UF

Гайана республикасы (Gayana Republik) - Оңтүстік Американың солтүстік-шығыс бөлігіндегі мемлекет. Британ Ынтымағы құрамына кіреді. 1966 жылға дейін Британ Гвианасы деп аталған. Солтүстік-батысында Венесуэламен, оңтүстік-батыс және оңтүстігінде Бразилиямен, шығысында Суринаммен шектеседі. Солтүстік-шығысы - Атлант мұхиты. Жері 215 мың км2. Халқы 773,3 мың (2017). Астанасы - Джорджтаун қаласы. Әкімшілік жағынан 9 округқа бөлінеді.

Мемлекеттік құрылысы. Гайна - 1970 жылғы 23 ақпаннан республика. Мемлекет басшысы - президент, оны 6 жылға парламент сайлайды. Заң шығаратын органы - 4 жылға сайланатын бір палаталы парламент (Ұлттық жиналыс). 21 жасқа толған Гайна азаматтары дауыс беруге құқылы.

Табиғаты. Гайананың солтүстік және солтүстік-шығыс жағы ойпатты, орталық өңірі белесті жазық, қалған бөлігі таулы, үстіртті болып келеді. Ең биік жері - Рорайма тауы, 2772 м. Климаты субэкваторлық, ылғалды және ыстық, Джорджтаун қаласында ауаның орташа айлық температурасы 26°, 28° С, жауын-шашынның жылдық мөлшері 2230 мм. Ірі өзендері - Әссекибо, Корантейн. Көп жерінде мәңгі жасыл орман, солтүстік және оңтүстік-батыс бөлігінде саванна өседі.

Халқының 51%-і үнділердің, 43%-і Африкадан әкелінген құлдардың ұрпақтары. Орталық өңірінде 30 мыңга жуық үндіс тайпалары (кариб, аравак т.б.) тұрады. Ресми тілі - ағылшын тілі; үнділер хинди тілінде сөйлейді. Дінге сенушілердің көпшілігі протестанттар, католиктер мен мұсылмандар да бар. Халықтың орташа тығыздығы - 1 км2 жерге 3 адамнан келеді. Қала халқы 30%; ірі қалалары: Джорджтаун (97,2 мың адам, 1969), Нью-Амстердам, Маккензи, Бартика.

Тарихы. Гайана жерінің тұрғылықты халқы үндіс тайпалары болды. 15 ғасырдың аяғында бұл жерді испан теңізшілері ашты. 16 ғасырдың аяғында Гайана жағалауын ағылшындар зерттеді, одан кейін голланд көпестері келіп қоныстанды. 1732 жылы Бербис, ал 1773 жылы - Эссекибо және Демерара Голландия отары болып аталды. 1650 жылдан 19 ғасырдың басына дейін қант құрағы плантацияларында және рудниктерде жұмыс істету үшін Африкадан негр құлдар әкелініп тұрды. 18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырдың басында Гайана жерін иемдену үшін Ұлыбритания, Нидерланды және Франция арасында табанды күрес жүрді. 1781 жылы Гайана жеріне ағылшындар иелік етті. 1782 жылы ол Францияға көшті, ал 1783 жылдан Нидерланды қол астында болды, 1814 жылы біржола Ұлыбританияға қарады. Ал 1831 жылы Британ Гвианасы деген атпен бір отарға біріктірілді. 18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырдың басында бірсыпыра құлдар көтерілісі болды (ең ірілері 1763, 1812, 1823). 1834 жылы құлдық жойылды. 1838 жылдан Үндістаннан, ал 1853 жылдан Қытайдан арзан жұмысшы күші әкеліне бастады. 1880 жылдан бастап плантаторлар шағын көлемді (өңдеуге жарамсыздау) жер учаскелерін сату арқылы үндіс семьяларын орнықтыруға тырысты. Сөйтіп шағын-шағын фермерлік шаруашылықтар пайда болды. 1922 жылы тұңғыш кәсіподақ ұйымы - Британ Гвианасының жұмысшы одағы ұйымдасты, ал 1941 жылы Британ Гвианасы кәсіподағының советі құрылды.

2-дүние жүзілік соғыс (1939-1945) жылдарында Британ Гвианасында американ және канада капиталы едәуір орын тебе бастады (боксит кенін өндіруде). Британ Гвианасы халқының отарлық үстемдікке қарсы күресі 40 жылдардың аяқ шенінде кеңінен құлаш жайды. 1950 жылы Халықтық прогресшіл партия (ХПП) құрылды. Бұл жұмысшы табының, фермерлердің және ұлттық буржуазияның біраз бөлегінің басын құрады. Партия еңбекшілер бұқарасын - үндістер мен негрлерді отаршылықты жою жолындағы күреске жұмылдыра білді. 1953 жылы сәуірде Заң шығару жиналысына жалпыға бірдей сайлау өткізілді. Осы сайлауда ХПП жеңіп шығып, оның жетекшісі Ч. Джаган үкімет басшысы болды. Халықтың ұлттық тәуелсіздігі жолындағы табанды күресі ағылшын үкіметін 1961 жылы Гайанаға жаңа конституция беруге мәжбүр етті. Бұл ішкі биліктегі өзін-өзі басқару өрісін кеңейтті. Алайда, сыртқы саясат пен қорғаныс билігі ағылшын үкіметінің қолында қалды. 1964 жылы желтоқсанда Ұлттық жиналысқа жаңадан сайлау өткізілді. Бұл сайлаудан оңшыл партиялардың - Халықтық ұлттық конгресс (ХҰК), Біріккен күш (1961) өкілдерінен Ф. Бернхем басқарған коалициялық үкімет құрылды. Жаңа үкімет өзінен бұрыңғы Джаган үкіметінің елдің экономикасын дамытуға, жұмыссыздықты жоюға, халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған шараларын жойып, шетелдік монополияға, әсіресе американ монополиясына жол ашты.

1966 жылы 26 мамырда Британ Гвианасы тәуелсіздік жолындағы бұқаралық қозғалыстың қысымымен тәуелсіз мемлекет болып жарияланып, Гайана деп атала бастады, сол жылы Гайана БҰҰ-на қабылданды. 1968 жылы желтоқсанда Гайанада тәуелсіздікке жеткеннен кейін алғашқы жалпыға бірдей сайлау болып, онда Ф. Бернхем басқарған ХҰҚ партиясы жеңіске ие болды. АҚШ-тан алатын көмек мөлшері жағынан (жан басына шаққанда Гайана батыс жарты шардағы елдер арасында Панамадан соңғы) екінші орында (1968). Гайана халқының шын мәнісіндегі тәуелсіздікті көксеген үздіксіз күресінің нәтижесінде 1970 жылы 23 ақпанда ел республика болып жарияланды. 1970 жылы наурызда Гайананың алғашқы президенті А. Чжун болды. 1970 жылы желтоқсанда Гайана СССР-мен дипломатиялық қатынас орнатты.

Экономикасы. Экономикасының басты салалары - ауыл шаруашылық және минералдық шикізат өндіру; олар негізінен шетел (Ұлыбритания, АҚШ, Канада) капиталының қолында. Гайана жерінің 1%-і ғана өңделеді (1968), 13,8%-і жайылым мен шалғындық. Басты дақылдары: қант қамысы, күріш, кофе, какао. Қант қамысын өсіретін ірі 12 плантация ағылшындық «Вукеро бразерс» компаниясының қолында. Ананас, цитрус жемістері өсіріледі. Жайылымды мал шаруашылығы дамыған. Ауыл шаруашылық: ірі қара, қой, ешкі, шошқа. Теңіз жағалауының тұрғындары балық аулаумен шұғылданады. Орманды өңірінде бағалы ағаштар өседі (240,7 мың м3 ағаш дайындалды, көбі окотея ағашы). Боксит өндіру жөнінен Гайана капиталистік елдер арасында 4-орын (Ямайка, Суринам, Австралия Одағынан кейін) алады. Өндіріс орындары түгелімен АҚШ-тың «Демерара боксайт компани» және «Рейнолдс металс компани» компанияларына қарайды. Боксит рудниктері Демерара және Бербис өзендерінің алабына орналасқан; олардың өнімдері (боксит, алюминий тотығы) Маккензи, Эвертон порттары арқылы негізінен Канадаға тасылады. 1971 жылы «Демерара боксайт компаниясына» қарасты кәсіпорындарды национализациялау туралы қарар қабылданды. Алмас (66 мың карат), алтын (127 кг), марганец рудасы (38,4 мың тонна) өндіріледі. Гайанада 267 млн. квт-сағ электр энергиясы алынды: жылу электр станцияларының үлесі басым. Қант және сыра қайнататын, тақтай тілетін, астық тартатын, консервілеу, темекі шығаратын шағын кәсіпорындары бар; олардың көбі Джорджтаунда шоғырланған. Шарап өнеркәсібінің, оның ішінде ром жасау (6,7 млн. л) дамыған. Темір жолының ұзындығы 258 км (автомобиль және көлік жолы 1,7 мың км), өзен жолы 400 км. Басты порттары - Джорджтаун, Нью-Амстердам, Эвертон, Маккензи.

Гайанадан шетке қант, боксит, алюминий тотығы, алмас ром шарабы, ағаш өнімдері (111 млн. долларға жетті) шығарылады. Импорттық товарлары: машина, құрал жабдықтар, жанар май, тағамдар және аяқ киім (не бары 131 млн. долл. болды). Сыртқы саудадағы басты әріптестері - Ұлыбритания, АҚШ, Канада және Кариб теңізі жағалауындағы елдер. Ақшасы - гайана доллары.

Әдеб.: Богоеловский В. Гайана. -М., І969; Рэли У. Открытие обширной, богатой и прекрасной Гвианской империи, пер. с англ., М., 1963.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2019-09-13 11:13:16     Қаралды-1181

ТӨРТ ТҮЛІГІМІЗ ТҮГЕЛ БОЛСА

...

Қазақ халқы қолда өсірілетін түйе, сиыр, жылқы және қой-ешкіні төрт түлік мал деп атайды. Әр түліктің өзіндік орны бар, әрқайсысын шақыруға арналған одағай сөздер де түрлі-түрлі болып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРАБ ЖЫЛҚЫСЫ

...

Араб жылқысы - байырғы жылқы тұқымдарының бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРХЕОЛОГИЯ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

тарих ғылымының бір саласы, алғашқы қауымнан, көне заманнан, орта ғасырдан қалған заттай есқерткіштерді зерттеу арқылы адам қоғамының өткендегі тарихын анықтайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БЕЛБЕУ ТАСТАУ

...

Қазақтың ұлттық ойыны

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СОЛТҮСТІК МҰЗДЫ МҰХИТ

...

Жер шарындағы ең кіші мұхит

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САРЫАРҚА ҚАТПАРЛЫ АЙМАҒЫ

...

Сарыарқа қатпарлы аймағы - Азиядағы дербес ірі геологиялық құрылымдардың бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ЖЫЛДАМ ҚҰСТАР

...

Құстар - жердің ең жылдам тіршілік иелері, өйткені жануарлар әлемінің құрлық немесе суда жүзетін құстарының бірде-бір өкілі олармен жылдамдығымен салыстыра алмайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АУА

...

Жер атмосферасын құрайтын, негізінен азотпен оттектен тұратын газдар қоспасы. Ауа су мен жер қыртысының құрамында да болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІРЖАН - САРА АЙТЫСЫ

...

Біржан мен Сараның 1871 жылы қазіргі Талдықорган облысының Қапал - Ақсу өңірінде кездескендегі айтысы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »