UF

ОРТА АЗИЯ - ТМД-нің оңтүстік бөлігіндегі одақтас республикалар жерін (Өзбек, Тәжік, Қырғыз, Түрікмен республикалары) және Қазақстанның оңтүстігін (Қызылорда, Шымкент, Жамбыл, Алматы, Талдықорған, Маңғышлақ областары) қамтитын ірі физикалық-географиялық аймақ. Жері 2400 мың км2. Батысы - Каспий теңізі; солтүстік және солтүстік-шығысы Мұғалжар тауларының оңтүстік етегіне, Арал маңы Қарақұмына, Қазақтың қатпарлы өлкесіне (Сарыарқа), Балқаш-Алакөл ойысына, оңтүстік және оңтүстік-шығысы Копетдаг, Паропамиз, Памир-Алай, Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы жоталарына ұласады.

Геологиялық құрылымы жөнінен Орта Азия Тянь-Шаньның ертедегі палеозой қат-парлығынан, Тұран плитасынан тұрады. Тянь-Шаньның Ыстықкөл маңындағы сілемдері Қырғыз, Талас және Қаратаужоталары, Шу-Іле таулары және Бетпақдала шөлдері арқылы Орталық Қазақстанның батыс бөлігіндегі каледон қатпарлығы мен жалғасып жатады. Тұран ойпаты герциндік қатпарлық құрылымының платформалық негізін мезо-кайнозой шөгінділері жапқан; тек орталық және шеткі аудандарында биіктік 500-900 метрлік аласа тау күйінде жербетіне шығып жатқан бөліктері (Маңқыстаудағы Қаратау тауы, Қызылқия, Сұлтануыздақ тау қыраттары, Қызылқұмның орталық бөлігіндегі таулар) ғана кездеседі. Орта Азияның таулы бөліктері соңғы тектониктік қозғалыстарға ұшыраған әртүрлі жастағы қатпарлық құрылымдарға жатады. Жоңғар Алатауы (Тышқантау 4464 м)герцин, Тянь-Шаньның (Жеңісшыңы 7439 м) солтүстік бөлігі герцин мен каледон, оңтүстігі герцин, Памир-Алайдың солтүстігі герцин, Памир (Коммунизм шыңы 7 482 м) альпі қатпарлығы кезінде пайда болған. Альпілік геосинклинальдық облысқа Копетдаг (Ризе тауы 2942 м)тауыжатады.

Басты пайдалы қазындылары - табиғи газ, мұнай, таскөмір, қорғасын, мыс, алтын, цинк, вольфрам, сынап, сурьма.

Орта Азия Евразияның орталық бөлігінде жатуына және мұхиттардан өте қашықтықта орналасуына байланысты мұнда тым континенттік климат қалыптасқан. Шілденің орташа температурасы 26°-32°С. Кейде ауаның абсолюттік температурасы көлеңкеде 50°С-қа (Термез қ.) жетеді. Қаңтардың орташа температурасы солтүстік және солтүстік-шығысында - 10°-15°С, орталықтағы шөлді алқаптарында - 3°-2°С, Памир-Алайда - 5°-2°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері Қызылқұмда 100 мм,солтүстік және солтүстік-шығыс бөлігінде 100-200 мм, Арал теңізінің оңтүстік жағалауында 200 мм,Тянь-Шаньда 500-800 мм, Памир-Алайда 1 000 мм-дей.

Орта Азия жер беті ағынсуына бай емес, бірақ өзендерінің суы мол келеді. Негізінен қар, жаңбыр және мұздықтардан қоректенеді. Ірілері - Амудария, Сырдария, Іле, Шу, Қаратал, Теджен, Мургаб энергетикалық қорлары мол. Сырдарияда (Беговат қ. жанында) Фархад, НарындаҮшқорған, Тоқта-ғұл, Вахшта Нүрек, Іледе Қапшағай СЭС-тері салынған. Бастыкөлдері - Балқаш, Ыстықкөл, Алакөл.

Орта Азия өңірі негізінен сұр қоңыр, сұр, қызыл қоңыр топырақты келеді. Өсімдік жамылғысы алуан түрлі; жазық бөлігінде нағыз шөлге тән өсімдіктер - эфимерлер, астық тұқымдастылар, селеу, бетеге, жүзгін, адыраспан, Мойынқұм, Арал маңы Қарақұмы және Балқаш-Алакөл ойысындағы шөлде сексеуіл, көкпек, баялыш, жиде; өзен бойында қайың, үйеңкі, көктеректоғайы; Сырдария, Шу, Іле, Қаратал өзендерінің атырауларында, Арал, Балқаш, Алакөл жағалауында ну қамыс, тауда қарағай, шырша, арша, ырғай өседі. Шөл зоналарында кесіртке мен жылан түрлері, қоян, түлкі, қасқыр, ақбөкен, қарақұйрық, тау белдеулерінде борсық, тау теке, арқар, марал, бұғы, еліккездеседі. Солтүстік және солтүстік-шығысындағы көлдерде (Балқаш-Алакөл) және өзен атырауларында ондатра өсіріледі.

Орта Азия территориясының жүйелі түрде зерттелуі 18 ғасырдың 1-жартысында басталды. Жоңғар Алатауы мен Тянь-Шань таулы өлкесін И. Унковский алғаш реет зерттеп баяндады (1722). Орта Азияның таулы аудандарының геологиялық сипаттамасымен, мұздықтарының шоғырлану жағдайымен, жерсілкіну процестерімен И.В.Мушкетов, П.П.Семенов-Тянь-Шанский (1856, 1857), Н.А.Северцов, А.П.Федченко (1869-1871) айналысты. Олар Тянь-Шань, Памир, Түркістан, Зеравшан, Гиссар, Алай жоталарын зерттеп, картаға түсірді. 18 ғасырдың басында А.Бекович-Черкасский Каспий теңізінің шығыс жағалауымен танысу үшін Хиуа шұратына дейін жетті. Ф. Ефремов (1774-1782) Бұхара, Хорезм, Қарақұм, Қызылқұм өңірлерін, А.И. Шренк (1840-1842) Бетпақдала және Жетісу аралықтарын сипаттады. Орта Азияның климатын зерттеуде Л.С.Берг, П.Г.Игнатов және А.И.Воейков көп еңбек сіңірді. А.И.Бутаков (1848-1849) Арал теңізін тұңғыш зерттеп картаға түсірді. Л.С.Берг (1899-1906) Арал, Балқаш, Алакөл қазан шұңқырларының қалыптасуы туралы ғылыми тұжырымды мағлұматтар жинады.

Әдеб.: Зубов С.М. Физическая география СССР. -Ч.2. –М., 1967.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2019-08-21 09:49:49     Қаралды-2578

ГАЛАКТИКА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Ежелгі гректер бұл жұлдыздар шоғырын Галактика деп атаған, ол Құс жолы дегенді білдіреді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАЛАМ ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

20 ғасырдың бірінші ширегіне дейін Әлемнің өзгермейтін, тұрақты және мәңгілік нәрсе ретіндегі идеясы болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰХИТ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

...

Дүниежүзілік мұхиттар – гидросфераның негізгі бөлігі

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ҚУАТЫН КІМ АШТЫ?

...

Бенджамин Франклин есімді адам бірінші болып электр тоғының не екенін толық түсіндіруге тырысты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ВЕЛОСИПЕДТІ АЛҒАШ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Бұл скутер педальсыз велосипедке көбірек ұқсады...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОФЕНІ ҚАШАН ЖӘНЕ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Кофені кім және қашан ойлап тапқанын нақты айту мүмкін емес - бәрі аңыздан басталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ АЛҒАШҚЫ СМАРТФОН

...

Сенсорлық экраны бар ең алғашқы смартфон IBM Simon болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СІЗ АУАНЫ КӨРЕ АЛАСЫЗ БА?

...

Ауаның мөлдір, түссіз, иіссіз екенін бәрі біледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕҢ БИІК ТАУ ҚАЙ ЖЕРДЕ?

...

Планетамыздағы ең биік тау құрлықта емес, Тынық мұхитының түбінде тұр

ТОЛЫҒЫРАҚ »