамытуға А. С. Пушкин, А. И. Герцен, Н. В. Гоголь, Ф. М. Достоевский, Л. Н. Толстой үлкен үлес қосты. 19 ғасырдың аяғында орыстың әдебиет тану ғылымында мәдени-тарихи (Н. С. Тихонравов, А. Н. Пыпин), мифологиялық (Буслаев, А. Н. Афанасьев) және салыстырмалы - тарихи (А. Н. Веселовский) мектептер бөлініп шықты. Бұл мектептердің әдебиет жанрларының ғылми тәсілдерін қалыптастыруда елеулі ықпалы болды.

М.Горькийдің инициативасымен 1932 жылы СССР ҒА-ның Дүние жүзілік әдебиет институты құрылды. Әдебиет туралы совет ғылымының дамуына академик А.С.Орлов, Н.И.Конрад, В.Ф.Шишмарев, В.В. Виноградов, Д.С. Лихачев т. б. зор үлес қосты. Советтік әдебиет тану ғылымы әстетика, философия, тарих, психология т. б. ғылымдарымен тығыз байланысты. Әдебиеттің партиялығы, халықтығы сияқты категорияларын, творчестволық әдіс, әсіресе социалистік реализм әдісін зерттеу басты орын алады.

Тіл білімі. Орыс тіл білімі ғылымының негізін қалаушы М.В.Ломоносов болды. Ол орыс ғылми грамматикасы мен терминологиясының негізін құрды. 18 ғасыдың 2-жартысында орыс тілін зерттеу онан әрі дамыды. Н. Г. Курганов пен А. А. Барсовтың орыс тілі грамматикалары орыс әдеби және халық тілінің жағдайын бейнеледі. Орыс тілінің тарихи грамматикасы ғылыми пән ретінде бөлініп шықты. Орыс тілі тарихын (фонетика, морфология, синтаксис, семантика) зерттеу жалғастырыла берді. Орыс тілі тек үндіевропалық тілдермен ғана емес, түрік, араб, қытай т. б. тілдермен салыстырылып отырды. К. С. Аксаков тіл философиясын дамытуға зор үлес қосты. 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында теориялық тіл білімінің қалыптасуына Москва (негізін қалаушы Ф. Ф. Фортунатов) және Қазан (И. А. Бодуэн де Куртенэ) лингвистикалық мектебі өкілдерінің зор ықпалы болды. А. А. Шахматов орыс тілін халық тарихымен байланыстыра зерттеп, дамыта түсті.

Россияда тілдерді зерттеу, тіл білімі кадрларын даярлау негізінен ҒА- нда, Москва, Петербург, Қазан университеттерінде, Лазарев шығыс тілдері институтында, Азиялық музейде, Петр Великий атындағы антропологиялық және этнографиялық музейінде шоғырланды. Советтік тіл білімі теориясы 19-20 ғасырдың басындағы тіл білімінің жалғасы болды. Лексикографиялық жұмыс интенсивті жүргізіліп келеді. Д. Н. Ушаковтың редакциялауымен «Орыс тілінің түсіндірме сөздігі» (1934-1940), 17 томдық «Қазіргі заманғы орыс әдеби тілінің сөздігі» (1948-1965) жарық көрді. РСФСР-дің негізгі лингвистикалық мекемелері СССР ҒА жүйесіне қарайды. Орыс тілі саласындағы ғылыми жұмысты университеттердің, педагогикалық институттарының филологиялық факультеттері жүргізеді.

Ғылыми мекемелері. 1974 жылы Россияда 3 мыңдай ғылыми мекеме (жоғары оқу орындарын қосқанда) болды, оның 1670-і ғылыми-зерттеу институттары және олардың филиалдары мен бөлімдері (1940 жылы 1318 және 447; 1965 жылы - 2660 және 1274; 1970 жылы - 2862 және 1504). Ғылыми қызметкердің саны 804 мыңнан асты (1975), яғни СССР-дегі барлық ғылыми қызметкерлердің 68,8 %-і (1940 ж.- 62 мың; 1950 ж. - 111,7 мың; 1960 ж. - 242,9 мың; 1965 ж.- 457,5 мың; 1970 ж. - 631,1 мың). 1974 жылы Республиканың ғылыми қызметкерлерінің 22 мыңға жуығы ғылыми докторы және 201 мыңнан астамы ғылыми кандидаты (1950 ж. - 6,2 және 32,4; 1960 ж. - 7,9 және 67,1; 1970 ж. - 16,1 және 145,1) болды.

Ресейдің ғылыми орталықтары мен ғылыми-зерттеу институттары одақтас республика ғалымдарымен тығыз байланыс жасап тұрады. Республиканың көптеген ғылыми орталықтары мен ғылыми-зерттеу институттары ғылымның белгілі салаларын зерттейтін басты мекемелер болып есептеледі. Совет үкіметі жылдарында РСФСР-дің автономиялық облыстарында ұлт кадрларының саны өсіп, жаңадан көптеген ғылыми мекемелер құрылды. Ресей ғалымдары СССР-де және шетелдерде өткізілетін халықаралық ғылыми ұйымдардың, ғылыми конгрестер мен конференциялардың жұмысына белсене қатысады. Республиканың Москва, Ленинград, Новосибирск т. б. қалалары халықаралық ғылыми байланыстық басты орталығына айналды.

Баспасөз, радиохабар, телевизиясы. Ертедегі Русь жерінде (Новгород, Псков, Москва, Рязань, Смоленск) қолжазба кітап жасау орталықтары болған. «Остромир інжілі» (1056-1057) - алғашқы қолжазба кітап. Мерзімді баспа хабаршы хаттар деп аталатын «Куранттар» (1621 жылдан) қолжазбасынан басталады. Москвада 1553 жылы тұңғыш баспахана құрылды, осында Иван Федоров пен Петр Мстиславец 1564 жылы 1 наурызда «Апостолды» (мезгілі дәл көрсетілген бірінші орыс баспа кітабы) басып шығаруды аяқтады. 16 ғасырдың аяғында - 17 ғасырда Қазанда, ішкі Новгородта, Тверь шіркеуінде мерзімді жұмыс істейтін баспа шеберханалары болды. Дегенмен баспа өнімінің негізгі бөлігі Москваның баспа үйінде дайындалды, мұнда 1700 жылға дейін 500 кітап, тұңғыш орыс газеті «Ведомости» (1702 жылы желтоқсан) басылды. 18 ғасырдың 1-ширегінде Петербург ірі баспа орталығына айналды, мұнда 1711 жылы тұңғыш баспахана құрылды.

1727 жылдан Петербург ҒА баспаханасы ғылыми-әдебиет кітаптарын басып шығара бастады. 18 ғасырда Россияда 200-ге жуық әр түрлі мерзімді басылымдар басылды.

18 ғасырдың соңғы ширегінде Ярославль, Калуга, Тамбов, Тобольск, Новгород, Курск, Пермь, Кострома, Смоленск, Владимир және Воронежде баспахана пайда болды. Россияны мекендеген бірқатар халықтардың тілінде алғашқы кітаптар шықты. 1785 жылы Петербургте «Азия баспаханасы» құрылды. 1801 жылы Қазанда алғашқы татар баспаханасы жұмыс істей бастады Ұлт кітаптарын басып шығаруды дамытуда Қазан университеті баспаханасы көп еңбек сіңірді. Мұнда татар, чуваш, мари, қалмақ, удмурт т. б. тілдерде кітап басылды.

19 ғасырда, ең алдымен Петербург пен Москвада т. б. қалаларда ірі баспа фирмалары, астыртын баспаханалар пайда болды. 1917 жылы революциясын дайындауда болыпевиктік баспасөз оның негізін қалаған лениндік газет «Искра» (1900-1903) зор роль атқарды. 20 ғасырдың басында көптеген қалаларда, өнеркәсіп орталықтарында большевиктік газеттер пайда болды. Петербургте 1912 жылы 22 сәуір большевиктік газет «Правданың» бірінші нөмірі шықты. 1913 жылы Россияда 856 газет, 1331 журнал, 30 мыңнан астам кітап басылды.

РСФСР-де «Советская Россия», «Современник», «Детская литература», «Малыш», «Просвещение», «Художник РСФСР», Россия ауыл шаруашылық баспасы, «Московский рабочий» т. б. ірі баспалар жұмыс істейді. 1974 жылы орыс тілінде 50,7 мың, басқа ұлттар тілдерінде 1,3 мың, шетел халықтары тілінде 3 мың кітап басылды; орыс тілінде 4106, басқа ұлттар тілінде 304 газет шықты. Күнделікті газет - «Советская Россия» (1956), апталық газет - «Литературная Россия» (1963) шығады. 1974 жылы орыс тілінде 4940, басқа ұлттар тілінде 71, шетел халықтары тілінде 142 журнал басылды. Әдеби-көркем, қоғамдық-саяси журналдар: «Москва» (1957), «Нева» (Ленинград, 1955), «Дальный Восток» (Хабаровск, 1946), «Дон» (Дондағы Ростов, 1957), «Подъем» (Воронеж, 1957), «Волга» (Саратов, 1966) т.б. РСФСР территориясында берілетін Орталық, ішкі одақтық және жергілікті радиохабарларының орта тәуліктік ұзақтығы 558,6 сағ, соның ішінде Москва 8 программа (156,6 сағ) береді, оның 3 программасы алыс аудандарға арналған. Жергілікті радиохабары 46 тілде жүргізіледі, оның ұзақтығы 402 сағ. Сонымен қатар қала, аудан редакцияларынан да едәуір көлемде радиохабары беріледі. Россия Федерациясы территориясында Жалпы Одақтық телеорталықтан (Москва) басқа автоном. республикаларда, өлкелерде, облыстар мен ұлт округтарында 78 телестудия, 135 қуатты ретрансляциялық станция жұмыс істеді. Алыс аудандар үшін (Сібір, Қиыр Шығыс, РСФСР Солтүстігі) «Восток», «Орбита» жүйесі бойынша арнаулы программа беріледі.

Әдебиеті. РСФСР территориясында ынтымақ-бірлігі жарасқан көптеген халықтар - орыстар, татарлар, чуваштар, башқұрттар, комилер, еврейлер, удмурттар, карельдер, балқарлар, аварлар, буряттар, қалмақтар, хакастар, қарашайлар, чечендер, адыгейлер, якуттар, ненецтер, чукчилер т. б. тұрады. Совет өкіметі жылдарында бұлардың экономикасы мен мәдениеті өлшеусіз көркейіп, зор қарқынмен қарыштап дамыды. Түрі ұлттық, мазмұны социалистік әдебиеті жаңа арнада қанат жайды. Туысқан халықтар әдебиеттерінің санаулы уақыт ішінде биік белеске көтеріліп, шапшаң өркендеп өсуіне ұлы орыс әдебиетінің (Орыс әдебиеті) ықпалы зор болды. РСФСР құрамындағы халықтар әдебиетінің қайсы бір өкілі болмасын орыс әдебиетінің озық үлгілерінен үйрене, тәлім ала отырып, өздерінің ұлттық әдебиеттерін жаңа құнарлы шығармалармен байыта түсті.

Бүгінде әлемдік мәдениеттің көш бастаушысы болып отырған орыс әдебиетінің қайнар көзі ертедегі қауымдық құрылыс дәуірінде пайда болған халықтық поэтикалық творчестводан басталады. Көне орыс әдебиеті (10 ғасырдың басы - 17 ғасыр) Киев Русінің әдеби кезеңінің (орыс, украин және белорус халықтарына ортақ) қайнар бұлағы болып табылады. Азаматтық әуен, жоғары патриотизм - орыс әдебиетінің әуел бастағы қалыптасу кезеңінен келе жатқан айқын белгісі болды. Орыстың көне шежіресі - «Өткінші жылдардың хикаясы» (11 ғ.) орыс халқының тарихи ролі, Русь мемлекетінің пайда болуы, қалыптасуы туралы баяндады. Халықты бірлікке шаңыруда, жауынгерлік рухта тәрбиелеуде «Игорь жорығы туралы жырдың» (12 ғ.) мәні зор. 13-14 ғасырларда жазылған жылнамалық ескерткіштерде, тарихи аңыздық дастандарда орыс халқының сол кездегі көкейтесті мәселелері қозғалады. 15-17 ғасырларда аңыз-әңгіме негізінде туған көптеген шығармалар пайда болды.

Жаңа орыс әдебиетінің негізі 18 ғасырда қаланды. Бұл кездегі орыс әдебиетіндегі бағыттар (барокко классицизм, сентиментализм) идеялық-эстетикалық қасиеттерімен ерекшеленіп, тарихи қалыптасқан ұлттық мәдени дәстүрлерді бойына сіңірді. А.Д.Кантемир (1708-1744), В. К. Тредиаковский (1703-1768), М. В. Ломоносов (1711-1765), А. П. Сумароков (1717-1777) т. б. шығармалары орыс әдебиетін жаңа белеске көтерді. А.Н.Радищевтің (1749- 1802) «Петербургтен Москваға саяхат» (1790) атты атақты кітабы жария болды. Н.М.Карамзиннің (1766-1826) көп томдық «Россия мемлекетінің тарихы» атты туындысы жарық көрді.

В.А.Жуковский (1783-1852), К.Н.Батюшков (1787-1855) әлегиялық поэзияның негізін қаласа, олардын дәстүрін А. А. Дельвиг (1798-1831), Н. М. Языков (1803-1846) одан әрі жалғастырды. Азаттық идеясы сарыны декабрист-ақындар В. Ф. Раевский (1795-1872), К.Ф.Рылеев (1795-1826), В. К. Кюхелъбекер (1797-1846) т. б. творчествосында кең орын алды.

И.А.Крылов (1768-1844), А.С.Грибоедов (1795-1829) шығармалары сатиралық және драмалық жанрларды жаңа сатыға көтерді. А.С.Пушкин (1799-1837) творчествосы орыс әдебиетіндегі жаңа дәуірді ашты, оның лирикалары мен поэмалары, повестері мен романдары, драмалық шығармалары әлемдік әдебиеттің алтын қазынасына қосылды. Пушкин дәстүрін алға жалғастырған М.Ю.Лермонтов (1814-1841) творчествосы орыс әдебиетінің өркендеу жолындағы жаңа белес болды. Орыс әдебиетінің реализмін дамытуда Н.В.Гоголъдің (1809-1852) творчествосы ерекше роль атқарды. Бұл кезеңде орыстың сыншыл әстетикалық ойы В.Г.Белинский (1811-1848) шығармалары арқылы шырқау биікке көтерілді.

И.А.Гончаров (1812-1891), И.С.Тургенев (1818-1883), Ф.М.Достоевский (1821-1881), М.Е.Салтыков-Щедрин (1826-1889), А. И. Герцен (1812-1870) т. б. қоғам өмірінің сан алуан мәселелерін асқан шыншылдықпен бейнеледі. Орыс реализмінің онан әрі дамуына А. Н. Островский (1823-1886), Н.А. Некрасов (1821-1877) т. б. шығармалары елеуяі үлес болып қосылды. 19 ғасыр 2-жартысында орыс әдебиеті жаңа идеялық өрлеу жолына түсті, революция-азаматтық қозғалысының ықпалы зор болды. «Современник» журналы революцияшыл демократтардың идеялық қаруына айналды. Осы кезде Н.Г.Чернышевский (1828-1889), Н.А.Добролюбов (1836-1861) өздерінің революция-материалистік эстетикасымен патшалық тәртіптің мерезді көріністеріне қарсы аяусыз күрес ашты. Л.Н.Толстойдың (1828-1810), В.Г. Короленконың (1853-1921), А.П.Чеховтың (1860-1904) әңгімелері мен пьесалары, повестері мен романдары орыс әдебиетінің даңқын шығарды. 20 ғасырдың басында орыс әдебиетінің мақтаны болып саналатын А.М. Горький (1868-1936), А. Блок (1880-1921), И.А. Куприн (1870-1938), И. А. Бунин (1870-1953), В. Я. Брюсов (1873-1924), В. В. Маяковский (1893-1930) сияқты суреткерлер өздерінің кемел таланттарымен көзге түсті.

Совет дәуірінде орыс әдебиеті социализм реализм туын биік көтеріп, әлемдік әдебиетті дамытуда үлкен үлес қосты. Социалистік көркемөнердің теориялық негізі К. Маркс пен Ф. Энгельстің, В.И.Лениннің, орыстың революцияшыл демократтарының Г. В. Плехановтың (1856-1918). В. В. Воровскийдің (1871-1923), А. В. Луначарскийдің (1875-1933) және басқа да марксист тыншылардың еңбектерінде жасалды.

И. Ленин совет әдебиетінің дамуына үнемі көңіл бөлді, әдебиеттің реалистігін, партиялылығы мен халықтығын қорғады, буржуазия идеологияны насихаттау үшін көркем өнерді пайдалануға қарсы батыл күресті. Социалистік реализм әдебиетінің қалыптасып дамуында М. Горький творчествосы үлкен роль атқарды. Д. Бедный (1888-1945), А. Серафимович (1863-1949), В. Маяковский, С. Есенин (1895-1925), С. Н. Сергеев-Ценский (1875-1956), А. Толстой (1882-1945) т.б. шығармаларында Россиядағы тарихи оқиғалар, Ұлы Окт. революциясы және Азамат соғысы дәуіріндегі шындық жарқын бейнеленді. Д. А. Фурманов (1891-1926), М. А. Шолохов (1905 ж. т.), К. А. Федин (1892 ж. т.), Л. М. Леонов (1899 ж. т.), А. А. Фадеев (1901-1956), Ф. В. Гладков (1883-1958), Н. А. Островский (1904-1936), А. Т. Твардовский (1910-1971), Н. Ф. Погодин (1900-1962), Л. С. Соболев (1898-1971), А. А. Сурков (1899 ж.т.), Н. С. Тихонов (1896 ж. т.), Г. М. Марков (1911 ж. т.) т. б. творчестволарында жасампаз өзгерістерге толы советтік өмір ақиқаты, оның сан алуан күрделі мәселелері көркемдік шешімін тапты.

РСФСР құрамындағы туысқан халықтар әдебиеттерінің әрқайсысының озіндік туу, қалыптасу және өркендеу жолдары бар. Бұлардың бір қатарының Ұлы революциясына дейін әдебиеттері кенжелеп келсе, Совет өкіметі тұсында мәдени күрт даму жолына түсті, жаңа мазмұнды әдебиеттерін жасады. Ұлы орыс әдебиетінің игі ықпалымен өркендеген туыс халықтар әдебиеттерінің озық туындылары барша әлемге танымал болды. РСФСР халықтары әдебиеті ішіндегі ең ежелгілерінің бірі - татар халқының әдебиеті. Татар ауыз әдебиетінің үлгілері тым әріден басталады. Жазба әдебиетінің көрнекті өкілдері - Ә. Курсави (1776-1818), К. Насыри (1825-1902), Ғ. Тоқай (1886-1913), Ғ. Құлақметов (1881-1918), Ғ. Ибрагимов (1887-1938), Ғ. Камал (1879-1933) т. б. жазушылардың творчестволарында халық өміріндегі елеулі оқиғалар суреттелді, реалистік-демократтық бағыт басты орын алды. Совет дәуірінде татар әдебиеті зор өрлеу жолына түсті. Ш. Камал (1884-1942), К. Наджми (1901-1957), X. Тақташ (1901-1931), Муса Жалил (1906-1944), Г. Баширов (1901 ж. т.), З. Нури (1921 ж. т.) т. б. ақын-жазушылар жаңа өмірдің жалынды күрескерлерінің бейнелерін жасады, дәуір шындығын жоғары пафоспен суреттеді. Башқұрт жазба әдебиеті Окт. революциясынан кейін қалыптасты. Одан бұрынғысы - негізінен ауыз әдебиеті, фольклор. Башқұрт әдебиетінің тарихында Салауат Юлаев творчествосы үлкен орын алады. Башқұрт әдебиетінің ірге тасын қалауда М. Гафуридің (1880-1934) еңбегі зор. С. Құдаш (1894 ж. т.), А. Бикчентаев (1913 ж. т.), М. Карим (1919 ж. т.) т. б. ақын-жазушылар қазіргі башқұрт әдебиетін дамытуға үлкен үлес қосты. Жазба үлгісі кеш дамыған бурят халқының әдебиеті тек Совет өкіметі тұсында өркен жайды. Бурят совет әдебиетінің негізін салған X. Намсараев (1889-1959) шығармалары бурят поэзиясын жаңа мазмұнмен дамытты. Бурят совет әдебиетін өркендетуде Н. Г. Балдано (1907 ж. т.) Қ. Номтаев (1910 ж. т.) т.б. жазушылар үлес қосты. Карель халқының жазба әдебиеті Окт. революциясынан кейін пайда болып, екі тілде (карель және орыс) дамып келеді. Карель және финн халықтарының эпосы - «Калевала» дүние жүзіне мәлім. Жаңа карель әдебиетінің көрнекті өкілдері - Я. Э. Биртанен (1889-1939), С. Норин (1909-1942), А. Тимонен (1915 ж. т.,), Я. Ругоев (1918 ж. т.) т. б. Коми әдебиеті - туыстас екі тілде: коми және коми-пермяк тілдерінде дамып қалыптасты. Коми әдебиетінің негізін салушы демократ ақын И. А. Круглов (1839-1875) болды. Совет коми әдебиетінде алдымен поэзия және драматургия жанры өркендеді. 20 жылдардың орта шенінен жаңа мазмұнды проза дами бастады. В.А.Саввин (1888-1943), Н. Попов (1901-1971), Н.М. Дьяконов (1911 ж. т.) т. б. ақын-жазушылар жемісті еңбек етті.

Қабарда мен Балқар әдебиетінің негізгі бастауы фольклор болып саналады. Ауыз әдебиетінің үлкен мұрасы - «Нарттар» эпосы екі халыққа бірдей ортақ. Қабарда ақыны және филолог Ш.Б. Ногмов (1794-1844) творчествосы үлкен роль атқарды. Қабарда-Балқар әдебиеті Совет өкіметі жылдарында өркендеп дамыды. Б. И. Гуртиев (1910 ж. т.), А. Шогенцуков (1900-1941), Ә. Кешоков (1914 ж. т.), Қ. Кулиев (1917 ж. т.) т. б. ақын-жазушылардың елеулі шығармалары бар. Авар, құмық, дарғын, лезгин, лак, тат халықтарының әдебиеті батырлық эпос, ертегі, аңыздардан басталады. Халықтық жаңа әдебиеттің биік белеске көтерілуіне Сулеймен Стальский (1869-1937), Ғамзат Цадаса (1877-1951) т.б. шығармалары үлкен ықпал жасады. Советтік дәуірде Расул Ғамзатов (1920 ж. т.) творчествосы биік белеске көтерілді. Қалмақ көркем әдебиеті ұлттық бай фольклордың негізінде пайда болды. Халық творчествосының биік шыңы - «Жәңгір» эпосы (15 ғ.). Ұлы Окт. революциясы қалмақ совет әдебиетінің берік қалыптасуына жол ашты. Қалмақ әдебиетінің негізін салушылар - X. Кануков (1883-1933), Н. Манджиев (1905-1936) т. б. жазушылар болды. Қарашай, черкес, абазин, ноғайлардың ауыз әдебиетінің ортақ үлгілері бар, жазба әдебиеті Совет өкіметі жылдарында пайда болды. Қарашай-Черкес әдебиеті орыстың классикалық және совет әдебиетінің тәжірибесіне, ұлттық ауыз әдебиетінің бай мұрасына сүйене отырып дамыды. А.Үртенов (1907-1955), Ф. Абдулжалилов (1913 ж.т.), С.Капаев (1927) т. б. Қарашай-Черкес әдебиетінің көрнекті өкілдері болып саналады. Ауыз әдебиетінен нәр алып, 19 ғасырдың 2-жартысынан бастап өрлеу жолына түскен чуваш әдебиеті өзіндік дамуды бастан өткерді. И. Яковлев (1898-1930), К. В. Иванов (1890-1915), М. Сеспель (1899-1922), П. Хузангай (1907 ж. т.) т. б. ақын-жазушылар жаңа әдебиет жасап, елеулі шығармалар туғызды. Окт. революциясына дейін якут халқының ауыз әдебиеті ғана дамыды. Якут фольклорында Олонхо жанры кең өріс алды. Якут жазба әдебиеті 1905-1907 жылдан кейін дами бастады. А. Е. Кулаковский (1877-1926), П. А.Ойунский (1893-1938), Н. Мординов (1906 ж. т.), С. Ефремов (1903 ж. т.) т. б. жаңа якут әдебиетін көрнекті шығармалармен байытты. Удмурт әдебиетінің көрнекті өкілдері - М. Прокофьев (1884-1919), Д. Майоров (1889-1923), М. Петров (1905-1955), И. Гаврилов (1912 ж. т.) т. б. жазушылардың шығармаларында удмурт халқы бастан кешкен ұлы өзгерістер жарқын бейнеленді. Д. Гофштейн (1889-1952), Л. Квитко (1895-1952), П. Маркиш (1890-1952) т. б. еврей жазушылары советтік өмір шындығын бейнелеген көптеген шығармалар жазды. РСФСР жерінің едәуір бөлігін алып жатқан Қиыр Солтүстік пен Қиыр Шығыстағы аз халықтардың тұрмыстық, мәдени өсулері Совет өкіметі орнағаннан кейін басталды. Солтүстік халықтары жае әдебиетінің көш бастаушылары болып хант Г. Лазарев, ненецтер Н. Вылка, И. Истомин, эвенкілер Н. Сахаров, А. Платонов, нанай А. Самар, коряктар К. Кеккетын, Л. Жуков, чукчи Ю. Рытхэу т. б. көрінді.

РСФСР халықтары әдебиеті мен қазақ әдебиеті арасындағы туысқандық байланыс әріден басталады. Орыстың классикалық және совет әдебиетінің озық үлгілері қазақ тіліне жыл өткен сайын көптеп аударылып келеді. Сондай-ақ, татар Г. Тоқай, Мұса Жалил, башқұрт М. Карим, чукчи Ю. Рытхэу, авар Р. Ғамзатов, балқар Қ. Кулиев, қалмақ Д. Кугультинов т. б. жазушылардың туындылары қазақ оқырмандарының игілігіне айналып отыр. Ал қазақ ақын-жазушыларының көптеген кітаптары жоғарыда айтылған туысқан халықтар тілдеріне аударылып, сан мыңдаған тиражбен басылып, тарап жатқаны баршаға аян.

РСФСР халықтары әдебиеті мен қазақ әдебиеті тығыз достық байланыста болуы арқылы көп ұлтты социалистік мәдениетті көркейтіп, бір-біріне игілікті ықпал жасап келеді.

Архитектурасы мен бейнелеу өнері. РСФСР территориясындағы ежелгі өнер ескерткіштері палеолит және неолит дәуіріне саяды. Тас пен сүйектен мүсіншелер пішіндеу, жан-жануарларды бейнелеу, тастарға шекіп суреттер салу кең етек алды. Энеолит пен қола дәуірлерінде ағаш құрылыстар, қорым-қорғандар (Пазырық қорғаны), дольмендер тұрғызу өрістеді. Көзешілік, монументті мүсін, көркем куйма (қола), зергерлік өнері, пейзаж (Майкоп қорғаны, б. з. б. 3-мың жылдықтың соңы) өркен жайды. Б. з. б. 8-7 ғасырдан байырғы сақ, ғун, уйсін өнерімен сабақтас скифтер, алаңдар, сарматтар мәдениеті туып қалыптасты. Алтай, Батыс Сібір, Хакасия, РСФСР-дің Европа бөлігінде қорым-қорғандардан, кеніш-обалардан табылған алтын, күміс, ағаш, киіз, сүйек т. б. материалдардан жасалған көркем бұйымдар, жиһаздық заттар, қазба жұмыстары кезінде ашылған көне сәулет өнері мұралары - дамулы өнердің айғағы. 10-13 ғасырдың ортасында Киев, Чернигов, Новгород, Полоцк қалаларында монументті соборлар (Киев пен Новгородтағы София соборы), ғибадатханалар (Нередица), ақ тастан қаланған құрылыстар (Владимирдегі Успен соборы мен Дмитриев соборы) салынды. Монғол-татар шапқыншылығы кезеңінде тежеуге ұшыраған сәулет өнері 13 ғасырдың аяғында жандана бастады. 13 ғасырдың соңы мен 15 ғасырда новгород мектебі мен псков мектебі, эпикалық стильдегі кескіндеме, зергерлік өнері өркендеп, соборлар (Юрьев монастыры), ғибадатханалар (Нередица), галереялы шағын шіркеулер бой көтерді. Новгород пен Псковта бекініс қалалар, солтүстік-батыс облыстарда қамалдар (Копорье, Изборск т. б.) салынып, Москва Кремлі алғашында еменнен (1339), кейіннен мұнаралары тас қабырғалармен (1367) қоршалды. Фреска (Феофан Гректің жазбалары), кітап миниатюрасы өрбіді. 16 ғасырда сәулет өнерінде тастан тұрғызылған ғибадатханалар (Василий Блаженный ғибадатханасы) мен кремльдер (Тула, Коломна, Смоленск), монастырьлар, шіркеулер, тұрғын үйлер бой көтергенімен негізінен зиялылар архитектурасында ағаш құрылыстар басты орын алды. 14-15 ғасырларда кескіндемешілер Городцтық Прохор, Даниил Чёрный, Андрей Рублёв, мүсінші В. Д. Ермолин өсімі әйгілі болды. 15 ғасырдың аяғы - 16 ғасырдың басындағы кескіндемеге Дионисий творчествосы мен оның мектебі игі әсер етті. 16 ғасырда пайда болған кітап басу ісі орыс гравюрасына жол ашты («Апостолға» жасалған ксилография, 1564). 16-17 ғасырлар аралығындағы икона өнерінде ескі дәстүрмен сабақтас строганов мектебі қалыптасты. 17 ғасырда орыс өнерінде зиялылар дәстүрі күшейе түсті. Орыс мемлекеті территориясының ұлғаюына байланысты Оңтүстік пен Сібірде (Якутск) жаңа қалалар мен қорғандар, Поволжьеде әкімшілік ғимараттар (Архангельскідегі Қонақтар сарайы) салынды. 17 ғасырдың ортасында Қаружарақ палатасы ашылып елдегі бірден бір көркемөнер орталығына айналды. 17 ғасыр мен 18 ғасырда Россия мен Батыс Европа елдері арасында мәдени байланыс күшейе түсті. 1757 жылы Петербургте европалық типтегі көркемсурет академиясының негізі қаланды. 17 ғасырдың аяғында Оралда заводты қалалар (Невьянск, Екатеринбург), елдің оңтүстік пен солтүстік-батыс шекараларына жоспарлы түрде қорған-қалалар (Кронштадт) тұрғызылды. Адмиралтействоға барып тіреліп, 3 көшеден тұратын Петербург қаласы осы тұстағы архитектураның озық үлгісіне саналады. Орыс архитектурасы негізінен жалпы европалық көркемдік стилі жүйесінде дамыды. 18 ғасырдың басында 17 ғасырдағы орыс сәулет өнері дәстүрімен сабақтас барокко (Москвадағы Меншиков- мұнарасы) стилі арх. В. В. Растрелли құрылыстарында (Петербургтегі Қысқы Сарай т. б.), классицизм үлгісіндегі ғимараттар арх. А. Ф. Кокоринов, А. Ринальди, В. И. Баженов творчествосынан көрініс тапты. Санкт-Петербург пен Москваның тас құрылыстары жөніндөгі комиссия (1763 жылдан архит. бөлімінің жетекшісі Ал. В. Квасов, 1772 жылдан И. Е. Старов) орыс қалалары реконструкциясының 400- ден астам жоспарын жасады. Дж. Кваренги, Е. Т. Соколов салған құрылыстар Петербург архит. ансамблінен басты орын алды. 1775-1790 жылдар Москваның бас жоспары іске асырылды. 19 ғасырдың басында А. Н. Воронихин (Қазан соборы), А.Д.Захаров (Адмиралтействоның реконструкциясы), К. И. Росси (Петербург орталығындағы көптеген архит. ансамбльдер), А.А.Монферран, В. П. Стасов, Д. И. Жилярди, А. Г. Григорьев Петербург пен Москва сәулет өнері туындыларының өркендей түсуіне елеулі үлес қосты. 17-18 ғасырларда бейнелеу өнерінің портрет (А. М. Матвеев, И. Н. Никитин, Б. К. Растрелли), кескіндеме (Д. Г. Левицкий, А. П. Лосенко, В. Л. Боровиковский), мүсін (Ф. И. Шубин) жанры гүлдене түсті. Классицизм кезеңінде мүсін өнері жанданып, архит. құрылыстарда кеңінен қолданыс тапты. Осы кезеңнің белді суретшілері: И. П.Прокофьев, М. И. Козловский, И. П. Мартос, Ф. Ф. Щедрин, В. И. Демут-Малиновский, Б. И. Орловский. 19 ғасырдың 1-жартысында тарихи кескіндеме (А. И. Иванов, А. Е. Егоров), 1812 жылғы Отан соғысы кезінде саяси графика (А. О. Орловский, А. Г. Венецианов т. б.) өркен жайды. Романтизм дәстүрінің қалыптасуына суретшілер О. А. Кипренский, В. А. Тропинин, К. П. Брюллов, А. А. Иванов және Венецианов пен венецианов мектебі өкілдері творчествосы, пленэр әдісінің етек алуына М. И. Лебедев кескіндемелері мен Ивановтың пейзаждары елеулі ықпал жасады. 19 ғасырдың ортасындағы өнерден жанрлық кескіндеме басты орын алды (А. А. Агин, Е. Е. Бернардский, П. А. Федотов), 18 ғасыр мен 19 ғасырдың 1-жартысында сән өнері жалпы көркемдік стиль жүйесі және архитектурамен тығыз байланыста дамыды. 18 ғасырдың ортасынан көркем фарфор мен шыны өндіру, 18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырда суйек ұқсату, ағаш ұқсату, кесте өнері гүлдене түсті. 19 ғасырдың 1-жартысындағы революция қозғалыстар көркем мәдениетке өзінің терең ізін қалдырды. 19 ғасырдың 2-жартысындағы архитектураға жаңа құрылыс материалдары (металл конструкциялар) қолданыла бастады. Қала салу ісінде 20 ғасырдың басында жаңа идеялар (В. Н. Семёновтың саябақты қала түріндегі жобалары, И. А. Фоминнің Петербургтегі жаңа аудандар үшін жасаған жобасы т. б.) іске асырылды. 19-20 ғасырлада «модерн» (Ф. О. Шехтел, Ф. И. Лидваль) стилі, темір-бетонды құрылыстар (И. И. Рерберг) «модернмен» қабаттас ежелгі орыс сәулет өнері ырғақтарын қамтитын ағымдар (А. В. Щусев) және классицизм (Фомин) мен ренессанс (И.В. Жолтовский) өмірге келді. 19 ғасырдың 2-жартысында сән өнері саласында суретшілер В. А. Серов, М. А. Врубель, С. В. Малютин т. б. еңбек етті. Суретшілер артелі (1863) мен Көшпелі көркемсурет көрмесі серіктігінің (передвижниктер) құрылуы орыс бейнелеу өнері тарихындағы өлеулі өзгеріс болды. Осы тұстағы Г. Г. Мясоедов, В. М. Максимов, И. М. Прянишниковтың шаруалар өмірі тақырыбындағы еңбектері сәтті туындылар қатарынан орын алды. В. В. Стасовтың сыни еңбектері, И. Н. Крамскойдың портреттік образдары, В. Д. Поленов, В. М. Васнецов, В. И. Суриковтың тарихи жанрдағы картиналары, И. Е. Репиннің кең тынысты туындылары орыс бейнелеу өнері тарихындағы бірден бір қайталанбас жетістік болып табылады. Орыс табиғаты М. К. Клодт, Л. Л. Каменев, А. К. Саврасов, И. И. Шишкин, Ф. А. Васильев творчествосынан шынайы көрініс берді. 19 ғасырдың 2-жартысында қондырғылы мүсін (М. М. Антокольский т. б.), монументті пластика (А.М.Опекушин) дамыды. 1890 жылдардағы передвижниктер дәстүрінен кейін өнерде түрлі жаңа ағымдар пайда болды. С.А.Коровин, А.Е.Архиповтың лирикалық, Н.А.Касаткиннің пролетариаттар өмірі мен С. В. Ивановтың революция тақырыптағы, М. В. Нестеровтың діни мазмұндағы картиналары өнерге елеулі бетбұрыс алып келді. Осы кезеңде И. Э. Грабарь, К. А. Коровин, Н. К. Рерих, А. А. Рылов еңбек етті. Реалистік өнердің жаңа бағыттары В. А. Серов, М. А. Врубель еңбектерінен, тарихи пейзаждың лирикалық ерекше түрі А. Н. Бенуа, К. А. Сомов, Е. Е. Лансаре картиналарынан орын тепті. Гравюра (А. П. Остроумова-Лебедева), кітап графикасы (Бенуа, И. Я. Билибин), театр кескіндемесі (А. Я. Головин, Л. С. Бакст) қанат жайды. 1905-1907 жылдардағы революция кезеңінде журнал графикасы (В. А. Серов, Д. Н. Кардовский, Б. М. Кустодиев), революция тақырыптағы кескіндеме (Репин, Поленов, В.Е.Маковский, И. И. Бродский) кең етек алды. 1910 жылы кескіндемеде неоклассицизм, мүсін өнерінде импрессионизм (П.П.Трубецкой, Н. А. Андреев) ағымы, пластикалық шешім іздеу (А.Т.Матвеев), фольклорлық ырғақ (С.Т.Коненков) бой көрсетті. Шығыстың поэтикалық табиғат көріністері М. С. Сарьян, П. В. Кузнецов, символикалық композициялар К. С. Петров-Водкин, абстракті өнер белгілері К. С. Малевич, В. В. Кандинский творчествосынан негізгі орын алды. 1917 жылғы революция тұсындағы ілгерішіл орыс өнері 19 ғасырда Россия құрамына енген Кавказ бен Орта Азия халықтары көркем өміріне игі әсерін тигізді. Окт. революциясы халықпен тығыз байланысты өрі оның мақсат-мүддесінің жаршысы жэне идеологиялық, тәрбиелік ұйытқы күші болып табылатын өнердегі жаңа тарихи бағытқа жол ашты. Совет өкіметінің алғашқы жылдары-ақ Москва (Щусев т. б.), Петроград (Фомин т. б.) қалаларының жоспарын жүйелеу жұмыстары қолға алынды. Архитекторлар монументті насихаттың Лениндік жоспарын іске асыруға белсене ат салысты. Осы жылдары советтік алғашқы индустриялы және инженерлік құрылыстар (Москвадағы радио-мұнара, инженер В. Г. Шухов, Волхов ГЭС-і, арх. О. Р. Мунц) қолға алынды. Жұмысшылар клубтары (Ленинградтағы А. М. Горький атындағы мәдениет сарайы, арх. А. И. Гегелло, Д. Л. Кричевский), мектептер мен асханалар, 20 жылдары В. И. Ленин мавзолейі (арх. Щусев) бой көтерді әрі Қызыл алаң толыға түсті. 1-бесжылдық (1929-1932) тұсында жаңа өнеркәсіп құрылыстарын салуға орай ескі қалаларға (Новосибирск, Челябинск) реконструкция жүргізілді, жаңадан өнеркәсіп орталықтары (Магнитогорск, Новокузнецк т. б.) пайда болды. 20 жылдары және 30 жылдардың басында әр творчестволық топ архитектураның әлеуметтік табиғаты мен қала салу ісінің дамуына, мазмұны мен формасына түрліше көзқараста болды. Ағайынды Весниндер, И. А. және П. А. Голосовтардың құрылыстары, И. И. Леонидовтың жасаған жобасы советтік архитектура саласынан елеулі орын алды. Ордерлі классикалық архитектура принципін ұстаған ағым (Фомин, Жолтовский) да қабат өрбіді. Бірлесіп жұмыс істеген В. А. Щуко мен В. Г. Гельфрейх классикалық ырғақ (Москвадағы СССР-дің В. И. Ленин атындағы кітапханасы) пен «жаңа архитектура» формаға бой ұрды. 30 жылдардың ортасында өнеркәсіп құрылыстар (Горький, Волгоград) дами түсті; бейнелеу өнері мен архитектура тоғыстығына (Москвадағы метрополитен, каналдар мен көпірлер; арх. Щусев, Фомин, А. Н. Пушкин, А. В. Власов т. б.) аса көңіл бөлінді. СССР-дің жүздеген қалаларына бас жоспар жасалынды. 1932 жылы Бүкіл одақтық архитекторлардың басын қосқан СССР Архитекторлар одағы ұйымдастырылды. Ұлы Отан соғысы жылдары (1941-1945) архитектура мен құрылыс жұмыстары өнеркәсіп ұйымдарын шығыс аудандарға көшіру науқанына байланысты көптеген қауырт мәселелерді іске асырды. Фашист басқыншыларынан күйреген жүздеген совет қалаларын қалпына келтіру жұмыстары советтік қала салу тарихындағы ұмытылмас қаһармандық шежіреге айналды. Қалаларды қалпына келтіру жұмыстарымен бірге аббаттандыру ісі (Волгоград, Ленинград т. б.) қатар жүргізілді. Арх. Н. Ф. Баранов, А. И. Наумов, В. А. Каменский, Л. М. Поляков т. б. осы кезеңде елеулі еңбек етті. 40 жылдардың 2-жартысы мен 50 жылдардың 1-жартысындағы архитектура «тарихи стильдерге» еліктеуден босанып, эстетикалық мәні өзгерді. Микроаудандар мен күнделікті тұтыну мекемелерінің комплекстері көптеп салына бастады. 50 жылдардың ортасынан Москва, Ленинград, Ярославль, Свердловск, Горький, Волгоград, Куйбышев, Владивосток, Красноярск, Омбы, Новосибирск т. б. қалаларда зәулім тұрғын үйлер бой көтерді. 60 жылдары жаңа бас жоспарға сәйкес РСФСР-дің көптеген қалаларында, оның ішінде автономиялық республика, облыс, ұлт округтары астаналары (Якутск, Ижевск, Элиста, Нальчик) мен индустрия орталықтарында (Салауат, Октябрь т. б.) қалпына келтіру және жаңа құрылыс салу ісі жедел қолға алынды. 60-70 жылдары өнеркәсіп және суландыру құрылыстары (Братск ГЭС-і, арх. Г. М. Орлов т. б.), ауруханалар мен санаторийлер (Сочи аудандарында т. б.), қонақ үйлер, балалар мекемелері (Москвадағы Пионерлер мен мектеп оқушыларының сарайы, арх. И. А. Покровский т. б.), спорт құрылыстары (Москвадағы В. И. Ленин атындағы стадион комплексі, арх. Власов т. б.) дами түсті.

А. М. Каневскиж, Е. А. Кибрик, К. И. Рудаков, Д. А. Шмаринов, Кук- рыникстер 30 жылдары журнал және кітап көркемдеу ісіне белсене араласты. Ұлы Отан соғысы жылдары (1941-1945) РСФСР суретшілері творчествосына советтік патриотизм, фашизмге қарсы күреске үндеу басты желі болып табылды (В. С. Иванов, Кукрыникстер, М. Б. Гроков, А. Ф. Пахомов т. б.). Совет халқының қаһармандығы, соғыс жылдарындағы олардың көтерген қиындығы мен жеңісі кескіндемешілер С. Герасимов, Дейнека, А. А. Пластов, М. И. Авилов, Н. М. Ромадин, Г. С. Верейский творчествосына негізгі арқау болды. Мүсіншілер Е. В. Вучетич, Л. Е. Кербель соғыс қаһармандарының мүсін-ескерткіштерін жасады. 40 жылдардың 2-жартысы мен 50 жылдардың 1-жартысында кескіндеме (С. Герасимов, А. М. Грицай, Г. Г. Нисский, Б. Я. Ряузов) бейнелі шешімінің кең тыныстылыгымен ерекшеленді. 1960 жылы РСФСР Суретшілер одағының құрылуы өнердің дамулы кезеңімен сәйкес келеді. РСФСР-дің 60-70 жылдардың басындағы көркем мәдениетіне ұлттық мектептердің жедел дамуы, автономиялық республикаларда, мен облыстарда жаңа творчестволық коллективтердің пайда болуы, стильдер мен әдістердің көп қырлылығы тән. Тарихи кескіндемешілер М. Ш. Брусиловский, Е. Е. Моисеенко, ағайынды Ткачёвтардың, жанрлық кескіндеме саласынан В. Н. Гаврилов, В. Ф. Загонек, Ю. П. Кугач, П. П. Оссовский, И. А. Попов есімі белгілі болды. 60-70 жылдары пейзаж бен натюрморт (Л. И. Бродская, А. Ю. Никич, Б. В. Щербаков), портрет (М. И. Малютин т. б.), қондыргылы пластика (Ю. В. Александров, О. К. Комов, С. П. Санакоев т. б.), әстамп (В. А. Ветрогонский, Г. Ф. Захаров, А. А. Ушин т. б.), театр декорация эскизі (А. П. Васильев, Н. Н. Золотарёв, С. М. Юнович), кино көркемдеу ісі (М. А. Богданов, А. И. Пархоменко) өркендеді. Архитектурамен тікелей байланысты мозаика, әсемдік жазба, мүсін өнері, тамыры тереңнен басталатын сән және қосалқы өнері, өнердің жаңа бір түрі дизайн кең етек алды. Башкирия, Татария кескіндемесі, Карелия мүсіні, Тува мүсіншелері, Якутия графикасы бүкіл одаққа белгілі болды (РСФСР-дің автономиялық облыстары жөніндегі қатысты бөлімдерді қараңыз).

Музыкасы. Орыс музыкасының төркіні, шығыс славян тайпаларының музыка мұраларына саяды. Діни әдет-ғұрып пен салт-жораларға байланысты туған ән-әуендер негізінен пентатоникалық немесе диатоникалық ладқа құрылды. Бертін келе өз алдына жеке жанр болып, кең тынысты, еркін иірімді лирикалық халық әні пайда болды. Киев Русі кезеңінде қаһармандық әпос жанры дәуірлеп, бірнеше бөлімді былиналар туындады. Бұл дастандар белгілі бір әуенмен орындалды. Ежелгі орыс феодалдық мемлекетінің құрылуымен байланысты сарайлық және қоғамдық музыка өріс алды. Байырғы жазба ескерткіштері мен археологиялық қазбалардан табылған ежелгі мұралардан аспаптық музыканың ертеден келе жатқандығын аңғаруға болады. Көне музыка аспаптары: гусля, гудок, сопель, свирель, цевница, бубналар т. б. Әскери сапқа тұру немесе мемлекеттік салтанат шерулерінде кернейлер мон мүйіздер және накралар (литавра іспетті аспап) қолданылды. Зиялылар музыка мәдениетін уағыздаушылар негізінен скоморохтар болды. Олар шіркеу қудалауына қарамастан халық арасында кең танылды. Христиан дінін мемлекеттік дін ретінде қабылдаумен байланысты (10 ғасырдың соңы) Ежелгі Русь профессионалды музыка өнерінің бірден-бір түрі - шіркеулік ән етек алды. Шіркеулік әннің өзіндік ұлттық түрі 16 ғасырда қалыптасты. 17 ғасырда оның сан ғасырлық даму барысындағы теориялық негіздері бір жүйеге түсіріліп, крюк жазуы (осы кезеңдегі ноталық белгінің бірі - крюк атымен аталған) жетілдірілді. 17 ғасырда өмірге көзқарас пен идеологияның өзгеруіне орай жаңа музыка формалар (партестік ән, кант т. б.) туды. 18 ғасырда музыка дін шылауынан босанып қоғамдық және мәдени өмірден орын ала бастады. Опера театры пайда болып, осы ғасырдың соңында көпшілік концерттері көрсетіле бастады. Бұл жаңа формалар алғаш феодалдық ақсүйектер қызықтайтын ойын түрі болса, кейін жалпы көпшілік арасына кең тарады. 30 жылдары сарайлық итальян операсы ұйымдастырылды. 50 жылдары Москва мен Петербургте шетелдік опера антреприздері пайда болды. Россияда белгілі итальян композиторлары Б. Галуппи, Т. Траэтта, Дж. Паизиелло, Дж. Сарти, Д. Чимароза қызмет етті. 1780 жылы Москвада Петров театры ашылды. 1783 жылдан Петербургтегі музыка спектакльдер Тас (Үлкен) театр сахнасында көрсетілді. 18 ғасырдың 2-жартысында М. С. Березовский, Д. С. Бортнянский, В. А. Пашкевич т. б. бастаған орыстың композиторлық мектебі қалыптасты. Тұңғыш музыка жинақтары (В. Ф. Трутовский мен И. Прачтың жинақтары) жарық көрді. 18 ғасырда ән мен қара сөз араласып келетін опера түрі (М. М. Соколовскийдің «Диірменші - сиқыршы, алдамыш құда» т. б.) дүниеге келді. 19 ғасырдың бас кезінде белең алған романтикалық тенденцияға байланысты опера жанрында аңыз-ертегі мен халықтық-эпикалық, қаҺармандық тақырыпқа (С. И. Давыдовтың «Леста, Днепр су перісі», К. А. Кавостың «Илья батыры», «Иван Сусанины» т. б.) ден қою басым болды. Романтикалық операның Глинкаға дейінгі ірі өкілі А. Н. Верстовский баллада жанрына да елеулі еңбек етті. 30-40 жылдары М. И. Глинка творчествосы классикалық орыс музыкасының жаңа дәуіріне жол ашты. Оның творчествосы арқылы орыс музыка мектебі ұлттық европалық музыка мектептерінің алдыңғы санатынан орын алды. Осы тұста музыка бейнелеу құралының кілтін адамның шынайы сөйлеу тілінен іздеген А. С. Даргомыжский қанық бояулы, әлеуметтік шындыққа толы музыка образдар («Тас мейман» т. б.) жасады. 50-60 жылдары музыка өмірінің ауқымы кеңіп, профессионалды музыка білімін беру қолға алынды. Бұл салада 1859 жылы Петербургте А. Г. Рубинштейннің басшылығымен ұйымдастырылған Орыс музыка қоғамы елеулі еңбек етті. Петербург (1862), Москва (1866) консерваториялары шаңырақ көтерді. 1862 жылы Петербургте тегін оқытатын музыка мектебі ашылды. 60 жылдардағы революция-демократиялық идеялар «Қудіретті топ» композиторларының творчествосынан айқын көрініс тапты. Осы кезеңде музыка сыны (В. В. Стасов, А. Н. Серов т. б.) жоғары сатыға көтерілді. 19 ғасырдың 2-жартысында орыс музыкасы дүние жүзілік музыка өнерінің жарқын беттерінен орын алды. Реалистік терең мазмұн мен құнарлы тілге, бай бейнелеу тәсілдеріне толы тамаша туындылар осы кезеңде туды. Отан тарихы мен әдебиеті, ұлттық эпосы монументті операларға арқау болды. Симфониялық музыка мен романс жанры гүлденді. П. И. Чайковский, А. П. Бородин, Н. А. Римский-Корсаков, М. А. Балакирев, М. П. Мусоргский сынды ұлы композиторлар осы кезеңде өздерінің ең таңдаулы туындыларын жазды. 19-20 ғасырдың қарсаңында А. К. Глазунов, С. И. Танеев, А. К. Лядов творчествосы жаңа қырымен танылды. Оларға өкшелөс А. С. Аренский, Вас. С. Калинников, М. М. Ипполитов-Иванов, А. Т. Гречанинов, С. М. Ляпуновтың сәтті қадамы орыс музыка өнерін байыта түсті. 20 ғасырдың бас кезіндегі революция қозғалыстың өрбуі Римский-Корсаков, С. В. Рахманинов пен А. Н. Скрябин туындыларынан аңғарылып жатты. 20 ғасырдың екінші он жылдығы қарсаңында бертінгі романтикалық өнердегі эмоциянализм мен модернистік ағымдарға қарапайым дарқандық пен қуаттылықты, жігерлі ырғақты қарсы қойған И. Ф. Стравинский, С. С. Прокофьев шығармалары көпке танылды. 20 ғасырдың бас кезінде музыка орындаушылық өнері қанат жайды. 19 ғасырда О. А. Петров, Ф. И. Стравинскийлер негізін салған орыс ән айту мектебі Ф. И. Шаляпин, А. В. Нежданова, Л. В. Собинов, И. В. Ершов сынды әншілермен толысты.

Окт. революциясы жеңгеннен кейін орыс музыкалық өнерінің жаңа даму кезеңі басталды. Үкімет пен партия халықтың музыкалық мәдениетін өркендетуге қолайлы жағдай туғызып, оны коммунистік тәрбие беру құралына айналдырды. Осы алғашқы кезеңде советтік тақырыпқа қалам тартқан композиторлар - Глазунов, Ипполитов-Иванов, А.Д.Кастальский, Р.М.Глиэр, С.Н.Василенко, А.Ф.Гедике, М.Ф.Гнесин; орындаушылар мен педагогтар - К.Н.Игумнов, А.Б.Гольденвейзер, Л.В.Николаев; сыншылар мен музыкалық зерттеушілер - В.Г.Каратыгин, А.В.Оссовский, Б.В.Асафьев, Б.Л.Яворский, М.В.Иванов-Борецкий. Орыс музыкасы көп ұлтты СССР музыка мәдениетінің (СССР мақаласының Музыка бөлімін қараңыз) құрамды бөлігі болып табылады. Совет өкіметі тусында симфониялық музыка (орыс совет симфониялық музыкасының негізін салушы Н.Я.Мясковский), опера (И.И.Дзержинский, Т.Н.Хренников, Прокофьев, Ю.А.Шапорин, С.М.Слонимский, Р.К.Щедрин, Д.Б.Кабалевский т. б.), балет (Чайковский, Глазунов, Стравинский, Глиэр, Асафьев, Прокофьев, А.И. Хачатурян, А. П. Петров), хор және ән жанры (А. В. Александров, М. И. Блантер, А. А. Давиденко, И. О. Дунаевский, В. Г. Захаров, Э. С. Колмановский, Б. А. Мокроусов, В. И. Мурадели, А. Г. Новиков, А. И. Островский, А. Н. Пахмутова, В. П. Соловьёв-Седой, С. С. Туликов, О. Б. Фельцман, М. Г. Фрадкин, Я. А. Френкель, Т. Н. Хренников, А. Я. Эшпай т. б.) жоғары сатыға көтерілді. Белгілі музыка орындаушылар: дирижерлер - В. И. Сук, Н. С. Голованов, А. М. Пазовский, А.А. Дранишников, А. В. Гаук, А. Ш. Мелик-Пашаев, Е. А. Мравинский т. б.; пианистер - К. Н. Игумнов, А. Б. Гольденвейзер, Г. Г. Нейгауз. В. В Софроницкий, Э. Г. Гилельс, С. Т. Рихтер т. б.; скрипкашылар - М. Б. Полякин, Д. Ф. Ойстрах, Л. Б. Коган; виоленчелшілер - Д. Б. Шафран, М. Л. Ростропович т. б.; опера әншілері - В. В. Барсова, И. П. Максакова, Н. А. Обухова, И. К. Архипова, Г. П. Вишневская, И. С. Козловский, С. Я. Лемешев, С. И. Мигай, М. Д. Михайлов, Г. М. Нэлепп, В. Р. Петров т. б.

РСФСР-де (1975): 42 музыка театр, 24 симфониялық оркестр, 19 профессионалды хор коллективі жұмыс істейді. Музыка кадрларын даярлайтын 13 консерватория, 114 музыка училище, 6 орта арнайы музыка мектеп, 3 мыңға тарта балалар музыка мектебі бар. 1960 жылы РСФСР Композиторлар одағы құрылды.

Театры. Театр өнерінің элементтері еңбек процесімен және діни әдет-ғұрыппен байланысты пайда болды. Мыс., халықтың ойын-сауығында драмалық әрекет, диалог («Кендір», «Біз де тары еккенбіз...», «Игумен») бой көрсетті. Театр мәдениетінің алғашқы өкілдері скоморохтар болып табылады. Олар туралы деректер (Нестор жылнамасы) мен ойын-сауығын бейнелеген (Киевтің София соборы фрескаларындағы) суреттер 11 ғасырға саяды. 16 және 17 ғасырлардың алғашқы жартысы - скоморохтар өнерінің нағыз гүлденген кезі. Қуыршақ ойын-сауығы да өркен жайды; әсіресе 17-19 ғасырларда орыс халық театрының бас кейіпкері Петрушка қатысқан сауықтар кең етек алды. 16 ғасырда шіркеу театры бой көрсеткенімен, ол онша көп тарай қоймады. 1672 жылы Алексей Михайлович патшаның тұсында тұңғыш сарай театры құрылып, оның репертуарынан таурат сюжетіне жазылған пьесалар орын алды. Патша қайтыс болғаннан кейін бұл театр 1676 жылы жабылып қалды. Петр I-нің нұсқауымен 1702 жылы Москвада мемлекеттік театр қайта ашылып, Қызыл алаңда жүздеген адам сиятын «Күлкі ғимараты» («Комедиальная храмина») тұрғызылды. Мұнда Россияға арнайы шақыртылған И. X. Кунст труппасы ойын көрсетіп отырды. 17 ғасырдың 70-80 жылдары Москвадағы Славян-грек-латын академиясында мектеп театры ашылды. 18 ғасырдың 30-40 жылдары гастрольдік сапармен келген шетел труппалары орыс сарайларында өнер көрсетті. Осы жылдары әуелі әуесқойлар, одан кейін профессионалды театрлар өріс алды. 1752 жылы Ярославльден Петербургке Ф. Г. Волковтың әуесқойлар труппасы шақыртылып алынды. Император Елизавета 1756 жылы «Трагедия мен комедия сауығын көрсетуге арналған орыс театрын құру» туралы Сенатқа әмір берді. Осы театрдың негізі Волков труппасындағы И. А. Дмитревский, Я. Д. Шумский т. б. актерлерден құралды; ал репертуарына А. П. Сумароковтың трагедиялары енді. Орыс сахна өнерінде крепостнойлық монархияның зорлық-зомбылығын өткір сынға алған Д. И. Фонвизин мен В. В. Капнист комедияларының мән-маңызы зор болды.

1757 жылы Москва унивесритетінің қарамағынан Университет театры, ал 1780 жылы осының негізінде Петров театры және 1824 жылы Кіші театр ұйымдастырылды. 1766 жылы театр қызметін арнайы бақылап отыратын Императорлық театрлар дирекциясы құрылды. 18 ғасырдың аяғында крепостнойлық театрлар өрістеді. Петербургте 1832 жылы драмалық труппа спектакльдерін қою үшін Александрин театрының (қазіргі Ленинградтьң академиялық драма театрының) ғимараты салынды. 1812 жылғы Отан соғысы орыс қоғамының патриоттық зор өрлеу сезімін туғызды. Осымен орай сахнада В. А. Озеровтың трагедиялары қойылып, орыс халқының батыр тұлғасы мен намысшыл, әр мінезі өзінің айқын сыр-сипатын тапты. Сондай-ақ У. Шекспир мен Ф. Шиллердің де пьесалары қойыла бастады. Театр өнеріне декабристер романтизмінің (Н.И.Гнедич, П.А.Катенин т. б.) идеясы да елеулі ықпал жасады. 19 ғасырдың басында Я. Е. Шушерин, А. С. Яковлев пен Е. С. Семёнова сынды трагедиялық актерлер өздерінің нағыз, шынайы өнерімен көрермендерін баурап алды. Театр декабристер көтерілісін басып тастағаннан кейінгі реакция жылдары ерекше бақылауға алынды. Репертуар мәселесін қадағалау жұмысын құпия полиция жүргізді. Соның салдарынан театрларда көбіне Н.В.Кукольниктің, Н.А.Полевойдың, П.Г. Ободовскийдің монархиялық пьесалары, аударма водевильдер мен мелодрамалар қойылды. Өмірдің көкей тесті мәселелерін сөз ететін пьесаларды қоюға үндеген В. Г. Белинский мен Н. В. Гоголь драматургиясының таңдаулы туындылары (Грибоедовтың «Ақыл азабы», Пушкиннің «Борис Годуновы» т. б.) сахнада зор қиындықпен, соның өзінде бұрмаланған түрінде жарық көрді. 1836 жылы Кіші театрда Гогольдің «Ревизор» комедиясының қойылуы - орыстың қоғамдық-театр өміріндегі елеулі оқиғаға айналды. Осы кезеңде Кіші театр труппасындағы демократиялық бағыттың өкілдері П. С. Мочалов пен М. С. ІЦепкин үздік сахналық шеберлігімен ерекше көзге түсті. Александрин театрының актері А. Е. Мартынов Щепкиннің театрлық принциптерін тереңдете отырып ілгері дамытты. В. Н. Асенкова мен В. И. Живокини творчествосы демократия бағытта дамыса, трагик актёр В. А. Каратыгин өнері монументті-салтанаттылық сипат алды.

А.Н.Островский драматургиясымен байланысты 19 ғасырдың 2-жартысында орыс театры тарихының жаңа кезеңі басталды. Соның пьесалары негізінде қойылған спектакльдерде көптеген актерлер (Садовскийлер әулеті, Л. П. Косицкая т. б.) өз өнерін шыңдады. Трагедиялық актриса М. Н. Ермолова өнері орыс театрындағы азаттыққа ұмтылудың жарқын көрінісіне айналды. В. И. Андреев-Бурлак, К. А. Варламов, В. Н. Давыдов, М. Т. Иванов-Козельский, В. Ф. Комиссаржевская, А.П. Ленский, М. И. Писарев, Н. X. Рыбаков, М. Г. Савина, И. В. Самарин, А.В. Самойлов, Г. Н. Федотова, А. И. Южин т. б. актерлік өнердің ілгерішіл, озық дәстүрін одан әрі дамыта түсті. 19 ғасырдың аяғында К. С. Станиславский мен В. И. Немирович-Данченко екеуі ұйымдастырған Москваның Көркем академиялық театрының ашылуы орыс және дүние жүзі театры тарихында аса маңызды уақиға болды. 20 ғасырдың басында В. Э. Мейерхольд пен А. Я. Таиров режиссура бойынша әр түрлі бағытта экспериментті ізденістер жүргізді.

Окт. революциясынан кейін орыс театры нағыз халық театрына айналып, жан-жақты өркендеп дамуына толық мүмкіншілік алды. 20 жылдары театрларда Окт. революциясының оқиғаларына құрылған К. А. Треневтің «Любовь Яроваясы», В. Н. Билль-Белоцерковскийдің «Теңіз дауылы», В. В. Ивановтың «Бронепоезд 14-69» сияқты пьесалары қойыла бастады. 30-40 жылдары М. Горький, В. В. Маяковский, А. Н. Афиногенов, В. П. Катаев, Н. Ф. Погодин, В. В. Вишневский, Л. М. Леонов, К. М Симонов т. б. жазушылардың пьесалары қойылып, театрлар репертуарының тақырыптық диапазоны үнемі өсіп отырды. Осы жылдары М. И. Бабанова, И. М. Ильинский, В. И. Качалов, О. Н. Книппер-Чехова, Л. М. Леонидов, И. М. Москвин, А. А. Остужев, В. Н. Пашенная, В. И. Рыжова, М. М. Тарханов, Е. Д. Турчанинова, А. А. Яблочкина т. б. сахна шеберлері актерлік өнердің өсіп дамуына мол үлес қосты. Театр өнерінің ірі жетістігі В. И. Лениннің сахналық тұлғасын (актерлер Б. В. Щукин мен М. М. Штраух, 1937-1938) жасаумен тығыз байланысты. Ұлы Отан соғысы жылдары Симоновтың «Орыс адамдары», Леоновтың «Шапқыншылығы» мен А. Е. Корнейчуктың «Майданы» сияқты ерлік тақырыбындағы пьесалар қойылады. Соғыстан кейінгі жылдары совет адамдарының қаһармандық күрес жолы мен өмір-мұратын, ізгі ойларын бейнелейтін А. А. Фадеевтің «Жас гвардия» (инсценировка бойынша), Б. Ф. Чирсковтың «Жеңімпаздар» спектакльдері жарық көрді. Сонымен қатар театрлар репертуарлық қорын классикалық (Шекспирдің «Гамлеті», реж. Н. П. Охлопков; М. Ю. Лермонтовтың «Маскарады», реж. Ю. А. Завадский; Л. Н. Толстойдың «Қараңғылық патшалығы», реж. Б. И. Равенских; А. В. Сухово-Кобылинның «Ісі», реж. Н. П. Акимов т. б.) және қазіргі озат ойлы шетел драматургиясының туындыларымен (Б. Брехттің пьесалары) молайта түсті. РСФСР театр өнерінің өркендеп өсуіне аса елеулі үлес қосқан актерлер қатарында О. Н. Андровская, Б. А. Бабочкин, Е. Н. Гоголева, А. Н. Грибов, А. П. Кторов, В. П. Марецкая, Н. Д. Мордвинов, Д. Н. Орлов, Р. Я. Плятт, Н. К. Симонов, А. О. Степанова, А. К. Тарасова, Н. П. Хмелев, М. И. Царев, Н. К. Черкасов, Ю. М. Юрьев, М. М. Яншин, сондай-ақ X. Г. Абжалилов, А. К. Мубаряков, В. В. Тхапсаев, Г. Ц. Цыдынжапов т. б. болды. Коммунизм құрылысшысы һәм оның идеясы үшін күресуші замандастардың толыққанды сахналық тұлғасын жасау мәселесі театр өнерінің даму жолындағы басты бағыт болып табылады. 60-70 жылдары қазіргі замандастар бейнесін әр қырынан жан-жақты ашып көрсететін бірқатар спектакльдер (Арбузовтың «Иркутск хикаясы», Штеңннің «Мұхиты», Дворецкийдің «Сырт адамы», Бокаревтің «Болат қорытушылары, Гельманның «Партком отырысы» т.б.) театр репертуарынан берік орын алды. Москва театрлары және Ленинград театрларынан басқа Горький, Куйбышев, Қазан, Новосибирск, Омбы, Орынбор, Саратов, Свердловск т. б. қалаларда творчестволық тәжірибесі мен дәстүрі бар театр коллективтері жұмыс істейді. 1950-1975 жылдар жемісті қызмет еткен режиссёрлер О. Н. Ефремов, Ю. П. Любимов, В. Н. Плучек, Б. И. Равенских, Е. Р. Симонов, Г. А. Товстоногов, А. В. Эфрос; актерлер Ю. К. Борисова, К. Ю. Лавров, И. М. Смоктуновский, М. А. Ульянов т. б. творчествосы айшықты өнерімен, жаңашыл ізденістерімен ерекшеленеді. Театр мамандарын (актёрлер, режиссерлер, театр зерттеушілер) Мосқвадағы ГИТИС, Ленинградтың театр, музыка және кинематографиялық институты (бұл екеуімен бірге Өнер тарихы институтында ғылыми-зерттеу жұмысы да жүргізіледі), В. И. Немирович-Данченко атындағы мектеп-студия, М. С. Щепкин атындағы театр училищесі, Б. В. Щукин атындағы театр училищесі секілді жоғары оқу орындары т. б. даярлайды.

Қазақ көрермендері орыс театр өнерімен 18 ғасырдың 2-жартысынан бастап таныса бастады. Қазақстанды басқарып-билеудің сол уақыттағы әкімшілік орталықтары болған Омбы (1765), Орынбор (1869) және Россиямен шектес ірге тепкен Орал (1860 ж., Орал драма театры) қалаларында театрлар ұйымдасып, жергілікті тұрғындарға ойын-сауықтар көрсетті. Орал мен Орынбор театрында гастрольдік сапармен келген В. Н. Андреев-Бурлак, А. Л. Вишневский, В. Ф. Комиссаржевская; П. А. Федотова сынды сахна шеберлері өнер толғаған. Қазақстан қалаларында (Верный, Петропавл, Семей т. б.). жергілікті орыс сауыққойлары ұйымдастырған труппалар жұмыс істеді. Мол тәжірибесі мен дәстүрі бар орыс театрымен етене танысу, одан үлгі-өнеге алып үйрену шын мәнісінде совет дәуірінде басталды. Ұлттық өнер топырағынан нәр алып, тамыр тартқан қазақ сахна шеберлері өз әріптестері - орыс актерлерінің қалтқысыз зор көмегіне сүйене отырып Қазақ драма театрын ұйымдастырды. К. С. Станиславский, В. И. Немирович- Данченко, Е. Б. Вахтангов, А. Д. Дикий, В. Э. Мейерхольд, А. Я. Таиров, Р. Н. Симонов, Г. А. Товстоногов пен Ю. А. Завадскийдің режиссура саласындағы принциптерін басшылыққа ала отырып, түрі ұлттық, мазмұны социалистік жаңа сахна өнерін жасады. Қазақтың көптеген театр қайраткерлері Москва мен Ленинградтың оқу орындарында оқып, сахна өнері бойынша сабақ алды. РСФСР-дің көптеген театр труппалары Қазақстанда болып, көрермендерге мәдени қызмет көрсетті. РСФСР-де (1975) 292 драма, музыкалы драма, балалар мен жас өспірімдер театры және ВТО жұмыс істейді.

Киносы. Москва мен Петербург қалаларында кино алғаш рет 1896 жылы көрсетілді. 1908 жылы орыстың тұңғыш кинофирмалары құрылды. Орыс киносының пионерлері өздерінің кино шығармаларына халық әндерін, классикалық әдебиет гіен тарихи материалды арқау етті. 1911-1913 жылдар режиссер-оператор В. А. Старевич дүние жүзінде тұңғыш рет көлемді мультипликациялық фильм жасады. 1914 жылы орыс фильмдері өзінің көркем жетістіктері жағынан Батыс Европа елдері мен американың таңдаулы фильмдерінің қатарына қосылды. Сол жылдарда түсірілген «Дворян ұясы» (1915, реж. В. Р. Гардин), «Наташа Ростова» (1915, реж. Гардин, Я. А. Протазанов) «Қарғаның мәткесі» (1916), «Сергий Вердяев т. б.; Калугадағы К. Э. Циолковский атындағы космонавтика тарих музейі, 1967, арх. С. X. Галаджев т.б. кино және телеорталықтар, алдыңғы қатарлы замани идеяларды бойына сіңірген озық үлгідегі қоғамдық ғимараттар (Москвадағы Съездер сарайы арх. Посохин, Мндоянц т. б.) қалаларға жаңа тыныс алып келді.

Әдеб.: Қазақ совет энциклопедиясы. –Алматы, 1978. Бас редактор М.Қ.Қаратаев. -Т.6. –С.126-134.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-02-21 17:42:11     Қаралды-2752

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТЕЛЕДИДАР ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Қара және ақ түстің әртүрлі реңктерінен тұратын қозғалмалы бейне

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙДАН НЕ ЖАСАЛАДЫ?

...

Шикі мұнай іс жүзінде қолданылмайды. Ол тазартылады және өңделеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ ҚАЙДАН КЕЛДІ?

...

Бүгінгі таңда ғалымдардың көпшілігі мұнайдың биогендік шығу тегі деп есептейді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАРЫШТЫҚ ШАҢ ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛАДЫ?

...

Ғарыштық материяның барлық фрагменттері ғарыштық шаң деп аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »