UF

ШРИ-ЛАНКА, Шри-Ланка Республикасы (1972 жылдың 22 мамырына дейін Цейлон) – Оңтүстік Азиядағы мемлекет. Британ ынтымағы құрамына кіреді. Шығысын Бенгаль шығанағы, оңтүстігін Үнді мұхитының ашық айдыны шаяды. Жері 65,5 мың км2. Халқы 21,6 млн. (2013). Астанасы - Коломбо қаласы. Әкімшілік жағынан 9 провинцияға бөлінеді.

Мемлекеттік құрылысы. Шри-Ланка - республика. Қазіргі конституциясы 1972 жылы 22 мамырда қабылданған. Мемлекеттік жоғары бірден-бір заң шығаратын өкімет органы - бір палаталы парламент - Мемлекеттік ұлттық ассамблея. Мемлекеттік басшысы - президент, ол - атқарушы өкімет басшысы және қарулы күштердің қол басшысы. Премьер-министр мен министрлер 4 жылға тағайындалады. Премьер-министрдің басқаруындағы үкімет парламент алдында коллективті түрде жауап береді және оның (вотумдық) сеніміне бағынышты. Округтар мен сайланбалы қалалық советтердің және селолық комитеттердің құрамына үкіметтің жергілікті агенттері де кіреді. Әкімшілік реформаларды іске асыру мақсатында, 1971 жылы 1 қыркүйектен бастап (Біріккен майдан манифесі бойынша) халық комитеттері құрылды. Сот жүйесіне: Жоғары сот, округтық (магистраттық) және селолық соттар жатады. Конституциялық сотта бар.

Табиғаты. Шри-Ланка жері негізінен жазық. Оңтүстігін баспалдақты таулы қырат (Пидуруталагала, биіктігі 2524 м), оңтүстік-батыс бөлігін аласа Раквана тауы (биік жері Гонгала тауы 1359 м) алып жатыр. Жағалауы негізінен аласа, маржанды рифтермен қоршалған; лагуналар көп. Оңтүстік және шығыс жағалауы қойнаулы келеді. Геологиялық құрылымы жөнінен кристалл, метаморф жыныстардан, солтүстігі мен оңтүстік батысы тақта тастан түзілген. Пайдалы қазындылары - графит, асыл тастар, темір рудасы, монацитті құм. Климаты негізінен субэкваторлық, муссондық; оңтүстігінде экваторлық, ылғалды, солтүстігі мен шығысында қуан климат басым. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 2000-5000 мм (тау етегінде), 1000-2000 мм (қалған бөлігінде). Жылдың орташа температура 27°С (жазықта), 23-25°С (тауда). Өзендері қысқа, бірақ суы мол, гидроэнергия қорына бай. Ірі өзендері - Махавели-Ганга, Калу, Келани. Жерінде қызыл және латеритті, аңғарларында құнарлы аллювий топырақ кабаттары қалыптасқан. Өсімдік турлеріне өте бай. Территориясынын 70-і - орман және бұталы массив. Оңтүстік-батысында экваторлық ормаң шығысында тропиктік, теңіз жағалауында мангралық орман басым өседі. Піл, қабылан, бұгы, буйвол, аю, шиебөрі, құстардың көптеген түрлері мекендейді. 2 ұлттық парк. 4 қорық (1667 км2) ұйымдастырылған.

Халқының 70%-і сингальдар, 23% - інен астамы тамильдер; олардан басқа маврлар (арабтар мен жергілікті мүсылмандардың ұрпақтары), бюргелер, малаялықтар, европалықтар (негізінен ағылшындар) тұрады. Халқының 66%-і буддизм, 18%-і индуизм дінінде, қалғандары мұсылмандар. Ресми тілі - сингаль тілі. Орташа тығыздығы 1 км2-ге 194 адамнан. Қала халкы 19%. Басты қалалары - Коломбо, Джафна, Канди, Галле.

Тарихы. Археологиялық ескерткіштер (палеолит және неолит дәуірлеріндегі) аралды өте ерте дәуірде аңшы тайпаларының мекендегенін дәлелдейді. Бұл тайпалар осы заманғы веддалардың арғы тегі болуы ықтимал. Б. з. б. 5 ғасырда Шри-Ланкаға Үндістаннан қоныс аударушылар көптеп келе бастады. Б. з. б. 3 ғасырда астанасы Анурадхапура болған алғашқы мемлекеттік бірлестік пайда болды. Мұны қай формацияға (құл пеленушілік немесе феодалдық формация) жатқызу мәселесі өлі шешілген жоқ. Осы ғасырда аралға буддизм енді. Буддизм мемлекеттік дінге айналды. 8 ғасырдан феодалдық қатынастар дами бастады. Аралда ірі феодалдардың өзара талас-қырқысы ғасырлар бойына толастамады. 13 ғасырда тұрғындар аралдың Оңтүстік-батысы мен Орталық таулы аймақтарына лег-легімен келіп қоныстанды. Үздіксіз соғыстар елдің бірігуіне кедергі жасап, мемлекет бірқатар феодалдық иеліктерге бөлінді. 15 ғасырда аралдың батысы мен оңтүстік-батысында Котте деп аталатын сингалдық феодалдық мемлекет құрылды. Орталық таулы өлкеде Канди атты феодалдық мемлекет, солтүстікте тамильдік Джафна феодалдық мемлекеті ұйымдасты.

1505 жылдан Котте мемлекетінде португалдардың ықпалы күшейе бастады. 1565 жылы жергілікті патриоттық күштер басқыншыларды қуып шыққанымен, Гоа вице-королынан көмек алған португалдар аралға қайта басып кірді. Кейін португалдарды голландықтар ығыстырып шығарды. Голланд отаршылдары жергілікті халықты аяусыз қанап, олардың көтерілістерін күшпен басып жаншыды. 18 ғасырдың ақырында Голландия басқыншыларын Англия ығыстырып, Цейлонды өзінің отарына айналдырды. 19 ғасырдың басында ағылшын отаршылдарына қарсы жүргізілген соғыстардың ешқайсысы нәтиже бермеді. 19 ғасырдың 30 жылдарынан кофе өсіріле бастады. Отаршылдар шаруалардан тартып алынған жерлерде плантациялар құрды. Алым-салық көбейді. 1848 жылы шаруалар көтерілісі тағы да бой көтерді, бірақ ол аяусыз талқандалды. 19 ғасырдың 2-жартысында шаруалар жерден мүлде айрылып, оны арендаға алып отыруға мәжбүр болды. Барлық дақылдарды өндіру, оны сыртқа шығару ісінде ағылшындар билікті негізінен өз қолында ұстады. Цейлонның жаңа қалыптасқан буржуазия интеллигенциясы мен отаршылдар арасында қайшылық туды. 19 ғасырдың 2-жартысында ағартушылық және діни-реформаторлық ағымдар (буддизм, индуизм) өріс алды. Ұлттық мәдениет өркендеп, отаршылдыққа қарсы күрес күшейді.

1-дүние жүзілік соғыс жылдарында аралда отаршылдық езгі күшейе түсті. 20 жылдардың басында Россиядағы Октябрьлық социалистік революциясының ықпалымен Цейлон жұмысшы табының ең алғашқы ірі көтерілістері болды. Цейлон жұмысшы одағы құрылды (1922). Цейлонның жаңа конституциясына (1931) сәйкес мемлекеттік совет (парламент) ұйымдасты. 30 жылдардың басында алғашқы марксистік үйірмелер, кәсіподақтар пайда болды. 1935 жылы Ланка социалистік партиясы құрылды.

2-дүние жүзілік соғыс Цейлон халқын өте ауыр жағдайға душар етті. 1943 жылы шілдеде Цейлон Коммунистік партиясының (Шри Ланка Коммунистік партиясы) негізі қаланды. Цейлон және көршілес Азия халықтарының ұлт-азаттық қозғалысы қысымының нәтижесінде 1948 жылы 4 ақпанында Цейлонға доминиондық правосында тәуелсіздік берілді. Елдегі саяси билікті өз қолына алған буржуазия-помещиктік Біріккен ұлттық партия (БҰП, 1946 жылы негізі қаланды) көп жылдық отарлық езгінің қалдықтарын жойғысы келмеді.

1956 жылы Біріккен халық майданы парламент сайлауында айтарлықтай жеңіске жетті. Соломон Бандаранаике үкімет басына келді. 1965 жылы БҰП, 1970 жылы Біріккен майдан (БМ) блогы парламент сайлауында жеңіске жетті. 1972 жылы 22 мамырда Цейлон Шри Ланка Республикасы болып жарияланды. Жаңа конституция бойынша Шри-Ланка Ұлыбританиядан саяси тәуелсіз елге айналды. БМ үкіметін Сиримаво Бандаранаике басқарды. Үкімет отаршылдық зардапты жою, елдің саяси тәуелсіздігін күшейту, прогрестік әлеуметтік-экономикалық өзгерістер енгізу бағытын ұстап отыр. Шри-Ланка Совет Одағымен, басқа да социалистік елдермен достық қарым-қатынас орнатты. Үкімет блоктарға қосылмау саясатын жүргізіп отыр. 1973-1976 жылдар Шри-Ланка социалистік елдермен экономикалық байланысты өрістетті.

Саяси партиялары мен кәсіподақтары. Шри Ланка бостандық партиясы, 1951 жылы негізі қаланған; Біріккен ұлттық партия, 1946 жылы негізі қаланған; Ланка сама самадж парти, 1935 жылы негізі қаланған (Шри-Ланка социалистік партиясы). Шри Ланка Коммунистік партиясы, 1943 жылы негізі қаланған. Федералдық партия, 1949 жылы негізі қаланған. Шри Ланканың тамильдік конгресі, 1944 жылы негізі қаланған. Шри Ланка еңбекшілерінің    конгресі, 1936 жылы негізі қаланған. Шри Ланка кәсіподақтарының федерациясы, 1940 жылы негізі қаланған. Шри Ланка еңбек федерациясы, 1939 жылы негізі қаланған. Шри Ланка жұмысшыларының конгресі. 1936 жылы құрылған.

Экономикасы.  Шри-Ланка  - аграрлық ел. Еңбек ететін халқының 50%-тен астамы ауыл шаруашылығында істейді. Жалпы ұлттық табыстың 60%-і шай шаруашылығынан түседі. Шай және каучук плантациясының жуығы шетел (негізінен ағылшын) капиталының қолында. 1975 жылы елдің бесжылдық даму программасын (1972-1976) жүзеге асыру одан әрі жалғастырылды. Коломбо порты, графит өндірісі, мұнай өңдеу орындары т. б. ұлт меншігіне айналды.

Ауыл шаруашылығының негізгі саласы - егіншілік. Территориясының 1,5 млн. га-сы өңделеді (оның % бөлігі шай, каучук, кокос плантациялары). 1975 жылы 213 мың тонна шай, 1150 мың т, күріш (тазаланбаған), 2447 млн. дана кокос жаңғағы жиналды. Какао, бұрыш, кардомон шаруашылықтарының экспорттық маңызы бар. Басты азық-түлік дақылдары: күріш, тары, жүгері, бұршақ, батат. Мал шаруашылығы онша дамымаған. Мүйізді ірі қара (2,3 млн., 1970, бұның ішінде буйвол 700 мыңға жуық), қой мен ешкі (600 мың), құс (7 млн.) өсіріледі.

Өнеркәсібі салаларыныц жалпы өнім құнының 32%-ш мемлекеттік кәсіпорындар береді. 1975 жылы 986 млн. квт-сағат электр энергиясы алынды. СССР-дің техника көмегімен ірі з-ды және металлургия з-дтарыныц прокат цехы іске қосылған (1957). Тамақ және тұтыну товарлар өндірісінін көпшілік бөлігі жеке меншік секторлардың қолында шоғырланған. Мұнай айыру, цемент з-дтары, мата тоқу, киім тігу және аяқ киім фабрикалары, радиоқабылдағыш, электр шамы, фарфор ыдыстары т. б. өнеркәсіп орындары бар.

Транспорты. Темір жолыныц ұзындығы 1,5 мың км, автомобиль жолы 21,5 мың км-ден астам (1975). Басты порттары - Коломбо, Тринкомали, Галле. Ірі аэропорттары Коломбо және Джафна қалаларында.

Сыртқы сауда байланысы. 1975 жылы экспорты 3933 млн. рупия, импорты 5251 млн. рупия болды. Экспорт құнының 94%-ке шуығы шай, каучук, кокос пальмасы өнімі және асыл тас сатудан құралады. Импорт құнының 50%-і азық-түлік үлесіне тиеді. Басты сыртқы сауда серіктестері - АҚШ, Қытай, Үндістан, Пакистан, СССР.

Ақша өлшемі - Шри Ланка рупиясы.

Денсаулық сақтау ісі. 1971 жылғы мәлімет бойынша әр 1 мың адамға шаққанда туған бала саны орта есеппен 29,9; әр 1 мың адамнан өлгені 7,5; тірі туған әр 1 мың баладан өлгені 50,3. 1970 жылы елде 37,8 мың төсектік (1 мың адамға 3,0 төсек), 335 дәрігерлік мекеме болды. Оның ішінде жалпы аурухана 11. Аудандық аурухана 95, селолықтары 72, әйелдер босанатын үйлер 34 т. б. 1970 ж. елде 1,9 мың дәрігер, 1,2 мың дәрігер көмекшілері, 5,5 мың медицина сестралар жұмыс істеді. Денсаулық сақтау ісіне 1971-1972 жылдар мемлекет 558 млн. рупия жұмсады.

Оқу-ағарту ісі. 1974 жылы халықтың 80%-тен астамы сауатты болды. 1972-1976 жылдар білім беру жүйесі өзгеріліп, жалпы білім беретін 11 жылдық мектеп енгізілді. Бастауыш мектеп 5, орталау мектеп 4, толық орта мектеп 2 жылдық. 6-14 жастағы балалар үшін оқу міндетті. 1974-1975 оқу жылында бастауышта 1388 мың, орталау мектепте 761 мың, толық орта мектепте 327 мың бала оқыды. Оқу ана (сингал, тамил) тілінде. Орталау, орта мектепте ағылшын тілі оқытылады. Бастауыш мектеп мұғалімдері орта мектеп негізінде жұмыс істейтін 2 жылдық педагогика колледжде даярланады, 1974 жылы 28 колледжде 10 мыңнан астам студент болды. Орта мектеп мұғалімдерін университет даярлайды. Кәсіптік дайындық 9 жылдық мектеп негізінде кіші техникалық институттарда жүзеге асырылады. Техникалық кадрлар 2 жылдық жоғары техникалық институттарда даярланады. 1974 жылы 12 кіші, жоғары техникалық институтта 8,8 мың адам оқыды. Шри-Ланка университеті мен Технологиялық колледж ғана жоғары білім береді, Шри-Ланка университеті елдегі жекеленген университеттерді біріктіру арқылы 1972 жылы құрылған. 1974 жылы Джафнада Шри-Ланка университеттенің жаңа бөлімі ашылды. Университетте оқу сингал, тамил, ағылшын тілінде жүреді. Мерзімі 5 жыл. Кітапханалары: Коломбодағы көпшілік кітапханасы (1925 жылы құрылған, кітап қоры 132 мың дана), Перадениядағы университет кітапханасы (400 мың дана), Коломбо университетінің кітапханасы (91 мың дана), Коломбо Ұлттық музейінің кітапханасы (1877 жылы құрылған, 500 мың дана) т. б. Музейлері: Шри-Ланка Ұлттық музейінің құрамына Коломбо Ұлттық музейі (1876), Канди Ұлттық музейі (1942), Ратнапура Улттық музейі (1942) кіреді, Анурадхапурдағы халық музейі (1971). Коломбо обсерваториясы 1907 жылы ашылған. Пераденияда ботаникалық бағы (1821) бар.

Әдеб.: Бонифатьева Л. И. Цейлон. Экономико-географический очерк. М., 1970; Цейлон. Проблемы и перспективы экономики. (Очерки). М., 1972.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-01-22 12:46:18     Қаралды-2181

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »