UF

ГРУНТТАРДЫҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ

 

1. Грунттардың түрлері

 

Грунт дегеніміз – жер қыртысының үстінгі қабатында жатқан және құрылыста пайдаланылатын майда бөлшектері бір-бірімен байланыссыз немесе байланысқан олардың беріктігі қатты минерал бөлшектерінен бірнеше рет кем тау жыныстары.

Грунттар        ГОСТ – 25100 – 82 және пайда болуы, құрамы структурасына, құрылыс қасиеттеріне байланысты төмендегі кластарға бөлінеді.

1. Жартасты (қатты тасты) грунттар тобы. Бұларға минерал бөлшектер бір-бірмен қатты байланысқан магматикалық (граниттер, диориттер, сиениттер және т.б.) метаморфиялық (гнейстер, кварциттер және т.б.) шөгінді цементтелген (конгломераттар, брекчилер, құмтастар және т.б.) және жасанды қатты тастар тобы жатады.

2. Жартасты емес грунттар суға қаныққан бір өсті қысу беріктігі (Rc) бойынша төмендегіше болады:

Өте берік (мықты)---------------------------------------------------------- Rc >120 МПа

Берікті ------------------------------------------------------------------------ 120≥ Rc >50

Орташа берікті-------------------------------------------------------------- 50≥ Rc >15

Беріктігі аз (аз берікті)----------------------------------------------------- 15≥ Rc >5

Беріктігі бәсеңделген------------------------------------------------------ 5≥ Rc >3

Беріктігі төмен -------------------------------------------------------------- 3≥ Rc >1

Беріктігі өте төмен -------------------------------------------------------- R c<1

Жартасты груттардың беріктігінің төмендеуі, жібу (езілу) коэффициентімен анықталады.

Ksaf = Rc/Rcd

Мұнда  Rc – суға қаныққан үлгінің бір ось бойыншақысылу беріктігі, Rcd - үлгінің бір ось бойыншақысылу беріктігі.

Жартасты грунттар Кsаf ≥ 0,75 болса ондайларды жібімейтін қатарына, егер Кsаf <0,75болса ондайларда жібімейтіндер қатарына қосамыз.

Шөгінді цементтелген (қатты біріккен) грунттар суда ерігіштік дәрежесі (мысалы гипс, әктастар) бойынша төмендегілерге бөлінеді.

Ерімейтіндер ---------------------------------------------------------------- <0,01 г/л

Қиын еритіндер ------------------------------------------------------------- 0,01 – 1 г/л

Орташа еритіндер --------------------------------------------------------- 1 – 10 г/л

Жеңіл (оңай)еритіндер ---------------------------------------------------- >10 г/л

Негізгі материалдардаң ерігіштік нәтижесінде бостықтар пайда болады. Олар құрылыс үшін қауіпті саналады.

 

2. Жартасты емес грунттар тобы

 

Бұларға ірі сынықты, құмды және сазды грунттар жатады.

Ірі сынықты грунттарға – бөлшектері бір-бірімен бірікпеген өзінің құрамында 2 мм ірі бөлшектер 50% астам болатын грунтар жатады. Олар төмендегілерге бөлінеді:

Қойтас (ірі тас) – оларға құрамында 200 мм ірі тастар 50% астам болады.

Шағылтас (ұсақ тас) – бұларға құрамында 10 мм ірі бөшектер 50% астам болады.

Жұмыртас – бұларға құрамында 2 мм ірі бөлшектер 50% астам болады.

Ірі сынықты грунттардың құрамында 40% астам құм толықтырғыштар (қоспалар) тар немесе шаңды және саз толықтырғыштар 30% астам болса, онда ірі сынықты грунттарға қосымша атпен аталады. Мысалы: құм, шаң немесе саз толықтырғышты (қоспалы) жұмыртас деп аталады.

Құмды грунттар – бұл сусымалы грунт болып, ол өзінің құрамында ірілігі 2 мм ілкен бөлшектері 50% астам болады, одан басқа құмды грунттың құрамында сазды бөлшектер 3% аз болуы керек.

Құмды грунттар қатарына қиыршықты (малтатасты), ірі бөлшекті, орташа іріліктегі майда бөлшекті және шаң араласқан құмдар жатады.

Қиыршықты құмдарға құрамында 2мм ірі бөлшектер 25% астам бөлшекті айтамыз.

Ірі құмдар – бұған құрамында 0,5 мм ірі бөлшектер 50% астам болады.

Орташа құмға – құрамында 0,25 мм ірі бөлшектер 50% астам болады.

Майда құм – мұнда құрамында 0,1 мм ірі бөлшектер 75% астам болуы керек.

Шаң араласқан құм – мұндай құмда құрамында 0,1 мм ірі бөлшектер 75% аз болуы керек.

Құмды грунттар ылғалдылық дәрежесі бойынша төмендегіші болады.

Аз ылғалды ------------------------------------------------------------------ 0<S2≤0.5

Ылғалды ---------------------------------------------------------------------- 0.5<S2≤0.8

Суға қаныққан -------------------------------------------------------------- 0.8<S2≤1.0

Ды бойынша құмды грунттар кеуеншік коэффициентіне байланысты тығызды, орташа тығызды және борпылдақ болып бөлінеді (1 кесте).

 

Кесте 1. Құмды грунттардың тығыздығы.

Құмды грунттар аттары

Құмдар үшін кеуектілік коэффициенті

тығыз

Орташа тығыздық

Борпылдақ

Қиыршықты (малтатас), ірі және орташа іріліктегі құмдар

<0,55

0,55-0,70

>0,70

Майда іріліктегі құм

<0,60

0,60-0,75

>0,75

Шақ аралас құм

<0,60

0,6-0,8

>0,80

 

Сазды грунттар – бұларға пластикалық қасиетте ие құры жағдайында  бір-бірімен байланысқан жән құрамында 3 % астам сазды бөлшектері (<0,005 мм бөлшектер) бар грунттар жатады.

Құмдақ грунтқа – құрамында саз бөлшектер (<0,005 мм бөлшектер) 10,3-10% аралығында болса және оның пластикалық саны 0,01-0,07 аралығындағы грунттарға айтылады.

Саздаққа – құрамында саз бөлшектер (<0,005 мм) 10-30%аралығында және пластикалық саны 0,07-0,17 арлығындағы грунттарға айтылады.

Саз грунттарға – құрамында 30% астам саз бөлшектер, пластикалық саны 0,17 артық саз бөлшекті грунттар жатады.

Егер сазды грунттардың құрамында 15-25% ірі сынықы тау жыныстары болса , онда сазды грунттардың атына қосымша осы бөлшектің аты қосылып айтылады.  Мысалы жұмыр тасты қосылған құм саздақ, немесе шағыл тастықосылған, құмдақ деп аталады.

Егер ірі сынықты тау жыныстары 25-50% болатын болса онда сазды грунттар төмендегіше аталады: жұмыр тасты саздақ, малта тасты құмдақ және т.б.

Консистенция көрсеткіші немесе аққыштық көрсеткіші (IL) бойынша сазды грунттар төмендегі жағдайда болады:

 

Құмдақтар үшін

Қатты күйдегі құмдақ ----------------------------------------------------- IL <0

Пластикалық күйдегі құмдақ-------------------------------------------- 0≤IL ≤1

Ақпалы күйдегі құмдақ---------------------------------------------------- IL >1

 

Саздақ және саз грунттар үшін

Қатты күйдегі---------------------------------------------------------------- IL <0

Жартылай қатты күйдегі-------------------------------------------------- 0≤IL <0,25

Тығыз пластикалы күйдегі------------------------------------------------ 0,25≤IL <0,50

Жұмсақ пластикалы күйдегі--------------------------------------------- 0,50≤IL <0,75

Ақпалы пластикалы күйдегі---------------------------------------------- 0,75≤IL <1,0

Ақпалы күйдегі-------------------------------------------------------------- IL >1,0

 

Әдебиеттер тізімі

 

  1. Қ. Ибрагимов, Ж.А. Үсенқұлов, Б.С. Байболов, Э.И. Қарабаев «Инженерлік геологиядан негізгі мәліметтер. Іргетастар мен негіздердің есебі» Шымкент, 2009ж. 134б.
  2. Ананьев В.П., Переделский Л.В. «Инженерная геология и гидрогеология» М.: Высшая школа, 1980. 271с.
  3. Пешковский А.М., Пирескокова Т.М. «Инженерная геология». М.: Высшая школа. 1982. 341с.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2016-10-14 16:38:15     Қаралды-3730

АҚШ-ТА РЕСМИ ТІЛ ҚАНДАЙ?

...

Біздің елде қазақ тілі ресми тіл болып заңды түрде танылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ ҚАЛАНЫҢ СУ АСТЫНДА ЖОҒАЛЫП КЕТУ ҚАУПІ БАР?

...

20-ғасырдың 60-шы жылдарының басында бір қаланың халқы бірте-бірте су астына батып бара жатыр деген хабардан шошып кетті.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН АДАМДАР ҒАРЫШҚА ҰШАДЫ?

...

Спутниктер мен орбиталық станциялар ғарышта көптеген жұмыстарды орындайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТҮН НЕГЕ КЕЛЕДІ?

...

Күн артынан түн, түн артынан күн.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН ТЕҢІЗ БЕТІНДЕ КЕМПІРҚОСАҚ ПЛЕНКАСЫ БАР?

...

Жоқ, бұл жылы жаңбырдан кейін ашық аспанда ойнайтын кемпірқосақ емес.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН БІЗ АУА ҚЫСЫМЫН СЕЗБЕЙМІЗ?

...

Біздің планетамызда үлкен ауа мұхиты үстемдік етеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАБЫЛАН НЕЛІКТЕН ЖЕМТІГІН АҒАШҚА ЖАСЫРАДЫ?

...

Қабылан жалғыз тұрады және арыстандар мен гиеналардан үнемі сақ болу керек.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІ БАР?

...

Жыл мезгілдерінің ауысуы – табиғаттың мәңгілік және өзгермейтін құбылысы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »