UF

Тықырыбы: Класстар тармағы Анапсидтер, Архозаврлар,  Лепидозаврлар.

 

1. Апапсидтер кластармағына жалпы сипаттамасы. Тасбақалар отрядының ерекшеліктері, өкілдері.

2. Лепидозаврлар кластармағына жалпы сипаттамасы. Тұмсықбастылар отряды.Қабыршақтылар отряды.

3. Архозаврлар кластармағына жалпы сипаттамасы

   

1. Тасбақалар отряды (Testudines)

Жасырын мойынды тасбақалар отряд тармағы – Criptodira

Теңiз тасбақалары отряд тармағы – Chelonioidea

Жұмсақ терiлi тасбақалар отряд тармағы – Trionichoidea

Бүйiр мойын тасбақалар отряд тармағы – Pleurodira

Тасбақалардың денесi сүйектi сауытпен қапталған. Басын, мойын, аяқтарын, құйрығын қауiп төнгенде осы сауыттың iшiне жиырып алады. Сауытының жоғарғы жартысы карапаксдан тұрады. Ол терi тектес пластинкалық сүйектерден пайда болған, оған қабырғалары және омыртқалардың көпшiлiгi қосылып, бiрiгiп кеткен. Төменгi жартысы – пластрон, бұлда терi тектес сүйектен тұрады, бiрақ мұнымен төс сүйегi мен бұғана қосылып кеткен. Тасбақаның мойын және құйрық омыртқаларынан басқалары карапакспен бiрiгiп кеткен. Жауырын мен карокоидта бос болады. Бас сүйегiнiң ерекшелiгi – екiншi реттегi сүйектi таңдайдың жетiлуi, тiстiң болмауы. Мойын, аяқ, құйрық еттерi өте күштi болады.

Тасбақалар дымқыл тропикалық, ыстық шөлдi жерлерде тiршiлiк етедi. Қазiр тасбақалардың 183 дейiн түрi белгiлi.

Жасырын мойын тасбақалар отряд тармағына жататын тасбақалар мойынын S тәрiздi етiп сауытының iшiне жиырып алады. Осыған байланысты олардың мойын омыртқаларының көлденең қанаттары жойылып кеткен, немесе нұсқасы ғана сақталған. Жамбас сүйектерi дене сауытымен бiрiгiп кетпеген.

Өкiлдерi – дала тасбақасы, сауытының ұзындығы 25 сантиметрге дейiн жетедi. Орта Азияда және Қазақстанда кездеседi. Европада, Қырымда және Кавказда батпақ тасбақасы кездеседi.

Бүйiр мойын тасбақалар отряд тармағына жататын тасбақалар мойнын сауытының iшiне жиырғанда, ол оң немесе сол бүйiрiне қарай қисайып, басы қолтығына барып енедi. Сондықтан мойын омыртқаларының көлденең өсiндiлерi және оған байланысты еттер жақсы дамыған. Жамбасы құрсақ және арқа сауытымен қозғалмайтын болып бiрiгiп кеткен. Өкiлдерi аррау, жылан мойын Африкада, Австралияда және Оңтүстiк Америкада суда тiршiлiк етедi.                               

2.Тұмсықбастылар отряды -   Rhynchocephalia

Ертеде тiршiлiк еткен өкiлi – Гаттерия, ол қазiргi кезде тек қана Жаңа Зеландия аралдарында сақталынып қалған. Гаттерия түнде тiршiлiк ететiн жануар. Ол сырт жағынан қарағанда үлкен кесiрткеге ұқсайды. Дене тұрқы 60 см. Денесi (басы мен кеуде бөлiмi) ұсақ дән тәрiздi қабыршақпен қапталған. Олар мұхит құстары альбатростардың iндерiн пайдаланады, бiрақ гаттерилер олардың балапандарына, жұмыртқаларына тимейдi. Гаттерилер насекомдармен, құрттармен және ұлулармен қоректенедi. Көктемде және ноябрь айларында көбейедi. Жұмыртқаларын жердi қазып, шұңқырға салып, содан топырақпен жауып тастайды. 8-17 жұмыртқа салады. Жұмыртқаның дамуы климаттық жағдайға байланысты ұзақ дамиды. Жалпы жұмыртқаның дамуы 12-14 айға созылады. жыныстық жетiлуi 20 жылға созылады. Жаңа Зеландия аралына адамдардың келуiне байланысты гаттерияларды өлтiрiп, жойып жiберуге жақындады. Оларды сақтап қалу үшiн арнайы қорғайтын заң шығарып құрып кету қаупiн жойды.

2. Қабыршақтылар отряды – Sguamata

Кесiрткелер отряд тармағы – Sauria

Жыландар отряд тармағы – Serpentes

Хамелеондар отряд тармағы – Chamaeleontes

Бауырымен жорғалаушылардың iшiнде түрлерге бай және жер бетiнде кең тараған осы класс тармағы. Қабыршақтыларға кесiрткелер, жыландар, хамелеондар жатады. Олар Қазақстан жерiнде де көп кездеседi. Кесiрткелерге қозғалмалы қабақтың болуы тән, ал жыланның қабақтары мөлдiр өзара бiрiгiп кеткен. Кесiрткелердiң аяқтары бар, ал жыландарда аяқтары болмайды. Барлығына ортақ белгiлер: дене пiшiнi әртүрлi болатын мүйiздi қабыршақтарымен қапталған. Тiстерi жақ сүйектерiне бекiген.

Кесiрткелер отряд тармағы. Олардың денесi сопақша, құйрығы ұзын, мойыны денесiнен айқын бөлiнген. Аяғы редукция ұшыраған, мүлдем болмайтын түрлерi де бар (веретеница). Көпшiлiк түрлерiнiң құйрықтарын үзiп, қалдыратын автотомия қабiлетi бар. Кесiрткелер  тұқымдасына жатады. Тiршiлiк ортасы әралуан: ашық дала, шөлдi аймақ,орман iшi, таулы жерлер т.б. Ұсақ түрлерi насекомдармен және басқа омыртқасыздармен қоректенедi, ал iрiлеуi (кесел т.б.) iрi жануарларға шабуыл жасайды, кейбiреулерi өсiмдiктермен қоректенедi.

Табиғатта кесiрткелер ауыл шаруашылығында зиянды насекомдарды жеп пайда келтiредi. Улы кесiрткенiң бiр ғана түрi белгiлi – Солтүстiк Американың оңтүстiгiнде тiршiлiк ететiн улы тiстiлер (ядозуб). Геккондар (Jeckonidae) – Оңтүстiк Қазақстан жерiнде 6 түрi тiршiлiк етедi. Шу өзенiнiң алқабы, Оңтүстiк Балқаш маңында онша бекiмеген құмдарды мекендейдi. Күндiз құмға енiп тығылып жатады да, түнде тiршiлiк етедi.

Агамалар (Agamidae) – Қазақстанның Оңтүстiк бөлiгiнде 8 түрi тiршiлiк етедi. Каспийден Алакөлге дейiнгi аймақта таралған. Шөл далада және тау етектерiнде тiршiлiк етедi. Осылардың өкiлi Улы тiстiлер адамға қауiптi. Жұмырбас шұбар кесiртке, зайсан жұмырбас кесiрткесi Қазақстан Қызыл Кiтабына тiркелген.

Кесiрткелер (Varanidae) – 4 м (Қазақстанда кездесетiндерi – 1,5м) болады. Қазақстанда Қызыл құм, Сырдария өзенiнiң оңжақ  жиегiнiң құмдарында бiр түрi тiршiлiк етедi. Тiршiлiгi күндiз өтедi. Ол өте сирек кездеседi, сондықтан оны Қазақстанның “Қызыл кiтабына” тiркеген.

Нағыз кесiрткелер “Lacertidae” Қазақстанда олардың 11 түрi тiршiлiк етедi. Қауiп төнгенде құйрығын үзiп, қалдырып кететiн осы туыстықта кездеседi. Көпшiлiгi далалы, шөлдi тау етегiнде, орманды жерлердiң топырағы тез қызатын бөлiгiн мекендейдi. Тек қана тiрi туатын кесiрткелер көлеңкелi, орманды, дымқыл мүктермен жабылған топырақта тiршiлiк етедi. Бiзде жиiрек кездесетiн жүйрiк кесiртке. Үлкен көз кесiртке, шұбар кесiртке Қазақстан Қызыл Кiтабына тiркелген.

Жыландар отряд тармағы (Ophidia). Өзiндiк ерекшелiгi бар омыртқалы жануарлар. Жыландардың денесi мүйiздi қабыршақтармен қапталған. Олардың кесiрткелерден негiзгi айырмашылығы аяқтары болмайды, терi бездерi жоқ, төс сүйегi болмайды. Омыртқаларында кiшкене өсiндiсi болады, ол омыртқа тiзбегiне ерекше мықтылық берiп оның тез қозғалуын қамтамасыз етедi. Қабағы түссiз мөлдiр көздi жауып тұрады, ол көздi әртүрлi жарақаттаудан сақтайды. Сондықтан да ол қабақ қақпай қадала қарайды. Ортаңғы құлақ пен дабыл жарғағы болмайды. Мүшелерiнiң кейбiреуi ұзарған (бауыры, жыныс бездерi т.б,), ал қалғандары кiшiрейген немесе жойылған (сол жақ өкпесi т.б.). Қуығы болмайды.

Жақ сүйектерi және онымен байланысатын таңдай, қанат тәрiздi сүйектер бiрiмен- бiрi қозғалмалы болып орналасқан. Мұндай ерекшелiк iрi жануарларды түгелiмен жұтып қоюына мүмкiндiк бередi. Жыландардың барлығы жыртқыштар, тек кейбiреулерi ғана насекомдармен қоректенедi. Жыланның айыр тiлi сезiм қызметiн атқарады. Жыланның жер жүзiнде 2500-дей түрi бар.

Соқырлар тұқымдасына жер астында тiршiлiк ететiн, жер құрттарына ұқсас жыландардың 150-ге дейiн түрлерi жатады. Көзi әдетте терiсiнiң астында орналасқан Африканың, Азияның және Австралияның тропикалық бөлiмдерiнде тараған.

Жалған аяқтылар тұқымдасына ең iрi түрлерi жатады. Бас бөлiмiн басқа жыландарға қарағанда, мойнынан айқын ажыратуға болады. Клоаканың екi жағында өсiндi түрiнде орналасқан артқы аяқтарының нұсқасы болады. Барлығы шығыс және батыс жарты шардың тропикалық жерлерiнде кездеседi. Қазақстанда денесiнiң ұзындығы 1 метрдей дала және құм айдахары кездеседi. Торлы питон, кәдiмгi питон Азияда кездеседi.

Сарбас жыландар тұқымдасына жыландардың 1000-ға жуық түрi жатады. Бұлардың iшiнде залалсыздары және өте улы түрлерi де болады. Ерекшелiгi улы тiстерi және оның каналы болмайды, улы тiсiнiң алдыңғы жақ бетiндегi сайшалары арқылы құйылады.

Көбiрек тараған түрiне кәдiмгi сарбас жылан жатады, бiздiң елiмiзде су сарбас жыландарға жақын, ұзындығы 2 м болатын жыландар. Улы тiстерi болмайды. Медянка ұсақ, Ұзындығы 75 см болады, түсi қызыл қара дақтары болады. Орта Азияның шөл далаларында оқ жыландар көп кездеседi. Денесi жiңiшке, ұзындығы 1 метрден аспайды.

Сұр жыландар улы аппараты жақсы дамыған улы жыландар. Улы тiстерiнiң iшiнде каналдары болады. Үстiңгi жақтары қысқа, аузын ашқанда улы тiстерi алға қарай бағытталады.

Кәдiмгi сұр жылан әртүрлi жерлердi мекендейдi, оның iшiнде көл мен өзен жағаларын және батпақты жерлердi, жусан, ши араларын мекендейдi. Жазда iңiр қараңғысында, түнде, ал қалған жыл маусымдарында күндiз тiршiлiк етедi, ұрғашысы 1-6-№а дейiн бала туады. Ұзындығы 40-57 см. Қорегi насекомдар мен ұсақ омыртқалы жануарлар. Мал шарушылығына зияны бар. Бозша жылан немесе қалқантұмсық ордалы жылан қатарына жатады. Қазақстанда кең таралған түрi. Оның Солтүстiк шекарасыБатыс Қазақстаннан Шығысқа дейiн созылып жатыр, ал Оңтүстiкте кез келген жерден көруге болады. Ол топырақты, ұсақ тасты, бұталы өсiмдiктер өсетiн шөгiндiнiң және екпе шөптердiң арасында тiршiлiк етедi. Бозша жылан көбiне түнде тiршiлiк етедi. Күндiз тастың астында, басқа қуыстарға кiрiп, жасырынып жатады. Ұрғашысы 2-12 дейiн бала туады. Қорегi кемiргiштер, кесiрткелер, насекомдар. Мал шаруашылығына аздап зияны бар.

Орта Азия жерiнде улы жыландардың қатарында қара жылан (гюрза), және кобра бар. Осы улы жыландардың улары адамдардан гөрi үй малдарына қатты әсерiн тигiзедi. Бiрақ олардың зиянынан гөрi пайдасы басым болып келедi. Мысалы, жыландар ауыл шаруашылық егiстерiнiң зиянкестерi кемiргiштер және басқа да зиянды жәндiктермен қоректену арқылы пайда келтiредi. Жыланның уы әртүрлi ауруға ем үшiн пайдаланылатын дәрiлiк заттар алудың қайнар көзi. Удың қажеттiгi жылдан-жылға артып келедi. Сондықтан улы жыландарды арнаулы питомниктерде өсiруде. Қазақстанда келешекте Алматы маңында жылан өсiретiн питомниктер құру көзделiп отыр.

3. Крокодилдер (Crocodilia). Крокодилдер жоғары сатыдағы құрылысты жануарлар тобы. Олардың түрiне қарағанда зор кесiрткенi еске түсiредi. Құрылысы жағынан басқалардан ерекшелеу. Денесi мүйiз қабыршақтармен емес, сүйектенiп кеткен қалқандармен қапталған. Денесi ұзын және арқасынан құрсағына қарай жалпақтау келедi. Артқы аяқтарының төрт саусағында жарғақ болады. Төменгi жағының астында, иығының үстiнде және клоаканың маңайында терi бездерi болады. Жүрек қарыншалары толығымен екiге бөлiнген, демек крокодилдердiң жүрегi төрт камералы болады, тiстерi сүтқоректiлердiң тiстерi сияқты, альвеолға орналасқан (жыландар мен кесiрткелерде тiс ұялары болмайды). Крокодилдер- балықпен қоректенедi, жағада құстарға және аңдарға шабуыл жасайтын жыртқыштар. Олардың кейбiреуi адамға да қауiптi. Крокодилдердiң терiсi iрi бұйымдар – чемодандар, портфельдер, және әйелдерге түрлi бұйымдар жасауда пайдаланады. Қазiргi уақытта олардың саны азайып, табиғаттың “Қызыл кiтабына” тiркелген.

Крокодилдер триас дәуiрiнде кеңiнен тараған. Қазiр бiр тұқымдасқа жататын 25-ке жуық түрi бар. Тропикалық, субтропикалық облыстарда ғана кездеседi.

Гавиалдың тұмсығы ұзын болады, ұзындығы 6 м. Индияның оңтүстiгiн мекендейдi. Нағыз крокодилдер Африкада, Азияда, Солтүстiк Австралияда және тропиктық америкада тараған. Ниль крокодилы ұзындығы 8-10 м болады және қытай аллигаторы ұзындығы 2 м болады. Олар жұмыртқа салып көбейедi, инкубация мерзiмi 1,5-2 айға созылады.

          

Пайдаланған әдебиет:

1. Наумов С.П. Омыртқалылар зоологиясы. Ч.1,2. М., 1979.

2. Губашев Н.М. Зоология практикумы : оқу құралы / Н. М. Губашев, А. К. Днекешев, С. М. Жумагазиева ; ЖӘгір хан атындағы БҚ АТУ. -Орал : БҚ АТУ, 2007. - 151 с

3. Дәуітбаева Ә. Омыртқасыздар зоология 1,2-бөлім. Алматы., 200

4. Беркінбай О.Б.,Шабдарбаева Г.С. Қазақстан биоресурстары: жануарлар әлемі.Оқулық. Алматы,2013ж.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-10-07 21:19:22     Қаралды-2727

20 ҒАСЫРДЫҢ НЕГІЗГІ ӨНЕРТАБЫСТАРЫ

...

20 ғасырдың негізгі өнертабыстары, оларсыз қазіргі адам өмір сүре алмайды

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САМАУЫРДЫҢ ІШІНЕ ҚАҚ ТҰРСА

...

Cамауырдың ішіне қақ тұрса

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШАШ КҮТІМІ

...

Адамның шашы бірде түсіп, бірде шығып дегендей, ұдайы алмасып отырады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ӘЛЕМ ТУРАЛЫ СІЗ БІЛМЕГЕН 15 КЕРЕМЕТ ФАКТ

...

Біздің әлем - шексіз жұмбақ. Күн сайын сіз ол туралы көптеген жаңа нәрселерді біле аласыз!

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТАРКТИДА ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Мұз құрлығының ресми ашылған күні 1820 жылдың 28 қаңтары болып есептеледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЫЛҚЫ АТЫМЕН АТАЛАҒАН SNICKERS ШОКОЛАД БАТОНЧИК

...

Snickers - жастар арасында ең танымал батончик

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕР ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Бұл мақалада біздің жер туралы қызықты деректер талқыланады

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЯҚ КИІМГЕ ДЕ КҮТІМ КЕРЕК

...

Әдетте, адамның екі аяғы бірдей бола бермейді. Көбіне оң аяқ сол аяқтан гөрі үлкенірек келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮДЕРІ БҰЙЫМДАРДЫ ТАЗАЛАУ

...

Күдерден тігілген бұйымдарды қалай тазалауға болатын тәсіл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »