UF

БУРУНДИ (Вurundі), Бурунди Республикасы (Republice of Burundi) - Орталық Африкадағы мемлекет. Жері 27,8 мың км2. Халқы 11,5 млн. (2016). Астанасы - Бужумбура қаласы. 8 провинцияға (олар округқа) бөлінеді.

Мемлекеттік құрылысы. Бурунди - республика. Мемлекет пен үкімет басшысы және қарулы күштердің бас қолбасшысы - президент. Провинцияны президент тағайындаған губернатор, округты комиссар билейді.

Табиғаты. Көп жерін докембрийлік кристалл және метаморфтық жыныстардан түзілген таулы үстірт (биікт 1500-2000 м) алып жатыр. Климаты субэкваторлық. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 800-1000 мм. Бастк өзендері - Рувуву, Аканьяру (Елдің оңтүстік-батысында Танганьика көлі бар. Жері таулы аймақтарда қызыл, өзен аңғарларында қара топырақты келеді. Саваннада, мәңгі жасыл ормандарында піл, гиппопотам, маймыл, буйвол, бөкен т. б. кездеседі.

Халқының дені (3,3 млн.) барундилер; олардан басқа пигмейбатвалар, суахилилер, европалықтар да бар. Ресми тілі - кирунди және француз тілдері. Халқының 60%-і христиандар, 7 мыңнан астамы мұсылмандар; орташа тығыздығы 1 км2 жерге 126 адамнан. Басты қалалары: Бужумбура (халқы 75 мың), Гитега (20 мың), Бурури т. б.

Тарихы. Бурундидің байырғы тұрғындары пигмейлер болған. 15-16 ғасырда солтүстіктен эфиопиялық тайпалар басып кіреді. 18 ғасырда мұнда тәуелсіз феодалдық Бурунди корольдығы құрылды; оның алғашқы королы Нтаре I болды. 19 ғасырдың 2-жартысында ел ішінде европалық отаршылдардың ықпалы күшейе бастады. 1903 жылы Бурунди герман губернаторына бағынды. 1-дүние жүзілік соғыста Германияның қарамағына көшті (Руанда-Урунди аймағы құрылды). 50 жылдардың аяғында ұлт-азаттық қозғалысы өріс алды, саяси партиялар құрылды. 1962 жылы 27 маусымда БҰҰ-ның арнаулы сессиясы Руанда - Урундидегі Бельгияның билігін жоюға шешім қабылдады. Мұнда тәуелсіз екі мемлекет (Руанда Республикасы және Бурунди корольдығы) пайда болды. Прогресшіл күштердің күресі нәтижесінде 1966 жылы 28 қарашада Бурундиде монархия жойылып, республика жарияланды; оның тұңғыш президенті болып полковник М. Мичомберо сайланды.

Саяси партиялары, кәсіподағы және басқа қоғамдық ұйымдары. Бурундиның Бірлік және ұлттық прогресс партиясы (1959 жылы құрылған) - ел басқарушы партия; Бурунди ең - бекшілер одағы (1967); Бурунди әйелдер одағы (1967); Революциялық Рвагасоре жастары (1967).

Экономикасы. Бурунди - өнеркәсібі нашар дамыған аграрлық ел. Экспорт өнімінің 90%-ін ауыл шаруашылық береді. Өңделетін жері 1008 мың га, жайылымы 628 мың га, орман 116 мың га. Басты дақылдары - кофе (1968 ж. 27 мың га жерге егіліп, 16,8 мың тонна өнім жиналды), мақта (1968 жылы 3 мың тонна  өнім). Шай, жүгері, маниок, күріш, темекі т. б. егіледі. 1968 жылы 596 мың мүйізді ірі қара, 206 мың қой, 434 мың ешкі болды. Танганьика көлінен балық ауланады. Кофе, мақта тазалау, сабын, сыра қайнату, ұн тарту, мата тоқу кәсіпорындары, шағын СЭС, жылу электр орталықтары, қалайы, тантал, алтын рудниктері бар. Басты өнеркәсіп орталығы - Бужумбура.

Транспорты. Темір жолы салынбағаң. Тас және қара жолдары 7 мың км. Танганьика көлінде кеме жүзеді; басты порты - Бужумбура. Экспортқа кофе, мақта, қалайы, металдар концентраты, тері шығарылады; шеттен мата, азық-түлік, өндіріс құрал-жабдықтары, мұнай өнімдері әкелінеді.

1969 жылы Бурундиде 120 медициналық мекеме, 64 дәрігер болды. 1969-1970 оқу жылында бастауыш мектепте 185 мың, орта мектепте 6,7 мың, кәсіптік-техникалық училищеде 2 мың оқушы, педагогикалық училищеде 1427.

 Бужумбура университетінде 320 студент оқыды. Кирунди тілінде «Мажамбере», французша «Юните э революсьон» газеттері шығарылады. Радиохабары - кирунди, француз, суахили тілдерінде жүргізіледі.

Әдеб.: Карпушина В., Бурунди, М., 1965.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2019-09-09 14:04:10     Қаралды-2735

ГАЛАКТИКА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Ежелгі гректер бұл жұлдыздар шоғырын Галактика деп атаған, ол Құс жолы дегенді білдіреді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАЛАМ ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

20 ғасырдың бірінші ширегіне дейін Әлемнің өзгермейтін, тұрақты және мәңгілік нәрсе ретіндегі идеясы болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰХИТ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

...

Дүниежүзілік мұхиттар – гидросфераның негізгі бөлігі

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ҚУАТЫН КІМ АШТЫ?

...

Бенджамин Франклин есімді адам бірінші болып электр тоғының не екенін толық түсіндіруге тырысты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ВЕЛОСИПЕДТІ АЛҒАШ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Бұл скутер педальсыз велосипедке көбірек ұқсады...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОФЕНІ ҚАШАН ЖӘНЕ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Кофені кім және қашан ойлап тапқанын нақты айту мүмкін емес - бәрі аңыздан басталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ АЛҒАШҚЫ СМАРТФОН

...

Сенсорлық экраны бар ең алғашқы смартфон IBM Simon болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СІЗ АУАНЫ КӨРЕ АЛАСЫЗ БА?

...

Ауаның мөлдір, түссіз, иіссіз екенін бәрі біледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕҢ БИІК ТАУ ҚАЙ ЖЕРДЕ?

...

Планетамыздағы ең биік тау құрлықта емес, Тынық мұхитының түбінде тұр

ТОЛЫҒЫРАҚ »