UF

ВАТИКАН (ресми аты Stato della Città del Vaticano) - өз алдына мемлекет болған қала, католик шіркеуінің басшысы - папаның ордасы. Италияның астанасы - Рим қаласының батыс бөлігіндегі Монте-Ватикано төбесіне орналасқан. Жері 0,44 км2. Шекарасының ұзындығы 2,6 км. Халқы 1 мың адамға жуық (2014). Ресми документтері латын тілінде жазылады.

Мемлекеттік құрылысы. Ватикан - теократиялық монархия. Мемлекеттік басшысы - Рим папасы (католик шіркеуінің басшысы). Оны кеңесші орган - кардиналдар коллегиясы жасырын дауыспен өмір бойына сайлайды. Жоғары заң шығару және атқару өкімет билігі папаның қолында. Премьер-министрдің міндетін мемлекеттік секретарь атқарады.

Тарихи-экономикалық мәлімет. Ватиканың аты Тибра өзенінің жағасындағы осы аттас төбенің атынан шыққан; мұнда ертедегі орта ғасырда сарай салынып, 14 ғасырдың аяғынан бері ол католик шіркеуі басшысының тұрақты ордасы болып келеді. Италия бірігіп, Рим оған қосылғаннан (1870) кенін, Рим папасы азаматтық биліктен айрылды. Папа біріккен итальян мемлекетін танудан бас тартып, өзін «Ватиканның тұтқынымын» деп жариялады. «Қасиетті тақ» пен Италия үкіметінің арасындағы жанжал 1929 жылы Латеран келісімімен тыйылды. Бұл келісімге сәйкес, Ватикан мемлекеті құрылды, оның қазіргі шекарасы белгіленіп, «Қасиетті тақтың» халықаралық саладағы даусыз суверенитеті танылды.

Мемлекеттік экономикалық негізі - күрделі қаржыдан түскен табыс пен ақшалай жәрдем. Ватикан - итальян банкілерімен (Рим банкісі, Италияның коммерсиялық банкісі, «Қасиетті рух» банкісі т.б. көптеген банкілер) және халықаралық банкілермен (Ротшильд, Морган, «Креди Сюис» банкілері т. б.) тығыз байланысты ең ірі капитал иелерінің бірі. Ватикан - бірқатар концерндерге қатысушы (электр, резина, химия т. б. өнеркәсіп салаларында). Ватиканың ірі-ірі халықаралық монополияларда, сондай-ақ АҚШ-та, Швейцарияда, Ұлыбританияда, Францияда, Испанияда, Латын Америкасының бірқатар елдерінде айналымда жүрген күрделі қаржысы бар. Ватикан - Италиядағы, Испаниядағы, Германиядағы, басқа да елдердегі ірі жер иесі. Бұл жерлерін арендаға беруден Ватикан қисапсыз көп табыс табады. Дінге сенетіндерден түсетін кіріс, шіркеу салықтарынан түсетін табыста Ватиканың қалтасына барып құйылады. Ватикан шетелдік туризмнен, почта белгілерін шығарудан да едәуір пайда табады.

Баспасөз, радиохабар, телевизиясы. Ватиканның ресми баспасөзі: «Акта апостолице седис» - латын тіліндегі бюллетень, папаның заңдарын жариялайды (1909 жылдан шығып келеді); Аннуарио понтифичо» - итальян тілінде жылма-жыл шығатын деректеме (1860 жылы негізі қаланған); «Оссерваторе романо» күнделікті газеті (1861 жылдан шығады) [жексенбілік нөмірі - «Оссерваторе делла доменика»]; бұл газет осы атпен француз, ағылшын, испан тілдерінде апта сайын да шығады; «Чивильта каттолика» журналы 1850 жылдан айына екі дүркін шығып келеді. Ватикан өз радио станциясы бар (1931 жылдан). Хабарларды 45 тілде (1970 жылдан) жүргізеді. 1949 жылдан телевизия орталығы жұмыс істейді.

Ватикан - католик шіркеуінің халықаралық орталығы. Ватиканның бағыты мен ролі католик шіркеуінің (Католицизм) дінге сенуші бұқараға жасайтын ықпалына, сондай-ақ клерикалдық (Клерикализм) кұштерге жүргізетін бақылауына қарап белгіленеді. Ресми деректемелерге қарағанда, 1969 жылы дүние жүзінде 613 760 мың католик болғап, Католик ұйымдарына Ватикан бақылау жүргізеді. 40-қа жуық (1970) халықаралық католик ұйымы бар. Ең ірілері: Әйелдердің католик ұйымдарының бүкіл дүние жүзілік одағы (61 елде 36 млн. мүшесі бар), Католик жастардың бүкіл дүние жүзілік федерациясы (81 елде 10 млн. мүшесі бар) т.б. Ватикан Бүкіл дүние жүзілік еңбек конференциясы 1968 жылға дейін Христиандық кәсіподақтардың Халықаралық конфедерациясы (75 елде 12,5 млн. мүшесі бар) арқылы жұмысшы табына ықпал жасап отырады. Ватикан өз қызметінде клерикалдық саяси партияларға да (1968 жылы оның саны 30-дан асты) арқа сүйейді.

Ватикан - католицизмңің ірі діни-идеологиялық орталығы. Толып жатқан католиктік оқу орындары, католиктік баспасөз, радио, кино, телевизия Ватиканның бақылауымен жұмыс істейді. Ол жеке меншікті, қоғамның тапқа бөлінуін, таптық теңсіздікті қорғайды. Оның сыртқы саясаты ірі империалистік мемлекеттердің саясатымен үндес, 2-дүние жүзілік соғыстың алдында Ватикан фашистік мемлекеттермен ынтымақтас болды. 1921 жылы Италиямен, 1933 жылы Германиямен, 1940 жылы Португалиямен келісім жасасты. Фашистік мемлекеттер Испанияға (1936-1939), Чехословакияға (1938-1939), Албания мен Польшаға қарсы агрессия жасаған кезде (1939), Ватикан фашизмнің зұлымдығына карсы наразылық білдірмеді, қайта оларды қолдады. 2-дүние жүзілік соғыс кезінде (1939-1945) Ватикан фашистік Германия мен Италия өкілдерінің АҚШ пен Англия өкілдерімен бір жақты бітім жүргізетін орталықтарының бірі болды. Соғыс аяқталып, фашистік мемлекеттер талқандалғаннан кейін, Ватикан Германияның Одер-Нейсе арқылы өтетін соғыстан кейінгі шекарасын мойындамайтынын мәлімдеді.

2-дүние жүзілік соғыстан кейін Ватикан АҚШ т.б. мемлекеттердің ең агрессияшыл империалистік топтарының демократия мен социализм күштеріне қарсы күресін қызу қолдап отырды. Ол агрессияшыл Солтустік атлантика соғыс блогының (НАТО) құрылуын құттықтады.

Дүние жүзілік революция процестің дамуы Ватикан позициясының әлсіреуіне, католик шіркеуінің бұқараға ықпалының келуіне себепкер болды. Осыған байланысты Ватикан басшылары саяси бағытын қайта қарауға мәжбүр болды. Папа Иоанн  ХХІІІ-нің 60 жылдары бейбітшілікті жақтап, халықаралық даулы мәселелерді келіс сөз жүргізу жолымен шешу керек деуі Ватиканның соғыс және бейбітшілік мәселелеріне жаңаша қарауының бір көрінісі болды.

Ватикан дамып келе жатқан елдерде католик шіркеуінің ықпалын нығайтуға едәуір көңіл бөліп келеді. 50 жылдары, Азия мен Африкада империализмнің отарлық тәртібі күйреген жағдайда, Ватикан жоғары католик дін иелерінің жергілікті мамандарын даярлауға шұғыл шара қолданды. Руандада, Басутоленде, Танганьикада, Сенегалда, Нигерияда, Бирмада т.б. елдерде епископтыққа жергілікті католик священниктер тағайындалды. Рим папасы тұңғыш рет 1960 жылы 28 наурызда африкалық адамды (Л. Ругамву) кардинал дәрежесіне көтерді. Осы жылдары Британ Батыс Африкасында, Британ Шығыс Африкасында, Бирмада, Оңтүстік Родезияда, Малайяда, Мароккода, Мадагаскарда т.б. елдерде жергілікті католик шіркеуін ұйымдастыруға айрықша назар аударылды. 1970 жылы Ватиканың Азия елдерінде 14, Африка елдерінде 16 дипломатиялық өкілдігі болды. Сөйтіп Ватикан барлығы 64 елде дипломатиялық өкілдік ұстады. Ватиканның БҰҰ-да, ЮНЕСКО-да, Халықаралық еңбек бөлінісінде, халықаралық. басқа да ұйымдарда тұрақты бақылаушы өкілдері бар. 1971 жылы қаңтарда Ватикан Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылатындығын мәлімдеді.

Ватикан саясатының қазіргі бағытын белгілейтін мәселелер төңірегінде, атап айтқанда, жер бетінде бейбітшілікті сақтау және соц. елдер жөнінде ұстайтын саясат төцірегінде көптеген елдердегі католиктік козғалыстың түрлі ағымдары арасында, соның ішінде Ватиканның өзінде жаңартушылар дейтіндер мен консерваторлар арасында шиеленіскен күрес жүріп жатыр.

Архитектурасы. Ватикан - адам табынатын зәулім үйлер, сарайлар, қамал құрылыстары, бау-бақша әрі парк өнерінің барлық саласымен ұштасқан архитектуралық комплекс. Архитектурасының тарихы 4-5 ғасырдан басталады. Әсем бағаналармен көмкерілген әулие Петрдің сопақша алаңы (1657-1663 жылдар салынған, арх. Л. Бернини) Ватиканға кіретін салтанатты дарбаза іспетті. Бағаналар дүние жүзіндегі католик ғибадатханасының ең ірісі - әулие Петрдің соборына [аумағы 15160  м2, биіктігі 132,5 м.; 1506-1614 жылдар салынған, архитекторлары Браманте, Микеланджело, Дж. делла Порта, Виньола, К. Мадерна т. б.; маңдайшасында Микеланджелоның мәрмәрден жасалған «Айсаны (христосты) жоқтау» мүсіні, қола балдахин, Бернини жасаған кафедра мен құлпы тас бейнеленген] барып тіреледі. Собордың солтүстік жағын ала аумақты (аумақ 55 мың м2) сарай ансамблі (15-16 ғасырлар салынған), Николай V капелласы, Борджаның әсем үй-жайы, Сикстин капелласы, Паолин капелласы, Лоджиялар мен Станцалар (залдар), Бельведер мен Сан-Дамазо зәулім сарайлары (1503-1545 жылдар салынған, арх. Браманте) т.б. бар. Сарайларда Ватикан кітапханасы (ілуде бір кездесетін қолжазбалар сақтаулы), көне заман мүсіндерінің музейлері, Грегориан және этрусс музейлері т. б. орналасқан. Ватикан бақтарында Пий IV Казиносы (1558 жылы салынған, П. Лигорио), Ватикан пинакотекасы (17-ға дейінгі итальян кескіндеу өнерінің жинағы) бар. Папаның үй-жайы, радио станция, баспахана, почта бөлімшесі т. б. Ватикан жерінде. Римдегі Латеран сарайы және басқа үйлер, папаның Кастель-Гандольфодағы жазғы тұрағы - Ватиканның меншігі.

Әдеб.: Коровин Е.А. Католицизм как фактор современной мировой политики. -М.-Л., 1931; Шейнман М.М. Ватикан между двумя мировыми войнами. -М.Л., 1948; Ковальский Н.А. Ватикан и мировая политика. М., 1964; Мчедлов М.П. Эволюция современного католицизма. -М., 1967; Андреев М. Католицизм и проблемы современного рабочего и национально-освободительного движения. М., 1968; Великович Л.Н., Религия и политика в современном капиталистическом обществе, М., 1970.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2019-09-04 16:09:53     Қаралды-4356

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТЕЛЕДИДАР ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Қара және ақ түстің әртүрлі реңктерінен тұратын қозғалмалы бейне

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙДАН НЕ ЖАСАЛАДЫ?

...

Шикі мұнай іс жүзінде қолданылмайды. Ол тазартылады және өңделеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ ҚАЙДАН КЕЛДІ?

...

Бүгінгі таңда ғалымдардың көпшілігі мұнайдың биогендік шығу тегі деп есептейді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАРЫШТЫҚ ШАҢ ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛАДЫ?

...

Ғарыштық материяның барлық фрагменттері ғарыштық шаң деп аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БӨЛШЕКТЕР ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Алдымен бұлар «жай бөлшектер» деп аталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕ ЖҮЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ ЦИРК ҚАШАН ЖӘНЕ ҚАЙ ЖЕРДЕ АШЫЛДЫ?

...

Қазіргі кездегі заманауи цирктің әкесі - ағылшын кавалеристі аға сержант Филип Астли

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЕТРО ҚАЙ ЖЕРДЕ ЖӘНЕ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Метро - теміржол көлігінің бір түрі, оның жолдары көшелерден алшақ, көбінесе жер асты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »