UF

Тақырыбы: МЕНЗУЛАЛЫҚ ТҮСІРІС

 

1.       Мензулалық түсірістің мәні

2.       Мензуланың   құрылысы мен тексерулері

 

1.Мензулалық түсірістің мәні

 

Мензулалық түсіріс шағын учаскеде мензула мен кипрегельдің көмегімен атқарылады және тікелей далада топографиялық планды жасауға мүмкіндік береді. Түсірісті жасау жергілікті жердегі нүктелердің планшеттегі өзара орындарын графикалық түрде анықтауға негізделген. Нүктелерге дейінгі ара қашықтық өлшеуіш рейканың көмегімен өлшенеді, ал бұрышты графикалық түрде салады. Құрылыс салынған территорияны түсіргенде ара қашықтықты кипрегельдің объективіне бекітілген ара қашықтық өлшеуіш саптамамен өлшейді.

Мензулалық түсірістің артықшылығы оның көрнектілігі болып табылады, себебі түсіру процесі кезінде планды жергілікті жермен салыстыруға мүмкіндік туады, ал кемшілігі: жұмыстың негізгі бөлігі далада өтетіндіктен, қыста және жауын –шашынды күндері жұмыс істеуге мүмкіншілік болмайтындығы, жабдықтардың қолайсыз үлкендігі, істелетін жұмысты бөлудің қиыншылығы, себебі өлшеулер және планды сызуды тек қана бір орындаушы жасайды.

Мензулалық түсірісте түсіргі жүйесінің жиі болуы талап етіледі. Түсіргі жүйе жергілікті жердің жағдайына және түсірістің қажетті дәлдігіне байланысты графикалық немесе аналитикалық әдістерімен құрылуы мүмкін. Аналитикалық әдістерге қиылыстырулар, теодолиттік және тахеометриялық жүрістер, ал графикалық әдістерге геометриялық жүйе, қиылыстырулар, мензулалық және буссольдық жүрістер жатады. Ашық жерлерде жүйелерді құрады, ал жабық жерлерде жүрістер жүргізіледі. 1:5000 және одан ұсақ масштабпен алынған түсірістер үшін геометриялық жүйелерді құрғанда әрбір нүкте үш пунктен қиылыстырылуы керек, ал қиылыстыру бұрыштары 30º және 150º -тан артық болмауы тиіс. Қабырғалары 0,4 мм үшбұрыш қателіктеріне жол беруге болады. Трапецияда бастапқы пунктер 2-ден кем болмауы керек.

Түсіріс алдында планшетті дайындайды: ол үшін Дробышев сызғышының, штаненциркуль мен координатогарфтың көмегімен қабырғалары 10 см квадрат торкөздерге бөледі.

Түсіріс негіздеуін жиілендіру мензулалық жүрістермен: негізгі түсіргі және өтпелі нүктелермен атқарылады. Негізгі жүрістегі салыстырмалы қиыспаушылық жүрістің ұзындығының 1:300 –нан, ал пландағы ұзындық қиыспаушылық 0,8-1,5 мм-ден аспауы керек. Жүрісте болған қиыспаушылықты паралелль сызықтар әдісімен графикалық жолмен бөледі (жүрістің нүктелері арқылы қиыспаушылықтың бағытына параллель жүргізілген сызықтарға сәйкес пропорционал кескінділерді салады). Нүктелер арасындағы салыстырмалы биіктікті екі мәрте анықтайды олардың алшақтығы 100 м болған кезде қиыспаушылық 4 см –ден аспауы тиіс.

Өтпелі нүктелер, яғни геодезиялық жүйе пунктері түсіргі негіздеулер нүктелерінен және де қиылыстырулардан, сондай –ақ геодезиялық жүйе пунктерінің аралығындағы жармадан рулеткамен немесе болат лентамен өлшеу арқылы анықталады.

Әр түрлі масштабтағы түсірісте аспаптан рейкаға дейінгі ең үлкен қашықтық 150 – 350 м. ал план масштабындағы пикет аралығы 2 см болуы тиіс. Анық контурларды түсіргенде олардың пландағы бұрыштарын 0,4 мм дәлдікпен анықтайды, содан соң оларды сызықтармен қосады. Жолдарды түсіргенде пикеттерді бір жағынан алады да, жолдың енін өлшейді. Егер жолдың ені план масштабына салынатын болса, онда оның екінші жағын біріншісінен пареллель етіп салады, немесе жолдың ені масштабсыз түсірілетін болса, онда пикеттер осьтің бойына салынып шартты белгімен кескінделеді.

Жер бедерін түсіргенде суайрықтары мен тальвегтердің сызықтарын анықтайды: бұл үшін шыңдардың, беткей етегінің, алқап сағасының және басқа да сипатты нүктелердің биіктік белгілерін анықтайды. Планда горизонтальдарды жүргізуге қажетті пиктердің биіктіктерінен басқа плотинаның, бөгеттің, шлюздің, көпірдің, трубалардың, квартал бұрыштарының, үйінді мен қазба үстінің және етегінің, олардың, құдықтың, төбенің және т.с.с. биіктік белгілерін анықтау керек. Су деңгейінің төмендеуін 15 см сайын анықтап, күнін көрсетіп жазады. 5 –ке еселі горизонтальдарды қалыңдатып, беткейдің бағытын бергштрихтармен көрсетеді.

Түсіріс барысында биіктіктер мен контурлар калькасын жасап, оны тушьпен сызады. Түсірістің тесеруін далалық тексеру нәтижесінде жүргізеді. Тексеру пикеттерін биіктіктер мен контурлар калькасына қызыл тушьпен көрсетеі. Ситуацияны тексергенде табиғи жердегі өлшеген ара қашықтық планда анықталған шамасынан айырмашылығы план масштабында 0,8 мм –ден артық болмауы тиіс. Горизонталь орындарының биіктік айырмашылығы жер бедері қимасының 4/1 бөлігіне дейінгі биіктікте болуы тиіс.

 

2.Мензуланың   құрылысы мен тексерулері

 

         Мензула штативтен, тұғырықтан және мензулалық тақта –планшеттен тұрады. Тұғырық планшеті штативтен біріктіру қызметін атқарады және де планшетті центрлеуді, горизонтальдауды және бағдарлауды қамтамасыз етеді.

Мензуланы жұмыс жағдайына келтіру үшін деңгей аспабы, тіктеуіш бар центрлеу айыры және бағдар –буссоль қолданылады. Планшет жазықтығын горизонталь жағдайға келтіруге арналған цилиндерлік деңгей, әдетте кипрегельдің сызығына бекітіледі. Тіктеуіш бар центрлеу айыры планшетті жергілікті жердегі нүктенің үстіңгі центрлеу үшін қолданылады. Бағдарбуссоль планшетті жер шарына алғашқы бағдарлау үшін қолданылады.

Түсіру жұмыстарын бастамастан бұрын, алдымен мензуланы мынадай тексерулерден өткізу керек:

1. Мензула айтарлықтай орнықты болуы тиіс. Осы шарттың орындалуын тексеру үшін мензуланы орнатып, оның үстіне кипрегельді қойып, онымен жергілікті жердегі қандай да бір нүктені нысандайды да, кипрегель сызғышының кесілген қыры жағымен планшетте қарындашпен сызықты сызады. Осыдан кейін тақтаның бұрышын жай ғана саусақпен басады да, содан соң саусақты көтереді. Егер осы кезде кипрегельдің жіптер торының орталық нүктесі бұрынғы қалпына келетін болса, яғни нысаналанған заттан ауытқып кетпесе, онда бірінші шарттың орындалғаны.

2. Мензула планшетінің жоғарғы беті жазықтық болуы керек. Осы шарт арнаулы тексерілген сызғыштың көмегімен орындалады, бұл үшін сызғыштың қырын планшеттің үстінде әр бағытта басып ұстайды.

3. Планшеттің жоғарғы жазықтығы мензуланың айналу осіне перпендикуляр болуы тиіс. Осыны тексеру үшін планшеттің жоғарғы жазықтығын алдын ала тексерілген деңгей аспабы арқылы үш көтеру винттерінің көмегімен горизонталь жағдайға келтіреді. Осыдан кейін планшетті вертикаль осінің төңірегінде айналдырып, деңгей аспабының үлбіреуігінің орнына ауытқыған –ауытқымағанын қарайды. Егер үлбіреуік ауытқымаса, онда шарттың орындалғаны. Жоғарыда айтылған шарттарды қанағаттандымайтын мензула жөндеуден өтуі тиіс.               

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-09-09 22:06:33     Қаралды-4280

ГАЛАКТИКА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Ежелгі гректер бұл жұлдыздар шоғырын Галактика деп атаған, ол Құс жолы дегенді білдіреді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАЛАМ ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

20 ғасырдың бірінші ширегіне дейін Әлемнің өзгермейтін, тұрақты және мәңгілік нәрсе ретіндегі идеясы болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰХИТ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

...

Дүниежүзілік мұхиттар – гидросфераның негізгі бөлігі

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ҚУАТЫН КІМ АШТЫ?

...

Бенджамин Франклин есімді адам бірінші болып электр тоғының не екенін толық түсіндіруге тырысты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ВЕЛОСИПЕДТІ АЛҒАШ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Бұл скутер педальсыз велосипедке көбірек ұқсады...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОФЕНІ ҚАШАН ЖӘНЕ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Кофені кім және қашан ойлап тапқанын нақты айту мүмкін емес - бәрі аңыздан басталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ АЛҒАШҚЫ СМАРТФОН

...

Сенсорлық экраны бар ең алғашқы смартфон IBM Simon болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СІЗ АУАНЫ КӨРЕ АЛАСЫЗ БА?

...

Ауаның мөлдір, түссіз, иіссіз екенін бәрі біледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕҢ БИІК ТАУ ҚАЙ ЖЕРДЕ?

...

Планетамыздағы ең биік тау құрлықта емес, Тынық мұхитының түбінде тұр

ТОЛЫҒЫРАҚ »