UF

МАЛИ, Мали Республикасы (République du Mali) - Батыс Африкадағы мемлекет. Батысында Сенегалмен, солтүстігінде Мавританиямен және Алжирмен, шығысында Нигермен, оңтүстік-шығысында Жоғары Вольтамен, оңтүстігінде Піл Сүйегі Жағасы, Гвинеямен шектеседі. Жері 1,2 млн. км2. Халқы 19,3 млн. (2017). Астанасы - Бамако қаласы. Әкімшілік жагынан 6 ауданға бөлінеді.

Мемлекеттік құрылысы. Мали - республика. 1968 жылы 28 қарашада, әскери төңкерістен кейін, мемлекеттік өкіметтің уақытша ұйымдары туралы декрет қабылданды. Жоғары мемлекеттік өкімет органы - Азаттық әскери комитет. Оның құрамында төраға (мемлекеттік және үкімет басшысы да сол), оның орынбасарлары, секретарь және мүшелері кіреді. Әскери комитет төрағасы министрлерді, жоғары лауазым иелерін, судьяларды тағайындайды, халықаралық шарттарды бекітеді, қарулы күштердің бас қолбасшысы да сол. Аудандарды, облыстар мен округтарды мемлекеттік басшысы тағайындайтын комиссарлар, губернаторлар, коменданттар басқарады. Сот жүйесі Жоғары сот, аппелляциялық сот және бірінші инстанциялы 2 соттан тұрады.

Табиғаты. Мали территориясы Солтүстік жарты шардың тропиктік белдеуінде орналасқан. Елдің батыс, орталық, солтүстік бөліктері (90%-тен астамы) жазық (биіктігі 200-500 м), солтүстік-батысы Орталық Сахара, батысын, оңтүстігін және шығысын Фута-Джаллон тау массиві, Бамбук, Мандинго (биіктігі 785 м), Бандиагар, Хомбори (биіктігі 700-1155 м), Адрар-Ифорас (биіктігі 853 м-ге дейін) тау жүйелері қоршап жатыр. Нигер өзенінің орта ағысы кең аллговиальды жазық. Климаты жөнінен елдің көпшілік бөлігі тропиктік шөл. Қаңтардың орташа температурасы 20°С-тан төмендемейді, маусымда 35°С-қа жетеді. Жылдық жауын-шашыны 200 мм. Оңтүстік бөлігінің климаты субэкваторлық. Сегу қаласында қаңтардың орташа температурасы 24°С, июньде 30°С-қа жуық. Жылдық жауын-шашыны 1000-1500 мм. Басты өзендері - Сенегал және Нигер. Су энерго ресурстарының қоры 1,3 млн. квт. Жерінің 1/2-і Сахара шөлі. Оңтүстікке қарай өсімдіксіз Саванна (Сахель). Жері қызғылт қоңыр топырақты. Акация, баобаб, майлы карита ағашы, ронье пальмасы, сенегал кайясы өседі. Шелді және жартылай шөлді облыстарында бөкен аддакс, орикс, газельдер, жираф, гепард, қорқау, жабайы шошқа, арыстан, қабылан, піл; өзен, көлдерінде крокодил, бегемот т. б. мекендейді. Жануарлар дүниесін қорғау үшін (піл, буйвол, бөкен) ұлттық Букль-дю-Бауле паркі ұйымдастырылған.

Халқы. Малидың орталық аудандарында манды тілінде сөйлейтін солтүстік топ халқы басым (бамбара кагоро т. б. қоса 1,5 млн., 1970); сонинке немесе марка (0,4 млн.), малинке (0,3 млн.), диула т. б. тұрады. Атлант тілі семьясының фульбе, волоф (0,7 млн.), гур тілі тобының (орталық бантоид) сенуфо, догон, бобо, моси (1 млн.) т. б. халықтары оңтүстік, оңтүстік-шығыс аудандарда қоныстанған. Нигер аңғарында сонгай (0,3 млн.), Сахарада туареги (кельахаггар, кель-аджер т. б. тайпалар) және арабтар тұрады. Халқының 70%-тейі ислам дінін ұстайды. Ресми тілі - француз тілі. Халқының еңбекке жарамдысы 2,8 млн. адам (1970), оның 90%-і ауыл шаруашылығында еңбек етеді, 200 мыңнан астамы қолөнершілер. Жалданып жұмыс істейтіні 52,4 мың адам (1968). Оның ішінде өнеркәсіп пен құрылыста және қоғамдық жұмыстарда 20%-і, ауыл шаруашылық мен орман шаруашылығында және балық аулауда 16%-і, сауда және банк қызметінде 8%-і, транспорт пен байланыста 7%, басқа мекемелерде 49%-і қызмет істейді. Орташа тығыздығы 1 км2-ге 4 адамнан (1971). Халқының 70%-тен астамы Нигер, Сенегал аңғарларында тұрады. Қала халқы 12% (1970). Негізгі қалалары: Бамако (300 мың, 1972), Мопти, Сегу, Каес, Сикасо.

Тарихы. Орта ғасырларда Батыс Африкадағы тұңғыш мемлекеттер Мали жерінде пайда болды. Олардың ең ірілері - Гана, Мали, Сонгаи. Бұл мемлекеттерде қалыптаса бастаған феодалдық қатынастар рулық-тайпалық қатынастармен қатар өмір сүрді. Солтүстік-африкан саудагерлерінің келуімен бірге Мали жеріне (8 ғасырдан) ислам діні тарай бастады.

19 ғасырдың 2-жартысында Батыс Африканың Орталық аудандарында Францияның отаршылдық саясаты белең алды. Жергілікті халық өз тәуелсіздігін қажырлылықпен қорғады. Ол тек 1894 жылы басылып, Нигер, Сенегал өзендерінің жоғарғы және орта ағысындағы жерлер Францияның отары - Суданға қосылды. Дегенмен Мали халқы отаршылдарға қарсы азаттық жолындағы күресін тоқтатпады. Әсіресе 1915-1918 жылдар Туарег және 1915-1916 жылы Сонинк тайпаларының қуатты көтерілісі ұзаққа созылды. 2-дүние жүзілік соғыстан (1939-1945) кейін Француз Суданында антиимпериалистік қозғалыс күшейе түсті. 1946 жылы қазанда Бамакода Батыс Африкадағы тұңғыш саяси партия - «Африкан демократиялық бірлестігінің» (АДБ) құрылтай конгресі болды. АДБ-ның Судандағы секциясы - Судан одағы партиясы құрылды. Оның председателі болып Мамаду Конате, бас секретарьлығына Модибо Кейта сайланды (1947). Судан одағы партиясы елдегі ұлт-азаттық қозғалысын басқарды, прогресшіл және демократиялық принциптерді қолдады. Жергілікті халықты саяси шектеуді, қанауды тоқтату, сайлау органдары - муниципалитеттер мен Территориялық ассамблеялардың (1947 жылы құрылып, 1952 жылы дейін Бас совет тағайындап келген) беделін көтеру, халық ағарту, денсаулық сақтау ісін жақсарту үшін күресті. Судан одағы барлық қоғамдық ұйымдарға басшылық ететін елдегі бірден бір партия болды. Отаршыл үкіметтер Судан одағының қызметіне кедергі жасауға тырысып бақты. Судан одағы Батыс Африка мен Францияның прогресшіл күштеріне арқа сүйеді. 1945 жылы құрылып, жалпыға бірдей еңбек конфедерациясына (Франция) қосылған кәсіподақтар үлкен роль атқарды. Ол отарлық қанауға қарсы қозғалысты өрістетіп, халықтың саяси және экономикалық мүддесін қорғады, Судан одағының елдегі негізгі саяси партия болуына көмектесті. 1957 жылы Судан одағының депутаттары Территориялық ассамблеяда тұңғыш рет көпшілік дауыс алды. Сол жылы құрылған Үкімет советін Судан одағы басшыларының бірі - Жан Мари Коне басқарды. Францияның жаңа конституциясының референдумына сәйкес Судан Республикасы атанып, француз Өзара одағының мүшесі статусына ие болды. 1969 жылы Судан Республикасының үкіметі отарлық езгіні жоюға бағытталған көптеген әкімшілік, экономикалық, қоғамдық шаралар жүргізді. 1959 жылы Судан мен Сенегал Мали федерациясына бірікті. Федералдық ассамблея председателі болып Леопольд Седар Сенгор (Сенегал), ал федералдық үкіметтің председателі болып Модибо Кейта сайланды. Алайда федерация басшылары арасындағы алауыздықтың салдарынан 1960 жылы 20 тамызда Сенегал федерациядан шықты. Сол жылдың 22 қыркүйекте Судан Республикасының Заң шығару ассамблеясы Судан Республикасын ерікті және тәуелсіз Мали Республикасы деп жариялады да, француз Өзара одағынан шығу туралы шешім қабылдады. Республика конституциясы қабылданды. Мемлекеттік әрі үкімет басшысы болып Модибо Кейта сайланды. 1960 жылы 28 қыркүйекте Мали Республикасы БҰҰ-ға қабылданды. Судан одағы партиясының төтенше (1960 жылы 22 қыркүйек) және 6-(1962) съездері Малидың сыртқы және ішкі саясатын белгілеп берді. Мали ешқандай әскери блокқа қосылмады, позитивті бейтараптықты сақтады, республиканың социализм жолымен даму мүкіндігін белгіледі. Төтенше съезд экономикалық өркендеудің алда тұрған негізгі іміндеті - социалистік жоспарлау арқылы жаңа экономикалық құрылыс жасау деп атап көрсетті. Бұл бағыт партияның идеологиялық негізі - ғылыми социализм деп жариялаған 6-съезде мақұлданды. Республиканың саяси нығаюы, экономикалық тәуелсіздікке жету жолында кең көлемді программа белгіленді. Мали 1960 жылы қазанында СССР-мен дипломатиялық қатынас орнатып, 1961 жылы наурызда экономикалық және сауда қатынасы, мәдени байланыс жөнінде келісімге қол қойды.

Алайда белгіленген жоспарды жүзеге асыруда қалыптаса бастаған ұлттық буржуазия тарапынан елеулі қарсылық болды. Құрал-сайман, кадрдың жетіспеушілігі, саудагерлік пен контрабанданың өрістеуі салдарынан Судан одағынын; басшылығы қоғамдық ұйымдарға ықпалынан айрыла бастады, бұқарамен байланысын әлсіретіп алды. Финанс және экономикалық жағдайдың нашарлауы азық-түлік, басқа да халық көп тұтынатын товарлардың жетіспеуі жағдайды қиындата түсті. Осындай жағдайда (1967 жылы Модибо Кейта бастаған Революцияны қорғаудың ұлттық комитеті (РҚҰК) құрылды. Бірақ олар кеш қалды. 1968 жыл қарашада Малида әскери төңкеріс болды. Ұлт азаттық әскери комитеті (ҰАӘК) құрылып, барлық билік соның қолына көшті. Оның басшысы Муса Траоре мемлекеттік билігін өз қолына алды. Судан одағы партиясы, біріккен кәсіподақтарының басшы органы, Мали еңбекшілерінің ұлттық одағы т. б. қоғамдық ұйымдар таратылды. Жаңа үкімет ұлт-азаттық қозғалысын қолдады. Халықаралық шиеленісті бәсеңдету, бейбітшілікті сақтау, нәсілшілдік пен отаршылдыққа қарсы күресті. ҰАӘК елді басқарудың конституциялық формасына көшіп, негізгі міндет елді экономикалық және финанс жағынан нығайту деп мәлімдеді. 1971 жылы Мали кәсіподақтарының Координациялық комитетінің жұмысына рұқсат етілді. Ол бүкіл республика кәсіподақ бірлестігін, салалық кәсіподақтарды құра бастады.

Экономикасы. Мали - аграрлы ел. Тәуелсіздік алғаннан кейін халық шаруашылығында мемлекеттік сектор дамыды. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын өркендету шаралары жүзеге асырылды. Ауыл шаруашылық кәсіпорындары («Оффис дю Нижер») мемлекеттік меншігіне көш және социалистік елдердің көмегімен Диамуда цемент зауыдының құрылысы іске қосылды. «Оффис дю Нижер» территориясында егістік жерлер игерілді. Ар-Мали ұлттық авиакомпаниясы құрылды.

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығында қауымдық жер иелену үстем. Жер иеленудің жеке меншік түрі нашар дамыған. Территориясының 9%-ке жуығы (тың жерлер) өңделген, жайылым және шалғын 24%, орман 3,6%. Егістік жерлері 1,8 млн. га. Егістігінің 10%-і суармалы. Азық-түлік дақылдарынан тары, сорго, күріш, жүтері, батат, ямс, маниок егіледі. Күріш өсіретін негізгі аудандар: Нигер өзенінің жоғары аңғары және оның салалары, Бамако мен Мопти аралығындағы орталық облыстар, «Оффис дю Нижер» территориясы. Негізгі экспорттық дақылдары - арахис, мақта.

Мали - Батыс Африкадағы мал шаруашылығы күшті өркендеген елдердің бірі. 1972 жылғы мал саны (млн.): мүйізді ірі қара 5,0, қой 5,5, ешкі 5,35. Мүйізді ірі қараның 70%-і, қой мен ешкінің 80%-і көшпелі және жартылай көшпелі мал өсірушілердің қолында. Балық аулау негізінен Нигера өзенінің ішкі атырауында. Жылына 90 мың т балық ауланады.

Өнеркәсібі. Бафулабе ауданында әк тас, мәрмәр, тұз (Тауденни), алтын (елдің оңтүстік-батысында) өндіріледі. 1971 жылы 44,7 млн. квт-сағ электр энергиясы алынды. Бамако ЖЭС-і (қуаты 11,2 мың квт.) елдегі электр энергиясының 85%-ін береді. Сигарет, сіріңке (Бамако), жеміс-көкөніс консервілері (Багинеде), өсімдік майы (Куликоро), қант (Дугабугу) кәсіпорындары бар. 2 тоқыма комбинаты (Бамако, Сегу), металл өңдеу з-ды (Бамако, Маркале), құрылыс материалдары (Бамако, Диаму) т. б. кәсіпорындар жұмыс істейді.

Транспорты. Темір жолының ұзындығы 645 км, автомобиль жолы ұзындығы 12 мың км. (1,6 мың км асфальттанған). 1971 жылы автопаркінде 16 мың машина болды. Нигер өзен бойымен кеме жүзеді. Аэропорттары Бамако (халықаралық), Гао, Сегу, Мопти, Каес қалаларында; халықаралық маңызы бар 2-аэропорт Сену (Бамако ауданында) қаласында.

Сыртқы саудасы. 1971 жылғы экспорты (млрд. мали фр.) 19,6, импорты 30,5. Азық-түлік, мақта, арахис, тірі мал, кептірілген және қақталған балық, май, арахис майы т. б. сыртқа шығарылады. Машина және жабдықтар, шикізат, жартылай фабрикат, азық-түлік және тұтыну товарлары шетелдерден әкелінеді. Сыртқы сауда серіктестері Франция (экспорты 20,1%, импорты 44,4%, 1971), Гана (экспорты 7,8%), Піл Сүйегі Жағасы (27,2%, 10,5%), Сенегал (8%, 6,3%).

Ақша өлшемі - мали франкі.

Денсаулық сақтау ісі. 1965-1970 жылдар әрбір 1000 адамға шаққанда баланың тууы 49,8, адамның өлімі 26,6. Әрбір тірі туған 1000 баладан өлгені 120,0. Елде инфекциялы патология көбірек тараған. Өлімнің негізгі себебі - безгек, ішек-қарын және инвазиялық аурулар. Сондай-ақ амебиаз, анкилостомоз, стронгилоидоз, трихоцефалез т. б. аурулар да кездеседі.

Малида 1971 жылы 3,7 мың төсектік 114 аурухана (1 мың тұрғынға 0,7 төсек), сонымен қатар 9 поликлиника, 294 диспансер т. б. медицина мекемелер болды. 1971 жылы 136 дәрігер (35 мың тұрғынға 1 дәрігер), 5 тіс дәрігері, 112 фармацевт және 1,5 мыңнан астам орта білімді медицина қызметкерлер жұмыс істеді. Дәрігерлерді шет мемлекеттерде, медицина бикелерді арнайы мектептерде даярлайды. 1972 жылы денсаулық сақтау ісіне мемлекеттік бюджеттің 8%-і жұмсалды. 1965 жылы СССР Бамакода арнайы медицина медбикелер мен акушеркалар даярлайтын мектеп салып, сыйға тартты.

Оку-агарту ісі. Алғашқы мектептер Малида 14 ғасырда пайда болды. Томбукту, Дженне қалалары орта ғасырлық араб мәдениетінің негізгі орталықтары еді, 15-18 ғасырларында бұл жерлерде көрнекті араб ғалымдары жұмыс істеген ірі мұсылман университеттері болды. Зиялылардың алғашқы дүниетаным мектептері 19 ғасырдың 2-жартысында пайда болғанмен, білім беру ісі өте баяу дамыды. Малидың тәуелсіздігі жарияланған кезеңде халқының 97,8%-і сауатсыз және мектеп жасындағы балалардың мектепке тартылуы 8% қана болды. Мали тәуелсіздік алғаннан кейін мектептерде реформа жүргізілді. 1972 жылы мемлекеттік бюджеттің 14%-і немесе ұлттық табыстың 4%-і халық ағарту ісіне жұмсалды. 2 циклді 9 жылдық (5+4), ақысыз, міндетті негізгі мектепке 6-дан 10 жасқа дейінгі балалар қабылданады. Орта мектеп 3 жылдың, ақылы, оны бітіргендерге бакалавр атағы және жоғары оқу орындарына түсуге право беріледі. Кәсіптік-техникалық білім негізгі мектептердің базасында жүреді. 1971 жылы негізгі мектептерде 211 мың оқушы, орта мектептерде 3 мыңнан астам оқушы болса, орта арнаулы оқу орындарында 2,7 мың, ал жоғары оқу орындарында 600-ден аса студент болды. Малиліктердің көпшілігі арнаулы орта және жоғары білімді СССР-де алады. Малида орыс тілін оқып-үйренуге зор көңіл бөлінеді (1972 жылы 3 мыңнан аса адам оқыды).

Гуманитарлық ғылымдар ғылыми-зерттеу институтының жанында Ұлттық кітапхана (5 мың дана), Томбуктуда Орталық араб әдебиеті кітапханасы бар.

Әдебиеті. Малидың ауыз әдебиетінде мифтер, батырлық эпостар, ертегілер мен мысалдар т. б. жанрдағы шығармалар бар. Мандинго халықтарының белен-тиги деп аталатын тарихи дәстүрін сақтаушы ертекші-гриоттар ауыз әдебиеті үлгілерін сақтауда ерекше орын алады. 60 жылдарға дейін Мали халықтарының жазуы болған жоқ. Қазіргі әдебиеті француз тілінде жасалуда. 1937-1938 жылдар Мамби Сидибе және Ибраим Мамаду Уан сияқты әдебиетшілер тұңғыш рет Мали аңыздарын қайта өңдеп шығарды. Қазіргі Мали әдебиетінің қайнар бастауы - тарихшы Уанның шығармалары. Ол «Фадимата - шөл даланың падишасы» (1956), «Бақалшақтардан тізілген алқа» (1957) т. б. тарихи романдар жазды. 50 жылдардағы көрнекті жазушы, саяси және кәсіподақ қайраткері Фили-Жабо Сиссоко (1900-1963) «Хармакис» (1955), «Қара Африканың поэмасы» (1963) т.б. өлең жинақтарын, «Қызыл саванна» т. б. романдарын баспадан шығарды. Уан мен Сиссоко Африка мен Францияның тығыз байланысын жақтады. Басқа ағымдағы Сейду Бадиан (1928 ж. т.) «Нөсерде» (1957) романында әдет ғұрыптағы патриархалдық салт пен жаңа жастар көзқарасының арасындағы тартысты бейнеледі. Ол «Чаканың өлімі» драмасына жаңа Африка тағдырын көрсететін тарихи сюжетті пайдаланды. Ямбо Уологемнің (1940 ж. т.) «Қорлаудың борышы» (1968) полемивалық романы әдебиеттегі бұрынғы Африка дәстүрін қызықтаған француздық ағымға қарсы жазылды. Ол «Негритяндық Францияға хат» (1968) атты сатиралық эссесінде отаршылдықты жою мәселесін көтерді. 1960-1970 жылы тарихи аңыздардан өңделіп жазылған кітаптар пайда болды.

Архитектурасы мен сән және қосалқы өнері. Мали мәдениетінің ежелгі ескерткіштері неолит дәуіріне саяды. Малилықтар ежелден банкодан (сабан аралас балшық) жасалған лашықтарда тұрады. Мали территориясында 11-16 ғасырларда қала салу ісі дамыды. Осы кезеңде (Ниани, Гао, Томбукту, Дженне т. б.) қабырғалармен қоршалған қорған ішіне қоғамдың үйлер (Томбукту сарайы, 14 ғ., арх. Эс-Сахели), мешіттер (Мопти, Дженне, Томбукту), жергілікті «судан үлгісіндегі» тұрғын үйлер салынды. Отарлау үстемдігі кезінде батыс-европалық эклектика дәстүрінде құрылыстар (үкімет үйлері т. б.) және барақ типтес тұрғын үйлер тұрғызылды. 1950 жылдан жаңа құрылыс материалдары (темір-бетон, пластика) пайдаланылған қазіргі архитектуралық үлгідегі құрылыстар бой көтерді. Құрылыс ісіне социалистік мемлекеттер (СССР, Болгария т. б.) көп көмек көрсетуде. Бамакода спорт комплексі және оқу орындары (1962-1966, совет арх. Л. Н. Афанасьев т. б.) салынды.

Малида қолөнері ішінен ағаш ұқсату өнері ежелден дамыған. Үй-іші жиһаздық заттарының бәрі де ою-өрнекпен бедерленеді. Ағаштан маскалар, адам және аңдардың мүсіншелерін жону кең тараған. Мыс пен теріден ұсақ бұйымдар Ағаш маска      жасау, геометриялық өрнекті мата тоқу, қыш ыдыстарын өндіру өркендеген. Бостандық алғаннан кейін Малидың профессионал өнері қалыптасуда.

Театры. Мали халықтарында арғы тегі егіншілік тәңрісіне табынушылық ресіміне, үйлену тойы, шілдехана, жерлеу ғұрыптары мен салттарына байланысты шыққан сахналық ойындар (маскамен билеу, ән айту, тұрмыстың көріністерді бейнелеу) әлі де бар. Ислам дінінің өріс алуымен байланысты бұл салттар негізінен өзінің әдет-ғұрыптық мән-мазмұнынан айрылды. Ал бүкіл деревня тұрғындары қатысатын ойындар жартылай профессионал сауыққойлар шұғылданатын іске айналды. 20 ғасырдың ортасында дәстүрлі ойындардың сахнада көрсетілуінен бұл ойындар салттық мәнінен айрылды. Котеба халық театрларының ескілікті түрлері Батыс Африкадағы басқа халықтарға қарағанда бамбара халықтарында ұзағырақ сақталды. Театр актерлері 20 ғасырдың 30-40 жылдары труппаларға бірікті. Олар Бамако көшелерінде село өмірі жайлы фарстық ойындар көрсетті. Мұндай сатиралық көріністердің бас кейіпкерлері аққау диқан мен оның адал жұбайы, сараң қожайын мен жалқау малай, жылпос әнші-гриот пен алдампаз діндар-дәруіш (марабут), даңғой әрі су жүрек аңшы т. б. болды. Котеба театры ертедегі африкан деревнясының ескі моралы мен көзқарасының жаршысына айналды. Мали территориясындағы осы заманғы әуесқойлар театры 50 жылдарда мәдени орталықтарда дами бастады. Олардың репертуарында тарихи сюжетке жазылған пьесалар мол орын алды.

Тәуелсіздік алғаннан кейін (1960), әуесқойлар театры бұқаралық сипат алып, мемлекеттік қарамағына көшті. Республика өмірінің актуалды тақырыптарына арналған спектакльдер қоятын жаңа коллективтер құрылуда. 1962 жылдан бастап жыл сайын (1970 жылдан жылына 2 рет) байқау-жарыстар өткізіліп тұрады. Малидың дәстүрлі өнерін шетелге насихаттау үшін Европаға шығып тұратын Ұлттық фольклор труппасы құрылған. Ол 1964 жылы Париждегі Ұлттық театрда өнер көрсетті, 1961 және 1970 жылдар СССР-де гастрольде болды. 1963 жылы Бамакода драма бөлімі бар Ұлттық өнер институты құрылды. 1970 жылы институт түлектерінен Ұлттық театр труппасы ұйымдастырылды. Оның алғашқы постановкалары: Масс Макан Диабатенің «Тамаша төзім сабағы», Сейду Бадианның «Чакаяың өлімі».

Әдеб.: Скоров Г. В. Французский империализм в Западной Африке. –М., 1956; Ольдерогге Д. А. Западный Судан в XV-XIX вв. -М.-Л., 1960; Летнев А. Б. Деревня Западного Мали. –М., 1964; Субботин В.А. Колониальная политика Франции в Западной Африке (1880-1900). –М., 1964; Гаврилов Н. И. Национально-освободительное движение в Западной Африке. –М., 1965; Кондратьев Г.С. Путь Мали к независимости. -М., 1970; Радченко Г.Ф. Республика Мали. –М., 1969; Поэты Мали. Сборник, пер. с франц. –М., 1965.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-01-30 13:26:34     Қаралды-3061

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТЕЛЕДИДАР ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Қара және ақ түстің әртүрлі реңктерінен тұратын қозғалмалы бейне

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙДАН НЕ ЖАСАЛАДЫ?

...

Шикі мұнай іс жүзінде қолданылмайды. Ол тазартылады және өңделеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ ҚАЙДАН КЕЛДІ?

...

Бүгінгі таңда ғалымдардың көпшілігі мұнайдың биогендік шығу тегі деп есептейді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАРЫШТЫҚ ШАҢ ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛАДЫ?

...

Ғарыштық материяның барлық фрагменттері ғарыштық шаң деп аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »