UF

Тұғыры биік түркістандық тулғалар көп-ақ. Соның бірі - Тұрар Рысқұлов. Ол 1894жылы Жетісу облысы Верный уезіндегі Шығыс Талғар болысының кедей қазақтың отбасында дүниеге келген еді. Әкесі Рысқул Жылқыайдарұлы байдың қосшысы болған.

Әкесі Рысқұл Жылқыайдарұлы ақ патша әкімшілігінің халыққа тізесі батқан өкілінің бірі - Үшкемпіровты өлтіріп, журт ішінде аты кеңінен тараған кісі еді. Міне бұл оның қудалануына басты себептің бірі болған. Содан түрмеге жабылған Рысқул Саймасайдың ауқатты да әлді, жуан туқымы «қанға қан, жанға жан» деп баламды өлтірер деген қауіппен жасы енді ғана онға жеткен Турарды өзімен бірге Верный түрмесіне ала барады.

Турар 1905-1907 жылдары Верный түрмесіне соттың шешімін күтіп жатқан әкесімен бірге болды. Ол түрме басшысының отын жағып, суын тасып жүретін. Осы жерде Турар орыс тілін үйрене бастады. Әкесің конвоймен Сахалинге айдағаннан соң, Үшкемпіровтың туыстарының кек алуынан қорқып, туыстары Тұрарды алып қазіргі Жамбыл облысы Мерке ауданының орталығына көшіп келген.

Тұрар Рысқұлов осы жерде бір байдың қойын баққан. 1907 жылы оны нағашысы Қырғызбаев деген фамилиямен үш жылдық орыс-қазақ мектебіне береді. Бала қабілеттілік көрсеткендіктен ол Пішпектегі ауыл шаруашылығы мектебіне қабылданып, бағбан мамандығын алып шығады. 1916 жылы Тұрар Рысқұлов Ташкенттегі оқытушылар институтына кіру үшін емтихан тапсырды. 20 тамызда арифметикадан жазба сынақ, 21 тамызда «Моңғол-татар зұлымының аударылуы» (орыс тілінде) деген тақырыпта шығарма жазады және сол күнгі орыс тілінен сын жұмысын жазған, келесі күні геометрия пәнінен жазба сынақ тапсырған. Сынақтан жоғары бағамен өткеннен кейін, оның арызы лайық деп табылып, 24 қазанда институт оған киім-кешек алуы үшін 70 сом пұл ажыратады. Институттың бірінші курсын толық аяқтап, 1917-1918 оқу жылында 2 курсты бітіруіне мүмкіншілік болмай оны аяқтай алмай қалады. Кейін Ташкент педагогика институтын сырттай бітіреді.

Қазақстан мен Орта Азияда етек алған 1917 жылғы көтеріліс Әулиеатаны да тік тұрғызды. 22 жасар ол осы көтеріліске белсенді қатысып, арада біраз уақыт өткен соң ақ патшаның түрмесіне түседі.

1917 жылғы ақпан оқиғаларынан соң Рысқұлов түрмеден шығып, саяси өмірге қайта араласады. Ол қазақ жастарының революциялық «Бұхара» деген одағын құрып, оған өзі тікелей басшылық етті. Содан, 1918 жылы Әулиеата уездік кеңесінің төрағасы, әрі уездегі партия ұйымын үйымдастырушыларының бірі болды. Сөйтіп ол, 1918 жылдың шілдесінде Ташкентте ашылған Түркістан Республикасы Кеңестері өкілдерінің съезіне қатысады да, онда Түркістан Республикасы Орталық Атқару Комитетінің мүшелігіне сайланады. Әрі денсаулық сақтау Халық комиссары болып тағайындалады. Тұрар Рысқүлов 1918-20 жылдары Ташкентте ТүркістанОрталық Атқару Комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет атқарумен бірге, Түркістан Республикасы Өлкелік партия Комитеті Президиумының мүшесі, сондай-ақ, 1920 жылдың ақпан айында өмірге келген Өлкелік Мұсылмандар Бюросының төрағасы міндетінде қоса атқарады. Оның үстіне 1918 жылдың 28 қарашасында Түркістан Орталық Атқару Комитеті Түркістан Республикасында аштықпен күресу жайлы Төтенше комиссия құруға шешім қабылдайды да, оның да төрағасы етіп Тұрар Рысқұловты сайлайды.

Тұрар Рысқұлов 1920 жылдың қаңтарында Түркістан Орталық Атқару Комитетінің төрағасы болып сайланды, Ташкентте осындай қыруар қызметтер атқарады. Оның үстіне 1918 жылдың 28 қарашасында Түркістан Орталық Атқару Комитеті Түркістан Республикасында аштықпен күресу жайлы Төтенше комиссия құруға шешім қабылдайды да, оның да төрағасы етіп Тұрар Рысқұловты сайлайды.

Тұрар Рысқұлов 1920 жылдың қаңтарында Түркістан Орталық Атқару Комитетінің төрағасы болып сайланды, РКП (б) Орталық Комитетіне шақырылғанға дейін, Ташкентте осындай қыруар қызметтер атқара жүріп, өзінің биік парасат, терең ойлы, білімділігімен, аса қырағы, өжет, әділдігімен, нағыз азаматтығымен көзге түсіп дараланды.

Ол 1921-22 жылдары РСФСР-дың Ұлт Істері жөніндегі Халық Комиссариатында қызмет атқарды, кейінірек сол Комиссариаттың екінші орынбасары лауазымында істеді. Кейін, Орталық Комитетінің ұйғарымы бойынша, арада жыл өткен соң қайтадан Ташкентке келеді де, 1922-24 жылдар аралығында Түркістан Республикасы Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы қызметін атқарады. Сондай-ақ, Орталық Атқару Комитеті Азия Бюросының да мүшесі болады.

Сонан соң, Тұрар Рысқұлов Моңғол Халық Республикасының құрылуына байланысты 1924-1925 жылдары сонда болып, онда Республика Конституциясын жазуқа атсалысумен бірге, ол ел астанасының атын “Ұлан Батыр” деп қойылуына тікелей мұрындық болады. Сондай-ақ Орталық Комитетінің шешімімен ол, 1926 жылдың наурызынан бастап Қазақстан Өлкелік партия комитетінің қарауына жауапты жұмысқа келеді де, сонда қазақ өлкелік комитеті баспасөз бөлімінің меңгерушісі, әрі "Еңбекші қазақ” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газетінің жауапты редакторы болып тағайындалады.

Шындығында да қай істе де өзінің асқан табандылығы мен білімділігін, кемеңгер де кемелділігін, биік талғам мен парасаттылығын таныта алған Тұрар Рысқұлов 1926 жылдың 27 мамырынан Орталық Комитетінің қаулысымен РСФСР Халық Комиссарлар Кеңесі төрағасының үшінші орынбасары болып тағайындалады да, оны 1937 жылдың аяғына дейін жалғастырады.

Т.РЫСҚҰЛОВ АШАРШЫЛЫҚҚА КАРСЫ КҮРЕСТЕ

1917 жылдың күзінде Түркістан өлкесінде ашаршылық басталды.

Жаңа орнаған Кеңес өкіметі адамдарға тез арада жәрдем көрсетуге кірісті. Мұны Әулиеата уездік атқару комитеті төрағасының орынбасары Тұрар Рысқұлов қауырт істердің ең негізгісі деп білді. Бұл жұмысқа ол бар ынтасымен кірісті. Елдегі адамдарды ашаршылық азабынан өліп кету қаупінен сақтап қалу үшін батыл шаралар көріп, бар күш- жігерін жұмсады және бұл іске көпшілікті жұмылдырды. Бай адамдардан ептеп астық алып, аштықтан жүдеген, әлдері құрыған адамдар үшін тамақтану орындарын ашты. Ташкент уезінің Дүрмен, Піскент, Шыназ, Шарапхана, Жаңабазар, Сенбібазар, Ташлақ т.б. селоларда 10000-ға жуық адамды тамақтандыру үшін арнаулы тегін тамақ беретін асханалар жұмыс істей бастады. Мұндай асханалар Шымкент, Әулиеата, Түркістан, Перовск, Самарқан, Каттақорған, Чуст уездерінде де ұйымдастырылды. Сол кезде ашаршылықпен бірге ел ішінде жұқпалы аурулар да кеңінен тараған еді. Сондықіан 1918 жылы 26 қарашада Түркістан Орталық Комитетінің шешіміне байланысты Өлкелік Денсаулықты сақтау Комиссариатының жанынан Тұрар Рысқұловтың басшылығымен ашаршылықпен бірге жұқпалы ауруға қарсы күрес комиссиясы құрылды. Эпидемияға қарсы күрес үшін Түркістан өлкесі бойынша 34 комитет жер-жерлерде қызмет көрсетті. Мысалы: 1919 жылдың 5-ші айы ішінде 160 тамақтандыру орны, 5 аурухана және 31 балалар баспахан асы ұйымдастырылды.

Ашаршылықпен күрестің Орталық комиссиясы окілдері мемлекеттік бюджеттен ақша алып, азық-түліктер ала бастады. Оларға Түркістан Халық Комиссарлар Кеңесі 71 млн. сом қаржы босатты. Бұл ақшалар Төтенше комиссия кезінде Ходжент, Жызақ, Ұратөбе, Самарқан, Наманган, Әндіжан, Түркістан, Шымкент, Әулиеата, Қазалы уездеріне және Ташкент қаласына үлестіріп берілді. Ашаршылықпен күрес бойынша комиссия төтенше хұқықтарға ие болып, ашаршылыққа қарсы күрес жұмысына жоғарыда аталған комиссарларды, мекемелерді, сол сияқты түрлі органдарды белсене қатыстырды.

Тұрар Рысқұловтың басшылығымен Төтенше Комиссия Түркістан өлкесін түгел аралап шығуға аттанды. Ең алдымен Тұрар Хиуаның түстік жағындағы елді мекенді аралаудан бастады. Төтенше комиссия тобы Самарқанда, Ходжентте, Ферғанада, Наманганда, Жалалабадта, Ошта болды. Одан кейін Әулиеата, Шымкент, Түркістан уездеріне барды. Өзі болмаған жерлерге төтенше өкілдерін жіберді Тұрар көбіне аталған жерлерге өзі барып, жағдаймен толық танысқан.

Төтенше комиссия бұл жерлерде көптеген жұмыстар атқарды. Ауылдық жерлерде ұсақ қолөнер шеберханаларын ұйымдастырды. Ходжент қаласына Каттаарық қыстағында жаңғақ бағын жасатып, жаңадан көшет отырғызуды бірнеше күн өзі басшылық жасап, өзінің білгір бәғбан екендігін көрсетті.

Тұрар Рысқұлов бастаған бұл Төтенше Комиссия көп жұмысты орындап, ерекше абыройға ие болды. Бұл қызметтеріне разы болған өлкенің жоғары органдарының ұйғаруымен 1918 жылдың көктемінен ашаршылыққа қарсы Төтенше Комиссия Халық комиссариатына айналды. Рысқұлов бастаған Төтенше Комиссия аштықтан құтқарумен шектелмей, сан алуан жұмыстарды атқарды. Мысалы, Комиссия мынадай жұмыстарды тындырған:

  • Ашаршылыққа ұшырағандардың нақты мәліметін алған.
  • Тегін тамақтану орындарын ашқан.
  • Баспанасыз қалғандарға баспана берген.
  • Жалаңаш қалғандарға киіммен көмектескен.
  • Ауруларға медициналық қызмет берген.
  • Аш, қараусыз балалар үшін колониялар үйымдастырған.
  • Ұста дүкендерін, киім-кешек тігетін шеберханаларын, ағаш шеберханаларын, түрлі заттар жасайтын басқа да шеберханалар ұйымдастырған.

Тұрмыс жағдайлары нашарлап, ашаршылық өріс алған жерлердегі шөп-шалам тамырларын, бүршіктерін т.б. жеген халықты өз көзімен көрген Тұрар Рысқұлов бұл жұмыстан бас тартпай еңбек етіп, өлкедегі 3 млндай халықты аштық ажалынан құтқарып қалуда көп еңбек етті.

Тұрар Рысқұлов Түркістан өлкесінің басшыларының алдына кезек күттірмейтін мәселенің бірі - сауатсыздықты жою мәселесін де қояды. Сауатсыздықты жою, мектеп ашу, мектептердегі сабақ жургізетін мұғалім кадрларды дайындау мәселесін шешетін Төтенше Комиссия құру қажеттігін алға қойды. Оның бұл жөніндегі істеген қызметінің маңызы зор.

Т.РЫСҚҰЛОВТЫҢ АРМАНЫ ЕГЕМЕНДІЛІК ЕДІ

Коп жылдардан бері тарих бетінде орын алйіп, оның түйіні шешілмей келе жатқан мәселе Т.Рысқұловтың 1920 жылдары қаңтар-маусым айларындағы “Түрікреспублика түзу жолындағы ұсыныстарына” байланысты оған жабылған жалалар туралы еді.

1918 жылы 30 сәуірде өлкемізде Түркістан автономиялы кеңес республикасы құрылды, Россияның ажыралмас құрамына айналдырылды.

1919 жылы 8 қазанда Бүкілроссиялық Орталық Атқару Комитеті Халық Комиссарлар Кеңесі және Орталық Комитеті Түркістан істері жөніндегі комиссия құрылуына қаулы алды. Бұл комиссияның құрамында Ш.З.Элиева, М.В.Фрунзе, В.В.Куйбышев, Я.Э.Рудзутак, Г.И.Боки және Ф.И.Голощекин бар оді. Оларға Түркістандағы ұлттық мемлекеттік құрылыс мәселесін дұрыс шешу жөніндегі міндеттер тапсырылған еді. Турккомиссия мүшелері өлкедегі шешілетін көп мәселелерін амалға асуына басшылық жасады. Барлық саясат тізгінін өз қолдарына топтады. Сол кездерде Түркістан өлкесі денсаулық сақтау, ашаршылыққа қарсы күрес комитетін басқарған, мұсылмандар бюросын басқару кызметінде және Түркістан Орталық атқару комитеті президиумының төрағасы қызметін атқарып келе жатқан Т.Рысқұлов, оның төңірегіндегі ел азаматтары жергілікті халықтардың жағдайларын терең түсіне білуі, олардың келешегі жөнінде өздерінің ұсыныстарын талқыға салды, іске асыруға әрекет жасады.

1920 жылы 17 қаңтарда өлкелік комитетінің мұсылмандар бюросының және Турккомиссиясының бірлескен жиналысы болды. Бұл жиналыста өлке территориясында «Түрікреспубликасы», «Түріккомпартиясы» құрылуын ұсынды. Бұл мәселе сол жылы 20-25 қаңтарда Түркістан компартиясының өлкелік V-ші конференциясында және өлкелік мұсылман коммунистерінің ІІІ-ші конференциясында талқыланды. Т.Рысқұлов ұлт мәселесі және ауылдық жердегі істер (жұмыстар) туралы баяндамасында жергілікті халықтардың өз еріктерін анықтау, мемлекет қурылысына белсене қатысатын егеменді өкімет құру мәселелеріне ерекше көңіл бөлді. Конференция аса маңызды күн тәртібіндегі мәселені талқылаудан кейін жалпы талапты ұсыныстарды ескере отырып «Түрікреспублика», «Түріккомпартия» құру қаулысын қабылдады.

Сондай-ақ Конституцияға өзгерістер енгізу туралы айтылды. Конференцияға қатысқан Турккомиссия төрағасы Ш.З.Элиева, Турккомиссия мүшесі В.В.Куйбышевтер де қаулыны қолдап, қуаттады. Тек қана Я.Э.Рудзутак қарсы болды.

Бұл кезде М.Ф.Фрунзе Ташкентте жоқ еді, ол өлкеге келгеннен кейін оның басшылығында бұл мәселеге бүтіндей қарсы күрес алып барды.Тез арада, 1920 жылы 24 ақпанда Москваға хабар жіберіп Түркістан Совет автономиялық Республикасын РСФСР тізгінінде ұстап тұру, «Түрікреспубликасы» деген егемендікті бергізбеу туралы өздерінің жобаларын ұсынып, орталықтың қолдап-қуаттауын өтініш етті.

1920 жылы 8 наурызда Орталық Комитет өз өкілдерінің өтінішін нығайта түсіп “РСФСР-дың Түркістан автономиялық Республикасы” деп аталуы өзгеріссіз қалады деп нұсқау берді.

Алайда Т.Рысқұлов және оның пікірін қолдаушылар конференция қарарынан қайтқан жоқ. Олардың егеменді «Түрікреспубликасы», «Түріккомпартиясы» құру мәселесімен бірге негізгі ұсыныс талаптары: өкімет органдарындағы (құрамындағы) басшылар жергілікті халықтар арасында езуші таптар жоқ, олармен күресу кезеңі емес «езуші» деп аталатындарға қарсы күресу қажетсіз екендігін білдірді, Турккомиссиясының да түгетілуін талап етті. Туркфронттың революциялық әскери кеңесінің еркін межелеу, РСФСР шешетін кейбір негізгі мәселелерді Түркістан атқару комитетінің өз еркіне беруді ұсынды. Түркістан өкіметіне сыртқы сауда, шетелдермен байланыс орнату сияқты мәселелерді шешу еркін беруді талап етті. Бұл ұсыныс пен талаптарды жергілікті халықтар қолдап қуаттады. Т.Рысқұловтың жетекшілік рөлі күн санап арта берді.

1920 жылы мамыр айында Орталық Комитет бұл мәселені талқылау үшін Турккомиссия мүшелерін Рудзутак, Элиеваларды Москваға шақыртты. Өздерінің ең маңызды мәселелерімен, мемлекеттік үкімет және экономикасы туралы қарар жобасымен Тұрар Рысқұлов, Незаметдин Ходжаев және Бех-Инанов делегация құрамында Москваға келеді. Және Бүкілресейлік Орталық Атқару комитетіне 1920 жыл 23 май күні өздерінің қарарын ұсынды.

Ленин делегаттардың қарарларымен танысып шықты. Т.Рысқұлов басқарған делегаттарды қабылдап, олардың пікірлерімен толық танысып, мәселенің тиімді шешілуін іздестіру керектігін аңғартты. 1920 жылы мамыр-маусым айларында Орталық Комитетінің саяси бюросында бұл мәселе төрт рет талқыланды. Орталық Комитет түзген жобаларына Ленин бірқанша қосымшалар енгізіп, Түркістандағы ұлттық саясат маңызды мәселе екендігіне айрықша көңіл бөлді. 1920 жылы 13 маусымда Орталық Комитет өздерінің түзген комиссиясының дайындаған қарарын қабылдады. Т.Рысқұлов түзген қарар қабылданбады. 1920 жыл 29 маусымда Ленин «РКП /б/ның Түркістандағы негізгі міндеттері туралы» деген Орталық Комитет саяси бюросының қарары, Турккомиссияға нұсқау қабыл етті.

Орталық Комитеті шешімімен наразы болған Т.Рысқұлов және оны қолдаушылар ұсыныстарын өткізе алмай Ташкентке қайтып кетеді.

1920 жылы 16-18 маусымда болған партияның илкелік комитеті мен Турккомиссия жиналысында ТуркЦИК төрағасы Т.Рысқұлов, ТуркЦИКпрезидиумы мүшелері Н.Ходжаев, Абдусаттаров, Железновтар наразылығын білдіріп өз еріктерімен қызметтерін тастап кетті.

Келесі күні Орталық комитетіне уақытша Н.Төреқұлов, Айтбаев, Ұстабаевтар Турккомиссия ұсынысымен тағайындалады.

Өз кезеңіндегі болған бұл өзекті мәселе тарихымызда қандай баяндалды, Т.Рысқұлов пен оның пікірін қолдаушылар халқымыздың егеменді ел болып, тәуелсіздікке ие болу жолындағы көтерген мәселесіне тура баға бере алдық па,- деген сұрауға: жоқ, көптен бері түйін шешілген жоқ,- дер едік. Керісінше, Т.Рысқұловтың 1920 жылғы арман етіп көтерген бұл маңызды мәселесін қараладық. Оны «ұлтшыл», «пантюркист», «панисламист», «рысқұловшылар» деген айыптармен жерден алып, жерге салдық. Сол дәуірге байланысты болған тарихи кітаптарда бұл мәселені бөрттіріп көрсетіп, оған «ұлтшыл» деген таңба басылды.

Коммунистік партияның бағытынан шыға алмай, оның нұсқауына бас иіп әдеттеңген тарихшыларымыз жоғарыда көрсетілген тарихи фактыны бірінен екіншісі, екіншісінен үшіншісі көшіріп алып Т. Рысқұловты тілдері жеткенше айыптаумен болды.

Кезінде Орта Азия Коммунистік ұйымының тарихымен, Өзбекстан тарихында, сондай-ақ тарихшы Т.Елеуов, А.И.Зевелев, Р.Х.Абдушукуров, М.Назаров, А.А. Гордиенко тағы басқа бірқанша авторлардың кітаптарында бір жақтама баға берілді. Шындығында Ленин Т.Рысқұловпен болған кеңесінде Орталық Комитетте сөйлеген сөздерінде оның ұлт мәселесіндегі көзқарастарына ерекше көңіл бөлген. Ленин Орталық Комиссияның түзген қарар жобаларына қосымшалар енгізгенде, Тұрар Рысқұловтың ұсыныстарына толық мән берген, оны пайдалана біліп, Турккомиссияға жаңа нұсқаулар берген.

Лениннің Т.Рысқұловты айыптаған бірде бір пікірі болмаған, тек оның ұсынысын қабыл етпегені болмаса, керісінше оның қабілетін жоғары бағалап, мемлекет басқару істеріне толық қатысуына мүмкіндік берген. Т.Рысқұлов 1922-1924 жылдары ТАССР Халық Комиссариаты кейін көп жылдар ұлт мәселесі бойынша РСФСРда қызмет жасады.

1924 жылы көктемде Т.Рысқұлов Коминтерн Аткомы Шығыс бөлімі басқармасының орынбасары болып, кейін 1924 жылдың жазынан 1925 жылы жазына дейін Коминтерннің өкілі ретінде Монғолияда қызмет істеді. Бір жыл Қазақстанда крайкомда баспасөз болімінің меңгерушісі республикалық “Еңбекші Қазақ” газетінің жауапты редакторы болып істеді.

Т.РЫСҚҰЛОВ ТАРИХШЫ

Т.Рысқұлов - халқымыздың тарихындағы күрделі мәселелерге қатысып, өз басынан өткізіп, оның әділетті куәсі болып, тарихи оқиғаларды тура баяндап берген тарихшы.

Орталық Азияның 20-30 жылдардағы тарихы оның өмір тарихымен тығыз байланысты. Ол Орталық Азиядағы халықтардың 1916 жылғы көтерілісіне қатысты. Оның тарихын біріншілер қатарында толық, анық, тура баяндап берді. Көтерілістің ұлт- азаттық сипатын ашық көрсетіп, көтеріліс патшаның отарлау саясатының салдарынан пісіп жетілгендігін тек қана патша өкіметінің 25 маусымдағы жарлығы оның басталуына сылтау болғандығы, көтерілістің өрбу дәрежесі, оның нәтижелері өзінің төрт тарихи еңбегінде көрсетілген. «Из истории борьбы за освобождение Востока» («Восстание киргиз Туркестана против царизма в 1916», «Восстание туземцев Средей Азии в 1916г. в двух частях», Кзыл-Орда, Госиздат Казахстан, 1927ж., тарихи кітаптарында 20-30 жылдардағы Түркістанның өмірі үлкен ділгірлік, ойшылдықпен шынайы жазылған Орталық Азия халықтарының әлеуметтік - экономикалық және мәдениеті жағдайына байлынысты 50-ден астам мақалаларында шындықты көрсете білген үлкен тарихшы екендігін көрсетеді.)

Академик И.И.Минц оның тарихи еңбектерінде баға беріп: «Орта Азиядағы алғашқы кеңес тарихшылардың бірі»,- деп бағалағаны орынды. Тұрар Рысқуловтың муралары әлі терең зерттелуін күтуде. АҚШ-тың Гувер архивінде Тұрар Рысқуловтың «Төңкеріс және Түркістанның түпкілікті халқы» («Революция и коренные населения Туркестана» кітабынан қолжазбасы сақталуда. Т.Рысқуловтың өз қолымен түзеткен 213 беттен туратын машинкада жазылған) бұл қолжазбасын 80 жастағы Роберт Конвенст тарихшы өз кітапханасындағы 1,6 млн. кітаптардың ішіндегі қундысы деп есептейді. Сонымен өзімен Т.Рысқұловтың еңбегінің қаншалықты қунды екендігін көреміз. Сонда үлкен ойлы, үлкен таланттың көзі жеткендігі байқалып отыр ғой.

Т.Рысқұловтың тәуелсіздік жолындағы асыл пікірлері қазіргі дәуірдегі көз алдымызда амалда, даму жолында екендігін ескере отырып, оның 100 жылдық мерейтойы кезінде оның әруағына бас иді.

1994 жылы 28 желтоқсанда Ташкент қаласының әкімінің қарарымен осындағы Бектемір ауданындағы 290-орта мектепке Тұрар Рысқұлов есімі берілді. Осыған арналған салтанатты жыйынға мектеп ұжымы қуттықтауға Өзбекстандағы Қазақстан Республикасының өкілетті елшілігінің қызметкері Әсем Сүлейменқызы Беспаева, тарих ғылымының докторы, профессор С.Тілеуқулов, доценттер А.Үкібаев, Т.Өткелбаевтар сөзге шықты. Бұл мектептің Қазақстанның Тараз қаласымен байланысы нығаюда.

Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектеп Ташкент қаласының оңтүстік шығысында, Мухтар Әуезов шындағы көше бойында Абай маһалласында биіктен көрінуде.

Ол жердегі үш жарым мың халықтың тең жартысын қазақтар құрайды, ақсақалдар: Сырлыбаев (Сатыбалды, Убайдулла Сәрсенбаев, мектеп оқытушылары: Қалдыбек Тағаев, Еркін Атабековтер және Бектемір ауданы әкімінің бірінші орынбасары Серікбай Үсеновтар өзбек-қазақ халықтарының мызғымас бірлігі Тұрар Рысқұлов аңсағандай мақсат жолында еңбек етуде.

Орталық Азия мемлекеттері ел басшыларының жиі-жиі кездесуі аса маңызды қаулылар қабылдап, түркі тектес халықтардың тәуелсіз ел болып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып өрлеу жолына бағыт алуы Т.Рысқұловтың аңсаған арманының алғашқы қутты күндері дейміз. 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2019-12-03 12:36:41     Қаралды-8491

БӨЛШЕКТЕР ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Алдымен бұлар «жай бөлшектер» деп аталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕ ЖҮЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ ЦИРК ҚАШАН ЖӘНЕ ҚАЙ ЖЕРДЕ АШЫЛДЫ?

...

Қазіргі кездегі заманауи цирктің әкесі - ағылшын кавалеристі аға сержант Филип Астли

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЕТРО ҚАЙ ЖЕРДЕ ЖӘНЕ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Метро - теміржол көлігінің бір түрі, оның жолдары көшелерден алшақ, көбінесе жер асты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЫСЫҚТАР ҚАШАН ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫНА АЙНАЛДЫ?

...

Соңғы уақытқа дейін ежелгі мысырлықтар мысықтарды алғаш қолға үйреткен деп есептелді

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КІРПІШ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Пісірілген балшықтан жасалған бұл әмбебап құрылыс материалы

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ОТТЕГІ ҚАЙДАН КЕЛЕДІ ЖӘНЕ ОЛ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

...

Оттегі - жер бетіндегі ең көп таралған химиялық элементтердің бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДӘПТЕР ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Мектеп дәптерлеріне ата-әжелеріңіз, аналарыңыз бен әкелеріңіз жазған

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ПЛАНЕТА ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Біздің планетамыз шамамен 4,5 миллиард жыл бұрын пайда болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ПЛАНЕТА ҚАЙСЫ?

...

Күн жүйесіндегі ең үлкен планета - Юпитер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »