UF

Тақырыбы: Бауыраяқтылардың экологиясы

 

  1. Бауыраяқтылардың экологиясы
  2. Маңызы
  3. Полеонтология.

 

1. Бауыраяқтылардың экологиясы

Бауыраяқтылар көпшілігі суда мекендейтін жануарлар. Қарапайым түрлері және көпшілік алдыңғы желбезектілер (Prosobranchia) мен барлық артқыжелбезектілер (Opisthobranchia)—теңіздерде тіршілік етеді. Олар судың тұздылығына және тұщылығына қарай бейімделген. Мысалы,  Nerita туысының өкілдері жыл маусымына байланысты мекен ортасын ауыстырып тұрады.

Тұщы суларда алдыңғыжелбезектілердің Neritidae, Viviparidae, Hydrobiidae тұқымдастарының түрлері және Basommatophora отрядының (Pulmonata класс тармағы)--өкілдері мекендейді. Ал, алдыңғыжелбезектілердің Helicinidae, Cycolphoridae, Pomatiasidae тұқымдастарының түрлері және Stylommatophora отрядының (Pulmonata класс тармағы) өкілдері құрлықта тіршілік етеді.

Нағыз паразиттер тек алдыңғыжелбезектілер класс тармағының  (Prosobranchia), біржүрекшелілер (Monotocardia) отрядының,  Taenioglossa отряд тармағының өкілдерінің арасында кездеседі. Солардың ішінде Stiliferidae және Entoconchidae тұқымдастарының өкілдері тікентерілер (Echinodermata) типінің теңіз жұлдыздары, теңіз кірпірелі, голотуриялардың терісінде немесе дене қуысында тіршілік етеді. Тіршілік жағдайларына сәйкес бұлардың дене құрылыстарының қарапайымдауына алып келді, яғни бақалшағы, мантиясы, аяғы жойылып, ас қорыту, қан айналу, нерв жүйелері толық редукцияланған.

Бауыраяқтылар қорашаған ортаға бейімделіп тіршілік аймағын кеңейтуге мүмкіндік алады. Мысалы, қырлыаяқтылар (Heteropoda) және қанатаяқтылар (Pteropoda) пелагиялық бауыраяқтылар  болып табылады. Екеуі де су қабатында жүзуге жақсы бейімделген. Денелері әдетте әйнек тәрізді, мөлдір, аяғы жұпсыз қырлы жүзгіш қанатын түзейді немесе үлкен қанат тәрізді жұп жүзгіштерге айналған. Бақалшағы азды-көпті, кейде толық жойылғанға шейін редукцияланған.

Құрлықта тіршілік ететін бауыраяқтылар ылғалдылыққа, температураға, өсімдіктер дүниесіне және топырақ құрамына тәуелді болуына байланысты, олар ылғалды қарашірікке (гумус) бай ізбестті топырақтарда көп кездеседі. Олар келесі экологиялық топтарды құрайды: орман дала, сазды, қыр, таулы. Қолайсыз жағдайларда, мысалы, солтүстікте—қыста, оңтүстікте—жазда және қыста ұлулар топыраққа еніп бақалшағының ішіне тартылады да сағасын әк тұздары мол шырыштың ұйыған қабатынан түзілген жұқа қабық—эпифрагмамен жапсырып алады. Ұйқы кезде салмағы төмендеп, зат алмасу процесі нашарлайды. Қоректенбесе де ас қорыту мүшелерінде сөл бөлініп, қарыны бауырдан бөлінген қызғылт-қоңыр сұйықтықпен толтырылып отырады.

Тұщы судағы бауыраяқтылар да қыс түсуіне байланысты ұйқыға кетеді, алдыңғыжелбезектілер жаз айларында су қоймалары қурап кеткен жағдайда ұлулар тұнбаға еніп (Aplexa hypnorum) немесе бақалшақтың ішіне тартылып, сағасын жұқа шырышты қабықпен қаптап  (Limmnaea palusiris), немесе бақалшақтың саға жағымен субстратқа бекініп (Limnaea truncatula) құрғап кетуіне аман қалады.

Бауыраяқтылардың қорегі түрліше. Суда және құрлықта кең тараған өсімдік қоректі түрлерімен қатар, құрттармен, шаяндармен немесе басқа жұмсақ денелілермен қоректенетін көптеген жыртқыш түрлері де бар. Мысалы, қырлыаяқтылар  (Heteropoda) медузаларға, алдыңғыжелбезектілер артқыжелбезектілер  (Opisthobranchia) класс тармағының өкілдері қосжақтаулы, бауыраяқты моллюскаларға, ішекқуыстыларға шабуыл жасайды.

Бауыраяқтылардың ерекше дене түсі қорғаныш қызметін атқарады. Теңіз бетінде тіршілік ететін Ianthina туысының өкілдері көгілдір түсті, ал  Heteropoda-лар моллюскаларөлдір немесе қызғылт, яғни қоршаған ортаның түсіне сәйкес.

2. Маңызы. Бауыраяқтылардың беретін өнімдері басқа моллюскалармен салыстырғанда онша үлкен емес. Көптеген теңіз алдыңғыжелбезектілер  (Prosobranchia) жеуге жарамды, мысалы, жағалық ұлу—Littorina, түтікті ұлу--Buccinum undatum, пателлидалар—Patella. Еуропа елдерінде жүзім ұлуын (Helix pomatia) шаруашылығында  қолданады. Бұл мақсатта оларды арнайы ұлу шаруашылығында өсіреді. Негізінде жүзім ұлуы ауыл шаруашылық зиянкесі болып саналады.

Кейбір теңіз алдыңғыжелбезектілердің бақалшақтарындағы маржаны (інжу тәрізді, қабыршақты құбылмалы бағалы зат) әр түрлі әшекейлік заттарды, сәндік бұйымдарды, түймелерге өңдеуге қолданылады, мысалы, Turbo, Trochus, Haliotis—туыстарының бақалшақтары.

Бауыраяқтылардың бақалшақтары, мысалы,  Monetaria moneta, Cypraea annulus, Oliva flammulata, Achatina balteata, Conus arenatus Океания аралында, Африка, Америка аймақтарында, Гвинеяда, Оңтүстік, Шығыс, Орталық Азияда және Шығыс Еуропада ХХ ғасырдың басына дейін «каури» және «пела» деп аталатын айырбас ақша орнына пайдалынған. Куариларды ақша ретінде қолдану туралы мәлімет VII ғасырдан бастап ежелгі Үнді шежіреліренде кездеседі.

Пайдалы жағымен қатар, бауыраяқтылардың зияны да күшті. Ауыл шаруашылық үшін Pulmonata  класс тармағының құрлықтағы түрлері, атап айтқанда шырыштылар (Arionidae) тұқымдасының өкілдер, соның ішінде  Deroceras reticulates—ұзындығы 3-6 см-ге  дейін жететін, темекі, жоңышқа, картоп қызылша, күздік егістер және бақша өсімдіктерінің қауіпті зиянкесі. Ал, Оңтүстік аудандарда шырыштылардың Parmacella туысының түрлері бау-бақшаларға көп зақым келтіреді. Сонымен қатар, ұлулардың біраз түрлері паразиттік тіршілік ететін құрттардың, әсірсе сорғыштардың (Trematoda) аралық иелері болып табылады.

3. Палеонтология. Бауыраяқтылардың қазба қалдықтары палеозой эрасының кембрий дәуірінен белгілі. Ең алғаш пайда болған—алдыңғыжелбезектілер (Prosobranchia). Олар қазіргіден өте көп және әр түрлі болған. Әдебиеттердегі мәліметтер бойынша алдыңғыжелбезектілердің 66 тұқымдасы әр түрлі дәуірлерде кең тараған. Солардың ішінде кембриден күні бүгінге дейін жеткен Pleurotomariidae, Capulidae, Turbinidae, Delphinulidae, Trochidae, Xenophoridae, Umboniidae, Neritopsidae, Scalidae тұқымдастары.

Артқыжелбезектілер (Opisthobranchia) карбон дәуірінен, ал  өкпелілер (Pulmonata) девоннан белгілі. Қазіргі тоспа ұлулар (Lumnaea туысы) мен катушкалар (Planorbis туысы) юра және бор дәуірлерінде пайда болған.

Классификациясы. Бауыраяқтылар класы үш класс тармағына бақалшақөлінеді: алдыңғыжелбезектілер—Prosobranchia, артқыжелбезектілер—Opisthobranchia, өкпелілер—Pulmonata.

 

Пайдаланған әдебиеттер 

1. К. Дәуітбаева. “Омыртқасыздар зоологиясы” Алматы 2004ж. 503-564 б.

 2. Догель В.А. Зоология беспозвоночных. М.:Высшая школа, 1981

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-10-07 20:22:28     Қаралды-3050

КҮН НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Әдетте біз Күнді газдың үлкен шары деп айтамыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДЫБЫС ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Біздің әлем жанды да, жансыз да табиғат тудыратын дыбыстарға толы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТЕЛЕДИДАР ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Қара және ақ түстің әртүрлі реңктерінен тұратын қозғалмалы бейне

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙДАН НЕ ЖАСАЛАДЫ?

...

Шикі мұнай іс жүзінде қолданылмайды. Ол тазартылады және өңделеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »