UF

ТАҚЫРЫБЫ: ҚҰРЫЛЫС КОНСТРУКЦИЯСЫН МОНТАЖДАУ КЕЗІНДЕГІ ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР

 

1. Құрылыс конструкцияларын монтаждау кезінде геодезиялық жұмыстар.

2. Іргетастың бөлінуін  жобаға сәйкес құру.

 

1. Құрылыс конструкцияларын монтаждау кезінде геодезиялық жұмыстар

 

         Құрама темірбетон, бетон, металл немесе конструкцияларынан тұрғызылатын өндірістік және азаматтық құрылыстардағы монтаждық жұмыстардың өндірісі әртүрлі геодезиялық өлшеулерді орындаумен байланысты. Мұндай жағдайда конструкциялардың жинақтылығы, олардың индустриалды дайындалуы және монтаждаудың жылдамдатылған әдістері геодезиялық өлшеулердің дәлдігінен жоғары талаптар қояды. Конструкиялардың жобалық жағдайға дұрыс емес орнатылуы  осьтік эксцентриситеттердің пайда болуы мен түйіндер мен беттердің дұрыс бөлінбеуіне әкеп соғады, бұл ғимараттар мен құрылыстардың ұзаққа төзімділігі мен қасиеттеріне кері әсерін тигізеді.

         Құрылыс конструкцияларын монтаждау кезінде геодезиялық жұмыстардың негізгі түрлері болып мыналар табылады:1) жобадағы және іргетас биіктігі бойынша, жастықтар мен басқа да тіректерді геодезиялық бөлу.2) құрылыс конструкцияларын  жобалық жағдайға орнатылуын геодезиялық бақылау. 3) салынған  құрылыстың геометриялық өлшемдерін анықтау. 4) салынып жатқан ғимараттың деформациясын геодезиялық бақылау.

         Құрылыстардың әр түрлілігі мен оларды салудың шарттары геодезиялық өлшемдерді әр түрлі әдістермен орындауды қажет етеді. Бірақ оларды орындаудың принципиалдық схемасы құрылыс контрукцияларын монтаждау процесінде орындалатын геодезиялық жұмыстарда сақталады.

         Бөлшектік монтаждаудың геодезиялық негізгі ғимараттың барлық бөлшектерінің осьтерін құруда да, құрылыс конструкцияларын жобалық жағдайға орналастыруда да ғимараттың негізгі осьтері қызмет етеді. Монтаждық жұмыстардың қателігі ғимарат осьтерінің дәлдігіне негізделеді.

Монтаждық жұмыстарды орындау үшін ғимараттың келесі жұмысшы сызбаларын қолданады:   

1) ғимараттың негізгі осьтерінің жобасы.

2) іргетастың жобасы.

3) ғимараттың вертикаль кесінділері.

Ғимараттың негізгі осьтерінің жобасы құрылыс алаңындағы геодезиялық жұмыстарды орындаудағы негізгі құжат болып табылады. Жобада ғимараттың геодезиялық негіздің пункттеріне бойлау көрсетілген.

         Монтаждау жұмыстары басталар алдында геодезиялық негіздің биіктіктері мен координаттар жүйесімен танысу қажет. Әдетте, ғимараттардың биіктік бойынша орналасу абсолют биіктіктермен сипатталады.  Ғимарат бөліктерін биіктеп бөлу үшін шартты белгілер орнатады.

 

2. Іргетастың бөлінуін  жобаға сәйкес құру

Іргетастың бөлінуі жобаға сәйкес құрылған сызба бойынша жүргізіледі.

     Өндірістік кәсіпорындарды салу барысында жұмысшы сызбалар ретінде жабдық іргетасының жобасы қолданылады, онда станоктарды резервуарларды, т.б. жабдықты орнатуға арналған ұсақ іргетастардың орналасуы көрсетіледі.

     Жобада ғимарат элементтерінің өлшемдері осьтер бойынша көрсетілген. Жұмыстарды бастар алдында ғимараттың жалпы өлшемдерін есептеудің дұрыстығын тексеру қажет.

      Вертикальды кескіндер ғимараттың түрін, іргетастың орналасу тереңдігін, терезе мен есік ойықтарының биіктігін сипаттайды.

      Көп қабатты ғимараттарды салуда арнайы геодезиялық есептерді шешеді. Көп қабатты құрылыстар көп көлемді геодезиялық жұмыстармен сипатталады. Мысалы, биік ғимараттың каркасын монтаждауда геодезиялық тексеруді қажет етеді. Көп қабатты ғимараттарды салуда жобалық геодезиялық негіздің вертикальді өткізудің өзіндік әдістері жасап шығарылған. Мұндай есептерді шешу үшін геодезиялық құралдардың жаңа типтері қолданылады. 

Іргетастың дұрыс орналастырылуы оның бөліктерінің жобаға сәйкес болуы ғимараттың орнықтылығы және оның толық құрылымының салынуы тығыз байланысты. Геодезиялық қызметтің құрамының  дәлдігі салынатын іргетастың типімен анықталады. Іргетастық блоктарды құрастыру алдында олардың әp6ip жеке бөліктерінде ipreтac oсінің орнын сызып немесе керітіп белгілейді. Блоктарды бойлық остің бойымен салу үшін шеткі блоктардың белгісінен сым тартады. Сол сымның көлденең оспен қиылысқан жерден сымға ілінген салмақты зат түсіріліп сол жер белгіленеді. Қазаншұңқыр табаны арқылы бұрыштық блоктарды жылжытып, белгілердің оспен қиылысу орнын анықтайды.

Шетінде орналасқан блоктардың бұрыштары арқылы сым тартып,  оның бойымен аралық блоктарды орналастырады.

Блоктардың 6ip деңгейге  орналасуын геометриялық нивелирлеу арқылы тексереді. Содан кейін көлденең остің бойымен сым тартып, сол бағыттағы блоктарды орналастырады.

Егер құрылыс ұзындығы 50 м-ден асатын болса, блоктың остерін бөлуді теодолитпен орындайды. Ол үшін негізгі остің жиегіндегі тұстық белгісіне дүрбіні бағыттайды.  Сол кезде дүрбінің жіп   торының вертикаль сызығы остік белгімен 6ipre беттескенше    блокты  жылжытады.    Блоктардың    бipiншi қатарының тегістігі  нивелирмен тексеріледі.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-09-09 22:05:38     Қаралды-3992

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТЕЛЕДИДАР ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Қара және ақ түстің әртүрлі реңктерінен тұратын қозғалмалы бейне

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙДАН НЕ ЖАСАЛАДЫ?

...

Шикі мұнай іс жүзінде қолданылмайды. Ол тазартылады және өңделеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ ҚАЙДАН КЕЛДІ?

...

Бүгінгі таңда ғалымдардың көпшілігі мұнайдың биогендік шығу тегі деп есептейді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАРЫШТЫҚ ШАҢ ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛАДЫ?

...

Ғарыштық материяның барлық фрагменттері ғарыштық шаң деп аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »