UF

ЧЕХИЯ - Жері 78,9 мың км2. Халқы 10,6 млн. (1976), оның 94%-і чехтар, қалғандары словактар, немістер, поляктар. Астанасы - Прага қаласы. Әкімшілік жағынан 8 облысқа бөлінеді.

Табиғаты. Чехия территориясының көпшілік бөлігін таулы Чех массиві алып жатыр. Пайдалы қазындылары - көмір, магнезит, полиметалл, темір рудалары. Климаты қоңыржай, ауыспалы (теңіздік климаттан континенттікке дейін). Ірі өзендері: Лаба (Эльба), Влтава, Морава. Жері күлгін қоңыр  ормандық, қара алювий шалғындық топырақты келеді.

Тарихы. Чехия жерін адам бапасы ертедегі палеолит дәуірінде-ақ қоныстанған. Б.з.б. 3-2-мың жылдықтың басында Чехия жеріне мал шаруашылығымен айналысатын тайпалар келді. Аса бай қорғасын кен орындарының болуы қола құюдың тез дамуына жағдай жасады. Чехияда 400-жылдар шамасында пайда болған кельттер өндірістік қатынастардың дамуына ерекше үлес қосты. Чехия жерінде кельттердің қолөнер, сауда орталықтары туды. Біздің заманымыздың басында герман тайпалары үстемдік алды. Маркомандар көсемі Маробад Чехияның оңтүстігін өз мемлекетінің орталығына айналдырды. 5 ғасырдың алғашқы жартысының соңында герман тайпаларын тундар ығыстырды, 6 ғасырдың 1-жартысында Чехия территориясын уақытша лангобардтар қоныстанды. Дегенмен 5-6 ғасырларда славян тайпалары үстем болды.

Чехия жері 7 ғасырда Само мемлекетінің құрамына кірді. 9 ғасырда Ұлы Морав державасының құрамында болған Чехияда ертедегі феодалдық қоғам қалыптасты. Христиан дінінің тарауы феодалдық қатынастарды дамытуға көмектесті. Ұлы Моравия құлағаннан кейін басқа князьдықтарды өзіне қаратқан Пржемысловичтер тұқымы ертедегі феодалдық чех мемлекетінің тірегі болды. 973 жылы Прага епископиясы құрылды. 11-12 ғасырларда феодалдық вотчиналар мен феодалдар табының негізгі топтары (шіркеу феодалдары, пандар, әміршілер) қалыптасты. Шіркеу иеліктері өсті. Шаруалар бірте-бірте феодалдық тәуелділікке ұшырады.

Пржемысловичтер әулетінің билігі біткеннен кейін (1306) Чехия 1310 жылы Люксембургтер иелігіне қосылды. Карл 1 тұсында (Карл IV деген атпен «Қасиетті Рим империясының» императоры болған) Прага империя астанасына айналды. Карл ІV-нің Алтын булласы (1356) чех корольдарына корфюрстер правосын бекітті. Карл I тұсында елді орталықтандыру процесі одан әрі жүргізілді. Ол Чехияда қалалар мен сауданы дамыту, феодалдық мемлекеттік правоны нығайту саясатын ұстады. Оның тұсында Прага архиепископтығы құрылып (1344), Прага (Карл) университетінің негізі қаланды (1348).

14 ғасырдың аяғы - 15 ғасырдың басында шаруалар мен қала тұрғындарының феодалдық қанау мен патрициат езгісіне қарсы күресі күшейді. Әлеуметтік қайшылықтар ұлттың қайшылықтарға ұласты, билеуші таптың жекелеген топтары, феодалдар мен король қалалары арасында өкімет билігі үшін тартыс өрістеді. Антифеодалдық және ұлт-азаттық қозғалысының дамуында Я. Густың ролі зор болды. Гусшілдердің революциялық қозғалысы жалпы  европалық маңыз алды.

15 ғасырдың аяғы - 16 ғасырдың басында елеулі экономикалық өзгерістер болды. Товарлы өндіріс дамыды: шетелдерге сатылатын қой өсірілді, дәнді даңылдар егілді, балық шаруашылығы өрістеді, Чехия сыра, шарап ашытылды. Яхимовта күміс өндіріліп, шаңа соғылды. Феодалдар оброк пен барщинаны көбейтіп, шаруаларды жерге тұрақтандыруға тырысты. Шаруалар бұған қарсы көтеріліс жасады. Біріккен венгр-чех әскерлері Мохач шайқасында жеңілгеннен кейін билікті қолға алған Габсбургтер әулеті (1918 жылға дейін) чех халқының тарихында ауыр із қалдырды. Алым-салық көбейіп, чех сословиесінің правосы шектелді, әкімшілік аппаратта, қалаларда, саудада иелік езгісі күшейді. Чех халқы габсбургтер езгісіне қарсы бірнеше рет бас көтерді. 18 ғасырдың аяғы - 19 ғасырдың алғашқы жартысында Чехия ауыл шаруашылық мен өнеркәсібінде өндірістік қатынастар одан әрі дамып, феодалдық құрылыстың ыдырауын тездетті, капиталистік кәсіпқорлыққа жол ашты. 19 ғасырдың басында Лаба, Влтава, Дунай кеме қатынасы ашылды, 1832 жылы вагондарды атпен тартатын алғашқы темір жол құрылысы іске қосылды (Ческе-Будеевице-Липц), 40 жылдардан бастап бумен жүретін локомотивтер жасалды (Прага - Оломуц). Ішкі рынок қалыптасты. Жаңа қоғамдық таптар: өнеркәсіп буржуазиясы мен өнеркәсіп пролетариаты пайда болды. Феодализмнен капитализмге өту чех ұлттық қозғалысын дамыта түсті. Ұлттық езгі, мәдениеттің құлдырауы жағдайында чех ұлты қалыптаса бастады. Чех мәдениеті жан-жақты дамыған кезең (18 ғасырдың аяғы - 19 ғасырдың 1-жартысы) «Чех қайта өркендеу дәуірі» деп аталды.

19 ғасырдың 30-40 жылдарында чех ұлттық қозғалысы саяси сипат алды. Студент жастар мен интеллигенцияның озық өкілдерін біріктіретін құпия коғамдар мен үйірмелер құрылды. Радькалдық-демократиялық қозғалыс туды. 40 жылдардың 2-жартысында бүкіл Чехияны революциялық қозғалыс қамтыды. Қанаудың феодалдық формаларын жою капитализмнің еркін дамуына жол ашты. Чехияда капитализм пруссиялық жолмен дамыды. Тоқыма өнеркәсібін ығыстырып, ауыр индустрия 1-орынға шықты. 50-60 жылдары ірі-ірі машина жасау з-дтары салынды. 1868 жылы темір жолдың ұзындығы 1100 км-ге жетті. Акционерлік компаниялар көбейді. Жұмысшылардың ағарту және өзара көмек қоғамдары, ұйымдасты. 1860 жылы чех Ұлттық партиясы құрылды. 60 жылдардың ақырында Люберц, Прага т. б. қалаларда жұмысшылардың алғашқы саяси қоғамдары қалыптасты. 1874 жылы чех социал-демократтары Австрия с.-д. жұмысшы партиясына кірді. 1897 жылы Ұлттық социалистер партиясы құрылды.

Империализмге өтуге байланысты Чехияның саяси өмірінде Аграрлық партияның ролі артты. Басшы буржуазиялық партиялар бұл кезеңде Габсбургтер монархиясын толық қолдады. Чехословак с.-д. жұмысшы партиясы да Габсбургтерді қуаттады. 1-дүние жүзілік соғыс басталысымен Чехияда соғысқа қарсы қозғалыс қанат жайды. Бірақ чех буржуазиясы бұл қозғалысқа басшылық жасай алмады. Чехиядағы революция қозғалыс Россиядағы Ұлы социалистік революциясының ықпалымен күшейе түсті. 1918 жылы қыркүйекте бұқара халықтың қысымымен с.-д. және ұлттық социалистер өкілдерінен Социалистік совет құрылды. 1918 жылы 28 қазанында Прагада Ұлттық комитет тәуелсіз Чехословак мемлекетінің құрылғандығын жариялады. 14 қазанында Прагада ұлттық жиналыс Чехословакияны республика деп жариялады. Чехословакияда өкімет билігін ірі чех буржуазиясы басып алды. Елде таптық күрес шиеленісе түсті. Чех пролетариатының күресіне Чехословак с.-д. жұмысшы партиясының с.-д. солшыл топтары (марксистік топ деп аталған), кейін Чехословакия Коммунистік партиясы (ЧКП, 1921 жылы құрылған) басшылық етті. Фашистік диктатура орнағаннан кейін елде жаппай террор басталды. Гитлершілдер 6000-ға тарта коммунисті тұтқындады. 1942 жылы 10 маусымда Лидице, Лежаки с-лары жермен-жексен етілді. ЧКП мен кәсіпшілер одағының революция қозғалысы 1945 жылы көктемде Чех ұлттық советін құрды, оған Қарсыласу қозғалысының барлық негізгі топтары енді. Совет Армиясы 9 майда Праганы азат етті.

Ел неміс-фашист басқыншыларынан азат етілгеннен кейін, чех және словак жерлері біріктіріліп, халықтық демократиялық құрылыс орнатылды. Бұл 1948 жылы 9 майда қабылданған Конституциямен заңдандырылды. Ел социалистік құрылысқа кірісті. 1968 жылғы оқиғалар кезінде контррев. күштер Чехословакия еңбекшілерін социалистік жолдан бұрып әкетпек болды, жаңа құрылыс жетістіктерін жоюға тырысты, чех және словак халықтарының туысқандық бірлігін көре алмады. Бірақ Чехословакиямен одақтас социалистік елдер көмегінің арқасында олардың бұл арамза пиғылы жүзеге аспай қалды. 1969 жылы 1 қаңтарда ЧССР-дің федерациялық мемлекеттік праволық құрылысы туралы Заңға сәйкес чех жерлері ЧССР құрамындағы (Чехия және Моравия) Чех Социалистік Республикасы (ЧСР) статусын алды. Чех ұлттық одағы (пред. Ә. Эрбан) мен ЧСР үкіметі (пред. И. Корчак) құрылды. ЧСР - қазір ұлттық мәдениеті өркендеген, экономикасы жан-жақты дамыған ел.

Экономикасы. Чехия - жоғары дәрежеде дамыған индустриялы-аграрлық республика. Елдегі ұлттық табыстың 73,1%, өнеркәсіп өнімінің 76,0%-і, ауыл шаруашылық өнімінің 67,1%-і осы республиканың үлесіне тиеді. Энергетикасы ЖЭС және Влтава, Лаба, Морава өзенндеріндегі СЭС-терге негізделген. 1971 жылы 36,8 млрд. квт-сат электр энергиясы өндірілді. Өнеркәсібінің басты салалары - машина жасау (станок, автомобиль, локомотив, трактор, ауыл шаруашылық машиналары, подшипниктер, тау-кен жабдықтарын жасау, электр техника өндірістері). Негізгі орталықтары - Прага, Брно, Острава, Млада-Болеслав, Пльзень. Қара металлургия Острава-Карвина (Острава, Тршинең) және Орталық Чехияда (Кладна, Пльзень) шоғырланған. 1970 жылы 5,8 млн. т шойын (Чехословакиядағы барлық қорытылған шойынның 77%-і) және 9,0 млн. т болат (елде қорытылған болаттьщ 78,2%) қорытылады. Химия (минерал тыңайтқыштары, химиялық талшық, пластмасса, синтездік каучук), жеңіл (мата тоқу, аяқ киім), тамақ (қант, сыра және ет-сүт) өнеркәсіп орындары бар. Чехия Чехословакияның негізгі астықты өңірі. Елдегі бидайдың 66,4%-ін және қара бидайдың 87,2%-ін береді. Техникалық дақылдардан қант қызылшасы, зығыр өсіріледі. 1971 жылғы мал басы (мың): мүйізді ірі қара 2958 (оның ішінде сиыр 1303), қой 283, шошқа 3423, құс 25991 бас. Экономикасында темір жол және автомобиль транспорттарының маңызы күшті. Влтава, Лаба өзендерінде кеме жүзеді.

Архитектурасы мен бейнелеу өнері. Чехия сәулет өнері алғаш Моравия князьдығы құрылған кезде (9-10 ғасырлардың бас кезі) қанат жайып, христиан ғибадатханалары салына бастады. 10 ғасырдың бас кезінде Прага архитектурасы өркендеді. 10-12 ғасырларда роман стиліндегі тұрғын үйлер мен шіркеулер ірге көтерді. 13 ғасырда қала құрылысынан готика белең алып, тас үйлер мен ратушалар (14 ғасыр, Прагадағы Ескі қалада), мұнаралы ғибадатханалар (Прага мен Кутна-Горада т. б.) тұрғызылды. Алғашқы гуманистік ағымдар мен 14-15 ғасырдағы қоғамдық көзқарастағы күрделі өзгерістер 14 ғасырдағы готикалық сәулет өнеріне ұтқырлық пен өміршеңдік белгілерінің енуіне (Прагадағы құрылыстар, әулие Вита соборындағы П. Парлердің жұмыстары, Прага маңындағы Карлштейн қамалы) ықпалын тигізіп, 15-дағы зиялылар сәулет өнерінің жедел дамуына (Табордағы құрылыстар) жағдай жасады. Осы идея ықпалымен бертінгі готикалық сәулет өнері (Б. Рейт) дүниеге келді. 16-17 ғасырлардың бас кезінде ренессанс үлгісіндегі ғимараттар (Прагадағы Корольдың жазғы сарайы т.б.) бой көтерді. Отыз жылға созылған соғыстан кейін қала ансамбльдерімен органикалық үйлесім тапқан барокко үлгісіндегі ғимараттар (арх. Динценго- ферлер; итал. сәулетшілері т.б.) көптеп салына бастады. Капитализмнің дәуірлеген кезеңінде біраз уақыт (18 ғасырдың аяғы) классицизм ірге тепті. 19 ғасырда ғимараттардың дені эклектика сарынында тұрғызылды. 19 ғасырдың аяғында Прагада Ұлттық театрдың ірге көтеруі (арх.Й.Зитек ғимаратты салу ісінде Қайта өркендеу дәуірі сәулет өнері үлгілерін кеңінен қолданды) Чехия сәулет өнеріндегі елеулі оқиға болды. Арх. А. Виль өз творчествосында ұлттық өнер ырғақтарына ден қойды. Бұдан кейінгі сәулет өнерінде эклектикадан гөрі «модерннің» кейбір тәсілдері мен жаңа конструкцияға бой ұру (арх. Я. Котера, Й. Гочар т. б.) басым болды.

Чехия территориясынан табылған өнер ескерткіштері алғашқы қауымдық дәуірге саяды. Роман стиліндегі Орта ғасыр өнері тамаша кітап миниатюрасы мен фресканы (Зноймодағы капелла фрескасы, 12 ғасыр) өмірге әкелді. Гусшілдер қозғалысы қарсаңындарға листік ізденістер белең алып, ол 14 ғасырда Парлердің мүсін-ескерткіштері мен Теодориктің кескіндемесінен айқын көрініс тапты. Бұл бағыт гусшілдер кезеңінде қанат жайып, халықтық сипаттағы «Иен кодексі» миниатюрасынан (15 ғасырдың аяғы мен 16 ғасырдың бас кезі) орын алды. Қайта өркендеу дәуіріндегі мәдени гүлдену (шыны бұйымдар жасау өнері) және 17 ғасырдағы контрреформация кезеңінде реалистік бағыттағы кескіндемешілер (К. Шкрета) мен гравюрашылар (В. Холлар) творчествосы одан әрі дами түсті. 18 ғасырда сәндік мүсін өнері (М. Б. Браун) мен кескіндеме (В. В. Рейнер) қанат жайды. 18 ғасырдың аяғындағы алғашқы қоғамдық қозғалыстар кезеңінде қаһармандық һәм халықтық идеяға толы өнер туындылары пайда болды. 19 ғасырдың 1-жартысында табиғат суретшісі А. Манес пен жанрлық картиналардың авторы Й. Навратиль есімі көпке танылды. 19 ғасырдың ортасы мен 2-жартысында шырқау биігіне көтерілген Чехия өнері реализм мен халықтық өнерді уағыздаған Й. Манес, Я. Чермак, М. Алеш, А. Косарек, К. Пуркине, Ю. Маржак, А. Хитусси сынды кескіндемешілерді дүниеге әкелді. 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың бас кезіндегі өнер шеберлері творчествосынан (кескіндемешілер А.Славичек, Й.Упрка, Л.Куба; мүсіншілер Й.В.Мысльбек, Я.Штурса, Б. Кафка) реалистік дәстүр берік орын алды. 19 ғасырдың 90 жылдарынан графика (М. Швабинский), гравюра (Ф. Т. Шимон, К.Вик т. б.), кітап миниатюрасы (Й. Лада) өркендеді. Бай халық творчествосынан (қыш қалыптау, тоқыма) ұлттық өнер дәстүрі көрініс тапты.

Музыкасы. Чех музыкасы бай халық творчествосы негізінде дамыды. Байырғы халық музыкалық аспаптары: волынка, сыбызғы (фуяр), қоңырау-шылдырмақ, цитра т. б. 9 ғасырда Чехия мен Моравия территориясында христиан шіркеу музыкасы өркен жайды. 13 ғасырда зиялылар музыкасы туа бастады; 14 ғасырда «арс нова» ағымы белең алды. 15 ғасырда чех халқының ұлттық тәуелсіздік, бостандық үшін күресінің символы іспетті гусшілдер гимндері («Көтеріл, көтеріл күреске, ұлы қала Прага!») мен патриоттық әндер шықты. 16 ғасырдың 2-жартысында ренессанстық полифония мектебі (А.Михна, В.Голан) қалыптаса бастады. Б.М.Черногорский мектебі композиторлары (Я.Зах, Ф.Брикси, Ф.Тума) творчествосынан музыка өнеріндегі бароккодан классицизмге өту кезеңі сипатын аңғаруға болады. 18 ғасырда Чехия «Европа консерваториясы» атанды. Чех сарай оркестрлері композиторлары творчествосының (Ф. В. Мича, Ф. К. Душек) дүние жүзілік музыка классицизмді ілгері дамытудағы ролі зор болды. 17-18 ғасырлардағы белгілі чех музыканттары: А.Д.Зеленка, Я.Стамиц, Й.Мысливечек, ағайынды Й. және Ф. Бенда, Я. Мареш т. б. 1811 жылы Прагада консерваторияның ашылуы профессионалды музыканың қалыптасуына қолайлы жағдай жасады. Чех тексіне жазылған тұңғыш операның авторы - Ф. Шкроуп. Композитор П. Кржижсковский Моравия музыка өнерін өркендетуге мол еңбек сіңірді. Чех ұлттық музыка өнері мектебінің негізін қалаушы Б.Сметана белгілі композитор А.Дворжакпен бірлесе отырып чех музыкасының дүние жүзілік мәнін айқындап берді. Чех музыка мәдениетін қалыптастыру ісінде композитор 3. Фибих мол еңбек етті. 19 ғасырдың 2-жыртысында В. Блодек, К. Бендль, Р. Розкошны, И. Маланг, С. Суда, К. Вейс, К. Коваржович сынды композиторлар есімі белгілі болды. 20 ғасырдың бас кезінде чех музыканттарының қатары жаңа буын өкілдерімен (О. Острчил, В. Новак, О. Недбал, Й. Фёрстер) толықты. 20 ғасырдың 1-жартысындағы чех музыкасының биік сатыға көтерілуі композитор Л. Яначек есімімен тығыз байланысты. Белгілі музыкант-орындаушылары: дирижер Й. Сук, скрипкашылар О. Шевчик, Ф. Лауб, Я. Кубелик, виолончельші Г.Виган, әншілер Э. Дестинова, Б. Фёрстер-Лаутерерова; музыка ғалымы әрі педагог З. Неедлы есімі кең тараған.

Театры. Чехияда театр өнерінің пайда болу кезеңі 12 ғасырдағы шіркеу театрына саяды. Онда (діни жалбарынулар кезінде) Христостың кейбір өмір көріністерін бейнелейтін инсценировкалар көрсетіліп отырды. Осы кезеңде зиялылар театры (сатиралық фарс) ірге көтере бастады. 16-17 ғасырда мектеп театры өркен жайды. 17-18 ғасырларда деревня алаңдарында халық пьесалары қойылды. Бай-феодалдар өз резиденцияларына шетел опера (итальян) және драма труппаларын шақырып отырды. Католик шіркеуі театрды халықты дінге үгіттеу құралына айналдырды. Чех тілінде ойын көрсететін профессионалды театр тек ұлттық қайта өркендеу кезеңінде (18-19 ғасырлардың 1-жартысы), театр чех ұлт-азаттық қозғалысының трибунасына айналған шақта пайда болды. Осы кезеңде қуыршақ театры да (М. Конецкий театры) маңызды роль атқарды. 19 ғасырдың ортасында ұлттық театр іргесін қалау жолындағы күрес басында драматург, актер, режиссер, театр қайраткері Й.К.Тыл болды. 1862 жылы Прагада Уақытша театр, 1881 жылы Ұлттық театр (театр ғимаратын салу ісіне чех халқының 30 жылдан астам мерзімде жинаған қаржысы жұмсалды) шаңырақ көтерді. 19 ғасырдың аяғында басқа қалаларда тұрақты театрлар ірге көтере бастады. 19 ғасырдың ортасында көшпелі труппалар өнер көрсетті. 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың бас кезіндегі театр қайраткерлері: Г. Квапилова, Э. Воян, М. Гюбнерова, Я. Квапил, Й. Мошна, И. Шмага т. б.

Әдеб.: Блажек М. Экономическая география Чехословакии. М., 1970. История Чехословакии. -Т. 1-3. -М., 1956-60 (библ.); Гуса В. История Чехословакии, пер. с чеш. -Прага, 1963; История Чехии, под ред. В.И. Пичеты. -М., 1947; Неедлы З. История чешского народа. -Т. 1. -М., 1952; Ясинский А.Н. Очерки и исследования по социальной и экономической истории Чехии в средние века. -Т.1. Юрьев, 1901; Рубцов Б.Т. Исследование по аграрной истории Чехии. –М., 1963; Чехословацкое изобразительное искусство XIX и XX веков. -Прага, 1953; Маца И.Л. Архитектура Чехословакии. Исторический очерк. –М., 1959; Солнцева Л. Театр Чехии и Словакии. -М., 1977.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-01-30 15:09:16     Қаралды-3296

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІНЖУ ҚАЙДАН АЛЫНАДЫ?

...

Інжу - жануарлардан шыққан жалғыз асыл тас

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Әдетте біз Күнді газдың үлкен шары деп айтамыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДЫБЫС ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Біздің әлем жанды да, жансыз да табиғат тудыратын дыбыстарға толы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »