UF

Тақырыбы: Табиғи рекреациялық ресурстардың экономикалық тұрғыдан бағалануы.   Табиғи туристік-рекреациялық ресурстар

 

  1. Табиғи территорияларды рекреацияға пайдаланудағы пайдалы және зиянды жақтары.
  2. Рекреацияның табиғатты қорғаудағы алатын орны.
  3. Мәдени-тарихи рекреациялық ресурстар.

 

Туристік нарық қызметінің саласын таңдауда немесе оның ары қарай. жетіспеуіне базистік факторға туристер жақанан толастатпайтындай табиғи географиялық ресурстардың болуы жатады.

Табиғи жаратылыстық ресурсгарға технологаялық кұрамдық, жайлылық, сыйымдылық аттракгавтілік, тұрақтылық, кешеңдік және т.б. жатады.

Технологиялық жарамдылығына қарай ресурстар екі топқа бөлінеді, біріншісі технологаялық міндетті, екіншісі этнологиялық міндетгі емес, яғни мүмкіндік туғызушы ресурстар.

Технологиялық міндетті немесе қажетті ресурстарсыз туристік-рекреациялық қызметті елестетуте болмайды. Туристік нарықта жетілдіруде технологаялық кажетті ресурстар болуы кажет. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысының экологиялық туризм ресурстарына әсем табиғи комплекстің болуы, ал тау туризмі мен альпенизмге-тау тізбегі мен шатқалдардың бірегей массаларлын болуы жатады. Технолоиялық міндетті ресурстар толық демалу мен рекреациялық мүмкіндіктермен қамтамасыз етеді, бірақ барлық уақытта ең тиімді мүмкіндік болып санала бермейді. Сұранымды толық қанағаттандыру үшін өзіне тән орта, жан-жақты әсемдік, жарасымдылық қалыптастыратын бірнеше ресурстар комплексі, яғни мүмкіндік туғызатын ресурстар болуы қажет.

Технологаялық міндетті және мүмкіндік жасаушы ресурстардың үйлесімділігі демалушылардың сұранымын барынша қанағаттандыратындай туристік-рекреациялық ресурстар кешенін қалыптастырады.

Технологиялық міндетті рекреациялық ресурстар рекреациялық ресурстың өзі немесе мақсатты бағыттағы ресурстар (емдік сауықтыру және т.б.) болып және рекреациялық емес, бірақ та технологиялық қажетгілігі бар (орман қалыңдығы, судың көптігі т.б.) ресурстар болып екіге бөлінеді.

Табиғат кешенінің жайлылығы бұл демалу мен туризмнің нақты бір түріне деген сұранымның ресурсқа деген сәйкестілік деңгейін анықтайтын қасиетке негізделген.

Табиғи ресурстардың көлемі туризмнің нақты бір түріне немесе рекреациялық жұмыстардың циклына орай анықталады.

Табиғи ресурстарды пайдалануды реттеп отыру туристік қызмет технологиясына аса қажетті, сондай-ақ табиғи ортадағы экологаялық тепе-теңдікті сақтауға лайықты шара болып есептеледі.

Табиғи ресурстардың аттрактивтілігі сол жердің өзіндік ерекшелігі, әртүрлілігімен сипатталады. Табиғи ландшафты этикалық тұрғыдан бағалағанда табиғатгың маусымдық динамикасы, жер қыртысының жеке-жеке сипаттамасымен, басып жататын кезеңнің ұзақғығымен, орманның заңдығы, судың молдығы сияқты ерекшеліктері есептелінеді.

Табиғи ресурстардың мақсаттылығы белгілі бір ауданның шаруашылық салаларына қарағанда осы туризм саласына пайдалану арқылы түсетін әлеуметтік-экономикалық пайдамен айқындалады.

Туристік қызметке құнды табиғи-рекреациялық ресурстарды тартуда кәсіпкерлерден қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты тиімді пайдалануға қатысты біліктілікті талап етеді.

Мемлекеттің табиғи-қорықтық қорындағы ерекше қорғалатын аймақтардағы туристік қызметтің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік ұйымдастырушылық негіздері Қазақстан Республикасының «Ерекше қорғалатын табиғат аймақтары» Заңында қарастырылған .

Туризм кластерін жетілдіруді қолға алып жатқан энтузиастарға Үкіметтің осы жылдың қаңтар айында еліміздің бірқатар аймақтарындағы ұлттық парктердің жағдайын жақсарту жөнінде қаулы қабылдауыжаңа серпіліс әкелгендей. Сондықтан да олар  Оңтүстіктегі Ақсу-Жабағылымен қатар Жетісудағы бұрыннан бар ұлттық парктер Алтынемел мен Алатауға мықтап назар аударып отыр. Таңдау дұрыс. Себебі шетелдерден туристер көп келетін жер, міне, осы табиғат нүктелері. Бұл бағытта бірнеше жобалардың нобайы жасалған. Ол «2006-2010 жылдары туристік кластерді дамыту» бағдарламасында да көрініс тауып үлгерген.

Оңтүстік Қазақстан облысы – республика бойынша суармалы егістікпен, сонымен қатар бағалы техникалық және дәнді дақылдар-мақта, қант қызылшасы, темекі мен күріш өсірумен айналысатын негізгі аудан. Аймақтын табиғат жағдайлары да бау-бақша және малшаруашылығынаң ішінде қой мен ірі қара мал өсіру үшін қолайлы болып табылады. Оңтүстік Қазақстанның табиғат жағдайлары, көрші Орта Азияның табиғатымен салыстырғанда өзіндік айырмашылық таптарымен ерекшеленеді. Мұнда көптеген аймақты ауқымды құрғақ жазықтар мен бөлігіне жуығын шөлді жазықтар алса, небәрі 1/5 бөлігіне ғана таулар мен тауалды қыраттары жайғасқан. Соған қарамастан, 3 кестедегі мәліметтерге сәйкес  Оңтүстік Қазақстанның экономикасын дамытуда альпілік және субальпілік шалғынды таулар, осы таулардын бастауын алатын көптеген өзендер, сол сияқты тау беткейлерінде жатқан құнарлы каштан топырақтар елеулі ықпал етіп келеді.

Қазақстанның оңтүстік шекарасын бойлай жүздеген километрге созылып жатқан Тянь-Шань тауларының батыс тізбектері осы ауданға өзінін көрікті де әсем шыңдары мен шатқалдарын сыйлаумен қатар ондағы Қазақстанның архитектура-археологиялық ескерткіштердің көптігімен ерекшеленеді. Осындай мүмкіндіктерге байланысты, Оңтүстік Қазақстан аймағында туризмін дамуы үшін қажетті алғыштардың барлығы орын алған. Атап айтсақ, демалу мен серуендеу аймақтарын тандау барысында табиғи ресурстар маңызды роль атқарады. Саяхатшылар ауданның ландшафттық және климаттық ерекшеліктерін біле отырып, өсімдік пен жануарлар дүниесі қорын әр түрлілігі мен танысады, спорттын бірнеше түрлерімен шұғылданып, аң және балық аулаумен айналысады.

Мемлекеттік Ақсу – Жабағлы қорығы – Тянь – Шанның тармағы Талас Алатауының батысында – Қаратау, Жабағлы, Өгем, Піскем тауларының түйіскен тұсында орналасқан. Қорықтың орталық бөлігін – Бұғылытар, Ақсу, Балдыберек тау жоталары құрайды. Қорықтың оңтүстік шекарасы Майдантал жотасы арқылы, шығысы Жабағлы, солтүстігі Жабағлы өзендерінің оң жағасы арқылы өтеді. Ал батысы Даубаба өзенін қуалай отырып Өгем тауына тіреледі. Әрине, қорықтың өсімдіктер мен жануарлар дүниесі бұл шектеуден ұзап шығып, жан-жақты қанатын жая созылып жатыр. Ол Оңтүстік Қазақстан  облысының Түлкібас, Ленгер және Бәйдібек аудандарының жерлерінде қоныстанған. Қоры түгелімен дерлік биіктігі теңіз деңгейінен 1100 – 4200 метрге дейін баратын жартылай шөлейтті,  аласа таулы аймақта орналасқан. Оның жер көлемі алғашқы кезде 30 мың гектар болса, қазір 74416 гектар, оның 14369 гектары орман, 31141 гектары таулы және далалы шалғындықтар, ал 28620 гектарын биік құздар, қорық және көшпелі тастар, қар мен мәңгі мұздар алып жатыр. Сондай-ақ қорықта 234 гектар сулы және батпақты жерлер ұшырасады, 52 гектар жер жол мен басқа да құрылыстарға берілген.

Аймақтағы табиғат ортасының климаттық және ландшафттық факторлары активті және пассивті дмалуда қолданумен қатар, психофизикалық регенерация мақсатында терапевтік фактор қызметін атқарады. тропиктік фактор қызметіне негізінен шипалы минералды сулар, орман мен таулы-аймақтардың таза емдік ауасы және бұлақтардың шипалы суларын жатқызуға болады .

Ал, жер беті су торлары туризмде спорттың түрін, балық аулау таза ауада шомылу қызметтерін атқару үшін шешуші роль атқарып келеді.

Аймақтың орман жамылғысы да қандай да бір туристік қызметтердің дамуына әсерін тигізеді. Ландшафттық жетістіктермен қатар табиғат ортасының көріктенуіне биологиялық факторлар да қажет болып саналады. Биоклиматтық сферада орман алқаптары атмосфераны отегі және азонмен байытып, желдің жылдамдығын шектеумен бірге, температураның тәуліктік және жылдық тербелістерін баяулатады. Орман жамылғысы рекреациялық бағытта қолдану мен қатар, белгілі бір аймақтың эстетикалық көріктенуіне жол ашады.

Сол сияқты, кез келген аймақта ірі түристік кешендердің қалыптасуы үшін ауанның географиялық жағдайы яғни теңізге, тау және орман массивтеріне жақындығы, сол сияқты транспорт магистральдарының орналасуы ескеріледі. Сол сияқты аймақтың жер бедері, су ағыстарының құлаудеңгейі, аймақтың өзендермен тілімдену дәрежесі және әртүрлі климаттық-гидрологиялық құбылыстар мен процесстер де саяхатшылардың демалуында көптеген ұмытылмас әсерлерге жеткізеді.

Оңтүстік Қазақстандан туризмді дамытуда негіз болатын табиғи ресурстармен қатар, әлеуметтік-экономикалық ресурстарды да атап өтуге болады. Туризмнің дамуы үшін қажетті әлеуметтік-экономикалық алғышарттарға мемлекеттің әлеуметтік саясаты, халықтың жұмыстан тыс бос уақытты, қалалар санының көбеюі, білім мен мәдениеттін дамуы және адамның орташа өмір сүру ұзақтығының артуы жатады.

Оңтүстік Қазақстан аймағындағы табиғаттың көркем аймақтары мен тарихи мәдени ескерткіштер, дамыған өнеркәсіптік аудандардың таралуы әр облыста әркелкі болып келеді. Оңтүстік Қазақстан облысы-бұл негізінен Қазақстанның мақта, қорғасын мен фосфор, қаракөл, жеміс жидектер мен жүзім мекені. Облыс орталығы Шымкент. Қазақстанның ежелгі қалаларының бірі, ол ХІІ ғ. Орта- Азиядан қытайға созылған сауда жолының бойында пайда болған.

Облыстың Түркістан қаласында негізгі архитектуралық және тарихи көркемдік болып табылатын Қожа Ахмет Яссауи кесенесі салынған. Көптеген ғасырлар бойы 1868 жылға дейін бұл қала Яса деп аталған, ал кесене осы аймақта ХІІ ғ. Өмір сүрген ұлы, әулиелі адам Ахмет Яссауидін атымен аталған. Ал, 1989 жылы Туркістан қаласында «Әзірет - Султан» тарихи-мәдени музей ашылды. Оның құрамында Күлтөбе қалашығы, Хильвет мешіті, Шілдехана құрылысы және т.б. бірнеше тарихи және мәдени ескерткіштер кіргізілген.

Отырар ауданының орталығы Шәуілдір ауылынан 10 км қашықтықта ежелгі Отырар қаласының қалдықтары сақталған. Мұнда ежелгі тарихи-деректерге қарағанда Х ғасырдан белгілі философ, ақын, композитор, тілші Абу-Насыр Мухаммед ибн аль-Фараби мекендеген.

Сол сияқты аймақтын ен көркем табиғи шатқалдарына Шарын өзенінің каньонын жатқызуға болады.

Оңтүстік Қазақстанда туристік-экскурсиялық мақсатта пайдаланылатын табиғи және әлеуметтік-экономикалық мақсатта пайдаланылатын табиғи және әлеуметтік-экономикалық рекреациялық ресурстар көптеп саналады. Бірақ кейбір шешілмей отырган мәселелерге байланысты олардын кейбіреулері туристік бағыттарда қолданылмай келеді. Сондықтан, республикамызда туризмді одан әрі тиімді дамытудың негізгі проблемасы әлеуметтік инфрақұрылымның осы саласында қызмет көрсетуші профессионалды білікті мамандар даярлау қажеттігімен шешіледі.

Оңтүстік Қазақстан облысының  территориясында жыл бойына күн сәулесінің түсу ұзақтығы да мол болып келеді. Оңгүстікте 3000-дай сағат болса, солтүстікте 2000-нан аса сағатқа созылады. Қолайлы кезеңнің ұзақтығы солтүстік-шығысына 40-50 күндей, ал оңтүстікте 120-150 күндей болып келеді, таулы жерлердегі сауықтыру туризмін дамытуға қолайлы аймақтардың қысы жұмсақтау болып келеді (орташа температура 2°С-ден 8°С-дейін) ал жазы құрғақ-ыстық болып келеді (орташа температура 20-27°С).

Суға түсу-жағажайлық, су-спорты туризм түрлерін дамытуға өзен-көлдердің тығыз байланысуының ықпалы зор. Біздегі құрғақ климаттық ауа-райында өзен-көлдік жүйелер нашар дамыған. Солтүстік аудандарындағы жазықта өзендер 100 км 2-3,5 км ұзындықта таулы жерлерде 20-40 шаршы км дейін көбейеді. Жазық жерлердегі тартылып кететін сулардың катамаранка салда серуендеуді ұйымдастыруға өте ыңғайлы болып келеді.

Тау өзендері су ағысының жылдам болуы және температурасының төмендегіден спорттық туризмге ғана жайлы болып отыр. Ішкі тау өзендері  Ақсу, Машат, Біркөлік және Сырдарияда аса көп ағынды қажет етпейтін су туризмінің дамытуға мүмкіндіктер бар.

Облыстың су қорларын ірілі-ұсақты 127 өзен (жалпы ұзындығы 5 мың шақырымдай), 34 көл (көлемі 110 млн. тек-ше метр), 30 бөген (көлемі 6 млрд. текше метр), 29 пайдаланылатын жер асты сулары және 5 минералды су көздері құрайды.Шардара су қоймаларында туризмнің спорттық жене суға түсу жағажайлық түрлерін дамытуға қажетті бірден-бір қолайлы жағдай бар.

Минералды сулар гидрогологиялық ресурстардың ішіндегі емдік қасиеті жөнінен жоғары бағаланады. Бүгінгі күндері облысымызда минералды судың 500-дей көздері табылыл, 120 емдік бетпақтар табылған.

Ерекше қозғалатын территорияға жататын    Оңтүстік Казақстанның таулы аймақтарында орналасқан   ерекше    аймақтгар    қатарын құрайды.

Туристік  қызметке  құнды  табиғи-рекреациялық ресуртарды тартуда кәсіпкерлерден қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты тиімді пайдалнуға катысты біліктілікті талап етеді.

Туризм жүйе ретінде – адамдар өмірінің мәні секілді, жоғарғы дәрежедегі, күрделі, көпқырлы тарихи дамып, әртүрлі өзгерістерге ұшырап отыратын құбылыс. Сондықтан да туризм ұғымына түсінік бергенде туристік қызметтің табиғаты мен мәні жайлы әртүрлі пікірлерді, тіпті бірін-бірі жоққа шығаратын кереғар пікірлерді де кездестіруге болады.Бірақ бұл туристік қызметтің кез келген концепциясын жасауға, мемлекет экономикасын да, саясаты мен мәдениетінде туризм мен туристік қызметтің атқаратын рөлін айқындауға, кері әсерін тигізбейді.Туризм жүйесінің жұмыс істеуінің және қоғам дәрежесіндегі туризмге қатысты саясатты үйлестіруде туризмнің басымдылығын заң жүзінде айқындайтын мемлекеттік саясат маңызды рөл атқарады.

         Еліміздегі туризм индустриясын дамыту оның геосаясатын, географиялық және тарихи- мәдени кеңстігіндегі инфроқұрылымын жасау жайындағы бағдарлама, ұлттық территорямызды Трансазия туристік байланысының маңызды бөлігіне айналдыруға негізделген.

         Туризм қайсы бір мемлекеттің дамуы жоспарындағы жетекші салалармен қатар қойылуы тиіс. Ол үшін тиімді инфроқұрылымы мен әртүрлі деңгейлердегі сұранымдарды қанағаттандыруға лайықты негізгі обьектілер-оқу орындарының болуы; ішкі туризмнің халықаралық туризммен байланыстыра, сабақтастыра отырып  дамыту, ал ішкі туризмді жоспарлаған кезде жан-жақты үйлестрілген ілгерілеуді территориялық негізде қарастырылып жасалуы қажеттігі көзделген.

Ордабасы, Қазығүрт, Төле би, Созақ, Түркістан, Түлкібас, Отырар және Бәйдібек аудандарында аң аулауға пайдаланылатын жерлер мол. Қазақы тазы жүгіртіп, бүркіт, сұңқар сияқты құс салу сияқты ұлттық аңшылыққа негізделген туризмге ден қоюшылардың қызығушылығын арттыра түседі.
Бұдан өзге Түлкібас, Төле би, Қазығұрт аудандарында атпен және жаяулап саяхаттаушыларға, сондай-ақ туризмнің басқа да түрлеріне кең жол ашылған.
Төле би ауданының жер жағдайы, табиғаты мен ауа райы қысқы туризмді өрістетуге қолайлы: осы бағытта «Тау самалы» демалыс лагері маңында аспалы жол мен шаңғы базасы салынды. Бұл көптеген қызмет түрлерін көрсету тораптарын өрістетуге, демалыс лагерьлерінің жұмысын жандандыруға, инфрақүрылымды дамытуға серпін береді. «Біркөлік» санаторийі қалыпқа келтіріліп, іске косылуда. Сарыағаш ауданындағы әйгілі бұлақ көздері маңайындағы санаторийлік демалыс пен емдеу орындары, сондай-ақ Сайрам ауданындағы «Манкент» шипажайы келушілер санын арттыра түсуде. Ақсу-Жабағлы қорығы - әлемнің айрықша қорғауында болатын қорықтар қатарына жататын Батыс Тянь-Шаньның көрікті жері. Қорық 1926 жылы кұрылған. Оның иелігіңде бай өсімдік пен жануарлар дүниесі камтылған. Мұнда жануарлар мен кұстардың 55-тен аса түрі және 200-ден аса өсімдік түрі бар. Олардың көпшілігі Қызыл Кітапқа енгізілген. Тянь-Шань тауының көзтартар жоталары мен сайлары, Ақсу өзенінің арнасы ешкімді де бей-жай қалдырмайтыны анық. Түлкібас ауданындағы бақылауға алынған табиғи ескерткіштер - Ақбиік ауылындағы ғажап үңгір, Пістелідегі жаңғақ тоғайы, Машат сайы және басқа да көптеген көрікті табиғат қойнаулары. Батыс Тянь-Шаньның тамаша табиғатын 2003 жылы өңірімізге келген ЮНЕСКО Комиссиясы қанағаттанған сезіммен атап өтті. Комиссия осынау көп бөлігі Оңтүстік Қазақстан облысына қарайтын табиғат бұрышын алдағы уақытта сақтау үшін шекаралас үш мемлекетті күш біріктіруге шақырды. Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне барабар Жабағлы қорығы да ұлт мақтанышы болып табылады.

      Облыста  туризмі  мүлде  тұралап  қалған, онымен  айналысатын  мамандары  да  жоқ  аудандардың  арасында  тарихи  қазыналардың  қалың  шоғырланған  жері – киелі  Қазығұрт  та  бар.

       Иә, иісі  қазаққа  орны  бөлек  Қазығұрт  аймағы  ашық  аспан  астындағы  алып  мұражай  іспеттес  өлке. Төңірегі  тылысым  шежіресінен  сыр  шертіп, үлкен  тарихқа  жол  салып  жіберер  күмбезі  көркем, кескіні  келісті  кесенелер, таңғажайып  таңбалы  тастар, шаншылған  тас  мүсіндер  көптеп  кездеседі.

       Қырық  қыз, Жұмбақ   жігіт, Мақпал  көне  ескерткіштері  жұртқа  кітаптардан  ғана  таныс  болса, көздерімен  көріп, көріктілігін  көргендер  аз. Адамзат  мәдени  мұрасын  қызықтауға  құмар  жандар  қаншама  тамашаласа  да  құпиясы  таусылмайтын  Қазығұрт  осындай  аймақ. Ал, табиғаты  тамсандыратын  өр  Өгем, қарлы  Қаржанның  өзі  неге  тұрады ?!

         Бұл  күнде  шетелдерден  жиі-жиі  келіп-кетіп  жататын  азаматтарға  жалпақ  дала  төсінде  осындай  бай  мұрамыз  бар  екендігін  айғақтай  алып  жүрміз  бе?!  Амал  не, осы  орайда  мардымды  ештеңе  көрсете  алмағанымызды  несіне  жасырамыз?!  Туризмнен  теңге  санау  қазірше  елес  қана.

         Елінің  экономикасы  нашар  деген  Арменияда  Арарат  тауына  жыл  сайын   10  миллион  доллар  бөлініп, туристердің  келіп – кетуіне, демалуына  тамаша  жағдай  жасалынған. Сондай-ақ, басқа  елде  тұратын  армияндар  Арарат  тауына  табаны  тимесе, ол  нағыз  армиян  деп  есептелмейді. Әрі  олар  тәу  етер  тауына  жай  ғана  қыдырыстап  келмейді. Қаншама  қаржысын  жұмсап, елдің  экономикасының  артуына  үлес  қосып  кетеді. Бір  ғана  туризм  саласын  дамыту  арқылы  армияндар  Нұх  пайғамбар  кемесі  өздерінде  қалғанын  жалпақ  жұрта  жеткізіп, туристердің  көптеп   келуіне  құмбыл  болуда.

         Жалпы  Қазығұрт  туризмге  және  адамзаттың  арғы  тегінің  тамыр  жаюына  бастау  болған  Қазығұрт  тауымен  сұранып  тұр.

        Табиғаты  дегенде, әрине, Өгем  еске  түседі. Бейресми  мәліметтерге  қарағанда, өзіміз  швейцария  деп  айдар  таққан  Өгемге  жыл  сайын  мыңдаған  адамдар  барып   демалады. Қалтасы  қалың  қонақтардан  бастап  Шымткентен,  өзіміздің  ауданнан  қаншама  адамның  жаз  шыға  Өгемді  өрлейтінін  көз  көріп  жүр. Өгем  сонда  несімен  қызықтырады  дейсіз  ғой? Әрине, тамылжыған  табиғаты, таза  ауасы, аң – құсы, қала  берді  патшалардың  патшасы  жейді  деп  кеткен  форель  балығы...   Тастан  тасқа  секіріп  ағатын, суықтығы  шілдеде  шекеңді  тесер  арынды  суын  айтпағанда,  жанға  дәру  дәрілік  шөптері  мен  мың  бұлақтарын  айтсаңызшы. Әне, анау  Қырық  қыз  тас  мүсіні, Күйеу  тас, Мақпал  көлі  шақырады. Шақырғанмен  қайтейік, оған  жұрттың  бірінің  жағдайы  көтере  бермейді.  Өгем  ауылында  осы  іспен  айналысатан  адамдар  бекітіліп, мініс  аттар  алынса  кеткен  шығынды  демде  қайтарып  алуға  болады  дейді  ондағы  тұрғындар. Жататын  жайды  өздері  дайындап, тамақ  мәселесін  шешуге  де  болатынын  жеткізеді. Ендігі  жетпей  тұрғаны  ұйымдастыру, қолға  алынар  тірліктің  толыққанды  жүйесінің  жасалуы. Бұл  енді  қолында  билігі  бар  шенеуніктер  отыратын  есіктермен  естілмесе, қарапайым  қазақ  қозғау  сала  алмасы  анық. Сондықтан, Өгемге  әзірге  келімсектер  тегін  келеді, тегін  суға  түседі, тегін  демалады, артынан  күл-қоқысын  қалдырып, тайып  тұрады.

          Ауданға  жаз  айларында  Алматыдан, Астанадан  қонақтар  келетін. Олар  да  біліп  алған, жергілікті  басшылардың  табандарын  жерге  тигізбей, Өгем   тауына  тік  көтеріп  ала  жүгіретін. Мейлі, барсын, көрсін, оған  ешкімнің  дауы  жоқ. Бірақ, солардың  қолында  ұшан-теңіз  билік  тұрған  жоқ  па? Неге  өздерімен   қатар  өзгелердің  де  Өгемнің  көруге  жағдай  жасалынуына  жандары  ауырмайды ?

         Болмаса, министрлердің  тікұшақпен  топ  етіп, кейбір  басшыларының  «Джиппен»   Өгемді   қыдырыстайтынын  былайғы  жұрт  жыр  ғып  айтады. Көмегінен   қайран  болмағасын  қайтеді ?!  Мейманның  мейманасын  тасытып  қайтарады. Тым  болмаса  өздері  жарықсыз  отырғандарын  да  ұмытып, елпеңдейтінін  қайтерсің ?!  Міне, сізге  Өгемде  туризмге  жол  саламыз  деген  тірліктің  тіршілігі.

         Туризмге  тірек  болатын  Қазығұрт  тауы, Нұх  Пайғамбар  кемесінен  қайрылған  орыны, Ақбура  әулие  кесенесін  барынша  пайдалану  керек. Шын  мәнінде, Қазығұрт  тауына  табан  тіреген  сайын  марқайып, жеңілдеп  қайтасың. Таудың  төбесіне  шығып, шетсіз, шексіз  жазира  далаға, тарихтың  терең  қойнауына  сүңгіп  кеткендей  боласың.  Қайда  қарасаң, қайда  қадам  бассаң  да  бірде  жақындап, бірде  алыстай  түсер  сағымдай  ерте  заман  елесі  есіп  өтеді. Ұлан  даланы  дүбірлеткен  ата – бабалар  үні  келеді  құлаққа. Осынау  өңірдегі  сансыз  ескерткіштер  мен  мұраларды  өзге  жұрт  көріп, халқымыздың  өткенімен  танысса  деп  қиялдайсың. Ел  екенімізді, ел  болғанымызды  айқын  аңғартатын  інжу – жауһарларға  жолығып, сүйсінер  ме  еді ?!

         Ақбура  әулие  белгілі   бір  рудың  немесе  тайпаның  адамы  емес. Ол  кезінде  Қожа  Ахмет, Арыстанбабтармен  аралас-құралас  болған  қасиетті  кісі. Кесенеге  күнде  жүздеген  адам, демалыс  күндері  жүздеген  адам, демалыс  күндері  одан  да  көп – 200-300  жан  ағылып  келіп  жатады. Мейлі  құрбандық  шалып, зиярат  ететіндер  жөнінде  басқа. Ал, кесенеге  кіріп  теңге  тастап  кететіндердің  өзінде  есеп  жоқ. Сол  теңгелер  ашығын  айтқанда, сондағы  бірер  кісілердің  қалтасын  қалыңдататыны  әмісе  шындық. Солай-ақ  болсын, неге  олар  салықтан  сырт  қалады?  Болмаса  заман  талабына  сай  демалыс  үйлерін, қонақ  күтетін  жайлар  салмайды? Баба  Ақбураның  атын  жамылып, ақша  табу  екенін  сондағы  жұрт  жабыла  әңгіме  етіп жүр. Тапқан  табыстан  түскен  теңгеден  Ақбура  әулие  кесенесінен, басқа  да  әдемі  орындардан  көркемсуретті  альбомдар  дайындалып, сатылса  несі  айып?  Әне, туризмнен  теңге  санау  осындайдан  шығады.

        Жалпы, Ақбура  әулие  кесенесін  жекелердің  қарамағынан  алып, белгілі  бір  мекемелерге  табыстаған  жөн.

       

 

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Ким А.Г. Рекреационная оценка территории и развитие туристко-
  2. рекреационного хозяйства в Казахстане.А. 1997.
  3. Достопримечательные места Казахстана. А-А.1959
  4. Николаенко Д.В. Рекреационная география.М.2001
  5. Ердавлетов С.Р. География туризма Казахстана А.1998
  6. Ердавлетов С.Р. Гоеграфия туризма.А.1989
  7. Ердавлетов С.Р. Казахстан туристский А.1989
  8. Мырзабеков М Особоохраняемые территории Казахстана .А.2001
Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-10-16 18:55:41     Қаралды-10076

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТЕЛЕДИДАР ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Қара және ақ түстің әртүрлі реңктерінен тұратын қозғалмалы бейне

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙДАН НЕ ЖАСАЛАДЫ?

...

Шикі мұнай іс жүзінде қолданылмайды. Ол тазартылады және өңделеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ ҚАЙДАН КЕЛДІ?

...

Бүгінгі таңда ғалымдардың көпшілігі мұнайдың биогендік шығу тегі деп есептейді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАРЫШТЫҚ ШАҢ ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛАДЫ?

...

Ғарыштық материяның барлық фрагменттері ғарыштық шаң деп аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »