UF

ЭКУАДОР, Экуадор Республикасы  – Оңтүстік Американың солтүстік-батыс бөлігіндегі мемлекет. Құрамына Тынық мұхиттағы Галапагос аралдары кіреді. Жері 264,9 мың км2. Халқы 5,7 млн. (2006). Астанасы Қито қаласы. Әкімшілік жағынан 19 провинцияға және 1 территорияға бөлінеді.

Мемлекеттік құрылысы. Экудор - республика. Мемлекет және үкімет басшысы - президент, ол 4 жылға сайланады. Заң шығаратын жоғарғы өкімет органы – еқі палаталы Конгресс (сенат және депутаттар палатасы). Конгресс 1970 жылы маусымда таратылды.

Табиғаты. Экудор жері Анды тауларының орта бөлігінде. Территориясы рельеф және табиғи жағдайы сипатына қарай табиғи аймаққа бөлінеді: Орьенте (ылғалды орманды тау алды жазығы), Сьерра (биік вулкандық орманды-шалғынды Анды таулы қыраты), Коста (негізінен орманды-саванналы жазық). Биік жері Чимборасо вулканы (6262 м). Геологиялық құрылымы жағынан Бразилия платформасы мен Анды қатпарлы жүйесі құрамына кіреді. Негізінен палеоген, неоген және антропоген жыныстарынан түзілген. Пайдалы қазындылары - мұнай, мыс, қорғасынрудалары, күкірт, алтын, күміс. Климаты әкваторлық, қоңыржай. Айлық орташа температурасы 20°-28°С. Өзен торы жиі. Ірі өзендері - Напо, Пастаса, Дауле, Винсес. Жері негізінен таулык-шалғындық топырақты келеді. Таулы қырат беткейлерінде орман, тау бөктерінде және жазық өңірлерінде тау шалғыны т. б. өседі. Маймыл, құмырсқа жегіш, тапир, ягуар, жарқанат, жылан, құстардың көптеген түрлері кездеседі. Ұлттық парк (Галапагос) және қорық (Каяпас) бар.

Халқының 39%-і үндістер, 41%-і метистер, 10%-і негрлер, 10%-і ақнәсіл өкілдері. Мемлекеттік тілі – испан тілі; таулы бөлігіндегі үндістер кечуа тілінде сөйлейді. Діні - католицизм. Орташа тығыздығы 1 км2-те 23,2 адамнан. Қала халқы 38%. Ірі қалалары - Кито, Гуаякиль, Куэнка.

Тарихы. Қазіргі Экуадор жерін ежелгі арманнан үндіс тайпалары мекендеген. Бұлар алғашқы қауымдық құрылыстың әртүрлі сатыларында өмір сүрді. Б. з. 1-мың жылдығының аяғында кара тайпасы үстем болды да, басқа тайпаларды бағындырып, Киту корольдығын құрды. 15 ғасырдың соңында Киту корольдығын инктер басып алды. Бұл тұста Китуда жолдар, суландыру құрылыстары, көптеген қамалдар, ғибадатханалар салынды.

1526 жылы Экуадор жеріне испандар келіп түсті. 6 жылдан кейін испан конкистадорларының Ф. Писарро бастаған басқа бір экспедициясы Китуды жаулап ала бастады. Үндістердің табандылықпен қарсыласқанына қарамастан испандар Киту жерін басып алды. Испан шонжарлары пайданы көп түсіру ниетімен саудаға тыйым салды, бірқатар өнеркәсіп заттарының және көптеген ауыл шаруашылық дақылдарының өндірілуіне шек қойды. Экуадордың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуын бөгеген Испанияның отарлау саясаты үндістердің азаттық жолындағы қозғалысын туғызды. Испан отаршыларының үстемдігіне қарсы 1809 жылы тамыздағы көтеріліс (С.Воливар, А.X.Сукре) Экуадор жерінде тәуелсіз мемлекеттік құру жолындағы күрестің бастамасы болды. Бұл күрестің барысында испан әскерлері талқандалып, 1830 жылы Экуадор республикасы құрылды. Осы жылы қабылданған бірінші конституция ел азаматтарына біраз праволар бергенімен, Экуадордың әлеуметтік-экономикалық құрылымын өзгерте алмады. Үндістер бұқарасы феодалдық тәуелділікте қала берді. Тұңғыш президент генерал X.X.Флорес (1830-1835) әскеришендер мен шіркеу диктатурасын орнатты.

19 ғасырдың аяғында елдің шаруашылығына шетел капиталы мол ене бастады. Экуадорда капиталистік қатынастар Э. Альфаро президент болған тұста (1895-1901, 1906-1911 ж.) ерекше күшейді. Бұл жылдары шіркеу мемлекеттен бөлінді, шіркеу меншігіндегі латифундиялар ұлт мен шігіне алынды, көптеген бастауыш, орта және жоғары оқу орындары ашылды. АлайдаАльфароның басшылығы мен жүргізілген бұл шараларға өшпенділікпен қараған реакцияшыл топтар 1912 жыл қаңтарда оны айуандықпен өлтірді.

1-дүние жүзілік соғыс кезінде Экуадорда жұмысшы қозғалысы өрістей бастады. Бастапқыда буржуазия ықпалда болған бұл қозғалыс Ұлы Октябрьлық социалистік революциясының әсері мен буржуазия ықпалданарылды. 1926 жылы коммунистік секция (1925 жылы ұйымдасқан) бірқатар коммунистік топтармен бірге Социалистік партияға қосылды. 1931 жылы Социалистік партия Экуадор Коммунистік партиясы (ЭКП) деп аталды. 2-дүние жүзілік соғыстан кейінгі жылдарда Экуадор экономикасы американ монополияларына бұрынғыдан әрмен тәуелді болды. Елдің экономикалық жағдайы нашарлап, 1969 жылы жұмыссыздар саны 600 мыңға жетті. Экуадор халқы өз праволары жолындағы күресін тоқтатқан жоқ. 1972 жылы ақпанда армия қолбасшысы ген. Г.Родригес Лара бастаған әскери адамдар тобы елдегі басшылықты өз қолына алды. Үкімет бірқатар социалистік елдермен дипломатиялық қатынас орнатты. Экуадор өзге елдермен өзара тиімді қатынас жасап, ел экономикасының АҚШ-қа тәуелділігін жоюға бағытталған бір қатар шараларды жүзеге асырды. Ұлттық жалпы өнім жылма-жыл орта есеппен 10-13% артып отыр. Халық бұқарасының материалдық жағдайын жақсарту жөнінде әжептәуір іс істелуде (жұмысшылардың, ауыл шаруашылық еңбеккерлерінің, мұғалімдердің жалақылары көбейтілді), 1976 жылы қаңтарда Г.Родригес Лара өз еркімен орнынан түскеннен кейін елді басқарып отырған Жоғарғы әскери совет бұл бағытты жалғастырып келеді.

Шаруашылығы. Экуадор - аграрлы ел. Экономикасы шетел капиталына (негізінен АҚШ және Ұлыбританияға) тәуелді. Жалпы өнімнің 22,1%-і ауыл шаруашылық, ағаш, балық шаруашылықтарынан, 19%-і өңдеу өнеркәсібінен, 6,9%-і тау-кен өндірісінен, қалғаны құрылыс, транспорт, байланыс, саудадан т. б. салалардан түседі (1975).

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығында ірі жер иеленушілер үстем; олардың қолында барлық ауыл шаруашылық жерінің 37%-інен астамы шоғырланған. Территориясының 10%-не жуығы өңделеді. 1975 жылы негізгі ауыл шаруашылық өнімдері (мың т) банан 3300, какао дәні 70, кофе 76, қант құрағы 5786, картоп 450, жүгері 146, күріш 363, бидай 55, арпа 63, бұршақ 40. 1975 жылғы мал басы (мың): мүйізді ірі кара 2710, қой 2100, шошқа 2490. 1974 жылы 174,4 мың т балық және теңіз өнімдері дайындалды.

Өнеркәсібі. Мұнай айыру (Ла-Либертад және Каутиво), тамақ (Куэнка, Гуаякиль, Манта), мата тоқу (Кито), цемент з-дтары, майдагерлік кәсіпшілік орындары бар. 1975 жылы 8,1 млн. т мұнай өндірілді. 1,2 млрд. квт-сағ электрэнергиясы алынды. 583 мың т цемент шығарылды.

Транспорты. Автомобиль жолының ұзындығы 22,3 мың км, теміржолының ұзындығы 1151 км (1974), сауда флотының тоннажы 57 мың бр. рег. т (1972).

Сыртқы саудасы. 1975 жылғы экспорты 897,1 млн. доллар, импорты 824 млн. доллар болды. Сыртқа мұнай, банан, какао, кофе, қант, теңіз өнімдері шығарылады. Өзі өнеркәсіптік шикізаттар және жартылай фабрикаттар, құрылыс материалдарын, машина және жабдықтар алады. Сыртқы сауда серіктестері - АҚШ, Жапония және көршілес елдер.

Ақша өлшемі - сукре.

Денсаулық сақтау ісі. 1973 жылы әр 1 мың адамға шаққанда туған бала саны 35,1, өлген адам саны 9,5, тірі туған әр 1 мың баладан өлгені 75,8 болған. Елде инфекциялық және паразиттік аурулар, оның ішінде оба, сары безгек, бөртпе сүзеке дәуір көп тараған. Бұлардан кейінгі орында іш сүзегі, қылау, сіреспе, венералық аурулар тұрады. Таулы аудандарда бұғақ ауруы кездеседі. 1973 жылы 13,6 мың төсектік (10 мың адамға 20,9 төсек) 217 аурухана мекемелері, оның ішінде 11,5 мың төсектік 108 аурухана мемлекеттік қарамағында болды. 1972 жылы 2 292 дәрігер (2,8 мың адамға 1), оның 50%-і мемлекеттік мекемеде, 531 дәрігерлерге көмекші, 271 тіс дәрігері, 80 фармацевт, 133 акушер, 5,5 мың орта білімді медицина қызметкерлер жұмыс істеді. Дәрігерлерді университеттердің 5 медицина факультеті (1972) дайындайды. Мемлекеттік бюджеттің 2,4%-і денсаулық сақтау ісіне жұмсалды (1972).

Оқу-ағарту ісі. 1976 жылы сауатсыздар 30% болды. 1976 жылы 6-15 жас арасындағы балалардың 50%-і мектепте оқыды. 1971 жылы балалар бақшасында 14 251 бала тәрбиеленді, 395 тәрбиеші жұмыс істеді. 1972 жылы 6-11 жастағы балалардың 96%-і 6 жылдық бастауыш мектепте, 12-17 жастағы балалардың 24%-і орта мектепте оқыды. 1973 жылы Экуадорда 8062 бастауыш мектеп, онда 1 091 102 оқушы болды. 1973 жылы орта мектепте 194 009 оқушы, бұлардың жалпы білім беретіндерінде 152 194 оқушы, кәсіптік мектептерде 35 893 оқушы, педагогикалық училищелерде 5 299 оқушы болды. Экуадорда 13 университет, 2 ұлттық политехникалық мектеп, университеттен тыс қары 5 жоғары оқу орны, 5 көркем өнер және музыка мектеп болды. Экуадордың ең ірі орталық университеті Кито қаласында (1769 жылы ашылған). 1975-1976 оқу жылында 25 мың студент оқыды, 920 оқытушы жұмыс істеді. Экуадор жоғары оқу орындарында 1975-1976 оқу жылында барлығы 42 394 студент оқыды. Экуадордың ең ірі кітапханасы да Кито қаласында (1792 жылы құрылған, кітапқоры 55 мың дана). Экуадорда 12 музей бар.

Әдеб.: Латинская Америка в прошлом и настоящем. М., 1960; Гонионский С. А. Латинская Америка и США. 1939-1959 М., 1960; Экуадор. Историко-этнографический очерк, М., 1963; Война за независимость в Латинской Америке, М., 1964; Гонионский С. А. Очерки новейшей истории стран Латинской Америки, М., 1964; VIII съезд Коммунистической партии Экуадора, (пер. с исп.) М., 1970; Фостер У.З. Очерки политической истории Америки, пер. с англ., 2 изд., М. 1955; Томас А. Б. История Латинской Америки, пер. с англ., М., 1960.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-01-09 16:40:27     Қаралды-1484

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »