UF

ЗАМБИЯ (Zambia), Замбия Республикасы (Republic of Zambia) - Орталық Африкадағы мемлекет. Британдық Ынтымағының құрамына 1964 жылына дейін кіреді. Солтүстігінде Заир және Танзаниямен, шығысында Малавимен, оңтүстік-шығысында Мозамбикпен, оңтүстік-батысында Ботсвана және Намибиямен, батысында Анголамен шектеседі. Жері 752,6 мың км2. Халңы 16,1 млн. (2017). Астанасы - Лусака қаласы. Әкімшілік жағынан 8 провинцияға (олар округтарға) бөлінеді.

Мемлекеттік құрылысы. Замбия - республика. Қазіргі конституциясы 1964 жылы күшіне енді. Мемлекеттік және үкімет басшысы - президент. Ол жаппай дауыс беру жолымен 5 жылға сайланады. Президент және парламент сайлаулары бір мезгілде өткізіледі. Әрбір парламент мүшелігіне кандидат президенттікке кандидаттардың қайсысын жақтайтынын алдын ала жариялауға міндетті. Егер президенттікке бір ғана кандидат ұсынылса, дауыс беру жүргізілмейді, сол кандидат президенттікке сайланған болып есептеледі. Президент вице-президентті, басқа да жоғары қызмет адамдарын тағайындайды. Парламентті шақырып және таратып жібере алады. Қарулы күштердің жоғарғы басқолбасшысы да сол. Жоғары заң шығарушы органы - бір палаталы парламент (Ұлттық жиналыс). Парламенттің өкілдік мерзімі 5 жыл. Президент жанында консультативтік орган - Көсемдер палатасы бар. 18 жасқа толған барлық азаматтарға сайлау правосы беріледі. Провинцияларды министрлер кабинеті, округтарды президент тағайындайтын губернаторлар басқарады. Сот жүйесі Апелляциялың сот, провинциялық және жергілікті соттардан құралады.

Табиғаты. Жері - белесті, таулы үстірт. Ең биік жері - Мумпу тауы (1893 м, солтүстік бөлігінде). Пайдалы қазындылары - мыс, мырыш, қорғасын, ванадий, кадмий, марганец, тас көмір. Климаты субэкваторлық; ең жылы айы – қазанның орта температурасы 23-27°С, салқын айы – шілдеде 15-20°С. Жылдың жауын-шашын мөлшері 600-1400 мм. Өзендері көп. Олардың ішіндегі ең ірісі - Замбези (басты салалары - Луангва, Кафуә). Замбези өзенінде Виктория, Гонье, Нгамбве су құламалары бар. Көлдері: Бангвеулу, Танганьика. Мверу т. б. Жері қызыл латерит және қызыл қоңыр топырақты. Территориясының жарымын құрғақ тропиктік «миомбо» орманы алып жатыр. Орман мен саваннада шөп қоректі жануарлардан африка пілі, буйвол, керік, зебр, антилопа; аңдардан арыстан, қабылан, шие бөрі т. б. кездеседі.

Халқы. Халқының 98%-і - банту тобына жататын бемба, тонга, чева, балунда, валуэна, банкойя т. б. халықтар. Жергілікті халықтың көпшілігі өз тілдерінде сөйлегенмен, мемлекеттік ресми тіл ағылшын тілі. Халықтың орташа тығыздығы 1 км2-ге 5,7 адамнан келеді. Кала халқы 1,1 млн. Ірі қалалары - Лусака (238 мың адам, 1969), Ливингстон, Луаншья, Кабве, Чингола.

Тарихы. Замбия жерінде адам баласы көне замандарда қоныстанған. 17-18 ғасырларда Замбия жерін коныстанушы банту тілі тобындағы тайпалардың (баротсе, бемба, ангони, тонга) алғашқы қауым құрылысының ыдырау процесі аяқталды. Бұл оларға басқа, анағұрлым ұсақ этникалық бірлестіктерге үстемдік етуге мүмкіндік берді. 18 ғасырдың аяқ шенінен Замбия жеріне европалықтар - португалдықтар, одан соң ағылшындар келе бастады. 19 ғасырдың 80 жылдарының аяң кезінен Замбияны «Британияның оңтүстік африка компаниясы» басқарды. 1911-1964 жылдар Замбия Солтүстік Родезия деп аталды. 1924 жылы ол Британия протектораты болып жарияланды.

Әсіресе 20 жылдарда елде мыс кенінің ашылуына байланысты, жақсы жерлер ішінара Европа отаршыларына берілді. Африкалықтар шұрайлы жерлерінен қуылды, кен орындарындағы жұмысшы күшіне айналды.

Солтүстік Родезиядағы отаршылдық тәртіпке ұйымдасқан түрде қарсылық көрсету жұмысшы табының қалыптасуына себепші болды. 1935-1940 жылдар мұнда жаппай ереуілдер болды. 2-дүние жүзілік соғыстан кейін Солтүстік Родезияда азаттың үшін күрес күшейе түсті. 1948 жылы мұнда тұңғыш саяси партия - Африканың ұлттық конгресі (АҰК) құрылды. 1946 жылы кенші африкандықтардың Солтүстік Родезия кәсіподағы құрылды. 60 жылдардың басында Солтүстік Родезияның федерациядан шығуы және тәуелсіздік алу жолындағы қозғалысы ерекше қанат жайды. Күресті Біріккен ұлттық тәуелсіздік партиясы (БҰТП) (1959 жылы құрылды) басқарды. 1964 жылы қаңтарда Солтүстік Родезия ішкі істерін өзі билеуге қолы жетті. 1964 жылы 24 қазанда тәуелсіз Замбия республикасы болып жарияланды. Тәуелсіз Замбия үкімет ішкі саясаттағы негізгі принципіміз «Замбияда жарасты демократиялық қоғам орнату», халықтың әл-ауқатын көтеру деп жариялады. Дегенмен Замбия экономикасындағы шетел капиталының ықпалы елдің прогрессивтік күштерінің дамуына қиындық туғызуда. 1968 жылдан бастап Замбия үкіметі елдің экономикасын нығайту, ел ішін жайлап алған шетел капиталының қызметіне тежеу салуға бағытталған шаралар жүргізіп келеді. Замбия сыртқы саясатта негізінен бейтараптық-позитивтік бағытты ұстайды. Замбия үкіметі араб жерінен Израиль әскерлерін тез алып кетуді жақтап, Вьетнамдағы американ агрессиясын айыптады. 1964 жылы қазанда Замбия мен СССР арасында дипломатиялық қатынас орнады. 1966 жылы Замбия СССР-мен мәдени, 1967 жылы экономикалық және техникалық ынтымақ жөнінде келісім жасады.

Саяси партиялары, кәсіподақтары және басқа қоғамдық ұйымдары. Біріккен ұлттың тәуелсіздік партиясы 1959 жылы құрылды, 1964 жылдан басқарушы партия. Мүше саны 1 млн-ға жуық. Өнеркәсіп және ауыл шаруашылық пролетариатының едәуір бөлігін біріктіреді. Африка ұлттық конгресі 1948 жылы құрылды, негізінен шаруалар қауымына және тайпа біліктілеріне сүйенеді. Замбия кәсіподақтарының конгресі 1965 жылы құрылды. Бүкіл Африкалық кәсіподаң федерациясына кіреді. Мүше саны 100 мыңға жуың (1969). Замбия ұлттық қызметі 1964 жылы құрылды. Замбия Студенттер ұлттың одағы ұйымы.

Экономикасы. Замбия - шаруашылығы бір жақты дамыған, мешеу ел. Экономикасының барлық салалары тау-кен өндірісімен (оның ішінде мыс өндірумен) байланысты. Шетел капиталынан экономикалық тәуелсіздік алу үшін бірталай шаралар жүзеге асырылды. Соның нәтижесінде мыс өндіру компаниялары акциясының 51%-і Замбия мемлекетінің қарамағына көшті.

Өнеркәсібі. Өнеркәсібінің басты саласы - мыс өндіру, мыстың табиғи қоры жөнінен капиталистік елдер арасында 1-орын алады. Китве-Нкана, Нчанга, Муфулира, Рон-Антелоп, Чибулума, Чилилабомбве рудниктерінде өндірілетін мыс рудасы Луаншья, Китве-Нкана, Муфулира, Чингола, Ндола қалаларындағы з-дтарда бастапқы өңдеуден өтеді. Тас көмір (Кандабве, Сианкандаба), полиметалл рудалары мен кадмий (Кабве), ванадий және марганец рудасы (Кабве, Манса), уранды минералдар (мысты белдеуде) т. б. кен байлығы өндіріледі. Тау-кен өнеркәсібі өнімдерінің 1970 жылғы мөлшері (мың т): мыс (тазартылмағаны) 103, таза мыс 580, мырыш (тазасы) 53,5, қорғасын (тазасы) 27,2, кобальт 2,1, тас көмір 623. Басты электр станциясы - Кариба-1 СЭС-і (Оңтүстік Родезиямен бірігіп пайдаланылады). Совет Одағының көмегімен салынған 4 жылу электр станциясы жұмыс істейді. Кариба-ІІ СЭС-і салынып жатыр (1972). 1968 жылы өңдеу өнеркәсібінің өнімі 1963 жылмен салыстырғанда 2 есе артты. Химия (Ливингстон, Китве), автомашина құрастыру з-дтары (Лусака), мата тоқу комбинаты (Кафуэ) жұмыс істейді. Тақтай тілетін, ұн тартатын, машина жөндейтін шағын кәсіпорындары бар.

Ауыл шаруашылығы. Замбия тәуелсіздік алған күннен бастап, үкімет деревняларда отарлың режимді жоюға әрекет жасады. 1970 жылы ұлттык аграрлық реформа жүргізіп, бос жатқан жерлерді жері жоң шаруаларға бөліп берді. Ауыл шаруашылық жері 75, 26 млн. га, оның ішінде егістігі 4,8 млн. га, жайылым 33,8 млн. га, орман 34 млн. га. Басты дақылдары: жүгері, сорго, темекі, арахис, мақта, қант қамысы. 1970 жылы жаналған ауыл шаруашылық өнімі (мың т): жүгері 550, темекі 5, мақта 2, арахис 100. Це-це шыбынының зияны салдарынан мал шаруашылығы өркендемеген, 1969 жылы елде 1,4 млн. мүйізді ірі қара болды. Балық аулау кәсібі жақсы дамыған, жылына 40 мың т-дай балық ауланады.

Транспорты. Жалғыз табанды Ливингстон - Ндола темір жолы (1045 км) бар. Автомобиль жолының ұзындығы 34,7 мың. км (1969), оның ішінде тас жолы 1,5 мың км. Лусака, Ндола, Ливингстов қалаларында халықаралық аэропорттар бар. Ндола - Дар-әс-Салам (Танзания) мұнай құбыры жұмыс істейді.

Сыртқы саудасы, 1970 жылғы экспорты 714,7 млн. квача, импорты 358,5 млн. квача болды. Шетке мыс (экспортының 95%-і), полиметалдар (2,8%), темекі және жүгері шығарылады, басқа елдерден киім, азық-түлік, өндіріс құрал-жабдықтары, жанар май, химикаттар әкелінеді. Сыртқы саудадағы басты серіктестері - Ұлыбритания, Жапония, АҚШ, ГФР. Ақшасы - квача.

Денсаулық сақтау ісі. 1963 жылы әрбір 1000 адамға шаққанда, баланың тууы 51,4, адамның өлімі 19,6, тірі туған әрбір 1000 баладан өлгені 259 болды (бұдан кейінгі жылдағы мәлімет жарияланбаған). 1965-1970 жылдар адам өмірінің орташа ұзақтығы 43,5 жас. Бұл елде туберкулез, шешек, алапес, оба сияқты жұқпалы аурулар және әр түрлі ішек аурулары көбірек - аралған. 1967 жылы 11,7 мың төсектік адамға 3 төсек) 8 аурухана болды (мұның біреуі жұқпалы ауруларға, біреуі балаларға арналған аурухана). 1967 жылы 245 дәрігер (16 мың адамға 1 дәрігер), 17 тіс дәрігері, 76 фармацевт, 500 медсестралар мен акушерлер жұмыс істеді. Дәрігерлерді университеттің медицина факультеті дайындайды, Китве қаласында медсестралар мектебі бар.

Оқу-ағарту ісі. Отарлық режим кезінде Замбияның білім беру жүйесі нәсілдік сегрегацияға негізделді. 1963 жылы 7 жастан жоғары жергілікті халқынын 58%-і сауатсыз болды. Замбияның тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін жаппай бастауыш білім беру міндеті қойылды, европалықтар мен африкандыктардың балаларын бөліп оқыту тоқтатылды. Католиктік оқу орындары 1966 жылдан Оқу министрлігінің бақылауында. Бастауыш мектепке 6-8 жастан қабылданады, оқу мерзімі 7 жыл. 1-4 кластарда оқу ана тілінде, одан кейін ағылшын тілінде журеді. 1969 оқу жылында бастауыш мектептерде 621,5 мың оқушы оқыды. Орта мектептерде оқу мерзімі 5 жыл. 1969 жылы орта мектептерде 48 мың оқушы оқыды. Кәсіптік дайындық бастауыш және орта мектеп негізінде жүреді. 1968 жылы кәсіптік дайындық жүйесінде 2 мыңнан астам оқушы болды. Ірі арнаулы орта оқу орындары - Лусака мен Ндоладағы техникалық колледждер. Замбияның алғашқы жоғары оқу орны - 1965 жылы ашылған Лусактағы университет. 1970 жыл университетте 1184 студент оқыды.

Лусакада (кітап қоры 35 мың дана), Ндолада (29 мың дана) көпшілік кітапханалары, Ливингстон қаласында Замбияның Ұлттық музейі бар.

Әдеб.: История Африки в XIX - начале XX в. М., 1967; Новейшая история Африки. 2 изд. М., 1968; Демкина Л. А. Крах Федерации Родезии и Ньясаленда. М., 1965.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-01-31 18:02:22     Қаралды-2568

20 ҒАСЫРДЫҢ НЕГІЗГІ ӨНЕРТАБЫСТАРЫ

...

20 ғасырдың негізгі өнертабыстары, оларсыз қазіргі адам өмір сүре алмайды

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САМАУЫРДЫҢ ІШІНЕ ҚАҚ ТҰРСА

...

Cамауырдың ішіне қақ тұрса

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШАШ КҮТІМІ

...

Адамның шашы бірде түсіп, бірде шығып дегендей, ұдайы алмасып отырады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ӘЛЕМ ТУРАЛЫ СІЗ БІЛМЕГЕН 15 КЕРЕМЕТ ФАКТ

...

Біздің әлем - шексіз жұмбақ. Күн сайын сіз ол туралы көптеген жаңа нәрселерді біле аласыз!

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТАРКТИДА ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Мұз құрлығының ресми ашылған күні 1820 жылдың 28 қаңтары болып есептеледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЫЛҚЫ АТЫМЕН АТАЛАҒАН SNICKERS ШОКОЛАД БАТОНЧИК

...

Snickers - жастар арасында ең танымал батончик

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕР ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Бұл мақалада біздің жер туралы қызықты деректер талқыланады

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЯҚ КИІМГЕ ДЕ КҮТІМ КЕРЕК

...

Әдетте, адамның екі аяғы бірдей бола бермейді. Көбіне оң аяқ сол аяқтан гөрі үлкенірек келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮДЕРІ БҰЙЫМДАРДЫ ТАЗАЛАУ

...

Күдерден тігілген бұйымдарды қалай тазалауға болатын тәсіл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »