UF

Тақырыбы. Анатомия. Тірек – қимыл аппараты

 

  1. Локомоторлық аппараты (қаңқа, сүйектер байланысы, бұлшық еттер мен олардың көмекші мүшелері) енжарлық (пассивті) және белсенді (активті) мүшелерінің құрылысы

 

Анатомия – гректің "ana, tomeo " - "кесу" - деген сөзінен шыққан. Мал организмі құрылысы жағынан күрделі, өз бетімен тіршілік етуші және қоршаған ортаның белгілі тіршілік жағдайына бейімделген органикалық дүниенің бір бөлігі болып табылады. Әрбір организм тым ұзақ уақыт, яғни тарихи дамудың нәтижесінде пайда болған белгілі бір түрдің өкілі.   Жануарлар түрлерінің ұзақ тарихи дамуын - филогенез /phjlon - туыс, genesis - шығу тегі / деп, ал әрбір организмнің пайда болуынан өлгенге дейінгі тіршілік ету аралық мерзімін - организмнің жеке дамуының тарихы немесе онтогенез /ontos -  заты, мәні/ - дейді.

Мал организмін зерттейтін морфология ілімі биология ғылымының үлкен бір саласы. Ол организмнің құрылысы мен пішінін тексереді. Өз кезеңінде: цитология /торша, клетка туралы ілім/, эмбриология /ұрық туралы ілім/, гистология / ұлпа, ткань  туралы ілім/ және анатомия /организмнің көзге керінетін структуралық құрылысын зерттейтін ілім / сияқты пәндерден тұрады. Сонымен қатар, морфология организмнің тіршілік әрекеті мен қызметін зерттейтін ілім - физиологиямен тығыз байланысты.

Мал организмі тарихи қалыптасқан, әрқашан да өзгерісте болатын қоршаған ортаның нақтылы әсері нәтижесінде пайда болған өзіндік құрылысы мен даму ерекшеліктері бар және сол ортаға бейімделген біртұтас жүйе. Ол негізінен өзінің тітіркенгіштік зат алмасу жене көбею сияқты тіршілік әрекеттерін жүзеге асырушы  мүшелер жүйелері мен аппараттардан тұрады. Ал бұлар өз кезегінде торшалардың, ұлпалардың /ұлпалардың/, мүшелердің жиынтығы болып табылады.

Омыртқалы жануарлардың дене құрылысының ортақ құрылыстары

1. Біросьтік /бірбіліктік/ немесе екіполярлық зандылығы бойынша жануарлар денелерінің бір-біріне қарама-қарсы бір остің /біліктің/ бойында жатқан екі полюсі болады - бас жақ немесе краниальдік / cranium - бас cүйек/ және құйрық жақ немесе каудальдік /cauda -  құйрық/.

2. Сегментарлық немесе метамерия - дененің біліктік бөлігі бірінен соң бірі қатар орналасқан көптеген сегменттерден /кескін/ тұрады. Сегменттерді денеге көлденең жүргізілген жазықтықтар түзеді.

Мұндай заңдылық, әсіресе төменгі сатыдағы жануарларда, мысалы
жауын құртында жақсы көрінеді. Құрылысы жағынан тым күрделі үй жануарларында бұл заңдылықты қаңқаның құрылысында - омыртқалар мен
қабырғалардың қатар кезектесе орналасуынан, қан тамырларының магистральдық талғырлардан /қолқа, алдыңғы және артқы қуысты веналар/,
жүйкелердің жұлынның әрбір сегменттері, мысалы омыртқааралық тесіктері арқылы тармақталып шығуынан байқауға болады.

3. Антимерия /anti  -  қарама -  қарсы,  meros - бөлік/, екіжақтылық, немесе билатеральдік / bi    - екі, lateralis -  симметрия заңдылығы бойынша біліктің бойымен жүргізілген тек бір ғана орталық /медиальдік/ сагитальдік жазықтық денені  тепе-тең екі жартыға бөледі. Бұл жазықтық омыртқа жотасының қыры арқылы өтеді. Осы орталық сагитальдік жазықтықтың орналасуына байланысты денеде екі бағытты байқауға болады: дененің сыртқы бүйірінен орталық /медиальдік / сагитальдік жазықтыққа қарай, яғни дене орталығына қарай - медиальдік, ал бұған қарама-қарсы орталық сагитальдік жазықтықтан дененің сыртқы бүйіріне қарай - латеральдік бағыттар.

Жануарлар денелерінде аталған көлденең және орталық сагитальдік жазықтықтардан басқа да жазықтықтар жүргізуге болады. Бұған дорсальдік жазықтықтар жатады.

Дорсальдік /dorsalis - арқа/ жазықтықтар дененің арқасына горизонтальдік жазықтықтар бойымен параллельді жүргізіледі. Бұл жазықтықтардан жануарлар денелерінде қарама-қарсы екі бағытты байқтауға болады. Олар: дененің арқасына қарай дорсальдік және құрсағына қарай вентральдік /ventralis  - құрсақ/ бағыттар.

Жоғарыда байндалған екіполярлік және екіжақтылық заңдылықтары
хордалылар типіне жататын жануарлардың түзу сызықтың бойымен алға
қозғала алатындығын көрсетеді.

4. Түтік тәріздес құрылыс заңы. Жануарлар денесін құрушы аппараттар мен жүйелер негізінен түтік тәріздес құрылымдардан дамиды /ас қорыту, зәр шығару, тыныс алу, көбею, жүйке жүйелері /. Түтік тәріздес мүшелердің қуысы болады, ал қабырғасы үш қабаттан тұрады. Мүшелердің түтік тәріздес құрылысы организмдегі материалды үнемдеу заңының тікелей кепілі.

Жоғарыда байндалған көптеген термин-атаулар негізінен латын тілінен алынған.

Үй жануарлары организмін зерттеп оқу барысында көптеген терминдерді білуге тура келеді. Мысалы, дененің бас бөлігін зерттеу кезінде кездесетін бағыттар. Оральдік /oris     - ауыз сөздің түбірі лат./ауызға қарай, назальдік /nasalis – мұрын, лат./ мұрынға қарай. Бастың ауызбен мұрыннан кері шүйдеге қарай -  аборальдік /ab - көрe - abrela ауыз лат./ бағыт деп аталынады.

Алдыңғы /кеуделік/, артқы /жамбастық/ аяқтарда қолданsлатын мынадай терминдер бар. Аяқ бөлімдерінің түлғаға жақын жатқан жағы проксимальдік /procsimale   - жақынырақ, лат./,  ал керісінше алысырақ жағы дистальдік /distale -  алысырақ, лат./ бөлімдер деп аталынады. Алдыңғы аяқтың төрт: алдыңғы - дорсальдік, сыртқы - латеральдік, ішкі - медиальдік, артқы - пальмарлық /palmare – алақан, лат./ беттері болады. Артқы аяқтардың да төрт беті бар: үш беті алдыңғы аяқтардағыдай - дорсальдік, латеральдік, медиальдік деп аталынса, ал артқы беті - плантарлық / plantare – табан, лат./ деп аталынaды.

Үй жануарлары денесінің бөлімдері мен аумақтары

Организмді зерттеу кезінде түсінікті болу мақсатымен үй жануарлар денелері ірі бөлімдерге – бөлінеді. Өз кезегінде дене бөлімдері бірнеше аумақтарға -  region - айырылады.

Бас - caput   - екі бөлімнен құралады.

1. ми сауыты бөлімі - neurocranium

2. бөт бөлімі - splanchnocranim

Ми сауыты бөлімінің аумақтары:

Шүйде - occipitale  

Төбе - parietale

Маңдай - frontale

Құлақ қалқаны - auriculare 

Көз қабығы -  oculus palpedra 

Самай -  tempora    

Бет бөлімінің аумақтары:

Мұрын -  nasale  

Ауыз -  oris

Көз -  oculus

Бет -  faciale

Үлкен шайнау еті -  m. masseter

Ұрт -  bucca 

Иек -  mentale

Мойын – collum / cervix / - аумақтары:

Шықшыт / құлақ түбі / -  

Көмекей -  larynx

Желке - nucha

Иық - бас ет -  m.brachiocephalicus 

Кеңірдек -  trachea

Тұлға - truncus - аумақтары:

Арқа - borsum

Көкірек керегесі - thorax

Кеуде қуысы -  cavum thoracalis

Кеуде - pectus 

Құрсақ /іш/ -  abdominalis 

Құрсақ /іш/ қуысы -  cavum abdominalis

Бел -  rg. lumbalis

Шат -  rg. pubica  

Жамбас -  rg. pelvis       

10. Жамбас қуысы -  cavum pelvis

Аяқтар -  membra 

1. Алдыңғы /кеуделік/ аяқ -  membrum thoracicum 

2. Артқы /жамбастық/ аяқ -  membrum pelvinum

Кеуделік аяқтар аумақтары:

Иық белдеуі – cingulum membri thoracici

Иық -  brachium  

Білек -  antebrachium

Кеуделік аяқ басы -  manus 

а/ алдыңғы тізе -  rg. carpi

ә/ алдыңғы жіліншік - rg. metacarpi

б/ бақай /тұяқ/ -  digiti manus  

Жамбастық аяқтар аумақтары:

Жамбас белдеуі – cingulum membri pelvini

Сан -    femur

Сирақ -  cruris  

Жамбастық аяқ басы -  pes

а/ тілерсек -   tarsi 

ә/ артқы жіліншік -  metatarsis 

б/ бақай -   digiti pedis

Негізгі әдебиеттер.

1       Жаңабеков К., Жаңабекова Г.К. «Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы» Оқулық. – Алматы «Сөздік - Словарь», 2005.

2       Гиммельрейх Г.А. и др. «Анатомия домашних животных» Учебное пособие. - Киев, «Высшая школа , 1980.

3       Боккен Г.Г., Глаголов П.А., Боголюбский С.Н. Анатомия домашних животных. Учебное пособие. - Москва, «Высшая школа, 1961.

4       Гиммельрейх Г.А. и др. «Анатомия домашних животных» Учебное пособие. - Киев, «Высшая школа , 1980.

5       Жеденов   В.Н. Анатомия домашних животных. Учебное пособие. - Москва, «Высшая школа,    1965, 1973, 1977.

6       Осипов  И.Я.  Анатомия домашних  животных.  І - ІІ  часть.  -  Москва. «Колос»,    1965, 1972, 1977.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-10-03 15:49:51     Қаралды-3725

БӨЛШЕКТЕР ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Алдымен бұлар «жай бөлшектер» деп аталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕ ЖҮЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ ЦИРК ҚАШАН ЖӘНЕ ҚАЙ ЖЕРДЕ АШЫЛДЫ?

...

Қазіргі кездегі заманауи цирктің әкесі - ағылшын кавалеристі аға сержант Филип Астли

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЕТРО ҚАЙ ЖЕРДЕ ЖӘНЕ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Метро - теміржол көлігінің бір түрі, оның жолдары көшелерден алшақ, көбінесе жер асты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЫСЫҚТАР ҚАШАН ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫНА АЙНАЛДЫ?

...

Соңғы уақытқа дейін ежелгі мысырлықтар мысықтарды алғаш қолға үйреткен деп есептелді

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КІРПІШ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Пісірілген балшықтан жасалған бұл әмбебап құрылыс материалы

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ОТТЕГІ ҚАЙДАН КЕЛЕДІ ЖӘНЕ ОЛ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

...

Оттегі - жер бетіндегі ең көп таралған химиялық элементтердің бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДӘПТЕР ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Мектеп дәптерлеріне ата-әжелеріңіз, аналарыңыз бен әкелеріңіз жазған

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ПЛАНЕТА ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Біздің планетамыз шамамен 4,5 миллиард жыл бұрын пайда болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ПЛАНЕТА ҚАЙСЫ?

...

Күн жүйесіндегі ең үлкен планета - Юпитер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »