UF

ДУЛАТ БАБАТАЙҰЛЫ

(1802-1874)

 

XIX ғасырдың көптеген ақындары қазақтың тәуелдiлiкке душар боп, қоныс қосымына ұшырағанын күйiне жырлады. жолынан шығып кеткен мекендерiне iштерi қазандайқайнап, жоқтау айтып, зар жылады. Патша өкiметiнiң  тырнағына iлiнген Сарыарқа, Едiл, Жайық, Есіл, Ертiс жер-суларының шұрайлы бойларынан айрылу жалпы халықтың да, ақындардың да шымбайына қатты баты. Солардың бiрi – Дулат Бабатайұлы.

Дулаттың өмiрi жөнiнде деректер өте аз. Туған, өлген жылы да әр түрлi аталып келедi. Бiр еңбектерде ол 1802-1874 деп, бiр еңбектерде 1802-1871 деп алынып жүр. Бiз лекцияда ақынның творчествосы қай жырлардың жемiсi, ақынның өлеңдерiнiң танылуы, басты тақырыптары, ашқан жаңалықтары жөнiнде сөз етемiз.

1880 жылы қазан қаласында «Өсиет нама» деген кiтап жарық көрдi. Асы кiтаптағы 800 жолдай мұра Дулат есiмiмен танылды.

С. Мұқанов пен Қ. Бекхожиндер Дулаттың кейбiр өлеңдерi мен өмiрбаяны туралы деректi алғаш жариялағандардың бiрi болды (1939).

Қ. Жұмалиев мектеп оқулығына Дулаттың өмiрi мен кейбiр шығармаларын енгiздi (1940-1941).

1957 жылдан бастап Х. Сүйiншәлиев осы салада зерттеулер жүргiзiп келедi.

Таланты ғалым Құлмат Өмiрәлиев Дулат ақынға берiлген сыңаржақ пiкiрдi дұрыстап, ақынның шығармашылығын зерттеудi тереңдеттi. («Қазақ поэзиясының жанры мен стилi» (1983),  Дулат Бабатайұлы. Замана сазы (1991).

Дулат Бабатайұлы әдебиетке, соның iшiнде поэзияға қоғамдық сипат берген ақын. Поэзияны өнер, құрал деп танып, оны айта бiлген ақын.

Туған өлкесiн, оның сұлу табиғатын сүйiп ардақтаған Дулат өзiн сонны қызғыштай қорыған құсына теңейді. Оны бiз ақынның «Бiрiншi сөз» өлеңiнен анық байқаймыз.

«Ата қоныс Арқада» өлеңiнде елi үшiн, туған жерi үшiн жанын пида еткен ерлердiң аянышты қазасын көз алдыңызға келтiредi. «әуелгi қазақ деген жұрт» өлеңi алғашқыөлеңмен тақырыптас. Туу кезеңi 40-жылдар. Елдiң қоныстан, жерiнен қысым кiргенiн бүкпесiз жырлайды ақын.

«Ақтан жас» өлеңiнде Дулат елдi бiрiктiретiн жас батырды армандайды. «О, Сарыарқа, Сарыарқа», «Тауды екi жарасың» өлеңдерi туған жердiң сұлу табиғатына арналған.

Дулаттың елiм деп, жерiм деп, халқым деп соққан жүрегi ел қорғаны боларлық ердiң батырлық тұлғасын жасаған поэма жазуға түрткi болды.  Онысы –«Еспембет» поэмасы.

Академик Қ. Жұмалиевтiң айтуынша, поэманың идеялың  мазмұны екi-ақ жолға сыйғызылған:

      Еспембеттей ер кайда?

      Ер күтетiн ел қайда?-деген тармақтары Дулаттың ел, ер туралы айтары жатқандығын көрсетедi.

Дастанның бас қаһарманы-жетiм бала Еспембет. Нағашысының қолында тәрбиеленiп, ер жетiп, ел қор¬аны болды. Ол ерлiк қимылдар үстiнде танылады. Елiнiң жауын жеңудi, дұшпанын мұқатуды армандайды. Дулат Еспембет ерлiгiн кейiнгiлерге үлгi етедi.

Дулат қазақ әдебиетiнде мысал жазғандардың алғашқысы. « Бiр патшаның бiр кезде» деп басталатын аңыз мысал өлеңiнiң тақырыбы дүниеқоңыздық, баққұмарлық. Дүниені қуа берсең, түбіне жетеді деген қорытынды шығарады.

«Шымшық пен бөдене» мысал өлеңiнде кiшiпейiл, адал бол деп насихат айтады Дулат. «Сары шымшықта» мақтанудан аулақ болуды меңзейді. «Шаштараз» деп аталатын мысал стилінде жазылған шығармасы сыр сақтай білу, сырға берік мінезді адам бойына қалыптастыруға тәрбиелейді.

 

 Пайдаланылатын әдебиеттер:

 

1.   Сүйiншәлиев Х. қазақ әдебиетiнiң тарихы. Алматы, 1997, 442-468-беттер.

2.   Дулат Бабатайұлы. Замана сазы. Алматы, 1991.

3.   Сыздықова Р. Дулатты танып болдық па? «қазақ әдебиетi» газетi №52, 25-желтоєсан, 1992.

4.   Өмiрәлиев Қ. қазақ поэзиясының жанры мен стилi. А., 1983.

5.   Тебегенов Т. әдебиет тарихы. А., 1999.

6.   Әдебиеттану терминдерiнiң сөздiгi. А., 1998.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-09-15 20:36:21     Қаралды-7944

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТЕЛЕДИДАР ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Қара және ақ түстің әртүрлі реңктерінен тұратын қозғалмалы бейне

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙДАН НЕ ЖАСАЛАДЫ?

...

Шикі мұнай іс жүзінде қолданылмайды. Ол тазартылады және өңделеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ ҚАЙДАН КЕЛДІ?

...

Бүгінгі таңда ғалымдардың көпшілігі мұнайдың биогендік шығу тегі деп есептейді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАРЫШТЫҚ ШАҢ ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛАДЫ?

...

Ғарыштық материяның барлық фрагменттері ғарыштық шаң деп аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »