UF

97% АРГЕНТИНА (Аргентина Республикасы) - Оңтүстік Американың оңтүстік-шығысындағы мемлекет. Батысында Чилимен, солтүстігінде Боливия, Парагваймен, солтүстік-шығысында Бразилия, Уругваймен шектеседі. Шығысында Атлант мұхитына тіреледі. Жер көлемі 2780 мың км2. Халқы 43,6 млн. (2015). Астанасы - Буэнос-Айрес қаласы. Әкімшілік жағынан 22 провинцияға және бір астаналық округқа бөлінеді.

Мемлекеттік құрылысы. Аргентина - 1826 жылдан бері федерациялық республика. 1966 жылы 28 маусымда болған әскери төңкерістің нәтижесінде өкімет билігі «Революциялық хунтаның» қолына көшті. Ұлттың конгресс таратылып, 1853 жылы қабылданған конституция жойылды, оның орнына «Революциялық статут» қабылданды. Мемлекеттік басшысы және елдің қарулы күштерінің бас қолбасшысы - президент. Қазіргі президент - бригадалық генерал Р.М.Левингстон. Провинцияларды губернаторлар басқарады, оларды президент тағайындайды.

Табиғаты. Аргентинаның солтүстік-шығысында Гран-Чако, Ла-Плата (Пампа) жазықтары орналасңан. Батысындағы Анды тауына (Аконкагуа, 6960 м) жалғасып жататын Аргентинаның солтүстік-батысында Атакама шөлі бар. Оңтүстік-шығысын Патагония үстірті (2000 м) алып жатыр. Пайдалы қазбалары: мұнай және табиғи газ, тас көмір, қорғасын, мырыш, мыс, темір, вольфрам, уран рудалары. Анд тауының солтүстігінде таулы, шөлді жерге тән климат, оңтүстігінде қоңыржай салқын. Жазық бөлігінің солтүстігінде тропиктік (жазы ыстық, ылғалды, қысы жылы, құрғақ, қаңтардың орта температурасы 20°, 30°С, жауын-шашынның жылдық орта мөлшері 900 мм), орталығында субтропиктік (қаңтардың орта температурасы 9°, 23°С, жауын-шашынның жылдық орта мөлшері 1000 мм) климат байқалады. Патагония шөлейт (қаңтардың орта температурасы 12°, 20°С, жылдық жауын мөлшері 100-250 мм) келеді. Суы мол, ірі өзендері солтүстігінде. Парана, Парагвай, Уругвай өзендерінде кеме жүзеді. Көлдерінің көбі Парана, Уругвай өзендерінің алабы мен Патагонияда. Ла-Плата ойпаты құнарлы қара топырақты да, Гран-Чако жазығы қызыл-қошқыл, ал Патагония қоңыр топырақты келеді. Жерінің 1/5-і тропиктік орман (негізінен солтүстігінде). Ла-Плата өсімдікке бай көк-орай шалғынды, Патагония мұның керісінше қуаң, Гран-Чакода танин беретін квебраха ағашы өседі. Жазық жерлерінде тағы аңдар, тауында нутрия, құндыз т. б. терісі аса бағалы аңдар кездеседі.

Халқы. Қазіргі аргентиналықтардың арғы тегі – 16-18 ғасырда елді жаулап алған испандар. 19 ғасырдың екінші жартысында, 20 ғасырдың басында Италия, Франция, Польша, Батыс Украина және басқа Европа елдерінен Аргентинаға табыс іздеп келушілер халықтың тез өсуіне себеп болды. 1869 жылы Аргентина халқы - 1,7 млн., 1900 жылы 5 млн., 1914 ж. - 8 млн. болды. Халқының 96%-і ақ нәсілге жатады. Елді ежелден мекендеген үндістер отаршылардың аяусыз қуғындауынан мүлдем құрып кетуге айналған. 20 ғасырдың 60 жылдарында қалғаны 20-30 мыңнан аспайды, олардың өзі елдің солтүстік-батысындағы және оңтүстігіндегі тіршілікке жарамсыз жерлерге қуып тасталған. Үндістер мен ақ нәсіл өкілдерінің қан араласуынан шыққан будандар саны 200 мың шамалы. Мемлекеттік тілі - испан тілі. Діні - католицизм. Халық барлық жерде біркелкі орналаспаған. Мыс., Пампа жазығында өте тығыз (бүкіл халықтың 60%-і осында тұрады) келеді, ал Патагония мен батыстағы таулы аймақтарда өте сирек. Орта тығыздығы 1 км2 - 8 адамнан. Еңбек етушілердің саны 1962 жылы 8024 мыңға жеті олардың 28,4%-і ауыл шаруашылығында, 25,8%-і өнеркәсіпте, 15,8%-і сауда орындарында істеді. Халықтың 68%-і қалаларда тұрады. Ірі қалалары: Буэнос-Айрес, Росарио, Кордова, Ла-Плата.

Буэнос-Айрес (Вuenos Аіrеs) - Аргентинаның астанасы. Оңтүстік Америкадағы ірі қалалардың бірі. Ла-Плата шығанағы жағасындағы ірі порт, жол торабы. Әкімшілік жағынан ол - дербес Федералдық астаналық округ. Бұл округ қаланың 18 атырабымен бірігіп Үлкен Буэнос Айрес аталады. Буэнос Айресты 1536 жылы испандық жаулап алушы Педро Мендос салдырған. 1541 жылы көтеріліске шыққан үндістерден шегінген испандар қаланы қиратып, өртеп кетті. Осыдан кейін қала тек 1580 жылы қайта салына бастады. 1776 жылы Ла-Плата вице-корольдыгының астанасы болды. 1810 жылдан Буэнос Айрес испан отаршыларына қарсы күрес орталықтарының біріне айналды. 1816-1826 жжылдар Біріккен Ла-Плата провинцияларының, 1880 жылы Аргентина республикасының астанасы болды. Бүгінгі Буэнос Айрес - елдің индустрия орталығы (елдің өнеркәсіп өнімінің 50%-ін береді). Қалада машина жасау, мұнай айыру, химия, мата тоқу, тамақ кәсіпорындары шоғырланған. Буэнос Айресте 18 ғасырда салынған Сан-Игнасио (1710-1734), Эль Пилар (1716-1732) шіркеулері, ратуша (1725-1754), кейініректе тұрғызылған Конгресс үйі (20 ғасырдың басы), «Колон» театры (1909) т. б. архитектуралық ескерткіштер бар. Мұнда бірнеше оқу орны (университет, 1821), ондаған музей (Ұлттық-тарихи, Этнографиялық т.б), ұлттық кітапхана, ғылыми мекемелер, театрлар жұмыс істейді.

Буэнос-Айрес - Патагония Андысындағы көл. Чили мен Аргентина (Оңтүстік Америкада) шекарасында, 215 м биіктікте. Аумағы 2400 км2. Мұздық әрекетінен пайда болған. Тынық мүхитпен Бейкер өзені арқылы; Атлант мұхитымен Рио-Десеадо өзені арқылы жалғасады.

Тарихи очерк. Ерте заманда Аргентинаны үндістер мекендеді. Олар көптеген тайпаларға бөлінді. Солтүстік-шығыс пен орталықта гуарани, тапес, чарруа, керанда; солтүстік-батыста диагиттер, оңтүстік бөлікте араукандар, теуэльче, патагондықтар мекендеген. Бұлардың ішінде диагиттер (бірнеше тайпаның жалпы аты) отырықшы өмір сүрді, егіншілікпен шұғылданды, мата тоқып, түсті металдарды балқыта білді. Тайпалар қауымдық-рулық қатынаста болды. 16 ғасырда Аргентина жерін испандар жаулап алды да, оған Ла-Плата деген ат берді. Отаршылдар үндістердің көпшілігін қырып-жойды, бірсыпырасын құлға айналдырды. Ал оларға бағынбаған тайпалар құнарлы жерлерінен оңтүстіктегі суық аудандарға ығыстырылды. Жаулап алынған жерлерде помещиктер мен дін басыларының ірі жер иеліктері пайда болды. Феодалдық басыбайлылық қатынастар өріс алды. Жұмысшы қолының жетіспеуіне байланысты 17 ғасырдан бастап Африкадан негр - құлдар әкеліне бастады. Құлдарды қанау едәуір роль атқарғанымен, Ла-Платада негізінен феодалдық қатынастар (16 ғасырдан бастап) үстемдік етті. Қанаушылар мен қаналушылар арасында кескілескен күрес жүргізілді. Испан қанаушыларына қарсы тұңғыш көтеріліс 1580 жылы Санта-Фе провинциясында болды. Азаттық күресі өрістей түсті. Испания отарлық үстемдігі дағдарысқа ұшырады. Мұны пайдаланып Англия 1806-1807 жылы Ла-Платаға екі дүркін қарулы шабуыл жасады. Патриоттар құрған халық жасақтары ағылшындарды қуып шықты. 1810 жылы 25 мамырда патриоттар Ла-Платаның уақытша үкіметін құрды. Үкімет елдің тәуелсіздігі жолындағы күресті өрістетті (Америкадағы испан отарларының тәуелсіздік жолындаты соғыстары, 1810-1826). Тәуелсіздік жолындағы күреске атақты халық өкілдері - Морено, Вельграно, Монтеагудо, Ривадавия, Виейтес, Сан-Мартин басшылық етті. Күрес аргентина халқының қалыптасу процесіндегі жаңа маңызды кезең болды. 1816 жылы 9 шілдеде Тукуманда ұлттық конгресс Ла-Платаның біріккен провинцияларының тәуелсіздігін жариялады. Бұлар 1826 жылы Аргентина Федерациялық Республикасы болып қайта құрылды. Аргентинадағы өкімет билігі көп уақыт бойы федералистердің қолында болып келді. Бұлардың өкілі - помещик Росас (мемл. басына 1829 жылы келген) елде помещиктік қатаң төртіп орнатты. Бұған қарсы халық қозғалысы кең өріс алды. Соның нәтижесінде 1852 жылы Росас диктатурасы құлады.

19 ғасырдың екінші жартысында Аргентинаның экономикасы едәуір дамыды. Европалық иммиграция есебінен халық саны тез көбейді. Сармьентоның және оны жақтаушы Н. Авельянеданың прогресшіл-либералдық үкіметтері экономиканы, буржуазиялық қатынастар мен мәдениетті дамытуға бағытталған бір-сыпыра маңызды реформаларды жүзеге асырды. Ағылшын капиталымен тығыз байланысты помещиктік олигархия мен мал иелерінің біріккен саяси күші жаңа жағдайға икемделіп, 1880 жылы үкіметті қайта басып алды да, оны өз қолында 1916 жылға дейін ұстады. Жаңа жағдайда өндіргіш күштер өсіп, капиталистік қатынастар дами түсті.

20 ғасырдың басында аргентина ұлты қалыптасып болды. Капиталистік қоғамдағы екі тап буржуазия мен пролетариат қалыптасты. 1919 жылғы Буэнос-Айрес пролетариатының қарулы күресі, сол жылдардағы революциялық оқиғалардың шыңы болды. Радикал партиясының буржуазиялық үкіметі (1916-1930 жылдары билік жүргізген) революциялық толқуды басып жаншыды. Осындай кескілескен тап шайқасы үстінде 1918 жылы қаңтарда Аргентина Коммунистік партиясы құрылды.

Бұқараның қысымынан шошынған буржуазиялық радикалдар 20 жылдары бірқатар прогресшіл реформаларды іске асырды. Бірақ ол ұлттық экономиканың негізгі проблемаларын шеше алмады. Жұмысшылар мен шаруалардың жағдайы бұрынғы күйінде қала берді. Тап күресі шиеленісе түсті. Бұдан еескенген помещиктер мен капиталистер күш көрсетуге көшті. 1930 жылы қыркүйекте АҚШ империализмінің қол шоқпары помещик X. Урибуру әскери төңкеріс жасады. Аргентинада террорлық диктатура орнады. Жұмысшы табы мен халық бұқарасы бұған қарсы жаңа халық майданын ұйымдастыру жолында табанды күрес жүргізді.

Демократиялық күштердің өсіп, помещиктік-буржуазиялық диктатураның әлсірегенін сезген буржуазияшыл ұлтшылдар 1943 жылы маусымда әскери төңкеріс ұйымдастырды. Төңкерісті генералдар - А.Роусон, П.П.Рамирес, полковник Перон басқарды. 1946 жылы ақпанда президент сайлауында Перон жеңіске жетті. Оның үкіметі бұқараның кейбір талабын орындауға мәжбүр болды. 1949 жылы біршама өрлеуден кейін экономикалық депрессия басталды. Еңбекшілердің тұрмыс жағдайы күрт төмендеді. Бұл сәтті пайдаланып, ірі помещиктер, шіркеу мен шетел монополияларының басшылары қарулы төңкеріе жасап, үкімет басына келді. Еңбекші бұқараның халі бұрынғыдан да нашарлай түсті. 1956 жылдың аяғында елде ереуіл қозғалысы өрістеді. Компартияның ықпалы мен беделі күшейді. 1957 жылықыркүйек-қазанда жалпыға бірдей үлкен екі ереуіл болып өтті; оларға 4 млн-нан астам адам қатысты. 1958 жылғы президент сайлауының нәтижесінде А. Фрондиси бастаған буржуазиялық партия үкіметті қайтадан қолына алды. Үкімет алғашқыда еңбекшілердің пайдасына біраз шараларды іске асырды, 1959 жылы қаңтар-сәуірде бүкіл елде ереуілдер мен демонстрациялар болып өтті. Үкімет коммунистік партия мен басқа да прогрестік ұйымдарға тыйым салды. Бұл шара бұқаралық қозғалысты тоқтата алмады. 1959 жылы қыркүйекте, 1960 жылы қарашада аргентина еңбекшілері жаппай күшті ереуілдер жасады. 1961 жылы 6 қазанда жаппай ереуілге 4 млн-нан астам адам қатысты. Халық бұқарасының қысымымен Фрондиси орнынан түсті. Үкімет басына американ монополистерін қолдаушы генералдар келді. 1962 жылы 12 млн-нан астам адам ереуілге шықты. 1963 жылы сайлауда А. Ильиа президент болып сайланды. 1964 жылғы ереуіл қозғалысы соңғы жылдардағыдан едәуір күшті болды. 1966 жылы мемлекеттік төңкеріс жасалып, үкіметті генералдар басып алды. Үкімет басында қандай өзгеріс болса да, революциялық күрес ешбір толастамады. Соның ең ірісі (соңғы жылдар ішіндегі) - 1966 жылы 14 желтоқсанда ереуіл. Оған өнеркәсіп жұмысшыларының 85%-і, сауда қызметкерлерінің 70%-і, барлығы 4 млн-дай адам қатысты. 1967-1970 жылдарда да ереуілдер, толқулар мен демонстрациялар тоқтаған жоқ. Коммунистік партия бастаған жұмысшы табы, бүкіл прогресшіл күштер пролетарлық пен шаруалардың одағына сүйенетін, аграрлық мәселені шешетін, елді шетел монополияларының өктемдігінен құтқаратын демократиялық ұлттық, коалициялық үкімет құру үшін күресіп келеді.

Шаруашылығы. Аргентина аграрлық-индустриялы мемлекет. Латын Америкасындағы экономикасы дамыған елдердің бііь Ауыл шаруашылығы экспорт өнімдерінің 90%-ін береді. Латын Америкасы шығаратын өнеркәсіп өнімдерінің 14%-і Аргентинаның үлесіне тиеді. Экономикасында АҚШ, Ұлыбритания капиталдарының ықпалы күшті. 1967 жылы елдегі шетел капиталының жалпы мөлшері 2,5 млрд. долл. болды, оның 992 млн-ы АҚШ-тікі. Батыс Германия капиталының ықпалы күшейіп келеді. Соңғы жылдары мемлекеттік сектор қарамағындағы өнеркәсіп орындарының саны көбеюде. Елдегі букіл қорытылатын болаттың 60%-ін, электроэнергиясының 70%-ін және өндірілетін табиғи газ бен көмірдің көбін мемлекеттік сектор береді.

Ауыл шаруашылығының негізгі бағыты - астық және майлы дақылдар егу мен етті мал өсіру, олардың өнімдерін экспортқа шығару. Аргентина бидай өнімдерін шығарудын капиталистік елдер арасындағы басты экспортерлердің бірі, ал жүгері өнімдерін басқа елдерге сатудан дүние жүзінде 3-орын алады. Шаруашылыққа қолайлы жердің көбі ірі жер иелерінің қолында, олар жерлерін шаруаларға арендаға және субарендаға береді. Жерінің 11%-і егістік, 40%-і жайылым. 1,5 млн. га суармалы егіні бар. Ауыл шаруашылық егіс көлемі (мың га): бидай 5214, жүгері 3275, қара бидай 2285, сұлы 412, арпа 411, күнбағыс 1366, мақта 441, темекі 65, картоп 168, олардан жиналатын өнім (мың т): бидай 6247, жүгері 7040, қара бидай 270, сұлы 540, арпа 438, күнбағыс 1050, мақта 290, темекі 59, картоп 1754. Астық дақылдары негізінен Пампа жазығында, мақта, темекі солтүстік-батысындағы провинцияларда егіледі, Парани өзенінің төменгі ағысында жеміс және цитрус плантациялары бар. Ауыл шаруашылығының басты салаларының бірі - экстенсивті-жайылымды мал шаруашылығы. Аргентина ет өндіруден Латын Америкасында 1-орын алады. 1966 жылы 47 млн. ірі қара, 48,5 млн. қой, 4 млн. шошқа, 3,8 млн. жылқы болды, олардың ішінен 4,9 млн. ірі қара, 5,1 млн. қой.

1,8 млн. шошқа етке тапсырылып, 1109 мың тонна сиыр еті, 86 мың тонна қой еті және 150 мың тонна  шошқа еті алынды. Өндірілген еттің 20-25%-і, жүннің 70%-і экспортқа шығарылады. Ірі қара өсіру Пампа жазырында, қой шаруашылығы Патагонияда дамыған. Аргентина территориясының 70 млн. га-сы орман. Ағаш қоры жөніңен Латын Америкасында 3-орын алады. Негізінен кебрато ағашы дайындалады. Теңіз жағалауы мен Парана, Уругвай өзендерінде балық ауланады.

Аргентина өнеркәсібінің басты салалары: ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін тамақ және жеңіл өнеркәсібі, кен өндірісі. Пайдалы қазбалар өндіруден Оңтүстік Америкада 6-орын алады: мұнай, табиғи газ, тас көмір, темір, қорғасын, мырыш рудалары өндірілді. Кордова және Мендоса провинцияларында уран рудасы табылды. Электр станциялары елдің мұқтажын өтей алмай отыр. Тамақ және жеңіл өнеркәсібі бидай ұнын, қант, күнбагыс майын, мақта жібін, жасанды талшық шығарды. Металлургия өнеркәсібінің шығаратын өнімдері ұлгайды: шойын, болат қорытылды.

Өнеркәсіп орындары негізінен Ла-Плата жазығындағы ірі қалаларда орналасқан. Елдің өнеркәсіп орталығы - Буэнос-Айрес қаласы.

Транспорты. Барлық жүк айналымының 37,2%-і су жолымен (басты порттары:              Буэнос-Айрее, Ла-Плата, Росарио), 29,5%-і автомобильмен, 20,6%-і темір жолмен, 12,7 %-і құбырлармен тасылады. Темір жолдарының ұзындығы (1960 жылы 48 мың км) жөнінен Оңтүстік Америкада 1-орын алады. Автомобиль жолдарының ұзындығы 134,4 мың км (1965), оның 23 мың км-і тас жолдар. 1967 жылы едде 1735 мың автомобиль болды, олардың 1048 мыңы - жеңіл машиналар.

Ақшасы - аргентина песосы.

Әдебиеті. Аргентина әдебиеті - Латын Америкасындағы дамыған әдебиеттің бірі. Ол испан тілінде жазылады. 16-18 ғасырларда Аргентина әдебиеті эпигондық сипатта болып, испан әдебиетінің реакциялық жетегінде дамыды. 19 ғасырдың басында испан қанаушылығына қарсы болған қарулы көтерілістің жеңіске жетіп, тәуелсіз Аргентина республикасының жариялануына қалам қайраткерлері де үлес қосты. М. де Шаварден (1754-1809), Б.Идальго (1788-1822), Э. де-Лук (1786-1824), Аргентина мемлекеттік гимнінің авторы В. Ложс-и-Танес (1785-1857), X. Варела (1794-1839) т.б. өз шығармаларында халықты испан қанаушыларына қарсы күреске шақырды. Әдебиетте бостандықты уағыздаумен қатар гаучо (малшы шаруалар өмірін жырлау) тақырыбы кең орын алды. Ривариолдың (1754-1821), Б.Идальгоның, И.Аскасубидің (1807-1857), Э.Эчеверрианың (1805-1851), Аргентина әдебиетінің классигі X. Эрнандестің (1834-1886) туындыларына гаучо поэзиясының ықпалы тиді. Хосе Мармоль (1818-1881) айдауда жүріп тұңғыш ұлттық роман («Амалия», 1855) жазды. Қазіргі Аргентина әдебиеті демократиялық бағытта әлеуметтік тақырыпқа бет бұрды. Демократиялық бағыт пен бейбітшілік үшін күрес идеясы Бүкіл дүние жүзілік Бейбітшілік Советінің мүшесі Мария Р. Оливер (1905 ж. т.) бастаған ақын-жазушылар творчествосынан батыл орын алуда. М.Р.Оливерге қоғамдық және әдеби қызметі үшін «Бейбітшілік Алтын медалы» (1953), «Халықтар арасында бейбітшілікті нығайтқаны үшін» халықаралық Лениндік сыйлық (1956) берілді. Ақын Л.Герреро В.Маяковский шығармаларын испан тіліне аударды.

Архитектура және бейнелеу өнері. Аргентинаның ежелгі халқы - малшы, көшпелі үндістердің өнерінен бүгінге жеткен мұра өте аз. Ал жаңа архитектура Испанияның барокко үлгісінің ықпалында пайда болды (Кордоводағы собор, 18 ғ.). 18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырдың басында классикалық архитектуралық үлгісі кең тарады, монументті үйлер салынды (Буэнос-Айрестегі собор портигі, 1804). 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында эклектикалық және салтанатты ғимараттар қанат жайды (Буэнос-Айрестегі Колон театры, 1909).     20 ғасырдың орта шенінде Аргентина архитектурасында конструктивизм етек алады. Ұлттық бейнелеу өнері 19 ғасырда бірте-бірте қалыптасып (П. Пуэйредон т.б.), 20 ғасырдың басында ғана өркендеді (Э. де ла Карковтың әлеуметтік картиналары, Ф. Фадер мен М. Мальярроның импрессионистік шығармалары).   20 ғасырдың 20 жылдарында суретшілердің жаңа буыны импрессионизмнен қол үзіп, жаңа бағыттағы шығармаларымен көріне бастады. Олар тың тақырып, жаңа түр іздеп, Аргентинаның ұлттық өнерінің ерекшелігіне баса назар аударды (П.Фигари, А.Берни, Л.Спилимберго, X.К.Кастаньино, Б.К.Мартин). Бұл суретшілердің шығармаларынан ұлттық тақырып пен халықтық бейнелер үлкен орын алады. Негізінен график суретшілердің басын біріктіретін «Боэдо» тобына тән қасиет әлеуметтік тақырыпты жырлау болды. Бұл тақырыпта, әсіресе, жас график-реалистер көптеген гравюра мен суреттер салды (А.Бриес т.б.). 19 ғасырдың аяғында қалыптасқан ұлттық мүсін өнері (Л.К.Моралес, Ф.Кафферато) 20 ғасырдың ортасында айтарлықтай дәрежеге жетті (Р. Ируртия, А. Риганелли, X. Фиораванти, Э. Сото Авенданьо т.б.). Аргентинаның қазіргі өнерінде формалистік ағымдар да өмір сүріп

Музыкасы және театр өнері. Аргентинаның ежелгі тұрғындары үндістер болса да, бұлардың творчествосының әсері қазіргі Аргентина музыкасынан әлсіз сезіледі, қайта Аргентина музыкасы испан музыка мәдениетінен туындайды. Аргентина музыкасының қалыптасуына креол музыкасыда ықпал етті. Аргентина профессионалдық музыкасының характерінен, гармониялық құрылысынан халық аспабы гитарада ойналатын халық биі - тангоның әуен ырғақтық ерекшеліктері байқалады. Ұлттық музыкалық мектебі 19 ғасырдың 2-жартысында қалыптаса бастады. Мұның негізін салушы - Буэнос-Айрес консерваториясының ұйымдастырушысы А.Вильямс. Ұлттық опера өнерінің ірге тасын қалаушылар - А.Берутти, Ф.Боэро. 1783 жылы Буэнос-Айресте алғашқы театр («Ранчерия») ашылды. Театр өнерінің шеберлері: А. Боэро, П. Аскини, М. Села, Л. Сандрини т. б. Буэнос-Айресте Ұлттық театр зерттеу институты, опера және бірнеше драмалық театрлар, 2 консерватория жұмыс істейді.

Кино өнері. Аргентина кинематографиясының даму жолы 20 ғасырдың бас кезінен басталады. 1930 жылы реж. Феррейроның қоюымен алғашқы дыбысты «Гаучоның әні» фильмі экранға шықты. 1933 жылдан бастап дыбысты фильмдер үздіксіз қойылып келеді. Аргентина кинематографистері жасап шығарған елеулі фильмдер қатарында «Гаучо соғысы», «Арал адамдары» (реж. Л. Демаре, 1942, 1951), «Төгілген ар» (реж. Д. Тинайре, 1952), «Альбенис», «Қасиетті ұран» (реж. Л. С. Амадорн, 1946, 1954), «Лай су ағыны», «Қанды жосық» (реж. У. дель Карриль, 1952, 1953), «Көкжиектенген тас құрсау» (реж. Ғ.Д.Баррето, 1956), «Жоғарғы қабат» (реж. Д. Чернявский, 1961) т.б. бар. Аргентинаның көрнекті кино қайраткерлері: Л. Торрес, Т. Мерельо, Э. Муиньо, Ф. Луппи, А. Алькон т. б. Буэнос-Айресте Ұлттық кинематография институты жұмыс істейді.

Әдеб.: Волков А.В. Аргентина. М., 1956; Лукашова Е. Н. Южная Америка. М., 1958; Первый обзор состояние здравоохранения в мире. Женева, 1963: Страны Латинской Америки, М., 1949; Очерки истории Аргентины, М., 1961; Ипрошевский В.М. Освободительные движения в американских колониях Испании. -М.-Л., 1946.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2019-09-23 13:48:12     Қаралды-7032

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТЕЛЕДИДАР ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Қара және ақ түстің әртүрлі реңктерінен тұратын қозғалмалы бейне

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙДАН НЕ ЖАСАЛАДЫ?

...

Шикі мұнай іс жүзінде қолданылмайды. Ол тазартылады және өңделеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ ҚАЙДАН КЕЛДІ?

...

Бүгінгі таңда ғалымдардың көпшілігі мұнайдың биогендік шығу тегі деп есептейді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАРЫШТЫҚ ШАҢ ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛАДЫ?

...

Ғарыштық материяның барлық фрагменттері ғарыштық шаң деп аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »