UF

                    Қазақстан   энергетикасы. Тарихы  мен  дамуы.

 

Ресей империясы  жас  Қазақ  республикасына  ешқандай  энергетекалық  мұра  қалдырмады. Революцияға  дейінгі  Қазақстанның  барлық  электр  станцияларының  жылдық  электр  өнімі  1,3  млн.  кВт.  механикаландырған  бір  совхоздың  тұтынатын  электр  энергиясынан 2-3 есе аз болды. Бұл, негізінде Ертіс өңірі  мен Орталық Қазақстанның тау-кен рудалы кәсіпорнына қызмет ететін кішігірім электр станциялары болатын. Олар локомобильдермен, не екі ырғақты мұнай двигателдерімен жабдықталды, яғни бу турбиналары болған жоқ.

1920 жылы Шығыс Қазақстан облысындағы Ұлба және Громатуха өзендерінде су электр станцияларын салу ісіне көніл аударылды. ГОЭЛРО жоспары бойынша Қазақстанда, оның ішінде Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында су электр станцияларын салу ісі белгіленді.

Қазақстанның энергетикасы дамуының өсу қарқа\ынын техникалық деңгейі жағыннан шартты түрде бірнеше кезеңге бөлуге болады.

Бірінші кезеңге 1920 жылдар кіреді. Бастапқы кезде империалистік және азамат соғысы салдарынан құлдырып кеткен шаруашылықтарда, әсіресе тау-кен өнеркәсібі үшін шамалы қуатты электр станциясын салу қажеттілігі туды. Мысалы, Орталақ  Қазақстандағы Қарсақпай және Шығыс Қазақстандағы Глубоков электр станциялары мыс балқату зауыттарын электрмен қамтамасыз ету мақсатында салынды. 1928 жылы Риддер жанындағы қуаты 3 МВт Жоғарғы Хариуз су электр станциясы іске қосылды. Міне, бұл станция Қазақстан су энергиясы құрылысының бастамасы болды.

Бірінші кезеңнің аяғына таман республиканың электр станцияларының қуаты 9 МВт, ал электр энергиясының өнімі 7 млн. кВт сағқа (1913 ж. 1,3 млн. кВт болатын) жетті. Осы цифрлар қазіргі түсінік бойынша, әрине, көзге тым қораш болып көрінеді.

Қазақстан энергетикасының дамуының екінші кезеңі – 1930 жылдары индустриялы Қазақстанның айқын түрін белгілеген, өнеркәсіппен күрделі жаңа құрылыстың қарқындап даму уақыты болды. Ірі өнеркәсіп орындарымен қатар сол кездегі біршама қуатты электр станциялары салына бастады.

Электр станцияларының саны мен жалпы қуатыкүрт артты. Бірыңғай өнеркәсіптік станциялармен қатар тұрмысқа және ауыл шаруашылығына қажет электр станциялары, сонымен бірге темір жол транпорты мен байланыс жолдарына қызмет ететін электр стнциялары салынды.

1934 жылдың басындыа, республиканың барлық  электр станцияларының жалпы қуаты 60 МВт-ға жетті, бұл бірінші кезеңдегі жағдаймен салыстырғанда 6,5 есе көп еді.

Электр станциялары қуатының негізгі үлесі (80% шамасында) ауыр өнеркәсіпке берілді. Олардың орташа бірлік қуаты, сол кезгі шамамен алғанда айтарлықтай көп еді. Тұрмысқа қажет электр станцияларының барлығы да кіші-гірім  болатын, тек кейбір облыс орталықтарындағы станцияның қуаты бірнеше жүздеген киловатқа жетті. Бастапқыда тұрмыс мұқтаждарын өтеуге арналған бұл станциялар негізінен қалалардағы тез өсіп келе жатқан орташа және ұсақ өнеркәсіптерді электрмен қамтамасыз етуге пайдаланылды. Сондықтан олар сарқыла пайдаланылып, қалалардың көпшілігі электр энергиясына мұқтаж бола бастады.

Бірінші жене екінші кезеңдер аралығында мынадай ірі өнеркәсіп орындары: Қарағанды көмір комбинаты, Шымкент қорғасын зауыты, Ақтөбе химия комбинаты, Шығыс Қазақстан облысындағы тау-кен металлургия кәсіпорындары, Семей ет комбинаты салынды. Осыған орай, Қазақстанда алғашқы бу турбиналы электр станциялары салынды, олардың қуаты мыңдаған киловатқа жетті. Оның ішіндегі ең ірілері: 1932 ж. іске қосылған. Қарағанды орталық электр станциясы Шымкент қорғасын зауытының орталық электр станциясы (1934ж.), Семей ет комбинатының жылу электр орталығы (1935ж.), Алға қаласындағы Ақтөбе химиа комбинатының жылу электр орталығы (1935ж.), Қаратау орталық электр станциясы (1935ж.). Мұның бәрі зауыттың электр станциялары еді. Алайда, олардың үлкен қалаларда орналасқан кейбіреулері, кәсіпорынның тар шеңберінен шығып, қала тұтынушылардың энергиямен қамтамасыз ете бастады. Мысалы, Семей ет комбинатының жылу электр орталығы бірқатар кәсіп орындар мен қаланың бір бөлігін энергиямен жабдықтады. 1935 жылы алғашқы бу турбиналық электр станциясы – Алматы Орталық  электр станциясы іске қосылды, ол республика астанасын 1944 жылға дейін электр энергиясымен қамтамасыз етудің бірден-бір көзі болып есептелді.

1937 жылы Балқаш қаласында Қазақстандағы алғашқы ірі жылу электр станциясы іске қосылды. Дәл сол жылы Шығыс Қазақстан облысында қуаты 27,6 МВт Ұлба су электр станциясы пайдалануға берілді. Оның іске қосылуы Қазақстандағы алғаш энергия жүйесін құруға себебін тигізді (қазіргі «Алтайэнерго»).

Екінші кезеңнің аяғында бірқатар ірі энергетикалық объектілер, Ертіс ГЭС – і, Қарағанды ГРЭС – і салына бастады. Екінші кезең – негізінен республиканың энергетикалық базасының қалыптасу кезеңі. 1940 ж. Қазақстанның  барлық электр станцияларының қуаты 224 МВт – ға жетіп, электр станциясының өнімі – 0,63 млдр. кВт сағ болды.

Қазақстанның энергетикалық базасының даму қарқыны Совет одағы бойынша орташа цифрлардан әлдеқайда жоғары болды. Егер 1928 – 1940 жылдарда ССРО – да электр энергиясының өнімі 9,7 есе өссе, Қазақстанда осы уақыт ішінде ол 90 есе өсті. Электр энергиясын өндіру жағынан ол бұрынғы Совет Одағының барлық аудандарын қуып жетіп, 1940 жылы одақтас республикалар ішінде бесінші орынға ие болды.

Герман фашизмі біздің елімізге соғыс ашқан жылы Қазақстанның өзінің қуатты энергетикалық базасы болған. Бұл экономиканы, оның ішінде бірінші кезекте еліміздің шығыс аудандарының энергетикалық базасын жан-жақта әрі шапшаң дамытудың нәтижесі еді

Үшінші кезең – Қазақстан энергетикасының дамуындағы елеулі кезең. Оған сұрапыл соғыс жылдары кіреді. Бұл кезеңде түсті металдар өндірісін, көмір шығаруды тез арттырып, майдан мен тылды тағамдық азықтар мен жеңіл өнеркәсіп бұйымдарымен қамтамасыз ету қажет болды. Қазақстанда ірі машина жасау зауыттары қайта жасақталды. Өнеркәсіптік өндірістің өсуіне, кәсіпорындары шапшаң түрде кеңейтуге және эвакуацияланған зауыттыр мен фабрикаларды іске қосуға байланысты электр қуаты жеткіліксіз болды. Барлық қалалар мен өнеркәсіп орталықтары энергиядан қатты тапшылық көрді.

Өздерінің ерен еңбектерінің арқасында Қазақстан энергетиктері қысқа мерзім ішінде энергетикалық базаның онан әрі өсуіне және электр энергиясы өнімін біршама арттыруға қол жеткізді. Олар қондырылған энергетикалық жабдықтарды дұрыс пайдалануға, электр станцияларының құрылысын тездетуге бар күштерін жұмсады. 1942 жылы адам айтқысыз қиын жағдайда, сол кездегі ірі жылу электр станциясы 1-Қарағанды ГРЭС-і іске қосылды. Оның іске қосылуы елімізде тапшы болып отырған көмір өндіруді тездетуге мүмкіндік туғызды. Дәл сол 1942 жылы Ақтөбе жылу электр орталығы пайдалануға берілді, ол қару-жарақ шығаруға қажетті ферроқорытпа өндірісінің құрылысын салуға ықпалын тигізді.

1943 жылы 1-Петропавл жылу электр орталығы (ТЭЦ), 1944 жылы 1-Текелі жылу электр орталығы және Шымкент май комбинатының жылу электр орталығы (қазіргі 1-Шымкент жылу электр орталығы)  салынды. Республика астанасының тұрғындары Алматы су электр станциясы тізбегінің құрылысына қызу араласты. 1944 жылы оның алғашқы екеуі, келесі жылу тағы да  екі су электр станциялары іске қосылды.

Міне, осындай қызу еңбектің нәтижесінде соғыс жылдарында электр станцияларының қуаты 1,8 есе өсіп, 382.5 МВт – қа жетті.

Қазақстан энергетикасының дамуының келесі кезеңі – соғыстан кейінгі энергетикалық базаның қарқынды даму кезін қамтиды. Электр станциялардың қуаты 6,5 есе өсіп, 1960 жылдың басына таман электр энергия өнімі 2,53 млн. кВт сғатқа жетті. Қуат өндірудің жылдық орташа мөлшері соғысқа дейінгі кезеңмен салыстырғанда 7,5 есе артты.

Сөйтіп, републиканың энергетикалық шаруашылығының жаңа негіздері қаланды. Көптеген электр станциялар салынды. Бай гидроэнергетикалық  ресурстарды меңгеру жолындағы жұмыстар жүргізіліп, ірі гидроэнергетикалық құрылыстың тәжірибесі толықтырылды. Бұл ретте 1952 жылды атағанымыз орынды: бұл жылы Өскемен су электр сатанциясы іске қосылды. Қуаты 675МВт Бұқтырма су электр станциясының құрылысы орасан зор қарқынмен алға басып, 1960 жылы оның бірінші кезегі берілді. Алматы су электр станциясы тізбегінің құрылысы аяқталды: 1952 ж. 1-Озерная су электр станциясы, ал 1959 ж. 2-ГЭС іске қосылды. Бұл - жоғары қысымды су электр сантциялары болатын. Дәл осы кезеңде жылу электр сантциялары да қарқынды түрде дами бастады. 1947 жылы Өскемен жылу электр орталығы іске, қосылды, ол Қазақстандағы алғашқы жоғары қысымды жабдықтармен жарақталған ТЭС болатын. 1952 жылы Жезқазған және 3-Жамбыл жылу электр орталықтары, 1956 жылы Лениногор ТЭЦ-і және 2-Теклі жылу электр орталықтары іске қосылды. Оның үстіне мына электр станциялары кеңейтілді:      1-Қарағанды ГРЭС-і, Балқаш ТЭЦ-і, Кентау, Алматы жылу электр орталықтары т.с.с.

   

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2016-01-11 17:14:12     Қаралды-4992

20 ҒАСЫРДЫҢ НЕГІЗГІ ӨНЕРТАБЫСТАРЫ

...

20 ғасырдың негізгі өнертабыстары, оларсыз қазіргі адам өмір сүре алмайды

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САМАУЫРДЫҢ ІШІНЕ ҚАҚ ТҰРСА

...

Cамауырдың ішіне қақ тұрса

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШАШ КҮТІМІ

...

Адамның шашы бірде түсіп, бірде шығып дегендей, ұдайы алмасып отырады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ӘЛЕМ ТУРАЛЫ СІЗ БІЛМЕГЕН 15 КЕРЕМЕТ ФАКТ

...

Біздің әлем - шексіз жұмбақ. Күн сайын сіз ол туралы көптеген жаңа нәрселерді біле аласыз!

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТАРКТИДА ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Мұз құрлығының ресми ашылған күні 1820 жылдың 28 қаңтары болып есептеледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЫЛҚЫ АТЫМЕН АТАЛАҒАН SNICKERS ШОКОЛАД БАТОНЧИК

...

Snickers - жастар арасында ең танымал батончик

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕР ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Бұл мақалада біздің жер туралы қызықты деректер талқыланады

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЯҚ КИІМГЕ ДЕ КҮТІМ КЕРЕК

...

Әдетте, адамның екі аяғы бірдей бола бермейді. Көбіне оң аяқ сол аяқтан гөрі үлкенірек келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮДЕРІ БҰЙЫМДАРДЫ ТАЗАЛАУ

...

Күдерден тігілген бұйымдарды қалай тазалауға болатын тәсіл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »