UF

Тақырыбы: Cүйектi балықтар класы  (Osteichthyes)

 

1. Сүйектi балықтарға жалпы сипаттама

2. Сүйектi балықтардың құрылысы, қаңқасы, көбеюi

3. Сүйектi балықтардың систематикасы

4. Сәулеқанатты, саусаққанатты, қостынысты балықтар

 

1. Сүйектi балықтар барлық жер шарындағы мұхиттарда, теңiздерде және тұщы суларда тiршiлiк етедi. Тiршiлiк жағдайларына қарай балықтардың сыртқы пiшiнi де алуан түрлi болып келедi. Барлық балықтардың 99% (20 мың түрi) осы сүйектi балықтарға жатады. Олардың қабыршақтар сүйектi болады. Құйрық қанаттары гомоцеркалды. Сүйектi балықтардың қаңқасы сүйек болғандықтан денесi ауыр болады. Осыған байланысты оларда торсылдақ жақсы дамыған.

Сүйектi балықтарда шемiршектi балықтардiкiндей арқа, анальный, құйрық қанаттары кең, ашалы болып келедi. Осындай құрылысты  құйрықты гомоцеркальды деп атайды.

Сүйектi балықтардың денесiн жұқа пластинка тәрiздi көптеген сүйектi қабыршақтар жауып жатады. Жұқа пластинканың бiр шетi терiсiне бекiнiп, екiншi шетi сыртқа шығып жатады.

Сүйектi балықтарда төрт жұп жетiлген желбезектерi болады. Сүйектi балықтардың желбезек аралық перделерi болмайды, желбезек талшықтары шеңберлерiне ғана бекидi. Желбезек қуысын сыртқы жағынан желбезек қақпағы жауып тұрады. Олар желбезек қақпақшаларын қозғалту арқылы тыныс алады. Балықтардың тыныс алуы суда ауыз арқылы жұту салдарынан емес, желбезек қақпақтарының қимылы арқылы орындалады.

2. Сүйектi балықтардың ас қорыту жүйесiнiң кейбiр ерекшелiктерi бар. Lшектiң ас қорыту бетiн ұлғайтатын спираль тәрiздi қақпақшалары болмайды. Сүйектi балықтарда iшектiң бетiн ұлғайтатын пилорикалық тұйық өсiндiлер пайда болады. Клоакасы болмайды, қорытылмаған нәжiстер аналь тесiгi арқылы сыртқа шығады. Жыртқыш балықтардың тiстерi өткiр, ауыздары кең ашылады, қарындары үлкен болып келедi. Ал өсiмдiктермен қоректенетiн балықтарда, әсiресе ұсақ омыртқасыздармен және органикалық қалдық заттармен қоректенетiндерiне тiстерi мардымсыз немесе жоқ, қарында жеке бөлiнiп көрiнбейдi немесе болмайды.

Ас қорыту ферменттерi бауыр және бауырында өтi болады. Өт –өт жолы арқылы iшектiң баулық тәрiздi алдыңғы бөлiмiне ашылады. Ұйқы безi айқын байқалмай ұсақ түйiр түрiнде шашырап жатады, бiрақ шемiршектi балықтардiкiнен әлдеқайда жақсы дамыған.

Жыныс жүйесi. Сүйектi балықтарда қос аталық және аналық жыныс бездерi болады. Жыныс түтiкшелерiнiң құрылысы балықтардың әртүрлi топтарында түрлiше болады. Уылдырықтары ұсақ, оның сыртында жұқа мөлдiр қабығы болады. Ұрғашы балық уылдырық шашу алдында уылдырықтарын бiр жерге салады, содан кейiн еркегi iшiнде шәуетi (сперматозиод) бар ұрық сұйықтығын құяды. Сөйтiп ұрықтану болады. Балықтарда қос жыныстылық (гермафродиттiк) өте сирек кездеседi. Бiрақта теңiз алабұғасы нағыз гермафродит болып саналады.

Уылдырықтар ұрықтанысымен бiрте-бiре өзгере отырып, дамиды да, одан кейiн личинка өсiп шығады, ол личинка шабаққа айналады. Ұрықтану сыртта су iшiнде болғандықтан гаметалар, ұрықтар мен шабақтардың көбi табиғаттың қолайсыз жағдайларынан, басқа су жануарларының жеп қоюынан өлiп қалады. Осыған байланысты сүйектi балықтардың түрдi сақтап қалу мақсатында өсiмталдылығы (плодовитость) өте жоғары. Мысалы тұқы балық 1 млн. аса уылдырық шашады, шортан – 1млн.(треска) нәлiм және (угорь) жылан балықтар – 10 млн. уылдырық шашады.

3.Систематикасы:

Сүйектi балықтар класы – Osteichithyes

Сәулеқанатты балықтар класс тармағы – Actinopterigii

Ескекқанатты балықтар класс тармағы - Sarcoterygii 

Сәулеқанатты балықтар класс тармағы – Actinopterigii

Отряд үстi ганоидтар –Ganiodomorpha

Отряд үстi сүйектi балықтар – Teleostei

4.Сәулеқанатты балықтар класс тармағы – Actinopterigii

Сәулеқанатты балықтар класс тармағы қазiргi барлық балықтардың 90% астамы осы класс тармағына жатады. Бұлар барлық суларға тараған, барлық теңiздер мен мұхит суларына әртүрлi қабаттарды мекендейдi. Олардың көптеген түрлерiн тұщы сулардың, өзендер мен көлдерден, бұлақтар мен бөгеттерден кездестiруге болады. Сәулеқанаттылардың өзiне тән белгiлерi бар. Көкiрек қанаттарының қауырсындары бiрден иық белдеуiне бекидi. Сондықтан бұл класс тармағын қауырсын қанатты балықтар деп атайды. Дене қаңқасы толығынан сүйектен тұрады. Тыныс алу мүшесi желбезек, iшектiң үстiнде жатқан жүзу торсылдағы бар. Эволюцияның барысында тез жүзуге, жауларынан қорғануға, әртүрлi судың iшiнде тiршiлiк етуге бейiмделушiлiк қабiлетiнiң болуы тағы басқа да мүшелерiнде өзгерiстер болады. Бұл класс тармағы бiрнеше отряд үстiне бөлiнедi:

Отряд үстi ганоидтар –Ganiodomorpha

Бекiре тәрiздiлер отряды – Acipenseriformes

Бекiре тұқымдасы -  Acipenseridae

Қалақша тұмсықтылар тұқымдасы – Polyodontidae

Бұл отряд үстiне сүйектi балықтар тобының ертедегi және қарапайым құрылысты түрлерi жатады. Ганоидты балықтардың көп белгiлерi шемiршектi балықтарға ұқсайды. Және скелеттерiнiң сүйектi жерлерi көп емес. Ол скелет сүйектерi терiнiң жамылғы сүйектерiнен пайда болған. Ганоидты балықтар көбiнесе су түбiнде тiршiлiк етуге бейiмделген. Ганоидты балықтарда шемiршектi балықтардың мына белгiлерi сақталынған: рострумының болуы, сондықтан ауыз тесiгi көлденең саңылау секiлденiп басының астыңғы бетiнде орналасқан. Құйрық қанаты гетероцеркальды, жұп қанаттары горизонтальды орналасқан, iшегiнде қатпарлы қақпақшалары және жүрегiнiң артериалды конусы болады. Сонымен қатар сүйектi балықтарға тән белгiлерi де бар: қаңқасының сүйектi болуы және желбезек қақпақшаларының болу, желбезек аралық перделерiнiң жойылуы, торсылдақтарының болуы, уылдырықтың ұсақ қатты қабығы болмауы және ұрықтанудың сыртта болуы т.б.

Бекiре тәрiздiлер отрядына сипаттама.

Бекiре тәрiздiлер екi тұқымдасқа бөлiнедi: Бекiре тұқымдасы -  Acipenseridae, Қалақша тұмсықтылар тұқымдасы – Polyodontidae.

Бекiре тұқымдасының рострумы үшкiр, аузы кiшкене, ересектерiнiң тiсi болмайды. Өкiлдерi: орыс бекiресi Қара теңiзбен Каспий теңiздерiнде тараған. Бiздiң солтүстiк өзендерде және мұзды мұхиттың өзен сағасында сибирь бекiресi кездеседi, амур бекiресi Амур өзенiнде тiршiлiк етедi. Қызыл балық Азов теңiзiнде, Қара теңiзде және Каспий теңiзiнде тiршiлiк етедi. Бекiрелерге ұқсас – сүйрiк деген балық Каспийдiң, Қара теңiздiң және Солтүстiк Мұзды мұхиттың өзендерiне тараған. Қортпа балық Каспий теңiзiнде, Қара теңiзде   мекендейдi. Ұзындығы 9 м, салмағы 1400 кг дейiн жетедi. Сырдария тас бекiресi деген өкiлi Сырдария мен Амударияда мекендейдi, тұмсықтары жалпақ, ұзын болады. ұсақ салмағы 1-кг-дай болады. Кәсiптiк маңызы жоқ организмдер. Қазақстан қызыл кiтабына Сырдария тас бекiресi және Арал бекiресi енген. Бекiре тәрiздiлердiң кәсiптiк маңызы өте зор.

Қалақша тұмсықты балықтардың тұмсығы ұзын, қалақша тәрiздi, аузы үлкен, жағында тiстерi болады, терiсi жалаңаш. Солтүстiк Америкада, Оңтүстiк Шығыс Азияда кездеседi.

Отряд үстi сүйектi балықтар         -  Teleostei

Майшабақ тәрiздiлер отряды        – Clupeiformes

Лосось тәрiздiлер отряды             – Salmoniformes

Шортандар отряды                      – Esociformes

Карп тәрiздiлер отряды                – Cypriniformes

Кефаль тәрiздiлер отряды             -  Mugiliformes

Сарган тәрiздiлер отряды              – Beloniformes

Шаншар балықтылар отряды         – Gasterosteiformes

Треска тәрiздiлер отряды               – Gadiformes

Алабұғалар отряды                        – Persiformes

Камбала тәрiздiлер отряды             – Pleuronectiformes

Жайын  тәрiздiлер отряды              – Siluriformes

Отряд үстi сүйектi балықтарға сипаттама.

Сүйектi балықтар барлық жер шарындағы мұхиттарда, теңiздерде және тұщы суларда кездеседi. Түрлi тiршiлiк жағдайлары мен тiршiлiк ету тәсiлiне байланысты бұл балықтардың сыртқы пiшiнi де алуан түрлi болып келедi. Құрылысындағы жалпы ортақ белгiлерi: қабыршақтары циклоидты немесе ктеноидты болады. Құйрық қанаты гомоцеркальды. Көкiрек қанаттарының скелетiнде базалилары болмайды. Ол тек қана радиалия мен терi қауырсындардан тұрады. Құрсақ қанаттарының  скелетi тек қана терi қауырсындарынан құралады. Lшектерiнде спираль тәрiздi қақпақшасы және жүрегiнде артерия конусы болмайды, бiрақ қолқа түйiнi жақсы дамыған. Көпшiлiгiнiң iшегiнде тұйық, пилорикалық деп аталатын өсiндiлерi болады. Өсiндi түрiнде дамыған торсылдағы бар. Бұл отряд үстi бiрнеше отрядқа бөлiнедi. 

Майшабақ тәрiздiлер (сельдеобразные) отряды. Сүйектi балықтардың iшiндегi өте қарапайым құрылысты, бас сүйегi нашар сүйектенген және жүзу торсылдағы өмiр бойы өңешпен байланысты. Қанат қауырсындары жұмсақ және бунақты болады. Қабыршағы циклоидты. Майшабақтар тұқымдасына негiзiнен теңiздерде тiршiлiк ететiн балықтардың көптеген түрлерi жатады, олардың кейбiр түрлерi көбею үшiн өзендерге шығады. Бiздiң суларымызда көбiнесе мына түрлерi кездеседi: мұхит майшабағы Ақ теңiз бен Баринцова теңiзiнде таралған. Уылдырықтары ауыр, сондықтан су түбiне шөгiп, оның түбiндегi заттарға көбiнесе балдырларға бекiнедi. Саны 40000-нан 280 мыңға дейiн. Каспий мен Қара теңiзде тiршiлiк ететiн Едiл майшабағы және қаражонды майшабақ жетiлу және семiру кезiнде теңiзде болады, ал көбею үшiн өзенге шығып өзен бойымен бiрнеше жүздеген км. жоғары көтерiледi. Қаражонды майшабақтардың көпшiлiгi уылдырық шашқан соң қырылып кетедi. Сардинка иваси деген балық Қиыр шығыс суларында тiршiлiк етедi. Балтық теңiз бен Қара теңiзде килька, ал Каспий мен Қара теңiзде тюлька деген шабақтар тiршiлiк етедi. Қазақстан Қызыл кiтабына Едiл майшабағы енген.

Лосось тәрiздiлер (лососеобразные) отряды. Оларға тән ерекшелiгi арқасында жұмсақ терi қатпары болады, бұл қатпарды майлы қанат деп атайды.

Лососьтардың өсiп-өнуi теңiзде өтiп, ал уылдырық шашу үшiн өзендерге шығатын өткiншi балықтар. Мысалы, Кета Амур бойымен 2 000 км жоғары көтерiлiп, уылдырықтарын өздерi қазған арнаулы су түбiндегi шұңқырға шашып, оның бетiн уақ тастармен немесе iрi құмдармен жауып тастайды. Шабақтары өзенде қыстап шығады да, көктемде теңiзге келедi. Ересектерi уылдырық шашып болған соң қырылып қалады. Сөйтiп, олар бүкiл өмiрiнiң iшiнде бiр ақ рет көбейедi. Лососьтардың  iшiнде тұщы суды тұрақты мекен ететiн түрлерi де бар. Оларға: (Сиги) ақ сахалар, түркелер, (омуль), таймендер жатады. Лосось балықтарына Қиыр Шығыс теңiздерi ерекше бай. Мұнда лосось тәрiздiлерден кета, албырт, ақсерке(семга), бахтах (форель) хариус, түрке (омуль) т.б. мекен етедi. Бұларда өзендерде көбейедi де, семiру үшiн теңiздердiң терең, қашық жерлерiне барады. Қазақстан Қызыл кiтабына Каспий албырты, Арал албырты, Таймень, ақбалық, нельма балықтары енген.

Лосось тәрiздiлердiң кәсiптiк маңызы өте зор. Бұлардың етi дәмдi болумен қатар, уылдырығын да пайдаланады.

Шортан тәрiздiлер (щукообразные) отряды. Жақтарында өткiр тiстерi бар жыртқыш балықтар. Шортанның жүзу торсылдағы iшегiмен байланысқан, бiрақ та Веберов аппараты жоқ және иық белдеуiнде жауырын болмайды. Бiздiң өзендерiмiзде, көлдерiмiзде және оңтүстiк теңiздердiң тұщырақ суларында кәдiмгi шортан мекен етедi. Олар мекен еткен орнын ауыстырмай тiршiлiк етедi. Балықтармен, құс балапандарымен, бақалармен қоректенедi. Балық өсiру шаруашылығына зиянды, кәсiптiк маңызы жоқ. Iрiлерiнiң денесiнiң ұзындығы 1,5 м, салмағы 35 кг болады. Уылдырығын көктемде тайыз, су жағалауларына шашады.

Карп тәрiздiлер (карпообразные) отряды. Тұщы су балықтары, өткiншi түрлерi өте  сирек кездеседi. Тау суынан бастап, батпақты тоспа суларына дейiн алуан түрлi су қоймаларында тiршiлiк етедi. Көпшiлiгi торта(плотва), ақ қайтар (язь), мөңке балық (карась), линь, табан (лещ) т.б. мекенiн ауыстырмайды, ал кейбiр түрлерi қаракөз (вобла), таран, күтiм (кутум) көбею кезiнде қоныс ауыстырады.

Карптердiң жақ сүйектерiнде тiстерi болмайды, жұтқыншақ тiстерi деп аталатын тiстерi артқы желбезек доғаларына орналасқан. Ол тiстерiмен азықтық заттарды майдалайды. Бұлар бiздiң тұщы суларымызда көп мөлшерде, жиi кездесетiн балықтар тобы. Оларға: сазан, табан, мөңке балық, дөңмаңдай (толстолобик), ақ амур және басқалар жатады. Сазанның, мөңке балықтың қолда өсiретiн жаңа тұқымдары да шығарылады. Қазақстан қызыл кiтабына күтiм, шортан тәрiздi ақ марқа, Арал қаязы, көкбас шу сүйрiк қанаты деген балықтар енген.

Карп балықтарының етiнiң дәмi лосось балықтарының етiнiң дәмiнен нашар болса да, көп мөлшерде болып кеңiнен таралуы оларды кәсiптiк маңызы бар балықтар қатарына жатқызды.

Кефаль тәрiздiлер (кефальобразные) отряды. Жүзу торсылдағы тұйық бiткен және бүйiр сызықтары жоқ, көбiне оңтүстiк теңiздерде мекен етушi балықтар. Қара теңiзбен Азов теңiзiнде кездеседi. Олардың iшiндегi кәсiптiк маңызы бар түрлерi – лобон немесе кәдiмгi кефаль, сингиль. Кефальдар топтанып жүрiп, өрiс аударатын балықтар. Кефальдардың үлкен топтары қорек iздеп тұзы аз көлдерге және өзен сағаларына барады. Кейiнгi кезде кефаль балығы Каспий теңiзiне жерсiндiрiледi.

Бұл отрядқа өздерiне тән ерекшелiктерi бар- ползун немесе анабас балығы жатады. Бұл балықтардың бiр ерекшелiгi, тiршiлiк еткен суында оттегi жеткiлiксiз болған кезде екiншi суға бара алады, тiптi олар өрмелеп ағаш бұтағына шығып, жармасып отырады. Бұлар Индия, Бирма суларында, Зонд және Филиппин аралдарында тiршiлiк етедi.

Сарган тәрiздiлер (саргонобразные) отряды. Бұлар көбiнесе теңiздерде болатын балықтар. Олардың iшiнде айрықша ерекшелiгi бар түрi – ұзын қанаттылар. Бұлардың көкiрек қанаттары өте үлкен және осы үлкен қанаттарының жәрдемiмен, судан секiрiп шығып қалықтап ұшып, 150-200 метрдей жерге барады. Олар көбiнесе тропиктiк теңiздерге көп тараған. Бiзде Владивосток маңайында кездеседi.

Шаншар балықтылар отряды. Солтүстiк жарты шардағы тұзды және тұщы суларды мекен ететiн ұсақ балықтар. Бұлардың арқа қанаттарының алдыңғы бөлiмi мен қанаттары шаншар сияқты болады. Қабыршақтары сүйектi.Ұрғашысы шөптен ұя жасап, 100 шақты уылдырық шашады. Шаншарларды Балтық, Баренцово, Азов, Каспий теңiздерiнен кездестiруге болады.

Треска тәрiздiлер (трескообразные) отряды. Бұларға кәсiптiк маңызы зор балықтар жатады. Әдетте iрi, қанат қауырсындары жұмсақ болатын балықтар. Олар, қоңыржай және Арктика Теңiздерiне тараған, тек қана налим деген түрi тұщы суда кездеседi. Көптеген түрлерi теңiздiң өзен сағасына жақын жерлерiне және өзендерге шығады, ондай түрлерiне навага, сайка, полярлық треска т.б. жатады. Көбiнесе су түбiнде тiршiлiк етедi.

Треска өзiнiң кәсiптiк маңызы жөнiнен дүние жүзiнде майшабақтардан кейiнгi орынды алады. Етiн пайдаланумен қатар бауырынан емдiк қасиетi бар “балық майлары” жасалады. Балтық, Баренцово, Ақ теңiзде және Қиыр Шығыстың солтүстiк теңiздерiнде таралған. Өкiлдерi: налим, треска, пикша, саида, сайка, навага.

Алабұғалар тәрiздiлер (окунеобразные) отряды. Сүйектi балықтардың iшiндегi ең үлкен отряд. Олардың ғылымға шамамен 6000 түрi белгiлi. Бұлардың қанаттарының бөлiктерi жеке-жеке ажыратылмай үшкiр тiкен сияқты болып келедi. Бүкiл дүние жүзi суларында таралған. Кейбiр түрлерi өмiр бойы өзендерде, ал екiншi бiреулерi теңiздерде тағы бiр түрлерi өзендерден теңiздерге өрiстеп шығатын жартылай сантиметрден 4-5 метрге дейiн, ал салмағы 10-12 кг болатын кәсiптiк балықтар. Тұщы суларда ала бұға, көксерке(судак) және басқалар, теңiздерде ставрида, скумбрия, тунецтер т.б. ауланады. Қазақстан қызыл кiтабына Балқаш алабұғасы енген.

Камбала тәрiздiлер отряды. Камбала тәрiздiлердiң денесi екi бүйiрiнен қысыңқы келген жыртқыш балықтар. Торсылдағы болмайды. Су түбiнде тiршiлiк ететiндiктен бiр бүйiрiмен жайлап жүзедi. Денесiнiң ұзындығы 30-40 см-ден 5м-ге дейiн болады. Уылдырықтарын (бiрнеше миллион) жағалауға шашады, өсiмтал балық. Кейбiр түрлерiнiң кәсiптiк аулау маңызы бар.

Жайын  тәрiздiлер (сомообразные)отряды. Бұл отрядтың өкiлдерi жылы, тұщы суларды мекендейдi. Денесi жалаңаш, аузының айналасында бiрнеше жұп мұртшалары бар. Дене пiшiнi 2см-ден бiрнше метрге дейiн болады. Көпшiлiгi жыртқыш. Бiзге белгiлiсi европалық жайын, оның денесiнiң ұзындығы 5м-де, салмағы 90-300 кг дейiн жетедi.

Ескекқанатты балықтар класс тармағы – Sarcopterygii

Отряд үстi қостыныстылар – Dipneustomorpha

Отряд үстi саусақ қанаттылар - Grossopterygii

 

Пайдаланған әдебиет:

1. Губашев Н.М. Зоология практикумы : оқу құралы / Н. М. Губашев, А. К. Днекешев, С. М. Жумагазиева ; ЖӘгір хан атындағы БҚ АТУ. -Орал : БҚ АТУ, 2007. - 151 с

2. Бәйімбет Ә.А., Темірхан С.Р. Қазақстанның балықтәрізділері мен балықтарының қазақша–орысша анықтауышы. Алматы, 1999.

3. Қайымов Қ. Балықтар әлемінде. Алматы, 1973, 1980.

4. Дәуітбаева Ә. Омыртқасыздар зоология 1,2-бөлім. Алматы., 200

5. Наумов С.П. Омыртқалылар зоологиясы. Ч.1,2. М., 1979.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-10-07 21:06:51     Қаралды-8785

ГАЛАКТИКА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Ежелгі гректер бұл жұлдыздар шоғырын Галактика деп атаған, ол Құс жолы дегенді білдіреді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАЛАМ ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

20 ғасырдың бірінші ширегіне дейін Әлемнің өзгермейтін, тұрақты және мәңгілік нәрсе ретіндегі идеясы болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰХИТ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

...

Дүниежүзілік мұхиттар – гидросфераның негізгі бөлігі

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ҚУАТЫН КІМ АШТЫ?

...

Бенджамин Франклин есімді адам бірінші болып электр тоғының не екенін толық түсіндіруге тырысты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ВЕЛОСИПЕДТІ АЛҒАШ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Бұл скутер педальсыз велосипедке көбірек ұқсады...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОФЕНІ ҚАШАН ЖӘНЕ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Кофені кім және қашан ойлап тапқанын нақты айту мүмкін емес - бәрі аңыздан басталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ АЛҒАШҚЫ СМАРТФОН

...

Сенсорлық экраны бар ең алғашқы смартфон IBM Simon болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СІЗ АУАНЫ КӨРЕ АЛАСЫЗ БА?

...

Ауаның мөлдір, түссіз, иіссіз екенін бәрі біледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕҢ БИІК ТАУ ҚАЙ ЖЕРДЕ?

...

Планетамыздағы ең биік тау құрлықта емес, Тынық мұхитының түбінде тұр

ТОЛЫҒЫРАҚ »