UF

Тақырыбы:  «Су ресурстарының экологиясы»

 

1. Су қорларын пайдаланудың нақты күйі мен оларды бағалау.

  1. Су биосфера бөлігінің құрамы ретінде.
  2. Су қорларын пайдаланудың нақты күйі мен оларды бағалау.

 

Су дегеніміз – қоршаған ортаның ең бір қажетті факторы, сусыз жер шарында тірі организмдер мен өсімдіктердің өсіп өнуі мүмкін емес. Суды халық шаруашылығының барлық салаларында әр түрлі техникалық мақсатқа еріткіш, химиялық реакциялар, тамақ өндірісі, зауыт, фабрика т.б. кеңінен пайдаланады.

Табиғи судың құрамында ерітінді түрінде немесе қалқыма тұнба түрінде қоспа кездеседі. Суды тұтынушылардың категориясына байланысты, қоспаның түрлері пайдалы немесе зиянды болады, судың қасиеті осы қоспаның әсеріне байланысты болады да, оның құрамымен сандық мөлшері судың қасиетін өзгертеді және барлық осы қасиеттері мен көрсеткіштер жиынтығы табиғи судың сапасын бейнелейді.

 «Ауыз суына» арналған судың сапасы МЕСТ (ГОСТ 2874-82) бойынша анықталады.

Табиғи судың сапасы физикалық (органолептикалық), химиялық және бактериологиялық көрсеткіштер арқылы анықталады. Олар әр түрлі тұтынушыларға қажетті су құрамының сапалылығының нормасын анықтайды.

Органолептикалық (физикалық) қасиет адамның сезім органдарының судың лайлылығын немесе мөлдірлігін, түсін, иісін және дәмін, температурасын сезінуімен анықталады.

Жер бетіндегі су көздері тазалығы жағынан мына түрлерге бөлінеді: аз тұнбалы – су құрамында 50 мг/л, орташа 50-250 мг/л, тұнбалы лайлы – 250-2500 мг/л; өте жоғары тұнбалы-лайлы – құрамында 2500 мг/л-ден артық тұнбалы заттардың болуы.

Стандарт бойынша ауыз суы ретінде пайдаланылатын судың құрамында тұнбалы зат 1,5%-ға дейін болуы мүмкін. Судың мөлдірлігі оның құрамындағы қоспаалар мен органикалық заттарға байланысты болады. Су мөлдірлігінің негізгі көрсеткіші өзінен күн сәулесін өткізумен сипатталады. Судың мөлдірлігі цилиндрдің жәрдемімен анықталады, ол үшін цилиндр түбіне арнаулы әріптің (шрифті) жиынын немесе қара крест қояды да, оның шүмегінен суды ағыза бастайды. Цилиндрдің астындағы әріп анық оқылғанға дейін суды ағыза береді, әріп оқылатын кезде шүмегін жабады. Цилиндрде қалған су бағанының сантиметрмен есептелетін биіктігі су мөлдірлігінің дәрежесін көрсетеді.

Сұйықтың мөлдірлігі (крест бойынша) мен тұнбалығының мүмкіндік қатынасы төмендегідей:

Мөлдірлігі

4

 

10

20

30

50

100

200

300

500

Тұнбалығы, мг/л

235

185

92

45

30

18,2

9,1

4,6

3,1

1,3

Судың түсі табиғи судың бояулы эталонымен –платина мен кобальттың тұзды ертіндісімен салыстыру арқылы анықталады. Судың түсі платина-кобальт шкаласының градусымен есептелінеді. Табиғи су интенсивті боялуына байланысты былай бөлінеді: аз боялған – 350-қа дейін және боялған – 350-тан көбі. Ауыз суының боулығы, стандарт бойынша, 200-тан артпауы керек.

Судың дәмі және иісі. Суда әр түрлі заттардың еруі және оның құрамында тірі организмдердің өиір сүруі, оның дәмі мен иісіне әсерін тигізеді. Оларды 200С температурада 5 балды жүйе арқылы анықтайды. Білінер білінбес иісі немесе дәмі бар суды тұтынушы білсе, оны 1 балл деп, ары қарай дәмі мен иісі пайда бола бастаған кезде, балдың саны артады. Стандарт бойынша, «Ауыз суы» 2 балдан артпайы керек. Спецификалық иісі және дәмі бар сулар хлорланғаннан кейін 1 балдан артпауы тиіс.

Су температурасы. «ауыз суы» және мәдени тұрмыс қажетіне керекті судың температурасы 8-120С-тан артпауы қажет. Су құрамындағы еріген және газ түріндегі химиялық заттар судың дәмін кіргізіп, иісімен, кермектігімен, агрессивтігімен, тұрақтылығымен адамдар мен малдардың организмдеріне пайдалы әсерін тигізеді. Суды пайдаланудағы ең шешуші фактор болып, оның минералдылығы есептелінеді. Судың минералдылығы кермектігі мен тығыз заттардың қалдықтарының пайда болуына әсерін тигізеді.

Құғақ қалдық – судағы химиялық заттардың ерітіндідегі жалпы құрамы. «Ауыз суындағы» стандарт бойынша құрғақ қалдықтың салмағы 1000 мг/л дейін болуы керек. Кейбір жеке жағдайда ғана минералдылығы 1500 мг/л-ге дейінгі суды пайдалануға рұқсат береді.

Су кермектілігі. Су кермектілігі бір литр суға келетін кальций мен магний иондарының миллиграмм эквиваленті бойынша өрнектеледі. Кермектілік уақытша және тұрақты болып бөлінеді. Уақытша кермек суларда кальций мен магнийдің бикарбонаттары болады, суды қайнатқанда бұл тұздар баяу еритін карбонаттарғңа айналып, тұнбаға түседі. Жалпы және тазартылған кермек арасындағы айырма тұрақты кермектілікке сәйкес келеді. Кермек суды қайнатқанда, бу қазандарының қабырғаларын қақ қаптайды. Сондықтан қазандардың жылу өткізгіштігі төмендеп, жұмсалатын отын шығыны артады, қақтың қалыңдығы аварияға душар етеді. Стандарт бойынша жалпы (уақытша және тұрақты) су кермектілігі тұрмыс және ауыз суына пайдалану кезінде 7 мг/экв-тен аспауы керек. Кейбір жағдайларда ғана кермектігі 10 мг/экв-не одан да жоғары келетін сулар пайдаланылады.

Тракторлар мен аул шаруашылық және жеңіл машиналардың қозғалтқыштарында пайдаланатын кермек судың көрсеткіші 2 мг экв/л-ден аспауы қажет (мг экв/литр=1л суда еруіне 20,04 мг кальций немесе 21,16 мг магний кетеді).

Мемлекеттік стандарт бойынша, дұрыс (әсерлі) реакцияның көрсеткіші рН – 6,5-8,5 болуы керек, ауыз суының құрамында хлорид (тұз қышқылының тұзы) – 350 мг/л-ден аспауы керек, сульфаттар (күкірт қышқылы тұзы) – 500 мг/л, темір 0,3 мг/л-ге дейін (жер асты суларында 1 мг/л-ге дейін), мырыш – 5 мг/л; фтор – 0,7-1,5 мг/л аралығында (егер 1,5 мг/л-ден артық болса, денсаулыққа зиянтигізеді). Судағы иодтың құрамы көбірек болса (0,0001 мг/л) да эндемикалық зоб (тамақтағы ұра) ауруына шалдығады, жер асты суларының құрамында күкіртті сутек (Н2S) болса, суда иіс пайда болады және темірден жасалағн құбырлардың тот басуына әкеледі.

Судың бактериялық былғануы. Судың былғануы бактерманың жалпы санымен бейнеленеді, сонымен қатар 1 литр су құрамындағы колибактериямен (ішек ішіндегі таяқшалар) немесе коли-индекспен анықталады. Бір ішек ішіндегі таяқшалар (коли индекс) су құрамында болуын коли-титр деп атайды.

Стандарт бойынша, мүмкінді жалпы бактерия саны 1 мл су құрамында 100-ден артық болмауы керек, ішек ішіндегі таяқша (коли индекс) 1 литр суда 3-тен артық болмауы керек (немесе коли титр 300 мл-ден кем болмауы керек).

Судың радиоактивтілігі барлық тау жыныстарының құрамында әр түрлі мөлшерде радиоактивті элементтер мен олардың қоспаларының (радий, уран, торий, калий-40, радон және т.б.) болуына байланысты.

Жер асты суымен салыстырғанда, жер беті суларының құрамындағы табиғи радиоактивтілік өте аз. Су құрамындағы радий – 2*10-13 ÷ 4*10-12 г/л, ал уран – 2*10-8 ден 4*10-13 г/л-ге дейін. Оңтүстік аймақтардағы көлдер мен су қомаларында судың радиоактивтілігі жоғары, мысалы, уран 4*10-2 г/л-ге дейін болады.

Ең шегіндегі радиоактивті заттардың концентрациясы ашық су қоймаларында мынадай болуы керек: радий - 226÷1011 кюри/л және т.б.

Су құрамындағы басқа уытты химиялық заттар мына нормадан артпауы керек (мг/л): бериллий (Ве) – 2*10-3; молибден (Мо) – 5*10-1; мышьяк – 5*10-2; селена – 1*10-3; қорғасын – 1*10-1; стронций – 2; полиакриламид – 2,0; гексаметофосфат – 3,5; триполифосфат – 3,5.

Егер табиғи судың сапасы МЕСТ бойынша, ауыз суының талабына сай келмесе, олапрды тазалап өңдейді, тұндырады, боялған түрінен тазартады және тұщыландырады.

Кез келген ресурс түрін экономикалық тұрғыдан бағалаудың қажетті алғышартына шикізаттың сапасын және оған деген халық шаруашылығындағы қажеттілікті білу жатады. Жалпы бастапқы мәліметтердің негізінде қандай да бір ресурс түрінің экономикада қолданылатын деңгейі немесе шекарасы анықталады. Табиғи байлықтарды пайдаланудың экономикалық мақсатқа лайықты шегі осы ресурс түрінің бәсекеге жарамдылығын, оның импортталатын немесе экспортталатын мүмкіндігін ескеретін халық шаруашылығы қажеттілігіне сәйкес белгіленеді. Табиғи ресурстардың барлық түрін пайдаланудың шекарасы жол берілетін (ұйғарылатын) өзіндік құнның шегіне қарай немесе тұйықтанған шығын арқылы анықталуы керек, алайда, оларды ең дұрыс өлшемдейтін есеп айырысудың біріңғай принципін қолданған жөн.

Тіршілікті әр түрлі экономикалық көрсеткіштермен анықтауға болады, мұндағы міндет – қандай да бір көздерді немесе зерттелетін ауданның нақты ресурс түрін пайдаланудың түпкілікті техникалық-экономикалық көрсеткішіне әсерін тигізетін барлық табиғи экономикалық жағдайды синтездей алатын көрсеткішті таңдау болып табылады.

Сол себепті де қандай да бір табиғи әлеуетті игеру барысында алынған өнімді арттырудың қоғамдық тұрғыда өз-өзін ақтайтын шығын шегін белгілеудің қажеттілігі пайда болады. Тұйықтаушы шығынды белгілеу ресурстары пайдаланудың экономикалық мақсатқа лайықты шекарасын анықтау үшін қажет.

Тұйықталған шығын стерженді көрсеткіштермен су ресурстарын экономикалық тұрғыдан бағалаудың негізі болып табылады. Су ресурстары, әдетте, оқшауландырылады (локализован). Олар шағын территорияларға азырақ немесе көбірек қайта бөлінуі мүмкін. Су тапшылығының деңгейі және осы деңгейге сәйкес келетін оған деген қажеттіліктің деңгейі территориялық аспектіде сараланады. Бұл судың бассейндік (аудандық) тұйықтанған шығынның қалай қалыптасатынын алдын ала анықтап береді.

Судың тұйықтанған шығыны экстенсивті және қарқынды шараларды ескеретін суға деген қажеттіліктерді қанағаттандыру бойынша барлық баламалы нұсқаулардың салыстырылуын ұйғаратын оңтайлы су шаруашылығы балансы негізінде (СШБ) анықталуы мүмкін. Тұтынылатын судың мөлшерін ұлғайтуға бағытталған, ол үшін СШБ-ның кіріс бөлігін арттыруды қажет ететін шара экстенсивті шара деп аталады. Ал, интенсивтілігі – баланстың шығыс бөлігін кемітетін тұтынылатын судың мөлшерін азайтумен байланысты шара. Экстенсивті шара өндірісті суды аз қажет ететін немесе сусыз қолданылатын технологияға, айналымды және қайталанатын сумен қамтамасыз етуге көшіруді ұйғарады, яғни, барлық шара судың шығынын үнемдеуге бағытталған.

Судың тұйықталған шығынын анықтау барысында мына көрсеткіштерді пайдалану керек.

Су ресурстары көздерден, нақты айтқанда, өзен суы жүйсінде (ӨСЖ) қалыптасады. ӨСЖ – су ресурстарын реттеп, территорияларға бөлуді жүзеге асыратын барлық су шаруашылығы объектілерін (бөгендер, ұңғыма, канал жәнет.б.) қоса ескеретін, өзен тараптарынан, көлдерден, жер асты суларынан су жинайтын бассейн.

Су ресурстары рекреациялық және қоршаған ортаны қорғау шараларын қоса алғанды халық шаруашылығының қажеттіліктерін қанағаттандыратын тиісті режим мен сапаға деген жеткізілгенде ӨСЖ өніміне айналады.

Қолдағы су ресурстары (ҚСР) – бұл қамтамасыз етудің тиісті ебебімен пайдаланылатын жер үсті және жер асты суларынын ең көп шамадағы жылдық мөлшері.

Бөгендердің есептік жыллық қайтарымы (өнімділігі) ҚСР-дың қолдағы русурстарының қажетті өсімімен анықталады. Бұл өсім оны каналдарға – суды берудің нетто – мөлшеріне іске қосуды қамтамасыз етеді.

1 м3 есептік жылдық нетто – қайтарымының үлестік шығыны келтірінді шығынның есептік қайтарымға деген қатынасымен анықталады.

 

Ш ү =  

Ш

∆ Wn

 

Кешенді су шаруашылығы объектілері бойынша (ГЭС, бөгендер және т.б.) жалпы шығыннан сумен қамтамасыз етуге қатысты оның бөлігін бөліп, сол бойынша 1 м3 судың үлестік шығынын анықтауға болады.

Су шаруашылығы балансын құруға қажетті суды тұтынудың осы мөлшері ағын суды реттеу және территориялық бөлу есебінен барлық бөлінген тұстамадағы (створ) баланстық теңсіздіктің сақталуын қамтамасыз ететін ҚСР-ды дамытудың оңтайлы жоспарын іздестіруден туындайды.

Qp + Qn ≥ P – PB + Q,

мұндағы Qp – табиғи жағдайдағы (объектіні іске қосқанға дейінгі) қолдағы су ресурстары;

Qn – қарастырылған объектіні іске қосудағы оның өсімі;

Р – алынған судың жиынтық мөлшері;

PB – жоғарыда орналасқан барлық бассейн бөліктеріне (жоғарыда қарастырылған тұстамаға) суды қайтару;

Q – ең аз шамадағы санитарлық суды жіберу (попуск).

Осы заманғы жағдайда ауданның су шаруашылығы балансын жасау барысында судың сапасын да ескеру қажет. Бұл өз кезегінде оларды пайдаланудан ең көп мөлшерде тиімділікті алу мақсатындағы суды қорғау шараларына біршама шығын жұмсауды қажет етеді. Тұйықтанған шығынның құрамына судың сапасын қажетті деңгейге дейін жеткізудің шекті шығынын білдіретін суды қорғау шарасының тұйықтанған шығынын кіргізу керек. Бұл принципті судың тұйықталған шығынын анықтауда міндетті түрде ескеру қажет, өйіткені ол үлкен деңгейде суды сақтаудың технологиясын қолданудың негізінде жергілікті судың үнемдеп жұмсалуына жауап береді. Судың тұйықтанған шығынына суды дайындау, беру және бұру, оның бастау көздердегі қажетті сапасын сақтау бойынша шығынды қасатын болсақ, ең объективті бағаға қол жеткіземіз.

Суды бағалау өндірістің орналасуына елеулі ықпалын тигізеді. Тұйықтанған шығынның шамасына қарай қандай да бір су сыйымдылығы бар өндірістің қанай аймақта орналасатыны, ал су ресурсының шамасы бойынша өндіріс қандай көздерге тиімді орналастырылатыны анықталады.

Масалы. Қазақстанда су сыйымдылығы бар химиялық өндірісті орналастыру қажет делік. Бұл мақсат үшін бассейндер және жекелеген облыстар бойынша судың тұйықтанған шығыны белгіленді. Ол Алматы облысында 12,8 теңгені, Павлодар облысында 13,6 теңгені, Жезқазған облысында 20,0 теңгені құрады. Су технологиясымен шығарылған өнімнің бірлігіне келтірілген үлестік шығын суға шығын жұмсамағанда 120 теңгені құрады. Шығарылатын өнім бірлігіне 200 м3 таза су қажет, сонда Алматы облысындағы су факторын қоса ескергенде жалпы үлестік шығын:

120 теңге + (12,8 х 200) = 145,6 теңге

Айталық, Павлодар облысында шығарылатын өнім бірлігінің шығыны 117 теңгені құрайды, сонда шығынын қоса ескергенде үлестік шығын:

117 + (13,6 х 200) = 144,2 теңге

Ал Жезқазған облысында:

110 +(20,0 х 200) = 150 теңге

Көріп отырғанымыздай, өндірісті Жезқазған облысына су факторын ескермей орналастырған мақсатқа лайықтыболады, алайда осы аймақтағы судың тұйықтанған шығынын ескергенде кәсіпорындарды Алматы облысына орналастырған тиімді болып шығады.

 

2: Су шаруашылығында су қорларын тиімді пайдалану

 

  1. Жерді суғару және суландыру.
  2. Ауыл шаруашылығын сумен қамту және көлтабандап суғару.

 

Есептеулер көрсетіп отырғандай, жер шарында жыл сайын әр түрлі мақсатқа 150 км3 су жұмсалады, ал өзендер мен жер асты суларының есебінен жылына 600 км3 су жинауға болады. Бірінші қарағанда, жер шарындағы су мөлшері жеткілікті сияқты. Бірақ, өзендерге т.б. су қоймаларына жыл сайын 150 км3 ластанған сулар жіберіледі. Олардың тек жартысы ғана тазартылады. Осының салдарынан ластанған сулар көптеген мөлшерде табиғи суларды бүлдіреді. Сөйтіп, тұщы су қоры жыл сайын азайып келеді. Әсіресе адамдардың көптеп мекендейтін жерлерінде, ауа райы егіншілікке қолайлы, жылы жерлерде тұщы су көздері жеткіліксіз.

Су қорының Қазақстан үшін өте маңызды роль атқаратыны белгілі. Себебі оның территориясында өте көп шөл және шөлейт далалар бар.

Су климат пен ауа райының өзгеруіне тікелей әсер етеді. Су қорына байланысты әрбір регионның климаты да өзгеріп тұрады. Мұны теңіздер мен көлдердің деңгейінің өзгеруіне байланысты ауа райының өзгеруінен байқауға болады. Арал теңізінің шөгіп бара жатқанына байланысты бұл мекенді қоныстанған елдердің климаттық жағдайы да өзгереді. Балқаш көлі деңгейінің төмендеуі оның төңірегінде орналасқан жерлердің климаттық жағдайының өзгеруіне әсер етуде. Өткен кездерде және қазіргі жағдайда көріп отырғанымыздай, суы кеткен жерлердің нұры кетеді, ол біртіндеп солып құла түзге, шөл далаға айналады. Кең дала, құлазыған шексіз жазира сусыз қалғаннан кейін, ондағы адамзат және жануарлар дүниесі де шөліркейтін болады.

Қазіргі кезде өндірісте де тұщы су қоры молынан пайдаланылады. Мысалы, бір тонна шойын алу және оны болатқа, прокатқа айналдыру үшін 300 м3 су керек, бір тонна мысты алу үшін- 500 м3, никель алу үшін- 3500 м3, синтетикалық каучук және жасанды мата алу үшін 200-2500 м3, жасанды жібек алу үшін- 400 м3, сода алу үшін- 300 м3 су керек.

Егіншілікте тұщы су қоры молынан шығындалады. Бі килограмм әр түрлі өсімдік массасын алу үшін 150-200 ден 800-1000 м3-ке дейін су керек. Біздің елімізде жыл сайын өсімдік транспарациясына шамамен 3500 км3 су жұмсалады, бұл жылдық жауын-шашынның үштен бір бөлігі. Бұл мал шаруашылығында, шаруашылық-тұрмыстық керектерге пайдаланған су мөлшерінен едәуір көп. Мысалы, бір гектар жүгерінің пісіп-толығуы үшін 2000-3000 т. су керек, бір тонна бидайды, күрішті, мақтаны өндіру үшін сәйкестіріп алғанда 1500, 4000, 10 000 т. су керек. Бір гектар ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жерді суғару үшін 8-12 мың м3 су қажет болады.

Әсіресе, жоғарыда аталған өнімдер ескі техника күшімен алынса, су шығыны да өсе береді. Сондықтанда, суды молырақ үнемдейтін немесе сусыз жұмыс істейтін жаңа техникаға көшу керектігі кезек күттірмейтін актуальды мәселеге айналып отыр.

Көптеген су массасын атомдық электростанциялар пайдалануда. Қуаттылығы бір мың мегеватт атом станциясы минутына 3 млн. л су пайдаланады.

Қазақстанда шамамен 200 жасанды су қоймасы бар, олардың сыйымдылығы 94 млрд. текше метрден астам. Қызылқұм, Арыс-Түркістан, Шеңгелді, Ақдала, Шилісай т.б. суландыру массивтері қызмет етуде. Ора-Көшім, Жәнібек және Шідерті суландыру жүйелері салынды, ХІ- бесжылжықта бартоғай су қоймасы пайдалануға берілді, 170 км-лік Үлкен Алматылық канал, Ертіс-Қарағанды каналының су ресурстары игерілуде. 9 мың км су науасы салынды.

Сулардың транспорттық маңызы да зор. Көптеген сулардың шипалық қасиеті бар. Халқымыздың денсаулығын жақсартуда және оларға эстетикалық тәрбие беруде бірқатар су көздері маңызды роль атқарып отыр.

Соңғы жылдары өнеркәсіптің дамуы үшін, ауыл шаруашылығында азық-түлік мәселесін шешуде, халықтың санитарлық-гигиеналық жағдайын жақсартуда тұщы суды керексіну тез өсіп отыр. Қазіргі кезде суды пайдалану алдын ала жасалған болжамдардан асып түседі.

Егер су пайдалану қарқынын есепке алсақ, жуық жылдардың ішінде су қажетсіну дәрежесі барлық өзендеріміздің жылжық ағысына тепе-тең болуы, оны қуып жетуі мүмкін. Мұның өте қауіпті жағдай екені белгілі. Егер барлық өзендеріміздің ағысы жер суғаруғу, өндірісті дамытуға жұмсалатын болса, теңіздер мен көлдердің құрғап қалуынан, еліміздің экологиясының өзгеру қаупі бар. Мұндай қауіпті жағдайға жол бермеу керектігі өзінен-өзі түсінікті. Қазірдің өзінде Амудария мен Сырдарияның суын жер суғару мақсатында тиімсіз пайдалану Арал теңізінің деңгейін күрт төмендетіп, бұл регионның экологиясын өзгертіп жіберді. Іле өзенінің суын әр мақсатқа мол пайдалану Балқаш көлінің болашағына қауіп тудыруда. Осы жағдайларды ескере отырып, су қорын қалайша тиімді пайдалануға болады, су тапшылығының соншама өткір қойылуы не ссебепті, суларды тиімді пайдаланудың жолдары қандай?

Өзендер мен көлдердің, теңіз суының ортаймауына қамқорлық жасаудың жолдары көп. Көптеген өзендеріміздің суының азаюы оның бойында өсіп тұрған ағашты орып тастаумен, көгалдар мен жайылыстық жерлерді жыртумен тығыз байланысты.Бұл факторлар жер асты суларының азаюына, жер үсті суларының көлдер мен теңіздерге аз түсуіне әкеліп соғады. Егер күнделікті жұмысымызда соларды болдырмауға жұмыс жасасақ, өзендер мен көлдерді сақтауға мүмкіндік туады.

Ауыл шаруашылық дақылдарынан мол және  тұрақты өнім алу үшін егіс белгілі тәртіпке қолдан сұрыпталып, топырақ ылғалдылығы қажетті  мөлшерге дейін жеткізіуге тиіс. Ал суды егіс алқабына жіберу үшін арнаулы суару жүйелері жасалнады.

Техникалық және дәнді дақылдарды, мал азық шөптерді, көкеніс және басқаларын суарудың шаруашылықтық маңызы бар.

Шөл шөлейті  аймақтарда  ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту тек суармалы егістер ұйымдастыру негізінде ғана мүмкін болады. Алқуаңшылық аудандарда жер суару жұмысын тиімді пайдаланудың арқасында оларды гүлдеген аймаққа  айналдырып, елімізде мақта, күріш,жеміс және т.б. ауыл шаруашылық дақылдарының мол өнімін алуға мүмкіншілік туады.

Ал енді далаңқы аудандарда  жауын-шашынның жеткіліксіз және жылбойы өте құбылмалы болуының салдарынан ауыл шаруашылық дақылдарының өнім тұрақсыз болады. Сондықтан,бұл аймақтарда жыл сайын дәнді, техникалық және мал азығы дақылдары мен көкөністің мол өнімін тек суару жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру негізінде алуға болады Егісті суғару    еліміздің тек оңтүстік топырақ дымқылдығы артық аймақтарда ғана тиімді болып қоймай, сондай-ақ құбылмалы аудандарда да өте тиімді.

Суарылған егістердің өнімділігі, суарылмаған жермен салыстырғанда, 3…5 есе, кейде оданда жоғары болады.Қазіргі уақытта бүкіл дүние жүзінде 265 млн  гектар жер суарылып, оның өнімімен барлық жер шарының жартысынан артық халқы қамтамасыз етіледі.

Суарудың түрлері. Жер суару топырақты дымқылдандыру, тыңайту және арнаулы суғару болып үш түрге бөлінеді:

Топырақта қажетті су және ауа режимін жасау үшін суарудың дымқылдандыру түрі пайдаланылады. Суарудың бұл түрі дүние жүзін де көп тараған негізгі түрі болып саналынады және өсімдіктердің өсіп-өну дәуірімен  оның кейбір кезеңдерінде судың керекті мөлшерімен қамтамасыз етілмеген  шақтарында жүргізіледі. Суарудың бұл түрі өзінше жүйелі (тұрақты) және бір дүркін ғана суару болып екіге бөлінеді. Шаруашылық  жағдайында  суарудың жүйелі түрін пайдаланғанда топырақ қажетті мөлшерде және керекті мезгілде дымқылданады.

Су көздерінен су суару жүйелеріне өздігінен ағатын болғанда өздігінен ағызып суару, оған керісінше, механикалық суару деп аталады. Жоғары да көрсетілгендей , біздің елімізде судың өздігінен ағуына негізделген жүйелі суару, түрі көп тараған және оның ең негізгі түрі болып саналада.

Суарудың топырқты тыңайту үшін қолданылатын түрін ұйымдастырғанда тыңайтқыштар сумен бірге топыраққа ерітілген күйінде таратылып, оның дымқылдану қабатына сіңеді. Суарудың бұл түріне қалалар мен өнеркәсіп орындарының сарқынды суларын және құрамында асылған топырағын мол тасқын суларын пайдалану жатады.

Арнаулы суарудың түріне топырақты тазарту, жылыту және т.б. мақсаттармен жүргізілтін суару жұмыстары жатады. Суарудың топырақты тазарту үшін қолданылатын түрі оның құрамындағы  артық тұздарды шаю  және өсімдіктерге зиянкес жәндіктерді құрту үшін   ұйымдастырылады. Мысалы, тышқандарды,май қоңызының личикаларын, филоксселерді (өсімдік биті) жою үшін алқап бетіне су жайылады.

Топырақты жылыту  үшін суғарғанда, оның өзіне жылырақ  сумен суарып жылытудың арқасында өсімдіктердің өсіп-өну дәуірі ұзартылады.Суарудың бұл түрі шаруашылық жағдайында қазіргі уақытта аса көп тарамаған.

Суғару жүргізілуі мақсатына және мерзіміне, ауыспалы егіс дақылдарын қамту деңгейі мен су көзіне байланыстыы бірнеше түрге бөлінеді.

Суғарудың жүргізілу мерзіміне байланысты болатын негізгі түрлері :

- вегетациялық суғарулар. Оларға ауыл- шаруашылық дақылдары вегетациясы кезінде жүргізілетін әр түрлі мақсаттағы суғарулар жатады;

- вегетациядан тыс суғарулар. Олаарға вегетациядан тыс мерзімде жүргізілетін суғарулар жатады. Мысалы: топырақта мол ылғал қорын жасау, арам шөп тұқымын жер бетіне өндіріп алып жою және топырақ құрамындағы артық тұзды жуып шаю суғарулары.

Вегетациялық суғару мақсатына, яғни не үшін жүргізілетіне қарай мынадай түрлерге бөлінеді:

-бекітуші суғару. Суғарудың бұл түрі көкөніс көшеттерін отырғызу барысында немесе одан кейін, оларды топыраққа ойдағыдай бекітіп, онымен жақсылап үйлесуін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі. Суғару нормасы 50-150 м3/ га шамасында болады. Себебі шамадан тыс үлкен норма зиян шектіруі мүмкін;

-тұқым өндіруші суғару. Бұл суғару өте құрғақ топыраққа себілген тұқымдардың мезгілімен және біркелкі өніп шығуын қамтамасыз етумақсатында жүргізіледі. Судың топырақты шайып, себілген тұқымдарды танап сыртына ағызып кетпеуі үшін, суғару нормасы 300м3 / га  аспауы шарт. Жаңбырлатқыш қолданылған жағдайда суғару нормасның мөлшері 50-150 м3 /га шамасында болған жөн. Ол үшін аз нормамен суды бәсең жаңбыр түрінде жиі-жиі бүркіп тұрады. Мұндай суғаруды таңертең және түнде жүргізген пайдалы.

-ылғалдандырушы суғару. Бұл вегетациялық суғарудың ең негізгі жәнет кең тараған түрі. Оның алғашқы мақсаты- өсімдікті сумен қамтамасыз ету. Ылғалдандырушы суғарудың вегетация кезіндегі саны дақыл түріне, ауа-райына, суғару тәсіліне және басқа жағдайларға байланысты бір реттен 10-15 ретке дейін жетеді;

-қоректендіруші суғару. Бұл суғарудың негізгі мақсаты өсімдікті өсіп –даму барысында сумен бірге қоректендіру, яғни суғарумен бірге  тыңайтқыштарды ерітіп беру;

-дамылдандырушы суғару. Ол ауаның қатты қызып, ылғалдылығы күрт төмендеген мезгілдерде, фотосинтезге қолайлы жағдай туғызу мақсатында жүргізіледі. Осы мақсатта суды жаңбырлату тәсілмен берген тиімдірек;

-үсікке қарсы суғару.бұл суғару ауаның төменгі қабаты температурасы бірден төмендегенде (0-20 С), температурасы 18-200 С суды тұмандатып немесе жаңбыр түрінде беру, әдісі өсімдікке зиянды үсік едеуір кемитіндігіне негізделген.

Вегетациядан тыс жүргізілетін суғаруларды мынадый түрлерге бөлуге болады: 

- ылғал қорын молайту үшін суғару. Суғарудың бұл түрі негізінен топырақтың 1-1,5 м қабатында, өсімдікке қажетті ылғалдың мол қорын жинау  мақсатында жүргізіледі. Топырақ шамадан тыс қүрғап кеткен кезде суды  жер жыртар алдында 10 күндей бұрын береді. Ол үшін топырақты алдаын- ала қопсытып алған жөн .Жер жыртар алдында суғару  су арам  шөптердің қаулап өсуін туғызады да, олармен тиімді түрде  күресуге  мүмкіндік береді.

Көп жағ,дайларда, жер жыртқаннан соң ылғал қорын молайту үшін суғаруды сол топырақ тұзын жуып- шаюмен бірге жүргізіледі.

Табиғи жайылым  мен шабындық орналасқан жерлерде : мол ылғал қорын жасау үшін еріген қар және жаңбыр суын жинап, топыраққа сіңуіне мүмкіндік туғызады;

- топырақты жуып-шаю суғаруы. Бұл суғару топырақты  сортаңдығынан арылту мақсатында жүргізіледі. Ол үшін жерді алдын- ала жыртады және тегістейді. Топырақты жуып- шаюдың қолайлы мезгілі – жер асты суы қайтқан кезі, яғни күз және қыс айлары;

- тұқым себу алдындағы суғару. Бұл суғарудың терең ылғалдандырып терең ылғалдандырып суғарудан біршама айырмашылығы бар олар: тұқым себерден 6-10 күн бұрын топырақ ылғалдылығын арттыру үшін жүргізілуі және бір гектарға  берілетін су мөлшері  500м3 /га –ден аспауы.

Су көзінен алу, тасымалдау әдістеріне қарай суғарудың мынадай турлері бар:

1. Судың өздігінен ағып келуі арқылы суғару.

2. Механикалық күш арқылы суғару.

Бірінші жағдайда, суғаруды жүргізу үшін су көзі суғарылатын танаптан жоғары орналасуы қажет. Соның арқасында су өздігінен ағып келіп танаптарға таратылады. Ал су көзі суғарылатын танаптан төмен орналасса, суды егістікке кетірру үшін механикалық күш қажет болады. Ол үшін насостар пайдаланылады, олардың көмегімен суды танаптың ең биік нүктесіне жеткереміз де ары қарай егістікке таратамыз.        

Суғару мелиорациясы, яғни суғару, судың табиғи  жолмен келуі  жеткіліксіз болғандықтан  ауыл шаруашылығы дақылдары өнімділігі күрт төмендейтін немесе мүлдем болмайтын аймақтарда қолданылады.

 Сонымен суғару деп, ағын суды топырақ және атмосфера  ылғалдықтарына айналдыратын шараны немесе топырақ ылғалдылығын жасанды түрде арттыру әдісін айтады.

Суарудың тәсілдері. Суды топыраққа енгізу тәсіліне қарай жер суару үш түрге бөлінеді:

1. Беткейлеп, немесе беткі жағынан суару тәсілі. Бұл әдісті қолданғанда су топырақ бетіне суар броздалары, алқаптары және атыздары арқылы тартылады.Бұл әдіс біздің елімізде кеңінен тараған.

2. Жаңбырлатып суару тәсілі.  Бұл әдісті қолданғанда жаңбырлатқыш аппараттар арқылы су жоғары шашыратылып, ондатамшыларға бөлініп жер  бетіне табиғи жауын , жауып  ауаның  жер бетіне жақын қабатын, өсімдіктерді және топырақты ылғалдандырады. Қазіргі уақытта  суарудың  бұл әдісі шаруашылықтарда өтекөп тараған.

3. Егісті астыңғы жағынан суару   әдісін қолдану үшін су топырақтың жыртылатын қабатының астыңғы қыртысына енгізіледі.Бұл әдіс әзірше көп тарамаған және қзіргі уақытта толық  жетілдіру үстінде.

Суарудың топыраққа тигізетін ықпалы. Суару микроклиматқа, сондай- ақ топырақ қабатында болатын физикалық, химиялық, биохимиялық және биологиялық  процестерге өте күрделі және әр түрлі ықпал тигізеді.

Суарудың топырақтың физика –химиялық қасиеттеріне тигізетін ықпалы өте күрделі:топырақтың дымқылдығын, температурасын, жылу сиымдылығын , механикалық құрамын, борпылдақтығын, құрлымын, су өткізгіштігін, ылғал сиымдылығын,әр қабатындағы химиялық элементтер мен қосындыларын мөлшерін  және  бөлінуін, жер асты суларынның деңгейін, минералдығын өзгертеді.

Құрғақ топырақтың  жылу сыймдылығы  сумен салыстырғанда бірсыпыра кем болады. Жаздың ыстық айларында су ауамен топырақтан суырақ болады. Оған керсінше жазғытұрым және күзгі күндерісу ауа мен топырақтан жылы болады. Ал дымқылды топырақ,құрғақ топырақ пен салыстырғанда күндіз жылулықты  көбірек сіңіріп, ал түнде ауаның жер бетіне жақын жатқан қабатының ылғалдануының салдарынан жылылықты кемірек таратады. Осыған байланысты жазды күндері дымқылды топырақ құрғақ топырақпенсалыстырғанда суығырақ, алсуық айларда жылырақ  болады. Дымқылданған топырақтың бөлшектерінің  тіркесу күшініңкемуімен бірге, сазды және саздақ  топырақтардың беріктілігі кемиді, ал бұған керсінше, дықылданған құмды топырақ қатая түседі. Бетіне су жайлаған топырақтың түйірпектері ыдырап, тіптіжойылып та кетеді. Құрғағаннан кейін сазды топырақтардың бетіне қатты қабықтар пайда болып, оларды мезгілінде қопсыту қажет болады.

Суғаруға пайдаланылатын судың құрамында кездесетін асылмалы таспалардың топырақ бетіне шөгілуін және тереңгі қабатына өтіп кетуінің салдарынан оның механикалық құрамы өзгереді. Суғаруға пайдаланатын судың бойында ерітілген минералдық және органикалық қоспалар болады. Суғаруға пайдаланылатын ыза суының минералдығы жоғары болады да, өзен суларының минералдығы кемірек болады. Топыраққа сумен бірге кіретін азот ,калий және фосфор қышқылы ондағы керекті заттардың қорын байытады.

 Сонымен қатар суғаруға пайдаланатын су топырақ бойында кездесетін химиялық қоспаларды жақсы еріткіш болып саналады. Сондықтан жеңіл еритін  калий, азот жәнек басқа тұздар сонымен бірге топырақтың жоғарғы қабатынан төменгі қабатына ауысады. Ал суару нормасының мөлшері өте жоғары болған және топырақты шайып суғарғанда олар топырақтың өсімдіктердің тамыры орналасқан негізгі қабаттарынан төмен өтіп кетіп, топырақтың сапасы төмендейді. Дегенмен пайдалы тұздар мен бірге зиянды тұздары да шайылып кетіп, топырақтың сапасын тжақсартады. Кезекті суару аралығында су өзінің құрамындағы ерітінді тұздар мен бірге топырақтың қыл түтіктері арқылы жоғары көтеріліп буланады да, ол тұздар топырақтың жоғарғы қабатында қалып қояды. Сөйтіп, өсімдіктердің өсу дәуірі кезінде жүргізілген суару жұмыстары сумен минералды тұздардың үнемі қозғалыста болуына себебін тигізеді. Осының салдарынан уақ топырақпен тұздар төменгі қабатқа түсумен бірге ерітінділерден ажырап су мен ауаны өте аз өткізетін қатты қабат жасайды. Осындай нығыздалған лайлы қабат суарылатын жеңіл топырақтардың 120…300 см тереңдігінде, ал ауыртопыпақтардың 45…120см тереңдігінде кездеседі. Осы қабаттан өсімдік тамырлары төмен жатқан қабатын дымқылдандыру қиындап, жоғары жатқан қабатының дымқылдығы мөлшерден артып кетеді.

Топырақтың төменгі қабатынан судың қайтуы қамтамасыз етілмеген жағдайда жерді мол суғарғанда ыза судың деңгейі көтеріліп, суармалы жердің батпақтанып кету қаупі туады. Сондай-ақ ыза судың құрамындағы тұздар зиянды болған жағдайда судың жер бетінен көп мөлшерде булануының салдарынан оның жоғарғы қабатында тұздар шөгіліп, топырақ қайтадан сорланып, ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруге  жарамсыз болып қалуы мүмкін.

Жер суару топырақтағы микробиологиялық процестерге пайдалы ықпалын тигізеді. Ол аназэроптық микроптардың әрекетін жылдамдатып, өсімдік қалдықтарының минералдауын бәсеңдетеді және қара шіріктердің жиналуына ықпалын тигізіп нитрификациялық процестерді күшейтеді. Дегенмен дымқылдылығының белгілі мөлшерден артып кетуі оның жоғарғы қабаттарында нитраттарды азайтады. Жер суару жауын құрттарының өсіп өнуіне қолайлы ықпалын тигізіп,топырақ құрылысын жақсартады.

 

3: Шайынды сулар құрамы мен қасиеті

 

  1. Шайынды сулар құрамы мен қасиеті.
  2. Шайынды суды тазалаудың әдістері.

 

Канализациясы бар қалалар мен өндіріс орталықтарында жыл бойы біркелкі көлемде шайынды су пайда болады. Зауыттар мен ірі мал шаруашылығы кешендерінің шайынды суы ретсіз ағызылып жіберілуінің салдарынан олардың су көздерін ластайтыны белгілі.

Шайынды сулар өзінің пайда болуына қарай тұрмыстық, мал шаруашылық, өндірістік және араласқан түрлерге бөлінеді.

Тұрмыстық шайынды суларға тұрмыс қажет ететін орындар (аурухана, асхана, монша) мен тұрғын үйлердің ағын сулары жатады. Олардың құрамында өсімдіктерге қажетті элементтермен қоса (азот, фосфор, калий және т.б.) әр түрлі бактериялар және гельминт жұмыртқалары болады. Шайынды судың бұл түрінің химиялық құрамы хлорлы-сульфатты  және бикарбонатты-сульфатты. Оларды санитарлық ережелерге сәйкес сақтаған жағдайда  жер суаруға толығынан пайдалануға болады. 1 литр тұрмыстық суда орта есеппен 40-60 мг азот, 10-20 мг  фосфор, 10-30 мг калий  және 50-80 мг мөлшерінде кальций болады. Еріген минералдық заттар концентрациясы 0,5-2 мг/л, ал органикалық заттар мөлшері  200 мг/л шамасында. Бұл судың тағы бір артықшылығы - құрамында сода жоқ. Шайынды судың бұл түрін ауыл шаруашылығы дақылдарын суаруға кеңінен қолдануға болады.

Мал шаруашылығының шайынды сулары қорадағы қиды гидравликалық жолмен шығарғанда пайда болады. Мұндай сулардың құрамында  органикалық заттардың өте мол болуына байланысты, оларды өте жақсы тыңайтқыш ретінде де пайдалануға болады. Сонымен қатар, олар өсімдікке қажетті қоректік заттарға өте бай келеді. Әсіресе топырақ құнарлылығын арттыратын органикалық заттар жеткілікті болады.  Көп жағдайда бұл су құрамындағы қоректік заттар концентрациясын азайтуға тура келеді. Ол үшін оған жай таза су қосады. Бұлардың құрамында ауру қоздырғыш гельминттер болады. Сондықтан мал шаруашылығы шайынды суларын да егістік суару үшін алдын-ала тазартудан өткізеді.

Өндірістік кәсіпорындарда пайда болатын шайынды сулардың құрамы тұрақты болмайды. Бұл сулардың химиялық негізінен өнеркәсіп мекемелері технологиялары және қолданылған шикізаттар түріне байланысты. Кейбір жағдайларда олардың құрамында өсімдіктер мен мал басына зиян келтіретін заттар кездесетін болғандықтан, оларды жер суару үшін  пайдаланар алдында тексеріп алу қажет.

Мысалы, мақта-мата комбинатының шайынды суларында сода мөлшері 200-300 г/л, химия өнеркәсібінен шыққан су құрамындағы еріген минералдық заттар мөлшері 5 г/л-ге жетеді. Егер де олардың құрамында өсімдіктер мен мал басын уландыратын күрделі қосындылар болған жағдайда арнаулы өңдеулер жүргізілуі қажет.

Ауыл шаруашылық дақылдарын суару мәселесінде тамақ өнеркәсіптерінде пайда болатын шайынды сулардың алатын орны зор. Бұл сулардың химиялық құрамы әр түрлі болады. 3-кестенің деректеріне сәйкес тамақ өнеркәсіптерінде болатын шайынды сулардың құрамында өсімдіктерге қажетті заттар көп болғандықтан, оларды тыңайтқыш ретінде алатын орны өте зор. Дегенмен бұл шайынды сулардың құрамында органикалық заттар өте көп болуына байланысты, олар су қоймаларында тазартылмай суаруға пайдаланғанда, айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан мұндай шайынды суларды индустриялық әдіспен тазарту өте қиын және тиімсіз, сол себепті оларды топыраққа сіңіру әдісімен тазартқан жөн болады.

 

Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының шайынды суларының химиялық құрамы

 

 

Кәсіпорындар

Тұтыну мөлшері

О, мг/л

Азот,

мг/л

РО,

мг/л

КО,

мг/л

СаО,

мг/л

рН

БПК,

мг/л

Сүт зауыттары

820

50

30

35

80

7,1

1800

Ет комбинаттары

-

290

102

142

160

7,5

-

Крахмал зауыты

-

265

93

486

76

6,5

3000-10000

Спирт зауыттары

650-1200

275

100

480

93

6,0

-

Ашытқы зауыттары

-

30

50

20

52

5,6

1500

Сыра зауыттары

-

24

15

30

-

6,2

-

Жеміс-көкөніс зауыты

-

15

17

50

30

6,5

300-1000

Балық зауыттары

-

160

10

-

-

-

-

Консерв зауыттары

-

-

-

-

50

-

500-1200

 

Әдетте шайынды сулардың жер суаруға жарамдылығын анықтағанда оның химиялық құрамы, топырақтың генетикалық қабаттарының айырмашылықтары, ауа райы және гидрогеологиялық жағдайлар есепке алынуы керек. Бүкілодақтық шайынды суларды пайдалану ғылыми-зерттеу институты жасаған жіктеулеріне сәйкес, барлық шайынды сулар бес топқа бөлінеді.

Бірінші топқа кілем және шұға өнеркәсіп орындары шайынды сулары мен тұрмыстық шайынды сулар жатады. Бұндай шайынды сулар арнаулы дайындықты қажет етпей, топырақтың барлық түрлері жағдайында пайдалана береді. Бұл топқа жататын шайынды сулардың минералдану мөлшері өте төмен (0,5-2г/л), әлсіз қышқыл немесе сілтілі реакциялы, хлорид-сульфатты, не болмаса бикарбонатты-сульфатты құрамында болады. Оның құрамында органикалық заттар өте аз болып, сода кездеспейді. Натрий мен кальцийдің ара қатынасы жағдайы 1:2 шамасында болады.

Екінші топқа крахмал, қант, ашытқы, консерв зауыттарының және ет комбинаттарының шайынды сулары жатады. Бұл сулардың құрамы жер суаруға қолайлы болғанымен, суда асылған шөгінділер көп кездеседі. Мұндай шайынды суларды өсімдіктердің даму кезінде суаруға пайдалану үшін алдын-ала оларды асылған шөгінділерден тазартып, аздап сұйылтқан жөн. Ал енді жерді өсімдіктердің даму дәуірінен тыс уақыттан суарғанда, шайынды суды ешқандай тазартпай және сұйылтпай пайдалана беруге болады.

Үшінші топқа мақта өнеркәсіптерінің сисаға безек қондыру және ағарту-бояу кәсіпорындарының шайынды сулары жатады. Олардың құрамында соданың мөлшері өте көп болғандықтан (200-300мг/л), жер суаруға пайдаланар алдында одан ажыратылуы керек. Бұндай шайынды сулармен суару үшін шымды-күлгін, орманды  қоңыр және құрғатылған шымтезек топырақтар қолайлы болады.

Төртінші топқа синтез әдісімен алынатын талшық, резеңке және химиялық-фармацевтік кәсіпорындарының шайынды сулары жатады. Бұл шайынды сулардың минералдануы өте жоғары (3-5г/л), құрамында қолдан жасалатын заттар көп болады. Бұндай сулар жер суару  алдында әлсіретіліп, натрий мен органикалық заттар белгілі мөлшерде кемітілгеннен кейін ғана пайдалануға болады.

Бесінші топқа улы химикаттар мен органикалық синтез жасайтын зауыттардың шайынды сулары жатады. Бұл сулардың минералдануы өте жоғары болғандықтан (5-15г/л) және құрамында қолдан жасалатын органикалық заттардың өте көп болуынан жер суаруға пайдалану мүмкін емес.

Шайынды сулардың  негізгі бөлігін қалалардың жалпы канализациясы мен елді мекендерге келіп түсетін аралас шайынды сулар (өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық) құрайды. Ірі қалалар мен өндірістік аумақтардың шайынды суларын тазалау үшін аэрацияның қуатты станциялары құрылады. Бұндай сулардың құрамында өсімдік тіршілігіне кері әсер ететін улы заттар болады. Сонымен қатар, тазалау құрылымдарында тазалаудан өткеннен соң, шайынды сулардың зиянды қоспалармен ластану деңгейі жіберілетін шамадан аспауы тиіс.

Ағын су механикалық, химиялық және биологиялық әдістермен тазартылады. Ластанған судағы бактерияны жою үшін ағын суды залалсыздандыру (дезинфекция) жүзеге асырылады.

Механикалық тазалау әдісі. Бұл әдістің мәні – ағын судан ерімеген қоспаларды алып тастау. Механикалық тазалаудың арнайы құралдары болады. Мөлшері 5 мм болатын үлкендеу (дөрекі) қоспалар елеуішпен (решето), ал одан ұсақтары сүзгішпен (сито) ауланып, судан бөлек тасталады. Минералдық ластанған ағынды суды тазалау үшін, яғни оның құрамын тазалау үшін құм аулайтын құрал, ал судың бетіне қалқып шыққан лас нәрселер үшін май, мұнай, шайыр аулайтын құралдар қолданылады.

Тұндырғыштарда үлес салмағы бірліктен де  көп болатын өлшенген заттар тұндырылады, ал жеңіл заттар тұндырғыштағы судың бетіне қалқып шығады. Механикалық тазалау арқылы тұрмыста пайдаланылған ағын судан 60%-ға дейін ерімеген қоспаларды, ал өндірісте пайдаланылған ағын судан 35%-ға дейін ерімеген қоспаларды алып тастауға болады.

Химиялық тазалау әдісі. Ағын суды химиялық тазалаудың мәні мынада: лас суға химиялық нәрселер қосылады. Суға қосылған химиялық заттар ластаушы заттармен реакцияға түсіп, ерітілмеген затты жәнеішінара ерітінді заттарды залалсыздандырады.  Кейбір ерітілмеген заттарды зиянсыз ерітіндіге айналдырады.

Айрықша араластырушы ыдыстарда ағын су реагентпен араластырылады, содан соң реагенттің ықпалымен лас қалдықтар арнайы тұндырушы ыдыста тұндырылады.

Химиялық жолмен тазалау әдісінде фенолды ағын суды қышқылдандыру кеңінен қолданылады: су үлкен мөлшердегі хлормен, ClO2 хлорымен хлорланады және озонмен қышқылдандырылады. Өнеркәсіпте пайдаланылған қышқыл ағын суды тазалау үшін бейтараптандыратын құралдың орнына кейде әктеуші сүтпен өңдеу қолданылады.

Химиялық әдіс ағын судағы ерімеген ластаушы заттардың мөлшерін 95%-ға дейін, ал ластаушы ерітінді заттардың мөлшерін 25%-ға дейін кемітуге мүмкіндік береді.

Ағын суды электролит әдісімен де тазалауға болады. Онда электр тогы лас су арқылы жіберіледі. Пайда болған электролит иондары анодқа және катодқа бағыт алады. Мұнда олар разрядталады және өзарасының әрі электрод материалының жаңа қосындысын қалыптастырады. Егер темір электроды  қолданылатын болса, онда коагулянт ретінде әрекет ететін темірдің гидрат окисі пайда болады. Тазалаудың электролит әдісі арнайы құрал – электрлизерімен жүзеге асырылады.

Механикалық және химиялық әдістер  су қоймаларына жіберілетін  ағын суды тазалудың түпкілікті әдісі ретінде немесе суды биологиялық жолмен тазалауға жөнелтудің алдындағы алғашқы кезеңі ретінде қолданылады.

Биологиялық жолмен тазалау әдісі. Биологиялық жолмен тазалаудың мәні – аэробтық биохимиялық процестердің көмегімен органикалық тұрғыдан ластанған ағын суды минералдауда жатыр. Биологиялық жолмен тазалаудың нәтижесінде су мөлдір болады әрі оның құрамынан ерітінді оттегі мен нитратты ұшыратасыз.

Ағын судың табиғи жағдайларда биологиялы жолмен тазалануы көбінесе арнайы дайындалған жер учаскелерінде – суармалы алқаптарда және сүзілетін алаңдарда жүзеге асырылады. Суармалы алқаптарда судың тазалануымен қатар бір мезгілде ауыл шаруашылығының мәдени өсімдіктері немесе шөптесін өсімдіктер өсіріледі. Сүзілетін алаң тек ағынды сұйықтықты  биологиялық жолмен тазалауға арналған. Суарылатын жәнке сүзілетін алқапқа бөлінген жер учаскесіне ағын суды ағызатын магистралдық, бөлу алаңдарынан суару желісі жоспарланады. Ластануды тазалау суды топырақ арқылы сүзгілеу процесінде жүзеге асырылады, 80 см қалыңдықтағы топырақ қабаты жеткілікті деңгейде сенімді тазалауды қамтамасыз ете алады.

Ағын суды табиғи жағдайда биологиялық жолмен тазалау үшін биологиялық тоғандар пайдаланылады. Ол (биологиялық тоған) 0,5-тен 1 метрге дейінгі тереңдікте болады. Бұл жер резервуарындағы процесс су қоймаларындағы өздігінен тазалану процесіне ұқсас. Биологиялық тоған кем дегенде 6оС температурада жұмыс істейді. Әдетте тоғандар еңісі бар жерде 4-5 серия түрінде жасалады. Оларды жоғары тоғандағы су төменде орналасқан тоғанға өздігінен ағатындай сатылап жасайды.

Ағын суды жасанды жағдайда биологиялық жолмен тазарту арнайы құралдармен – биосүзгімен немесе аэротанкпен жүзеге асырылады. Ағын суды ірі қиыршықты материал қабаты арқылы сүзгіден  өткізумен тазартатын құрал биосүзгі деп аталады. Бұл материал қиыршығының үстіңгі жағына аэробық микроорганизмдер себілген биологиялық пленка жабылады. Биосүзгіде ағынды суды биологиялық тазалау мәнінің суармалы алқаптағы немесе сүзгі алаңындағы тазалау процесінен айырмашылығы болмайды, алайда биохимиялық қышқылдандыру әлдеқайда жылдам тазалайды.

Қою тұнбамен араластырылып, аэрацияға ұшыраған ағын су баяу ағатын темір бетонды резервуар аэротанкі деп аталады.

Қою тұнба құба түсті қауыз (хлопья) түрінде болады. Ол негізінен бактериалдық клеткалардан тұрады. Қауыздың беткі жағында, олардың арасында немесе оның ішінде әр қилы жай организмдер болады. Қою тұнба организмнің қоректену көзіне ағын судағы  лас нәрселер жатады. Ағынды сұйық заттың құрамындағылар қою тұнбаның бет жағына жинақталады, яғни бұл қою тұнба лас нәрселерді өзіне сіңіріп алады. Тұнба ағынды сумен  байланысқа түскеннен кейін бірнеше минуттың ішінде онда шоғырланған органикалық заттардың жартысынан көбісі азаяды. Ерітілген органикалық заттар ферменттер-пермеаздар арқылы бактериалдық клеткалардың ішіне тасымалданады. Бактериалдық клеткалардың ішінде олар бүлініп, қайтадан құрылады.

Аэротанкке келіп түскен өлшенген заттар да қою тұнбаның үстіңгі жағына сіңеді. Бактериялармен қатар олар да ішінара жай тағам ретінде қызмет етеді және ішінара бактериалдық ферменттердің ықпалымен ерітінді жай затқа айналып, микрофлораға сіңеді. Қою түнбадағы микробтар әр қилы болады. Бұлардың ішінде ең алдымен псевдомонаттар, содан кейін кокктың формалары және бацилдер кеңінен тараған. Қою тұнба микрофлорасына тән ерекшелік – шырышты қалыптастырады.

Қою тұнбадағы бактериялардың құрамына сыртқы факторлар, оның ішінде ағын судың құрамы үлкен әсерін тигізеді.

Биологиялық жолмен тазалау процесінде ағын су барлық бактериядан, оның ішінде ауру тудыратын бактериядан толық тазаланбайды. Сондықтан да су биологиялық жолмен  тазартылғаннан кейін  сұйық хлормен немесе хлор әгімен дезинфекцияланады. Тазалаушы канализациялық станция-лардағы суды тазалаудың әр түрлі тәсілдерімен қалыптасатын жауын-шашын суын өңдеп, залалсыздандыру үшін айрықша әдістер мен құралдар қолданылады. Жауын-шашын суы бастапқы тұндыру ыдысына құйылады, сондай-ақ ағынды су биосүзгіден немесе өте қою тұнбадан немесе аэротанктен өткізіп, биологиялық тазалаудан кейін алынады. Жауын-шашыннан пайда болатын ағын суды өңдеу үшін шіріткіш резервуар (септик), екі жік қабатты тұндырғыш және ментантек қолданылады.

Төгінді жауын-шашын суын сусыздандыру үшін оны тұндыратын алаңға бағыттайды. Онда ол табиғи құрғаққа айналады. Содан кейін жақсы органикалық тыңайтқыш ретінде пайдаланылуы мүмкін. Жауын-шашын суын вакуум-сүзгі, вакуум-пресс, центрифуга және термикалық құрғату арқылы жасанды жолмен сусыздандыруға болады. Су қоймасына жіберілер алдында ағынды су хлормен, ультракүлгін сәулесімен, электролизбен, озонмен және ультрадыбыспен дезинфекцияланады.

 

4: Қоршаған ортаның ластануы.

 

  1. Қоршаған ортаның химиялық ластануы.
  2. Қоршаған ортаның радияциялық ластануы.
  3. Қоршаған ортаның биологиялық ластануы.  

 

Ағын су механикалық, химиялық және биологиялық әдістермен тазартылады. Ластанған судағы бактерияны жою үшін ағын суды залалсыздандыру (дезинфекция) жүзеге асырылады.

Механикалық тазалау әдісі. Бұл әдістің мәні – ағын судан ерімеген қоспаларды алып тастау. Механикалық тазалаудың арнайы құралдары болады. Мөлшері 5 мм болатын үлкендеу (дөрекі) қоспалар елеуішпен (решето), ал одан ұсақтары сүзгішпен (сито) ауланып, судан бөлек тасталады. Минералдық ластанған ағынды суды тазалау үшін, яғни оның құрамын тазалау үшін құм аулайтын құрал, ал судың бетіне қалқып шыққан лас нәрселер үшін май, мұнай, шайыр аулайтын құралдар қолданылады.

Тұндырғыштарда үлес салмағы бірліктен де  көп болатын өлшенген заттар тұндырылады, ал жеңіл заттар тұндырғыштағы судың бетіне қалқып шығады. Механикалық тазалау арқылы тұрмыста пайдаланылған ағын судан 60%-ға дейін ерімеген қоспаларды, ал өндірісте пайдаланылған ағын судан 35%-ға дейін ерімеген қоспаларды алып тастауға болады.

Химиялық тазалау әдісі. Ағын суды химиялық тазалаудың мәні мынада: лас суға химиялық нәрселер қосылады. Суға қосылған химиялық заттар ластаушы заттармен реакцияға түсіп, ерітілмеген затты жәнеішінара ерітінді заттарды залалсыздандырады.  Кейбір ерітілмеген заттарды зиянсыз ерітіндіге айналдырады.

Айрықша араластырушы ыдыстарда ағын су реагентпен араластырылады, содан соң реагенттің ықпалымен лас қалдықтар арнайы тұндырушы ыдыста тұндырылады.

Химиялық жолмен тазалау әдісінде фенолды ағын суды қышқылдандыру кеңінен қолданылады: су үлкен мөлшердегі хлормен, ClO2 хлорымен хлорланады және озонмен қышқылдандырылады. Өнеркәсіпте пайдаланылған қышқыл ағын суды тазалау үшін бейтараптандыратын құралдың орнына кейде әктеуші сүтпен өңдеу қолданылады.

Химиялық әдіс ағын судағы ерімеген ластаушы заттардың мөлшерін 95%-ға дейін, ал ластаушы ерітінді заттардың мөлшерін 25%-ға дейін кемітуге мүмкіндік береді.

Ағын суды электролит әдісімен де тазалауға болады. Онда электр тогы лас су арқылы жіберіледі. Пайда болған электролит иондары анодқа және катодқа бағыт алады. Мұнда олар разрядталады және өзарасының әрі электрод материалының жаңа қосындысын қалыптастырады. Егер темір электроды  қолданылатын болса, онда коагулянт ретінде әрекет ететін темірдің гидрат окисі пайда болады. Тазалаудың электролит әдісі арнайы құрал – электрлизерімен жүзеге асырылады.

Механикалық және химиялық әдістер  су қоймаларына жіберілетін  ағын суды тазалудың түпкілікті әдісі ретінде немесе суды биологиялық жолмен тазалауға жөнелтудің алдындағы алғашқы кезеңі ретінде қолданылады.

Биологиялық жолмен тазалау әдісі. Биологиялық жолмен тазалаудың мәні – аэробтық биохимиялық процестердің көмегімен органикалық тұрғыдан ластанған ағын суды минералдауда жатыр. Биологиялық жолмен тазалаудың нәтижесінде су мөлдір болады әрі оның құрамынан ерітінді оттегі мен нитратты ұшыратасыз.

Ағын судың табиғи жағдайларда биологиялы жолмен тазалануы көбінесе арнайы дайындалған жер учаскелерінде – суармалы алқаптарда және сүзілетін алаңдарда жүзеге асырылады. Суармалы алқаптарда судың тазалануымен қатар бір мезгілде ауыл шаруашылығының мәдени өсімдіктері немесе шөптесін өсімдіктер өсіріледі. Сүзілетін алаң тек ағынды сұйықтықты  биологиялық жолмен тазалауға арналған. Суарылатын жәнке сүзілетін алқапқа бөлінген жер учаскесіне ағын суды ағызатын магистралдық, бөлу алаңдарынан суару желісі жоспарланады. Ластануды тазалау суды топырақ арқылы сүзгілеу процесінде жүзеге асырылады, 80 см қалыңдықтағы топырақ қабаты жеткілікті деңгейде сенімді тазалауды қамтамасыз ете алады.

Ағын суды табиғи жағдайда биологиялық жолмен тазалау үшін биологиялық тоғандар пайдаланылады. Ол (биологиялық тоған) 0,5-тен 1 метрге дейінгі тереңдікте болады. Бұл жер резервуарындағы процесс су қоймаларындағы өздігінен тазалану процесіне ұқсас. Биологиялық тоған кем дегенде 6оС температурада жұмыс істейді. Әдетте тоғандар еңісі бар жерде 4-5 серия түрінде жасалады. Оларды жоғары тоғандағы су төменде орналасқан тоғанға өздігінен ағатындай сатылап жасайды.

Ағын суды жасанды жағдайда биологиялық жолмен тазарту арнайы құралдармен – биосүзгімен немесе аэротанкпен жүзеге асырылады. Ағын суды ірі қиыршықты материал қабаты арқылы сүзгіден  өткізумен тазартатын құрал биосүзгі деп аталады. Бұл материал қиыршығының үстіңгі жағына аэробық микроорганизмдер себілген биологиялық пленка жабылады. Биосүзгіде ағынды суды биологиялық тазалау мәнінің суармалы алқаптағы немесе сүзгі алаңындағы тазалау процесінен айырмашылығы болмайды, алайда биохимиялық қышқылдандыру әлдеқайда жылдам тазалайды.

Қою тұнбамен араластырылып, аэрацияға ұшыраған ағын су баяу ағатын темір бетонды резервуар аэротанкі деп аталады.

Қою тұнба құба түсті қауыз (хлопья) түрінде болады. Ол негізінен бактериалдық клеткалардан тұрады. Қауыздың беткі жағында, олардың арасында немесе оның ішінде әр қилы жай организмдер болады. Қою тұнба организмнің қоректену көзіне ағын судағы  лас нәрселер жатады. Ағынды сұйық заттың құрамындағылар қою тұнбаның бет жағына жинақталады, яғни бұл қою тұнба лас нәрселерді өзіне сіңіріп алады. Тұнба ағынды сумен  байланысқа түскеннен кейін бірнеше минуттың ішінде онда шоғырланған органикалық заттардың жартысынан көбісі азаяды. Ерітілген органикалық заттар ферменттер-пермеаздар арқылы бактериалдық клеткалардың ішіне тасымалданады. Бактериалдық клеткалардың ішінде олар бүлініп, қайтадан құрылады.

Аэротанкке келіп түскен өлшенген заттар да қою тұнбаның үстіңгі жағына сіңеді. Бактериялармен қатар олар да ішінара жай тағам ретінде қызмет етеді және ішінара бактериалдық ферменттердің ықпалымен ерітінді жай затқа айналып, микрофлораға сіңеді. Қою түнбадағы микробтар әр қилы болады. Бұлардың ішінде ең алдымен псевдомонаттар, содан кейін кокктың формалары және бацилдер кеңінен тараған. Қою тұнба микрофлорасына тән ерекшелік – шырышты қалыптастырады.

Қою тұнбадағы бактериялардың құрамына сыртқы факторлар, оның ішінде ағын судың құрамы үлкен әсерін тигізеді.

Биологиялық жолмен тазалау процесінде ағын су барлық бактериядан, оның ішінде ауру тудыратын бактериядан толық тазаланбайды. Сондықтан да су биологиялық жолмен  тазартылғаннан кейін  сұйық хлормен немесе хлор әгімен дезинфекцияланады. Тазалаушы канализациялық станция-лардағы суды тазалаудың әр түрлі тәсілдерімен қалыптасатын жауын-шашын суын өңдеп, залалсыздандыру үшін айрықша әдістер мен құралдар қолданылады. Жауын-шашын суы бастапқы тұндыру ыдысына құйылады, сондай-ақ ағынды су биосүзгіден немесе өте қою тұнбадан немесе аэротанктен өткізіп, биологиялық тазалаудан кейін алынады. Жауын-шашыннан пайда болатын ағын суды өңдеу үшін шіріткіш резервуар (септик), екі жік қабатты тұндырғыш және ментантек қолданылады.

Төгінді жауын-шашын суын сусыздандыру үшін оны тұндыратын алаңға бағыттайды. Онда ол табиғи құрғаққа айналады. Содан кейін жақсы органикалық тыңайтқыш ретінде пайдаланылуы мүмкін. Жауын-шашын суын вакуум-сүзгі, вакуум-пресс, центрифуга және термикалық құрғату арқылы жасанды жолмен сусыздандыруға болады. Су қоймасына жіберілер алдында ағынды су хлормен, ультракүлгін сәулесімен, электролизбен, озонмен және ультрадыбыспен дезинфекцияланады.

 

5. Қоршаған орта ластануының мониторингі, жіктелуі және түрлері.

 

Табиғи  ресурстарды  пайдалану  және  қоршаған  табиғи  ортаны  қорғау  өрісіндегі  мемлекеттік  басқарудың   бірден – бір  маңызды  функциясы  экологиялық  бақылау   болып  табылады. Экологиялық  бақылаудың   міндеттеріне  сай  қабылданған   заңдар  бойынша  оның  ұғымы,  қоршаған  табиғи  ортаның  және  оның  өзгеруіндегі  жиынтығы, сондай – ақ  барлық  кәсіпорындардың,  мекемелердің  қызмет  иісі   адамдарының  және  азаматтардың  экологиялық   талаптарының   орындалуын  тексеру. Экологиялық  басқарудың  объектілері  болып, бір  жағынан  - қоршаған  табиғи   орта   болса,  екінші  жағынан  меншіктік  органдарда,  кәсіпорындарда, мекемелерде, қызмет  иесі  адамдар мен   азаматтардың  қызметінде экологиялық  ережелер  мен   нормативтердің  сақталуы.

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ  БАҚЫЛАУДЫҢ  ЖҮЙЕСІ

Экологиялық  бақылаудың  түрлері : 1. Экологиялық  мониторинг 

                                                                 2. Мемлекеттік  бақылау

                                                                 3. Өндірістік  бақылау

                                                                 4. Қоғамдық  бақылау

           Қоршаған  табиғи  ортаның  мониторингі  дегеніміз -  адамды  қоршаған  табиғи  ортаның  жәй- күйін  бақылау   және  адамдардың  денсаулығы     мен  өзге  тірі  организмдерге    зиянды  немесе  қауіп  туғызатын  қатерлі  ахуалдар  туралы  ескерту .

 

             ЭКОЛОГИЯЛЫҚ  МОНИТОРИНГ 

              Міндеттері :                                                                    Түрлері :

Табиғи  ортаның  жағдайы                                      Қоршаған  табиғи  орта

жөніндегі  мәліметтерді  жинақтап ,                       мониторингі .

Табиғи  ортаның  жағдайы                                       Табиғат  объектілердің

қадағалау  және  ақпарат  жинау                             мониторнгі

  Жағымсыз   экологиялық  салдарды ескерту  мақсатында  табиғи  ортаның   жағдайындағы өзгерістерді  болжамдау. Мүдделі  ұйымдар  мен  халықты экологиялық  ақпаратпен  қамтамассыз ету .

Табиғат  пайдалану   және  қоршаған  табиғи  ортаны  басқарудың    тағы  бір  маңызды   тетігі   - бұл  экологиялық   сараптама  .

Экологиялық   сараптама  -  шаруашылық  және  өзге  де  қызметтің  қоршаған  орта    сапасының  нормативтері  мен  экологиялық  талаптарға  сәйкес    келуінің   ,  осы  қызметтің    қоршаған   ортаға  жасалуы  мүмкін  теріс  әсерлерінің  жәен  оларға  байланысты  зардаптардың  алдын  -  алу  мақсатында    сараптама  объектісін    іске  асыруға    жол   берілуінің    анықтамасы .

Мемлекеттік  экологиялық    сараптаманың    объектілеріне    мыналар  жатады :

- Құқықтық  актілердің  жобалары ,  нормативті – техникалық  және  методикалық  құжаттар  ;

- Кешендік   және  арнайы бағдарламалық  жобалар ;

Экологиялық  сараптаманың    принциптері:

Объектіні  іске  асыруға   дейінгі  экологиялық   сараптаманы     жүргізудің  міндеттілігі

Шаруашылық  іс - әрекеттің  қоршаған  ортаға  тигізетін ықпалын  кешенді  түрде   бағалау

Экологиялық  сараптама  жүргізу  кезінде    экологиялық  қауіпсіздіктің  талаптарын  еске  алу  міндеттілігі

Ақпараттың  дұрыстығы  және  толықтығы.

Сарапшының    тәуелсіздігі.

Сараптамалық  қортындылардың   ғылыми  дәлелдігі, әділеттігі  және  заңдылығы.

Жариялығы , қоғамдық  пікірдің  есебі,  қоғамдық  ұйымдардың   қатысуы .

Соңғы жылдары  эколог-болжаушылардың арасында ХХ-ғасырдың 20-шы  жылдарында  қоршаған ортаға   байланысты  қолданылған  мониторинг ұғымы кең таралған.  Экологиялық  мониторинг- антропогендік  факторлар  әсерінен қоршаған  орта  жағдайының, биосфера  еомпоненттерінің  өзгеруін  бақылау,  баға  беру  және  болжау  жүесі.  Мониторинг   ұғымы  кең  ұғымда  экономикада,  өнеркәсіпте,  және  басқада  бақылаулар  жүргізілетін  салаларда  қолданылады.  Ғылыми оқулықтарға  бұл ұғым  Стокгольмдегі  БҰҰ- ның  ұйымдастыруымен  өткен  қоршаған  ортаны  қорғау  жөніндегі коференциядан  кейін  енді.  Қазіргі  таңда  мониторинг  ұғымы  негізгі  үш  түрлі  жұмыстардан  тұратын  қаршаған табиғи  ортаны бақылау жүйелері  ретінде  қарастырылады;

1) қоршаған  ортаның  жағдайын жүйелі  түрде бақылау.

2) табиғи  және антропогендік  факторлардың  әсерінен  табиғатта болуы  мүмкін  қзгерістерді  болжау.

3) қоршаған  орта  жағдайын  ретке  келтіру  шараларын басқару. 

Бақылайтын объектілердің  ерекшелігіне , түріне  және  бақылау әдістеріне  байланысты  мониторингтің  бірнеше  түрлерін ажыратады.  Мысалы;

Жүргізу  әдістері  бойынша   мониторингтің  мынадай  түрлері бар;

- биологиялық (биоиндикаторлар  кқмегімен);

-  дистанционды (авиациялық және космостық );

- аналитикалық (химиялық  және физико- химиялық талдау.);

Бақылау объектілері  бойынша;

  • Қоршаған  ортаның жеке  компоненттері  мониторингі  (топырақ, су, ауа);
  • Биологиялық  мониторинг (өсімдіктер және жануарлар  дүниесі).

 Мониторингтің негізгі  мақсаттары мен  міндеттері  төмендегі  кестеде  көрсетілген .

                                                                                                                                                           1  кесте Қоршаған   орта  жағдайы  мониторингінің   мақсаттары  мен  міндеттері.

Қоршаған орта жағдайы мониторинг

Міндеті                                                      мақсаты 

Бақылау

Анықтау

Бағалау

Болжау

Шешім қабылдау

Жетілдіру

Қоршаған орта жағдайының өзгеруі

Адам іс-әрекеті арқасында қоршаған орта  жағдайының өзгеруіне алып  келетін себептері

Адам іс-әрекеті әсерінен  анықтап, өзгерістерді бақылау

Қоршаған орта жағдайында болатын өзгерістер

Адамның теріс іс-әрекеті нәтижесіндегі зардаптарды жою

Қоршаған орта менқоғам арасындағы тиімді қатынастар стратегиясы

 

Сонымен  мониторингтің  технология  процестерін  алгоритм  түрінде  былай  бейнелеуге  болады:    Өлшеу  талдау  сипаттау  моделдеу  дұрыс  жолын  таңдау.

Іс- әрекеттің  мұндай алгоритм  қоршаған  ортаның  кез – келген мониторингіне  тән.

Экологтар  үшін  негізгі  мынадай  мониторинг түрлері бар;

Биологиялық мониторинг - биологиялық орталардағы (организмдер де, биоценоздарда) табиғы  және антропогендік  процестерді  бақылау (ауыр металлдардың, пестицидтердің  жинақталуы).  Мұндай  маниторинг  тіршіліктің  қоршаған  орта  компоненттерімен  өзара  барлық  байланысын  қамтиды.

Базалық  мониторинг - жалпы биосфералық, яғни  тек  қазіргі  кездегі  ғана емес,  жақын  аралықтағы  50-100 жыл  ішінде  болатын негізінен   табиғи  құбылыстарды бақылау.

Биосфералық мониторинг- биосферадағы өзгерістерді;  атмосфераның шаңдану,   әлемдік  су балансы.  Әлемдік мұхиттың  ластануы ,  құрылық  пен  мұхиттағы биологиялық  өнімнің   өзгеруі  және  т.б  ғаламдық  деңгейде бақылау.

Биоэкологиялық    мониторинг -  табиғи ортаныңжағдайын  оның  адам  денсаулығына әсері  тұрғысынан  бақылау.  Адамның  тыныс  тіршілігін  көрсететін көрсеткіштер – ауруға  ұшырауы, туылуы, өмір сүру  ұзақтығы және т.б  қолданылады.

Дистанционды  мониторинг – бұл  авиациялық және  космостық  мониторингтің  жиынтығы . кейде  бұл  ұғымға, көрсеткіштері ақпараттарды  жинау орталығына  беріліп  отыратын, адам аяғы  басуы  қиын  жерлердегі  приборлар арқылы  алысатын  ақпараттарды  беру  әдістерін  де  жатқызады.

Теңіздердің  ластануы мониторингі –теңіздер мен мұхиттарда ғы  судың  сапасын білу  мақсатында  ақпараттар алу  үшін  олардың  жағдайын  болжау, бағалау  және бақылау  жүйесі.  Бұл  теңіз  су  ресурстарын  үнемді  пайдалануға және  оларды  ластанудан  қорғау  шараларын  жүргізуге  қажет.

Құрылыстағы  сулардың  ластануы  мониторингі -  су  ресурстарын  үнемді  пайдалану  және  оларды  ластанудан, құрғап  кетуден  қорғау  шараларын  жүргізу үшін  құрылықтағы  сулардың  жағдайы  туралы  ақпараттар  алу   мақсатында  болжау,  бағалау  және  бақылау  жүйелері.  Су  сапасының  көрсеткіштеріне – температура, минералдану, рН,  түсі, еріген  оттегі,  дәмі,  ауыр металдар,мұнай  өнімдері, фенолдар,  пестицидтер  және  ең  бастысы  натий, калий, кальций,  хлор,  сульфат ,карбонат,  нитратиондары  жатады.

Ластаушы  көздер мониторингі- ластаушы көздер арқылы су объектілеріне, атмосфералық  ауаға , топыраққа  болінген   заттардың  мөлшерін  және  ластану  деңгейін  болжау ,  бағалау  және  бақылау  жүйесі.

Аймақтық  мониторинг – антропогендік  әсерге  ұшыраған  үлкен  өнеркәсіп  орындары, қалалар  және  олардың айналасындағы  аймақтар  биосфера  тұралы ақпарат  алу үшін бақылау.

Классификациядағы  мониторингтердің  деңгейіне  сәйкес-халықаралық  және аймақ  аралық басқару  деңгейлері  ғаламдық деңгейлермен   байланыста  болуы,  ал ұлттық – аймақтық деңгеймен  байланыста  болуы  керек.

Экологиялық  мониторинг  жүйесінде   биологиялық  мониторингтің, яғни , экожүйенің  биотикалық  құрамы  мониторингі  ерекше  роль атқарады.  Биологиялық  мониторинг – бұл  қоршаған  табиғи  ортаның  жағдайын тірі  организмдер  көмегімен  бақылау.  Биологиялық  мониторингтің негізгі әдісі -  биоиндикация, антропогендік   факторларға  байлпнысты  биотадағы  кез-келген  өзгерістерді  есепке  алып  отыру.

             

Пайдаланған әдебиттер:

  1. Ә. Бейсенова , А.Самақова, Т.Есполов, Ж.Шілдебаев Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Алматы, 2004.
  2. Бобылев С.Н., Ходжаев А.Ш Экономика природопользования: Уч.пособие.-М: ТЕИС, 1997-272с.
  3. Гирусов Э.В и др. Экология и экономика природопользования: Учебник для вузов / Под ред. Проф. Э.В. Гирусова – М: Закон и право, ЮНИТИ, 1998-455с.
  4. Никаноров .А.М., Хоружая Т.А. Глобальная эколигия: Уч. пособие М: «Изд. ПРИОР, 2001-286с. »
  5. Асқарова Ұ.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау Алматы,2004ж
  6. Комплексное использование и охрана водных ресурсов /О.Л. Юшманов, В.В. Шабанов, И.Г. Галямин и др. – М: Агропролмиздат,1985-303с
  7. Новиков Ю.В. Охрана окружающей среды: Уч.пос.- М: Высшая школа, 1987-287с.
  8. Охрана природы: Справочник / Митрюшкин К.П. и др. М: Агропром, 1987
  9. Израиль. Ю.А. Экология и контроль состоянием природной среды. Л: Гидрометеоиздат,21984.
  10. Закон РК «Об охране окружающей среды» Алматы, 1997.
  11. Концепция экологической безопасности РК, Алматы, 1996. 
  12. Колпаков В.В., Сухарев И.П. Сельскохозяйственная мелиорация. М.: Колос, 1988.
  13. Дементьев В.Г. Орошение. М.: Колос, 1979.
  14. Атақұлов Т.А., Кененбаев Т.С. Досмұхамбетова А.Р. Ауыл шаруашылық 
  15. мелиорациялары. Алматы, 1997.
  16. Ерхов Н.С., Мисенев В.С. Практикум по сельскохозяйственной мелиорации и водоснабжению. М. Колос, 1977.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2016-01-22 16:15:18     Қаралды-13619

20 ҒАСЫРДЫҢ НЕГІЗГІ ӨНЕРТАБЫСТАРЫ

...

20 ғасырдың негізгі өнертабыстары, оларсыз қазіргі адам өмір сүре алмайды

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САМАУЫРДЫҢ ІШІНЕ ҚАҚ ТҰРСА

...

Cамауырдың ішіне қақ тұрса

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШАШ КҮТІМІ

...

Адамның шашы бірде түсіп, бірде шығып дегендей, ұдайы алмасып отырады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ӘЛЕМ ТУРАЛЫ СІЗ БІЛМЕГЕН 15 КЕРЕМЕТ ФАКТ

...

Біздің әлем - шексіз жұмбақ. Күн сайын сіз ол туралы көптеген жаңа нәрселерді біле аласыз!

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТАРКТИДА ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Мұз құрлығының ресми ашылған күні 1820 жылдың 28 қаңтары болып есептеледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЫЛҚЫ АТЫМЕН АТАЛАҒАН SNICKERS ШОКОЛАД БАТОНЧИК

...

Snickers - жастар арасында ең танымал батончик

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕР ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Бұл мақалада біздің жер туралы қызықты деректер талқыланады

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЯҚ КИІМГЕ ДЕ КҮТІМ КЕРЕК

...

Әдетте, адамның екі аяғы бірдей бола бермейді. Көбіне оң аяқ сол аяқтан гөрі үлкенірек келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮДЕРІ БҰЙЫМДАРДЫ ТАЗАЛАУ

...

Күдерден тігілген бұйымдарды қалай тазалауға болатын тәсіл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »