UF

Тақырыбы: Рекреациялық сала, оның территориялық ұйымдастырылудағы және дамуындағы жағдай мен фактор

 

  1. Рекреациялық саланың жалпы еңбек бөлінісіндегі орны мен рөлі, басқару орны мен құрылымы.
  2. Рекреацияға қызмет көрсететін негізгі мекемелер.
  3. Рекреациялық саланың  территориялық ұйымдастырылудағы және дамуындағы жағдай мен фактор, әлеуметтік экономика.
  4. Табиғи және рекреациялық ресурс, территорияның сыйымдылығы, территорияның рекреациялық потенциалы, туристік инфрақұрылымның даму деңгейі.

 

Біздің елімізде табиғаттың көркем жерлеріне саяхат жасап, серуендеу үшін мүмкіндіктер жеткілікті деп айтуға болады. Республикамыздың территориясында кездесетін ландшафттың жер бедері мен климаттың әртүрлілігі тарихи және мәдени есекерткіштердің көптігі, жол қатынастар түрлерінің тығыз тораптары, әуе магистральдары, көптеген саяхатты-экскурсиялық мекемелрдің барлығы саяхатшылардың назарын өздеріне аударады.

Қазақстандағы алғашқы саяхаттық ұйымдар ХХ ғасырдың аяғына таман пайда бола бастады. Сол кезден бастап қызметтің бұл саласы дамып, етек жайып келеді. Қазіргі танда Қазақтан Республикасы бойынша әуесқой саяхатшыларға арналған 100 ден астам туристік бағыттар ұйымдастырылған. Туристік бағыт-бұл алдын-ала белгілі бір бағыт немесе график бойынша жоспарланып жобаланған туристердің саяхат жолы. Туристік бағыттарды ұйымдастыру жұмыстары ғылыми зертеу арқылы жүзеге асырылады. Қазақстанда ұйымдастырылған туристік бағыттарды негізінен 3 топқа бөлуге болады: сызықтық, айналмалы және радиалды.

«Сызықтық» бағыттар – бұл бір қаладан (немесе бір туристік мекемеден) басталып, шартты түрде бірнеше пунктерді асып өтіп, басқа бір қаладан (немесе туристік мекемеде) аяқталатын бағыт. Ал «айналмалы» бағыт дегеніміз бір мекемеде аяқталатын бағыт. «Радиалдық» бағыттар бойынша саяхатшылар туристік жолдамаға сәйкес бір жерде демалып, мүмкіндіктеріне қарай әртүрлі жорықтарға, серуендер мен экскурсияларға шығуға болады.

Оңтүстік Қазақстан облысы – республика бойынша суармалы егістікпен, сонымен қатар бағалы техникалық және дәнді дақылдар-мақта, қант қызылшасы, темекі мен күріш өсірумен айналысатын негізгі аудан. Аймақтын табиғат жағдайлары да бау-бақша және малшаруашылығынаң ішінде қой мен ірі қара мал өсіру үшін қолайлы болып табылады. Оңтүстік Қазақстанның табиғат жағдайлары, көрші Орта Азияның табиғатымен салыстырғанда өзіндік айырмашылық таптарымен ерекшеленеді. Мұнда көптеген аймақты ауқымды құрғақ жазықтар мен бөлігіне жуығын шөлді жазықтар алса, небәрі 1/5 бөлігіне ғана таулар мен тауалды қыраттары жайғасқан. Соған қарамастан, Оңтүстік Қазақстанның экономикасын дамытуда альпілік және субальпілік шалғынды таулар, осы таулардын бастауын алатын көптеген өзендер, сол сияқты тау беткейлерінде жатқан құнарлы каштан топырақтар елеулі ықпал етіп келеді.

Қазақстанның оңтүстік шекарасын бойлай жүздеген километрге созылып жатқан Тянь-Шань тауларының батыс тізбектері осы ауданға өзінін көріктіде әсем шыңдары мен шатқалдарын сыйлаумен қатар ондағы Қазақстанның архитектура-археологиялық ескерткіштердің көптігімен ерекшеленеді. Осындай мүмкіндіктерге байланысты, Оңтүстік Қазақстан аймағында туризмін дамуы үшін қажетті алғыштардың барлығы орын алған. Атап айтсақ, демалу мен серуендеу аймақтарын тандау барысында табиғи ресурстар маңызды роль атқарады. Саяхатшылар ауданның ландшафттық және климаттық ерекшеліктерін біле отырып, өсімдік пен жануарлар дүниесі қорын әр түрлілігі мен танысады, спорттын бірнеше түрлерімен шұғылданып, аң және балық аулаумен айналысады.

Кез келген аймақта ірі түристтік кешендердің қалыптасуы үшін ауанның географиялық жағдайы яғни теңізге, тау және орман массивтеріне жақындығы, сол сияқты транспорт магистральдарының орналасуы ескеріледі. Сол сияқты аймақтың жер бедері, су ағыстарының құлаудеңгейі, аймақтың өзендермен тілімдену дәрежесі және әртүрлі климаттық-гидрологиялық құбылыстар мен процесстер де саяхатшылардың демалуында көптеген ұмытылмас әсерлерге жеткізеді.

Табиғат ортасының климаттық және ландшафттық факторлары активті және пассивті дмалуда қолданумен қатар, психофизикалық регенерация мақсатында терапевтік фактор қызметін атқарады. тропиктік фактор қызметіне негізінен шипалы минералды сулар, орман мен таулы-аймақтардың таза емдік ауасы және бұлақтардың шипалы суларын жатқызуға болады.

Ал, жер беті су торлары туризмде спорттың түрін, балық аулау таза ауада шомылу қызметтерін атқару үшін шешуші роль атқарып келеді.

Аймақтың орман жамылғысы да қандай да бір туристік қызметтердің дамуына әсерін тигізеді. Ландшафттық жетістіктермен қатар табиғат ортасының көріктенуіне биологиялық факторлар да қажет болып саналады. Биоклиматтық сферада орман алқаптары атмосфераны отегі және азонмен байытып, желдің жылдамдығын шектеумен бірге, температураның тәуліктік және жылдық тербелістерін баяулатады. Орман жамылғысы рекреациялық бағытта қолдану мен қатар, белгілі бір аймақтың эстетикалық көріктенуіне жол ашады.

Оңтүстік Қазақстандан туризмді дамытуда негіз болатын табиғи ресурстармен қатар, әлеуметтік-экономикалық ресурстарды да атап өтуге болады. Туризмнің дамуы үшін қажетті әлеуметтік-экономикалық алғышарттарға мемлекеттің әлеуметтік саясаты, халықтың жұмыстан тыс бос уақытты, қалалар санының көбеюі, білім мен мәдениеттін дамуы және адамның орташа өмір сүру ұзақтығының артуы жатады.

Оңтүстік Қазақстан аймағындағы табиғаттың көркем аймақтары мен тарихи мәдени ескерткіштер, дамыған өнеркәсіптік аудандардың таралуы әр облыста әркелкі болып келеді. Оңтүстік Қазақстан облысы-бұл негізінен Қазақстанның мақта, қорғасын мен фосфор, қаракөл, жеміс жидектер мен жүзім мекені. Облыс орталығы Шымкент. Қазақстанның ежелгі қалаларының бірі, ол ХІІ ғ. Орта- Азиядан қытайға созылған сауда жолының бойында пайда болған.

Шымкент қаласының маңызды кәсіпорны қорғасын зауыты, сонымен бірге химиялық формацевтика, ұсталық пресс-автомат, фосфор тұздары, мұнай өндейтін және шина зауыттары жұмыс істейді.

Облыстың Түркістан қаласында негізгі архитектуралық және тарихи көркемдік болып табылатын Қожа Ахмет Яссауи кесенесі салынған. Көптеген ғасырлар бойы 1868 жылға дейін бұл қала Яса деп аталған, ал кесене осы аймақта ХІІ ғ. Өмір сүрген ұлы, әулиелі адам Ахмет Яссауидін атымен аталған. Ал, 1989 жылы Туркістан қаласында «Әзірет - Султан» тарихи-мәдени музей ашылды. Оның құрамында Күлтөбе қалашығы, Хильвет мешіті, Шілдехана құрылысы және т.б. бірнеше тарихи және мәдени ескерткіштер кіргізілген.

Отырар ауданының орталығы Шәуілдір ауылынан 10 км қашықтықта ежелгі Отырар қаласының қалдықтары сақталған. Мұнда ежелгі тарихи-деректерге қарағанда Х ғасырдан белгілі философ, ақын, композитор, тілші Абу-Насыр Мухаммед ибн аль-Фараби мекендеген.

Сол сияқты аймақтын ен көркем табиғи шатқалдарына Шарын өзенінің каньонын жатқызуға болады.

Оңтүстік Қазақстанда туристік-экскурсиялық мақсатта пайдаланылатын табиғи және әлеуметтік-экономикалық мақсатта пайдаланылатын табиғи және әлеуметтік-экономикалық рекреациялық ресурстар көптеп саналады. Бірақ кейбір шешілмей отырган мәселелерге байланысты олардын кейбіреулері туристік бағыттарда қолданылмай келеді. Сондықтан, республикамызда туризмді одан әрі тиімді дамытудың негізгі проблемасы әлеуметтік инфрақұрылымның осы саласында қызмет көрсетуші профессионалды білікті мамандар даярлау қажеттігімен шешіледі.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

1.   Мироненко., Твердохлебов И.Т. Рекреационная география.М.1981.

2.   Царфис П.Г. Рекреационная география СССР.М. 1979.

3.   Казанская Н.С., Морфенин Н.Н. Сбор рекреационной географии.М. 1976

4.  Чижова В.П. Рекреационные нагрузки в зонах отдыха.М.1977

5.  Сайпов А.А.Теория и практика туризма Казахстана.А-А,1999

6.   Ким А.Г. Рекреационная оценка территории и развитие туристко-

      рекреационного хозяйства в Казахстане.А. 1997.

  1. Достопримечательные места Казахстана. А-А.1959
  2.  

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-10-16 18:58:36     Қаралды-3414

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІНЖУ ҚАЙДАН АЛЫНАДЫ?

...

Інжу - жануарлардан шыққан жалғыз асыл тас

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Әдетте біз Күнді газдың үлкен шары деп айтамыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДЫБЫС ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Біздің әлем жанды да, жансыз да табиғат тудыратын дыбыстарға толы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »