UF

ШОТЛАНДИЯ (Scotland) - Ұлыбританиядағы тарихи аймақ (17 ғасырдың орта шеніне дейін тәуелсіз мемлекет болды). Ұлыбритания аралының солтүстік бөлігінен және оған жанасып жатқан ұсақ аралдардан, сондай-ақ Гебрид, Оркней және Шотланд аралдарынан құралады. Жері 78,7 мың км2. Халқы 5,4 млн. (2018), негізінен шотландиялықтар. Әкімшілік орталығы - Эдинбург қаласы. 33 графтыққа бөлінеді. Мемлекеттік тілі –ағылшын тілі. Дінге сенушілерінің дені пресвитериан шіркеуіне жатады.

Тарихы. Шотландия жерін біздің заманымыздан бұрынғы бастапқы жүз жылдықтарда кельт тайпалары қоныстана бастады. Никтлер де Шотландияның ежелгі тұрғындары болып саналады. Жаңа заман басында таптық қауым белгілері пайда бола бастады. Шотландия бірнеше реет римдіктердің сәтсіз шабуылына ұшырады.

5 ғасырдың соңы - 6 ғасырдың басында Шотландияны Ирландиядан келген скоттар [«Шотландия» (Scotland – скоттар елі) осы атаудан шықты] қоныстана бастаған болуы керек. Британиядағы англ-сакс басқыншылығы (5-6 ғ.) кезінде бриттердің дені Шотландияға ығыстырылды. 7 ғасырда Шотландия территориясына англдар басып кірді. 11 ғасырда шотланд корольдығы қалыптасты. 11 ғасырдың 2-жартысында Шотландия Англиядағы норманн басқыншыларының шабуылына ұшырады. Шотланд королы Малькольм III (1058-1093) өзін ағылшын королы Вильгельм I Басқыншының вассалымын деп атады. Басы байлылыққа душар болған Шотландия шаруалары бірнеше рет көтеріліске шықты (1130, 1131, 1161, 1175). Оңтүстік Шотландияда қолөнері мен сауда дами бастады. Қала тұрғындарының саны бірте-бірте көбейе түсті. 1306 жылы Шотландияда Роберт Брюстің (Роберт I деген атпен король болып жарияланды, 1306-1329) басшылығы мен қайтадан көтеріліс басталды. 1314 жылы 24 маусымда Баннокберн маңында болған шайқаста Эдуард II бастаған ағылшын әскерін күл-талқан етті. 1323 жылы көктемде Англия Шотландиямен бітім жасасып, Роберт І-ні Шотландия королы деп таныды. 1328 жылы қыркүйекте Нортхемптонда жасалған келісім бойынша, Англия Шотландияның тәуелсіздігін мойындауға мәжбүр болды. 13 ғасырдың соңы - 14 ғасырдың басында шотланд парламенті құрылды. Бірте-бірте шотланд халқы қалыптасты. 14 ғасырдың аяғында Шотландия қайта басталған соғыстарда Англиядан жеңілді. 16 ғасырда Оңтүстік Шотландияда капиталистік қатынастар пайда бола бастады, ал Солтүстік Шотландияда (таулы аймақтарында) ұзақ уақыт кландық қатынастар сақталды. 16 ғасырдың ортасында Шотландияда пресвитериандық формадағы кальвинистік реформация өріс алды. Жаңа парламент кальвинизмді Шотландияның мемлекеттік діні деп жариялады. Жоғары шіркеулік билік жергілікті синодтар мен шотландтық бас ассамблеяның қолына шоғырланды. Шіркеу иелігін секуляризациялау шаруаларды жерсіздендіру мен қатар жүргізілді.

Ағылшын тағына Стюарттардың шотландтық әулетінің бекуіне байланысты (1603), Шотландия жеке уния құрып, Англиямен бірікті. Абсолюттік үкімет Шотландияда үстемдік орнатып, оны нығайтуға тырысты. Шотланд парламентінің правосына шек қойылды. 1609 жылы епископтардың билігі күшейтілді. 1637 жылы шілдеде Шотландияда Англияға қарсы көтеріліс басталды. Өкімет билігі іс жүзінде Мемлекет комитет қолына көшті. Король Карл I көтерілісті қарулы күшпен басуға тырысты, бірақ Шотландияға қарсы басталған соғыста (1639-1640) жеңіліске ұшырады. Шотландиялықтардың корольға қарсы соғысы Ағылшын буржуазиялық революциясының (17 ғ.) басталуына түрткі болды.

Революцияның алғашқы кезеңінде шотланд пресвитериан-ковенанторлары корольға қарсы Ұзақ парламентпен одақ жасасты. Шотландия феодалдық ақсүйектер мен буржуазия арасындағы шиеленіскен азамат соғысы ошағына айналды. Дегенмен революцияның тереңдей түсуінен қорыққан дворяндық жоғары топтар 1647 жылы ағылшын королы Карл І-мен құпия келісім жасады.

Англия жеріне кірген шотландиялықтар армиясы Престон маңында О. Кромвель басқарған әскерлерден күйрей жеңіліп (1648 жылы 17-19 тамыз), түгел ағылшындарға берілді. 1650 жылы 22 шілдеде Кромвель армиясы Шотландия жеріне басып кіріп, 3 қыркүйекте шотланд әскеріне Данбар маңында қатты соққы берді. 1651 жылы Вустер маңындағы шайқаста шотланд армиясы тағы жеңілді. Сөйтіп, 1654 жылы 12 сәуірде Шотландия Англиямен ресми түрде бірікті. 1707 жылғы уния бойынша Шотландия түгел Англияға қосылып, шотланд парламенті жойылды.

18 ғасырдың қарсаңында Шотландия өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының дамуы жөнінен Англиядан едәуір артта қалды. 18 ғасырдың 3-тоқсанының ақырынан басталған өнеркәсіптік төңқеріс нәтижесінде Шотландияда жоғары дәрежеде дамыған капиталистік өнеркәсіп пайда болды. Сонымен бірге өнеркәсіптік төңкеріс бұқара халықты едәуір күйзелтті. 18 ғасырдың соңы - 19 ғасырда Шотландияда тоқыма өнеркәсібі тез дамыды. 19-20 ғасырлардың басында кен-металлургия өнеркәсібі, кеме жасау өнеркәсібі дамыды. Оңтүстік Шотландия Ұлыбританияның өнеркәсіпті аудандарының біріне айналды. 19 ғасырда Шотландияда жұмысшы қозғалысы өріс алды. 1804-1805 жылдар бүкіл Шотландияда тоқымашылар ереуілі, 1816-1817 жылдар Глазгода жұмысшылар мен әскерлер арасында қақтығыстар болды. Шотландия жұмысшылары чартистік қозғалысқа (қ. Чартизм) белсене қатысты. Шотландияның көптеген қалаларында (Глазго, Эдинбург т. б.) чартистік ұйымдар пайда болып, олардың көпшілігі 1840 ж. Ұлттық чартистік ассоциацияға қосылды. 50 жылдары Шотландияда тред-юниондардың әрекеті едәуір күшейді. 1858 жылы Глазгода Тред-юниондар советі құрылды. 60 жылдардан бастап Шотландияның саяси өмірінде Либералдық партия жетекшілік роль атқарды. Алдыңғы қатарлы шотланд жұмысшылары 1-Интернационал жұмысына қатысты. Шотландияда социализм идеясы тарай бастады. 1888 жылы Шотланд жұмысшы партиясы (ШЖП) құрылды. 1893 жылы ШЖП Тәуелсіз жұмысшы партиясының құрамына енді 1897 жылы Тред-юниондардың шотландтық конгресінің негізі қаланды 1903 жылы Социалистік жұмысшы партиясының ұйымдасты. 1-дүние жүзілік соғыс кезінде Шотландияда жұмысшы қозғалысы жаппай өріс алды. Бұл қозғалысқа Британ социалистік партиясы мен Социалистік жұмысшы партиясының мүшелері басшылық етті. Клайд ауданында жұмысшылар күресінің жаңа формасы - шоп стюартт (цех және фабрика старосталары қозғалысы пайда болды.

Әдеб.: Скотт В. История Шотландии. т-р. о англ., ч. 1-3, СПБ, 1831; Трамп Д. и Бивер С. Британские острова. Географический и әкономический обзор, пер. с англ., М., 1948.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2019-12-13 16:27:37     Қаралды-3085

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »