UF

ГВИНЕЯ Бисау [Guiné-Bissau], Африкадағы ел, Португалияның отары. Сенегалмен, Гвинея Республикасымен шектеседі. Жері 36,1 мың км2. Халқы 1,6 млн. (2010). Елді Португалия үкіметі тағайындаған губернатор билейді; оның жанында кеңесші органы - Үкіметтік совет бар. Португалияның Ұлттар жиналысына Гвинеядан 1 депутат қатысады. Орталығы - Бисау қаласы. Әкімшілік жағынан 3 округқа, 9 ауданға бөлінеді.

Табиғаты. Жері жазық, батпақты келеді. Климаты - экваторлық-муссондық, жазы жаңбырлы; қаңтардың орташа температурасы 24°С; шілдеде 26°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері теңіз жағалауында 2000 мм, құрлықта 1200-1500 мм. Басты өзендері: Корубал, Жеба, Кашеу. Мәңгі жасыл тропиктік орман мен саванна аралас өседі. Маймыл, буйвол, қабылан, жабайы шошқа т. б. аңдар кездеседі.

Халқының 80%-і батыс банту тілінде сөйлейді, олар - балантелер, манджактар, пепельдер, фульбелер т.б. Европалықтар (негізінен португалдар) 2,5 мың. Ресми тілі - португал тілі. Халқының 40%-і мұсылман. Орта тығыздығы 1 км2-ге 15 адамнан. Қалалары (Бисау, 27 мың; Болама, 15 мың, 1965 өте шағын келеді.

Тарихи анықтамасы. Гвинея жағалауына алғашқы португал отаршылдары 15 ғасырда келді; олар елді құл саудасының орталығына айналдыруды көздеп, бекіністер (Фарин, Кашеу, Бисау) салды. Кейіннен мыңдаған жергілікті тұрғындар Америкаға және Вест-Индияға құлдыққа сатылды. Португалияның билігі толық орнаған (20 ғасырдың 30 жылдары) Гвинеяны 1879 жылға дейін Португалияның Жасыл Мүйіс аралдары отарының губернаторы билеп келді, ал 1879 жылдан бері ол - бөлек отар. Елдегі ұлт-азаттық қозғалыстың авангарды - Гвинея және Жасыл Мүйіс аралдарының Африкалық тәуелсіздік партиясы (ПАИГК) 1956 жылы құрылды; оның басқаруымен Гвинея халқы өзінің ұлт-азаттық күресін жүргізуде. 1971 жылы елдің жартысы отаршылдардан тазартылды.

Экономикасы. Африкадағы мешеу дамыған елдердің бірі. Басты табиғи байлығы - орман және егістік жер - Португалия монополиялары мен жер иеленушілерінің қолында. Шетел (АҚШ, ГФР, Португалия) компанияларының күшімен Гвинея жер қойнауынан мұнай, боксит іздестірілуде. Жерінің 10%-ке жуығы егістік; оған арахис (90 мың га), күріш (70 мың га), мақта, какао, қант қамысы егіледі, пальма және каучук ағашы отырғызылады.

1968 жылы жиналған ауыл шаруашылық өнімі (мың т): арахис 65, пальма дәні 8, одан алынған май 8, күріш 130     (1964).

1967-1968 жылғы мал саны (мың) - ірі қара 245, шошқа 107, ешкі 172, қой 62.

Теңіз жағалауының тұрғындары балық аулауды кәсіп етеді. Арахис, күріш, каучук, қант қамысын тазалайтын шағын кәсіпорындар, сабын қайнататын, тақтай тілетін (9 завод), целлюлоз, кірпіш шығаратын з-дтар, өсімдіктен май алатын фабрика жұмыс істейді. Өнеркәсіп орталықтары - Бисау, Болама қалалары. 1968 жылы Гвинеяда 7,7 млн. квт-сағ электр энергиясы өндірілді. Жылына 320 мың м3 бағалы ағаш өндіріледі. Темір жол жоқ. Автомобиль жолы 3,5 мың км, кеме жүзетін өзендерінің жалпы ұзындығы 0,8 мың км. Теңіз порттары - Бисау, Болама, Кашеу. Бисауда халықаралық аэропорт бар. Басқа елдерге пальманың майы мен дәнін, каучук, ағаш, тақтай шығарады, өзі цемент, мата, мұнай өнімдерін, азық-түлік, темекі сатып алады. Сыртқы саудасын Португалия билейді. Ақшасы - Гвинея эскудосы.

Мектептерінде негізінен европалықтар мен будандардың балалары оқиды. Оқу португал тілінде жүргізіледі. Бастауыш мектебі 4 жылдық, орта мектебі 7 жылдық. Арнаулы орта және жоғары оқу орындары жоқ. Бисауда Гвинеяның музейі және оның жанында шағын кітапхана бар.

Әдеб.: Қазақ совет энциклопедиясы. -Алматы, 1978. Бас редактор М.Қ.Қаратаев. -Т.1. -С.245-246.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-01-31 17:31:34     Қаралды-1121

ГАЛАКТИКА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Ежелгі гректер бұл жұлдыздар шоғырын Галактика деп атаған, ол Құс жолы дегенді білдіреді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАЛАМ ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

20 ғасырдың бірінші ширегіне дейін Әлемнің өзгермейтін, тұрақты және мәңгілік нәрсе ретіндегі идеясы болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰХИТ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

...

Дүниежүзілік мұхиттар – гидросфераның негізгі бөлігі

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ҚУАТЫН КІМ АШТЫ?

...

Бенджамин Франклин есімді адам бірінші болып электр тоғының не екенін толық түсіндіруге тырысты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ВЕЛОСИПЕДТІ АЛҒАШ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Бұл скутер педальсыз велосипедке көбірек ұқсады...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОФЕНІ ҚАШАН ЖӘНЕ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Кофені кім және қашан ойлап тапқанын нақты айту мүмкін емес - бәрі аңыздан басталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ АЛҒАШҚЫ СМАРТФОН

...

Сенсорлық экраны бар ең алғашқы смартфон IBM Simon болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СІЗ АУАНЫ КӨРЕ АЛАСЫЗ БА?

...

Ауаның мөлдір, түссіз, иіссіз екенін бәрі біледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕҢ БИІК ТАУ ҚАЙ ЖЕРДЕ?

...

Планетамыздағы ең биік тау құрлықта емес, Тынық мұхитының түбінде тұр

ТОЛЫҒЫРАҚ »