UF
Загрузка...

 

Тақырып. Тәрбие социологиясы.

 

Тәрбие мәселесі – бұл, негізінде, қорытынды шешімін таппайтын түпкілікті әлеуметтік мәселелердің бірі. Дегенмен, бүгінгі таңда, бұл мәселе әлеуметтік саясаттың негізгі өзегінің құрамдастарын белгілейтін және Қазақстан еліндегі қоғамдық өмірді  белсендіру жүйелерімен байланысты жаңа қырынан көрінді. Тәрбие мәселесін қарастыру тек педагогика, психология және пәлсафа ілімдерімен зерттелмей ғана, әлеуметтік құбылыс ретінде Қазақстанда орын алатын әлеуметтік-экономикалық және саяси жаңашылдықтардың тәрбие мәселесіне қызығушылығын арттыруына  байланысты, жии әлеуметтік ілімнің арнайы зерттеу объектісі болып табылуда. Себебі тәрбие мәселесіне деген социологиялық қызығушылықтар тек әлеуметтік институттардың демократизациясы басталғанда ғана айқындалады. Демократиялық жаңашылдықтарды синхрондық жинақтау социологиялық қызығушылықтың басылуына келтіреді. Бұл әлеуметтік-тарихи заңдылық: қоғам және адамды ғылыми зерттеу тек демократиялық қоғамда мүмкін, өйткені мұнда басқа азаматтардың санасы және ерігі құрметтеледі, мұнда салауатты ой-сана, қоғамдық пікір және бұқаралық мінез-құлық әлеуметтік тең құқылы болып табылады.

 

1.    Тұлғаның әлеуметтік мінез-құлқысы және оны қалыптастыру себептері.

 

Қазіргі жағдайда қоғамдық тәрбиенің қызметі тарихи дамудың әр жаңа табалдырығында жоғарылайтыны туралы жағдайдың шындығы жии күмәнге алынады. Азаматтарды біртұтас етіп тығыз байланыстыратын экономикалық қарым-қатынастар неғұрлым кем дамыған болса, қоғамдық байланысты ерекше регламенттік факторлар арқылы қалыптастыратын іс-әрекеттер соғұрлым мол болуы тиіс: салт-дәстүр, әлеуметтік нормалар, таптаурын, салттар. Мұның барлығы табиғат және басқа адамдармен жасалатын тұрақты күресте жеңу үшін түрлі ұрпақтарды ынтымақтық рухында тәрбиелеуге мүмкіншілдік туғызады. Және, керісінше, адамдардың мінез-құлқын әлеуметтік реттеу жүйесі дамыған азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет жағдайында маңызды қысқартылады. Сонымен қатар, тәрбие жүйесі жан-жақты болып келеді: әр адам ерікті немесе еріксіз айналасындағы адамдардың тәрбиесінде қатысады, тұрақты түрде өзінде олардың тәрбиелік іс-әрекеттерінің нәтижелерін басынан өткізеді. Тәрбие адамзат іс-әрекетінің ең көпшіл түрі болып қана қалмай, адамзаттық әлеуметтікті қалыптастыру бойынша негізгі жүктемені іске асыруды өзіне артқан, себебі тәрбиенің негізгі мақсаты- адамды  қоғамдық қажеттіліктермен анықталатын бағытта өзгерту. Тәрбие - бұл жаңа ұрпақтарға қоғамдық тәжірибені тапсыру әрекеті, тұлғаның қалыптасуын, оның қоғамдық өмірге және өндірістік еңбекке дайындығын қалыптастыратын жоспарлы шамалас және мақсатты бағытталған әрекет. Қоғамдық өмірді демократизациялау жүйесінде адамды озат дүниетанымдық көзқарастармен, жоғары адамгершілік қабілеттермен, терең идеялық нанымдықпен, қоғамдық белсенділікпен, шындыққа деген шынайы санамен, еңбек және тәртіптің жоғары мәдениетімен сипатталатын тұлға ретінде тәрбиелеу - ең бір өзекті әлеуметтік мәселелердің біріне айналады. Әлеуметтану тәрбиені адамдардың қоғамдық қажетті іс-әрекеттерінің ерекше түрі ретінде қарастырады.

Кез-келген ғылым, табиғи, техникалық, әлеуметтік, үнемі негіздеуді және нақты сезінуді көздейді. Табиғаты және маңыздылығы бойынша социологиялық ілімдер тек тұтас ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік шындықтың ерекше және уникалды мазмұнын анықтау мақсатымен оның жеке тұстарын, қасиет, қабілеттерін зерттеуде дифференциалдық әдісті талап етеді. Огюст Конт, Эмиль Дюркгейм, Герберт Спенсер, Макс Вебердің идеяларын әрі қарай дамытып, әйгілі әлеуметтанушы Питирим Сорокин «Структурная социология» еңбегінде жалпы және арнайы әлеуметтану пәндерінің бөліну қағидаларын тұжырымдайды.  Егер, Питирим Сорокин бойынша, «жалпы динамикалық социология адамдардың өзгеріске ұшырауын зерттесе, онда арнайы социология «маңызы бойынша», тура сондай әрекетті іске асырады, бірақ мұқият зерттеуге таңдалған әлеуметтік-мәдени құбылыстардың арнайы санатына  қатысты әрекеттерді. Әлеуметтанудың арнайы пәнін айрықшалау мынадай жағдаймен себептеледі: мұнда оның ерекше ғылыми білімнің аясы ретіндегі қатыстылық дербестігі үнемі мойындалмайды. Көбінесе тәрбиенің жеке мәселелері, қоғамдық тіршіліктің бүкіл саласы сияқты, педагогика, әлеуметтік психология, білім социологиясы т.б. зерттеу объектілері болып табылуда. Сол себептен, зерттелетін мәселелердің терең ішкі байланысын теріске шығармай, әлеуметтануда арнайы салалық ілім-тәрбие социологиясын бөлу мақсаттылығын айрықшалау қажет.

Тәрбие социологиясының шектерін, социологиялық білімнің жүйесінде оның орнын анықтау қажеттілігі қоғамдағы тәрбие жүйесінің қызмет етуін, оның мақсаттылық іс-әрекетін сараптау және жаңалауға қатысты жеке тәсілдермен себептелген. Және де нарықтық экономиканы құрумен және тіршілік етудің барлық салаларын демократизациялаумен байланысты Қазақстандағы қазіргі қоғамды жаңартуды іске асырудағы тұлға қызметінің өсуі салдарынан тәрбие социологиясы басқа бағыттардың арасында ерекше орынға ие /қала, ауыл, мәдениет, өнер, еңбек т.б. социологиясы/. Тәрбиені жеке адамға саналы әлеуметтік ықпал етіп, оған адамзатпен жинақталған әлеуметтік тәжірибені тапсыру, белгілі белгі-қасиеттерді өндіру арқылы оны кез-келген қоғамдық қызметті орындауға дайындау мақсатындағы қоғамның қызметі ретінде қарастырсақ, тәрбие социологиясы пәнінің ерекшелігін анықтауға мүмкіндік туады. Тәрбие социологиясы – бұл қоғамның мақсатты бағытталған іс-әрекеті ретіндегі тәрбие нәтижесінде белгілі дүниетанымдық, адамгершілік, эстетикалық орнатпалары және өмірлік ұмтылыстары бар әлеуметтіктің нақты тасушысы ретінде тұлғаны қалыптастыру болып табылады.

         ХХ ғ. басында - ақ  тәрбие социологиясының пәні анықталып, қалыптаса бастады. 20-ші жылдарда Бостон қаласында Уильям Смиттің «Педагогикалық әлеуметтануға кіріспе» атты кітабы жарық көреді, мұнда тәрбие социологиясы тәрбие тәжірибесі және теориясы мәселелерін зерттеуде әлеуметтанудың теориясын, әдістерін, және қағидаларын қолданатын ғылым ретінде анықталады. Ал тәрбие туралы түсінік өте кең болып келеді, мүнда айқындалатыны, тәрбие - қоғамның жеке адамды дамытып, әлеуметтендіруге қолданатын күш және ықпалдардың жиынтығынан қалыптасады. Ал мұндағы мектеп қызметі – бала санасына түрлі ықпалдарды шоғырландыру және мемлекеттің агенті ретінде оның әлеуметтендірілу жүйесіне әлеуметтік бақылауды іске асыру /Қар., Гурова Р.Г. Тәрбиелеудің социологиялық мәселелері. М. 1981/. Әрине, тәрбие мақсатты бағытталған іс-әрекет ретінде нақты қоғамның идеалдарын, қағида және құндылықтарын бекітуге тағайындалған. Мұндай әрекетті зерттеп, тәрбие социологиясының бір қатар мәселелерді шешуге мүмкіндігі туады.

         Біріншіден, тәрбие социологиясы болжамдық-теориялық қызметті іске асырады. Адамның теориялық үлгісі құрыстырылып, соның негізінде қоғамның жас ұрпақты еңбек, қоғамдық және жеке өмірге дайындық талаптарына ықпал ету заңдылықтарын зерттеу және қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани дамуының негізгі беталыстарын сараптау негізінде болжамдау мүмкін болады. Тәрбие жүйесінде  түрлі әлеуметтік текшелер және қоғамдастықтарға деген талаптардың өзгерістері зерттеледі және қоғаммен нақты әлеуметтік-тарихи жағдайларда олардың өмірге ену жүйесінде ұсынылады. Басқаша айтқанда, қоғамның жеке адамдарға деген талаптары зерттеліп, сарапталады, талаптардың тәрбиенің нақты мақсаттарға ауысуы, дербес өмірге қадам басқан тұлғаның идеалдық үлгісін қалыптастыру орын алады. Осының барлығы тәрбие социологиясының саласы мен прерогативаларына енеді.

         Екіншіден, тәрбие социологиясы алдында тәрбиенің әлеуметтік анықтамасын зерттеу қажеттілігі туындайды. Бұл зерттеу әлеуметтік мәдени ортаның және тәрбиенің жеке адамдардың әлеуметтенуіне, олардың тұлғалық қасиеттерді, белгі-сипаттамаларды иеленуіне өзара іс-әрекет ететін ықпалдарды зерттеумен байланысты. Тәрбие социологиясы жастардың әлеуметтік қасиеттерін және тіршілік етуінің өзара іс-әрекет ету және өзара қатынастарын анықтау және белгілеуді, тұлғаның қалыптасуына белгілі әсер ететін негізгі әлеуметтік жүйелерді, институт және факторлардың даму беталыстарын қарастырады. Мұнда міндетті түрде бұқаралық ақпарат құралдарының түрлі әлеуметтік текше және қоғамдастықтарға ықпалы есепке алынады, себебі олар кейіннен тәрбие жүйесіне енгізіледі. Әрине, адамзаттың тіршілігі орын алатын шағын ортаның ерекшеліктерін есепке алуда, тәрбие социологиясы алынған білімдер негізінде тәрбие жүйесін басқарудың жақсартылуын көздейді. Түрлі кезеңдік этаптарда отбасы, бұқаралық ақпарат құралдары, құрбы-құрдас топтары, өндірістік ұжымдар сияқты факторлар тұлғалық қасиеттердің қалыптасуына   түрлі, кейде қарама-қайшы ықпал етеді. Түрлі кемелдік топтарға мұндай факторлардың ықпалының тереңдетілген иерархиясын және әлеуметтік қоршау ерекшелігін зерттеу, тұлғаның тұрақтануына және дамуына кез-келген ықпал ететін әлеуметтік шағын ортаның факторларын анықтауға мүмкіндік береді.

         Үшіншіден, тәрбие социологиясы – тұлғаны қалыптастыру және дамытудың нақты жүйесіне бағытталған пәндік-іс-әрекеттік социологиясы болып табылады. Осыған сәйкес, тәрбие социологиясы нақты-тарихи жағдайларда тәрбиенің әлеуметтік прогресске ықпал және әсер етудің тәжірибелік мүмкіндіктерін зерттеумен байланысты. Дәл осында қоғамның саяси-идеологиялық, әлеуметтік-экономикалық және мәдени қайта өндіруінде тәрбиенің қызметі сарапталады.  Қоғамдық өмірді демократизациялаудың қазіргі жағдайында қоғамдық дамудың экономикалық, саяси және әлеуметтік мәселелерін шешу, ең алдымен, тұлғаның дамуынан, техниканы, ғылым жетістіктерін және мәдени құндылықтарын тиімді пайдалануға қабілетті кадрлардың кәсібилігіне байланысты болады. Осының барлығы жоғары азаматтық жауапкершілік сезімімен, алдағы іс-әрекеттің әлеуметтік салдарын көру қабілетімен негізделеді.

 

Қоғам және тұлғаның тәрбие жүйесіндегі өзара әрекет ету деңгейлері

 

Әлеуметтану ілімі тәрбиені - қоғам және тұлға арасында жасалатын өзара қатынастың бірден-бір маңызды формасы ретінде қарастырады. Қоғам және тұлға арасында жасалатын өзара қатынасты сараптауда, тәрбие социологиясы оның екі деңгейін бөлек шығарады: бастапқы және екінші деңгейлі.

         Өзара қатынастың бастапқы деңгейі белгілі әлеуметтік ортада іске асырылатын адамның және оның тұрмыс, тіршілік ету жағдайларының объективтік өзара іс-әрекетін құрайды. Егер де тұлғаның қалыптасуы қоғамның бүкііл салаларында іске асырылса, бұл жағдайда адам өзінің тұлғалық даму серпінінде дамуын алып жатқан қоғамның үлгісі ретінде қарастырылады. Тұлғада, бір тамшы суға ұқсас, адамдардың қоғамдық өмірінің көптүрлілігі және жанжақтығы бейнеленеді, дегенмен  бейне түрлі деңгейдегі тепе-теңдікпен сипатталынады, себебі қоғамдық қатынастардың қайшылығы жеке санада бұзылған  бейнені құрайды. Тұлғаны қалыптастыру – қоғамдық дамудың негізгі нәтижесі, оның тереңдетілген мәні.  Сол себептен, тұлғалардың мінездік белгілерінің жиынтығы әлеуметтік ағзаның бүкіл тұстарының жағдайына дәлдікпен куә болады. Субъектісі және кез-келген әлеуметтік қоғамдастықтың мүшесі болып табылатын адам қоғамдық қатынастардың бүкіл жиынтығы ретінде орын алады және Гегель анықтамасы бойынша,  тұлғаның «түсірілген» түрі болып табылады. Жеке адамның әлеуметтікті «шешу» жүйесінің қарама-қайшылығы әлеуметтік топтардың, жеке адамдардың  орасан сан алуандығын негіздейді, дегенмен бейнесі сана болып табылатын адамдардың қоғамдық тіршілігіне мұндай сан алуандық тән емес.

         Белгілі сипаттамаларға ие тұлғаны қайта өндіру, өмірдің табиғи және заңдылық нәтижесі болып табылады. Тұлға оның тіршілігін белгілейтін объективтік беталыстар және қарама-қайшылықтардың айнасы ретінде орын алады. Мұндай деңгейде тұлғаның қарсы агенті болып нақты тұлғаға бағытталған, онымен қабылданатын, ықпал ететін, және өз кезегінде, ықпалына түсетін әлеуметтік өмір болып табылады. Тұлға, сезімталдық аспап сияқты, өмір өзгерістеріне өзінің мінездемелерінің өзгеруімен реакция етеді - әлеуметтік, әдептік, саяси, қабілет және қажеттіліктердің өсуімен, кейде – құндылық бағыттардың өзгеруімен. Сол себептен, тәрбие адамның кез-келген жағдайда білдіретін мінез деңгейінен асуы үшін қажет. Тәрбие өз ерігімен және саналы, қоғам талаптарына сәйкес оз өмірін құрайтын тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Тәрбие жүйесі, бұл адамзаттың жеке тұлғалардың тұрақтануындағы дамуды ерекше қайта өндіру, яғни әлеуметтік филогенез, яғни органикалық әлемнің әлеуметтік онтогенезде, жеке дамудағы тарихи дамуы. Сонымен қатар, адамзатпен жинақталған әлеуметтік тәжирибенің ерекше квинтэссенциясы, түрлі қоғамдастықтардың мәдениеті болып табылады.

         Тәрбие қоғам және тұлға арасындағы өзара байланыс түрлерінің бірі ретінде жеке тұлғалардың белгілі, әйгілі тәртіп ережелерін қабылдауға бағытталған қоғамның саналы іс-әрекетінде іске асырылады. Мұндай іс-әрекет тәрбиенің екінші деңгейін құрап, өзіндік мән-маңызға ие. Дәл осында қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылысынан жасалатын байланыс арнасынан қызмет - оның қажеттіліктері мен құндылықтарынан адамдардың психика және мінезінің механизмдерімен жүзеге асырылады. Жеке тұлғалардың әмбебап байланыстары – бұл біліммен, еңбек машықтарымен, түсініктермен, наным т.б. әмбебап алмасу нәтижесі, яғни адамдарға жалпы талаптарды қолдану қажеттілігін алдын-ала анықтайды. Бұл талаптар әлеуметтік реттеудің адамгершілік, құқықтық және басқа нормалары ретінде өндіріледі. Қоғамда бекітілетін тәртіп ережелері, аса маңызды қоғамдық қатынастардың бекіту құралы болып орын алып, олардан өз дамуында алға шығып немесе кері қалады, және сонымен шиеленіс жағдайлар тудырады. Дегенмен тәртіптің қоғамдық ережелері әрдайым әлеуметтік реттеудің және басқарудың құралы болып табылады. Одан басқа, тәртіп нормаларын және ережелерін сақтау жеке және қоғамдық қызығушылықтардың бірлігін білдіріп, адамзат тұлғасының заңдылық дамуына септігін тигізеді. Бірақ, жеке және қоғамдық қызығушылықтарды үйлестіру мүмкіндігі әр адамға шындыққа айналады, себебі қағаз жүзінде тепе-тең теориялық негізделген мүмкіндіктер, іс жүзінде тең болмайды, және нақты әлеуметтік тәжірибеде бейтарап болмайды. Сол бір шындықты адам түрлі етіп игеруі мүмкін. Ол толығымен объективтік жағдайларға бағынып, икемделуі мүмкін, және осындай жағдайлармен күресіп, одан бас тартуы мүмкін. Сол себептен, бір өмірлік жағдайларда түрлі, кейде қарама-қайшы мінездемелер тән адамдар қалыптасуы мүмкін.

         Тұлғаны қалыптастыру және тәрбиелеуге қатысты макро және микро жағдайлар мен мақсатты бағытталған іс-әрекеттің ара қатынасы адамды тәрбиелеу жүйесіне икемделіп индефферентті болуы мүмкін. Сол себептен жеке адамды, адамдарды басқару – бұл олардың еңбек, әлеуметтік, саяси, рухани тіршілігін тиімді ұйымдастыру болып табылады. Бұл құқықтық және адамгершілік нормалары сақталатын және әлеуметтік құндылықтарға сәйкес берілетін тәрбие. Дегенмен, тәрбиеге қатысты атқарылатын мақсатты бағытталған іс-әрекет қаншалықты маңызды болған жағдайда, әлеуметтік маңызды белгілері, қасиеттері, тәртіп қағидалары бар тұлғаны қалыптастыру үшін - өмірдің нақты жағдайларының ықпалы маңызды. Тәрбиелеудің екінші деңгейі объективтік әлеуметтік ықпалдың алмасуын, оның тұлғаның мінезі мен тіршілігіне, тәрбиесі мен қалыптасуына  белгілі ықпалды теріске шығаруын қөздемейді. Мұндай деңгей тіршіліктің бейберекет стихиялық жүйесінде тұлғаны қалыптастыру және тәрбиелеу үшін аса жағымды және тиімді /қорытынды мақсат және әлеуметтік құндылықтар көзқарасынан/ фактор және механизмдерді анықтауды көздейді. Тәрбиенің екінші деңгейі тәрбиелеу жүйесінде орын алатын және тұлғаның қалыптасуын және дамуын тежейтін жағымсыз, қолайсыз ықпалдарды жұмсартуға, болдырмауға белгілі мүмкіндік береді.

         Әрине, тұлғаны тәрбиелеу маңыздылығы дегеніміз – бұл тұлғаға мақсатты бағытталған, саналы ықпалды іске асыратын объективтік-тарихи жағдайлар және әлеуметтік институттардың өзара іс-әрекетін есепке алу болып табылады. Негізінде,   бұл қосбірлікті жүйе. Бір жағынан, тұлғаның тәрбиесі адамды мәдениет құндылықтарына, оған нақты қоғамдық қатынастарды тағайындауға бағытталған. Басқа жағынан, әр адамның тағайындалуы- өзінің қабілеттері мен дарындылығын жан-жақты дамыту екенін есепке алсақ, - тәрбие жекешелікті, тұлғаның өзіндік Менді игеруді, қоғамның маңызды күштерін тұлғаның маңызды күштеріне айналдыруды білдіреді. Және де социлогия адамның басты тәрбиелік белгісі деп тұлғаның қоғамдық-пайдалы еңбекте тәжірибелік қатысу деңгейін санайды. Мұндай қатысудың барынша көп нәтижелігі, сондықтан, қоғамның әр мүшесінің қабілеттерін, дарындылығын және мүмкіндіктерін пайдаланудың жоғары тиімділігі- белгілі қоғамның – демократиялық, әлеуметтік-интегралды, капиталистік артықшылықтарын толығымен іске асыру және оны әрі қарай іске асыру және дамытудың қажетті және міндетті шарты. Сол себептен, адам қоғамдық қатынастардың бейнесі ретінде ғана емес, олардың дамуының белсенді факторы ретінде, тұлғаның тек құндылық бағыттар мен орнатпаларды қабылдау және игеруге ғана бағытталмай тиіс. Тәрбие нақты тұлғаның қоғамның тіршілігіне өзінің жеке үлесін қосуға және жинақтауға септігін тигізу тиіс.

         Жалпы адамзаттық және жалпы тарихи мәселесі, әсіресе өзекті мына жағдайда орын алады: қоғам өзінің дамуының ауыспалы шағына еніп, ескі, көне және жаңа құрылып жатқан әлеуметтік құрылым арасында, өзінің әрі қарайғы дамуының түрлі баламалық бағыттары арасында тұрғанда. Мұндай жағдайда орын алатын бұқаралық сана үшін өжеттік күрестің сәттілігі, көп деңгейде келесіге байланысты болады, яғни қоғамдық дамудың белгілі бағытының маңыздылығын білдіретін кез-келген идеялық ұстаным онымен қорғалатын қызығушылықтарды мен принциптердің жалпыадамзаттық маңыздылығы мен құндылығын, қызығушылықтарының адамзат дамуына сәйкестігін білдіруде. Жалпыадамзаттық және формациялық құндылықтардың мәселесі аса өзекті санаттық қайшылықтардан бос және демократиялық қоғамның әлеуметтік және рухани құндылықтарын батыл сынмен қайта қарастыратын принципиалдық жаңа өркендеуді бекітуде орын алады. Көптеген әдептілік санаттар және тұжырымдамалар, қоғамдық дамудың басқа саласынан алынған ілгері ойлар дамуын әйгілі ойшылдар арқылы іске асырған. Халықтар достығы идеясын, олардың бейбітшілікпен, келісіммен өмір сүру қажеттілігі, олардың әріптестік жасау, мәдени құндылықтармен алмасу қажеттіліктерді, яғни оның жалпыдемократиялық мазмұнын Омар Хайям және Гете, Руставели және Пушкин, Шевченко және Мицкевич, Франко және Грушевский т.б. түрлі дәуірлер мен халықтардың ойшылдары дамытқан, мадақтаған, насихаттаған болатын. Ілгері ойшылдардың ойлары жақын, түсінікті және қымбат. Олар органикалық жағынан қазіргі мәдениетке енеді. Қазіргі жағдайда Қазақстанның басым халқының психологиясында, әдебінде және тұрмысында достық идеологиясы, интерұлттық сенімдер басым болса да, бәрібір де бүкіл қазақ халқының демократиялық интернационализмі және жеке адамдардың ұлтшылдық қалдықтары арасында қарама-қайшылықтар орын алады. Біз тәжірибеде діни сенімдер және ырымшылдықпен,   ескі салт-дәстүрлермен, бұрыңғыны идеализациялаумен,  батыс елдерінің өмір сүру қалпына бас июмен байланысты ұлттық қалдықтарымен әлі кездесудеміз.

 

Тәрбие социологиясы аясындағы қоғамның жағдайы және әлеуметтік реттегіштер.

 

Тәрбие социологиясы қоғамның сапалы ахуалының түсінігі арқылы қоғамдық дамудың түрлі тұстарын және оның нәтижелерін интеграциялауға ұмтылады. Қоғам жағдайларының құрамдастарының бірі – адамның мінез-құлқысы және іс-әрекетінің әлеуметтік реттеуіштері. Мазмұны бойынша мұндай реттеуіш болып қоғамдық қатынастардың бүкіл жүйесі табылады, мұны әр ұрпақ дайын етіп қабылдап алады. Түрлі жағдайларда құндылықтар, нормалар, тәртіп ережелері бар және олардың бұзылуына тиымдар, санкциялар орын алады, ал олар, сана және сезімге ықпал етіп, адамдарға көпшіліктің басымы өмір сүріп жатқан тәртіпті қабылдауды қамсыздандырады.

Мұнда маңызды орын экономикалық қатынастарға беріледі, дегенмен олар өмірдің бүкіл байлықтарын қамсыздандырмайды, оның әлеуметтік реттеуіштерінің барлық механизмдерін анықтамайды. Мұндай қоғамда кардиналдық өзгерістерге сенім артуға болмайды, себебі мұнда экономикалық құрылымның кардиналдық өзгерістері орын алмайды. Дегенмен, мұндай өзгерістер әлеуметтік реттеуіштердің бүкіл жүйесіне тәуелді емес, немесе экономикалық қатынастардағы өзгерістер әлеуметтік реттеуіштердің бүкіл жүйесінің өзгеруіне келтіреді деген ойлардан аулақ болу қажет. Қазақстанның миллиондаған шаруаларын индустриализация кезеңінде өнеркәсіптік жұмысшыларына айналдырған сәтте, қоғамның әлеуметтік құрылымы жылдам өзгеретін, ал адамзат іс-әрекетінің әлеуметтік реттеуіштерінің және мінезінің өзгеруі өте баяу жүргізілетін. Себебі реттеуіштер өзіндіктен адамның күрделілігі және ұйымдастыру қағидалары бойынша  қалыптаспайды, себебі өндірістік күштеріндегі өзгеріс- бұл үнемі адамның өзінің, адам тұлғасының түрінің өзгерісі. Яғни адамның толығымен әлеуметтік-мәдени мінездемелері жетілсе, онда әлеуметтік қатынастардың  бүкіл жүйесінің өзгеруіне, яғни оларға жауап беретін адамзат мінезінің реттеуіштеріне жол ашылады. Егер жетілмесе, өзгерістер тежеледі. Сол себептен адамның әлеуметтік түрі және оның әлеуметтік реттеуіштердің әрекеттегі жүйесімен қатыстылығы туралы мәселесі – бұл адамның әлеуметтік реттеуіштерде өзгерістерді қабылдауға дайындығы немесе дайынсыздығы туралы, немесе басқаша айтқанда, реттеуіштердің адамзат қарымының тарихымен құрастырылған таңдаулы іске асуды қамсыздандыру қабілеттігі немесе қабілетсіздігі туралы мәселе. Әлеуметтік реттеуіштер қоғамға үйреншікті институттар, нормалар, ережелер ретінде қабылданбай ғана, адамдармен оңай игеріліп, олардың ішкі қарымдарына сәйкес келсе ғана тиімді келеді. Егер де ішкі қарымдар көбейіп, әлеуметтік реттеуіштер бұрыңғы болып қалса, сәйкессіздік бұзылады, әлеуметтік реттеуіштер дәл сол қалпында қалып, одан аса өз түпкілігін жоғалтып, адамның дамуын тежейтін таза сыртқы қабыршаққа айналады. Оларды жою оңайға соқпайды, себебі оларды әлеуметтік реттеуіштердің бүкіл жүйесінің маңызды тобы болып табылатын мемлекеттің бүкіл күш-қуаты қолдайды.

Қазіргі жағдайда, Қазақстан мемлекетінің қоғамында  әлеуметтік реттеуіштердің екі құндылықты - түрлі жүйелері әрекет етеді. Біреуі – табиғи экономикалық көрсеткіштерге, тепе-теңдік үлестірілуге, «винтиктің» ұлттық ұжымшылдығына, адам тәртібіне сыртқы бақылауға, басқарудың бұйрықтық әдістеріне және бюрократиялық әкімшілікке бағытталған. Мұндай жүйеге бұрыңғының тәжірибесі таңылады, ал оның өмірге бейімдігі қатаң экономикалық және сыртқыэкономикалық қысым, категориялық бұйрық, орталықтан бағдарламаланған  қоғамдық пікір түріндегі реттеуіштік ықпалдарға бейім әлеуметтік текшелердің нақтылығымен анықталады. Әлеуметтік реттеуіштердің екінші жүйесі  нарықтық механизмдерді, ақшалай табыстарды, еңбек ақысын, адамның жеке қабілеттерін, ішкі жауапкершіліке негізделген таңдау азаттылығын, жалпы қызығушылықтармен біріктірілген адамдардың ынтымықтығын басты орынға қояды. Мұндай жүйедегі реттеудің нақты механизмдері / тауарлық- ақшалай қатынастардың реттелуі, мемлекеттік және саяси биліктің органдарын қалыптастырудың таңдау механизмдері, дауларды шешудің соттық механизмдері т.б./ үнемі нәтиже бермейді.  Олар қоғамда  дербес және бастамашыл тұлғалар ретінде  қалыптасқан адамдар көп болған жағдайда ғана тиімді болады.  Ал егер де мұндай тұлғалар орын алса, бұл жағдайда әлеуметтік реттеуіштердің бүкіл жүйесі  осыған сәйкес құрылады: ол түрлі жекешеліктің  айқындалуын басуға бағытталмай, оларды көтермелеуге ұмтылады. Ол адамдардың жанжақты қозғалмалығын қыспай, оған септігін тигізеді. Мұндай беталыстың маңызы- тілалғыштық – бос емес, бағынышты адамның қызметі. Ал егер адам азатты болса, онда қоғам тек оның орындап жатқан ісінің жауапкершілігіне сүйенеді. Ал жауапкершілік сезімі еркін адамның қарымы басылып, іске асырылғанда ғана тәрбиеленеді.

Қазіргі жағдайда қоғамдық өмірді демократизациялау жүйесінде  Қазақстанда орын алатын жағдай: әкімшілік-басқару жүйесі тоқырауға ұшырайды, ал оның әлеуметтік базасы тоқтаусыз тарылуда. Тіршілік барысы үнемі орын алатын, дегенмен парапарлық «адамзат материалының» жоқтығынан жүзеге асырылмаған реттеуіштердің басқа жүйесіне алмасуды талап етеді.  Экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени саясаттың күштерін реттеуіштердің бұрыңғы жүйесін қорытынды жоюға шоғырландырып, реттеудің жаңа механизмдерінің бірегей билігіне ауысуды білдіретін сияқты. Мұндай жағдайда адамның нарықтық қатынастардың тұрақтану жағдайындағы әлеуметтік қорғау механизмдерін құру туралы ойлау қажет,  себебі көптеген қорғаудың бұрыңғы үйреншікті формаларының пайдасы тимей, адамды қанағаттандырмай, бір мезгілде әлеуметтік реттеуіштердің билік ететін жүйесімен қарама-қайшылыққа түсуі мүмкін. Мұнда кейбір қиыншылықтар туындайды. Егер адамды жаңадан, басқаша бағыттайтын әлеуметтік басқарудың бұрыңғы авторитарлық әдістерін құнсыздандырса,  бұл адамның демократиялық әдістерге жедел өтуін білдірмейді. Қазақстандағы қоғамдық тәжірибе көп уақыт тұйықты бағытта дамып, өзін толығымен шаруашылық және саяси демократияның   әлемінде сезінетін адамдардың қалыптасуына тежегіш болатын.

Әлеуметтік реттеуіштер инструменталдық және құндылық құрамдастарға ие. Қоғамдық қатынастардың және олардың үстіндегі әлеуметтік-мәдени құрылымдардың бүкіл күрделі жүйесі – кез-келген қоғамдастықтың адамдарына өзіндіктен ұйымдастырылу құралы болып табылады, ал белгілі ортаның ішінде  өмір сүретін адамға, олар өзіндіктен құнды болып табылады. Адамдар экономикалық немесе адамгершілік принциптерінің, діни және этникалық белгілердің инструменталдық қызметін мойындамайды, дегенмен оларға өзіндік мән беріп, жоғары мағынаға иелендіріп, оларды қолдауға тырысады. Және үйреншікті реттеуіштердің инструменталдық қызметі аяқталса да,  олар біршама уақыт инерциямен, қоғамдық сананың кертартпалық ағымдарын нәрлендіріп, бұрыңғы мәртебеге ие болуы мүмкін. Қазақстанда қазіргі қоғамға  көптеген маргиналдық текшелер тән, дегенмен жағдай халықтың маңызды аумақтық тексіздігімен қиындатылады. Маргиналдық тұлға инверттік, яғни құндылықтар жүйесі ауысқан қоғамға қарсы бірлестіктерді құруға бейім. Тоқсаныншы жылдардан бастап, Қазақстанда маргиналдық текшелердің өз ерігін орасан референттік топқа танып, бағынышты етіп, өзінің қоғамға қарсы ұйымын басыңқы ету құбылысы ерекше назарды  аударады. Мұндай ауысым ретінде сталинщинаны маргиналдық текшелердің қатаң диктатурасы ретінде қарастыруға болады, яғни бұл - өзінің қоғамға қарсы құндылықтарын бүкіл халыққа зорлап тану. Дегенмен маргиналдық жағымды да болуы мүмкін, яғни маргинализацияға бірігіп тіршілік етудің жаңа түрлерін өндіруге қабілетті қоғамның аса белсенді білімді өкілдері ұшыраған жағдайда. Қазіргі таңда маргиналдық текшелердің тәртібі әлеуметтік реттеудің бұрыңғы жүйесіне енбей, әлеуметтік реттеудің жаңа жүйесіне де кіргізілмейді. Мұндай адамдар бір мезгілде екі   өмір сүріп, ешқайсысына бейім танытпайды. Мұндай адам тұлғасының интеграциясы қиын, оның санасы екіленіп, ол бағыттарды оңай жоғалтып, саяси басқарудың оңтайлы объектісі болып табылып, қоғамға қарсы мінез-құлық танытып, басқыншылық немесе әлеуметтік енжарлық күйлерін кешеді.

 

2. Қоғам, тұлға және тәрбие арасындағы өзара қатынас.

 

 

Тәрбие социологиясындағы құндылықтар туралы ілім.

 

Әлеуметтану адамды қоғамдық қатынастардың және әлеуметтік қызметтердің, құқық және міндеттердің тасушысы ретінде қарастырады. Себебі социологиялық тәсілсіз тұлғаны әлеуметтендіру жүйесінде іске асырылатын адамның мінезі мен санасын әлеуметтік анықтаудың күрделі механизмін ашу мүмкін емес. Адамның әлеуметтік өмірдің түрлі салаларымен қызметтік байланыстарын зерттеу – бұл тұлғаның рухани әлемінің объективтік факторлары мен механизмдерін ашу және түсіндіру үшін қажетті алғышарт, ол ортаның ықпалын реттеуге септігін тигізеді, белгілі деңгейге дейін оның әлеуметтендіру ықпалын тарылтып, тұлғаның әлеуметтік іс-әрекеттерінің аймағын кеңейтеді. Әлеуметтендіру тәрбиелеу жүйесіне сырттан әсер етеді, ал сол мезгілде социологиялық білімдер тәрбие жүйесінде қызмет етуі тиіс. Ал тәрбиелеу жүйесі схоластикалық сипатқа ие, яғни тәрбиелеудің қорытынды нәтижелеріне ықпал ететін себептер және факторлардың маңызды бөлігі, тиімді бақылауға алынбайды немесе беймәлім болып қала береді. Ал бүгінгі таңдағы тәрбиелеу теориясы негізгі және бөлшектік құндылықтар туралы ілімге айтарлықтай мағына береді.

         Құндылықтар туралы ілімдер- оксиология және деонтология, өзіндік дербес ғылыми салалар болып табылмайды, олар тек әлеуметтанудың жалпы теориялары мен түсініктерін аса нақты түсініктерге ауыстыруға септігін тигізетін ғылыми білім саласының шектес мәселелерін бейнелейді.

 

Әлеуметтік орта және тәрбие мәселесі.

 

Тұлғаның іс-әрекеті нәтижелегенде әрекеттің сипатын, оның нақты формаларын белгілейтін белгілі әлеуметтік ортада іске асырылады. Жеке – ол қоғамдықтың өнімі болып табылады, дегенмен өнім мазмұны, формасы бойынша жекешеленеді. Тұлғаның әлеуметтік ортасын, оның дамуын анықтайтын фактор ретінде ашып, қоғамдық сананың қоғамдық тұрмысы мен құрылымын сараптап ғана емес, адам тікелей әрекет ететін ортаның құрамдастарын сараптау қажет. Әлеуметтік орта тәрбиелеу мекемелерімен басқарылмайтын және реттелмейтін тұлғаға қатысты объективтік әлеуметтік факторлардың ықпал жиынтығымен анықталады. Әлеуметтік ортаның тұлғаға деген ықпалы жии шағын орта деп аталатын түрлі топтар арқылы жүзеге асырылады.  Шағын орта /Микросреда/ -бұл тұлғамен оның тіршілік және саяси әрекет етуінде тікелей іс-әрекет ететін материалдық, саяси, идеологиялық жән әлеуметтік-психологиялық факторлардың жиынтығын ұсынатын нақты әлеуметтік шындық. Әлеуметтік ортаның бөлігі болып табылып, шағын орта оның ерекше көрінісі ретінде орын алады. Шағын ортада тек қоғам белгілері ғана емес, тұлғамен оның тіршілік ету /ұжым, көршілер, отбасы т.б./ жүйесінде өзара әрекет ететін орта құрамдастарының қасиеттері қамтылады.

 

Әлеуметтік орта және тұлға.

 

Рухани өмір қоғамның материалдық өмірінің бейнесі болып табылады.  Дегенмен бұл механикалық, тікелей бейне емес, бұл әр дәүірдің рухани өндірісінің сипатына ықпал ететін тарихи белгілі қоғамдық қатынастардың бүкіл күрделі жүйесімен негізделетін диалектикалық қарама-қайшы бейне.  Қоғамдық сана – бұл қоғамның рухани тіршілігі, адамдардың қоғамдық идеяларының, көзқарас, теория, қалауы және көңіл-күйлерінің жиынтығы. Қоғамның рухани өмірі сана емес, дәл айтқанда, қоғамдық сананың түрлі формаларына қызмет ететін өмір, іс-әрекет /ғылым, өнер, т.б./. Рухани өмірдің негізінде қоғамдық тұрмыс және оның бейнесі – қоғамдық сана қамтылған. Демократиялық қоғам өмірінің дәлелдеуінше, танымның күрделі және қызықты мәселелері, шындықты қарастыру және өзгерту тек адамның  өзінің қалауы бойынша қоғамда қызмет етуге нақты ойластырылған, ғылыми, кешендік жүйенің дайындығы негізінде сәтті шешуге болады. Мұндай дайындық жүйесін тиімді іске асыру үшін тұлғаның ішкі себептік сарындарды ынталандыру  қажет болып қана қалмай, сонымен қатар адамның білім деңгейін жоғарылату, тұрақты білім алуға ұмтылдыру, интеллектуалдық және адамгершілік ынталандыруға, яғни оның рухани қажеттіліктерін жүйелі негіздейтін әрекеттегі сыртқы факторлар қажет. Мұндай факторлардың бірі болып мектеп табылады. Себебі мектеп, адамды еңбек атқаруға дайындап, оны мәдениетке бейімдеу қажет, сол себептен адамның еңбек саласында шығармашылық дамуына, ішкі адамгершілік әлемі мен азаматтық жетілгендікке себеп болатын белгі-қасиеттерді тәрбиелеп, қолдау қажет.

Әлеуметтік шығармашылық адамдардың бір-біріне және табиғатқа деген қатынастардың жаңа формаларын құруға және жаңартуға бағытталған іс-әрекет, яғни материалдық және рухани өмірдің түрлі салаларындағы өзара іс-әрекеттер мен өзара қатынастардың жаңа құрылымдық және мазмұнды құрамдастары ретінде айқындалады. Қазіргі таңдағы тәрбиелеу және білім беру жүйесінің басты мақсаты – адамға оның табиғат және қоғаммен жасалатын байланыстардың көптігін сезіндіру және түсіндіру, байланыстар жүйесінде парапар әрекет етуге үйрету. Әлеуметтік орта және шағын орта түсініктерінің мазмұнына материалдық, рухани құрамдастар енгізіледі, яғни олар тұлғаға қатысты объективті іске асырылады, мұнда тұлғаның идеялық ортасы оны қалыптастырудың объективтік факторы ретінде орын алады. Дегенмен, әлеуметтік ортаның пәндік - заттық және рухани элементтері де, тұлғаның әлеуметтік қатынас жасау ортасы да, қоғамдық жағдайлармен анықталып, қоғамда қалыптасқан қарым-қатынастардың бүкіл жиынтығына теңестірілмейді. Әлеуметтік тұлғаның ортаға деген ықпалы, ең алдымен, оның қажеттілігі арқылы іске асырылады. Және де мұнда маңыздысы, тұлғаның шағын ортамен өзара іс-әрекеті қажеттіліктерді қалыптастыру және қанағаттандыруда болып табылады. Қазақстандағы мемлекеттік басқарудың кез-келген тобы алдында    туындайтын кешенді мәселелердің шешімдерімен табысты табу және басшылық ету әдісін толық игеру үшін қазіргі таңдағы басшы тәртіпті, жетік, және жұмысқа ынта және шығармашылықпен қарау тиіс. Сонымен қатар, кез-келген аумақта басшылар әлеуметтік-саяси, тәрбие аспектілерін, әлеуметтік ортаның тұлғаға, оның қажеттіліктері мен қанағаттандырылуын есепке алу қажет, адамдарға, олардың қажеттіліктері мен мұқтаждықтарына сезімтал болып, басқаларға еңбек және тұрмыста үлгі болуы қажет. Адамдарға сынмен қарау, олардың ұсыныстары мен сұраныстарына, іскерлік тілектеріне немқұрайлықпен қарау мақұлданбайды. Қызметкердің өз-өзіне сенімдігі және өзі атқаратын жұмыстың қызмет мен маңыздылығын қоғамдық басқаруда және басшылық етуде көтермелеу - әдепсіздікті білдірудің бірден бір шарты. 

Тұлғаның жаңаға, озатқа, ілгеріге бұрыңғы дәстүрлермен, кертартпа көзқарастармен және әдеттермен күрес жасамай, белсенді ену ақылға қонбайды. Себебі бүгінгі таңда да тұрмыстық қатынастар саласында теріс құбылыстар орын алуда, әсіресе жеке тұлғаның бос уақытын өткізу тәсілі алаңдатады. Бос уақыт дегеніміз – бұл қыдырымпаздық емес. Қазір маскүнемдік, тәртіпсіздік, тұрмыстық әдепсіздік сияқты құбылыстар кең таратылған, және одан құтылу жолы - ол адамдардың өндірістік және өндірістік емес қарым-қатынасының жүйесін тиімді қою, бос уақытты өткізу мәдениетін оңтайландыру т.б. Маскүнемдіктің жағымсыз әсері адамның тек денсаулығында ғана із қалдырмай, көптеген  әлеуметтік қатынастардың  /отбасылық-тұрмыстық, өндірістік т.б/ қалыпты қызмет ету жүйесіне де әсер етеді. Соның салдарынан қаншама отбасы бұзылып, құқықтық бұзушылықтар орын алып, балалар мұқтаждық тартып, рухани жараланады.

Әлеуметтік ортаның және тұлғаның өзара әрекет ету өзгешелігі мынада білдіріледі: себебі, біріншіден, тұлғаның қажеттілік мазмұнында, олардың деңгейі мен қанағаттандыру тәсілдерін шарасыз бейнелейтін әлеуметтік орта және тұлға арасында тікелей байланыс және тұрақты тәуелділік орын алады. Екіншіден, тұлғаның әлеуметтік ортаға мақсатты бағытталған әсері әлеуметтік ортаның өзгеруіне, тұлғаның дамуына және оның қажеттіліктерінің жоғарылауына келтіреді. Үшіншіден, тұлғаның ортамен өзара қатынас жасауда қайшылықтардың нақтылығында тұлға бір кезеңде әлеуметтік ортаның бір құрамдастарын талап етіп, басқаларын қажет етпегенімен себептеледі.  Одан басқа, әлеуметтік орта үнемі әрдайым тұлғаның туындаған қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті жағдайлар жасамайды. Негізінде, әлеуметтік орта тұлғаның әлеуметтік анықталуының және оның қажеттіліктерінің аса жалпы деңгейі ретінде орын алады.  Қоғамның дамуына орай, әлеуметтік ортаның тұлғаны қалыптастыруда және оның қажеттіліктерін жоғарылатуда қызметі белсене өсуде.

 

Әлеуметтендіру – жеке тұлғаның әлеуметтік ортаға бейімделу жүйесі.

 

Әлеуметтендіру дегеніміз – бұл жеке адамның бүкіл өмірі бойы өзі айналатын қоғамның әлеуметтік нормаларын және мәдени құндылықтарын игеру жүйесі. Негізінде әлеуметтендірудің қазіргі теориясының бастаулары әйгілі француз әлеуметтендіруші Габриэль Тардтың еңбектерінде қамтылған, себебі ол ең алғаш болып нормалардың интериализация нормаларының жүйесін әлеуметтік өзара әрекет арқылы суреттеуге тырысқан. Оның пайымдауынша, әлеуметтік тұлға, қоғамдастық әрдайым басқа әлеуметтік тұлғалардың, қоғамдастықтардың қоршауында болып, өзін  әлеуметтік жағдайға сәйкес ұстайды. Және Габриэль Тард әлеуметтендіру теориясының негізіне еліктеу қағидасын енгізген, ал түрлі деңгейлерде өндірілетін оқытушы-оқушы сияқты қарым-қатынастарды, типтік әлеуметтік қатынас деп атаған.

ХХ ғасырда Батыс мемлекеттерінің социологиясында әлеуметтендіру қоғамның рөлдік құрылымымен реттелетін тұлғаның әлеуметтік-ұйымдастырушылық іс-әрекеттерімен айқындалатын аса жалпы таратылған, тұрақты белгілері қалыптасу барысындағы тұлғаның тұрақтану жүйесінің бөлігі деген түсінік бекітілген. Жеке адамның әлеуметтік жүйеге жалпықабылданған нормаларды интериализациялау арқылы бейімделуін сүреттейтін жанжақтық социологиялық теория Толкотт Парсонстың еңбектерінде қамтылған. Оның пікірінше, жеке тұлға басқа адамдармен қатынас жасауда өзіне жалпы құндылықтарды жинақтайды, оның нәтижесінде жалпымағыналы, нормативтік стандарттарды ұстану оның мотивациялық құрылымының, қажеттілігінің бөлігі болып табылады. Толкотт Парсонс бастапқы әлеуметтендірудің негізгі органы деп отбасыны санайды, себебі мұнда тұлғаның негізгі себептік бекітпелері қалыптасады, яғни танымдық механизмі сезім, құрмет және сүйіспеншілікке сүйенетін еліктеу және индентификация жүйелерін енгізеді. Тұлғаны әлеуметтендіру – әлеуметтік дамудың қарымды мүмкіндіктері мен табиғи дарындығы бар тұлғаны  қоғамның толыққанды құқылы мүшесіне айналдыру болып табылады. Әлеуметтендіру жүйесі тұлғаның кез-келген ерекшеліктері қандай әлеуметтік факторлардың әсерімен қалыптасатынын, әлеуметтендіру  механизмдері және оның қоғамға салдарлары қандай екенін бекітеді.

Әлеуметтендіру негізінде жеке адамның әлеуметтік нормалар мен бағалау белгілерін, әлеуметтік тәжірибені игерумен байланысты қоғамның қалыптастырушы механизмі ретінде орын алады. Яғни әлеуметтендіру, қоғамның қалыптастырушы механизмі ретінде – адам санасы мен тәртібінің әлеуметтік ортамен өзара әрекет етудің ерекше аспектісі болып табылады. Әлеуметтік мұра жүйесінде берілетін мәлімет адам қанында жоқтығы туралы жағдай, қоғамның жеке адамға мақсатты бағытталған ықпалдардың қажеттілігін анықтап, тұлғаға әлеуметтік ортаның ықпалына икемді жауап беруге мүмкіндік туғызады. Адамзат оңтайланған сайын, әлеуметтендіру жүйелерінің қызметі маңызды келеді, әсіресе олардың ұйымдастырушылық формасы – тәрбиенің қызметі.

Әлеуметтендіру - әлеуметтік ортаның және қоғамның мақсатты бағытталған тәрбиелеу іс-әрекетінің ықпалымен жүзеге асатын тұлғаны қоғамдық қалыптастыру және дамытудың күрделі және жан-жақты жүйесі. Әлеуметтендіру  жүйесінде тұлға материалдық және рухани игіліктердің жаратушысы, әлеуметтік қатынастың белсенді субъектісі ретінде қалыптасады. Байланыс және бірлік, әлеуметтендіру және тәрбие арасындағы айырмашылық сияқты, әлеуметтік іс-әрекет ретінде қарастырылады. Тәрбие дегеніміз – нақты қоғаммен іске асырылатын ұйымдастырушылық, мақсатты бағытталған және бағдарламаланған іс-әрекет. Ал әлеуметтендіру, тәрбиеден басқа, қоғамдық алуан түрлі экономикалық, әкімшілік, тұрмыстық, саяси т.б. әлеуметтендіру ықпалын қамтиді. Дегенмен, тәрбиені жүйе ретінде қарастыруда, оның және әлеуметтендіру арасында шек кою қиынға соғады, себебі тәрбие әлеуметтік ортаның өзара іс-әрекет етуінде іске асырылады және қызмет етеді. Ал әлеуметтендіруде тұлға бір мезгілде әлеуметтік ықпалдың субъектісі және объектісі ретінде қарастырылады. Мұнда әлеуметтендіру әлеуметтік белсендікті қалыптастыру /тұлғаның қабілеті ретінде қарастырылады/ және оның іске асу жүйесі ретінде ұсынылады. Әрине, тұлғаның әлеуметтік белсенділігі тек қорытынды болып ғана емес, оның іске асу факторы болып табылады.

Қалыптастыру механизмі ретіндегі әлеуметтендіру ерекшелігі – тұлғамен игерілген сыртқы әлеуметтік ықпалдар тұлғалық мән-мағынаға ие болады. Тұлғаның әлеуметтік ортамен өзара іс-әрекеттері әлеуметтік құбылыстарды қалыптастырады: адамның тұлғалық механизмдері және тұлғалық қасиеттер. Олар жалпыланған мағынаны тұлғалық жүйелерден табады: әлеуметтік қажеттіліктер және қызығушылықтар, әлеуметтік бағыт және ұстанымдар, мінезді стратегиялық ұйымдастыру, әлеуметтік белсенділік. Әлеуметтік қажеттіліктер және қызығушылықтар, және де әлеуметтік бағыт-ұстанымдар – ұйымдастырушылық жүйе болып табылады.  Мінез-құлықтың әлеуметтік белсенділік жүйесі  іске асырылу жүйесі болып табылады. Бірақ бір жүйеде айтарлықтай ағаттықтар болған жағдайда, тұлғаның әлеуметтендірілуі толыққұнды бола алмайды. Жеке тұлға /индивидуалист/ мысалы, себептік жүйелерде, еріксіз адам –ұйымдастырушылық жүйесінде, іс-әрекетсіз адам- әлеуметтік белсенділік жүйесінде т.б. қатаң ағаттықтар жасайды.

Негізінде, әр жүйенің әлеуметтік қызметтері мынадай: біріншіден,  әлеуметтік қызығушылықтар және қажеттіліктерінің жүйесі тұлғаның әлеуметтік белсенділігінің негізін құрайды. Материалдық және рухани қажеттіліктері адамзат іс-әрекеті мен тәртібінің ілгері күші болып табылады. Тұлғаның қажеттіліктері – оның басынан өтіп жатқан тапшылыққа немесе бір қажеттілікке деген ерекше реакциясы.

Егер қажеттіліктер жеке тұлғаның жағдайын білдірсе, онда оның қызығушылықтары материалдық және рухани қажеттіліктеріне және оларды қанағаттандыру жүйесіне таңдаулық қатынаспен байланысты. Қызығушылықтар қажеттіліктерді сезінуді және оларды идеялдық ұмтылыстарға айналдыруды көздейді. Қызығушылық – адаммен сезілген және бағытталған қажеттілік.

Ұстаным тұлғаның өзінің әлеуметтік мәртебесіне және сыртқы әлеміне ішкі қатынасын білдіреді, бағыттылыққа белсенді сипат, субъектіленген себептік және тұлғалық маңыз береді. Мағынасында, тұлғаның әлеуметтік бағыт және ұстанымдар жүйесі құндылық мазмұнға ие, оның арқасында тұлғаның өзінің мінез-құлық ережелерін және оларды тиісті іске асырудың тәсілдерін өндіру қабілеттері іске асырылады.

Тұлға мінезінің стратегиялық ұйымдастырылуының жүйесі – бұл әлеуметтендірудің себептік жүйелерін іс-әрекетке келтіру құралы, тұлғаның қажеттіліктері, қызығушылықтары, бағыттар және ұстанымдары арасындағы аралық топ, бір жағынан, және басқа жағынан- әлеуметтік белсенділік.  Тұлға мінезінің стратегиялық ұйымдастырылуының жүйесі әлеуметтендіру жүйесінің себептік және орындаушылық реттеу жүйесінің ауысымын іске асырады, яғни адамның мінезін белгілі қажеттіліктерге, талаптар және объективтік жағдайларға сәйкес келтіреді. Дәл осы тұлға мінезін стратегиялық ұйымдастыру тұлға құрылысына ой-өрісті және ерікті енгізеді, және оларды мінез себептілігімен, қажеттілік, қызығушылықтарымен біріктіреді. Егер де парасаттық жүйелер сыртқы әлеуметтендіру ықпалдарын сезінуге,  қоғамдық қажетті талаптар және бағаларды қабылдауға қолғабыс етсе, ал эмоционалдық жүйелер – тұлғада оларға деген субъективтік қатынастар өндірсе, бұл жағдайда еріктік жүйелер адамның ішкі күштерінің объектілеуіне жәрдем береді.

Адамның іс-әрекеті мен мінезін қамтитын әлеуметтік белсенділік жүйесі - тұлғаны әлеуметтендірудегі тұтас  жүйеде қорытынды мағынаға ие. Оның тереңдетілген себептігі- тұлғаның қажеттіліктері мен қызығушылықтары, оның тікелей психикалық және идеялық себептігі - әлеуметтік бағыттар, ұстанымдар болып табылады. Себебі бағдарламалар да, бағалау белгілері де адамның әлеуметтік белсенділігінің тиісті түріне бағыттылығын, икемделуін және таңдаулы қатынасын анықтайды. Қажеттіліктер және қызығушылықтар әлеуметтік белсенділіктің белгілі формасымен байланысты, ал тұлғаның мінезін стратегиялық ұйымдастыру- бұл белгілі әлеуметтік белсенділік үшін тұлғалық қүштерді шоғырландыру дегеніміз. Адамның тәртібі және әрекеті – бұл әрекеттегі әлеуметтендірудің тұлғалық жүйелері. Олардың даму деңгейінен тұлғаның әлеуметтік белсенділігінің деңгейі де байланысты болады. Әлеуметтік ортаның объективтік факторларының әлеуметтендіру ықпалдарын дұрыс үйлестіру, мақсатты бағытталған тәрбие беру  жолымен адамның әлеуметтік табиғатын және оның өзінің әлеуметтік қызметтерін аса толық айқындауға алғышарттар құрылады.

 

Тұлғаның әлеуметтік мәртебесі

 

Қоғамдық белсенді тұлғалардың қалыптасуы тұлғаның қоғамдағы мәртебесі мен қызметтеріне маңызды байланысты болады. Негізінде тұлға - әлеуметтік белсенді, кейде енжарлық әрекеттің субъектісі, қоғамдық жүйеде  - қызмет, құқық және міндеттемелерге- белгілі лауазымға ие  болады. Әлеуметтендіру тұлға мәртебесін санақтық және серпіндік тұрғыда қарастырады. Санақтық тұрғы құқық және міндеттемелерді белгілеумен, олардың арақатынасының шама анықтамасымен, ал серпіндік –олардың жүзеге асуымен байланысты болады.

Әлеуметтік мәртебе- бұл серпіндік жүйе, мұнда жеке тұлға өзінің құқықтары мен міндеттемелерін, қызметтерін іске асырады. Мұнда жеке тұлғаның кәсіби және әлеуметтік қабілеттерімен байланысты адам мінезінің нормативті мақұлданған формалары алынады. Тұлғаның әлеуметтік қызметі – бұл іс-әрекет пен мінезді нормативті мақұлдаған тәсілі, бұл адам ұжым мүшесі немесе белгілі мамандық, қоғамдастық өкілі ретінде орындайтын адамның еңбек, таным, құндылық қарым-қатынастар субъектісі   ретіндегі қызметтерге сәйкес «іс-әрекетке» келтірілген әлеуметтік нормалар.  Әлеуметтік қызмет үнемі функциялар, тапсырма және өкілеттіктер арқылы кәсіби іс - әрекет және қоғамдық жағдай арқылы іске асырылады. Серпіндік тұрғыда, яғни тұлғаның әлеуметтік ортада қызмет етуімен байланысты  қаралған   тұлға мәртебесі әлеуметтік жүйе және әлеуметтік қатынас ретінде орын алады.

Тұлғаны белсенді жаңарту іс-әрекетіне даярлау үшін, оны ұйымдастырушылық құрылымы әлеуметтік жүйенің  жалпы құрылысына негізделетін тәрбиелеудің әрекеттегі жүйесіне енгізу қажеті туындайды. Мұндай жағдайда тұтастық тәрбиелеу жүйесінің ұйымдастырушылық құрылымы - әлеуметтік ұжымдардың бірегей жүйесі болып табылады / отбасылық, оқу, еңбек, мәдени-ағартушылық т.б./ Қарым-қатынас жүйесінде және ұжымда әлеуметтік әрекет нәтижесінде алынған тәжірибе -қалыптасудағы тұлғада іс-әрекеттер және қылықтарды өзіндіктен реттеудің ішкі механизмдерін өндіруге мағынасы зор. Дегенмен мұндағы кедергі: тек еңбек, кәсіби іс-әрекетімен шектелген тұлғаның әлеуметтік белсенділігі, әлеуметтік прогресстің талаптарына сай келмейді. Материалдық өндіріс аясындағы еңбек маңыздылығын жоғарылату маңыздылығы, нақтылығында, тұлғаның бүкіл шығармашылық күштерін белсендіру – маңызды мәселелердің бірі. Бұл деген тұлғаның бүкіл тіршілік ету салаларындағы жасайтын қарым-қатынастар жиынтығына шығармашылық қатынасты қалыптастыруды білдіреді. Әлеуметтік саладағы шығармашылық кәсіби шығармашылықтан өзгешелігі, мұнда жаңа өнімді қосу жоспарындағы өнімділік басты болмай, мұнда адамның қоғамдық тіршілік ретіндегі дамуы басты. Қоғамның әр мүшесінің шығармашылық күштерін байыту және іске асыру жүйесі ерекше өнім болып табылады. Мұнда адам парасаттық және дене дамуы жағынан оңтайландырылады.  

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-10-22 10:56:47     Қаралды-2459

АРАБ ЖЫЛҚЫСЫ

...

Араб жылқысы - байырғы жылқы тұқымдарының бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРХЕОЛОГИЯ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

тарих ғылымының бір саласы, алғашқы қауымнан, көне заманнан, орта ғасырдан қалған заттай есқерткіштерді зерттеу арқылы адам қоғамының өткендегі тарихын анықтайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БЕЛБЕУ ТАСТАУ

...

Қазақтың ұлттық ойыны

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СОЛТҮСТІК МҰЗДЫ МҰХИТ

...

Жер шарындағы ең кіші мұхит

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САРЫАРҚА ҚАТПАРЛЫ АЙМАҒЫ

...

Сарыарқа қатпарлы аймағы - Азиядағы дербес ірі геологиялық құрылымдардың бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ЖЫЛДАМ ҚҰСТАР

...

Құстар - жердің ең жылдам тіршілік иелері, өйткені жануарлар әлемінің құрлық немесе суда жүзетін құстарының бірде-бір өкілі олармен жылдамдығымен салыстыра алмайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АУА

...

Жер атмосферасын құрайтын, негізінен азотпен оттектен тұратын газдар қоспасы. Ауа су мен жер қыртысының құрамында да болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІРЖАН - САРА АЙТЫСЫ

...

Біржан мен Сараның 1871 жылы қазіргі Талдықорган облысының Қапал - Ақсу өңірінде кездескендегі айтысы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІРЖАН-САРА ОПЕРАСЫ

...

Опера тұңғыш рет 1946 жылы 7 қазанда Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрында қойылды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »