UF
Загрузка...

Тақырып. Халықаралық несие және бүкіләлемдік банк тобы

 

1. Халықаралық несие және олардың сыныптамасы

 

1.1.  Халықаралық несие экономикалық категория ретінде. Халықаралық несие қағидалары. Халықаралық несиенің қызметтері.

1.2. Халықаралық несиенің нысандары және олардың сыныптамасы.

1.3. Халықаралық несиенің негізгі міндеті. Халықаралық несиенің шарттары.

 

Халықаралық несие тауарлық және валюталық ресурстарды ұсынумен байланыстырылған халықаралық экономикалық қатынастар аясындағы қарыз капиталы қозғалысында көрініс алады.

Халықаралық несие XIV - XV ғасырларда Еуропадан Таяу және Орта Шығыс, ал, кейінірек Америка мен Үндістанға бағытгалған теңіз жолдарын игеруден кейін халықаралық сауда шенберінде пайда болды. Оның әрі қарай дамуы өндірістің ұлттық шекаралардан шығыуына, мамандануына және кооперациялануына байланысты болды.

Халыкаралық несие тауарлар, қызмет көрсетулер мен капитал қозғалысын жанама түрде іске асырушы құралы бола тұрып, табыс, баға, ақша, валюта бағамы, төлем балансы тәрізді экономикалық категориялармен және барлық экономикалық заңдылыктармен байланыста. Халықараяық несие негізгі экономикалық заңның талаптарына сәйкес нарык субъектілері пайда табуына жағдай жасайды. Әлемдік капитал нарығы құрылуы іс-тәжірибеде капитал артықшылығы орын алған елдерде қарыз берушілер алатын пайызті көтереді, ал, капитал тапшылығы орын алған елдерде қарызгерлер төлейтін пайызті төмендетеді.Осылайша, халықаралық несие қарызгер-елдерде де, қарыз беруші елдерде де экономикалык әлауқатты өсіру қабілетіне ие болады. Ал, бұл капитал жинақтауды қаржыландыру мөлшерін көбейтуге және капитал тапшылығы орын алған елдердің үйлесімді қарыз алу мөлшерін өсіруге мүмкіңдік береді. Халықаралық несие пайдасы экономикалық өсуді жеделдетуде және макроэкономикалық тұрактандыруда көрініс алады. Құн заңы әрекетінің элементі ретінде халықаралық несие тауарлардың жеке кұнын олардың қоғамдық құнымен салыстарғанда төмендетеді, мысалы, несиеке сатып алынған импортталған құрал-жабдыктарды енгізу негізіңде.

Халыкаралық несие капитал айналымының барлық кезеңдеріне қатысады: акшалай капиталды өндірістік капиталға импортталған құрал-жабдықтарды, шикізаттарды, материалдарды сатып алу арқылы айналдырғанда; өндіріс барысында аяқталмаған өндірісті несиелендіру нысанында; тауарларды әлемдік нарықтарда өткізу барысында.

Халыкаралық несиетің нарықтың экономикалық заңдармен және ұдайы өндіріспен байланысы оның қағидаттарында айқындалады: қайтарымдылық, мерзімділік, төлемділік, қамтамасыз етілгендік және мақсаттылық сипат.

1.   Қайтарымдылық - егер алынған құралдар   қайтарылмаса, онда ақшалай капиталды қайтарымсыз аудару орын алады, яғни қаржылындыру.

2. Мерзімділік - несиелік келісімде белгіленген мерзімде несиенің несиетің қайтарылуын қамтамасыз етеді.

3.   Төлемділік   құн   заңы   әрекетін   және   несиетің   дифференциялданған шарттарын іске асыру тәсілдерін айқындайды.

4.   Материалдық қамтамасыз ету халықаралық несиегі     өтеу кепілдігінде көрініс алады.

5.         Мақсатты сипат-қарыздың нақты объектілерін(нысандарын) анықтау.
Халықаралық несие, карыз капиталы қозғалыстың нысаны бола тұрып, оның халықаралық экономикалық қатынастар аясындағы ерекшелігін келесі қызметтерді (функцияларды) орындау арқылы айқындайды:

1.   Кеңейтілген ұдайы өндіріс қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін қарыз (ссудалық) капиталын елдер, аймақтар, салалар арасында қайта бөлістіру.

2.   Халықаралық есеп айырысу аясында айналым шығындарын шынайы ақшаларды (алтынды, күмісті) несие ақшаларына ауыстыру сондай-ақ қолма-қолсыз төлемдерді дамыту мен жеделдету, валютаның қолма-қолды айналымын халықаралық несиетік операцияларға ауыстыру арқылы үнемдеу.

3.   Капитал шоғырлануын және орталыктануын жеделдету. Қосымша кұнның капитализалану процесі тездетіледі. Іс жүзінде мемлекет капиталды жинақтауды тек ішкі жинақтарды жұмылдыру арқылы ғана емес, сондай-ақ капитал артықшылығына ие елдерден тарту арқылы қаржыландыру мүмкін. Жеңілдетілген халықаралық несиелердің ірі компанияларға ұсыну және шағын және орта фирмалардың қарыз (ссудалық) капиталына қол жеткізуді киындату капитал шоғырлануын және орталықтануын қүшейте түседі.

Қазіргі жағдайларда халықаралық несие экономиканы реттеу функциясын орындай тұрып өзіде реттеудің нысаны болып табылады.

Өзара байланысты функцияларды орындау себебінен халықаралық несие қосарлы ролді аткарады: оңтайлы және теріс. Халықаралық несиетің оңтайлы ролі өндіріс процесінің үзіліссіздігін және кеңейюін қамтамасыз ету арқылы өндіргіш күштердің дамуын жеделдетуде көрініс алады. Нарықтық экономика дамуындағы халықаралық несие атқаратын теріс ролі онын қарама-қайшьшықтарын өткірлетумен байланысты.

Елдердің несиетік саясаты    несиеор-елдердің әлемдік нарықтардарда  жайғасымдарын  нығайту кұралы болып табылады.  Халықаралық несие қарызгер- елдерде   несиеор-елдер үшін  пайдалы экономикалық және саяси режимдерді қалыптастыруға және нығайтуға септігін тигізеді.

Өндіріс пен айырбастың интернационализациялануы, әлемдік шаруашылық байланыстардың жаңа нысандарының пайда болуы халықаралық несиетің сан алуан нысандары дамуының объективтік негізі болып табылады.               

 

2. Әлемдік ссудалық капитал нарығындағы пайыздық ставкалар, олардың құрылымы

 

  1. Әлемдік ссудалық капитал нарығындағы пайыздық ставкалар, олардың құрылымы.
  2. Халықаралық пайыздық мөлшерлемелер. Нақты  пайыздық мөлшерлемелер. Пайыздық мөлшерлемелердің өзгеруі. Пайыздық мөлшерлемелердің деңгейіне әсер ететін факторлар.

       

1. Қарызгер төлейтін ссудалық пайыз мөлшерлемесінің көлемі (нормасы) нақты қарыздар берумен байланысты тәуекелдік дәрежесін айқындап көрсетеді.

  Берілетін ссудалар түрлері көпшілігінің нарығы өте жоғары бәсекелестік сипатына ие болу жағдайында тәуекелділіктің белгілі берілген деңгейімен және салыстырмалы әкімшілік шығындардың белгілі берілген көлемімен сипатталатын ссудалар бойынша әдетте мөлшері бойынша өте жақын ссудалық пайыздық нормалары орнатылады.

  Ссудалық пайыздық базистік мөлшерлемесінің көлемі баспада кең жарияланады және өзі бастапқы мөлшерлеме болып табылады. Себебі елдің ең ірі банктері, өздерінің тұрақты клиенттерінің қатарындағы ең бәсекеге қабілеттілеріне төлем мөлшерін белгілегенде дәл осы салыстырмалы мөлшерлемеге негізделеді. Бұл мөлшерлемені минималды мөлшерлеме ретінде қарастырмай, бастапқы мөлшерлеме ретінде қарастыру қажет, себебі банктер жиі жағдайларда ссудаларды базистік мөлшерлемеден төмен пайыз бойынша (әсіресе қысқа мерзімдік ссудалар бойынша) береді. Елдің ең ірі банктеріне жататын бір банк өзінің базистік мөлшерлемесін өзгерткенде, қалған банктерде оның (ірі банктің) соңынан ерген тәрізді болады, бірақ барлық ірі банктердің базистік мөлшерлемесінің көлемі сәкес болуы міндетті емес.

  Базистік пайыз бойынша ссудаларды беру тәжірибесі несиеті ұтымды етуге, яғни ссудаға берілетін қорларды саны шектелген ең сенімді қарызгерлер арасында таңдап тарату қажеттілігіне әкеледі. Егер базистік мөлшерлеме нақты бәсекелестік жағдайы талап еткен деңгейінен төмен деңгейде орнатылса, қарызгерлердің банктік несиеке деген сұранысы ұсыныстан едәуір жоғары болады. Мұндай жағдайда банктер ссудаға жататын ақшалай құралдарын ұтымды ету мүмкіншілігінен, ал қарызгерлер өз кезегінде ссудалық пайыздық базистік мөлшерлеме шарттары бойынша қажетті ссудалық қаражаттарды толық көлемде алу мүмкіншілігінен айырылады. Несиетерді ұтымды ету тәжірибесіне байланысты банк қарызгерден алдын ала келісілген белгілі бір ақша құралдарының сомасын арнайы өтемдік пайызсіз салымда сақтауды талап етуге құқылы болады. Мұнда қарызгер қосымша жасырын шығындарды шегеді және нақтылы базистік мөлшерлеме хабарланған базистік мөлшерлемеден асады. Жағдайлардың бір қатарында және жеке уақыт мерзімдерінде базистік мөлшерлеменің көлемі нарықта қалыптасқан шарттарға сәйкес белгіленген көлемнен жоғары немесе төмен ауытқиды.

  60-шы жылдардан бастап әлемдік нарықта икемді (құбылмалы), яғни келісілген уақыт мерзімдерінде (3-6 ай) нарықтық конъюктураға тәуелді (нарықтағы мөлшерлемелердің өзгеруіне сәйкес) өзгеріп тұратын пайыздық мөлшерлемелер басымды орынға ие болды. Пайыздық мөлшерлемелердің теңселуі жеке экономикалардың, халықаралық валюта-несиетік және қаржылық қатынастардың банктік өтімділігінің, инфляция қарқыны жағдайларымен, икемді (құбылмалы) валюта бағамдарының динамикасымен, халықаралық операциялардың валюталық және несиетік тәуекелділігі өсуімен, ұлттық несиетік саясаттың бағыттарымен шартталады. Икемді (құбылмалы) пайыздық мөлшерлемелер (тіркелгендерге қарағанда) орта мерзімді несиетер бойынша банктердің тәуекелділіктерін төмендетуге мүмкіншілік береді.

 Еуронесиетер бойынша халықаралық пайыздық мөлшерлемелер қолданылады.

Еуронарығындағы пайыздық мөлшерлемелердің ерекшелігі олардың ұлттық мөлшерлемелерге қатысты салыстырмалы дербестігінде көрініс алады. Мысалы, егер ГФР банкі француз банкінде депозитті АҚШ доллармен орналастырса (яғни АҚШ-қа несие ұсынса) онда бұл депозит бойынша пайыздық мөлшерлеме АҚШ-тың, Францияның, ГФР-дың пайыздық мөлшерлемелерден ерекшеленеді. Халықаралық пайыздық мөлшерлемелер несие лимитін ашқанда (несиетік сызық – банктің қарызгерге белгілі мерзімде бекітілген лимит шегінде ссуданы беру бойынша құқықтық түрде рәсімделген міндеттемесі), консорциалдық несиеті ұсынғанда, еурооблигациялық займдарды шығарғанда алынады.

 

3. Сыртқы қарызды басқару

 

1. Сыртқы қарызды басқару. Сыртқы борышты тиімді басқару міндеттері. Әлемдік банк борыш бойынша статистикасын ұсынудың үлгісі. Сыртқы борышты басқару функциялары. Сыртқы борышты басқару үрдісінің негізгі кезеңі. Сыртқы борышты салыстырмалы талдау көрсеткіштері.

        

Халықаралық несиенің қызметімен «сыртқы борыш» түсінігі ажырамас байланыста болады. Берешекті басқару аясындағы саясаттың міндеті макроэкономикалық  сферасын және төлем балансты тұрақтандыруда күрделі мәселелерді болдырмай сыртқы қаржыландырудың  оңтайлы тиімділігін қамтамасыз ету болып табылады.

Сыртқы борышты тиімді басқару 3 өзара байланысты міндеттерді қамтиды:

  1. Сыртқы борышқа қызмет ету шеңберінде ел міндеттемелерінің мерзімдік профилін анықтау.
  2. Сыртқы борышқа қызмет етуге жеткілікті болатын күтілетін таза экспорттық түсімдерді, мүмкін болатын жаңа сыртқы қарыздарды және басқа да қаржыландыру түрлерін болжамдау.
  3. Ішкі салықтық түсімдерді болжамдау.

Жобаланған мемлекеттік табыстар мемлекеттің сыртқы борышқа қызмет көрсету бойынша міндеттемелер баламасын жергілікті валютада қамтамасыз етуге жеткілікті болуға тиісті. Салықтарды жинау және басқа мемлекеттік шығындарды тиісті мөлшерде қамтамасыз етудегі қиыншылықтар үкіметтің сыртқы борышқа қызмет көрсету қабілеттілігін маңызды (айтарлықтай) шектеуі мүмкін.

  Жоғарыда көрсетілген міндеттермен қатар үкімет өзінің борыштарын белгіленген мерзімнен ерте өтеу және оларды жағымды шарттар бойынша қайта қаржыландыру мүмкіншіліктерін қарастыруға тиісті.

Үкіметтің қарыз алу саясатын макроэкономикалық саясат шеңберінде қарастыру қажет. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, негізгі экономикалық өзгермелі көрсеткіштер – әсіресе проценттік мөлшерлемелер мен валюталық бағам – реалдық экономикалық арақатынастарды айқындауына негізделетін экономилық саясатты жүргізетін және үкімет өзінің инвестициялық саясатын бюджеттік ресурстарды жұмылдыру мен ішкі жинақтарды өсіру шараларымен қуаттайтын елдерде борыштық мәселелер сирек туындайды.

Сыртқы борышты тиімді басқару 3 ерекше өзара байланысты процестерді кіріктіреді:

  1. Қаржыландырудың қолайлы түрін таңдау;
  2. Қарыз алудың мөлшері туралы шешім;
  3. Сыртқы борыш статистика жүйесін құру (мемлекет борышы туралы толық және уақытылы есептемесін енгізу).

Қарызгер – ел қаржы ресурстарының шектеулі жағдайында бар

болатын сырттай қаржыландыру көздері ең қолайлы қисындастыруын (комбинацию), яғни қаржыландыратын жеке жобалардың және елдің тұтас экономикасы талаптарына сай болатын қисындастыруын,с таңдауға тиісті. Бұнда жеңілдетілген несиетер тек ең кедей дамушы елдерге тиісті екенін ескеру қажет. Егер жеңілдетілген қаржыландыруды несиетің басқа түрлерімен (яғни экспорттық несиетер және халықаралық банктік несиетермен) қатар қолданса олардан максималды пайданы алуға мүмкін болады.

  Қаржылық нарықтарда алынатын несиетер тұтас экономика үшін және жеке жоба үшін қаржыландыру түрлерінің тиімді үйлесуін қамтамасыз ететін жалпы ұтымды қаржы пакетіне енгізілуге тиісті. Инвестициялық жоба деңгейіндегі ұтымдылықтық мәні келесіде:

  1. Жеңілдетілген несиетердің мүмкін болатын максималды үлесі немесе нарықтық шарттардағы қаржыландырудың минималды үлесі.
  2. Қайта қаржыландыру арқылы өтеу мерзімі оңай созылуы мүмкін қарыз ресурстарының максималыд үлесі.
  3. Жоба аяқталуға дейін, яғни ол қаржылық қайтарымды әкелуге дейін, борышқа қызмет көрсету бойынша төлемдерді минимализациялау.

Жалпы қаржылық пакет ұлттық қаржылық басымдылықтарға жауап

беруге тиісті. Бұл келесі тұстарды бағалауды талап етеді.:

  • Қаржыландыру көздері, олардың әрқайсысы қаржылық құралдардың қандай көлемін дәл қазіргі мерзімде және келешекте қамтамасыз ете алады;
  • Валюталық бағамдардың теңселуімен байланысты тәуекелділіктерді минимализациялауға қабілетті сыртқы қарыздардың валюталық құрылымы.;
  • Борышты төлеу мерзімінде проценттік мөлшерлемелердің өзгерістеріне байланысты тәуекелділіктер;
  • Қарыздарды тарту нәтижесінде пайда болатын жаңа берешектердің бұрынғы борышқа қызмет көрсету құрылымына жасайтын әсері;
  • Сыртқы қаржыландыру көздеріне келешекте қол жеткізу жалпы мүмкіншіліктері.

 

4. Халықаралық  есеп айырысу банкі

 

1. Халықаралық  қаржы институттарының пайда болу себептері. Халықаралық  қаржы институттарының  құрылу мақсаттары.

2. Халықаралық және валюта-несиелік институттардың түрлері. Халықаралық есеп айырысу банкінің құрылуы мен мақсаты.

3. Басқару құрылымы және капиталы. Халықаралық есеп айырысу банкінің негізгі қызметі.

 

1. Қазіргі кезде бүкіл әлемде саяси және экономикалық тұрақтылық пен әлеуметтік әлауқатты қамтамасыз ету мақсатында әрекет жасаушы халықаралық ұйымдардың саны бірнеше мыңға жетеді.

Халықаралық қаржы қатынастарының институционалдық құрылымы халықаралық байланыстар жүйесінде маңызды орын алушы сан алуан ұйымдарды кіріктіреді. Олар бүкіл әлем шеңберіндегі төтенше және дағдарыс жағдайларды шешуді тиімді шаралар ізденісі нәтижесінде құрылды. Осы институттардың пайда болуының бірнеше объективтік себептерін бөліп көрсетуге болады:

  • экономика, саясат, мәдениет салаларындағы бәсекелестіктің жаңа нысандарында көрініс алатын мемлекеттер арасында өзара тәуелділіктің күшеуі;
  • қаржылық қатынасты қосатын әлемдік шаруашылық байланыстарды мемлекетаралық реттеудің дамуы;
  • әлемдік валюта жүйесін, валюта, кредит, бағалы қағаздар, алтынның әлемдік нарықтарын қосатын әлемдік экономика тұрақсыздығы мәселелерін бірлесіп шешудің қажеттігі;
  • әлемдік экономика құрылымындағы іргелі өзгерістердің, капитал нарықтарының тездетілген дамуы және олардың бірігуге бағытталған тенденциясы әсерінен туындайтын макроэкономикалық қайта құру жалпы саясатын жүргізу.

Дамушы елдердің аймақтық банктері қалыптасуы келесі ерекше себептерін атап атап көрсету қажет: бұл елдердің саяси дербестіг жаулап алуы; халықаралық экономикалық қатынастардыолардың ролінің өсуі; ұлттық экономикалар мәселелерін шешу мақсаттарында аймақтық ынтымақтастыққа және экономикалық бірігуге  бағытталған тенденциясы.

Халықаралық қаржы институттары құрылуы келесі мақсаттармен байланысты:

  • халықаралық қаржы және әлемдік экономиканыңаса маңызды мәселелерін зерттеп олар бойынша шаралар қабылдау;
  • мемлекетаралық қаржылық және валюта-кредиттік реттеу саясатын жүзеге асыру;
  • әлемдік калюта-кредиттік қаржылық саясаттың стратегиясы мен тактикасын бірлесіп дайындау және үйлестіру;
  • валютаның тұрақталуын қамтамасыз ету;
  • сауда кедергілерді жою және мемлекеттер арасындағы кең айырбас жүргізуге көмектесу;
  • технологиялық және экономикалық прогресті дамыту мақсатында жеке капиталға қосымша капиталдарды іздестіру.

2. Мақсаттарға және әнбебаптылық дәрежесінде тәуелді халықаралық және валюта-кредиттік институттарын үш түрге бөледі:

1) қаржы-валюталық қатынастардың үздіксіз қызметін қамтамасыз ететін бүкіл әлемдік шаруашылықтың қарама-қайшы тұтастығын реттеуші ұйымдар;

2) елдер арасында ынтымақтастықты қалыптастыру, халықаралық таластарды қарау және олар жөнінде шешімдер шығару тетіктері;

3) көкейтесті қаржы және валюта-кредиттік мәселелер бойынша ақпаратты жинау, зерттеу және талдау, оларды жоюға арналған ұсыныстарды қамтамасыз етуші ұйымдар.

Халықаралық есеп айырысу банкі

Халықаралық есеп айырысу банкі (ХЕБ) 1930 жылы алты мемлекет (Белгия, Ұлыбритания, Германия, Италия, Франция, Жапония) арасындағы үкіметаралық келісімі және осы елдердің бұл Банкті өзінің аймағында Швейцариямен конвенция қабылдау негізінде құрылған. Ол халықаралық валюта-қаржылық ынтымақтастық арасында ең ұзақ уақыт әрекет етуші халықаралық ұйым болып табылады.

Бір жақтаны ХЕБ акционерлік компанияның құрылымына ие, басқа жағынан, ол қызметі халықаралық құқықпен реттелетін халықаралық ұйым түрінде құрылған және өзінің қызметін орындауға қажетті артықшылықтар және имунитеттерді қолданады. Банк швейцариялық федералдық кредиттік заңнамағада компаниялар туралы швейцариялық заңнаманың ережелерінеде бағынбайды.

Қазіргі кезде 41 ел осы Банкі мүшелері болып табылады.

Халықаралық есеп айырысу банкінің мақсаттары:

- орталық банктердің ыниымақтастығына көмектесу;

- халықарлық қаржылық операцияларды қолайлы шарттарын қамтамасыз ету;

- өзінің мүшелерінің халықаралық есеп айырысу жүргізуде сенімді тұлға немесе агент ролін орындау.

 

5. Халықаралық  валюталық қор

 

 1.  Дүниежүзілік валюталық жүйе эволюциясы. Валюталық қатынастарды реттеу. Валюталық саясат. Валюталық нарық.

2. Халықаралық  валюталық қор және олардың мақсаты. Басқару құрлымы. Халықаралық  валюталық қордың несиелік қызметі.

        

Валюталық жүйелердің даму  заңдылықтары ұдайы өндіріс белгілеріне  байланысты анықтала отырып,  ұлттық және  әлемдік  шаруашылықтың негізгі  даму кезеңдерін көрсетеді. Бұл белгілер дүниежүзілік валюталық жүйе  қағидаларынң әлемдік  шаруашылық  құрылымдарындағы  өзгерістермен сәйкес келмеген жағдайларда  туындайды. Соған байланысты  әлемдік валюталық  жүйенің  құлдырауы басталады. Дүниежүзілік валюталық жүйелердің дағдарысы тұсында  оның құрылымдық қағидаларының  әрекеті бұзылып, аяқ асты  валюталық қайшылықтар орын алды.

Дүниежүзілік валюталық жүйедегі  дағдарыс ескі жүйенің  бұзылып және оның орнына  валюталық  тұрақтылықты  қамтамасыз ететін жаңа жүйемен ауысуына әкеледі. Жаңа дүниежүзілік валюталық жүйені  құру үш басты кезеңде жүргізідеді:

І кезең- жаңа жүйенің қағидаларының қалыптасуы, алғышарттарының түзілуі, анықталуын қамтиды, мұнда бұрынғы жүйемен өзара  байланыс сақталады.

ІІ кезең-жаңа жүйенің қағидаларының құрылымдары толығымен аяқталып, біртіндеп іске қосылады.

ІІІ кезең-толық қызмет ететін жаңа дүниежүзілік жүйе құрылады.

 

5.Еуропалық валюталық жүйе (1979ж.)

Дүниежүзілік валюталық жүйенің мынандай  эволюциялары белгілі:

1.Париждің валюталық жүйесі (1867ж.)

2.Генуэз валюталық жүйе (1922ж.)

3.Бреттон-вудс валюталық жүйе (1944ж.)

4.Ямайск валюталық жүйесі (1976-1978жж.)

5.Еуропалық валюталық жүйе (1979ж.)

Бірінші дүниежүзілік валюталық жүйе стихиялы ХІХ ғасырда  өнеркәсіптік революциядан кейін алтын монета стандартты формасында, яғни алтын мономеаллизмі негізінде қалыптасты. Ол заңды түрде мемлекетаралық келісімшартпен 1867ж. Парих конференциясында  бектілді және осы конференцияда алтын әлемді ақшалардың бір ғана формасы ретінде ғана танылды, яғни  алтын ақшаның барлық қызметін бірдей атқарды.

           Валюталық жүйе- ұлттық заңдылықтармен немесе мемлекетаралық  келісім шарттармен бекітілетін  валюталық  қатынастарды  ұйымдастыру  және реттеу формасы. Валюталық жүйелер үш түрге бөлінеді:

Ұлттық валюталық жұйе

Дүниежүзілік валюталық жүйе

Аймақтық немесе мемлекетаралық валюталық жүйе

Тарихта ұлттық валюталық жүйе ең бірінші қалыптасқан.

Ұлттық валюталық жүйе- халықаралық төлем айналымын жүзеге асыратын, үдайы өндіріс процесіне қажетті валюталық ресурсты құрайтын және оны пайдалануға көмектесетін экономикаылқ қатынастар жиынтығын білдіреді.

  Ұлттық валюталық жүйе- елдің ақша жүйесінің бір бөлігі Оның еркешеліктері  елдің құрамдас экономикасының  және сыртқы экономикалық  байланыстардың даму дәресжесі мен жағдайына  байланысты анықталады. Ұлттық валюталық жүйе  дүниежүзілік  валюталық жүйемен тығыз байланысты.

Дүниежүзілік  валюталық жүйе ХІХ ғасыр ортасына таман құрылған. Дүниежүзілік валюталық жүйе- бұл халықаралық несие-қаржы институттары мен валюталық құралдардың қызмет етуін  қамтамасыз етеін  халықаралық келісім шарттар мен мемлекетаралық  құқықтық нормалар кешенін қамтиды. Дүниежүзілік валюталық  жүйелердің қызмет ету сипаты  мен тұрақтылығы  дүниежүзілік шаруашылықтың  құрылымдық  қағидаларының  сәйкес келуі дәрежесіне  және алдыңғы  қатарлы  елдердің  мүдделеріне байланысты  болып келеді. Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйелер арасындағы   байланыс пен айырмашылықтары  олардың негізгі элементтерінен көрінеді

 

6. Бүкіләлемдік банк тобы

 

1.                     Бүкіләлемдік банк тобы түсінігі. Банк қызметінің салалары. Негізгі міндеттері. Ағымдағы қызметтер бағыттары.

2.                     Бүкіләлемдік банктің басқару құрылымы. Банк ресурстарын қалыптастыру. Бүкіләлемдік банк тобының ұйымдары.

 

Бүкіләлемдік банк (ББ) – бұл 182 акционер  – мемлекеттерді біріктіруші үкіметаралық қаржы  – кредиттік ұйым, аса құатты әлемдік инвестициялық институт. ХВҚ мен бір уақытта құрылған. Алғашқы кезде ББ мүше елдердің жұмылдырылған қаражаттары және тартылған америкалық инвесторлардың капиталы көмегімен екінші әлемдік соғыстан кейін экономика күйзеліске ұшыраған батыс еуропа елдеріне жеке меншік инвестицияларды ынталандыруға арналған.

50 – ы жылдардың ортасында батыс еуропа елдерінің тұрақтануына және отаршылық жүйенің ыдырауына байланысты ББ өзінің қызметтерінің бағыттарын өзгертті. Жаңадан дербестікке ие болған елдерді нарықтық қатынастарды дамыту арқылы әлемдік шаруашылық жүйесі шеңберінде сақтап қалу ББ негізгі мақсатына айналды.

ББ жарғысына сәйкес оған мүшелікке тек ХВҚ мүшелері ие болады.

Банк қызметінің салаларына келесілер жатады.

  • Займдарды, гранттарды және техникалық көмекті ең алдымен экономикалық инфрақұрылымдық салаларында ұсыну;
  • кеңес – талдау және тренинг бойынша қызмет көрсету;
  • елге басқа халықаралық қаржылық көздерден инвестициялар келуін ынталандыру.

Негізгі міндеттері:

  1. әлем көлемінде капитал қозғалысын үйлестіру
  2. дамыған және дамушы елдер арасындағы саяси және экономикалық айырмашылықтарды жою
  3. әлемдік экономиканы тұрақтандыру
  4. жетекші интеллектуалдықретінде қызмет жүргізу

Ағымдағы қызметтер бағыты:

  1. кедейшілік деңгейін қысқарту стратегиясын дайындау
  2. еңбек ресурстар саласында қызмет жасау
  3. ұйымдық даму
  4. қоршаған ортаны қорғау
  5. қарыз мәселесін талқылау
  6. жеке меншік секторды дамыту

ББ қайыршылық күйді қысқарту және экономикалық өсуге ықпал етуші капитал салымдарын қаржыландыру мақсатында дамушы елдерге қарыздарды ұсынады. Берілген қаражаттар жолдарға және суландыру жүйелерге салынатын және ауыл шаруашылық білімдерді насихаттау және ауыл шаруашылық саласындағы жетістіктерді енгізу, оқытушыларды дайындау және балалармен мен жүкті әйелдерді тамақтандыру сапасын жақсарту бағдарламаларын жүзеге асыру сияқты қызметтерді іске асыруға қолданылады. ББ  кейбір қарыздары елдердің экономикалық тұрақтылықты және тиімділікті өсіруге, нарықтық экономикаға бағыттау мақсаттарында олардың экономикалық жүйесіндегі өзгерістерді қаржыландыруға арналады. Сонымен қатар елдер үкіметтеріне экономиканың жеке секторлары тиімділігін өсіруге және осы секторлардың ұлттық дамудағы мәнін күшейтуге көмектесу мақсатында ББ «техникалық көмекті немесе кеңестерін ұсынады.

.... АҚШ өкілі болатын атқарушы директор ұсынады. Бірақ ол атқарушы директорлар кеңесінде сайланады.

ББ президенті банкті күнделікті басқаруға және Директорлар кеңесі жалпы басшылықты жүргізгенде – Банктің ұйымдық құрылымына, қызметкерлерді тағайындау мен шығаруға жауап береді. Президент жеке салалардағы банк қызметкерлерінің қызметін бақылаушы үш басқарушы – директорлар көмегімен 100 астам елдерден  7100 астам қызметкерлер штатына қадағалау жүргізеді.

Банк ресурстарын қалыптастыру. Мүше – елдер акцияларға жазылу арқылы құрылған ББ жарғылық капталы алғашқы кезде 10 млрд. АҚШ доллардан асты. Банк қызметін дамушы елдердің ауқымды аймағына қайта бағыттау оның басшыларын кредиттік ресурстарды үнемі өсіруге мәжбүрледі. Нәтижесінде 90 жылдадың орасында Банктің жазылу капиталы  165 млрд. АҚШ долларға жетті.

Осылайша, ББ қазіргі кезде өзінің акционерлік капиталы мөлшері бойынша әлемнің ең ірі банкке айналды. Бірақ капталы күрт өсуіне қарамастан 80 – шы жылдарда төленген акциялардың үлесі мүшелердің арасында бөлінген акциялар сомасы 7% - ға дейін төмендеді. Жазылудың қалған бөлігін Банк тек онда (Банкте) өзінің міндеттемелерін шұғыл өтеуге ресурстары болмаған жағдай дана ғана талап етуге құқылы.

Дәл осы акциялардың басымды бөлігін ББ өзінің кредиттік операцияларын кеңейту мақсатында облигациялық зайымдарды шығару арқылы ең алдымен әлемдік қаржы нарығында едәуір көлемді қаражаттарды қарызға алу үшін кепілдік қоры ретінде қолданылады. Осылайша, Банк капиталдың өнеркәсіби дамыған елдерден дамушы елдерге экспортына олардың арасындағы делдалдық ролді орындап және жеке инвесторларды қосалқы кепілдікпен, яғни ББ және мүше елдер үкіметтерінің кепілдігімен қамтамасыз етіп әрекеттеседі.

 

7. Аймақтық қаржы – несиелік ұйымдар

 

  1. Аймақтық қаржы – несиелік ұйымдар  құрамы. Азиялық даму банкінің құрылуы. Азиялық даму банкінің мақсаттары мен міндеттері. Басқару құрылымы. Қаржыландыру көздері. Азиялық даму банкінің атқаратын қызметі.
  2. Америкааралық даму банкінің құрылуы мен міндеттері. Басқару құрылымы. Қаржыландыру көздері. Америкааралық даму банкінің атқаратын қызметі.
  3. Ислам даму банкінің құрылуы мен міндеттері. Басқару құрылымы. Ислам даму банкінің  мақсаттары. Банктің қаржылық ресурстары. Қызмет ету бағыттары. Еуропалық инвестициялық банкі. Еуропалық даму қоры.

 

Соңғы жылдарында ББ тобына маңызды бәсекелестікті көрсетуші аймақтық даму банктердің әрекеттері елеулі болып келе жатыр.

Азиялық Даму Банкі (АзДБ) 1963 жылы кейін Тынық мұхит және Азиялық елдері үшін экономикалық және әлеуметтік комиссиясы болып аталған Қиыр Шығыс және Азиялық елдері үшін экономикалық комиссияның қарамағында құрылды. Банкті құру жөніндегі келісімге 1965 жылы қол қойылған, бұл келісім 1966 жылы күшіне енді. Банк операцияларын 1966 жылы бастады.

АзДБ-ің мақсаттары:

  • Азия мен Қиыр Шығыс аймағындағы экономикалық өсу мен ынтымақтастыққа көмек көрсету;
  • кедейшілік деңгейін төмендету;
  • әйелдер жағдайын жақсарту;
  • халықтарды орналастыру (народонаселение) саласында жоспарлауды қоса алғанда (включая) еңбек ресурстарды дамыту;
  • табиғатты ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету.

АзДБ-ің міндеттері:

  • дамушы мүше-мемлекеттерді экономикалық және әлеуметтік прогреске жеткізу мақсатында займдарды ұсыну және меншікті қаражаттарды салу;
  • даму бағдармалар мен жобаларын дайындауда техникалық көмекті және сараптаушылардың қызмет көрсетулерін ұсыну;
  • даму мақсаттарында мемлекеттік және жеке меншік инвестицияларды ынталандыру;
  • даму жоспарлары мен мақсаттарын үйлестіруде көмек көрсету.

Қазіргі кезде АзДБ-ге мүше-елдер саны 56-ға жетті, олардың арасында 40 аймақтық, 16 аймақтық елдер емес.

Басқару құрылымы:

1.Басқарушылар Кеңесі.

2.Директорлар Кеңесі.

3.Президент

Қаржыландыру көздері. Қаржылық ресурстары әдеттегі жазылу (подписной) капиталды, резервтік капиталды және капитал нарықтарында қарыздану арқылы алынған қаражаттарды қамтитын кәдуілігі күрделі ресурстардан және жеңілдетілген кредиттеу мен техникалық көмек көрсету мақсаттарында құрылған, негізінде мүше-мемлекеттер жарналары есебінен қаржыландырылатын арнайы қорлардан тұрады.

Қызметі. Банк операциялары экономикалық дамудың барлық тұстарын қамтиды. Негізгі назар ауыл шаруашылыққа, энергетикаға, капитал нарығын дамытуға көлік пен коммуникацияларға және инфрақұрылымға бөлінеді.

Сонымен қатар АзДБ ресми, коммерциялық және экспорттық-импорттық ұйымдармен бірлесіп қаржыландыруды жүзеге асырады және меншікті қаражаттар салымдарын жүргізеді.

Америкааралық Даму Банкі (АДБ) 1959 жылы Латын Америка мен Кариб бассейнінде экономикалық және әлеуметтік дамуды жеделдетуге көмек көрсету мақсатында құрылған.

Міндеттері:

  • Латын Американы дамыту мақсатындағы мемлекеттік және жеке меншік капитал салымдарына көмек көрсету;
  • аймақтағы алдынғы кезектегі экономикалық және әлеуметтік жобаларды қаржыландыру мақсатында меншікті капиталды, ақша нарықтарында алынған қаражаттармен басқа қол жеткен ресурстарды пайдалану;
  • экономикалық дамуға ықпал етуші жобаларға жасалған жеке меншік күрделі салымдарды ынталандыру; жеке меншік капитал әдеттегі шарттармен қол жеткізбеген жағдайда жеке меншік күрделі салымдарды толықтыру;
  • мүше-елдермен олардың даму саясатын өздерінің ресурстарын пайдалану тиімділігін көтеруге бағыттау мақсатында бірін-бірі экономикалық тұрғыдан толықтыруын өсіруін және сыртқы сауданы кеңейтуді ынталандырып ынтымақтасу;
  • даму жоспарлармен жобаларды дайындау, қаржыландыру және іске асыруда техникалық көмекті қамтамасыз ету.

АДБ-ге мүшелері саны 48 барып, 28 аймақтық және 20 аймақтық емес мүшелерді қамтиды.

  1. Басқарушылар Кеңесі. Басқарушылар Кеңесінің Комитеті.
  2. Атқарушы-директорлар кеңесі.
  3. Әкімшілік, президент, департаменттер, елдер бөлімдері және өкілеттер.

 

8. Еуропалық қайта құру және даму банкі

 

1.          Еуропалық қайта құру және даму банкінің құрылуы. Еуропалық қайта құру және даму банкінің қызметтері. Басқару құрылымы.

2.          Еуропалық қайта құру және даму банкінің капиталы. Еуропалық қайта құру және даму банкті қаржыландыру.

 

Еуропалық  қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ) 1991 жылы Орта және Шығыс Еуропа және ТМД елдеріне әкімшілік – әміршілік жүйенің қирауға ұшырауынан кейін нарықтық экономиканы қалыптастыруға көмек көрсету мақсатында құрылған. Нарықта бағытталған экономикаға өту үрдісіне ықпалдаса отырып, банк жеке секторын қызметін, құрылымдық қайта құру мен жекешелендіруді тікелей қаржыландырады, және осы қызметтерді қолдаушы инфрақұрылымдарды қаржыландырады. Оның күрделі салымдары ұйымдық құрылымдарды құруға және нығайтуға көмек тигізеді.ЕКҚДБ қаржыландырудың  негізгі нысандарына кридиттер акционер капиталына салымдар және кепілдіктер жатады.

ЕҚҚДБ Лондонда орналасқан 60 мүшелері (58 елді, Еуропалық Одақты және Еуропалық инвестициялық банкті) қамтитын халықаралық ұйым болып табылады. Мүше – елдердің әр қайсысының өкілдері банк басқарушылар Кеңесі мен директорлар Кеңесіне қатысады.

ЕҚҚДБ қызметтері. ЕҚҚДБ  мүше – елдерге олардың экономикаларын әлемдік экономикадағы толық интеграциялау мақсатында демонополизация мен жекешелендіруді қосатын құрылымдық және салалық реформаларды жүргізуді келесі көмек көрсету арқылы қолдайды:

  • Өндірістік, бәсекеге қабілетті және жеке меншікті кәсіпкерлік қызметті (ең алдымен шағын және орта кәсіпорындарды) ұйымдастыруға, жаңартуға және кеңейтуге;
  • Ұлттық және шетел капиталды жұмылдыруға және тиімді басқаруға;
  • Бәсекелестік ортаны құру, оның тиімділігімен өмір сапасын көтеру және еңбек өнімділігін өсіру мақсаттарында өндірісті инвестициялауға;
  • Жобаларды дайындау, қаржыландыру және жүзеге асыруға техникалық көмек көрсетуге;
  • Капитал нарықтары дамуын ынталандыруға;
  • Өзіне бір елден астам реципиент – елдері қамтитын ірі және экономикалық негізделген жобаларды жүзеге асыруға;
  • Тұрақты экологиялық дамуға;

Басқару құрылымы. 1. ЕҚҚДБ әр бір мүшесі бір басқарушы және оның орынбасарымен өкілеттелген басқарушылар Кеңесі

2.ЕҚҚДБ  –  президенттің төрт жылға басқарушылар Кеңесі басқарушылардың жалпы санының қарапайым көпшілігі негізінде сайлады (қайта сайлануы мүмкін).

3.Директорлар кеңесі- бұл басты атқарушы орган .

4. Қоршаған орта сұрақтары жөнінде кеңес беруші Кеңес Орта және Шығыс Еуропаның және ЭЫДҰ- ге (ОЭСР) мүше елдерінің эколог- сараптаушыларынан, cондай-ақ Банктің ”экологиялық мандатына “ қатысты экологиялық саясат және стратнгиясы сұрақтары жөніндегі кеңесшілерден тұрады.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-10-03 12:35:27     Қаралды-3953

АРАБ ЖЫЛҚЫСЫ

...

Араб жылқысы - байырғы жылқы тұқымдарының бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРХЕОЛОГИЯ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

тарих ғылымының бір саласы, алғашқы қауымнан, көне заманнан, орта ғасырдан қалған заттай есқерткіштерді зерттеу арқылы адам қоғамының өткендегі тарихын анықтайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БЕЛБЕУ ТАСТАУ

...

Қазақтың ұлттық ойыны

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СОЛТҮСТІК МҰЗДЫ МҰХИТ

...

Жер шарындағы ең кіші мұхит

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САРЫАРҚА ҚАТПАРЛЫ АЙМАҒЫ

...

Сарыарқа қатпарлы аймағы - Азиядағы дербес ірі геологиялық құрылымдардың бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ЖЫЛДАМ ҚҰСТАР

...

Құстар - жердің ең жылдам тіршілік иелері, өйткені жануарлар әлемінің құрлық немесе суда жүзетін құстарының бірде-бір өкілі олармен жылдамдығымен салыстыра алмайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АУА

...

Жер атмосферасын құрайтын, негізінен азотпен оттектен тұратын газдар қоспасы. Ауа су мен жер қыртысының құрамында да болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІРЖАН - САРА АЙТЫСЫ

...

Біржан мен Сараның 1871 жылы қазіргі Талдықорган облысының Қапал - Ақсу өңірінде кездескендегі айтысы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІРЖАН-САРА ОПЕРАСЫ

...

Опера тұңғыш рет 1946 жылы 7 қазанда Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрында қойылды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »