ҚЫТАЙДАҒЫ АЗАМАТ СОҒЫСЫ (1927-1937) - Гоминьдан реакциялық өкімет билігінің орнауына және жапон агрессиясына қарсы жүргізілген ұлт-азаттық қозғалыс. Революция уақытша жеңіліске ұшырап, ақ террор өріс алған ауыр жағдайда, 1927 ж. 7 тамызда Қытай Коммунистік партиясы (ҚКП) ОК-нің төтенше кеңесі өткізілді. Бұл кеңесте Чэнь Ду-сю партия басшылығынан босатылып, ОК-нің жаңа басшылығы сайланды, кеңес партия мен халық бұқарасын революциялық күресті онан әрі жүргізуге, аграрлық революцияны өрістете түсуге, революцияға опасыздық еткен гоминьдан үстемдігін жоюға бағытталған қарулы көтеріліске шақырды. ҚКП 1927 жылы тамыз-желтоқсанда көптеген көтеріліске (Нань-чан, «Кузгі егін», Гуанчжоу т.б.) тікелей басшылық етті. Бұл көтерілістерге еңбекші бұқарасы мен Халық революциялық Армиясының бөлімшелері қатысты. Алайда реакцияның басым күштері бұл көтерілістерді басып тастады.
Гоминьдан үкіметі Совет Одағына қарсы ашықтан-ашық дұшпандық саясат жүргізді. 1928 жылы шілдеде ҚКП-ның 6-съезі болып өтті. Съезд Қытай халқының революциясын өзінің сипатына қарай антиимпериалистік, антифеодалдық-демократиялық революция деп танып, алдағы уақытта Қызыл Армияны нығайту, аграрлық реформаны одан әрі өрістетуді бірінші кезектегі басты міндеттер ретінде алға қойды. 1931 жылы 18 қыркүйегінде Жапон империалистері Солтүстік-Шығыс Қытайды басып алып, 1932 жылы онда өзінің қуыршақ мемлекетін құрды. ҚКП Қытай халқын жапон басқыншыларына қарсы күресті үдете түсуге шақырды. Осы жылы жапон әскерлері Шанхай қаласына шабуыл жасады, бірақ Қытайдың 19 халық армиясы патриоттарының тегеурінді күші алық бұқарасымен бірлесе отырып, оған айтарлықтай тойтарыс берді. Жапонияның Солтүстік-Шығыс Қытайды басып алуына байланысты Қытайдың экономикасы төмендеп, еңбекші халықтың жағдайы мейлінше ауырлай түсті. Чан Кай-ши тобының реакциялық ішкі саясаты қытай халқының зығырданын қайната түсті. 1935 жылы 9 желтоқсанда Жапон агрессорлары мен Чан Кай-ши тобының реакциялық еаясатына қарсы Қытайда жаппай халықтық қозғалыс өріс алды. 1936 жылы майда Қытайда Бүкілқытайлық ұлттық құтқару ассоциациясы атты патриюттық ұйым құрылды. ҚКП гоминьдан үкіметінен азамат соғысын дереу тоқтатуды, жапон агрессорларына үзілді-кесілді тойтарыс беруді талап етті. Осындай шаралардың нәтижесінде азамат соғысы тоқтатылды. Чан Кайшимен келісім жасалды. Дегенмен Гоминьдан үкіметі Қытай армиясына қарсы қарулы шабуылды тоқтатқанымен, ҚКП-мен ынтымақтасуды, Жапон басқыншыларына қарсы бірыңғай ұлттық майдан құру жөніндегі келісімді созбалаңға сала берді.
Әдеб.: Юрьев М. Ф., Революция 1925-1927 гг. в Китае, М., 1968; его ж е, Гражданская война в Китае в 1927-1937 гг., М., 1971; Фань Вэнь-лань, Новая история Китая, пер. с кит., -М., 1955.
Жарияланған-2019-10-18 16:23:15 Қаралды-8325
20 ҒАСЫРДЫҢ НЕГІЗГІ ӨНЕРТАБЫСТАРЫ
20 ғасырдың негізгі өнертабыстары, оларсыз қазіргі адам өмір сүре алмайды
БІЗДІҢ ӘЛЕМ ТУРАЛЫ СІЗ БІЛМЕГЕН 15 КЕРЕМЕТ ФАКТ
Біздің әлем - шексіз жұмбақ. Күн сайын сіз ол туралы көптеген жаңа нәрселерді біле аласыз!
АНТАРКТИДА ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР
Мұз құрлығының ресми ашылған күні 1820 жылдың 28 қаңтары болып есептеледі.
ЖЫЛҚЫ АТЫМЕН АТАЛАҒАН SNICKERS ШОКОЛАД БАТОНЧИК
Snickers - жастар арасында ең танымал батончик
АЯҚ КИІМГЕ ДЕ КҮТІМ КЕРЕК
Әдетте, адамның екі аяғы бірдей бола бермейді. Көбіне оң аяқ сол аяқтан гөрі үлкенірек келеді.
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану