UF

Қайғысыз Сердар ұлы Атабаев 1887 жылы Тедженнің жанындағы Мяне аулында туылды. Әкесі түркмен, жай шаруамен шұғылданатын кісі Ташкентте оқытушылар семинариясын бітірген. Қазан төңкерісіне дейін банк қызметкері болып істеген 1917-1718 жылдары Мерв уезі жұмысшы және солдат депутаттары кеңесінде түркмен секциясын басқарды. Көп ұзамай азық-түлік қиыншылықтарымен шұғылдану үшін уездің азық-түлік комитетінің төрағасы болып, еңбекшілерді азық-түлікпен қамтамасыз етуде үлкен істер істеді, халықтың құрметіне бөленді. Себебі, аштық, жалаңаштық Мерв уезі адамдарына ауыр-ақ тиген еді. Мұны күнделікті көріп отырған Қайғысыз Атабаевқа да ауыр батар еді. Аш халықтың көңілін тауып, оларды аз да болса азықпен қамтамасыз етуге әрекет жасар еді.

1919 жылдың қараша айынан 1920 жылдың тамыз айына дейін Закаспий облысы Ревкомының орынбасары болып істеді. Ол өзінің ұйымдастырушы қабілетін көрсетіп, жергілікті мұсылмандармен тіл біріктіре отырып түрлі арандатумен шұғылданушыларды ауыздықтауға кірісті. Түркістан ауыл шаруашылығын, әсіресе мақта шаруашылығын өркендетуге көп еңбек етті.

1920 жылы 26 қыркүйекте Қ.С.Атабаев Түркістан халық комиссарлар Кеңесінің төрағасы болып тағайындалды. Ол, бұл ең жауапты қызметте өзінің жергілікті халықтардың шыңдалған, талантты жетекші екендігін көрсете білді. Ең қажетті болған шараларды іс жүзіне асыруда көпшіл атанып, адал қызмет етті. Ондағы болған қабілеттілік атқаратын қызметіне тура келгендігін бірқанша оның ұсынуымен қабылданған қарарларға назар тастасақ болады. 1920 жылы қараша айынан бастап, халық Комиссарлар Кеңесінің жанында түрік бөлімі ашылып, онда барлық декреттер қарарлар өзбек, қазақ және түркмен тіліне аударылып халықтарға жеткізілетін болды. Сол айда дайындалған және бір орынды қарарында оқу орындарындағы мамандарды еңбек мобилизациясынан азат еткізді. Олардың мобилизация етілгендерін оқу орындарына қайтару шараларын қарастырды.

1920 жылы қыркүйек айындағы Ташкент қаласында халық ағарту институттарын ашу мәселесін көлденең қойды.

К.А.Темирязев атындағы жоғарғы педагогика институтын ашу қазақ тілінде оқылатын қазақ ағарту институтын, сол сияқты өзбек тілінде оқылатын өзбек халық ағарту институтын және түркмен тілінде оқытылатын, татар тілінде оқытылатын институттар ашуды бұйырды. Барлық институт студенттерін азық-түлік пайқасымен қамтамасыз ету, студенттеріне киім-кешек, аяқ киім және азық-түлікпен қамтамасыз ету көрсетілді. Бұл қарарлардың әр біріне мән беріп қаралса, жастардың келешегі үшін қамқорлық жасағанын көресіз.

Сонымен бірге қабылданған қарардың дер кезеңде іс жүзінде асырылуын талап етіп отырған. 1921 жылы 22 ақпанда Халық комиссарлар Кеңесінің мәжілісінде Халық ағарту комиссариатының 1921 жылы істелетін жоспарын, оның баяндамасына қанағаттанғысыз екендігін және нақтылы міндеттемерді анықтап берді. Қ.Атабаев европалық мектептердің есебінен мусылман мектептерді көбейтуді, жергілікті халық өкілдерінен оқытушы кадрлар дайындау қажеттілігін, мектептер ашу, интернат ұйымдастыру мәселелерін белгілеп берді. Жергілікті халықтардың тілінде оқулықтар шығаруда республика полиграфия жумысының 75% болсын деп тапсырма жүктелді.

Қ.Атабаев жергілікті түркі тілдес халықтар өзбек, қазақ, түркмендердің тіл мәселесіне көп көңіл бөліп 1921 жылы 11 маусымда декрет дайындау үшін озі жетекшілік еткен комиссия құрамына Ұстабаев, Ходжановтар кіргізілді. Бір айдан кейін наурыз айының 23-інде қабылдаған қарарлардың орындалуы туралы комиссарлар Кеңесінің мәжілісінде тыңдалып көп істердің орындалуы, өлкеде 300-ден астам мектептер сауатсыздықты жоюда әрекет етіп жатқандығы, Ташкентте сауатсыздықпен күресу күндерінің өткізілуі, оның тәжірибесін басқа қалаларға тарату, тағы басқа шаралар айтылды. Өлке бойынша 4 млн-нан астам адамның сауатын ашу үшін 15 мың оқытушының 3 жыл ішінде қызмет ету мүмкіндігін қарастырады.

Қ.Атабаев басқарған Халық комиссарлар Кеңесіне жергілікті халықтардың этнографиясын үйренумен олардың рухани және материалдық тұрмысын үйренуді тапсырды. Олардың жағдайларын толық үйреніп, нақтылы шаралар көру мәселесімен шұғылданды. Әсіресе халықтардың денсаулығы мәселесін шешу үшін, эпидемиология істеріне назар аударып оның мекемелерін тұрғын жайлармен қамтамасыз ету, емдеу-тамақтандыру жайларын ашқызды.

1921 жылы 5-қарашада өткізілген мәжілісте ашаршылыққа ұшырағандарға көмек көрсету, әсіресе ауылдық жердегі жас балаларды аштықтан сақтап қалу шаралары нақтылай көрсетіліп, барлық қаражатты соған бағыттап, жер-жерлерде орындалуына мән берді. Құрғақшылық болып 3 миллионға жақын адамдардың аштыққа ұшырап қол жайып көмек сұрағанын ескере отырып, сол жылы күз айында Мәскеу және Питерге азық-түлікпен көмек көрсетті.

Қ.Атабаевтың үлкен ұйымдастырушылық істерінің бәрі ауыл шаруашылығын өркендету істері болды. Өзі нашар халде екендігінің үстіне 1921 жылы көктемде болған су тасқынының салдарынан республикадағы су жүйелері бұзылып, егіншіліктің ауыр жағдайға ұшырауына алып келді. Бұл қиыншылықтан шығу үшін егіншілікті суландыру жолындағы көптеген жайларды да орын орнына қоя білді.

1922-1924 жылдарда Қ.Атабаев Бұхара Халық Кеңес Республикасында халық комиссарының бірінші орынбасары болып істеді. Оның шаруашылықта, халықтар арасында көптеген еңбектері оны үлкен құрметке бөледі. Бұхарадағы тыңғылықты еңбектері бағаланып, екі рет Бұхара алтын жұлдыз орденімен марапатталды,

1924-1925 жылдары Қ.Атабаев қызметтерінің негізін құраған Орта Азияны ұлттық-мемлекеттік тұрғыдан межелеп бөлу ісіне шынайы қатынасуы және Түркменстан Республикасы құрылуының алғашқы күндері Ревком төрағасы, ал 1925 жылдың ақпанынан Түркмен республикасы Халықтар комиссарлары Кеңесінің төрағасы болып тағайындалды. Жинақталған тәжірибелерге суйене отырып барлық білімін, жігерін өзінің халқының болашағы үшін аямады. Түркмен халқының шексіз құрметіне бөленді, шаруашылықтың барлық салаларын, мәдениетін дамытуда көптеген еңбек етті. 1925-1937 жылдары партия және Кеңес органдарының барлық жоғары органдарында сайланып, көрнекті мемлекет қайраткері, үлкен жолбасшы ретінде халықтың есінде мәңгі қалды.

Әдеб: Тілеуқұлов Г. Жазықсыз жазаланған тұлғалар. -Ташкент, 2000. -Б.93-97.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2019-11-07 15:03:42     Қаралды-1060

ДҮНИЕ ЖҮЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ ЦИРК ҚАШАН ЖӘНЕ ҚАЙ ЖЕРДЕ АШЫЛДЫ?

...

Қазіргі кездегі заманауи цирктің әкесі - ағылшын кавалеристі аға сержант Филип Астли

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЕТРО ҚАЙ ЖЕРДЕ ЖӘНЕ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Метро - теміржол көлігінің бір түрі, оның жолдары көшелерден алшақ, көбінесе жер асты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЫСЫҚТАР ҚАШАН ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫНА АЙНАЛДЫ?

...

Соңғы уақытқа дейін ежелгі мысырлықтар мысықтарды алғаш қолға үйреткен деп есептелді

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КІРПІШ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Пісірілген балшықтан жасалған бұл әмбебап құрылыс материалы

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ОТТЕГІ ҚАЙДАН КЕЛЕДІ ЖӘНЕ ОЛ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

...

Оттегі - жер бетіндегі ең көп таралған химиялық элементтердің бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДӘПТЕР ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Мектеп дәптерлеріне ата-әжелеріңіз, аналарыңыз бен әкелеріңіз жазған

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ПЛАНЕТА ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Біздің планетамыз шамамен 4,5 миллиард жыл бұрын пайда болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ПЛАНЕТА ҚАЙСЫ?

...

Күн жүйесіндегі ең үлкен планета - Юпитер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ ПЛАНЕТА КҮНГЕ ЖАҚЫН?

...

Меркурий – «ең ыстық» планета.

ТОЛЫҒЫРАҚ »