UF

ГАМБИЯ (Gambia), Гамбия Республикасы - Батыс Африкадағы мемлекет Британ Ынтымағына кіреді. Шығысында, солтүстігінде және оңтүстігінде Сенегал Республикасымен шектеседі. Батысында Атлант мұхиты. Жері 11,3 мың км2, халқы 1,8 млн. (2013). Астанасы – Банжул қаласы. Әкімшілік жағынан 7 округқа бөлінеді.

Мемлекеттік құрылысы. Гамбия - республика. Қазіргі конституциясы 1970 жылы 24 ақпанда қабылданған. Мемлекеттік және үкімет басшысы - президент. Ол парламент мүшелерінің басым көпшілігінің дауыс беруімен 5 жылға сайланады. Заң шығаратын органы - 40 депутаттан құралған бірпалаталы парламент. Оның 32-сі жалпы халық сайлауында, 4-і тайпа көсемдері ассамблеясында сайланады, 3-ін президент тағайындайды, біреуі (генерал-атторней) өзінің лауазымы бойынша парламент мүшесі болып есептеледі. Жасы 21-ге толған азаматтары дауыс беруге праволы. Сот жүйесі Жоғарғы сот және апелляциялық сот, өлкелік магистраттар және мұсылман праволы соттардан құралған.

Табиғаты. Жері ойпатты жазық. Пайдалы қазындыларға кедей; шағын мөлшерлі ильменит (титан минералы) кендері ғана ашылған. Басты өзені - Гамбия. Климаты экваторлық-муссондық жазы жаңбырлы, қысы қуаң. Астанасында – шілденің орташа температурасы 27°С, ақпанның 23°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері әртүрлі: 750 мм-ден (орталық бөлігінде) 1500 мм-ге (теңіз жағалауында) дейін. Жерінің 29,2%-ін мәңгі жасыл орман, акация, аралас саванна алып жатыр. 34 мың га қорық бар; маймыл, гиппопотам, крокодил, қабылан, жабайышошқа т.б. аңдар кездеседі.

Халқы. Гамбияның батыс бөлігінде - атлант немесе батыс бантои тілінде сөйлейтін халықтар: фульбе, волоф, диола, манджак т.б., шығыс жағыңда - манде тілі семьясына жататын малинке, согагаке т.б. тұрады. Ресми тілі – ағылшын тілі, бірақ халқының көбі фуль, волоф және мандинго тілдерінде сөйлейді. Халықтың 80%-і мұсылмандар; тығыздығы 1 км2-ге 156 адамнан келеді. Қала халқы 12%; өңірі қаласы - Банжул.

Тарихы. Гамбияның ежелгі және орта ғасырдағы тарихы жете зерттелмеген. 13-15 ғасырда Гамбияжері (Гамбия өзенінің атымен аталған) Африкадағы Мали, кейінірек Сонгаи мемлекеттерінің құрамында болды. Гамбияны ру-тайпалық құрылыс сатысында өмір сүрген африкалық әр түрлі халықтар - малинке, волоф, фульбе т.б. мекендеген. Гамбия халқы негізінен егіншілікпен шұғылданған, қолөнерін де кәсіп еткен. Гамбия жеріне алғаш келген европалықтар-венециялықтар мен генуялықтар болды. 15 ғасырдың орта шенінде Гамбияға Г.А.Кадамосто бастаған португальдық экспедиция барып қайтты, 16 ғасырдың аяқ кезінде ағылшын көпестері келе бастайды. 17-18 ғасырда Англия мен Франция Гамбияны отарға айналдыру үшін өзара таласты. Версаль бітімі бойынша (1783) Гамбияның көп жері ағылшындардың билігіне берілді. 1816 жылы ағылшындар Гамбия өзенінің сағасына Банжул портын салды да, оны Гамбия отарлық орталығына айналдырды. 1821 жылы ағылшындар басып алған жерлердің бәрі Сьерра-Леоне губернаторының билігіне тапсырылды. 1899 жылы ағылшын-француз келісімі бойынша Гамбияда Британ отары мен француз Сенегалының шекарасы белгіленді. 1902 жылы Гамбия өзенінің бойындағы жерлер (Сент-Мэри аралынан басқа) Британ протектораты болып жарияланды. 90 жылдардың басында отаршылдарға қарсы стихиялық қозғалыс өрістей бастады. 20 ғасырдың 20 жылдарында қозғалыс ұйымдасқан сипат алды. 1928 жылы Банжул қаласында Гамбияның Еңбек Одағы (кәсіподақтар) құрылып, 1929 жылы ереуілге басшылық етті. 2-дүние жүзлік соғыстан кейін Африканың басқа елдеріндегі азаттық қозғалыстың ықпалымен Гамбияда Демократиялық партия (кейін Халықтық Прогрестік партиямен қосылды, ХПП), Біріккен партия (1951), ХПП (1959) т.б. құрылды. Партиялар саяси күресті өрістете түсті. Соның нәтижесінде ағылшындар бірте-бірте гамбиялықтардың саяси правосымен есептесуге мәжбүр болды. 1960 жылы бір палаталы парламент құрылды. 1962 жылы мамыр айындағы сайлаудан кейін ХПП өкілі Д. К. Джавара үкімет басына келді. Гамбия 1965 жылы 18 ақпанда тәуелсіз мемлекет, 1970 жылы сәуірде республика болып жарияланды. Д.К.Джавара президент (әрі үкімет басшысы) болып сайланды. Сыртқы саясатта Гамбия үкіметі барлық елдермен достық және ынтымақ орнату, одақтарға қосылмау принципін жариялады. 1965 жылы Гамбия БҰҰ-ға қабылданды. Гамбия қарусыздандыру, отаршылдықты бір жолата жою үшін, апартхейд пен нәсілшілдікке қарсы және Африканың бірлігі үшін күресі әкеледі.

Экономикасы. Гамбия - аграрлы ел; Африкадағы ең мешеу қалған елдердің бірі. Ұлттық өнімінің жалпы құны және оны жанбасына шаққандағы үлесі жөнінде Африкада ең соңғы орындардың бірінде.

Гамбия экономикасының басты саласы – ауыл шаруашылық. Еңбек етуші халықтың 90%-ке жуығы ауыл шаруашылығында істейді. Жерінің 20%-і егістік. Басты дақылы - жержаңғағы (арахис); 1968 жылы арахис егісі 140 мың га болды. Басты тағамдық дақылдары: күріш (38 мың га, 41 мың тонна), тары және сорго (42 мың га, 45 мың тонна).Олардан басқа, маниок, жүгері, бұршақ тұқымдас дақылдар егіледі; овощ, цитрус жемістері, банан өсіріледі. Экстенсивті, жартылай көшпелі мал шаруашылығы бар. Ауыл шаруашылық: іріқара, қой, ешкі. Балық аулау кәсібімен де шұғылданады.

Өнеркәсібі өте нашар дамыған. Негізінен ауыл шаруашылық өнімдерінең дейтін шағын кәсіпорындар ғана бар, олар жекеменшікке, ағылшын компанияларына қарайды. Банжуле және Кау-Уреде арахис тазалау зауыдтары, Кунтаурда май зауытты бар.

Транспорты. Ел ішіндегі тасымалда Гамбия өзенінің маңызы зор, оның 350 км-іне кеме жүзеді. Темір жолы жоқ. Автомобиль жолдарының ұзындығы 1,3 мың км (1966), оның ішінде тас жол 277 км. Басты теңіз және өзен порты - Банжул. Юндум қаласында халықаралық аэропорт бар.

Сыртқы саудасы. 1966-1967 жылы экспортының 93%-і арахис және оның өнімдері болды. Сырттан мата, машиналар, қурал-жабдықтар, азық- түлік, темекі әкелінеді. Басты сауда серіктестері: Ұлыбритания, Жапония, Бирма, Португалия, Италия. Ақшасы - даласи.

Әдеб.: Хилтухин А.И. Современная Гамбия. М., 1967; История Африки в XIX - нач. XX в. –М., 1967. -С.106-107; Новейшая история Африки. 2 изд., М., 1968; Черч Дж. Г. Западная Африка. Пер. с англ. –М., 1959.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2019-09-13 11:18:30     Қаралды-2015

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТЕЛЕДИДАР ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Қара және ақ түстің әртүрлі реңктерінен тұратын қозғалмалы бейне

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙДАН НЕ ЖАСАЛАДЫ?

...

Шикі мұнай іс жүзінде қолданылмайды. Ол тазартылады және өңделеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ ҚАЙДАН КЕЛДІ?

...

Бүгінгі таңда ғалымдардың көпшілігі мұнайдың биогендік шығу тегі деп есептейді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАРЫШТЫҚ ШАҢ ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛАДЫ?

...

Ғарыштық материяның барлық фрагменттері ғарыштық шаң деп аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БӨЛШЕКТЕР ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Алдымен бұлар «жай бөлшектер» деп аталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕ ЖҮЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ ЦИРК ҚАШАН ЖӘНЕ ҚАЙ ЖЕРДЕ АШЫЛДЫ?

...

Қазіргі кездегі заманауи цирктің әкесі - ағылшын кавалеристі аға сержант Филип Астли

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЕТРО ҚАЙ ЖЕРДЕ ЖӘНЕ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Метро - теміржол көлігінің бір түрі, оның жолдары көшелерден алшақ, көбінесе жер асты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »