ҚЫТАЙДАҒЫ ХАЛЫҚ-АЗАТТЫҚ СОҒЫСЫ (1946-1949) - феодалдық- компрадорлық езгі мен шетел империалистерінің үстемдігін жойған халықтық-демократиялық революцияның аяқталу кезеңі. 1946 жылы шілдеде американ империалистерінің қолдануына сүйенген реакцияшыл гоминьдан топтары азат етілген аудандарға жаппай шабуыл жасап, бүкіл қытай көлемінде азамат соғысын бастады. Бұл кезде гоминьдан армиясында, 4,3 млн, ал Халық-Азаттық Армиясында 1,2 млн. адам болған. АҚШ-тың соғыс комегін тікелей пайдаланып, гоминьдан әскерлері азат етілген аудандардың бір бөлігін, оның ішінде ҚКП ОК орналасқан Яньань қаласын басып алды. Бірақ гоминьдан армиясының бір жылға созылған шабуылы өз мақсатына жете алмады. 1947 жылдың орта шенінде Халық-Азаттық Армиясы оған қарсы шабуылға шықты. Азат етілген аудандарда ҚКП жүзеге асырған аграрлық реформа шаруалардың революцияға белсене қатысуына айрықша ықпал етті. Ұлттық мүддені аяққа басып, американ империализмінің Қытайдың титығына жетуіне көріне көзге жол берген гоминьдан үкіметінің саясатына қалың бұқара табандылықпен қарсы шықты. Бұған ұлттық буржуазия да үн қосты. Бірқатар аудандарда Чан Кайши үкіметіне қарсы қарулы көтерілістер бас көтерді. ҚКП бастаған Біртұтас халықтық-демократиялық майдан қалыптасты. СССР Қарулы Күштерінің Жапон-Квантун армиясын талқандауы (тамыз 1945) қытай революциясының ойдағыдай аяқталуына қолайлы жағдай туғызды. Совет Одағы американ империализмнің негізгі күштерін тежеп, АҚШ-тың Қытайдағы интервенциясының етек алуына жол бермеді, американ әскерлерін Қытайдан әкетуге мәжбүр етті. 1948 жылдың орта шенінде Қытайдың көптеген жері түгелдей дерлік гоминьдан әскерлерінен тазартылды. 1948-1949 жылдары Халық-Азаттық Армиясы Шэньян ауданында, Солтүстік және Шығыс Қытайда жаудың аса күшті топтарын талқандады. 1949 жылы сәуірде Бэйпинде (Пекинде) ҚКП мен гоминьдан үкіметінің делегациялары арасында келіс сөздер жүргізіліп, ҚКП ұсынған шарттар-негізінде азамат соғысын тоқтату туралы келісім жасалды. Гоминьдан үкіметінің келісімді бекітуден бас тартуына байланысты Халық-Азаттық Армиясы 1949 жылы 21 сәуірде шабуылды қайта бастап, Янцзы өзенінен өтті. 1950 жылдың басында Қытайдың бүкіл территориясы азат етілді. Тибет 1951 жылы бейбіт жолмен босатылды. Гоминьдандықтар американ қарулы күштерін тасалап, Тайвань аралына қарай қашты. Халық азаттық соғысы революция күштердің жеңісімен аяқталды. 1949 жылы 30 қыркүйекте Қытайдың Халықтық Саяси Консультативтік Советі Орталық халық үкіметін сайлады. 1949 жылы 1 қазанда Қытай Халық Республикасы жарияланды.
Әдеб.: Глунин В.И. Третья гражданская революционная война в Китае (1946-1949), М., 1958.
Жарияланған-2019-10-18 16:43:30 Қаралды-10557
ТӨРТ ТҮЛІГІМІЗ ТҮГЕЛ БОЛСА

Қазақ халқы қолда өсірілетін түйе, сиыр, жылқы және қой-ешкіні төрт түлік мал деп атайды. Әр түліктің өзіндік орны бар, әрқайсысын шақыруға арналған одағай сөздер де түрлі-түрлі болып келеді.
АРХЕОЛОГИЯ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

тарих ғылымының бір саласы, алғашқы қауымнан, көне заманнан, орта ғасырдан қалған заттай есқерткіштерді зерттеу арқылы адам қоғамының өткендегі тарихын анықтайды.
САРЫАРҚА ҚАТПАРЛЫ АЙМАҒЫ

Сарыарқа қатпарлы аймағы - Азиядағы дербес ірі геологиялық құрылымдардың бірі.
ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ЖЫЛДАМ ҚҰСТАР

Құстар - жердің ең жылдам тіршілік иелері, өйткені жануарлар әлемінің құрлық немесе суда жүзетін құстарының бірде-бір өкілі олармен жылдамдығымен салыстыра алмайды.
АУА

Жер атмосферасын құрайтын, негізінен азотпен оттектен тұратын газдар қоспасы. Ауа су мен жер қыртысының құрамында да болады.
БІРЖАН - САРА АЙТЫСЫ

Біржан мен Сараның 1871 жылы қазіргі Талдықорган облысының Қапал - Ақсу өңірінде кездескендегі айтысы.
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану