UF

ХIX ж ғасырдың соңында Түркістан өлкесінде жасаған халықтардың тұрмысы өте төмендеп, құлдырап кетті. Патшалық Ресейдің зорлық-зомбылығы күн сайын үдей түсті, еңбекшілердің өмірін күйзеліске ұшыратты. Төзімі таусылған халықтардың наразылығы өрши түсті. 1892 жылы Ташкентте, 1989 жылы Әндіжанда болған азаттық көтерілістердің көлемі бүкіл Түркістанға кең таралған еді. Самарқан облысының 12 уезінде етек алған көтеріліс Жыззақ уезін қамтып алды. Осы бір халықтың азаттық үшін орналасып жатқан кезінде, жанұялардың кейбіреулерінде қуанышты уақыттар болып жатты. 1894 жылы Жыззақ уезінің Пістемтау облысы 5-ші аулында орта шаруашылықпен шұғылданып жүруші Серғазының үйінде үлкен қуаныш болды. Көптен күткен ұл перзент дүниеге келді. Бұл қуанышқа серік болған қоңыраттардың маңғытай әулеті бас қосып, жас нәрестенің құлағына азан айтқызып «Абылай» деген ат бергізді. Халқымыздың ежелден үрдісі бойынша жас нәрестелердің аттары сол дәуірдің арманымен қуаныштарына байланысты қойылатын. Бұл ардақты есімнің берілуі Абылай бабамыздай егемендігімізге, халқымыздың кемеңгер жетекшісі болсын деген ақ ниеттер мен армандарымен байланысты еді. Серғазы баласының атына білімі сай болсын деген ниетпен жастай сауаттылығына мән берді. 8 жасар баласын Самарқандағы орыс-түзем мектебінде оқытты. Оқуға ынталы, қабілеті мол Абылай тез арада орыс тілі, ескі өзбек тілі, парсы тілдерін меңгеріп төрт жылда мектепті ойдағыдай бітірді де Жоғарғы бастауыш училищеге кірді. 1913 жылы училищені үздік бітірген, несие (кредит) мамандығына ие болды. Алғашқы еңбек жолын кіші инспекция іс жүргізуші, кейін осы мекеменің инспекторлық қызметін орындайды. Сонымен бірге тынбай өз білімін жетілдіру үстінде көптеген әдебиеттермен танысты. Ол өзі меңгерген біліміне жете сене отырып, 1916 жылы Түркістан оқытушылар семинариясына оқуға келеді. Бұл оқу орнын экстерн (төтенше) бітіру емтиханын тапсырып, оқытушы деген куәлігіне ие болды. Бұл қуаныш оны және бір қуанышпен жалғастырды. Ол, сол кездерде және халық мүддесінде жүрген жастармен танысу еді. Сол жылы 21 қыркүйекте Т.Рысқұловтың Ташкенттің оқытушылар институтына емтихан тапсырып, 1 курсқа қабылданған кезі еді, ал С.Қожанов Түркістан оқытушылар семинариясында үш жылдай оқып IV класын үздік аяқтау алдында, оның директоры Н.Литпулов қолынан №1215 куәлік алу алдында еді.

(Ескере кететін бір жай сол семинарияның куәлігімен С. Қожанов 1917-1918 оқу жылы Ташкент оқытушылар институтының 1 курсында оқыды). Ташкент қаласында Т.Рысқұлов, С. Қожанов, И. Тоқтыбаевтармен кездесу мүмкіншілігіне ие болған Абылайдың қуанышының шегі жоқ еді. Ташкент қаласы сол кезде оқыған алдыңғы пікірдегі зиялы қауымның бас қосқан ордасы екенін қазақ жастарының жасырын ұйымдарға қатынасып жатқанын, мұғалімдердің «Кеңес» деген ұйымының қалыптаса бастағанын көрді. Сонымен Абылайдың Ташкентке келуі тек қана оқытушылар семинариясын төтенше бітірудегі жетістігімен шектеліп қалмай, ел қамын көздеген, келешекті ұлы тұлғаларымен танысу оның саяси көзқарасының алыптасуына игі әсерін тигізді. Өмір мектебінің және (үлкен сабағынан нәр алуы, 1916 жылы Түркістан өлкесіндегі халықтардың қозғалысымен байланысты болды. Әсіресе өзі мекен еткен Жызақ уезіндегі еңбекшілердің елеулі қозғалысы оның саяси жағынан қалыптасуының ұшқыны болды.

А. Серғазиев 1916 жылы Самарқан, Каттақорған орыс-түзем мектебінің меңгерушісі қызметінен қол үзбей мамырда несие жұмысымен де шұғылданды. Орыс-түзем мектебіндегі мұғалімдердің санын көбейтіп, сапалы білім бергізуге әрекеттендірді. Сонымен бірге оны түрлі ұйымдастыру жұмыстарына да қатыстырып тұратын. Бұл еңбектерінің өрістеуіне Түркістан өлкесінде 1916 жылы шілдеде жарияланған әскери режім 1917 жылғы ақпанға дейін және халықтармен бірге болған наразылығын тоқтата алмады. 1917 жылы ақпан революциясынан кейін Самарқанда жергілікті ұлттардың, мұсылмандардың басын қосқан алғашқы «Иттифоқ» қоғамы ұйымдастырылды. Оның құрамына мамырда кәсіпшілер, қала кедейлері, майда саудагерлер мен қызметкерлер кірді. Самарқан қаласының губернаторы Лукошиннің билігі құлады. Иттифоқ қоғамы күннен күнге күшейе түсті. А.Серғазиев те бұл қоғамның ісіне белсене араласты. Әсіресе халықты ашаршылықтың ажалынан аман алып қалу, оларды азық-түлікпен қамтамасыз ету басты мақсат болды. Себебі 1916 жылғы құрғақшылықтың Самарқан төңірегінде кеңінен орын алуы адамдардың дінкәсін ауыр жағдайға алып келгендігі еді.

Қазан төңкерісінен кейін «Иттифоқ» қоғамы алғашқы Кеңестердің ролін атқарды, көп ұзамай Самарқан уездік-қалалық жұмысшы, солдат және мұсылман Кеңесі деген атпен өзгертілді. А. Серғазиев оқытушылық қызметімен бірге уездік атқару комитеті мүшесі болды, Каттақорған қаласының Ішкі Істер комиссарының орынбасары одан кейін, көп ұзамай оның бастығы қызметін атқарды.

А.Серғазиев өзінің бұл қызметіндегі ең басты мәселе аштыққа тап болған адамдарды аман сақтап қалу деп түсінді. Себебі Самарқан, Сыр бойындағы көптеген адамдар аштық ажал шеңгелінде еді. Оларды құтқарып қалу комиссиясына өзі жетекшілік етті.

Түркістан өлкесі бойынша аштыққа қарсы күресу комиссиясының төрағасы Т. Рысқұлов болса, жер жерлердегі жетекшілер С.Қожанов, С.Асфендиаровтар қатарында Самарқан өңіріндегі бұл маңызды іске А.Серғазиев бас болды.

1919 жылы Самарқан ревкомы қарарымен А.Серғазиевқа Каттақорған Ревком төрағалығы жүктелді. Бұл қызмет өте жауапты, Самарқан облысында бұл жылы өте ауыр жыл болып тұрған кезге тура келді. Бұл жер өзара қарама-қарсы күресуші таптардың түйіскен жері еді. Каттақорғанда да осындай таптарға тойтарыс беру қажет еді. Олардың қан төгуіне жол берместен, бейбітшілік жолмен келістіру шараларын жүзеге асырды. Қызыл әскер қатарындағы кейбір адамдардың жергілікті тұрғындарға көрсеткен зорлықтарына тыйым салдырды, оларға қатаң жазалар бергізілді. Каттақорғандағы Абылайдың бұл еңбегі елеулі болды. Және бұл жердегі жетекшілік қызметінің маңызы бұл аймақты суландыру мәселесі болды. 1918 жылы суландыру бойынша Самарқан облысы 5 округке бөлініп 10 су қожалығы аудандарына бөлінді, белгілі аудандарда ирригацияны тіктеу жаңа жерлер ашылып 100 мың десятина мақта даласын кеңейту, Зарафшан өзені бойында Дуплин су қоймасын салу белгіленген еді. Каттақорғандықтарды бұл жұмысқа жұмылдыру ісіне белсене қатынасты. Мырзашөлге су әкелетін алғашқы жұмыстарға өз үлесін қосты. Халқымыздың «Елге су алып келген әзиз» деген алғысына ие болды. Су арқылы өнімді көбейту олар арқылы халықтың жағдайын жақсарту ел азаматтарының атқаратын аса үлкен борышы ғой. А. Серғазиевтің бұл ауыр істері, жетекшілік қабілеті ерекше айқындала түсті.

1919 жылы Самарқан облыстық Кеңесі атқару комитетінің орынбасары, көп ұзамай төрағасы қызметіне көтерілді. Самарқан облысының 2 миллионнан жуық халқына жетекші басшы болу улкен құрмет және жауапкершілігі мол болып есептелінді. Орталық Азияның мәдениет орталығы болған Самарқанда атқарылатын істердің ауқымы ете үлкен еді. А.Серғазиев ең әуелі Самарқандағы тоқымашылықты дамытып, мата тоқу, сонымен бірге күнделікті өмірге қажетті болған үй шаруашылық бұйымдарын, қағаз, сіріңке, түйме, бояу сияқты заттарды өндіруге ат салысты.

Теміржол қатынасын жолға қою, паравоздар мен вагондарды жөндету, адамдарды еңбекке жұмылдыру істерімен де шұғылданды. Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету ең өзекті істерінің бірі болды. Тек қана Қорғандықтардың дайындаған 500 пут астығын ауылдық жерлерге жеткізіп, көптеген қиыншылықтарды жеңе отырып оларға дұрыс тарқатуда елеулі еңбек еткен.

1919-1920 жылдары Самарқан облысындағы ирригацияны дамыту көптеген өңбек сіңірушілердің бірі болды. Яғни Қазан каналдары су қоймаларын, каналдарды бөгеуде жергілікті құрылыс материалдарымен, көптеген еңбек күшімен қамтамасыз еткізу үлкен іскерлікті талап етер еді. А. Серғалиевтің Самарқан облысындағы бұл қызметін бағалай отырып

1920 жылы оны Турк ЦИК мүшелігіне сайлады. Түркістан Республика ішкі істер халық комиссарияты етіп тағайындалады. Ол 1923 жылдың қаңтар айына дейін бұл қызметті де ойдағыдай атқарды.

1921 жылы қыркүйектен азық-түлік халық комиссарлар коллегиясының мүшесі және Түркістан экономикалық кеңесінің төрағасының орынбасары істерін қосымша атқарып отырды. Түркістандағы ересектерінің сауатсыздығын жою шараларымен де тікелей айналысты. Егерде сол жылдардағы Ташкенттегі архив құжаттарына үңілсек А. Серғазиевтің бұл салада елеулі еңбектерін көреміз.

А. Серғазиев 1923 жылы қаңтардан - 8 тамызға дейін Сырдария облысы атқару комитетінің төрағасы болып істейді. Сырдария облысында 8 уезд, 85 болыс болған солардың барлығын араламаса да бұл өңірдегі Түркістан, Шымкент уездеріне тез-тез қатынап Әулиеата, Мырзашөл уездеріне егіс көлемін арттыру, мал шаруашылығын дамыту мәселелеріне ерекше көңіл бөлді. 1923 жылы Одақта өндірілетін қорғасынның 40% бере басталуы Шымкенттегі Сантион зауыты қуатының күшейе түсуінде оның үлесі үлкен.

30 шілдеде 1923 жылы Түркістан Орталық Атқару комитетінің шешімі бойынша Сырдария облыстық комитетіне К.Сарымолдаев тағайындалды, ал А.Серғазиев оқу-ағарту халық комиссары қызметіне бекітілді. Сол кезде Турк ЦИК төрағасы И.Хыдыралиев оқу білім беру саласындағы Абылайдың қабілеттілігін жоғары бағалап оқу ісі тәжірибелі 9йымдастырушы ретінде оған сәтті сапар тілеген еді. Бұл қызметті 1924 жылдың 9 қаңтарына дейін ойдағыдай орындады.

Мектеп мәселелері жақсартылды, оқулықтар мен көмекші құралдарды әзірлеу ұйымдастырылып қамқорлық етілді. Анық материалдарға жүгінсек, 1923 ж. М.Жұмабаевтың өлеңдер жинағын мектептерге қолдану үшін, М. Әуезовтің «Бәйбіше Тоқал» атты 4 перделі драмасын баспаға бергізді. Жетекші мектептер үшін ана тілі бағдарламасын «Қыз Жібек», «Кенесары Наурызбай», «Ер Тарғын» поэмалары, оқулығына Досмұхамедовтың «Анатомия и физиология человека» Джалентовтің геометриясы, Қожановтың арифметика бірінші бөлімі дайындауда, жалпы қазақ ғылыми оқу комиссиясының жұмысына үлкен көмек көрсетті.

Қазақ, өзбек, түркмен, тәжік тілдерінде оқу орнын ашу, ұлттар тілін дамыту мәселелеріне көп көңіл бөлді, әсіресе қазақ минпрос ісінің жақсаруына көп жылдар көмек көрсетті.

1924 жылы 1-2 қаңтар күндері Түркістан Кеңестерінің съезіне А.Серғазиев №11796 мандатпен қатынасты. Сол жылы 15 қаңтардан Түркістан республикасы құрамына сайланды. ТуркЦИК төрағасы болып Айтақов, орынбасары С.Қожанов пен Рахымбаев, ал халық комиссариаты төрағасы Исмайлов, орынбасарлары А.Серғазиев жер шаруашылығы халық комиссары С.Ходжанов, Ішкі Істер халық комиссары болып Б.Аралбаев, денсаулық сақтау комиссары болып С.Асфендиаров бекітілді.

Сонымен А.Серғазиев Түркістан Халық комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары, кейінірек төрағалық қызметін сол жылдың аяғына дейін атқарды.

Ол бұл үлкен жауапты қызметінде көптеген халық тілегіне сай келетін істерге көңіл бөлді. Кейбіреулерін атап өтетін болсақ, елдегі ішкі сауданы жетілдіру, сауатсыздықты жою үшін оның қорын түзу пәтер төлеміне жеңілдік беру, өнеркәсіп құрылысы, еңбекті қорғау сияқты қаншама әлеуметтік саясатты іске асырғанын көреміз. 1924 жылы тамызда Түркістан Республика экономика Кеңесін басқарды, Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселелерін шешті.

1924 жылдың аяғында 30 жастағы А. Серғазиевтың өмірінің үлкен белгісі Ташкенттен Орынборға Қазақстанға қызметке ауысуы болды. Түркістан Республикасында жауапты жұмыстарда ысылған, халықтың құрметіне ие болған сенімдерін атқара алатын дәрежеге көтерілуі Қазақстан Халық Комиссарлар Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, республика жоспарлау төрағалығына тағайындалуы болды.

А.Серғазиев Қазақстанның болашақ өнеркәсіп топтарының негізін салуда елеулі еңбектері бар, өлкенің өндіргіш күштерін дамыту, халықтың тұрмысын жақсарту жолында қызмет етті. Еңбекшілердің жаппай сауатсыздығын жою кейінге қалдырылмайтын міндеттің бірі деп есептеді. Көшпелі аудандарда ер азаматтарда оқытудың жеке және топтық жүйесін тиімді деп білді. Сол кезде Ташкенттегі қазақ педагогика институты директоры Сарсеновке былай деп телеграмма берді. «Тосыннан денсаулықтың болмай қалуы салдарынан Сіздердің салтанатты жиналысытарыңызға қатынаса алмағаныма өкінемін. Студенттердің жаңа жоғары оқу орнында үлкен табыстарға жетуіне кәміл сенемін. Оқудағы табыстарыңыз Қазақстан үшін келешекте өте қажет болған сапалы оқытушыларды жеткізіп береді деген сенімдемін». Халық комиссарлар Кеңесінің орынбасары А.Серғазиев.

А.Серғазиевтің Қазакстанда индустрияландыру кезеңінде жоспарлаушы органдардағы экономистерді өндіргіш күштерінің даму деңгейінде, еңбек ресурстарының шамасына сәйкес келетін индустрияландыру қарқыны жөніндегі пікірлерді алға қойғаны үшін «Қожановшылар» тобындағылар сылтауымен қазақ халқының нағыз жауы, сол кездегі қазақ өлкесінің партия комитетінің хатшысы болып отырған Голощекин оның қызметтен кетуіне себепші болды. Ол Ташкентке келіп Орта Азия бюросы мүшесі болып қызметте, ал 1936 жылы орталық комитетінің Иванова облысы бойынша өкілі болып істеді. Бұл қызметте де тәжірибелі мол ұйымдастырушы болып бағаланды.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2019-11-07 15:09:04     Қаралды-1555

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТЕЛЕДИДАР ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Қара және ақ түстің әртүрлі реңктерінен тұратын қозғалмалы бейне

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙДАН НЕ ЖАСАЛАДЫ?

...

Шикі мұнай іс жүзінде қолданылмайды. Ол тазартылады және өңделеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ ҚАЙДАН КЕЛДІ?

...

Бүгінгі таңда ғалымдардың көпшілігі мұнайдың биогендік шығу тегі деп есептейді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАРЫШТЫҚ ШАҢ ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛАДЫ?

...

Ғарыштық материяның барлық фрагменттері ғарыштық шаң деп аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »