UF
Загрузка...

Тақырып. Аймақтық жоспарлаудың маңызды қағидасы - шығу деңгейiн талдау

 

1.      Елдiң экономикалық дамуының аймақтық ерекшелiктерi мен жағдайын зерттеудiң қажеттiлiгi және негiзгi нәтижелерi.

2.      Қазақстанның iрi аймақтары мен облыстарының экономикалық өсу динамикасы.

3.      Аймақтар топтамасына қолданылатын негiзгi көрсеткiштер, олардың болашақ даму басыңқылығын анықтау.

4.      Аймақтардың экономикалық дамуының жинақтамалы (макроэкономикалық) көрсеткiштерi мен олардың деңгейiн анықтау әдiстерi.

 

1. Әлеуметтiк-экономикалық дамудың ерекшелiктерi, аймақтар экономикасының нарыққа енудегi өзiндiк жолдары әрбiр аймақтық жүйенiң экономикалық дамуындағы түбегейлi мемлекеттiк және нарықтық реттеу әдiстермен қамтамасыз өте алатын, аумақтық дамуды басқарудың сәйкес механизмiн талап етедi.

Алғашқы уақытта аймақтарды басқару қызметтерiн бөлiп көрсету мәселесiн шешу қиын болатын, өйткенi басқарудың аумақтық органдардың бұл ұшiн нақты құқықтары және жеткiлiктi дәрежеде қаржылық қамсыздандырулары болмады, сөйтiп аймақтың халық шаруашылық кешенi негiзiнен орталықтан басқарылды. Жоспарлы, директивтi тапсырмалар жоғарыдан тек «А» салалары үшiн ғана емес, ауыл шаруашылығының өңдеу саласына да тұсiрiлетiн. Әлеуметтiк инфрақұрылымның (ведомстволық тұрғын-ұй, мектепке дейiнгi балалар мекемелерi, денсаулық сақтау мекемелерi, мәдениет объектiлерi, ал шағын индустриалды қалаларда – тiптен бұкiл әлеуметтiк саласы) көп бөлiгi билiктiң жергiлiктi органдарының басқару саласынан алынып тасталды.

Аймақтық ұдайы өндiрiстi басқарудың мемлекеттiк және аумақтық аспектiлерiнiң арасындағы қатынас елеулi дәрежеде мемлекеттiң экономикасының тұрақтылығымен анықталатынын дүниежүзiлiк тәжiрибе көрсеттi: терең экономикалық күйзелiс жағдайларында экономикалық қарым-қатынастарды реформалауда басқарудың мемлекеттiк тұтқалары күшейдi, мемлекеттiк құрылымдар аймақтың шаруашылықты басқарудағы негiзгi қызметтердi өз мойнына алады, әрi қарай экономиканың тұрақтанып өсуiне қарай аймақтық Ұдайы өндiрiс процесi көп дәрежеде жергiлiктi органдармен басқарыла бастайды. 

Аймақтың басқару қызметiн бөлу негiзгi тiзбек деңгейiнде өзiн-өзi басқару, республика экономикасын басқарудағы мемлекеттiң реттеу ролiн нығайту және аймақ деңгейiнде жалпы мемлекеттiн мақсаттар мен мәселелердi ескере отырып жергiлiктi шаруашылықты басқаруды өз бетiнше жұргiзу сияқты бiрегей принциптен келiп шығуы қажет.мұндайбастапқы алғышарттың бiрiнде экономиканы басқарудың республикалық органдарының негiзгi қызметтерi болып экономикалық-әлеуметтiк дамудың басымдықтарын және маңызды стратегиялық бағыттарын анықтау, республика үшiн едәуiр глобалды, маңызды мәселелер бойынша Ұлттық бағдармаларды қаржыландыру, республиканың халықаралық және мемлекетаралық еңбек бөлiнiсiне тиiмдi қатысуын анықтау табылады.

Қазiргi уақытта табиғи ресурстарға төлемдердiң және олардың республика аумағы бойынша дифференциациясының нақты нормативтерi бекiтiледi, жалпы мемлекеттiк салықтық, қаржы-несиелiк саясат, сонымен қатар банк және кеден iстерiндегi саясат жасалынады, сыртқы экономикалық қызметте табиғи ресурстарды өткiзу бойынша квоталар бекiтiледi, ақша айналымының жалпы саясаты қалыптастырылады және құқықтық нормалармен қамтамасыз етiледi.

 

2. Экономикалық өзара қарым-қатынастардың көрсетiлген нормативтiк базасы республика аймақтарының типологиясын, олардың ел экономикасын қалыптастырудағы ролiн ескеруi қажет. Бұдан басқа республикалық салықтардыңжергiлiктi бюджеттерге аударымдар мөлшерiнiң дифференциациясы негiзделуi керек. Басқарудың республикалық органдары жағынан аймақтың дамуға жалпы жетекшiлiк ету және аумақтық әлеуметтiк-экономикалық жүйелер қызметiнiң ерекшелiктерiн есепке алу максималды тұрде шаруашылық жұргiзу процесiне аймақтық факторлар мен резервтердi тарту үшiн қажет. Бұл жетекшiлiк әрбiр аймақтық жүйенi оның басты мақсаты – аумақтың еңбек бөлiсiне белсендi қатысу, республиканың қажеттiлiгiн оның өндiрiстiк-экономикалық, ресурстық потенциалын және географиялық жағдайын есепке алып, шаруашылықты дамытуға бағыттай отырып жалпы аймақтық дамуға жетелейтiн ыңғайларды жасау тiзбесi арқылы жүзеге асырылуы тиiс. Бұдан басқа басқарудың республикалық органдары бiр облысқа шақпайтын мәселелердi шешуде, барлық немесе бiрқатар аудандарға өндiрiстiк-экономикалық ауыртпалық тұсiретiн және осы ауыртпалықтарды қабылдау үшiн жағдай жасайтын (соның iшiнде көлiк мақсаттағы iрi инфрақұрылымдық объектiлердiң дамуы) iрi аумақтық бағдарламаларды жасауда, облысаралық өзара ықпал ету саясатын жүргiзуi керек.

Аймақтардың экономикалық дамуы оларда жасалынған таза табыс есебiнен жүргiзiлгендiктен, басқарудың республикалық органдары депрессивтi аймақтарды көтеру, тiрек аймақтарда экономика салаларында жаңару процесiн ынталандыру, қорғаныс кешенiнiң конверсиясы, өзiнiң тарихи отанына оралып жатқан тұрғылықты ұлт өкiлдерiн жайғастыру т.с.с. үшiн аймақтық дамудың республикалық қорын қалыптастырып қайтадан, бөлiстiруге мiндеттi. Осыған байланысты олар аймақтар арасында қаржылық ресурстарды қайтадан бөлiстiруге, соның негiзiнде экономикалық өсiмнiң жаңа резервтерiн алуға, жалпы республикалық мақсаттағы ресурстардың аймақтық органдармен пайдаланылуын бақылауға мiндеттi. Республиканың әлеуметтiк экономикалық дамуының кұрделi мәселесiнiң бiрi болып аймақтар бойынша тұрғындардың өмiр сүру деңгейiн тенестiру қалып отыр. Ол мемлекеттiң әрбiр тұрғынының мүдделерiн айқындайды, сондықтан оның шешiлу тұжырымдамасы, стратегиясы басқарудың республикалық органдар деңгейiнде қалыптастырылуы керек. Сондай-ақ экологиялық залал қалдықтарын жою, қоршаған ортаға жоғары ауыртпалығы бар аймақтарда жағдайларды жою бойынша бiрлескен қызметтi Ұйымдастыру сүрақтары орталықтандырылған тұрде шешiлуi қажет.

Жаңа жағдайларда аймақтық дамудың әлеуметтiк-экономикалық, экологиялық мәселелердi берiк қаржы-экономикалық, материалды-техникалық база және нақты құқықтық нормалар негiзiнде шешудiң тактикасы мен стратегиясын жасау мен жүзеге асыру қажет. Басқарудың жергiлiктi органдарының аймақтардағы реформалау процесiн жұзеге асыру мен экономика жағдайына жауапкершiлiгi олармен аймақтағы қалыптасқан барлық өзара байланысқан және өзара шартталған қарым-қатынастар жүйесiне экономикалық әдiстермен ықпал ету жолымен аймақтық ұдайы өндiрiс процесiн басқаруды қарастырады. Өйткенi өндiрiстiк процестер аймақ шекараларында өзiнiң кеңiстiк шеңберiмен ақтап, сәйкесiнше аймақтық басқарудың объективтi болып ұдайы өндiрiс процесiмен негiзделедi. Бұлар қатарына ең алдымен тұтыну нарығының балансты тану процесi жатады.

Нарық қатынастарының қалыптасу жағдайында аймақ үшiн экономикалық-әлеуметтiк ортаны, аймақтың өндiргiш күштердiң және өмiр сүру орындарының даму объектiсi ретiнде сапасын қалыптастыратын процестердi басқару және реттеу маңызды рольге ие болады. Осыған байланысты басқарудың жергiлiктi органдарына өндiрiстiк емес капитал салымдарының қажеттi құрылымын қалыптастыруға ықпал етуi керек. Осында әлеуметтiк, өндiрiстiк және экологиялық инфрақұрылымды басқару тек барлық ұдайы өндiрiс процесiн, оның негiзгi элементтерi арасындағы пропорцияларды терең талдау базасында ғана мұмкiн болады. Нарықтық қатынастар аумақтық шаруашылық жүргiзудiң жаңа принциптерi жергiлiктi билiк органдарын конкурстық негiзде аумақта қызмет ететiн шаруашылық субъектiлерге аймақтық ресурстарды ұсыну қызметiн берудi қарастырады, мұнда аймақ үшiн максималды пайданың кепiлi мен аумақтардың кешендi дамуының мүдделерi көзделедi, сонымен қатар iскерлiк қызметтердi «аймақтандыру» және оларды кәсiпорындарға ұсыну процестерiн реттеудi ұйғарады (әр түрлi тұрғыдағы қаржылық, сақтандыру, делдалдық, кеңес берушi, ақпараттық енгiзгiштiк, маркетингтiк және де басқа фирмалардың кадрларды дайындыру және қайтадан дайындау бойынша Ұйымдарды, саларалық өндiрiстердi, қалдықтардың утилизациясын құру жолымен). Аймақтық ресурстарды беру негiзiнде басқарудың жергiлiктi органдары мен шаруашылық субъектiлер арасында келiсiм мiндеттемелерi болуы шарт.

 

3. Осы уақытқа дейiн аумақтық басқарма басқарудың маркетингтiк әдiстерiн қолдану позициясынан қарастырылмаған едi, себебi жергiлiктi органдардын оған құқықтары, әрi сәйкес қаржылық қамсыздандырылуы болмады. Ал бүгiнгi таңда оларға аймақтарды кәсiпкерлiк қызметтi ынталандыруға, соның көмегiмен ең алдымен аумақ қызығушылық танытатын көптеген проблемаларды шешуге және кәсiпкерлердiң жаңа технологиялардың элементтерi бар бағыттарды ынталандыруға кең мұмкiндiк берiлген. Басқарудың аймақтық органдары шетелдiк тәжiрибеде басқарудың маркетингтiк әдiстерiне негiзделген (дамудың басымды бағыттарын есепке ала отырып, экономикалық жағдайды зерттеу  және жоспарлау, осы процестердi басқарудың мазмұнын жасау) коммерциялық қызметтi жүргiзуге мұмкiндiгi бар. Басқарудың аймақтық органдарына кәсiпорындар, облыс қалалары мен аудандары бойынша статистикалық ақпаратты қалыптастыру жүйесiн қайта құруды және статистикалық есеп берудi әлемдiк стандарттарға ауыстыруды есепке ала отырып, едәуiр маңызды әлеуметтiк экономикалық ақпараттарды жинау мен өңдеудiң автоматтандырылған орталықтарын ұйымдастыру жолымен облыс масштабында мәлiмет ортасын құру қажет.

Осылайша, аймақтардың экономикасын басқарудың қызметтерiн республикалық және жергiлiктi деңгейде бөлiп көрсету елдiң глобалды проблемаларын ескеретiн аймақтардағы мемлекеттiк экономикалық стратегияларды жүзеге асыруға бағытталуы қажет. Аймақтар, осы стратегияны жүзеге асыра отырып, берiлген аумақта максималды тиiмдiлiкпен барлық қызмет салаларының пропорционалды дамуын, өмiрге – тапқан құралдар бойынша өмiр сүру принципiн енгiзу арқылы қамтамасыз етуге мiндеттi. Басқарудың әр түрлi деңү, сондай-ақ аумақты инфрақұрылымдық жайғастыру саясатында тоғысады. Бұлар қайсы басымдықтарға аймақтық ресурстарды беру дұрысырақ және әр түрлi басқару деңгейлерiнiң жобаны қаржыландыруға қатысу дәрежесi қандай болу қажет дегендермен негiзделедi. Аймақтағы әлеуметтiк жобалардың жасалынуы мен жүзеге асыруында үстемдiк билiктiң жергiлiктi органдарына берiлу тиiстiгi анық, бұлар барлық әлеуметтiк саланы басқара отырып, олардың пропорцияларын жетiлдiредi және қаржылық, материалдық-техникалық ресурстарды сәйкес бөлiстiру жолымен процестi, оның ынталандырылуын қамтамасыз етедi.

Басқарудың жергiлiктi органдарына ведомствоға қарасты аумақтарда инвестициялық-құрылыс бағдармаларын қалыптастыруға және жүзеге асыруға белсендi қатысуы керек, өйткенi соның негiзiнде аймақтың пропорционалды  және тиiмдi халық шаруашылығы кешенiнiң болашақ фундаментi қаланады. Бұл жерде бастапқы нәрсе, көптеген аумақтық-салалық проблемалары, қоршаған ортаны қорғау сұрақтарын қосып алғанда жобалау сатысында шешiлуi тиiс екендiгiнде. Осы сатыда сала мен аумақ мүдделерiн келiстiре отырып басқарудың жергiлiктi органдары аймақты кешендi басқару механизмен бiрте-бiрте қадағалайтын болады.

Аймақтардың бөлiп көрсетiлген топтарының әлеуметтiк-экономикалық дамуындағы әр тұрлi бастапқы деңгей, олардың республика экономикасын реформалаудағы мақсаттар мен мәселелерiнiң өзiне ерекшелiктерi жалпы алғанда республикадағы нарықтық қатынастардың қалыптасу процесiн жылдамдатуды қамтамасыз ететiн аумақтық дамудың тетiктер мен ынталардың әр түрлi сәйкес дәрежесiн, экономикалық механизмнiң дифференциациясын мiндеттi түрде айқындайды.

 

4. Аймақтардың бiрдей емес қаржы-экономикалық мүмкiндiктерiнiң салдарынан олардың жекелерi алдынғы кездерде де ресурстарды қажет еттi.мұндай қолдаудың қажеттi – минималды деңгейi еңбекке жарамды тұрғындар ортасындағы ағымдағы және күтiлетiн жұмыссыздық деңгейiмен, өндiрiстiк емес саланың едәуiр маңыздылардың тұрақты қызметiн қамтамасыз етудегi аймақтың нақты өзiндiк мүмкiндiктерiмен, экологиялық жағдайдың ауыртпалық дәрежесiмен аңықталуы мүмкiн. Оның максималды мөлшерi өндiрiстiк мақсаттағы республикалық инвестициялардың жалпы көлемiнiң 5-7% шегiнде бекiтiлуi мүмкiн. Республиканың экономикасын тұрақтандыру және нарықтық қатынастарды қалыптастыру процесiне аймақтық ресурстарды тарту белгiлi бiр жалпы жағдайларды құрғанда ғана мұмкiн, атап айтсақ:

· бiрiншiден, барлық аймақтық қоғамдық өнiмнiң ұдайы өндiрiсiне тиiмдi ықпал ету билiк және басқарудың жергiлiктi органдарына белгiлi аумақта ағып және аяқталып отырған процестердi (өндiрiстiк, әлеуметтiк инфрақұрылым, тұтыну нарығы және т.б.) реттеу құқығын бекiту;

· екiншiден, аймақтық ресурстардың белгiлi бiр егесi болуы керек, ол олардың тиiмдi қолданылуына жауап берер едi. Олар басқарудың жергiлiктi органдары болуы мұмкiн, бiрақ олар бұл жерде бiрдей жағдайда субъектiнiң аумағында серiктестiк шарттарында дербес шаруашылық субъектiлер ретiнде көрiнуi керек. Оларға ресурс ұсынудың сәйкес механизмдерiн қолдану арқылы (конкурстық жүйе, оларды тиiмсiз пайдаланғаны үшiн төлемнiң жоғары ставкалары т.с.с);

· үшiншiден, экономиканың барлық салаларындағы қызметтi жақсартудың күштi стимулы ретiнде аймақтың экономика салалары кешенiнiң тиiмдi қызмет етуiнiң деңгейiнен жергiлiктi бюджеттердiң тәуелдiлiгiн қамтамасыз ететiн заңдылық кепiлдемелер болуы мүмкiн, өйткенi бұл оның әлеуметтiк экономикалық мәселелерiн шешудi аумақтағы шаруашылық жүргiзудiң деңгейiмен байланыстырады.

 

 

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2016-01-12 16:45:47     Қаралды-1795

АРАБ ЖЫЛҚЫСЫ

...

Араб жылқысы - байырғы жылқы тұқымдарының бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРХЕОЛОГИЯ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

тарих ғылымының бір саласы, алғашқы қауымнан, көне заманнан, орта ғасырдан қалған заттай есқерткіштерді зерттеу арқылы адам қоғамының өткендегі тарихын анықтайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БЕЛБЕУ ТАСТАУ

...

Қазақтың ұлттық ойыны

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СОЛТҮСТІК МҰЗДЫ МҰХИТ

...

Жер шарындағы ең кіші мұхит

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САРЫАРҚА ҚАТПАРЛЫ АЙМАҒЫ

...

Сарыарқа қатпарлы аймағы - Азиядағы дербес ірі геологиялық құрылымдардың бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ЖЫЛДАМ ҚҰСТАР

...

Құстар - жердің ең жылдам тіршілік иелері, өйткені жануарлар әлемінің құрлық немесе суда жүзетін құстарының бірде-бір өкілі олармен жылдамдығымен салыстыра алмайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АУА

...

Жер атмосферасын құрайтын, негізінен азотпен оттектен тұратын газдар қоспасы. Ауа су мен жер қыртысының құрамында да болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІРЖАН - САРА АЙТЫСЫ

...

Біржан мен Сараның 1871 жылы қазіргі Талдықорган облысының Қапал - Ақсу өңірінде кездескендегі айтысы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІРЖАН-САРА ОПЕРАСЫ

...

Опера тұңғыш рет 1946 жылы 7 қазанда Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрында қойылды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »