UF

Қабылбек 1898 жылы ақпанда Сырдария облысы, Әулиеата уезінің Құрағатын болысы №5 Үйтал ауылында дүниеге келді. Бұл кездері оның әкесі Сарымолда 50 жасқа келген, қарамағында 10 кісіден құралған семья мүшелері болып, орта мал шаруашылығына (жүзге жақын қойы бар) ие болған шаруа еді. Ол өз ауылының көзге көрінген абыройлы өкілдерінің бірі болып, көп жылдар оқытушылықпен айналысты. Сарымолда деп аталуының өзі де негізсіз емес еді, өз білімін тынымсыз жетілдіріп жаңа оқу әдісін меңгеріп, оқушыларының сауатын көтеруде үлкен құрметке бөленді. Ұстаздық ету ең алдымен өзінің терең білімге ие болуын қажет деп санаған Сарымолда оқытудың жаңа істеріне көп көңіл бөлді. Балаларының сауатылығына ерекше мән берді. Жастай Қабылбекті оқуға қызықтырып, 10 жасында Меркедегі орыс-түзем мектебіне береді.

Қабылбек өз ана тілі мен орыс тілін терең меңгергендігін байқатып, үздік оқушы ретінде екі класты бір жылда бітіре алды. Оқуға зерек, дарынды жас түлек Әулиеатадағы жоғары бастауыш училищесіне қабылданды. Бұл жерде Қабылбектің оқуға деген қызығуы арта түсті, тез арада оқушылар арасындағы үлгілі мінезімен, жоғарғы дәрежедегі білімімен училищедегілер арасында абыройы арта түсті. Ол оқуды еңбекпен байланыстырып бару мүмкіндігіне де ие болды. Оқудан тыс кезеңдерінде, түрлі мекемелерде қызмет істеу, төменгі сынып балаларының сауатын жетілдіруге жәрдем көрсетумен шұғылданады. Ата-анасының ауыр тұрмыс жағдайларын ескере отырып, оларға қол жайып отырмай өз табысына ие бола бастады.

Ертелі-кеш еткен еңбегінің нәтижесінде Қабылбек ауыртпалықтарға қарамай өз табысымен 1914 жылы жоғарғы бастауыш училищені үздік бағамен аяқтайды.

Қабылбек өз білімін жалғастыру ниетінде болды. Алайда 16 жасқа толған жас өспірімнің оқуды жалғастыруға мүмкіншілігі болмады. Себебі ел ішіндегі 1914 жылғы жүзеге келген ауыр жағдайлар жас Қабылбектің өмірінің бетбұрылыс кезеңіне алып келді Патшалық Россияның бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысуына байланысты. Әулиеата өлкесін талап-тонау бұрынғы кезеңдерден күшейіп, ауықымды сипат алды. Патша әскері үшін киіз үй мен киіз бұйымдар, азық-түліктер, ат-көліктер мен түйелер есепсіз алып кетіліп отырылды.

Соғыс ауыртпалығы Әулиеаталықтардың да қатты күйзеліске түсуіне, наразылықтардың өрістеуіне түрткі болды. Әрине, бұл жағдайлар Қабылбектің өмір мектебінен алған сабақтары болды. Пайғамбар жасына келген әкесі Сарымолда мен оның туыстарының Әулиеата уезіндегі Құрағатын болыс аймағында соғысқа, қымбатшылыққа және жақындап келе жатқан ашаршылыққа қарсы наразылықтары Қабылбектің де бойын билеп алды.

Ахмет Байтұрсыновтың 1913 жылдың өзінде «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды», - деген сөзі Қабылбектің де көкейінде үлкен бір түйін болып қалған еді.

Қазақ даласында жалпы ұлттық дағдарлыс пісіп-жетіле бастаған кезде, 1915 жылы Қабылбек Меркеде почта конторына қызметке орналасып, 1916 жылдың желтоқсан айына дейін қызмет істеді. Қоғамдағы тайталас бұқаралық сипат ала бастаған кезде почта қызметкерлерінің халық толуы кезіндегі орны ерекше мәнге ие болды. 1916 жылғы маусымның 25-індегі Патшаның жарлық мағлұматынан Меркедегі почта қызметкерлерінің бірінші хабардар болуы, Түркістан өлкесінен 500 мыңнан астам жігіт алынуы көзделгендігі Қабылбектің де ашу-наразылығын күшейтті. Патша жарлығына жауап ретінде барлық аймақтықпен бір мезгілде Меркедегі халықтардың көтерілісі үйлесіп кетті. Әулиеата уезіндегі жер-жерлерде көтерілісшілер жасақтары құрылып жатты.

Сарымолда туыстары да Құрағатын болысындағы Үйтал аулында қара жұмысқа шақырылушы жастардың тізімін тартып алып, жойды, борышқорлық және салық хаттарын өртеп жіберді, болыс басқармаларын талқандады. Патша әскерлерімен қақтығысқа түсті. Көтеріліске шыққан халықтың әрекетіне Мерке ауданындағы Құрақты болысының бұрынғы болысы Ақкөз Қосақов жетекшілік етті. Бұл жердегі көтерілісті басып-жаншу үшін келген Куропаткин көп күш жұмсады.

Генерал-губернатордың бұйрығын бұлжытпай орындаушы жазалау отрядтары Әулиеата уезіндегі көптеген кісілерді қырғынға ұшыратты, қамауға, алды, ауылдар мен қыстақтарды қираған үйіндегіл- ерге айналдырды.

Бұл кезде Қабылбекті оқиғаларға жетекшілік еткізбеу мақсатымен жергілікті почта басшылары оны қатты қадағалап, жанында күзетіп жүру үшін төрт орыс почта қызметкерлерін біріктіріп, Меркеден ұзақтатып Алматыға «жолсапарға» жіберттіреді. Қабылбекті қатты күзеткен «серіктері» оның көп айлар бойы еліне оралуына мүмкіндік бермеді.

Алайда желтоқсан айында олардан қашып құтылған Қабылбек қаһарлы қыстың суығына ұшырап Меркеде қатты ауырады. 1917 жылы қаңтар айының почта Қызметімен бүтіндей қоштасады. Ол Меркеге оралған кезінде туыстарының басына түскен қайғы мен қасірет, тарихтан оқыған жоңғар шапқыншылығы кезіндегі қасіретті жылдарды есіне түсірді, жерлес және туыстарының жағдайларын, көптеген бейкүнә адамдардың атылғанын ауылының өртеніп күлтөбеге айналғанын көріп, оның үстіне «бүлікшілердің» мүлкі мен жері тәркіленгенін біліп, ел басына түскен ауыртпашылыққа қарсы белсене қатысады.

1917 жылы Әулиеата (қазіргі Тараз) мен Меркеде «Қазақ жастарының революцияшыл одағы» құрылды. Бұл одаққа белсене қатысқан Қабылбек отаршылыққа қарсы күреске белсенділік көрсетті. Жергілікті жерлерде демократиялық күштерді топтастыру ісіне қатысты. Болыс басқармашыларынан олардың реквизициялау мен мобилизациялау кезінде тонап алған мал-мүлкін, жерлерін жергілікті халықтарға қайтарып беруді талап етті. Бұл күрес жолында болыс басшыларының айыпталуымен біраз уақыт түрмеде де жатып шықты. Алайда түрме жазасы оның азаматтығы үшін күрестегі қайтпас қажырлығын арттыра түсті. Зорлықшыл биліктің бұл қоқанлоққысы күреске ширыққан Қабылбектің жүрегін шайлықтыра алған жоқ.

1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін Кеңес өкіметін орнату жолында жанқиярлықпен күресті. Бірқатар жергілікті жерлерде үгіт-насихат ұйымдастырушылық қабілеттілігінің күштілігінен шаруа депутаттарының Кеңестерін ұйымдастырды. Меркедегі уездік Кеңесін түзуде ерекше көзге көрінді. Нақ осындай Кеңестер Әулиеата өңірінде пайда болды. Ал 1917 жылғы желтоқсанның 1-інде Кеңестердің Әулиеата уездік съезінде өкімет билігінің Кеңестерге көшкені туралы шешім шығарылды. Түркістан өлке съезіне өкіл етіліп Әулиеата уезінен Сарымолдаев Қабылбек сайланды. Түркістан өлкелік VІ-VІІ съездерінде (1918,1919 ж.ж.) Түркістан Орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланды.

1918 жылы өлкедегі ең шешімі табылмай жатқан мәселелердің бірі халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету еді. Бұл өзекті мәселе бойынша жаңадан түзілген Түркістан азық-түлік Халық комиссаратының мүшесі ретінде Сарымолдаев Қабылбек елеулі мәселелерді амалға асырды. 1918 жылдың қыс айының жақындап келе жатқандығын ашаршылық ажалынан халықты сақтап қалу шараларын іздестірді, жер-жерлерде ашаршылыққа қарсы күресу бейімдерін ұйымдастыруда жетекші роль атқарды.

Сол кездегі Түркістан өлкесінде ашаршылыққа қарсы күрес орталық комиссияның төрағасы Тұрар Рысқұловпен қоян-қолтық жұмыстар атқарып, кейінірек осы комиссияның басқау жұмысын 6 ай басшылыққа алды. 1918-1919 жылдардағы әрекеттер нәтижесіне көптеген ашаршылыққа ұшыраған кісілерді, әсіресе жас балаларды өлім ажалынан алып қалумен бірге олардың келешегіне мүмкіншіліктер тудырды.

1919 жылы тамыз айынан бір жыл Әулиеата уезд атқару комитетінде төрағалық қызметінде үлкен істерді орындады. Сол жылдары анасы-Айнаш кеңесімен Майнұрмен отандасуы Мүхтарбек атты сәбидің, кейінірек Зульфия есімді қызының дүниеге келуі оларды шексіз қуанышқа бөледі.

1921 жылы ақпаннан 1922 жылдың ақпан айына дейін Орынбор қаласында Қазақстанның Ішкі Істер халық комиссариатының төрағасының орынбасары болып қызмет істеді.

Кейін Түркістан Республикасына қайта оралып Алматы облыс атқару комитетінің, Сырдария облысы атқару комитетінің төрағасы болып, 1924 жылдың наурыз айына дейін қызмет етті. 1924 жылы Түркістан Республикасының оқу-ағарту комиссариатының бірінші комиссары болды.

Өз кезінде елім деп еңбек еткен, өзің ұйымдастырушылық және саяси білімі арқылы Қ.Сарымолдаев сол кездегі түркістандық дарынды тұлғалары Т.Рысқұлов, С.Қожанов, Н.Төреқұлов, С.Асфендиаров сияқты ардагерлерімізбен қызметтес болған ұлттық демократиялық интелегенциямыздың тарихында өшпес орынға ие.

Ол жазықсыз жаламен 1937 жылы қуғын-сүргіннің қурбаны болды. Зайыбы Майнұр да сол кезде НКВД тергеушілерінің «күйеуіңнен бас тарт, оны жаманда, сонда қамаудан құтыласың» деген құтыртқы уағыз сөздеріне қарсы өзінің адал жар екендігін, опасыздардан еместігін білдіріп сегіз жылға сотталып, Қарағанды лагеріне қарасты 26-ншы үрмесінде бірқанша қиындықтарды басынанкөшірді.

Халық жауының қызы атанған Зульфия да көп зардаптарды бастан кешірді. Әке-шешесінің ақтау қағазын қолына алып, жала мен сатқындықтың бұғауынан босады.

Әдеб.: Тілеуқұлов Г. Жазықсыз жазаланған тұлғалар. -Ташкент, 2000. -Б.18-25.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2019-12-03 13:54:23     Қаралды-3372

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »