UF

ГАИТИ (Наiti), Гаити Республикасы - Вест-Индиядағы Гаити аралының батыс бөлігі мен оған таяу Гонав, Тортю, Ваш т. б. аралдарда орналасқан мемлекет. Солтүстігінен Атлант мұхиты, оңтүстігінен Кариб теңізі қоршайды. Орталық Америкаға кіретін Үлкен Антиль аралдары тобындағы арал. Жел өтіндегі бұғаз арқылы Кубамен, шығысында Доминикан Республикасымен шектеседі. Жері 77 мың км2. Халқы 10,0 млн. (2018). Астанасы - Порт-о-Пренс қаласысы. Әкімшілік жағынан 5 департаментке бөлінеді.

Кубадан Жел өтіндегі бұғаз, Пуэрто-Рикодан Мона бұғазы арқылы бөлінген. Жағалары қатты тілімделген. Арал мезозой-кайнозойдың вулкандық және шөгінді жыныстарынан түзілген. Тектоникалық ойыстарды қатпарлы-жақпарлы жоталар (Русплья тауы, биіктігі 3175 м - Орталық Американың ең биік жері) бөліп жатады, оңтүстік-шығысы - ойпат. Жер сілкіну жиі болады. Климаты тропиктік пассаттық. Айлық орташа температурасы ойпаттарда 29°С-қа дейін. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері жел өтіндегі беткейлерде 2000 мм, ішкі аңғарларда 300-1300 мм; күзде теңіз дауылдары жиі соғады. Солтүстік-шығысы мен оңтүстігінде мәңгі жасыл тропиктік орман (пальма, лавр ағаштары), тауларда қылқан, қатты жапырақты орман, ішкі аймақтарында жапырағын түсіретін орман өседі. Тұрғындары тропиктік дақылдар, бақ өсіруді кәсіп етеді. Сүт қоректілерден жарқанат, кемірушілер кездеседі. Кесіртке, крокодил бар. Құс өте көп. Гаити аралында Гаити мемлекеті және Доминикан Республикасы орналасқан. Аралды 1492 ж. X. Колумб ашып, Эспаньола деп атаған.

Мемлекеттік құрылысы. Гаити - республика. Қазіргі конституциясы 1964 жылы қабылданған. Мемлекет және үкімет басшысы - президент; ол 6 жылға сайланады. Заң шығаратын жоғарғы органы - 58 депутаттан құралған бір палаталы парламент. 21 жасқа толған адам дауыс беруге праволы. Сот жүйесі Жоғарғы сот, шағым соты және төменгі сатылы соттардан құралған.

Табиғаты. Гаити аралының батыс бөлігі қатты тілімделген. Жері негізінен таулы: Солтүстік, Монтань-Нуар, Мато, От, Сель т. б. тау жоталары бар. Климаты тропиктік пассаттық. Айлық орта температурасы 22-28°С. Жауын-шашын 500-800 мм-ден 2000 мм-ге дейін. Ең ірі өзені - Артибонит (кеме жүзеді). Жері көбінесе қоңыр қызыл топырақты. Көпшілік жерінде жапырақ тастайтын тропиктік ормандар, оңтүстігінде мәңгі жасыл ормандар, өзен аңгарында тікенді бүта және кактус өседі.

Халқының 99%-тен астамы гаитиліктер. Мемлекеттік тілі - француз тілі, бірақ халық түгел дерлік гаитилік креол тілінде сөйлейді. Ресми діні - католицизм. Халқы жылына 2% өседі, тығыздығы 1 км2-ге 389 адамнан келеді. Басты қалалары: Порт-о-Пренс, Кап-Аитьен, Гонаив, Леке.

Тарихы. 15 ғасырдың аяғына дейін Гаити аралын үндістердің таино және сибопей тайпалары мекендеген. Олардың жалпы саны 1 млн. адам шамасында болған. Гаити аралын X. Колумбтың экспедициясы ашты (1492 жылы 6 желтоқсан). Отаршылдар аралды ездерінше Эспаньола деп атады, шетелдік үстемдікке көнбеген жергілікті халықты аяусыз жазалап, құлға айналдырды. Қант құрағы плантациялары мен алтын рудниктерінде жұмыс істеу үшін 16 ғасырдың басында отаршылдар мұнда Африкадан негр құлдарды әкеле бастады.

Гаити аралы үшін Испания, Франция және Англия өзара ұзақ күресті. 17 ғасырдың аяғында оның батыс бөлігі Францияның қол астына көшіп, Сан- Доминго аталды, шығыс бөлігі Испанияның қарамағында қалып, Санто-Доминго деп аталды. Отаршылдар үндістерді түгелдей құртып жіберді. Құл иеленуші ақ плантаторлар, ірі сауда буржуазиясы, шені үлкен чиновниктер мен офицерлер үстемдік етті, мулаттар мен негрлердің ешқандай саяси правосы болған жоқ.

Ұлы француз революциясының дүмпуі Гаити аралына да жетті. Сан-Домингода 1790 жылы ақ нәсілдермен бірдей право берілуін талап етіп, мулаттар көтеріліске шықты. Негр құлдардың 1791 жылғы стихиялық қозғалысы тәуелсіздік жолындағы ұзақ та табанды күреске ұласты. Француз отаршылдарының жазалау әрекеттеріне қарамастан, бұл күрес Ф.Д.Туссен- Лувертюрдің басшылығымен өрістей берді. Франция және оған қарсы Испания мен Ұлыбритания арасында 1793 жылы басталған соғыс гаитиліктердің азаттық күресін біраз қиындатты. Дегенмен 1800 жылы бүкіл арал Туссен-Лувертюр әскерлерінің қол астына көшті. 1801 жылы құлдықтың жойылғаны жарияланып, елдің конституциясы қабылданды. 1802 жылы Наполеон жіберген экспедициялық корпус Лувертюрді тұтқынға алғаннан кейін, тәуелсіздік жолындағы күресті негр генералы Жан Жак Дессалин басқарды. Ол аралдың Франциядан тәуелсіздігі жөнінде декларациясын жариялап (1804 жылы 1қаңтар), оның бұрынғы Гаити деген атын қалпына келтірді.

19 ғасырдың басында билеуші топтағы өзара қырқысудың салдарынан ел екіге: «Гаити мемлекетіне» және «Гаити Республикасына» бөлінді (1807). 1821 жылы бір тұтас мемлекет құрылғанға дейін бұл екеуінің өзара күресі тоқтаған жоқ. 1825 жылы Франция Гаитидің тәуелсіздігін мойындады. 1844 жылы аралдың Гаитиден бөлінген бұрынғы испандық шығыс бөлігінде дербес мемлекет - Доминикан Республикасы құрылды. 19 ғасырдың 2-жартысынан бастап Гаитидің ішкі жағдайы тұрақсыз болды, осы уақыт ішінде 20-дан астам мемлекеттік басшысы ауысты; ол шетел мемлекеттеріне, әуелі Францияға, кейінірек АҚШ-қа тәуелді жағдайға түсті. 1890 жылы Гаити импортының 65%-і АҚШ-тың үлесіне тиді. 20 ғасырдың басында АҚШ Гаитиде темір жол салуға концессия алды, бұдан соң американ банкілері Гаитидің Ұлттық банкісіне жарналас болып кірді. 1915 жылы АҚШ Гаитидің «тәуелсіздігін» қамтамасыз ету деген сылтаумен, оны шын мәнінде американ протекторатына айналдырды.

Россиядағы Ұлы Октябрь социалистік революциясының ықпалымен Гаитиде империализмге қарсы қозғалыс жандана бастады. Мысалы, 1918-1920 жылдар американ оккупациялық тәртібіне қарсы гаитиліктер бұқарасының ірі көтерілісі болды. 1929 жылы студенттер толқулары, еңбекшілер ереуілдері, шаруалар көтерілістері, империализмге қарсы демонстрациялар болды. 1929-1933 жылдар бірнеше шағын кәсіподақ ұйымдары және басқыншыларға қарсы күрес жолында коммунистік топтар құрылды. 1934 жылы бұл топтар Коммунистік партияға бірікті, бірақ көп ұзамай ол заңнан тысқары деп жарияланды. Ұлт-азаттық қозғалысының күшеюі нәтижесінде американ әскерлері аралдан кеткенімен, Гаити АҚШ-қа тәуелді болып қала берді. 2-дүние жүзілік соғыс кезінде Гаити АҚШ-тың әскери және шикізат базасына айналды. 1941 жылдың желоқсанда Гаити Жапонияға, Германия және Италияға қарсы соғыс жариялады.

40 жылдардың орта шенінде Гаитиде ішкі реакцияшыл тәртіпке қарсы демократиялық қозғалыс кең өріс алды. Коммунистік партия қалпына келтірілді, халық бұқарасының мүддесін қорғайтын Халықтық социалистік партия да құрылды. Кәсіподақтар жария түрде жұмыс істеуге көшті. 1946 жылғы мемлекеттік төңкеріс нәтижесінде өкімет басына келген әскери хунта (Д.Этиме) халықтық қозғалысты жаныштап, коммунистерді заңнан тыс деп жариялады. 1950 жылы өкімет басына келген П. Э. Маглуар елді американ империализміне бұрынғыдан да мықтап тәуелді етіп, антикоммунистік науқанды күшейте түсті. Бірақ халық бұқарасының қозғалысын ол да баса алмады. 1956 жылы желтоқсанда халық жаппай саяси ереуілге шықты. Мұның нәтижесінде американ монополияларының малайы Маглуар елден қашуға мәжбүр болды.

1957 жылы Гаитидің Кәсіподақ аралық бірлестігі (ГКБ) құрылды. 1959 жылы қазанда астыртың жағдайда Ж. С. Алексистің инициативасымен Гаитидің Халықтық бірлік партиясы (ГХБП) ұйымдастырылды. Американың қол шоқпары болған президент Ф. Дювальенің шексіз үстемдігіне қарсы күресу үшін елдің прогресшіл күштері. бірлесіп, ГХБП-нің белсене қатысуымен 1963 жылы Ұлт азаттығының Біріккен демократиялық майданы құрылды. Бұл майдан демократиялық мемлекет орнату және аграрлық реформа жұргізу мақсатын алға қойды. 1963 жылы желтоқсанда ГКБ еңбекшілерді жаппай ереуілге шақырды. Мұның өзі ақырында ГКБ-ге тыйым:       салынуына сылтау болды.

1967 жылдың аяғында Ұлт азаттығының біріккен демократиялық майданы тарады. ГХБП-нің Гаити демократтары одағы партиясымен (Ұлт-азаттық халық партиясы, 1967 жылдан осылай аталды) бірлесіп қимыл жасауы нәтижесінде, 1968 жылы Гаити коммунистерінің біріккен партиясы (ГКБП) құрылды. Бұл партия ете астыртын Жагдайда жұмыс істейді. Ол елдегі диктаторлық тәртіпке қарсы қарулы курес ұйымдастыруды ең бірінші кезекке қойды.

Экономикасы. Гаити мешеу қалған ел. Ауыл шаруашылық жерінің 2/3-і помещиктердің және АҚШ компанияларының қолында. Гаити жерінің 14%-і егістік пен коп жылдық дақылдар, 18%-і жайылымдық, 25%-і орман, 43%-і пайдаланылмайды. Өңделетін жердің 11%-і суарылады. Басты ауыл шаруашылық аудандары - Артибонит өзені алабы мен астана төңірегі. Негізгі товарлы дақылы - кофе (27,9 мың тонна). Басқа маңызды экспорттық дақылдары - агава, қант қамысы. Азықтық дақылдары - жүгері, тары. Таулы аудандары мал шаруашылығына бейімделген. Ауыл шаруашылық: мүйізді ірі қара, ешкі, қой, шошқа.

Импорттық мұнаймен жұмыс істейтін электр станциялар 115 млн. квт-сағ электр энергиясын өндірді. Елдің оңтүстік бөлігінде боксит, мыс өндіріледі (АҚШ компаниялары). Тамақ, жеңіл өнеркәсіп орындары бар. Тас жолдарының ұзындығы 3,5 мың км, темір жолы 376 км. Басты порты және өнеркәсіп орталығы - Порт-о-Пренс. Сыртқы сауда айналымының 2/3-і АҚШ-тың үлесіне тиеді. Ақшасы - гурд.

Әдеб.: Томас А. Б. История Латинской Америки, пер. с англ., М., 1960; Мартынов М.В. Гаити. М., 1969; Алексис Ж. С. Современные проблемы гаитянской литературы. «Иностранная литература», 1960, № 2.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2019-09-13 11:10:38     Қаралды-3782

ЖЕРДЕ СУ ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Біздің планетамыз шамамен 4600 миллиард жыл бұрын пайда болды

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН САТУРННЫҢ АЙНАЛАСЫНДА САҚИНАЛАР БАР?

...

Сатурн планетасының таңғажайып сақиналары бар

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕРДЕ СУ КӨП ПЕ?

...

Жер шарында теңіздер, өзендер мен көлдер көк түспен бейнеленгенін білесіздер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕСКІ КОМПЬЮТЕР НЕ ҮШІН ПАЙДАЛЫ?

...

Біз өз уақытын өтеген компьютерлер туралы айтып отырмыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕСКІ ЗАМАНДА НЕМЕН ТАМАҚТАНДЫ?

...

Патшалар мен князьдердің дастарханында алтын мен күмістен жасалған бағалы ыдыстар тапшы болған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЬБРУС НЕМЕН ТАНЫМАЛ?

...

Эльбрус тауы - сөнген жанартау.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ГАЛИЛЕЙДІҢ КЕРНЕЙІ НЕМЕН ТАНЫМАЛ?

...

Біздің планетамыз Әлемнің орталығы деп есептелді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕРДЕГІ ЕҢ БИІК ГҮЛ ҚАНДАЙ?

...

Биіктігі бойынша гүлдер арасындағы чемпион титандық аморфофалл

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕРДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ГҮЛ ҚАНДАЙ?

...

Суматра және Калимантан аралдарында таңғажайып өсімдік өседі - Арнольд раффлезиясы

ТОЛЫҒЫРАҚ »