UF

Тақырыбы: Рекреациялық жұмыс, оның құрамы мен классификациясы

 

  1. Рекреациялық жұмыстың құрамдық ерекшеліктері.
  2. Бос уақытты пайдалана отырып адамның өзін-өзі қалпына келтіру және дамыту функциялары.
  3. Емдік рекреацияның, спорттық рекреацияның, сауықтыру рекреацияның және танымдық рекреацияның түрлері.

 

Территориялардың туристік ресурстары (лайықтылығы) бұл табиғат ортасы және табиғаттан тыс элементтердің үйлесуі, олар бірігіп немесе әрқайсысы жеке түрде туристтер қызығушылығын тудырады. Туристің қызығушылық-салдарын ескере отырып, оларды бірнеше түрге бөлуге болады:

  • табиғат ортасына тығыз байланыстырылған демалыс;
  • арнайы, әртүрлі қалыпқа сай, шипалы су ыңғайлы климат жағдайы, балшық-лай мен емделудің басқа да түрлері;
  • танырлық, бұған табиғат ерекшеліктерінен бөлек (қорықтар, табиғат ескерткіштері) т.б. материалды және рухани элементтер, ескерткіштер, фольклор, мәдениет объектілері әрі қоғам жетістіктерінің қазіргі үлгілері де кіреді.

Міне, осы бағыттарда саяхат шараларын іске асыру үшін байланыс, оның ішінде ең алдымен транспорттық (көлік) қызметі қажет. Аз қашықтыққа, шағын топқа арналған жаяу жорық болмаса, негізінен транспортсыз-өліксіз туризм болмайды.

Жол-жөнекей бағыттағы базалар туристерге қызмет көрсетудің төмендегідей негізгі түрлерін алады. Жағажай, шомылу орындары, шолу алаңдарын құрастыру мен сувенирлерін өндіру, ақпараттық қызмет және басқалар.

Міне, осы жоғарыда аталғандардың барлығы туризмнің әлеуметтік-экономикалық тәртіп мәселелерін қамтиды.

Шаруа жағымен айналасушылар, сонан соң теоретиктер әуелі халықаралық туризмге көңіл аударды.  Оны түсінудің ешқандай қиыншылығы жоқ, ішкі туризм әлі де көзге онша еленбейді. Ол бұқаралық сипат алмаса елдің экономикалық өміріне де маңызды үлес қоса алмайды.

Шет ел туризмі валюта қорын толтыруға байланысты, елдің төлем балансына тиімді әсер етіп, ұлттық экономиканы өркендетуге маңызды роль атқарады.

Сондықтан халықтың көшу-жылжуын есептеуді тәртіптеу, халықаралық тасымалдау мен төлем баланстары туралы ақпарат жинауды үйлестіруге ұмтылу кездейсоқтық емес.

Қазіргі кезде халықтың туристтік ауытқуының күшейуін, себеп-салдарын, олардың пайда болуын, әсіресе әлеуметтік-экономикалық сипатын анықтау аса қажет болып отыр.

Қазіргі баспасөзде адамның тұрғылықты жерінен уақытша кетуі әртүрлі себеп-салдармен түсіндіріліп, негізделеді, олардың саны еркін түрде азайып немесе көбейуі мүмкін. Бірақ, олардың себебін бірнеше шартты топтарға бөліп қарауымызкерек.

Егер біз туристік қозғалыстардың статистикалық зерттеулеріне көңіл бөлер болсақ, туристік қозғалыстың экономикалық тиімділігін есептеу күрделі мәселе болып қалады. Яғни оны ел көлеміне немесе жеке бірліктерге мемлекеттік бюджет қорынан бөлу қажет.

Статистикалық жинақты бұл жағдайда тұрғындар кірісі, оның шығыны, туристік базалардың құны, құрылымдағы ақша қозғалысы, халықаралық туризмдегі валюталық түсім мен шығындар түзейді.

Қазіргі кезде әр елдерде стасистикалық бақылау мен статистикалық матеиралдар жинауда әрқилы әдістер қолданылады. Солардың ішінде кең таралғаны мейманханаларда тіркеу әдістемесе. Ол жатар орынға қабылдайтын базалардың барлық түріне негізіне негізделеді. Оның үстіне бұл әдіс демалушылардың нақты саны туралы мәліметтер беріп, жылдық айлық тұрғысының туристтерді жеріне орай топтауға (таулы, жағалаулы т.б.) әрі ұлтына қарай бөліп, есептер жасауға мүмкіндік береді.

Бұл айтылған әдістер бірін-бірі толықтырып, кейде бірмезгілде қолданылады. Туристік зерттеулерде, әсіресе аймақтарда маңызды  орын алатын көмекші (екінші қайтара) статистикалық материалдар. Оны әкімшілік (немесе салықтық) негізді сәйкес келетін жергілікті немесе орталық ұйымдар мен мекемелерде өтпелі статистикалық тіркеу негізінде жасалынады. Бұл әлемдік көлемде кең қолданылмаса да үлкен танымдық және ғылыми құндылығы бар материал болып табылады.

Статистиканың басқа да түрлері біршама қызығушылық тудырады: тұрғындар кәсібі, ұлттық табыс, төлем, тұрғындар табысы және шығыны, негізгі қорлар құны, капитал салымының көлемі ж т.б.

Бірақта осы кездерден алынған материалдар жалпы әлеуметтік-экономикалық жүйеде заңдарының қалыптасуы мен жетілуіне, байланыс пен өзара қарым-қатынасқа толық ақпарат бере алмайды. Бұл жерде негізгі қиыншылық туристік қозғалыстың әлеуметтік қырларында. Сондықтан мұнда «таусылмас» бақылау әдістемесінің қажеттілігі туындайды. Оған жататын анкеталық-сынақ әдістемелері. Ол анкета немесе көзбе-көз әңгімелесу, әрі монографиялық ақпараттар жинау көмегі арқылы негізделеді. Бұл жұмыстар бір сұраққа арналып, бірақта көп мәселелерді қозғайды.

Тақырыпты жоғары ғылыми деңгейде өңдеуде, олар жан-жақты нақтылы тақырып ақпаратын ұстанып, жергілікті әсіресе жоспарлау органдарына құнды танымдық материалдар болып есептелінеді.

Статистикалық есеп принциптеріне негізделген жанама әдістемелер де бар. Бұлар арқылы туристік қозғалысты белгілі қатысы бар басқа да статистикалық материалдардан көрінген өзгерістер арқылы бағалауға болады. Туристік жылжулардың ең алғашқы білінетін белгісі тұтыну мен транспорт-көлікті пайдаланудағы өзгерістер.

Жиналған статистикалық материалдар географиялық, құрамдық, өрлеу-динамика т.б. топтар арқылы диаграмма, кесте, карта арқылы әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды береді.

Зерттеуде туристік қозғалыстың таралуы,түнеу орындары, оның сиымдылығы,туризмнен түскен табыстар, маусым көрсеткіштері т.б. көрсетудің үлкен маңызы бар.

Туристік құбылысы, әлеуметтік-экономикалық өмірдің басқа да салалары секілді таза себеп-салдарлы басыбайлығы жоқ. Ондағы байланыстар қарапайым теңестіру сипатында болады; мысалы, туристтік қозғалыстың көлемі және әр тұрғынға шаққандағы табыс, туризмнен түскен кіріс және негізгі өндіріс қорларының құны, қозғалыс көлемі және халықтық өсу дәрежесі ж т.б. Бұл байланыстарды құбылыстар механизмінің теориялық жинағын ғана емес, әрі тәжірбиесін білудің маңызы бар. Дұрыс қолданылған саласында алшақтықты анықтауға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік-экономикалық зерттеулерге жататын кез-келген болжаулар секілді, туристтік болжау да статистикалық жорамалдау сипатында болып, әртүрлі міндетті жүйелерге бағыныстырылған уақыт-кеңістік өзгермесінің сан қыры ескеріледі.

Туристтік болжаулар, туристтік құбылысты тұтастай өркендетудің басты әсері болып табылатын, туристтік тасқын көлемін анықтайды. Ол әртүрлі территория көлеміне (құрылықтар, елдер, аудандар ж т.б.) әрі әрқилы уақыт кезіңдеріне жатуы мүмкін (мысалы, қысқы уақытқа, ұзақ мерзімге, болашаққа арналған болжаулар). Туристтік міндеттерді атқарушы негізгі кеңестік бірлігі туристік аудан (аймақ) болып табылады. Туристік аймақ міндеттерінің аумағы онда келушілердің тұтынымына, табиғат ортасының тартымдылық дәрежесіне, туристік дәстүрлерге, әрі қалыптасқан туристік қызмет көрсету жүйесіне байланысты. Туристтік аймақтар жоғарыдан төмен күрделі жүйені құрайды. Қазіргі кезеңде географиялық зерттеушілерді жетілдірудің өте маңызды мәселесі аймақтық сипатын тұтастай құру болып табылады.

Шаруашылықтың өркендеу деңгейі және соған байланысты тұрғындар табысының деңгейінің өзара байланыстылығы, әрі туристтік құбылыс, қағамның туристік белсенділігінен көрініс береді.

Тұрғындар табысы және оның туристік белсенділігі елдің әлеуметтік кәсіби құрылымымен тығыз байланысты. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысында демалысқа барушылардың ең жоғары легі кркін кәсіби топтағылармен жоғары және орта білімді кадрлар арасында байқалды.

Туристік кешендерді қалыптастырудың ең басты экономикалық алғы шарты оны қаржылай қамтамасыз ету болып табылады.

Елдің демалыс шаруашылықтарын шаруашылық есеп принциптеріне көшіру, саланы одан ары жетілдіру үшін, қор жинау үшін жеке қор базасын жасауға мүмкіндік берді. Осы мақсатқа орай 1962 жылдан бастап-ақ туристік-экскурсиялық басқа да қызметтен түскен табыстар демалыс объектілерін салу мен жан-жақты қамтамасыз етуге негізгі құралдар, мүлік, жабдықтар, транспорт алуға жұмсалды.

Тұрғын халықтың өсуі әлемдік туристік күш-қуатты арттырып, нәтижесінде жаңа адамдар резервтері туристік қызметке тартылуда. Сонымен қатар әлемнің кейбір аудандарында адамдардың қоныстануы да тығыз бола бастады. адам аяғы баспаған, әлі де мәдениеттілдік жетпеген жерлерді таба қою қиындай түсуде. Сондықтан ірі өндірісті қаланың тұрғындары саяхат пен демалысты арнайы жерлерде өткізуге немесе шетелдерге баруға мәжбүр болуда.

Халықаралық туризмге әсер ететін саяси әсерлердің арасында, туристерді «жіберуші» немесе «қабылдашы» елдердің ішкі саяси жағдайы мен туристік бағыттар өтетін елдердің саяси ақуалы көп әсерін тигізеді.

Туризмді экономикалық көзқарас тұрғысынан қарар болсақ, оның тұтынымы қоғамдық-экономикалық жағдай мен өндіріс күштері деңгейінің сәйкес келуіне байланысты. оның қаз тұруы әр тұрғынға шаққанда өте жоғары ұлттық табыс қажет.

Қоғамның тұрмыс-ауқаттылығына орай туризмге бөлінер шығын да едәуір болмақ.

Туризм экономикалық тұрғыдан тауар мен қызмет  көрсетудің, шаруашылық қызметінің тұтастай аумағын қалыптастыруға әкелген тұтыным сұранысының жаңа түрін әкелді. Бұл туристтік аймақтарда шығарылатын өнімдердің түрін арттыруға, халықтық кәсіп пен өндірістің жаңа салаларының пайда болуына, ауыл шаруашылығын өркендетуге әкеп соқты.

Туризм елдің белгілі бір территориясының халық шаруашылығын өркендетуге, инфрақұрылымдарын қалыптастыру мен дамытуға, нашар дамыған территориялардың экономикасын көтеруге септігін тигізеді.

Туризм кей жерлерде ауыл тұрғындарының негізгі табыс кездеріне жатады. Онда туристерге азық-түлік және басқа да қажетті заттарды сату, түнету қызметі т.б. жатады.

Оңтүстік Қазақстанның Арыстан-Баб, Домалақ-Ана т.б. тарихи ескерткіш орындары ғана емес, республиканың басқа да туристерді қызықтыратын ауылдық жерлерінде туристерге қызмет көрсету, ауыл шаруашылығымен айналысудан көрі пайдалы екендігі, қазіргі күндері белгі болып отыр.

Туризмді дамытуды жеделдету, бұл сала қызметін жоспарлауды қажет етеді. Туризмді жетілдіруді республиканың арта қалған облыс, аудандарынан бастауды қолға алған жөн. Сонда ғана ол жердің экономикасы мен инфрақұрылымдары нығайып, қажетті материалдар, қаржы және еңбек ресурстарымен нығайту күшейтіледі. Туризмді жетілдіруге оған қызығушы министліктер, ведомостволар, мемлекеттік, ресми, бейресми ұйымдар тартылады.

Туризмді дамытуды жүйелі болжамдау шаруашылықтың басқа да салаларымен бірлескен негізде туризм өндірісін дамыту мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді.

Туризмді дамытудың кешенді бағдарламалары экономикалық және әлеуметтік даму жоспарына байланысты болуы шарт.

Бүгінгі күндері еліміз өзінің әлеуметтік-экономикалық өмірінде қүрделі өзгерістерді басынан кешіруде. Экономикалық дамудың жаңа сатысында, ерекше қарқынмен дамып келе жатқан мемлекеттік емес экономикалық және өндірістік құрылымдар нарығында жаңадан бастама алып отырған саланың бірі туризм.

Туризм – демалыспен, бос уақытпен, сондай-ақ мәдениетпен және табиғатпен тілдесумен тікелей байланысты, жеке және ұжымдық толық жетілудің жолы ретінде жоспарлануы және тәжірибеге енгізілуі тиіс қызмет.

 Туризм әлемдік экономикада басты рольдердің бірін атқарады. Дүниежүзілік туристік ұйымның деректері бойынша ол әлемдік жалпы ұлттық өнімнің 10-бөлігін, халықаралық инвестициялардың 11 пайызынан астамын, әлемдік өндірістегі әрбір 9-шы жұмысшы орнын қамтамасыз етеді. 1993 жылы Қазақстан Республикасы, Дүниежүзілік туристік ұйымға нақты мүше болып кірді.

Оңтүстік Қазақстан облысында қазіргі заманғы инфрақұрылым салаларының дамуына, соның ішінде туризмге үлкен мән беріледі. Туризм елдің тұтас өңірлерінің экономикасына белсенді ықпал етеді. Туризм саласында шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы мен жұмыс істеуі жол көлігінің, халыққа сауда, мәдени, дәрігерлік қызмет көрсетудің дамуымен тығыз байланысты.

 Б. э. дейінгі үшінші мыңжылдықта басталған Ұлы Жібек жолының құрылуы мен дамуы Оңтүстік Қазақстан облысы туризмінің тарихи алғы шарттары болып табылады.

Қазақстанның тәуелсіздік алуы туристік қызметті реттеу мен халықтың тарихи және мәдени мұрасын жаңғырту негіз боп қаланды. Туризмнің тез және тұрақты өсуін, оның қоршаған ортаға экономиканың барлық саласына және қоғамның әл-ауқатына күшті ықпалын назарға ала отырып Үкімет Қазақстанның ұзақ мерзімді даму бағдарламасында туризмді басым сала деп анықтады.

Республикамыздың Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2030» жолдауында туризмді дамыту басты бағыттардың бірі болып саналады делінген, ондағы басты мақсат табиғи және тарихи туристік-рекрациялық ресурстарды экономикалық міндеттерді шешуге пайдалану болып табылады. Туризм, сондай-ақ Қазақстандықтардың салауатты өмір салтын орнықтыруға, азаматтық пен отан сүйгіштік қасиеттеріне қатысты мәселелерді шешуге де өз ықпалын тигізері сөзсіз.    

Қазақстанда туризмнің дамуы үшін нормативтік-құқықтық база құрылды. 2001 жылдың маусымында «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» жаңа Заң қабылданды. Ол Қазақстан Республикасы экономиканың бір саласы ретінде туристік қызметтің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негізін айқындайды. Заңға сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысындағы туристік қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі принциптері болып: туристік қызметке жәрдем беру және оның дамуына қолайлы жағдайлар жасау, туристік қызметтің басым бағыттарын айқындау және қолдау, сонымен қатар Қазақстан туризм үшін қолайлы ел туралы түсінікті қалыптастыру саналады.

1993 жылы Оңтүстік Қазақстан облысындағы туризм индустриясын дамытудың ұлттық бағдарламасы, 1997 жылы «Жібек жолының тарихи орталықтарын жандандыру, түрік тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамыту, 1997-2003 жж. Туризм инфрақұрылымын құру туралы»  Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. 1997 жылы 2030 жылға дейінгі туризмді дамыту стратегиясы жасалды .

 Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекттік бағдарламасы (бұдан әрі-Мемлекеттік бағдрлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы №222 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы №822 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарына сәйкес әзірленген.

Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты сырттан келушілер туризмі және ішкі туризм көлемін арттыру есебінен мемлекет пен халық кірісінің тұрақты өсуін, халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру болып табылады.

Оңтүстік Қазақстанның мәдени–тарихи және демалыс зоналарын жетілдіру  мен сақтауға, саланың ғылыми - әдістемелік қамтамасыз етілуіне, кадрларды дайындауға және қайта дайындауға үлкен мән бөлінетін болады.    

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

1.   Мироненко., Твердохлебов И.Т. Рекреационная география.М.1981.

2.   Царфис П.Г. Рекреационная география СССР.М. 1979.

3.   Казанская Н.С., Морфенин Н.Н. Сбор рекреационной географии.М. 1976

4.  Чижова В.П. Рекреационные нагрузки в зонах отдыха.М.1977

5.  Сайпов А.А.Теория и практика туризма Казахстана.А-А,1999

6.   Ким А.Г. Рекреационная оценка территории и развитие туристко-

      рекреационного хозяйства в Казахстане.А. 1997.

7.   Достопримечательные места Казахстана. А-А.1959

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-10-16 18:56:44     Қаралды-3484

БӨЛШЕКТЕР ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Алдымен бұлар «жай бөлшектер» деп аталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕ ЖҮЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ ЦИРК ҚАШАН ЖӘНЕ ҚАЙ ЖЕРДЕ АШЫЛДЫ?

...

Қазіргі кездегі заманауи цирктің әкесі - ағылшын кавалеристі аға сержант Филип Астли

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЕТРО ҚАЙ ЖЕРДЕ ЖӘНЕ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Метро - теміржол көлігінің бір түрі, оның жолдары көшелерден алшақ, көбінесе жер асты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЫСЫҚТАР ҚАШАН ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫНА АЙНАЛДЫ?

...

Соңғы уақытқа дейін ежелгі мысырлықтар мысықтарды алғаш қолға үйреткен деп есептелді

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КІРПІШ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Пісірілген балшықтан жасалған бұл әмбебап құрылыс материалы

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ОТТЕГІ ҚАЙДАН КЕЛЕДІ ЖӘНЕ ОЛ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

...

Оттегі - жер бетіндегі ең көп таралған химиялық элементтердің бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДӘПТЕР ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Мектеп дәптерлеріне ата-әжелеріңіз, аналарыңыз бен әкелеріңіз жазған

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ПЛАНЕТА ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Біздің планетамыз шамамен 4,5 миллиард жыл бұрын пайда болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ПЛАНЕТА ҚАЙСЫ?

...

Күн жүйесіндегі ең үлкен планета - Юпитер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »