UF

ИТАЛИЯ (Іtаlіа), Италия Республикасы - Европаның оңтүстік бөлігіндегі мемлекет, Жерорта теңізі жағалауында. Франциямен, Швейцариямен, Австриямен, Словениямен шектеседі. Батысы - Лигурий, Тиррен теңіздері, оңтүстігі - Ион теңізі, шығысы - Адрият теңізі. Альпі тауларының батыс және оңтүстік беткейлерін, Падан (По) ойпатын, Апеннин түбегін, Сицилия, Сардиния т. б. аралдарды алып жатыр. Жері 301,2 мың км2. Халқы 54,7 млн. (1971). Астанасы - Рим қаласы, Әкімшілік жағынан 20 облысқа (2 аралды қоса) бөлінеді; олар провинцияларға ажыратылады.

Мемлекеттік құрылысы. Италия - республика.Қазіргі конституциясы 1948 ж. 1 қаңтарда күшіне енді. Мемлекет басшысы - президент. Оны парламент екі палатаның бірлескен мәжілісінде жасырын дауыс беру жолымен 7 жылға сайлайды. Президентке кен өкілдіктер берілген. Ол заңдарды жариялайды, заңдық куші бар декреттер шығарады, парламентті таратын жібере алады, үкімет председателін тағайындайды, қарулы күштердің қолбасшысы да, Жоғарғы қорғаныс советінің председателі де сол. Жоғары заң шығарушы органы - парламент. Ол екі палатадан - депутаттар палатасы (1972 ж. 1 тамыз - 630 депутат) және республика сенатынан (1972 ж. 1 тамыз - 372 сенатор) құралады. Екі палатаға да депутаттар жалпыға бірдей және төте сайлау жолы мен сайланады. Ерекше еңбегі сіңген 5 адамды президент өмірлік сенаторлыққа тағайындайды, республиканың бұрынғы президенттері де сенат құрамына өмірлік болып кіргізіледі Екі палатаның да өкілдік мерзімі 5 жыл. 21 жасқа толған барлық азаматтарға сайлау правосы беріледі. Атқарушы өкімет билігін үкімет - Министрлік советі жүзеге асырады. Үкімет парламент алдында жауапты. Сот жүйесі Жоғарғы кассациялық сот - жоғарғы инстанциялы сот, азаматтың істер, қылмысты істер жөніндегі соттар және апелляциялық соттардан құралады. Судьяларды тағайындау және ауыстыруды президент председательдік ететін магистратураның жоғарғы советі жүргізеді.

Табиғаты. Италия қоңыршай белдеудің орманды зонасы (солтүстігі) және субтропиктік белдеуде (оңтүстігі) орналасқан. Табиғи жағдайына Жерорта теңізі үлкен әсер етеді. Жерінің ‘Чъ бөлігі тау мен қырат. Ең биік жері - Монблан шыңы (4807 м, Батыс Альпіде). Альпі тауында ондаған ірі мұздықтар бар (өң үлкен Миаджо мұздығының ұзындығы 10 км). Альпінің оңтүстігіндегі Падан жазығы Апеннин тауына (ұзындығы 1200 км, ең биік жері - Корно тауы 2914 м, Амиата, Везувий вулкандары осында) жалғасады. Апеннин түбегінің қиыр оңтүстік шеті - Калабрия, Апеннин таулары. Италия аралдарының көбі таулы, вулканды келеді. Орта және Оңтүстік Италияда жер сілкінуі жиі байқалады (соңғы рет Сицилияда 1968 ж. болды. Пайдалы қазындылары - тас көмір, лигнит (Сардиния, Альпі тауы), мұнай және табиғи газ (Эмилия, Сицилия), қорғасын, темір рудасы, күкірт т. б. Сынап рудасының табиғи қоры жөнінен Италия дүние жүзінде 2-орын (Испаниядан кейін) алады.

Италияның климаты негізінен субтропиктік; жазы ыстық, қуаң, қысы жылы. Шілденің орта температурасы 20-22°С (солтүстігінде), 28°С (оңтүстігінде), қаңтарда 0°С-тан (солтүстігінде 12°С-қа (оңтүстігінде) дейін. Альпінің жоғарғы жағында ғана кейде аяз (-15, -20°С) болады. Жауын- шашын мөлшері 500 мм-ден (Сицилия, Сардиния) 3000 мм-ге (Шығыс Альпі, Солтүстік Апеннин таулары) дейін. Италияның басты өзені - По (ұзындығы 652 км), үлкен өзендер қатарына Адидже Брента, Пьяве, Тальяменто, Рено, Арло, Тибр жатады. Ірі көлдерінің көбі (Гарда, Комо, Лаго-Маджоре) Ломбардия Альпісі аймағында, олар тектоникалыққазан шұңқырларда, мұздықтар ойысында пайда болған. Италия жері құнарлы қоңыр және шалғынды топырақты. Альпінің 800 м биіктікке дейінгі беткейлерінде жалпақ жапырақты орман (емен, үйеңкі, шағав т. б.), одан жоғары шамшат және қылқан жапырақты ағаштар, ең жоғарғы бөлігінде субальпілік және альпілік шалғын өседі. Падан (По) жазығында егіншілік кәсібі жақсы дамыған. Апеннин тауы және Сицилия, Сардиния аралдары мәңгі жасыл шок тоғайлы, еменді, шамшатты келеді. Альпі және Апеннин өңірлерінде тау ешкі, жабайы мысық, орман сусары, күзен, Орталық Апеннинде абруцц аюы кездеседі. Италияны 400-ге тарта құс мекендейді. Көрші теңіздері балыққа бай.

Халқы. Италия халқының саны жөнінен шетелдік Европада 3-орын алады (ГФР, Ұлыбританиядан кейін). Тұрғындарының 98%-і итальяндар, қалғаны реторомандар (350 мың), оңтүстік тиролдар (210 мың), француздар (70 мың), словендер мен хорваттар (50 мың), албандар (80 мың), гректер (30 мың), еврейлер (50 мың) т.б. Мемлекеттік тіл - итальян тілі. Діні - католицизм. Еңбек етуші халық 19,4 млн. (1970), оның 42%-і өнеркәсіпте, 19%-і ауыл шаруашылық, балық және орман шаруашылығында, 13%-і саудада істейді. Италия Европадағы халық тығыз қоныстанған елдердің бірі (орта тығыздығы 1 км2жерге 180 адамнан). Халқының 60%-і қалада тұрады. Тұрғындарының саны 100 мыңнан асатын 45 қаласы бар, олардың ішіндегі ірілері (мың адам, 1970); Рим (2779), Милан (1714), Неаполь (1278), Турин (1191), Генуя (842), Палермо (664).

Тарихы. Ежелгі заманда Италия территориясында құл иеленуші Рим мемлекеті өмір сүрді (б. з-дың 5 ғасырына дейінгі Италия тарихы Рим Ежелгі деген маңалада айтылады). 4-5 ғасырда Италия жеріне еңсере енген герман және ежелгі европалық тайпалар Рим империясына айтарлықтай соққы берді. 5 ғасырдың басында Италияға вестготтар келіп, 410 ж. Римді алды. 455 ж. Римді вандалдар талқандады. 476 ж. Батыс Рим империясы құлатылып, Италияда европалық Одоакр корольдығы (476-493) пайда болды. 488 жылы Солтүстік Италияға остготтар басып кіріп, онда өзінің корольдығын (493-544) құрды. 554 жылы Италияның басым көпшілігін Византия жаулап алды. 568 ж. Солтүстік Италияға лангобардтардың басып кіруі құл иеленушілік тәртіпке біржола соққы беріп, феодалдық меншіктің тез өсуі мен феодалдыққатынастардың дамуына жол ашты, тәуелді шаруалар мен феодалдар тобының қалыптасуы өрістеп, ертедегі феодалдық мемлекеттер туа бастады.

754 және 756 ж. франкылар королы Мықыр Пипин Италияға жорыққа аттанып, лангобардтардан Орталық Италияның біраз бөлігін тартып алды, бұл жерді ол папаға тарту етті де, мұның өзі қасиетті папа мемлекеті құрылуының (Папа обл.) бастамасы болды. 774 ж. лангобардтар мемлекетінҰлы Карл жаулапалды. Франкылардың билік құруы Италияда феодалдыққатынастардың дамуын жеделдетті. 781 жылы Итальян корольдығы құрылды. Герман королы Оттон І-нің басқыншылық жорықтары (951 және 961-962) нәтижесінде Италия 962 ж. өзі құрған «Қасиетті Рим империясына» қосылды. Феодалдық ала ауыздықтар, 9 ғасырдың орта шенінен басталған арабтардың, 9 ғасырдың аяқ шенінде басталған венгрлердің шапқыншылығы шаруаларды жұтатып, оларды феодалдық жер иелеріне кіріптар етті. 9 ғасырдан шаруаларды басыбайлы ету шаралары жүзеге асырыла бастады, бұл процесс 11 ғасырда да аяқталып бітпей, едәуір көлемде шаруалардың ерікті тобы сақталды.

Италиядағы феодализм дамуының ерекшелігі товарлы - ақша қатынастарының сақталуы мен қалаларының қисапсыз көптігінде болды. Оның кейбірқалаларында (Амальфи, Неаполь, Лукка, Равенна, Милан) ертедегі орта ғасырца да қолөнер өндірісі мен сауда-саттық ұздіксіз жүріп жатты. Өзге европалық елдерге қарағанда Италияда қолөнері ауыл шаруашылығынан ерте бөлінді. 10 ғасырдан бастап қалалардың сеньорлармен (герцогтармен, графтармен, епископтармен) күресі нәтижесінде коммуналар (өзін-өзі басқаратын қалалық қауымдар) туа бастады. Алайда ондағы билік қала шонжарларының, бай көпестердің қолында болды. Мұның өзі феодалдардың күш-қуатын әлсіретіп, Италия экономикасының дамуына және өз алдына мемлекет болған қалалардың құрылуына (айналасындағы ұсақ қалалар мен селолық жерлерді бағындыру жолымен) түрткі болды. Коммуна - қалалар товарлы-ақша қатынастарын дамытудың қуатты орталығына айналды. Италиялық порттық қалалар (Венеция, Генуя т.б.) Европа мен Шығыс аралығындағы басты сауда дәнекеріне айнала бастады. 12-13 ғасырдағы қалалардың саяси тарихы таптық күрестің шиеленісуімен сипатталады. Қолөнершілер, көпестер және ұсақ рыцарьлықтар ірі шонжарларға қарсы күрес жүргізді. Флоренцияда кедейлер («арықтар») мен байлар («семіздер») арасында қақтығыстар болып жатты. 12 ғасырдың орта шенінде бай қалаларды өзіне бағындырмақшы болып, герман феодалдары Фридрих Барбароссаның басшылығымен Италияға 5 қайтара жорыққа шықты (1154-1176). Констанц бітімі (1183) бойынша Италия қалалары өздерінің тәуелсіздігін сақтап қалды. Герман феодалдарына қарсы күрес Италияда ұлттық сана-сезімнің оянуына ықпал жасады. Бірте-бірте итальян ұлты мен птальян әдеби тілінің қалыптасу кезеңі басталды.

Оңтүстік Италия мен Сицилияда (оларды 11 ғасырда нормандар басып алып, 12 ғасырда Сицилия корольдығын құрды) феодалдық қатынастар Солтүстік және Орталық Италияға қарағанда баяу дамып, тек 14 ғасырдың бас кезінде ғана аяқталды. 13 ғасырдың 60 жылдарында Оңтүстік Италияны француз феодалдары жаулап алды. 1282 жылғы халық көтерілісі Сицилия корольдығының құлауына әкеліп соқтырды. 13 ғасырдың аяғы мен 14 ғасырдың басында Сицилияны, ал 15 ғасырдың орта шенінде Оңтүстік Италияны Арагон корольдығы басып алды да, Оңтүстік Италия испан билігіне тәуелді болды.

Қалалардың ерте өркендеуі 13 ғасырда Солтүстік және Орталық Италиядағы алдыңғы қатарлы мемлекет-қалаларда ертедегі капиталистік қатынастардың тууына алғы шарт жасап берді:банк ісі (Сиена,Флоренцияда), теңіз сыртындағы елдер мен сауда жасау (Венеция, Генуя, Пиза), шұға тоқу (Перуджа, Болонья, Сиена, Флоренция, Милан) кең өріс алды. Жұмысшы күшіне зәрулік шаруаларды басыбайлылықтан босатуға қолайлы жағдай туғызды. Шаруалардың едәуір бөлігі шұға шеберханаларындағы жалдамалы жұмысшылардың орнын толтырып, қалаларға ойысты. Италияда 13 ғасырда феодализм едәуір әлсіреді. Дүние жүзінде тұңғыш рет Италияда 14 ғасырда капиталистік мануфактура пайда болды. Ертедегі капиталистікқатынастар Италияда туып, анағұрлым шыңына жеткен жаңа антифеодалдықҚайта өркендеу мәдениетінің қайнар бұлағына айналды (итальяндыққайта өркендеу 14-16 ғасырда туды деп есептеледі).

Италиядағы саяси бытыраңқылық, капиталдық дамуы үшін базаның біршама тарлығы, оның ауыл шаруашылығын толық дерлік камтымауы, сауда жолдарының Жерорта теңізінен Атлант мұхитына ауысуы 16 ғасырда өнеркәсіптің, сауданың кұлдырауына, сондай-ақ ақша капиталының өнеркәсіптен өсімқорлықңа және жеке меншікті жер иеленуге көшуіне әкеп соқтырды. Феодалдық реакция асталып, деревняда тәуелділіктіңфеодалдық түрі күшейді, сүйтіп, шаруа шын мәнісінде жер өңдеуге бекітілді. Италияның бұл өлсіреуін Франция мен Испания пайдаланып, олар Италия жерінде соғыстар (1494-1559) жүргізді. Като-Камбрезия бітімі (1559) Милан герцогтығын, Сицилияны, Сардинияны және Оңтүстік Италияны, оның басқа да мемлекеттерінің көпшілігін (Венеция, Папа обл. және Совоя герцогтығынан басқасын) басып алған Испанияға тәуелді етті. 17 ғасырда итальян экономикасы мейлінше құлдырай бастады. Өнеркәсіптік өндірісінің мануфактуралық түрі негізінен Солтүстік Италияның аса ірі орталықтарында ғана сақталды. 16 ғасырдың өзінде-ақ католиктік реакцияның шабуылы басталды:         иезуиттерордені құрылды (1534), инквизиция қайтадан қалпына келтірілді (1542) т. б. Папа куриясы, инквизиция озық ойшылдарды қудалап, өлім жазасына бұйырды. 1600 ж. ұлы философ Дж. Бруно, 1619 ж. еркін ойлы Дж. Ч. Ванини отқа өртелді. «Күн қаласының» авторы Томмазо Кампанелла ұзақ жылдар түрмеде азап шекті. Ұлы ғалым Галилео Галилей инквизицияның қуғынына ұшырады.

18 ғасырдың 1-жартысында Италия экономикалық және саяси жағынан төмен құлдырай түсті. Флоренцияда шұға тоқу, Венецияда жібек тоқу мейлінше құлдырап, өнімі азайып кетті. Егіннің шығымы төмендеп, село мен қала халқы жаппай қайыршылыққа ұшырады. Итлия жеріндегі Испан мұрагерлігі үшін (1701-1714), Поляк мұрагерлігі үшін (1733-1735), Австрия мұрагерлігі үшін (1740-1748) болған соғыстар экономиканың құлдырауына себепші болды. Италиядағы Испания иелігі Раштатт бітімі (1714) бойынша Австрияның қолына өтті, ал Австрия бертін келе Сицилия мен Неполитан корольдығын Бурбон әулетінің испан тармағына беруге мәжбүр болды (1735). Савойя Австриядан 1720 ж. Сардинияны алып, Сардиния корольдығы құрылды (1720-1861).

18 ғасырдан, әсіресе оның 2-жартысынан бастап, капиталистік қатынастардың қайта туу және нығаю процесі басталды. Осы негізде 18 ғасырдың аяғына елді шетелдік езгіден азат ету және оны біртұтас мемлекетке біріктіру қозғалысы өріс алды; бұл қозғалыс Рисорджименто (итал. -  Өркендеу) деп аталды. Ақыры қозғалыс осындай мақсатты көздеген Италиядағы буржуазиялық революцияға (1848-1849) ұласты. Бірігу жолындағы күрестің шешуші кезеңі 1859-1860 жылғы оқиғалар болды. Австрия-Италия-Франция соғысының(1859) барысында Австрия езгісінен Ломбардия азат етілді, ОртаИталия герцогтыңтарындағы (Моден, Парм, Тоскан) және Романьедегі халықтық көтерілістер жеңіске жетті. Италияны біріктіруде итальян ұлттық батыры Дж.Гарибалъдидің Сицилия мен Неапольға жасаған революциялық жорықтары көрнекті роль атқарды.

Италияның біржола бірігуі 1870 жылы оған Римнің қосылуымен, ондағы папа билігінің жойылуымен аяқталды. Итальян мемлекетінде конституциялық монархия орнады. Елдің бірігуінен кейін Италияда капитализмнің дамуы жеделдеді. Жұмысшы қозғалысы күшейді. 60 жылдардың аяғынан, әсіресе Париж Коммунасынан (1871) кейін Италияға 1-Интернационал идеялары ене бастады. К. Маркс пен Ф. Энгельс Италиядағы бакунизм ықпалына қарсы белсенді күрес жүргізді. Марксизм итальян жұмысшы қозғалысында 80 жылдардан бастап орын тапті. Марксизм идеясының Италиядағы аса көрнекті насихатшысы Антонио Лабриола болды. 1892 жылыИталъян социалистік партиясы (ИСП) құрылды.

Итальян мемлекеті алғашқы күндерден бастап-ақ отарлық экспансия жолына түсті (1889 ж. Сомалиді жаулап алды, бұрынғы жаулап алған жерлерінен 1890 ж. Эритрея отарын құрды). Алайда Эфиопияны жаулап алуды көздеген итальян отаршылдары Адуа түбінде (1896) күйрей жеңілді. 20 ғасырдан бастап итальян капитализмі империалистік сипат алды; Түркиямен соғыста (1911-1912) Италия империализмі Ливия мен Додеканес аралдарын жаулап алды.

1901-1914 жылдардағы кезең итальян тарихында «либерализм дәуірі» немесе «Джолитти дәуірі» делінеді. Джолитти үкіметі жұмысшы қозғалысын бөлшектеп, оның революциялық бағытын либералдық реформалар арқылы жоюға тырысқанымен де, тап күресінің одан әрі дамуын тоқтата алмады (1904 жылғы алғашқы жаппай саяси ереуіл, 1-орыс революциясына іш тартқан ынтымақтастыңтар, стихиялық көтерілістер, 1914 жылғы «қызыл апта» деп аталынған баррикадалық соғыстар).

1882 жылдан Үштік одаққа (Германия, Австрия-Венгрия, Италия) қатысы бар Италия 1915 жылы, 1-дүние жүзілік соғыстың (1914-1918) басында Антантаны (Ұлыбритания, Франция, Россия т. б.) жақтап соғысқа кірді. Бұл соғыс кезінде Италияның 700 мыңдай адамы өліп, 1 млн-нан астам адамы мугедек болды. Соғыстың зардабынан елдің бүкіл солтүстік-шығыс бөлігі қаңырап қалды. 1-дүние жүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Италия Сен- Жермен бітімі (1919) бойынша Трентиноны, Оңтүстік Тирольді, Рапалль шарты (1920) бойынша Истрияны (Триестпен қоса) және Адриатикадағы басқа да кейбір жерлерді алды.

Соғыс жылдарындағы машина жасау, металлургия, химиялық өнеркәсібінің дамуы Италияны аграрлы елден аграрлы-индустриялы елге айналдырды. 1-дүние жүзілік соғыстың және Россиядағы Ұлы социалистік революциясы идеяларының ықпалынан 1919-1920 жылыИталия шиеленіп кен революциялық дағдарыс жағдайында болды. Ереуілдер саяси сипат алды. 1920 жылы жұмысшылардың кәсіпорындарды басып алу қозғалысы өрістеді. Барлық металл өңдеу, машина жасау және металлургиялық з-дтар мен фабрикалар іс жүзінде 600 мың жұмысшының қолына көшті. Жұмысшылар өздерінің Қызыл гвардияларын құрды. Алайда завод-фабрикаларды басып алу қозғалысы өкіметті қолға алу күресіне ұласпады.

1921 жылы қаңтарда Итальян социалистік партиясы жікке бөлініп, оның сол қанатынан коммунистік партия құрылды. Бұл кезеңде ірі буржуазия шабуылға шықты. Өнеркәсіпшілер мен аграршылар 1919 жылы Б. Муссолини құрған фашистік қозғалысқа жәрдем берді. Қарулы отрядтар құрып, жұмысшы және демократиялық ұйымдарды күйрете бастаған фашистерге жұмысшы табы қаһармандықпен қарсылық көрсетті. Алайда жұмысшы табы арасында туған жік және сол кездегі компартия басшылығындағы (Бордига) сектанттық саясат фашистердің үкіметті басып алуын жеңілдетті (1922). Ұсақ және орта буржуазия, фашизм саясатына түңіліп, одан іргесін аулаңтата бастады. Осы жағдайда (1924) фашистер социалист Дж. Маттеоттиді өлтіргеннен кейін, оппозициялық партиялар парламентті тастап, Авентин блогы деп аталатын оппозициялық фракция комитетін құрды да, ол коммунистер ұсынған белсенді бұқаралық қимыл тактикасын қабылдамай, фашистік тәртіпті тек моральдық жағынан айыптаумен ғана шектелді. Уақытша сасқалақтаудан кейін фашизм шабуылға шығып, буржуазиялық-демократиялық бостандық қалдықтарын біржолата жойып, «тотолитарлың» диктатура болып қалыптасып алды. 1926 жылы фашистік партиялардан басқа саяси партиялар мен ұйымдардың бәріне тыйым салынды. «Овра» дейтін құпия полиция құрылды; өлім жазасы енгізіліп, антифашистерді жазалау үшін Ерекше трибунал құрылды. Тұтқынға алынған компартия басшылары (А. Грамши т.б.) және басқа антифашистік ұйымдардың басшылары ұзақ мерзімге қамауға отыруға кесілді. Коммунистерден басқа партиялардың барлығы елде күресті тоқтатты. Катары селдіреп, ауыр шығынға ұшырағанына қарамастан, П. Толъятти бастаған компартия ел ішінде және эмиграцияда өзінің ықпалын күшейтіп, барлық антифашистік күштердің ұйтқысы болды. 1936 жылымамырда фашистік И. Әфиопияны жаулап алды. Фашистік Германиямен біріккен Испаниядағы интервенция (1936-1939) Италия мен Германияны сыбайластырды. 1937 жылыИталия «антикоминтерндік пакт» дентінге қосылды, ал 1936 жылы мамырда  Германиямен арадағы «болат пактіге» қол қойды, мұның өзі итальян-герман әскери басқыншылық одағын калыптастырды. 1939 жылыИталия Албанияны басып алды. 1940 жылы 10 маусымда Италия Францияға шабуыл жасады, яғни фашистік Германия ашқан 2-дүние жүзілік соғысқа (1939-1945) қосылды. 1940 жылы 24 маусымда Франциямен бітімге келгеннен кейін, Италия 1940 жылы 27 қыркүйекте Германиямен және Жапониямен косылып, Үштік агрессиялың шартқа отырды. 1940 жылықазанда Италия Грецияға, 1941 жылысәуірде Югославияға шабуыл жасады.

1941 жылы маусымда фашистік Италия гитлерлік Германиямен қосылып, СССР-ге шабуылға шықты. 1942-1943 жылдың қысында Италия армиясын совет әскерлері Орта Донда түгелдей талқандады. 1941-1945 жылдары Италия әскерлері Африкада жеңіліс тапты. Италияның өз ішінде антифашистік қозғалыс күшейді. 1943 жылы наурызда коммунистердің инициативасымен Солтүстік Италияда жаппай ереуіл болды. 1943 жылы 25 шілдеде жоғарғы топтағылар төңкерісінің нәтижесінде Муссолини биліктен тайдырылып, сол күні корольдың бұйрығымен тұтқынға алынды. Үкіметті маршал Бадолье басқарды. 1943 жылы 8 қыркүйекте фашистік Германия Италияны жаулап ала бастады. 3 және 9 қыркүйекте Италия құрлығына ағылшын-американ әскерлерінің десанты түсті. Итальян халқы герман-фашист басқыншыларына қарсы аса қуатты Қарсыласу қозғалысын өрістетіп, оның аяғы ұлт-азаттық соғысына айналды. 1945 жылы сәуірдегі жалпы халықтық көтеріліс нәтижесінде Солтүстік Италия гитлершіл басқыншылардан азат етілді.

1946 жылы 2 маусымдағы референдумның нәтижесінде Италия республика болып жарияланып, жаңа конституция (1947) қабылданды. 1947 жылы 10 ақпанда антифашистік коалиция елдері Италиямен бітім шарттарына қол қойысты. Осы шарт бойынша Италия отарлардан бас тартып, Албания мен Эфиопияның тәуелсіздігін таныды. Триест ауданы автоном. Ерікті Триест аймағы болып бөлінді. Соғыс аяқталар кезде Италияның экономикасы әбден күйзеліске ұшырап, жұмыссыздардың саны 2 млн. адамға жетті. Антифашистік бірлік үкіметі (1945-1947, оның құрамына коммунистер мен социалистер де кірген болатын) шаруашылықты қалпына келтіруде бірқатар шаралар жүргізді. 1947 жылыИталияны одан әрі дамыту жолдары жайында мәселе қойылды. ИКП мен ИСП жаңадан түбірлі демократиялық реформалар жүргізуді жақтады. Осы кезде итальян буржуазиялық реакциясы АҚШ-қа сүйеніп, шабуылға шықты. 1947 жылы Де Гаспери үкімет дағдарысы дегенді желеу етіп, коммунистер мен социалистерді үкімет құрамынан шығарды.

1948 жылғы парламент сайлауында монополистік капиталдың мүддесін қорғауға айналған Христиандық-демократиялық партия (ХДП) көпшілік орынға ие болды. Бұл партия елдің саяси және мемлекеттік өмірінде жетекшілік қызмет атқарды. 1948 жылы реакция компартия басшысы П. Тольяттидің өміріне қастандың ұйымдастырды. Италия еңбекшілері бұған 7 млн-нан астам адам қатысқан жаппай ереуілмен жауап берді. Де Гасперидің жаңа үкіметі (1947-1953) АҚШ тарапынан қолдау тапты. 1948 жылы И. Маршалл жоспары бойынша АҚШ-тан көмек алды.

1949 жылы НАТО-ға кірді. Италияға НАТО мен АҚШ-тың соғыс базалары орналастырылды.

1948 жылыИталияда өнеркәсіп өндірісі, ал1950 жылы соғысқа дейінгі дәрежесіне жетті. Өнеркәсіптің жаңа салалары (мұнай, газ, химияның кейбір салалары, синтетикалық материалдар өндіру) дамыды. 50 жылдарда Италияаграрлы-индустриялы елден индустриялы-аграрлы елге айналды. 60 жылдан бастап Италия мен СССР арасында сауда-экономикалық, мәдени және саяси байланыс күшейді. А. Фанфани үкіметі (1962-1963) бірқатар маңызды реформалар жүргізді (электр-энергетика өнеркәсібін мемлекеттік қарамағына алу, пенсияны көбейту, шаруалардың жағдайларын біршама жақсарту). Мұның өзі ел ішіндегі шиеленіскен жағдайды бәсеңдету және коммунистердің ықпалын әлсіретуді кездеген саясат еді.

Солшыл орталықтың коалицияға қатысуына байланысты елде ереуіл қозғалыстары кеңінен өрістеді, оларды кәсіподақ орталықтары басқарды. Ереуілдер (кейбіреулерінде 20 млн. адамға дейін қатысты) үкіметті ереуілшілердің көптеген талаптарын қанағаттандыруға, тұрмыс жағдайларын жақсартуға, олардың кәсіпорыпдарындағы праволарын кеңейтуге мәжбүр етті. Реакция 1970 жылдың басында жаңа айлакерлік шаралар жүргізе бастады, парламентті мерзімінен бұрын таратып, қабылданған бірқатар демократиялық заң жобаларын бұзу үшін ұзаңңа созылған үкімет дағдарысын туғызды. 1970 жылы 7-8 маусымда болған муниципалдық сайлаулар және 15 облыс совет (20 облыстан) сайлаулары солшыл күштер ықпалының күшейіп келе жатқандығының айғағы болды. «Солшыл орталықтың» - ХДП, ИСП, С-д. партиясының және Республикалық партия коалициясының саясаты тұйыңқа тірелуіне байланысты, 1971 жылы парламент мерзімінен бұрын таратылды. 1972 жылы майдағы кезексіз парламент сайлауында оңшыл күштер өз жағдайларын түзей алмады, солшыл партиялар 40% (ИКП-27,2%) дауыс алды. Солай бола тұрса да, 1972 жылы жазда құрылған Дж. Андреотти үкіметі ХДП, С.-д. партиясы және Либералдық партия өкілдерін ғана енгізді. Реакцияға және неофашизмге қарсыкүресте, демократиялық өзгерістерді жүргізуде Италияның солшыл және демократиялық күштерінің бірлігі нығайып, оның авангардында коммунистер келеді.

Экономикасы. Италия - индустриялы-аграрлық ел. 1970 жылы ұлттық табысының 42%-ін өнеркәсіп, 10,2 %-ін а. ш. берді. Өнеркәсіп өнімі құнының мөлшері ауыл шаруашылық өнімі құнынан 4 есе артық (1970). Өңдеу өнеркәсібі ел экспортының 95%-ін береді (1970). 1970 жылы Италия өнеркәсіп өнімі (3,7%) мен сыртқы сауда айналымы (4,8%) жөнінен капитлистік елдер арасында 6-орын алды. 1939-1945 жылдардағы 2-дүние жүзілік соғыстан кейін Италия экономикасы жедел қарқынмен дамыды. Елде кәсіпорындарды ірілендіру және бір орталыққа шоғырландыру процесі күшейді, монополистік капиталдың ықпалы артты. Химиялық өнеркәсібінің 1/2-і «Монтэдисон» («Монтекатини Эдисон») монополистік тобының, автомобиль жасаудың «ФИАТ» концернінің қарамағында. Экономика салаларында, әсіресе мұнай-газ өнеркәсібінде («ЭНИ» бірлестігі), металлургия мен машина жасауда («ИРИ» тобы) мемлекеттік меншіктің үлесі басым. Бүкіл экономиканың дамуына жұмсалатын жалпы қаржының 35-37%-ін мемлекет шығарады. Италия ішінде шетел капиталы да елеулі орын алады: оның 1956-1970 жылдардағы мөлшері 652 млрд. лир болды, мұның 86%-і АҚШ-тың, Ұлыбританияның, Швейцарияның, Батыс Германияның үлесі. Монополистік капитал Италияның ауылшаруашылығына да араласты, бірақ онымен бірге феодалдық қарым-қатынастар да (әсіресе елдің оңтүстік бөлігінде, аралдарында) сақталған. Барлық капиталистік елдерге тән - ел аймақтарының бірдей дамымау құбылысы Италияда да байқалады. Оңтүстік Италия - елдің аграрлық шикізат базасы. Италия экономикасы 1970жыды елеулі дағдарыстарға ұшырады, өнеркәсіптің өсу қарқыны тежелді, өндіріс қысқарды, жұмыссыздар саны көбейді. Италия еңбек ақының мөлшері жөнінен дүние жүзінде ең соңғы орындардың бірін алады.

Өнеркәсібі. Италия өнеркәсібінде ауыр индустрияның, оның ішінде машина жасаудың үлесі басым. 2-дүние жүзілік соғыстан кейін металлургия, электр-энергетика, химия, мұнай химиясы дамыды, станок, автомобиль, трактор жасаудың (өнімдерінің 1/3-і экспортқа шығарылды), сондай-ақ пластмасса, химиялық талшың (өнімінің 1/3-і сыртқа сатылады) шығарудың маңызы күшейді. Италияның өнеркәсіп шикізат қоры және энергетикалық ресурстары шамалы. Көмір өндірісі ел қажетінің 10%-ін өтейді. Өндірілетін пайдалы қазындылары (мың тонна, 1970 ж.): көмір (295,5, Сардиния), лигнит (1393,3, Тоскана, Умбрия), мұнай (1408,1, Сицилия, Падан жазығы), темір рудасы(756,7 Сардиния), боксит (224,7, Гаргано аралы, Сардиния), марганец рудасы (50,1, Лигурия, Тоскана), күкірт (354,2, Сицилия). 1970 жылы 13171 млн. м3табиғи газ, 1,5 мың тонна сынап (дүние жүзі сынап өнімінің 1/4-і) өндірілді. 1969 жылы елдің энергетикалық балансындағы мұнай менгаздың үлесі 78,4%, су энергиясы 11,9%, қатты отындікі 9,7% болды. Мұнай айыру өнеркәсібі (1970 жылықуаты 154 млн. тонна өңделмеген мұнай өткізетін 38 завод жұмыс істеді) энергетиканың негізіне айналды, яғни Италияда жылу электр станцияларының ролі артты, олар барлық энергияның 60%-ін береді. 60 жылдары Фоче-Верде, Гарильяно, Энрико Ферми, 1972 жылы Каорсо атом электр станциялары салынды, Испра, Фраскати, Браччано т.б. эксперименттік ядро реакторлары жұмыс істеді. Италияның энергетикалық жүйесі өзімен көршілес Франция, Швейцария, Югославияның энергетикалық жүйесімен байланысты. Италия энергия өнімінің 70%-ін мемлекеттік «ЭНЕЛ» бірлестігі өндірді.

Металлургиялық шикізат (пайдаланылатын темір рудасының 90%-і, металломның 75%-і, марганец рудасының 70%-і) пен отын (кокстенетін көмір түгелімен) шеттен әкелінеді. Металлургиялың кәсіпорындарының көбі (толық циклсыз) - шағын заводтар. Ірі 4 комбинаты бар, олар Корнильяно, Баньоли, Пьомбино және Таранто қалаларында. Қорытылған шойынның 94%-ін, болат пен прокаттың 60%-ін мемлекеттік «Финсидер» компаниясының қарамағындағы кәсіпорындар береді. Электр-металлургияның ірі орталықтары - Домодоссола, Больцано, Бреша қалалары. Түсті металлургия саласында мардымды дамығаны - аллюминий, қорғасын, мырыш, сынап өнеркәсіптері. Италия өнеркәсібінде машина жасау басты орын алады, әсіресе транспорттық машиналарды шығару жақсы дамыған. Елдегі ең ірі автомобиль з-ды («ФИАТ» концерні) Турин қаласында. Милан, Неаполь, Модена қалаларыда - автомобиль өнеркәсібінің ірі орталықтары. Мотороллер, мотоцикл, матофургон, велосипедтердің көптеген түрлері шығарылады. Ірі кеме верфтері - Генуяда, Ливорно, Неаполь, Венеция, Триест, Монфальконе, Таранто порттарында орналасқан. Электротехника (радиоэлектроника құрал-жабдықтары, медициналық приборлар т.б.) кәсіпорындары Милан, Варесе, Бергамо, Комо, Турин, Генуя қалаларында. Италия әріп басушы және есеп машиналарын шығарудан дүние жүзінде басты орын алады. Химиялық өнеркәсібі - тез өркендеп келе жатқан өндірістердің бірі; оған шикізат ретінде жергілікті пирит, табиғи газ, күқірт, калий тұзы және шеттен өкелінетін мұнай, көмір, фосфорит, целлюлоза пайдаланылады. Шығаратын өнімдері - азот, күкірт қышқылы, химиялық талшық, пластмасса, лак, бояу, кальцийлі және каустикалың сода, тыңайтқыш, дәрі-дәрмек. Мұнай химиясының орталықтары - Порто-Маргера,Феррандина, Приоло, Порто-Торрес, Равенна, Феррара қалалары. Мата току -Италия өнеркәсібінің ежелгі саласы. Ломбардия және Пьемонт облыстарында мақта-мата тоқу, Пьемонт, Венеция, Тоскана облыстарында жун мата току кәсіпорындары жумыс істейді. Тамақ өнеркәсібінен ұн тарту, макарон,қант өндірісі, жеміс, көкөніс, ет және балық консервілеу, шырын, жүзім шарабын шығару дамыған. Италия зәйтүн майын өндіруден дүние жүзінде 1-орын алады.

Ауыл шаруашылығы. Италияның ауылшаруашылығында ірі капиталистік жер иеленушілікпен қатар өте шағын, мешеу шаруашылықтар да көп. Елдің оңтүстік бөлігінде помещиктік латифундиялар сақталған. Ауыл шаруашылық жерінің 1/3-і 20 мың ірі жер иеленушілердің қарамағында, ал 2,7 млн. шаруа ауыл шаруашылығына жарамды жердің 12%-ін ғана пайдаланады. 2-дүние жүзілік соғыстан кейін ауыл шаруашылығына жұмсалған қаржының өсуіне байланысты, ауыл шаруашылық жұмыстарды механикаландыру және қолданылатын тыңайтқыштын мөлшері артты; солардың нәтижесінде дақылдар мен малдың өнімділігі өсті, жаңа жерлер игерілді. Италия территориясының 70%-і ауыл шаруашылығына пайдаланылады; ауыл шаруашылық жердің 40,5%-і егіс, 9,3%-і бақ және жүзімдік, 17,3%-і жайылым мен шалғындық, 20,6%-і орман-тоғай. 1970 жылы шаруашылықтарда 631 мың трактор, 12 мың молотилка, 18 мың астық комбайны болды. Басты дақылдары - бидай, жүгері, күріш. Ең маңызды ауыл шаруашылық өңірі - Падан жазығы. 1970 жылы 2 млн. тоннадай алма, 2 млн. тоннадай алмұрт, 1 млн. тоннадайшабдалы, 10,7 млн. тонна жүзім жиналды.

Жүзім плантацияларының көбі Апулия және Сицилия облыстарында. Зәйтүн ағашын өсіру (1,0 млн. га) және оның өнімін жинаудан (2,1 млн. т) Италия дүние жүзінде 1-орын (Испаниядан кейін) алады. АҚШ және Испаниямен қатар Италия да (Сицилия аралы) цитрус жемістерін өндіруден (апельсин 1362 мың тонна, мандарин 279 мың тонна, лимон 770 мың тонна, 1970 ж.) басты орын алады. Картоп, қант қызылшасы, темекі егіледі. Италияда мал шаруашылығы ауыл шаруашылығының қосалқы саласы ролін атқарады. 1970 жылғы мал саны (мың): мүйізді ірі қара 9563 (оның ішінде сиыр 4472), қой 8138, ешкі 1031, шошқа 9224, жылқы 296, есек 293, қашыр 188. Басты малды облыстары - Ломбардия, Пьемон, Венеция (мүйізді ірі қара), Вардиния, Апулия (қой), Эмилия-Романья (шошқа). Жібек құртын өсіру дамыған. 1970 ж. 186 мың тонна балық (май шабақ, сардина, скумбрия т.б.), 44,8 мың тонна моллюска, 10,7 мың тонна шаян тәрізді теңіз жәндіктері ауланды.

Транспорты. Құрлықта тасылатын жүктің көбі автотранспорттың үлесіне тиеді. Автожолдың ұзындығы 285 мың км. 1970 жылы елде 11 млн. автомобиль болды, оның ішінде жеңіл машиналар 10 млн. Темір жолы 20,2 мың км. (9,3 мыңы әлектрленген). Электрленген темір жолдың мөлшері жөнінен Италия дүние жүзінде 3-орын (Швейцария, Швециядан кейін) алады. Ішкі және сыртқы жүк тасымалында теңіз транспортының маңызы күшті. Аса ірі порттары - Генуя (жүк айналымы 52,6 млн. тонна), Венеция, Неаполь. Ішкі су жолдарының (өзендері, каналдары, көлдері) ұзындығы 2,4 мың км. Елдегі ең басты халықаралық аэропорты - Фьюмичино (Римде).

Сыртқы сауда байланысы, Италия экономикасы негізінен сыртқы саудаға тәуелді. Ол басқа елдерден мұнай, көмір, металлургия және мата тоқу өнеркәсібінің шикізаттарын, ағаш, қағаз, азық-түлік (астық, ет, балық, кофе) сатып алады. Экспортқа транспорттық машиналар, әріп басушы және есеп машиналарын, жеміс, овощ консервілерін, мата, киім, аяқ киім, химиялық және мұнай өнімдері шығарылады. Сыртқы саудасындағы басты серіктестері - «Жалпы рынок» елдері (әсіресе Германия, Франция, Ұлыбритания, АҚШ). Социалистік елдердің үлесі (1970) Италия импортында 8,0%, экспортында 8,8%. Совет Одағымен Италияның сауда қатынасы 1957 жылдан бері кеп жылдық келісім негізінде жүргізіліп келеді; мемлекеттік «ЭНИ» компаниясы мен СССР арасында Италияға 100 млрд. м3 газ сату және газ құбырын салу жөнінде келісім қабылданды (1969). Совет Одағы мен «ФИАТ» фирмасы Тольятти қаласындағы (Куйбышев обл.) Волга автомобиль зауыдын бірлесіп салуда. Италияда жылына 20 млн-нан астам шетел туристері болады. Ақшасы – лира.

Денсаулық сақтау ісі. Италияда 1971 жылыәрбір 1000 адамға шаққанда баланың тууы 16,8; адамның өлімі 9,6 болды. Тірі туған әрбір 1000 баладан өлгені 29,0. Адам өмірінің орташа ұзақтығы 1964-1967 жылы 71 жас болды. Бұл елде жүрек-қан тамыры жүйесінің аурулары, қатерлі ісік көбірек таралған. Италияда дәрігерлік көмек сатулы. 1969 жылғы заң бойынша еңбекшілердің аурудан қауіпсіздендіру жарнасы өте жоғары (еңбек ақысының 6,35 %-і). Қызметкерлер мен жұмысшылар кәртайғанда пенсия алу үшін 40 жыл бойына еңбек ақысының 6,35%-і есебінен жарна төлеуге тиіс.

1969 жылы Италияда 511 мың төсектік 2,2 мың аурухана (1000 адамға 9,6 төсек) болды. Жүрек-қан тамыры ауруларымен ревматизмге қарсы күрес жүргізу үшін 160 медицина бөлімше құрылған. Рак ауруына қарсы күрес жүргізетін басты орталықтары Милан, Рим, Неаполь қаласында. 1969 жылы Италияда 95,2 мың дәрігер (559 адамға 1 дәрігер), 34,2 мың фармацевт, 69,1 мың медсестра мен акушерлер жұмыс істеді. Медицина кадрларын дайындайтын 21 медицина институт; 11 тіс дәрігерлік, 22 фармацевтік, 31 акушерлік, 68 медсестралар мектептері, Римдегі университеттің медицина факультеті бар.

Оқу-ағарту ісі. Институтының халық ағарту жүйесі 19 ғасырдың 2-жартысында қалыптаса бастады. 6-9 жастағы балалардың міндетті оқуы жөнінде 1859 жылы бірінші заң қабылданды. 1947 жылғы конституция бойынша 8 жылдың міндетті оқу (6-14 жас) енгізілді. Дегенмен, 1966/67 оқу жылында міндетті оқу жасындағы балалардың 40%-і 8 жылдың білім ала алмады. Жеке адамдар қарауындағы және конфессионалдық (шіркеудің қарауындағы) мектептер көп. Дін сабағы барлық мектептерде міндетті түрде оқытылады. Италияның қазіргі халық ағарту жүйесі - мектепке дейінгі мекемелер (3-5 жастағы балалар үшін), 8 жылдық міндетті оқу - 5 жылдық бастауыш және 3 жылдың төменгі орта мектеп. Толық жалпы орта білімді классикалық және реалдық лицейлер береді. 1969/70 оқу жылында 723 классикалық лицейде 204 мың оқушы, 596 реалдық лицейде 218,4 мың оқушы оқыды (жеке адамдар қарауындағы және мемлекеттіу лицейлер бар). 1969/70 оқу жылында 35382 мемлекеттік бастауыш мектепте 4,4 млн., 2610 жеке меншікті бастауыш мектептерде 345 мыңдай оқушы, 7771 мемлекеттік төменгі орта мектепте 2 млн-дай, 1000 жеке меншік төменгі орта мектепте 103 мыңдай окушы оқыды. Кәсіптік-техникалық білім 3 және 5 жылдық кәсіптік институттарда, 2 жылдық техникалық мектептерде жүзеге асырылады. 1969/70 оқу жылында 1804 әр түрлі техникалық институттарда 628110 оқушы, 4 жылдың мұғалімдік институттарда 209000 оқушы болды. Жоғары оқу орындары - мемлекеттік және жеке меншік университеттер, жоғары көркемөнер мектептері, академиялар мен консерваториялар. 1969/70 оқу жылында жоғары оқу орындарында 486,5 мың студент оқыды. Италияның ірі кітапханалары: Римдегі Ұлттық орталық кітапхана (1876 ж. құрылған, кітап қоры 2,2 млн. дана) және Миландағы, Неапольдегі, Турин-Очдегі кітапханалар. Италияда 150-ден астам музей бар.

Ғылым және ғылыми мекемелері. Жаратылыстану және техникалық ғылымдар. 5-6 ғасырда, көне Италияғылымы мен Европадағы орта ғасыр ғылымының тоғысқап кезінде ғалым А.Боэцийдің математика мен музыка теориясынан жазған еңбегі орта ғасырдағы монастырьлық білімнің негізін салды, ал Кассиодор өз уақытындағы жаратылыс тану ғылымының энциклопедиялық мәліметінің авторы болды. 9 ғасырда Салернода медициналық мектеп ашылды. Онда рецепт мағлұматы мен диагностика тәсілі бойынша жұмыс істелді, арабтардың медицинадан жазған еңбектері аударылды (Константин Африканский). 12-13 ғасырда Оңтүстік Италия мен Сицилияда Евклидтің «Негіздері» (Герард Кремонский, Дш. Кампано), Птолемей мен Аристотельдің еңбектері аударылды. 11 ғасырда Парма мен Болоньяда, 1222 ж. Падуяда, 1224 ж. Неапольда алғашқы университеттер ашылды. Университеттік біліммен қатар тәжірибелік білім де жинақталды. 1202 жылы монах Леонардо Пизанский (Фибоначчи) «Абак кітабын» - практикалық есептің өзіндік энциклопедиясын жазды. 13 ғасырда көзілдірік ойлап шығарылды. Марко Поло 1271-1295 жылы Қытайға саяхат жасады.

Қайта өркендеу дәуірінде географиялық ұлы жаңалықтардың ашылуы барлық ғылымның дамуына себепші болды. Космограф П.Тосканелли Үндістанға Африканы айналмай-ақ батыс жақ жолмен жету идеясын ұсынды. Оны X. Колумб жұзеге асырып, Американы ашты. 16 ғасырдың ортасында Дж. Рамузио саяхаттар мен ашылған жаңалықтардың нәтижесін «Собрания путешествий» деген үш томдық кітапта жазып шықты. 15 ғасырда суретші П. Уччелло мен Мазаччо сәулетті көрініс теориясын жасады, сәулетші әрі инженер Ф.Брунеллески қолданыстағы оптика, механика және математика жөнінде трактаттар жазды. Осы кезеңдегі ғылым мен өнер бірлігі Леонардо да Винчи шығармасында айқын көрініс тапты.

1540 жылы қолданыстағы химия жөнінде В. Бирингуччоның «Пиротехника туралы» еңбегі жарияланды. Урбино қаласында математик Л.Пачоли «Арифметика негіздері» (1494) кітабын жазды. Р.Бомбелли өзінің «Алгебрасында» (1572) комплекстік сан ұғымын дамытты. Италияда ғылымның дамуына гидротехник Дж. Джокондоның, инженер, космограф әрі оптик Ф.Мавроликоның қосқан үлесі зор. Ю.Скалигер Аристотельдің зоология жөніндегі, Теофарстың ботаника жөніндегі еңбектерін жарыққа шығарды.

Италияның Қайта өркендеу дәуірінде геологиялық ғылымы пайда болды. Каналдардың проектісін жасау және оларды салумен шұғылданған Леонардо да Винчи теңіз бен құрлықтың алмасу нәтижесінде шөккен қазынды қалдықтарының органикалық шығу тегін анықтады. 16 ғасырда геология Жер туралы ғылым ретінде У. Альдрованди еңбегінде айтылады. 16 ғасырда биологиялық ғылымы да едәуір дамыды. Падуяда ботаника бағы (1545) салынды. А. Чезальпино өсімдіктердің жаңа классификациясын енгізді. Ғылыми анатомияның негізін салушы фламендік А. Везалий «Адам денесінің құрылысы туралы» атақты еңбегін жазды. Ғылыми анатомияның қалыптасуына Б.Евстахио, Г.Фаллопий (Рим), Г.Азелли (Павия) т.б. көп еңбек сіңірді.

16 ғасырдың аяғында Италиядағы ғылым Европада алдыңғы шепте болды. Схоластикаға қарсы күрес жүргізген көрнекті ойшыл әрі ғалым Дж. Бруно Н.Коперниктің гелиоцентрлік ілімін дамытты. Дүниенің гелиоцентрлік жүйесін нығайтуға осы заманғы физиканың негізін салушы, Италияның ұлы ғалымы Г.Галилей еңбегінің маңызы аса зор. Галилей жасаған телескоп астрономия үшін жаңа кезең туғызды. 15-17 ғасыр Италияда ашылған академиялар жаратылыс тану ғылымында жаңа көзқарастың дамуына себепші болды. Философ әрі ғалым Б.Телезио негізін қалаған академия схоластикаға қарсы күресті. 1603 жылы құрылған деп Линчеи академиясында (қазіргі Институтының Ұлттық академиясы) Галилей жұмыс істеді. Галилейдің шәкірттері: Б.Кастелли гидротехника жөнінде еңбек жазды, Б.Кавальери Архимедтің интеграциялық тәсілін дамытты, Э.Торичелли сынапты барометр және анағұрлым кәмілденген микроскоп жасады. 17 ғасырда Дж.Борелли мен Л.Беллини медицинада бұлшық ет пен барлық адам организмінің қызметі жайындағы түсінікті дамытты. Анатом М.Мальпиги өсімдіктер мен жануарлар органдарының құрылысын зерттеу ұшін микроскоптік тәсілді пайдаланды. 17-18 ғасырда Италия мемлекетінің саяси жағынан ыдырауы, экономикалық жағынан құлдырауы және Австрияның үстемдігі нәтижесінде Италия ғылымы Европадағы жетекшілік ролінен айрылды. Галилейге қарсы жүргізілген процестен кейін католиктікреакция табиғатты зерттеу ғылымының шеңберін тарылта түсті. Дж. Риччолидің Галилей заңдарын зерттеген тәжірибесі бағаланбады. 18 ғасырдың басында А. Валлиснери Жер тарихының теологиялың түсінігін сынады. Л.Моро вулкан әрекеті мен Жер қозғалысын зерттеді. Оның жазған «Жер теориясын» Ч.Дженерелли өзінше түсіндіріп, тау пайда болуы жөніндегі ұғымды дамытты. Осы кезде теңіз геологиясы пайда болды (Марсильи). 18 ғасырдың 1-жартысында математик Дж. Риккати дифференциалдық теңдеу теориясын зерттеді. Жердің айналуын дәлелдеу үшін Дж.Гульельмини 18 ғасырдың аяғында денелердің еркін түсуіне тәжірибелер жүргізді. Л. Бальвани мен А.Вольтаның электр жөніндегі классикалық жұмысы да осы кезеңге жатады. 1839 жылы Италиядағы ғылымикүштерді біріктіру мақсатымен, Пизада жаратылыс зерттеушілердің 1-съезі болды. Сол жылы Римде Италияның ғылым прогресіне көмектесу қоғамы құрылды. Италия біріккеннен кейін метеорологиялық бақылау жұмысы жүргізіле бастады. 1841 жылы Везувийде обсерватория, 1872 жылы Топографиялық (кейін География) әскери институт, 1876 жылы Римде Медициналық академия, 1881 жылы Геологиялыққоғам, 1893 жылы Италия антропологиялық институты ашылды.

19 ғасырдың 1-жартысында математик П. Руффини жоғарғы дәрежелі теңдеулердің шешімін тапты. 1811 жылы А.Авогадро өз есімімен аталған заңды ашты (Авогадро заңы).Геолог әрі палеонтолог Дж. Брокки бұрын өмір сүрген организмдердің түрлері мен тектері жөніндегі апатты концепцияға қарама-қарсы, олардың табиғи «қартаю» және «өлу» түсінігін ұсынды. Италия ғалымдарының Франция және Германия ғалымдарымен қарым-қатынасының зор маңызы болды. Италияда әлемге белгілі химик С.Канниццаро (молекула ұғымын енгізген), астроном Скиапарелли мен А.Секки ғылыми жұмыстар жүргізді. Г.Пеллиццари уразолды ашты. А.Пачинотти - динамомашинаны ойлап табушының бірі. Физик Г. Феррарис магнит өрісінің айналуын ашты. Л. Пальмиери «Жер - электр дөңгелегін» - айнымалы ток генераторының прототипін жасады (1845). А.Меуччи телефонды ойлап тапқаны үшін патент алды. Г.Маркони 1896 жылы 3 влг-ге радиохабар берді. Дарвинизмнің таралуы жануарлардың барлық тобын қамтитын систематиканы зерттеуге көмектесті. 1873 жылы Неаполитан гидробиология (зоология) стстанциясы құрылды.

20 ғасырда империализм, әсіресе фашизмнің үстемдігі Италия ғылымының дамуын бәсеңдетті. Ғылымда реакциялық бағыт кұшейді. Ватиканның католиктік идеологиясы басым болды. Жаратылыс тану және техникалық ғылымдары 50 жылдың аяғында ғылыми-техникалықреволюцияға байланысты зерттеле бастады. 20 ғасырда математикалық зерттеулер ерекше дамыды. Дж. Веронезе геометрияны өрге бастырды. В.Вольтерра интегралдық теңдеулер теориясын жасап, функционалдық анализдің негізін қалады. Г.Фубинидің еңбегі (1907) А.Лебегтің еселі интеграл жайындағы алғашқы нәтижесін толықтырды. Нақты айнымалы функция жөніндегі К.Каратеодоридің монографиясы (1918) негізінде дифференциалдық теңдеулер теориясының осы заманғы мектебі қалыптасты (Р.Каччопполи, Леви-Чивита, Дж.Сансоне т.б.). Б.Сегре, Дж.Севери, А.Андреотти т.б. алгебралық көп бейнеліктің геометриялық қасиеттерін зерттеді. Физикадан космостық сәулелер, кванттың және ядролық физика зерттелді. Д.Пачини космостық сәулелердің жерден пайда болмайтындығын анықтады. 1934 жылы Ферми В - ыдыраудың сандық теориясын жасады. 1934-1938 жж. ол шәкірттерімен бірге нейтрондық физикадан жаңалық ашып, Нобель сыйлығына ие болды (1938). 20 ғасырдың басында К.Гольджи нейрондық теорияның негізін қалағаны үшін Нобель сыйлығын алды (1906). Италияның геологтары Альпі мен Апенниянің құрылысын ерекше зерттеуде. Пайдалы қазбаларлы зерттеуде сынап кенінің геологиясы ерекше орын алады. Италия географиясы Жерорта теңізін зерттеуте бағытталған. Италияның метеорологиясы мен геофизикасы дүние жүзінде ғылымда елеулі орын алады.

Қоғамдық ғылымдар. Философиясы. Философияның Италия топырағында өркендеп дамуы Римде емір сүрген философ-материалист,  ақын Лукреций Кар мен идеалистік бағытта болған стоик Сенеканың, эклектик Цицеронның есімдерінің барлығы да тағдыр белгілеген нәрселер, қарсыласқандарды күшпен көндіреді, сондықтан адам үлесіне жаңынды сүю, жаңа шегу ғана қалады деп үйретті. Шын мәнінде, бұл сол кездегі тап қайшылыңтарын бүркемелеп, озбырлыққа көнбіс болуды уағыздау еді. Бұған қарама-қарсы, езілген халықтың тілегіне сай келетін, ерпіл ой иесі Лукрецийдің материалистік философиясы дүниеге келді. Ол өзінің «Заттардың жаратылысы туралы» атты әйгілі поэмасында идеалистік бағытқа үзілді-кесілді қарсы шығып, Эпикур ілімін одан әрі дамытып, натурфилософиялық бағытына кең жол ашты. Сонымен қатар, өмірге ағат қарайтын эклектикалық бағыт өріс ала бастайды. Оның көрнекті өкілі Цицерон болды. Ол грек тілінен барлық философиялық терминдерді латын тіліне аударып, оны бүкіл Европа халқының өшпес мұрасы етті. Сол заманның тарихшысы Тациттің жазуынша, империя шешендікті ауыздықтапты. Шешендік өнері тоқырағаннан кейін оның орнын надандық пен құрғақ сөзуарлық - схоластика басады. Рим өмірінің осы бір талас-тартыс кезеңінде үш философиялық бағыт - стоицизм, эпикуризм, электицизм бірін-бірі жеке алмай, кезек түсіп жатқан кезінде христиан діні қалыптаса бастады. Өсе келе бұл феодалдық қоғам идеологиясының негізгі тірегі болды. Осы бағытты өз мәніне сай келтірген Аврелий Августин(354-430) еді. Ол сөз жүзінде пұтка табынушыларға қарсы күрескен болып, шын мәнінде идеалистік Неоплатонизмге негізделген мистикалық философия жасады. Августин күдіретті құдайдың жердегі уәкілі шіркеу ғана адамды барлық бәлекеттерден құтқаратын, жердегі үкіметтен жоғары рухани үкіметтің болуы санды нәрсе деп үйретті. Рим философиясының бұл дәуірі Аниций Боэциймен (480-552) аяқталады. Ол Птолемейдің еңбектерін аударып, логика, -арифметика және музыкалық теориясы жөнінен трактаттар жазды. А.Боэций негізінен Платон философиясын жақтады. 11 ғасырдың аяқ шенінде Папа мен пмператорлар арасындағы ұзаққа созылған бәсеке Римнің пайдасына шешілді. Жағдайын күшейтіп алған католик шіркеуі енді өзінің жауларынз карсы батыл күрес жүргізе бастады. Міне осы кезеңде христиан феодализміне тән жаңа философиялық бағыт - схоластика қалыптасады. Схоластикалық бағыттың негізін қалаушылардың бірі Петр Дамиани (1007-72) болды. Ол диалектиканы (яғни философияны) дін ғылымына (теологияға) толық бағындыру керектігін дәлелдеп, «философия - дін ғылымының қызметшісі» деген қағиданы ұсынды. Ал сол заманның шебер «диалектигі» аталған Ланфранк схоластиканы одан әрі өршітті. Соның арқасында оның оқушысы Ансельм Кентерберийский бүкіл Батыс Европаға әйгілі болды. Көптеген философиялық тарихшылары оны «схоластиканың атасы» деп дәріптейді. Бұлардан кейінірек өмір сүрген Фома Аквинский христиан діні догмаларын бұрмаланған Аристотель ілімімен ұштастырып, белгілі бір жүйеге түсірді. Бұған ол мемлекет, экономика, право, мораль мәселелерін де енгізумен қабат, физика мен космологияны да тыққыштады. Оның еңбектеріндегі «ғылым» деген сөз тек аты ғана болмаса, мазмұны жағынан құрғақ сөз деректерге («Верболизмге») сүйенді. Ал өзінің идеялық бағыты жөнінен алып қарағанда, ол діни фанатизмді мадақтайды, ақыл-ой бостандығының қандай түріне болса да қарсы болып, шектен шыққан идеализм мен формализмді жақтады. Сонымен қатар, Италияда орта ғасырда шіркеу мен феодалдар иерархиясына наразы болып, өздерінің философиялық идеяларын мистика түрінде бүркемелеп үгіттей бастаған А.Брешианский, И.Флорский сияқты ойшылдар шықты. 13 ғасырдың аяғы мен 14 ғасырдың басында ортадоксияшыл схоластиктерге қарсы күшті оппозиция ұйымдаса бастайды. Оны Падуан университеті төңірегіндегі Ибн Рошдың (Аверроэс) мұрагерлері басқарды. Олар негізінен медициналық ғылымымен шұғылданып, Ибн Рошдың жеке адам өледі, бірақ жалпы адам баласының рухани өмірі өлмейді деген қағидасын кеңінен үгіттей бастады. Бұл бағыттың негізін салған Марселий Падуанский болды. 14-15 ғасырда Италия Батыс Европаның капиталисті жолға түсуіне басшы болды. Бұл жаңа өрлеу реформациямен тығыз байланысты болып, жаңа идеялардың шығуына жол ашты. Философиялық және ғылыми еңбектер тек ескі латын тілінде ғана емес, италиян тілінде де жазыла бастады. Рим католик шіркеуінің қолдауымен схоластикалық философия бұрынғысынша ресми философия ретінде сақталып, университеттердің көпшілігінде міндетті пән ретінде оқытылды. Орта ғасырда бұрынғы ұмыт болған антик дәуірі философтарының идеяларын пайдалану негізінде түрліше материалистік және идеалистік бағыттар шықты (натурфилософия, әлеуметтік бағыт т.б.). Католик діні мен схоластикалық философияға қатты соққы бергең гуманистер болды, оларертеден келе жатқан «мен адаммын, сондықтан адамға тән нәрселердің барлығы маған жат емес» деген нақыл сөзді кең түсіндіре бастады. Адамды құрметтей білуді философияның негізгі міндеті деп білді. Гуманистердің атасы болған атақты итальян ақыны Петрарка бұл мәселеге көп көңіл бөлді. Осы бағытты одан әрі дамытқан белгілі гуманист Валля болды. 1468 жылы Папа Павл ІІ-нің бұйрығымен жабылған Рим академиясының оқымыстылары, философ-гуманистері, ақындары Валланың ықпалымен күрделі жұмыстар істеді. Осымен қатар, 1459 жылы Флоренцияда ұйымдастырылған Платон академиясының уәкілдері М.Фичино мен П.Делла Мирандола да Италия философиясын дамытуға өз үлестерін қосты, П.Помпонацци негізін салған материалистік философия бағыты да осы дәуірде шықты. Бұл бағыт гуманистер идеяларымен үндес келіп, философияның күрделі мәселелерін көтере білді. Екі ақиқат теориясына сүйене отырып, Аристотельдің сенсуалистік таным теориясын одан әрі дамытты.Бұның өзі жаратылыс тану ғылымының эмпирикалың жолмен дамуына үлкен жол ашты. Осы бағытты дамытуда Андреа Чезальпинаның, Якобо Дзабералланың, Чезаре Кремонинидің еңбектері үлкен орын алды. 16 ғасырдың басында Италияда Коперник идеясына негізделген натурфилософия кең етек жайды. Бұлар табиғаттың дүлей күшін бағындырып, оны адам қажетіне жарату мақсатын көздеді. Бұл бағыт Фракастро, Д.Кардано, Б.Телезио, Ф.Патрици, Т.Кампанелла, Дж.Бруно, Дж.Ванини есімдерімен байланысты. Осы бағытпен ұштаса жаратылыс тану ғылымы дами бастады. Мұның өзі капиталистікқоғамның туа бастауына байланысты жедел өсе бастаған өндіріс пен техниканың қажетін өтеуге сайма-сай келді. Бұны басқарған Леонардо да Винчи болды. Ғылым адамға табиғат байлығын меңгеруге жәрдемдеседі деп біліп, ол өзінің философиясын сол кездегі механикаға негізделген жаратылыс тану ғылымымен тығыз байланыстыра дамытты. Барлық құбылыстар қажеттіліктің объективтік заңына бағынады, оны тек тәжірибеге сүйенген ғылым ғана дәлелдей алады деп үйретті. Таным теориясында екі ақиқат теориясын теріс деп біліп, ақиқат біреу ақ, ол дінде емес, ғылымда деді. Сонымен қатар, ол философиялық тарихына реалистік өнердің теоретигі ретінде енді. Бұл бағыттың көрнекті өкілі Г. Галилей еді. Ол өзінің ғылымдағы ұшан-теңіз жаңалығын оның методологиялық жақтарымен ұштастыра зерттеді. Оның табиғатты механика заңдылығына сүйене зерттеу жөніндегі идеясы 17 және 18 ғасырдағы Батыс Европада үстем болған механикалық, метафизикалық материализмнің негізіне айналғаны мәлім. Жаңа өрлеу дәуірінде Италия әлеуметтік ой-пікірді алға бастыруға да үлгі боларлық күрделі мәселелерді көтере білді. Бұл буржуазиялық күшті мемлекеттік үстемдігін дәлелдемекші болған Николо Макиавелли мен еңбекші халықтық қамын ойлап, болашақ коммунистік қоғам идеясын уағыздаған Т.Кампанелла болатын. Бұл екі ойшыл қалай болған күнде де, замана ағысын дұрыс болжап, оның даму заңдылығының кейбір негізгі тенденцияларын түсіне білді. 17 ғасырдың 2-жартысында Италия философиясы құлдырап, кейін кете бастады. Бұл кезде тек жеке дарындылар болмаса, бұрынғыдай қол ұстасқан, үзенгілес ойшылдар тобы кезікпеді, өздерінің жеке дарындылығымен көзге түскен Дж.Вико мен Беккарно болды.

19 ғасырдың 50-70 жылдарында неополитандық гегельшілдердің ықпалы күшті болса, 70-90 жылдарда позитивизм басым болады. Италия философиясының ендігі тарихында қайшылығы өте күшті неополитандық гегельшілдер кейін екі бағытқа бөлініп, оның Лабрвола бастағандары марксизмге бой ұрды Кроче, Джентпле сияқты неогегельшілдер 20 ғасырда идеалистік бағыттың реакцияшыл тобын құрады. Кейін осылардың арасындағы таластан Кроче бастаған объективтік идеализм, Джентиле бастаған субъективтік идеализм жарыққа шықты. Италия неогегельшілдері марксизмге қарсы өте қатты күрес жүргізді, тіпті Кроче оны «көмдім» деп те көкіген болатын. Бірақ Грамши бастаған марксистер оған соққы беріп, марксизм идеясының ұлылығын тамаша дәлелдеп шықты. Италияда 20 жылдардың орта шенінде туған Муссолини фашизмі кезінде, фашистік идеология неогегельшілдер идеясынан нәр алды. 20 ғасырдың 40 жылдарында Италия неогегельшілдері құлдырап барып жоқ болды. Италия философиясының қазіргі жағдайын сөз етсек, онда басқа да буржуазиялық елдердегі сияқты реакцияшыл буржуазиялық философия ағымдардың көп екенін байқауға болады. Дегенмен олардың ішінен Фома Аквинскийдің жолын қуған неотомизм басымырақ. Оның көрнекті өкілдері - Ф.Ольджати, К.Джакон, У.Падовани, Г.Бонтадини т.б. Бұдан кейінгі орын алатын - экзистенциализм бағыты, оның көрнекті уәкілдері - Э.Кастелли, Н.Аббаньяно т.б. Реакцияшыл философияға қарсы тұрып, күрес жүргізушілер - Италия марксистері. Маркстің, Энгельстің, Лениннің ілімін басшылыққа алып, өз халқының прогресі үшін күрес жолындағы терең де бай тарихи тәжірибелерін кеңінен пайдаланып, П.Тольятти, Лонго, Серени т.б. сияқты майталман марксистер бұл бағытта өте көп еңбек етуде. «Грамши институтында», үзбей шығып тұратын бірнеше теориялық журналдарда маркстік-лениндік философияның күрделі мәселелері терең зерттелуде. Италия коммунистері буржуазиялықидеологияға қарсы күреске өз елінің алдыңғы қатарлы, прогресшіл мәдениет қайраткерлерін, ғалымдарын кеңінен қатынастырып, қазіргі кездіңкүрделі проблемаларын шешуге өз үлестерін қосып келеді.

Тарих ғылымы. Орта ғасырлардың басындағы Италиядағы тарихи шығармалардың негізгілері: Иорданның баяндауымен жеткен Кассиодордың «Гетикасы» (6 ғ.), Павел Диаконның «Лангобардтар тарихы» (8 ғ.). және Лиутпрандтың тарихи шығармалары. Қалалардың өсуімен бірге Италияда ортағасырлық тарихи ғылым дамып көркейе бастады. 11-13 ғасырда көптеген қалалар хроникасы құрылды. Витербодағы Готфридтің, Гуго Фальканданың, Ландульфтің т.б. тарихи еңбектері сол дәуірге жатады. 14 ғасыр флоренциялық Дино Компаньи және Джованни Вилланидің бүкіл италиялың маңызы бар хроникалары пайда болды. Италияда 15ағсырдағы гуманистік историографияның көрнекті өкілдері Леонардо Бруни, Поджо Браччолини, Флавио Бьондо болды. «Константин сыйлығы» дейтіннің жалғандығын әшкерелеген Лоренцо Валла сынау методының негізін салушы ретінде танылды. 18 ғасырда тарихнаманың басты бағыты тарихи деректерді жинақтау, сынау және жариялау болды. Италияда буржуазиялық тарихи ғылымның қалыптасуы ағарту идеяларымен, сондай-ақ даму үстіндегі ұлттық қозғалыстың идеологиялық талаптарымен байланысты болды. 19 ғасырдың 1-жартысында К. Тройя, К. Каппони, Ч. Канту т. б. жасаған энциклопедиялық сипаттағы бірқатар еңбектер пайда болды. 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында итальяндық тарих ғылымы дүние жүзілік даңқы бар бірқатар ғалымдарды шы ғарды (Э. Пайс, Г. Ферреро, Л. Каэтани). 20 ғасырдың басында тарих ғылымында экономикалық заң мектебі (Г.Сальвемини, Дж.Вольпе т.б.) едәуір өрістеді. Сол дәуірде Б.Кроче негізін салған саяси-этикалық мектеп қалыптаса бастады. Италияның империализм дәуіріне өтуі және империалистік идеологияның қалыптасуы буржуазиялық тарихнамадағы нағыз реакцияшыл тенденцияларды тудырды. Фашизм үстемдігі дәуірінде Италия интеллигенциясының, белгілі бір бөлігі фашизмді белсенді қолдады (Дж. Джентиле, Дж. Вольпе). Италияда маркстік тарихнамаға А. Грамши мен П. Тольятти еңбектері жол салып берді. Фашизм талқандалып, 2-дуние жүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Италия тарихнамасында пайда болған күшті маркстік ағым жаңа және қазіргі заман тарихы проблемаларын шешуге едәуір үлес қосты. Соғыстан кейінгі уақытта қайта өркендеу дәуірінің, Рисорджиментоның проблемалары, жұмысшы және социалистік қозғалыс, фашистік және антифашистік қозғалыс тарихының проблемалары неғұрлым терең зерттелді.

Тарих зерттеудің басты орталықтары: Италияның орта ғасыр тарихын зерттеу институты (1883); Рисорджименто тарихы институты (1906); Италия антика тарихы институты (1930); Италияжаңа және өте жаңа тарих институты (1934); Грамши институты (1949); Дж. Фельтринелли институты (1949). Сондай-ақ Италиядағы көптеген тарихи қоғамдар мен университеттер де тарихи зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Экономика ғылымы. Италияда экономика ғылымы білімнің жеке саласы болып, 18 ғасырдың орта шенінде қалыптасады. Меркантилшілдер айналыс саласының дамуы өндіріс күштерінің өрістеуіне мүмкіндік туғызады деп, бұл саланы ерекше мән беріп зерттейді. 18 ғасырдың соңы мен 19 ғасырдың басындағы Италия ағартушылары Дж.Вико, А.Дженовези, Л.Муратори, Дж.Р.Карли т.б. француз энциклопедистерінің идеяларын Италияның саяси-қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық жағдайларына байланысты дамытады. 1754 ж.А.   Дженовезидің Неаполитан университінде Европадағы тұңғыш саяси экономия кафедрасын ұйымдастыру Италияның экономикалық ғылымы дамуына зор әсер етті. Дженовези мектебінен шыққан 16 ғасырдың 2-жартысындағы көрнекті итальян әкономисі Ф. Галиани болды.

17 ғасырдың 2-жартысында экономика ғылымы шетел теорияларының, әсіресе ағылшын, француз экономистерінің ықпалында дамыды. Бұл кезде өндіріс буржуазиясының тілегіне сай экономикалық либерализм мен позитивизм бағыттары өріс алды. А. Смиттің іліміне сүйенген К. Каттанео, Ф. Феррара,А.Месседалья еңбектерінде нақты экономикалық мәселелерді - статистика, ақша айналысы, демография т. б. зерттеу елеулі табыстарға жетті. Дж. Романьози, Дж. Мадзини, К. Пизакане т. б. капиталистік қатынастарды сынға алып, ұсақ буржуазиялық социализмнің негізін қалады. 19 ғасырдың аяғында экономика ғылымына маңызды үлес қосқан В.Парето еңбектері болды. Ол экономикалық процестерді зерттеуде математикалықәдістерді алғаш қолданғандардың бірі болды. 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың бас кезінде экономикалық өмірге мемлекеттің белсенді араласуын дәріптеген экономикалық теориялар (дирижизм) кең тарады. Кейіннен, елде фашистік диктатураның орнауына байланысты, бұл бағыт (К.Ферри, У.Спирито т.б.) фашистік мемлекеттің ресми доктринасына айналып, өзінің шарықтау шегіне жетті. 2-дүние жүзілік соғыстан кейін Италия экономика ғылымының дамуында жаңа сипаттар пайда бола бастады. Маркстік экономикалық ой ең басты бағытқа айналып, Италия экономикасын және мемлекеттік монополистік капитализмнің құрылымы мен даму бағытын зерттеуде ғылымға зор үлес қосты. (П. Тольятти, Л. Лонго, Р. Гриеко, Дж. Амендола, Э. Серени, А. Пезенти т. б.). Италия экономистерінің барлық бағыттарына ортақ мәселе халық шаруашылығындағы салалық немесе регионалдың уйлесімсіздікті (диспропорцияны) жою жолдарын іздестіру болып отыр. Зерттеудің ұлттық орталығы (1960 жылы құрылған) бүкіл елдегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын реттейді. Орталық статистика (1926), Коньюнктураны зерттеу (1957), Ұлттық аграрлық экономика институттары (1946) ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар университтердің экономикалық факультеттері және Италия банкісі, Ұлттық сауда банкісі т.б. мемлекеттік бірлестіктер де ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шұғылданады.

Заң ғылымы. 6 ғасырдан бастап Италия юристері негізінен Юстиниан кодификациясын зерттеді. Халықаралық право саласындағы ең бір елеулі еңбек Кассиодор құрастырған (6 ғ.) дипломатиялық документтердің жинағы болды. Шамамен алғанда, 11 ғасырда рим правосын оқып-үйренген юристердің Равен мектебі қалыптасты. 11 ғасырдың аяғында Юстиниан Кодексін, Институцияны т.б. түсіндіру негізінде Болоньеде праволық жаңа мектеп (Болонье мектебі деп аталған) - глоссаторлар меқтебі пайда болды (негізін салушы Ирнерий). Ирнерийдің атақты шәкірттері - Булгар, Мартин, Якоб, Гуго болды. Глоссаторлар Рим правосын түсіндіруде және Европада заң ғылымдарын дамытуда үлкен роль атқарды. Италияда праволық ойдың дамуына Фома Аквинскийедәуір ықпалын тигізді. Италияда қылмыстың право саласынан сақталған тұңғыш шығарма Альберто Гандиноның кітабы болды (1491 ш. басылған). Сондай-ақ Юлий Клар және Проспер Форниций еңбектері қылмыстық правоға арналған. 15-16 ғ. юристердің филологиялық мектебі дейтін (Будеус, А. Альциат, Данелус, Куяций т. б.) қалыптасты. Оған жататындар глоссты түсіндіруден тікелей Рим правосын Рим тарихы және мәдениетімен байланыстыра отырып зерттеуге көшті. Рим правосын зерттеуге юрист ғалымдар ғана емес, итальяндық гуманизмнің аса көрнекті өкілдері де қатынасты (Л.Валла, А.Полициано, Т.Кампанелла т.б.). 19 ғ. юристерінің арасында халықаралық право ұлттық мектебінің негізін салушы П.С.Манчини көрнекті орын алды. 19 ғасырдың 70 жылдарында қылмыстық правоның антропологиялық мектебі пайда болды. Негізін қалаушы итальяндық ғалым Ч.Ломброзо болғандықтан, кейде оны итальяндық мектеп деп атайды. 19-20 ғасырда басқа елдердегі сияқты, Италияда да буржуазиялық право танудың барлық салаларында формальдық-догматикалық методологияның шеңберін бұзып шығуға талпыныс байқалады. 2-дүние жүзілік соғыстан кейін Италияның заңғылымында жаңартылған табиғи право дейтін теория тарады (А. Пассерин, Д. Ентрев, С.Пассарел, Паллиери т.б.). 1945 ж. Ф. Грамматиканың ұсынысы бойынша Италияда әлеуметтік қорғауды зерттеу орталығы құрылды. «Жаңа әлеуметтік қорғау» теориясы Италияда, одан сыртқары жерлерде де тарады. Кейбір итальяндық авторлар мемлекеттік тану және право тану мәселелеріне марксизм тұрғысынан қарады. Көптеген маңызды праволық проблемалар А. Грамшидің еңбектерінде шешілген.

Тіл білімі. Италияда тіл білімі мәселелері (тілдердің классификациясы және олардың өзгеруі, әдеби тіл мен диалектілердің ара қатысы) ең алғаш Дантенің «Халық шешендігі туралы» трактатында (1305) айтылды. 19 ғасырдың ортасына дейін тіл білімі жалпы филологиямен бірге қарастырылды. Сөздіктер, грамматикалар жасалып, латын және итальян текстеріне түсініктер берілді. 19 ғасырдың аяғында тарихи салыстырмалы әдістің қолданылуына, диалектілердің дамуына байланысты Италияда тіл білімі дербес ғылымға айналды. Италия тіл білімінің негізін салушы Г.И. Асколидің еңбектері көне тілдер мен итальян диалектологиясына («Ладин говорлары», 1873) арналған. 20 ғасырларда тілдің қоғамдық мәніне көңіл бөлініп, диалектологияға, ономастикаға, лингвистикалық географияға байланысты еңбектер жарияланды. Лингвистикалық атлас, этимологиялық сөздіктер шықты, үндіевропа, роман тіл білімі жайлы жетекші құралдар жазылды. Қазіргі Италия лингвистері әдеби тілдің қалыптасуына, диалектілердің дамуына, жеке жазушылардың (Данте т.б.) тілі мен стилін зерттеуге көңіл бөлуде. 1582 жылы Флоренцияда ұйымдастырылған Делл Круска академиясы тіл білімі саласындағы ғылыми-зерттеу орталығына айналды. Бірнеше лингвистикалық журналдар шығып тұрады.

Ғылыми мекемелері. Жаратылыс тану және техникалық ғылым салаларындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және басшылық мәселелері Ұлттық зерттеу советіне жүктелген (1923 жылы құрылған). Оның қарауында 70 институт пен лабораториялар, 108 зерттеу орталығы бар. Атом энергиясын зерттеу мәселесімен Атом энергиясы жөніндегі ұлттық комитет шұғылданады (1960). Бұл комитетке 1953 жылы құрылған Фраскаттағы Ұлттық лаборатория, Касаччадағы Ядролық зерттеу орталығы бағынады. Университеттер жанында ірі зерттеулер жүргізетін көптеген ғылыми-зерттеу институттары бар. Ең ірі зерттеу орталығы - Ядролық физиканың ұлттық институтты, ол Институтының осы саладағы барлық зерттеу мекемелерінің жұмысын біріктіреді. Ауыл шаруашылық ғылымдары саласындағы зерттеулерді Ауыл шаруашылық және орман министрлігіне бағынатын 22 институт жүргізеді. Бұл министрлік Орталық метеорология басқармасы мен океанография институттарына және обсерваторияларға басшылықетеді. Денсаулық сақтау министрлігі биохимия, фармакология, биологиялық, микро-биологиялық, паразитология, гигиена т.б. лабораторияларының және Денсаулық сақтаудың жоғары институтының жұмысына бақылау жасайды. Фирмалар жанында 700 ғылыми-зерттеу мекемесі бар. 1963 жылы Институтының ірі фирмалары Римде Эксперименттік металлургиялық орталық құрды («ИРИ» мемлекеттік бірлестігі). Мұнай мен газ жөніндегі негізгі және қолданылмалы зерттеулер Мемлекеттік мұнай-газ бірлестігі «ЭНИ-де», органикалық синтез саласындағы зерттеулер «ФИАТ» және «Сниа-Вискоза» ғылыми мекемелерінде жүргізіледі. Италияда бірнеше халықаралық зерттеу орталықтары бар - Неапольдегі Генетика шәне биофизикалық орталығы, Триестегі Теориялық физикалық орталығы, Удинодағы Механика орталығы, Испрдегі Ядролық зерттеу орталығы.

Баспасөзі, радиохабары, телевизиясы. Италияда 81 күнделікті газет, 74 суретті апталық газет шығады (1972). Аса ірі газеттері негізінен банкілік-өнеркәсіб монополияларының бақылауында. Италияда католиктік мерзімді баспасөз күшті ықпал етеді. Аса ірі буржуазиялық газеттері: «Мессаджеро» (1878 жылдан, Рим), «Коррьере делла сера» (1876, Милан), «Стемпа» (1866, Турин), «Джорно» (1956, Милан), «Национе» (1859, Флоренция), «Рома» (1860, Неаполь), «Темпо» (1944, Рим), «Секоло д’Италиа» (1952, Рим), «Джорнале д’Италиа» (1901, Рим). Саяси партиялық газеттері: «Аванти» (1896, Рим) - Италия социалистік партиясының органы, «Пополо» (1944, Рим) - Христиан - демократиялық партиясының органы, «Воче репуббликана» (1919, Рим) - Республикалық партияның органы. Компартия «Унита» (1924, Рим-Милан) газеті мен «Ринашита» (1944), Римде «Паэзе сера» (1949) прогресшіл кешкі газеті шығады.

Радиохабары 1924 жылдан, телевизия программасы 1954 жылдан жүргізіле бастады. Италияда 4 радио және телеорталық (Рим, Милан, Неаполь, Туринде) жұмыс істейді. Радиохабары мен телевизиясы «Радио э телевизионе итальяна» («РАИ-ТВ») акционерлік қоғамының бақылауында.

Әдебиеті. Италия әдебиетінің ежелгі фольклоры сақталмаған. Орта ғасырдағы Италия әдебиеті Рим империясы құлағаннан кейін 6-12 ғасырлар аралығында латын тілінде пайда болды. Ұлттық диалектілерде жазылған әдеби ескерткіштер 12 ғасырдың аяғы мен 13 ғасырдың басында туды. 13 ғасырдың 1-жартысында Сицилия ақындық мектебі пайда болды, Тосканода саяси лирика және аллегориялық-дидактикалық поэзия дамыды. 13 ғасырдағы прозалық шығармадан «Новеллино» атты новеллалар жинағы сақталған. Италия әдебиетінің бір-тұтас әдеби тілін қалыптастьшушы Данте Алигьери (1265-1321) болды. Оның басты шығармалары - «Жаңа өмір» (1292) повесі, «Комедия» поэмасы (1321) т.б. туындылары дүниежүзі әдебиетінің алтын қорына қосылды. Қайта өркендеу дәуірі кезіндегі Италия әдебиетінде ақын Ф.Петрарка (1304-1374), Дж.Боккаччо (1313-1375) шығармалары көрнекті орын алды. 15 ғасырда антик дәуірді зерттеуші ғалым-жазушы Дж.Ф.П.Браччолини (1380-1459) мен Л. Валланың (1407-1457) т.б. латын тілінде жазылған шығармалары туды. 16-17 ғасырда Ф.Л.Ариостоның (1474-1533) «Қаһарлы Роланд» поэмасы, Н.Макиавеллидің (1469-1527), П.Аретиноның (1492-1556), Дж.Бруноның (1548-1600) сатиралық комедиялары, Т.Тассоның (1544-1595) «Аминта», Б.Гваринидің (1538-1612) «Сенімді бақташы» атты драмалары жазылды. 16 ғасырдағы көркем проза саласында Б.Кастильоненің (1478-1529), Б.Челлинидің (1500-1571) т. б. шығармалары туды.

17 ғасырда Институтының көп жерін испан басқыншылары жаулап алуына байланысты, әдебиетте біраз тоқырау пайда болды.

18 ғасырдың орта шенінен Италия рухани өмірі қайта гүлденіп, ұлттық мәдениет өркендеу жолына түсті. Бұл кездегі әдебиеттің көрнекті өкілі К. Гольдони (1707-1793) өзінің реалистік комедияларында («Аспаз әйел», «Делқұлы» т. б.) үшінші сословияның демократиялық идеяларын көрсетті. 19 ғасырдың 10-20 жылдарында ұлт-азаттық қозғалысының бастапқы кезеңін бейнелейтін романтизм бағытындағы прозалық және поэзиялық шығармалар пайда болды. А. Мандзонидің, Ф. Д. Гверраццидің тарихи романдарында, Дж. Никколинидің (1782-1861) трагедияларында, Г.Мамелидің (1827-1849) лирикаларында тарихи өмір шындығын реалистік тұрғыда суреттеу көрініс тапты. 1848-1849 жылғы революциядан кейін туған Р.Джованьолидің (1838-1915) «Спартак» романы мен Дж. Кардуччидің (1835-1907) саяси жырлары Италияәдебиетіндегі романтизмнен реализмге өту дәуірінің шындығын танытады. 1870 жылдан кейін прозада веризм ағымы басты роль атқарып, әлеуметтік өмір көріністері, «кішкентай адамдар» тағдыры кеңінен бейнеленді (Дж.Верганың новеллалары, Дж.Джакозаның, М.Праганың тұрмыстық драмалары т. б.).

19 ғасырдың аяғында Италия әдебиетінде неоромантикалық және символистік бағыт өріс алды. Г.Д.Аннунцио (1863-1938) декаденттік сарындағы романдары мен драмаларында және елеңдерінде империалистік және фашистік идеологияның жаршысы болды. Футуристік ағымның өкілі Ф. Т. Маринетти (1876-1944) творчествосы да милитаристік топтар мүддесіне қызмет етті. Ал Л. Пиранделло (1867-1936) өз шығармаларында буржуазиялық қоғамдағы «кішкене адамдардың» трагедиясын және моральдық дәстүрдің дағдарысын барынша өткір көрсетті.

І-дүние жүзілік соғыс және жұмысшы қозғалысының өрлеу жылдарында  әдебиеттегі күштердің ара салмағыөзгерді. А. Грамши (1891-1937) және П. Гобетти (1901-1926) бастаған итальян интеллигенциясының сол фашизм үстемдігінің ауыр жағдайында мәдениет пен әдебиеттің демократиялығы үшін күресті. Фашистік өкімет диктатурасын жүргізген жиырма жыл ішінде Италия әдебиетінің көптеген өкілдері реалистік дәстүрден, әлеуметтік тақырыптан ажырап қалды. Оның орнына М. Бонтемпеллидің (1878-1960) «сиқырлы реализмі», Р. Баккеллидің (1891 ж. т.) тарихи романдарындағы католиктік фатализм өріс алды. 20-30 жылдардағы поэзияда өмірден түңілушілік, торығушылық сарын басым болды (Дж. Унгаретти, У. Саба т.б.). Бұл кездегі К.Альвароның (1895-1956) творчествосында өмір шындығын айқын көрсету талабы байқалды («Аспромонтенің адамдары»), А.Моравианың (1907 ж.т.) «Немқұрайдылар» романында т.б. шығармаларында буржуазиялық интеллигенцияның рухани күйреуі әшкереленді. Дж.Джерманетто, Ч.Павезе, Э.Витторини т.б. шығармаларында фашистік авантюраның ауыр зардабы суреттелді.

40 жылдардың орта шенінен бастап неореализм бағыты өріс алды. Оның өкілдері өмірді шынайы түрде бейнелеуге күш салып, бұқара халық арасынан шыққан адамдардың жеңілмес рухын, өршіл сенімін көрсетті (Э.Витторинидің «Адамдар және адам еместер» романы, 1945; К. Кассолдің «Байырғы жолдастар» повесі, 1953, т. б.).

60 жылдардағы Италия әдебиетінде неореализм дәстүріндегі жаңа ізденістерден туған күрделі шығармалар жарық көрді. Бұл ретте Моравианың әлеуметтік-психологиялық романдарын («Чочар», 1957; «Автомат», 1963 т.б.), Италия Кальвиноның (1923 ж.т.) повестерін, Г.Паризенің (1929 ж.т.) сатиралық романдарын («Үй иесі», 1965) т.б. жазушылардың шығармаларын атауға болады. Бір қатар туындыларда жұмысшы табының, еңбек адамдарының өмірі бейнеленген (Пратолинидің «Ақылдық тұрақтылығы», 1963 т.б.). Қазіргі Италияәдебиетіндегі басты тенденция - буржуазиялық қоғам шындығын батыл сынау, жазушының қоғам алдындағы моральдық жауапкершілігін арттыру. Қазіргі Италия әдебиеті дүние жүзілік мәдениетте көрнекті орын алады. Италия әдебиетінен К. Гольдонидің «Екі қожаға бір қызметші» комедиясы (1948); Э. Амичистің «Апенниннен Анды тауларына» атты әңгімелер жинағы (1959), А. Дантенің «Құдіретті комедия» («Тамұқ» атты бөлімі, 1971); Р. Джованьолидің «Спартагі» (1951,1972);С.Марчтің «Күн сайын әр не жоғалмағы» (1971) т. б. қазақ тіліне аударылды.

Архитектурасы мен бейнелеу өнері. Қола дәуірінен (б.з.б. 2 мың жылдықтың 2-жартысы) Сардинияда дөңгелек мұнаралы мегалиттік құрылысқалыптаса бастады. Солтүстік Италияда террамар мәдениеті дамыды. Б.з.б. 9-5ғасырларда Вилланов мәдениеті өркен жайып, 8-2 ғасырларда соған туыстас этрускилер мәдениеті өрбіді. Б.з.б. 8-6 ғасырларда Италия жағалауында пайда болған сауда-саттық орталықтары Сиракуза, Селинунт, Посейдонияда салынған ғибадатханалар қазірге дейін сақталған. Ежелгі грек және этрускилер өнерінің дәстүрі Италия жеріндегі б.з.б. 5 ғасырдағы Ежелгі Рим өнерінің дамуына негіз болды. Ежелгі Римнің құлдырауынан кейін орта ғасырлық Италия архитектурасы (Рим, Милан т. б. жерлерде күмбезді шіркеудер салынды) қалыптаса бастады. 11-13 ғасырларда Италияда жалпы европалық роман стилі қалыптаса бастады. Монументті шіркеу (Миландағы Сант-Амброджо базиликасы, 11 ғ., Моденадағы собор, 1099-1106), тұрғын үй, мұңара, қақпа, қорған тұрғызу ісі дамыды. Негізінен аркалы, күмбезді құрылыстарға тас, қыш қолданылды. Венеция (әулие Марко соборы, 1094 ж. аяқталған) мен Сицилияға (Палермодағы собор, 1185; Палатинский капелласы, 1132-1140) Византия архитектурасы үлкен әсер етті. 11 ғасырдан өздігінше дамып келе жатқан Тосканда романдық сәулет өнері ақ сүйектік бағыт ұстап, колонна, арка, түрлі түсті мәрмәрмен көркемдеу секілді антикалық архитектураға (Флоренциядағы Сан-Миньято аль Монте шіркеуі, 11-13 ғ.; Пиза собор комплексі, 1063-1118) бой ұрды. 13-14 ғасырда готика дәстүрі (Орвьето мен Миландағы, Флоренциядағы соборлар, Веккьо палаццосы, Венециядағы Дождар сарайы) өркендеді. Осы кезеңде орта ғасырлық Италия қалаларының түр-сипаты қалыптасты. Бұл қалалар сауда-саттың алаңдары бар тар көшелерден, қамал типті феодалдық сарайлар мен қомақты мұнаралардан (Сан-Джиминьянодағы) және қоғамдық құрылыстардан (қалалық басшылық пен ұйымдар тұрғызған ратуша, лоджия, госпиталь, сот үйі, хауыз) тұрды. Қайта өркендеу дәуіріндегі (15-16 ғ.) Италияның буржуазиялық қатынастары мен өміртаным және нақты ғылымдары архитектурадағы европалық инициативаның жаңа бағытқа ауысуына негіз болып, қала салу ісінің конструкциялау және пропорциялау тәсілдері математикалық жолмен қайта дамыды. Ф.Брунеллески, Л.Б.Алъберти, Микелоццо, Л.Лаурана т.б. антикалық ордерлер көптеп қолданылған, құрылымы мен формасы жағынан үйлесімді палаццо, қоғамдық және мәдени үйлер тұрғызды. Жоғары Қайта өркендеу дәуірінің сәулетшілері Микеланджело, Д.Браманте, Виньола, М.Санмикели, А.Палладио, Я.Сансовино араласқан құрылыстар қомақтылығымен, үйлесімді өңделуімен ерекшеленді. Барокко (16 ғасырдың аяғы мен 18 ғ.) тұсындағы архитектура Италияның қалалары мен виллаларында көлемді ансамбльдерімен, парктерімен, салтанатты басқыштарымен, бағаналарымен, хауыздарымен белгілі. 18 ғасырдың басында Италия архитектурасы классикалық форма (Ф. Ювара), 18 ғасырдың 2-жартысы мен 19 ғасырдың 1-жартысында классицизм бағытында болғандығы Миландағы ансамбль мен театр құрылысынан (Дж. Пьермарини, Л. Каньола) анық көрінеді. 19 ғасырдың 2-жартысы мен 20 ғасырдың басында қала орталықтарында әклектикалық құрылыстар (Дж. Менгони, Дж.Саккони, Г.Кальдерини) көптеп салынды. Фашистік диктатура (1922-1943) кезіндегі құры- лыстарда монуменпеу мен әсіре неоклассика (Э. дель Деббио, М. Пьянентини) басым болды. 50-60 жылдардың басындағы жаңа құрылыс материалдарын (темірлі-бетон, шынылы блок) пайдаланған Италия архитектурасы (Римдегі Термини вокзалы, Э. Монтуори бастаған бір топ архитекторлар; Кіші спорт сарайы, Миландағы Пирелли фирмасы, архитектор Дж.Понти) творчестволықпен дамыды. Италия архитекторларының творчестволық коллективі (БПР) өкілдері замани архитектуралық форманы ұлттық дәстүрмен (Миландағы Торе Веласка) байланыстыруға ұмтылуда.

Италия жеріндегі көне мәдениет куәлары палеолит және энеолит дәуіріне саяды. Қола дәуіріндегі өрнекті қыш ыдыстар мен геометриялық пішінге келтірілген құдай және жауынгерлердің мүсіншелері крит-микен мәдениеті әсерімен жасалған. Кейінгі антикалық үлгілердің қарапайымдылық пен қарадүрсіндікке бағытталуы арқылы 8 ғасырда Италияның орта ғасырлық өнері фрескалар, мозаикалар) қалыптасты, Венеция мен Сицилияда Византия өнері үлгілеріне ұқсас мозаикалар (Венециядағы әулие Марко соборының мозаикасы, 1220 ж.ш.) жасалды.

11 ғасырдың аяғында діни тақырыптағы кондырғылы кескіндеме, құрылыстарды әсемдеу мақсатындағы мүсіндер, Римде түрлі түсті инкрустация өркен жайды. 13 ғасырдың 2-жартысы мен 14 ғасырдың басында аддыңғы қатарлы қалалар Флоренция, Пиза, Сиенада негізінен антикалық бағыт ұстаған ақ сүйектер өнерінің реалистік бағыты (Проторенессанс) пайда болды. Бұл бағыттың басты өкілдері: суретші Никколо және Джовани Пизано, Арнольфо ди Камбио, мүсінші П. Каваллини, Дуччо, Джотто. Олар жасаған фрескалар өмірдің драмалық қуатына толы. Тек 15 ғасырда (14 ғасырда өмірге келген «готикалық реакциядан» кейін) бурж. бағыттың күш алуына байланысты Қайта өркендеу дәуірінің реалистік өнері (алғашында Флоренцияда, әр кезде, түрлі мектептерде) туындап, артынша дами бастады. Бұл бағыт орта ғасырлық шарттылықтан кол үзіп, адам мен табиғатты, анатолия, оптика, перспектива заңдарын ғылыми тұрғыдан зерттеуге және де антикалық мұраны толық меңгеруге батыл деп қойды. Мүсіншілер Донателло, Л.Гиберти, Я. делла Кверча, Л. делла Роббиа, А.Верроккьо күш пен қуатқа толы еркіндік көксеген жандардың беннесін жасады. Суретші Мазаччо, Д.Гирландаио, С.Боттичелли, Пьероделла Франческа, А.Мантенья, Джованни Беллини еңбектерінде адам мен оны қоршаған болмыстың сұлулығы шебер бейнеленді. 15 ғасырдың аяғы мен 16 ғасырда бүкіл Европаға қанат жайған Қайта өркендеу дәуірінің өнері, әсіресе Жоғары Қайта өркендеу дәуірінде адамгершілікті паш еткен классикалық айқындығымен ерекшеленеді. Бұл дәуірдің әйгілі өкілдері: Леонардо да Винчи, Микеланджело, Рафаэлъ, Джорджоне, Тициан, П.Веронезе, Я.Тинторетто. Рим (Себастьяно дель Пьомбо), Флоренция (А. дель Сарто), Парма (Корреджо), Брешиа (Дж.Б.Морони) қалаларының бірқатар суретшілерінің есімі белгілі болды. 15-16 ғасырда бейнелеу өнері, гравюра, сән және қосалқы өнер (үй жабдықтары, майолика, шыны), медаль соғу, театр декорация өнері көркемдіктің жоғары дәрежесіне көтерілді. 16 ғасырдың 20-80 жылдарындағы экономикалық құлдырау мен феодалдық реакция Италия көркемөнер мәдениетінде маньеризм (мүсінші Б. Челлини, суретші Я. Понтормо, Ф.Пармиджанино, А.Бронзино) секілді тоқыраудың белгісін білдіретін жаңа ағымдардың тууына себепші болды. 16 ғасырдың аяғы мен 18 ғасырда Италия өнерінде бояуы бай, сәндіктің жоғары дәрежесіне көтерілген барокко өнері (мүсінші Л.Бернини, суретші Пьетро да Кортона, Л.Джордано) басты бағыт алды. 16 ғасырдың аяғында болонья мектебінде (ағайынды Карраччи, Доменикино, Г.Рени) академизм ағымындағы кескіндеме қалыптасты. Бұл ағымға М.Караваджо мен оның ізін қуған суретшілердің реалистік бағыттағы батыл демократиялық өнері қарсы күресті. Бұдан кейін де ішінара болғанымен 17-18 ғасырдың суретшілері Б.Строцци, Д.Фети, С.Роза, Дж. Креспидің шығармаларынан өмір шындығы көрініс тапты. 18 ғасырдағы Венеция суретшілері Дж. Б. Тьеполо, А. Каналетто, Ф. Гварди - тартымды әрі сыншыл туындылардың авторы, 18 ғасырда гравюра (Дж. Б. Пиранези) мен театр декорация өнерінде классицизм бой көрсетті. 19 ғасырда мүсінші А. Кановойдың бастауымен негізгі бағытқа айналған классицизм азаматтық пафостан қол үзді. Арнайы академизмге қарсы күрес Италия романтизмін (Ф. Гайец, Д. Морелли), кейінірек реалистік өнердің тұрмыстық жанры мен табиғат көріністері суреттерін өмірге әкелді. Мүсінші В.Вела, суретші Дж.Фаттори, Т.Синьорини, С.Лега, Дж.Сегантини негізгі еңбектерін жұмысшылар мен шаруалардың, қала кедейлері және Италияның бостандық ушін күресуші халқының өміріне арнады. Дегенмен, 19 ғасырдың 2-жартысында буржуазиялық өнер 20 ғасырда футуризмге, кейіннен неоклассидизмге ұласты. Қазіргі Италия өнерінде формалистік ағымдардың сюрреализм, абстракті өнер секілді (көрнекті өкілдері: А. Модильяни, Дж. ди Кирико) түрлері тараған. 2-дүние жүзілік соғыстан кейін неореализм ағымы пайда болып, оның көптеген өкілдері (суретшілер Р. Гуттузо, Г.Мукки, Дж. Дзигайна, А.Пиццинато, К.Леви, мүсінші М. Мадзакурати) өз туындыларын бейбітшілік пен халықтар арасындағы достықты нығайтуға арнады. Қазіргі мүсін өнеріндегі реалистік бағыт Дж. Манцу мен Э. Греконың творчествосымен байланысты.

Қазақтың көркемсурет галереясында Италия кескіндемешілері Моретто да Брешианың (Алессандро Бонвинчино болуы мүмкін, 1498-1554 ж.ш.) «Нәрестелі мадоннасы», Лука Камбиазоның (1527-1585) «Алтын ғасыры», Франческо Моланың (1612-1666) «Аласталған Агариі», Джачинтоның (Джигонте, 1809-1876) «Әулие Перінің Римдегі қамалы», Антон Домениконың (Габбиани, т.-ө.ж.белгісіз) «Аполлон мен музалары», Франческоның (Батальоли, 1742-18 ғасырдың аяғы) «Архитектуралық пейзажы», Франческоның (Паннини, 18 ғасырдың 2-жартысында өмір сүрген) «Римдегі Соглассия ғибадатханасының қираған орны», Проспер Жорж Антуан Марильяның (1811-1847) «Ніл жағалауы» т.б. суретшілердің әр кезде, әр түрлі әдіспен орындаған шығармалары сақтаулы.

Музыкасы. Ежелгі Рим заманынан басталған Италия музыкалық мәдениеті феодализмнің алғашқы кезеңінде қалыптасты. Біздің заманымызға жеткен музыкалық фольклордың алғашқы ноталық үлгілері 13-14 ғасырда жазылған. Италия халық музыкасының ерекшелігі әуенінің саздылығы мен би ырғақтарының алуан түрлілігінде. Кең тараған музыкалық өлшемдері: 6/8 және 12/8 Осы замандағы музыкалық атаулардың көпшілігі Италияның музыкалық тәжірибесінен шыққан. Италия - опера, оратория, кантата, европалық дербес оркестрлік музыканың, орган үшін жазылған пьесалардың, увертюралар мен симфониялардың, кончерто гроссо, соната т.б. жанрлардың отаны. Алғашқы невмадан бастап, осы күнгі нота жазу үлгісі (Гвидо д’ Ареццо) де Италияда туды. О.Петруччи нота баспасын шығарса, Б.Кристофори фортепьяноны ойлап тапты. Гармония ғылымының (Дж. Царлино) да негізі Италияда қалыптасты. 16-18 ғасырда дүние жүзіндегі ең жақсы скрипкалар (Амати, Гварнери, Страдивари) осы елде жасалды. Алғашқы консерваториялар мен музыкалық академиялар Италияда пайда болды. 7 ғасырда Римде шіркеу мелодиялары бір жүйеге салынып, Григориан хоралына заңдастырылды, кейіннен ол бүкіл Батыс Европа діни музыкасының негізіне айналды. Фольклор негізінде тұрмыс-салт әндері (баркарола, гондольера т.б.), Қайта өркендеу дәуіріндегі вокальдық ансамбльдер (вилланелла, фроттола), билер (гальярда, сицилиана) ерекше өріс алды. Қала мәдениетінің өсуіне байланысты 14 ғасырда Арс Нова (Жаңа өнер) деген атпен прогресшіл музыкалық бағыт қалыптасты; мадригал, баллада, качча сияқты вокальдық жанрлар және аспаптық музыкалық дамыды. Италия музыкасы 15-16 ғасырда Европа полифонистерінің жетістіктерін еркін игерді. 16-17 ғасырда музыкалық өнерінің жаңа түрлерінде (опера, оратория, кантата т.б.) полифониядан гомофонияға өту кезеңі аяқталды. К. Монтеверди - операның тұңғыш классигі, әрі 17 ғасырдағы Венеция опера мектебінің негізін салушы. Оратория мен кантатаның шеберлері Дж. Кариссими, А. Страделла болды. 17 ғасырда итальяндықтар орган музыкасын жаңа бір белеске көтерді, камералық музыкалық жанрын, скрипкалық музыка мен ансамбльдік оркестр музыкасын дамытты. 18 ғасырда неаполитан опера мектебінің негізі (А.Скарлатти) салынды, бельканто өнері гүлдеді. 18 ғасырда тарихи-мифтік сюжетке негізделген опера-сериа мен қатар демократиялық және реалистік бағыттағы опера-буффа туды. Италия қалаларында (Неаполь, Милан, Венеция) опера театрлары ашылды. Италияның Дж. В. Перголези, Л.Винчи, Л.Лео, Н.Порпора, А.Сальери т.б. композиторлары бүкіл Европаға танылды.

18 ғасырдағы Италия аспаптық музыкасы А. Вивальди, Д. Скарлатти, Л. Боккерини, Дж.Самартини т.б. композиторлардың есімімен тығыз байланысты. Бұл кезеңдегі аспаптың музыкада ұлы скрипкашы Н.Паганини және фортепьянолық сонаталар мен әтюдтардың авторы М.Клементидің творчествосы ерекше. 19 ғасырда Италия опера өнері өзінің шарықтау шегіне жетті. Дж.Россини, В.Беллини, Г.Доницетти, Дж.Верди сынды композиторлар опералық шығарманың корифейлері болды. 19 ғасырдағы Италия әншілері: Дж. Рубини, Дж.Марио, А.Тамбурини, А.Котоньи, Дж.Паста, А.Каталани, М.Альбони т.б. 19 ғасырдың аяғында Италия операсында веризм ағымы (П.Масканьи, Р.Леонкавалло, Дж.Пуччини) пайда болды. Италияның 20 ғасырдағы көрнекті композиторлары: О.Респиги, И.Пиццетти; бұлардың творчествосында импрессионизм мен неокласицизм әсері бар. 2-дүние жүзілік соғыстан кейін музыкада авангардизм ағымы күшейді. Фашистік диктатура кезінде Италия музыка мәдениетінде реакциялық тенденция күшейіп, көптеген ірі композиторлар қуғынға ұшырады. Додекафония, сериялық музыка, алеаторика сияқты ағымдар кең тарап, осы кездегі Италия композиторларының көпшілігійе әсер етті.

Италия аса жоғары музыкалық орындаушылық өнерімен, опера әншілерінің шеберлігімен ертеден әлемге аян. Милан («Ла Скала»), Рим, Неаполь, Болонья т.б. қалаларда опера театры бар. Болонья, Рим және т. б. қалаларда музыкалық академиялар, консерваториялар, музыкалық лицейлер, симфониялық оркестрлер, ғылыми институттар бар. Музыкалық қоғамдары: Жаңа музыкалық корпорациясы, Музыкалық зерттеушілер қоғамы, Музыкалық кітапханалар ассоциациясы.

20 ғасырда дүние жүзілік музыкалық мәдениетінде пианист Ф.Бузони, дирижер А.Тосканини ерекше роль атқарды. 20 ғасырдағы Италияның атақты әншілері: Э.Карузо, Т.Руффо, Т.Скипа, Б.Джильи, Т.Гобби, М.Дель Монако, Р.Тебальчиди, Р.Скотто т.б.; белгілі дирижерлері: Т.Серафина, К.Цекки, П.Ардженто.

Театры. Театр өнерінің алғашқы элементтері халықтың диқаншылық әдет-ғұрыптары мен ойын-сауықтарында кездеседі. Орта ғасырда пайда болған литургиялық драма мен мистерияда комедия-сатиралық бағыт пайда болды. А. Полицианоның «Орфей туралы аңызы» (1480) осы бағыттағы тұңғыш пасторальдық пьеса. Қайта өркендеу дәуірінде тың театрлық мәдениет дамыды. Италия драматургиясында жаңа бағыттың негізін салушылар Дж. Триссино, Дж. Ручеллаи т.б. болды. Қайта өркендеу дәуірінде драма теориясы дами бастады. Жаңадан театр үйлері салынды, декорациялық көркемдеу негізі жасалды. 16 ғасырдың ортасында гуманистік драманың негізіне сүйенген демократиялық реалистік бағыт өркендеп, суырып-салма дель арте комедиясы (маска комедиясы) туды. Мұның өмірге келуі актер, драматург А. Беольконың (Рудзанте) творчествосына байланысты. 17 ғасырдың аяғында Италия театры өзінің ұлттық ерекшелігін жоғалтып, маска комедиясы ақсүйек қауымының көңіл көтеретін сауығына айналды. Италияның ұлы драматургы К.Голъдони реалистік және суырып-салмашылық комедияның дәстурлі кейіпкерлерін реалистік бейнелермен ауыстырды. 60-70 жылдары драматург К.Гоцци Гольдони реформаларына қарсы шығып, маска комедиясы үлгісімен көрермендерді өмір болмысынан алшақтататын спектакльдер қойды. Италияның 18 ғасырдағы театр өмірі әр алуандығымен ерекшеленді. Венеция мен Рим театр мәдениетінің ірі орталығына айналды. Көптеген драмалық труппалар Милан, Неаполь, Флоренция, Генуя секілді қалаларда арнайы салынған ғимараттарда, сондай-ақ бай көпестер мен ақсүйектердің үйлерінде ойын көрсетіп отырды. Әдеби театрмен қатар қуыршақ театры, акробаттардың, дар ойыны бишілері мен жәрмеңке думаншыларының өнері өріс алды. 18 ғасырдың аяғындағы революциялық қозғалыс драматург В.Альфьери, актерлер А.Доррокези, П.Бланес, К.Маркионни т.б. дамытқан қаһармандық трагедияны туғызды. Ұлт-азаттық қозғалысқа байланысты 19 ғасырдың басындағы драматургияда азаматтық патриотизм сарынындағы Италия романтизмі (С.Пеллико, А.Мандзони, Дж. Никколини, К. Маренко) қанат жайды.

Революцияшыл-романтикалық драматургия итальянның жаңа актерлік өнер мектебін дамытуға жағдай жасады. Осы мектептің негізін 1830-1840 жылдардағы революциялық оқиғаға қатысушы актер Г. Модена салды. Оның артистік және қоғамдық ой-арманын шәкірттері А.Ристори, Э.Росси, Т.Сальвини ілгері дамыта отырып, іске асырды. Реалистік тенденциялар Росси, әсіресе Сальвини творчествосынан ерекше бой көрсетті. Олар сахналық ойындарында қаһармандықты сезім шындығымен шебер шендестіруге ден қойды. Осы кездегі актерлік өнер Италия театрының шыңы болып есептелді, сөйтіп өз жетістіктерімен европалық мәдениетті байытты.

1870 жылдан кейін мелодрама, тұрмыс-салт тақырыбындағы жеңіл комедиялар театр репертуарынан кең орын алды. Актерлер буржуазиялық-мещандық пьесаларда ғана ойнаумен шектелді. Италияда тұрақты драма театрлары болмады; өкімет басшылары ұлттық театр өнерінің дамуына кеңіл бөлмеді. Ауыр тұрмыстық жағдайға байланысты көрнекті театр өкілдері гастрольдік сапармен шетелдерде ойын көрсетуге мәжбүр болды. Труппа жетекшілері, тіпті белгілі актерлердің өздері сахналық ансамбль жасауды мақсат тұтпады. Жекелеген актерлердің жоғары дәрежелі өнері Италия театрының жалпы хал-жайын айқындай алмады. Актерлік өнердегі итальян натурализмінің жарқын өкілі Э.Цаккони болды. Трагедиялық актер Э.Новеллидің есімі кеңінен танылды. Үздік сахна шебері Э.Дузе, Т.Сальввинидың сахналық дәстүрін ілгері дамытты. Реалистік бағыттағы ұлттық тіл ерекшелігін ұстанған актерлер - Э.А.Петито, Э.Скарпетта, Дж. Грассо болды.

Фашистік диктатура кезінде (1922-1943) итальян театры мен драматургиясы ауыр күйзеліске ұшырады. Репертуарға көңіл көтеруден аспайтын бульварлық, жеңіл пьесалар енді, модернистік ағымдар кең етек алды. Тек Римдегі «Көркем театр» (жетекшісі Л. Пиранделло), «Тәуелсіздер театры» мен «Делле арти» (жетекшісі актер әрі драматург А. Дж. Брагальи) театрының өнері назар аударды. К. С. Станиславскийдің театр эстетикасымен танысудың нәтижесінде 1935 ж. Римде Драма өнерінің академиясы құрылды. Неореалистік кино өнерінің ықпалымен сахна қайраткерлері спектакльдің әлеуметтік сыншылдығы мен шынайы болуына, көркемдік тәсілмен репертуардың жаңарып отыруына назар аударды. Режиссер өрі актер Э. Де Филиппо ұйымдастырған Неапольдың диалектілі театры ерекше орынға ие болды. 1947 жылы Миланда «Пикколо-театро» М. Горькийдің «Шыңырау түбінде» пьесасымен шымылдық ашты. Бұдан кейін Римде, Туринде, Генуяда, Падуяда, Венецияда, Флоренцияда театрлар ашылды. 40-50 жылдары театр репертуарынан Н.В.Гогольдің, А.П.Чеховтың, М. Горькийдің, Ф.М.Достоевскийдің шығармалары орын алды. 60 жылдардың орта шенінен тұрақты театрлар нығая бастады. Италия театрлары ұлттық және дүние жүзілік классика (Н.Макиавелли, В.Альфьери, К.Гольдони, У.Шекспир, Мольер, А.П.Чехов) мен қатар қазіргі итальян драматургтарының (Л. Пиранделло, Р. Вивиани, Э. Де Филиппо, Л.Скуарцина, П. Леви. А. Николаи т.б.) пьесаларын, шетел авторларының (Б.Брехт, Т.Уильямс, Ж.Ануй) шығармаларын да қояды. 60 жылдардың аяқ кезінен саяси театрлар жұмыс істейді. Белгілі птальян актерлері: Дж. Альбертацци, М. Бенасси, А. Гуарньери, Л. Бриньоне, А. Проклемер, П. Стоппа.

1962 ж. Миланда драматург, сыншы К.Терронның басшылығымен театр енерін көрермендерге жақындатуды мақсат еткен Мәдениет орталығы құрылды. Көптеген театр журналы шығарылады.

Киносы. Италияда алғашқы фильм 1896 жылы түсірілді. 1905-1906 жылдарда Туринде, Римде, Миланда көркем фильмдер шығаратын кішігірім кинофирмалар ұйымдастырылды. 1-дүние жүзілік соғыстың алдында Италия кинематографиясы жетекшілік орын алды. Жалған тарихи оқиғалар мен әдеби сюжетке негізделген картиналар сән-салтанатты декорациясымен, архитектуралық ескерткіштер мен табиғат көріністерін қаз-қалпында бейнелеуімен ерекшеленді. 1913 жылы жасалған «Помпеидің ақырғы күні» (реж. Л.Маджи) мен «Кабирия» (реж. Дж. Пастроне) фильмі көрермендер арасында кеңінен мәлім болды. 1914-1915 жылы итальян халқының азапты өмірін шынайы түрде бейнелеуге ұмтылған бірнеше фильмдер («Тұңғиыққа кеткендер», реж. Н.Мартольо; «Ассунта Спина», реж. Г.Серена) шығарылды. Фашистік тәртіп кезінде Италия киносы дағдарысқа ұшырады.

30 жылдары белгілі әншілердің қатысуымен музыкалық фильмдер қойылын, кино өнері біршама жандана түсті. 30 жылдардың ортасында фашист үкіметі киноны үгіт-насихат құралына айналдыруды көздеді. Кино өндірісі мен кинопрокат бақылауға алынды. 1937 жылы Римде киностудия комплексі түрғызылып, Экспериментті киноорталығы деген атпен киноинститут құрылды. 40 жылдардың басында Л.Фисконтидың «Төзімділік», А.Блазеттидың «Бұлттағы серуен» («Бұлттағы төрт адам» деген атпен көрсетілді), В.Де Сиканың «Үлкенге қарап бала өседі» фильмдері жарық көрді. Бұл фильмдер қаталдық пен әділетсіздік жайлаған итальян қоғамының осал жақтары мен құлдырауын бейнеледі. Демократиялық жаңа киноның туып қалыптасуында 2-дүние жүзілік соғыс жылдары (1939-1945) Экспериментті киноорталығы төңірегіне топтасқан антифашистік жас кино сыншылардың (Дж. Де Сантис, К. Лидзани, М. Антониони, Л.Висконти, Г.Аристарко, Дж. Пуччини т.б.) еңбегі зор болды.

Фашизм мен гитлерлік басқыншылықтан азат етілгеннен кейін Италия кино өнерінде неореализм деген атпен белгілі прогресшіл бағыт өмірге келді. В.И.Пудовкин мен С.М.Эйзенштейннің теориялық еңбектері мен 20 және 30 жылдардағы фильмдері осы бағыттың тууына себепші болды. Неореализмнің көрнекті өкілдері: реж. Р. Росселлини, Л. Висконти, В.Де Сика, Дж. Де Сантис, П. Джерми, К. Лидзани, Л. Дзампа, А. Латтуада. Фашизмге қарсы күрестегі итальян халқының бірлігін бейнелеген Р. Росселлинидің «Рим - ашық кала» (1945) фильмі неореализмнің манифесіне айналды. 1945-1946 жылғы жаңа киноның басты тақырыптарының бірі - Қарсыласу қозғалысы болды. Соғыстан кейін (1946-1952) елдегі жұмыссыздық пен панасыз жетім балалардың қайғылы халін, адамдардың ауыр тұрмысы мен мафияға қарсы күресті суреттеген «Шуша», «Велосипед ұрлаушылар», «Умберто Д.» (реж. В.Де Сика), «Қайғылы аңшылық», «Ащы күріш», «Рим сағат 11-де» (реж. Дж. Де Сантис), «Үміт жолы» (реж. П. Джерми), «Неаполь - миллионерлер қаласы» (реж. Э.Де Филиппо) сияқты неореалистік фильм әкранға шықты. 60 жылдардың басында елде демократиялық қозғалыстың өріс алуымен байланысты Италия кинематографистері антифашистік және әлеуметтік тақырыпта картиналар («Неапольдық төрт күні», реж. Н. Лоя; «Рокко және оның бауырлары», реж. Л. Висконти; «Тәтті өмір», «Сегіз жарым», реж. Ф. Феллини т.б.) қойды. Дүние жүзіне есімі мәшһүр болған режиссер Феллини мен Антонионидың фильмдері капиталистік дүниедегі суреткердің қайғылы тағдырын көрсете отырып, буржуазиялық қоғамның рухани қайыршылығын өткір сынға алды. 1970-1971 жылдары Италия жұмысшыларының ереуілі жайлы бірқатар сәтті фильмдер шығарылды. Белгілі актерлері: А.Маньяни, Дж. Мазина, С. Лорен, Дж. Лоллобриджида, М. Мастроянни, А. Сорди, Тото, У.Тоньяцци т.б. Совет және итальян кинематографистерінің творчестволық бірлігі дамуда: «Олар Шығысқа сапар шекті» (реж. Дж. Де Сантис, 1964), «Қызыл шатыр» (реж.М.К.Калатозов, 1970), «Күнбағыс» (реж.В.Де Сика, 1971), «Ватерлоо» (реж.С.Ф.Бондарчук, 1971) т.б. Италияда кинофестивальдар өткізіліп тұрады. Жылына 200-ден астам фильм шығарылады.

Әдеб.: История Италии, т. 1-3, М., 1970-1971; Гуковский М.А., Итальянское Возрождение, т. 1-2, Л., 1947-1961; Тольятти П., Избр. статьи и речи, пер. с итал., т.1-2, М., 1965; Лопухов Б.Р., Канделоро Д., История современной Италии, пер. с итал., т. 1-5, М., 1958-1971; Васильков Н.П., Экономика современной Италии, М., 1969; Лисовский Ю.П., Сельское хозяйство и крестьянское движение в современной Италии, М., 1966; Де Санктис Ф., История итальянской литературы, т. 1-2, пер. с итал., под ред. Д. В. Михальчи, М., 1963-1964; Мокульский С., Итальянская литература. Возрождение и Просвещение, М., 1966; Всеобщая история искусств, т. 2-6 кн. 1, М., 1960-1965; Беренсон Б., Живописцы итальянского Возрождения, М., 1965; Горяинов В.В., Современное искусство Италии, М., 1967; Ливанова Т. Н., История западноевропейской музыки до 1789 года, М,-Л., 1940; История европейского искусствознания. Вторая половина 19 века, М., 1965; История западноевропейского театра, т. 1-3, М., 1956-63; Дживелегов А., Бояджиев Г., История западноевропейского театра. От возникновения до 1789 г., М.-Л., 1941; МуратовЛ. Г., Итальянский экран, Л., 1971.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2019-08-28 10:55:28     Қаралды-13888

ЖЕРДЕ СУ ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Біздің планетамыз шамамен 4600 миллиард жыл бұрын пайда болды

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН САТУРННЫҢ АЙНАЛАСЫНДА САҚИНАЛАР БАР?

...

Сатурн планетасының таңғажайып сақиналары бар

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕРДЕ СУ КӨП ПЕ?

...

Жер шарында теңіздер, өзендер мен көлдер көк түспен бейнеленгенін білесіздер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕСКІ КОМПЬЮТЕР НЕ ҮШІН ПАЙДАЛЫ?

...

Біз өз уақытын өтеген компьютерлер туралы айтып отырмыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕСКІ ЗАМАНДА НЕМЕН ТАМАҚТАНДЫ?

...

Патшалар мен князьдердің дастарханында алтын мен күмістен жасалған бағалы ыдыстар тапшы болған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЬБРУС НЕМЕН ТАНЫМАЛ?

...

Эльбрус тауы - сөнген жанартау.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ГАЛИЛЕЙДІҢ КЕРНЕЙІ НЕМЕН ТАНЫМАЛ?

...

Біздің планетамыз Әлемнің орталығы деп есептелді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕРДЕГІ ЕҢ БИІК ГҮЛ ҚАНДАЙ?

...

Биіктігі бойынша гүлдер арасындағы чемпион титандық аморфофалл

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕРДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ГҮЛ ҚАНДАЙ?

...

Суматра және Калимантан аралдарында таңғажайып өсімдік өседі - Арнольд раффлезиясы

ТОЛЫҒЫРАҚ »