UF

Тақырыбы: НЕМЕРТИНДЕР ТИПІ ( NEMERTINI).

 

1.                Немертиндер класы  (Nemertini).

2.                Қаруланбаған немертиндер класс тармағы  (Апоріа).

3.                Қаруланған немертиндер класс тармағы (Enopla).

4.                Немертиндер  (Nemertini) типінін филогениясы.

 

1.                Немертиндер класы  — Nemertini.

Басым көпшілігі теңіз жағалауларында еркін тіршілік ететін жануарлар, тек кейбір өкілдері тұщы суларда және паразиттік тіршілік етуге бейім. Топырақ арасында мекендейтін түрлері де кездеседі. Денесі құрт тәрізді созылыңқы, аздап арқа-құрсақ бағытында сығылған немесе цилиндр пішіндес, денесінің алдыңғы ұшында қозғалмалы ұзын тұмсығы бар. Сол арқылы өзінің қорегін аулап ұстайды. Ол қарулы болуы да мүмкін.

Ішкі құрылысы турбеллярияларға ұқсас: дене қуысы жоқ, ішкі мүшелер арасындағы кеңістікті паренхима толтырып жатады; зәр шығару жүйесі протонефридиялы; нерв жүйесі ортогон құрылысты; тыныс алу жүйесі дамымаған. Сонымен қатар, ерекше күрделі белгілері де бар: ас қорыту жүйесінде артқы ішек пен аналь тесігі және алғашқы рет жақсы жетілген қан айналу жүйесі пайда болған. Бұл типке бір ғана класс жатады - немертиндер класы - Nemertini. Олардың 750-ден аса түрі белгілі.

Құрылысы мен физиологиясы. Денесі созылыңқы, ұзарып қысқаруға қабілетті, ұзындығы 1-2 см-ден 2 м-ге дейін, кейде тіпті 30 м-ге де жететін түрлері кездеседі (Lineus longissimus). Көпшілігінің түсі қаралау, сонымен қатар жасыл, ала, алқызыл, ашық қызыл, сұрғылт түсті де болады. Денесін турбелляриялардай сияқты цилиндр тәрізді клеткалардан тұратын бір қабатты кірпікшелі эпителий жауып жатады. Мұнда көптеген кілегейлі без клеткалары орналасқан. Эпителидің астыңғы жағында денеге белгілі тірек болатын және бұлшықеттерді бекітетін жұқа базальды мембранасы және бұлшықет талшықтарынан құралған тері-бұлшықет қапшығы орналасқан. Бұлшықеттерінің орналасуы - маңызды жүйелік белгісі. Қапшықтың ең жоғарғы беттерінде сақина тәрізді, одан ішкері ұзына бойы созылған бұлшықеттер орналасқан. Кейбір немертиндерде сыртқы эпителий мен сақина тәрізді бұлшықет қабатының арасында тағы бір ұзына бойы созылған, сонымен қатар арқа-құрсақ (дорзо-вентральды) бұлшықеттер түйіні болады. Ішкі мүшелер араларын паренхима толтырып жатады.

Ас қорыту жүйесі. Немертиндердің ішегі ауыз тесігінен басталып аналь тесігіне дейін ұзына бойы созылып жатады. Ауызынан кейін қысқа эктодермальды алдыңғы ішек өтіп, ол ұзын энтодермальды ортаңғы ішекке жалғасады. Оның екі жағында метамерлы қайталанып тұратын жұп қалташа тәрізді өсінділері болады. Ортаңғы ішек эктодермальды артқы ішекке айналып, ол аналь тесігімен аяқталады. Ac ішектің қуысында және клетка ішіңде қорытылады. Артқы ішектің және аналь тесігінің пайда болуы - немертиндердің ерекше белгісі.

Немертиндер жыртқыш жануарлар. Ұсақ құрттармен, шаянтәрізділермен, моллюскалармен қоректенеді. Өз қорегін тұмсығы арқылы ұстап, оларды тұмсығының эпителий бездерінен бөлінетін улы сөлдерімен жансыздаңдырады немесе үшкір ине тәрізді стилеттері арқылы өлтіреді. Тұмсығы сонымен қатар қорғаныш қызметін де атқарады. Ол денесінің алдыңғы ұшында арнайы тұмсық қынабы - ринхоцелом деп аталатын қуыстың ішінде имек тәрізді оралып жатады. Қуыстың бұлшықеттері жиырылғанда, тұмсығы теріс аударылған қолғап саусағы тәрізді сыртқа созылып шығады. Созылған күйінде ұзын түтікшеге ұқсас. Тұмсық ринхоцелом қуысына ретрактор деп аталатын бұлшықеттің көмегімен қайта тартылады.

Зәр шығару жүйесі протонефридиялы. Денесінің алдыңғы екі бүйірінде арнайы тесігі бар екі зәр шығару түтіктері орналасқан. Олардан дене ішіне көптеген қосымша түтікшелер тарайды да, тұйықталған жұлдыз тәрізді - терминальды клеткалармен аяқталады. Түтікшелердің ұштары бүйірлік қан тамьфларымен тығыз байланысты болады, соның нәтижесінде қандағы зат алмасу процесінің жиналған қалдықтары зәр шығару жүйесіне өтеді. Тыныс алу мүшесі жоқ.

Қан айналу жүйесі немертиндерде бірінші рет дамыған, осы белгісімен олар жалпақ құрттардан ерекше. Негізінде үш қан тамыры болады: арқа және екі бүйірлі. Олар бір-бірімен дененің алдыңғы жағында бірігіп бүкіл дене бойында көлденең қосқыш қан тамырлары арқылы байланысады. Қан айналу жүйесі қоректік заттарды тасымалдайды, сонымен қатар қан түйіршіктерінде әр түрлі тыныс алу пигменттерінің, әсіресе гемоглобиннің болуы тыныс алу қызметін де атқарады деп санауға болады.

Нерв жүйесі жақсы жетілген. Орталық бөлімін екі жұп церебральды ганглиялар құрайды. Олардың бірінші жұбы тұмсық қынабының үстінде, ал екінші жұбы оның астында орналасып, екі нерв талшықтарымен байланысқан. Церебральды ганглиялардан артқа қарай екі бүйір нерв бағаналары өтеді, олар тері-бұлшықет қабының немесе паренхима аралығында орналасады. Ұзын нерв бағаналары көптеген көлденең, сақина тәрізді комиссуралармен байланысып, ортогон типті нерв жүйесін құрайды.

Сезім мүшелері құрамына: екі бүйір саңылауы, церебральды мүшелері және көздері кіреді. Бүйір саңылаулары мен церебральды мүшелері басының бүйір жағында орналасып, кірпікшелі эпителимен қапталған, тек церебральды мүшелері ішке қарай тереңірек батып, жіңішке түтікшелер арқылы церебральды ганглияларымен тығыз жанасып жатады. Осы екі мүшенің көмегімен жануар судың химиялық құрамының өзгерісін және қорегін сезеді. Церебральды мүшелер эндокриндік жүйенің қызметін атқарады деген болжам бар.

Көздері 2, 4 немесе одан да көп. Олардың құрылысы турбелляриялардың көздерінің құрылысына ұқсас келеді. Теңіз түбінде тіршілік ететін немертиндерде сипап сезу мүшелері де жақсы жетілген. Сезім талшықтары бар клеткалар денесінде шашырап орналасқан. Немертиндер дара жыныстылар. Жыныс жүйесі қарапайым құрылысты. Көптеген жұп аналық немесе аталық бездері дененің бүйірінде ішектің бүйір қалташа тәрізді өсінділерінің арасында жатады. Жұмыртқа клеткалары немесе сперматозоидтары қысқа тұқым жолы арқылы сыртқа шығарылады. Ұрықтануы сырттай.

Дамуы. Ұрықтанған жұмыртқаның бөлшектенуі толық, буылтық құрттардың спиральды детерминативті (мүшелердің алғашқы белгілері ерте пайда болуы) бөлшектенуіне ұқсас. Жұмыртқадан пилидий деп аталатын еркін жүзетін планктонды личинка шығады. Пилидий қалыптаса бастаған кезде бластопораның екі жағынан жалпақ қалақша тәрізді өсінділер дамиды. Сондықтан личинканың дене пішіні бүйірлі құлақшалары бар қалпақ тәрізді. Пилидияның бүкіл денесі кірпікшелі эпителимен қапталған. Денесінің төменгі жағында ұзын кірпікшелері бар ауыз алды белдеуі (алқабы) өтеді, ал күмбез тәрізді төбесінде қалың әрі ұзын сезімтал кірпікшелер шашағы (сұлтан) болады. Пилидий денесінің астыңғы жағында, екі қалақша тәрізді өсіндінің ортасында орналасқан ауыз тесігі, ауыз қуысына, ал ол алдыңғы ішекке өтіп, қапшық тәрізді энтодермальды ортаңғы ішекпен жалғасады. Артқы ішегі, аналь тесігі жоқ. Немертиндердің дамуының бір ерекшелігі - пилидия эпителиясы ересек немертиннің эпителиясына айналмай, уақытша ғана қызмет атқарып, личинка ересек құртқа айналғанда түсіп қалады, яғни түлейді. Ең алдымен личинка эпителиінен эктодерма және энтодерма арасына немесе алғашқы дамуындағы денесінің қуыс аралығына жеке клеткалар бөлініп шығады да ортаңғы (мезодерма) ұрық жапырақшасының бастамасын түзейді, олардан дәнекер тканьдері мен кейбір ішкі мүшелері дамиды. Осындай іріктелген немесе диффузияланған мезодерма - мезенхима деп аталады.

Немертиннің дене эпителий жамылғысы және ішкі мүшелері мынадай жолмен пайда болады: біріншіден, пилидияның эктодермасынан ішке карай 7 төмпешік (диск) түзіледі: біреуі личинка денесінің алдынғы үстінде, қалған үш жұбы екі бүйірінде және ауызының артында. Кейіннен осы төмпешіктер дене ішіне ене өсіп, бір-бірімен тұтасып, әлі жетілмеген ішек пен мезенхиманы жан-жағынан қоршап, пилидия жамылғысының астында эктодермальды екі қабатты қапшықты түзейді. Сонымен қатар, үстіңгі төмпешіктен алдыңғы бөлімінің эпителий жамылғысы, тұмсығы  және нерв жүйесі, екі бүйір төмпешігінен - церебральды мүшелер, соңғысынан - дене эпителия жамылғысы құралады. Құрттың бұлшықеттері мезен­хима клеткаларынан қалыптасады. Осылай пайда болған құрт пилидий қабырғасын бұзып сыртқа шығады да, теңіздің түбіне түсіп, өз бетімен тіршілік етуге көшеді.

Классификациясы. Немертиндер класы екі класс тармағына бөлінеді: қаруланбаған - Апоріа және қаруланған - Епоріа.

2.                Қаруланбаған немертиндер класс тармағы — Апоріа.

Тұмсығында ине тәрізді стилеттері жоқ, өзінің қорегін эпителий бездерінен бөлінетін улы сөлдерімен жансыздандырады. Ауыз тесігі құрсақ жағында церебральды ганглияның артында орналасқан. Нерв жүйесі тері-бұлшықет қапшығында, кейде тері эпителиінде орналасады. Тері-бұлшықет қапшығында сақина тәрізді, одан ішкері ұзына бойы бұлшықеттер будасы болады. Негізгі туыстары: құмда ін қазатын Cerebratulus-тар. Олар бүкіл Еуропаның Атлантикалық жағалауларында, оның солтүстік шекарасынан бастап Жерорта теңізіне дейінгі аралықта кездеседі; Tubulatus және Cephalothrix-тер бүкіл дүние жүзілік мүхиттарда кең тараған; Lineus-тер Арктикалық және қоңыр салқын суларда тіршілік етеді. Алып немертинаның (Lineus longissimus) ұзыңдығы 10 метр, кейде 30 метрге дейін, ені 1 см-ден аспайды, ширатылған денесін тастың астына жасырып өзінің қорегін аңдумен болады.

3.                Қаруланған немертиндер класс тармағы — Enopla.

Тұмсығы бір немесе бірнеше стилеттерімен қаруланған. Ауыз тесігі денесінің алдыңғы ұшында терминальды орналасқан, церебральды ганглияның алдында.

Нерв жүйесі паренхима аралығында жатады. Қаруланбаған немертиндерде болатын бұлшықеттер бұларда да бар, бірақ олардан ерекше тағы бір үзына бойы орналасқан және дорзо - вентральды (арқа -құрсақ) бүлшыкеттер будасы болады

4.                Немертиндер  (Nemertini) типінін филогениясы.

Немертиндердің бірқатар құрылым белгілері жалпақ құрттармен, соның ішінде турбелляриялармен жақын екендігін көрсетеді. Немертиндер мен турбеллярияларда зәр шығару мүшесі протонефридиялы, нерв жүйесінің негізгі бөліктері мен көздерінің құрылысы ұқсас, дене қуысы жок, ішкі мүше-лер аралығын паренхима толтырып жатады, денелері кірпікшелі эпителимен жабылған. Кірпікшелі құрттарға тән немертиндерде де жұмыртқалары спиральды түрде бөлінеді және пилидий мен Мюллер личинкалары белгілі ұқсастығымен жақын. Сонымен, осындай ұқсастық белгілеріне байланысты немертиндер кірпікшелі құрттардан шықты деген болжам туады. Эволюциялық даму жағынан немертиндер кірпікшелі құрттардан әлдеқайда жоғары, оған артқы ішек пен аналь тесігінің, қан айналу жүйесінің пайда болуы дәлел.

 

 

Ұсынылған әдебиеттер  

1. К. Дәуітбаева. “Омыртқасыздар зоологиясы” Алматы 2004ж. 503-564 б.

 2. Догель В.А. Зоология беспозвоночных. М.:Высшая школа, 1981

 

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-10-07 20:14:59     Қаралды-2899

ИСЛАНДИЯ – АТЫ ДҰРЫС ЕМЕС ЕЛ

...

Исландия ағылшын тілінен сөзбе-сөз аударғанда «мұз елі» деп аталады

ТОЛЫҒЫРАҚ »

20 ҒАСЫРДЫҢ НЕГІЗГІ ӨНЕРТАБЫСТАРЫ

...

20 ғасырдың негізгі өнертабыстары, оларсыз қазіргі адам өмір сүре алмайды

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САМАУЫРДЫҢ ІШІНЕ ҚАҚ ТҰРСА

...

Cамауырдың ішіне қақ тұрса

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШАШ КҮТІМІ

...

Адамның шашы бірде түсіп, бірде шығып дегендей, ұдайы алмасып отырады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ӘЛЕМ ТУРАЛЫ СІЗ БІЛМЕГЕН 15 КЕРЕМЕТ ФАКТ

...

Біздің әлем - шексіз жұмбақ. Күн сайын сіз ол туралы көптеген жаңа нәрселерді біле аласыз!

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТАРКТИДА ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Мұз құрлығының ресми ашылған күні 1820 жылдың 28 қаңтары болып есептеледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЫЛҚЫ АТЫМЕН АТАЛАҒАН SNICKERS ШОКОЛАД БАТОНЧИК

...

Snickers - жастар арасында ең танымал батончик

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕР ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Бұл мақалада біздің жер туралы қызықты деректер талқыланады

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЯҚ КИІМГЕ ДЕ КҮТІМ КЕРЕК

...

Әдетте, адамның екі аяғы бірдей бола бермейді. Көбіне оң аяқ сол аяқтан гөрі үлкенірек келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »