UF

Тақырып. Палеонтроптар дәуірі адамзат қоғамы қалыптасуының соңғы сатысы

 

1. Неандертальдық адамның табылуы

2. Неандертальдық адамның морфологиялық типі

3. Палеолиттік еңбек құралдары және қалыптасып келе жатқан адамдардың тіршілігі

4. Алғашқы қауымдық адам табынының дамуындағы аң аулаудың ролі

 

1. Орта плейстоценнің аяғына және жоғары плейстоценге жаңа ғана сипатталып, жазылғандар мен адамның осы заманғы түрінің арасындағы аралық жағдайды алып жатқан формалар бар. Бұлар аса көп морфологиялық сан алуандығымен сипатталады және тіпті әр алуан түр ретінде талай рет сипатталып жазылды, Бірақ оларды неғұрлым мұқият зерттеу басқаша Германиядағы Дюссельдорф маңынан, алғаш табылған олжалардың аты бойынша неандертальдық адам деп аталған олардың бәрі бір түрге жататындығын көрсетеді,

Бұл олжа 1856 жылы табылған еді және питекантроптың олжасы көптеген күдіктер туғызған болатын. Бас сүйек патологиялық индивидуумға тиісті, деген тағы да пікірлер айтылды. Бірақ Гибралтар ауданынан табылған бас сүйектің типі бойынша осыған ұқсасты 1864 жылы сипаттап жазу патологияның екі қайтара кездейсоқ қайталануын күту қиын болғандықтан, патологиялық емес, қалыпты индивидуумдардың сүйек қалдықтары ғалымдардың қолында екендігін көрсетті. Кейініректе ересек неандертальдықтар мен неандертальдық балалардың қаңқа қалдықтары Англияда, Бельгияда, Германияда, Францияда, Испанияда, Италияда, Швейцарияда, Югославияда, Чехословакияда, Венгрияда, Қырымда, Африка материгінің түрлі аймақтарында, Орта Азияда, Палестинада, Иранда, Иракта, Қытайда, Явада табылып отыр. Бұл аймақтарда осы уақытқа дейін жаңа ашылулар табылып жатыр және жыл сайын жаңа олжалар табыла түсуде. Бұл қаңқалардың көпшілік бөлігі үңгір және сирегірек ашық тұрақтардың мәдени қабаттарынан табылған, бірақ бірқатар жағдайларда бұлар геологиялық және басқа да жер қазу жұмыстарында кездейсоқ табылып отыр.

2. Неандертальдықтардың морфологиялық типі ең көне гоминидтердің физикалық ерекшеліктеріне қарағанда әлде қайда көп жақсы жағынан мәлім. Сүйек тұрпаттарын зерттеу неандертальдыңтар орта бойлы және барлық жалпақтың көлемдері, сірә, осы заманғы адамның осындай көлемдерінен асып түсетін төтенше күшті құрылысты адамдар болғанын көрсетеді. Кек еттері бекітілген жердегі сүйектердің үстіндегі едәуір рельеф бұлшық еттерінің күшті дамығандығын көрсетеді. Неандертальдық өте оңтайлы да, тез жүретін жануарларды аулағандықтарына қарағанда, оның күші жылдамдығымен қосарланғаны көрінеді. Бірақ жылдамдық қасиеті, сірә, барлық мүшелеріне таралмаған болса керек. Мәселен, қол басының пропорциясы осы замандағылардікінен өзгеше еді, қол басының өзі дөрекілеу де ауырлау болатын, нәзік қозғалыстарға оның оралымдылығы мен қабілеті, сірә, шектеулі болса керек. Неандертальдықтар миының дамуы қазіргі заман адамдарының миына жақындап келеді. Оның көлемі түрлі формаларда 1200 см3-тен 600 см3-ке дейінгі аралықта ауытқыды. Сойымен кейбір неандертальдық формаларда, мидың көлемі орташа алғанда осы заманғы адамдікінен үлкен болған. Бірақ мидың құрылымы әлі тұрпайы болып қала берді. Атап айтқанда, мынадай бөлімі нашар дамыған болатын, бұларда ойлау функциясы үшін маңызды ассоциативтік орталықтар, сондай-ақ тежеу орталықтары шоғырланған еді. Басқа сөзбен айтқанда логикалық ойлау қабілеті неандертальдықтарда осы заманғы адаммен салыстырғанда шектеулі болды, ал оның мінез-құлқы неандерталь табынында, сірә, қанды соқтығыстарға жиі әкеп соғып отырған морт шамданғыштығымен сипатталатын. Сондай-ақ неандерталь формалардың бас сүйек құрылысында да көптеген маймылдық белгілер сақталғанды. Бас сүйек қорабының биігінде нашар дамығандығымен көзге түсетін, қас-қабақ үсті көбесі кейбір жағдайларда, тіпті ең көне гоминид бас сүйектеріндегі осындай түзілістерден аса түсіп, орасан үлкен көлемге жететін, иек шығындысы жоқ болатын немесе өте нашар білінетін. Неандерталь типінің жергілікті вариациялары туралы ұғым көптеген олжаларды зерттеуге сүйенеді, сөйтіп, нақтылы шындықты көрсететін болса керек. Ең алдымен, бір жағынан, европалық формалардың, екінші жағынан, африкалық және шығыс азиялықтардың ерекшеліктері туралы айталық. Соңғылары бірқатар арнайы морфологиялық белгілерімен, сондай-ақ ми көлемінің аздығы және бас сүйек қорабының үлкен бейімделгендігі арқылы көзге түседі. Бұл арада біз жергілікті емес сатылы айырмашылықтарға ұшырасып отырмыз, ал африкалық және азия неандертальдықтарының өзгешеліктері европалықтармен салыстырғанда, олардың көнелігімен түсіндіріледі, деп ойлауға болатын еді. Шынына келгенде, геологиялық жасы бойынша олар, сірә, тіпті европалық олжалардан жас болып шығады. Сонымен солтүстікпен салыстырғанда неандерталь типінің оңтүстік формалары дамуының қайсыбір арнаулы жолдары туралы, сірә, сөз болатын шығар. Бұл айырмаларда осы заманғы нәсілдердің айырмашылықтарымен параллелизмі байқалады.

Олжалар  арасында палестиналық олжалар ерекше орын алады. Арабша   «ешкі   үңгір»   деп   аталатын     «Мугарет-эс-Схул»     үңгірінде 1931—1932 жылдары ерекше морфологиялық  типті   бірнеше   қаңқалар   табылды. Олар басқа неандертальдық олжалар үшін де тән болып келетін археологиялық сайманмен  табылған   еді. Сондай-ақ геологиялық деректерде    палестиндік   олжалардың  европалық неандертальдықтар олжалармен бір   мезеттестігін  көрсететін еді. Алайда соңғылардан олар миының неғұрлым дамыған маңдай  бөлімдерімен,  неғұрлым биік бас сүйегімен   өзінің    құрылысы    жағынан осы   заманғы   адамның  қабақ  үстініне   жақын   келетін   кабақ   үсті көбесінің   аз   білінетіндігімен,   неғұрлым  дамып   жетілген   иек   шығындысымен бір сөзбен айтқанда белгілерінің барлық кешені бойынша осы заманғы адам типіне жақындауымен көзге түсетін.

Тіпті белгілердің мұндай комбинациясы неандерталь адамының осы заманғы адаммен араласуы нәтижесінде құралған деген болжаулар да айтылды. Алайда бұған морфологиялық та, археологиялық та деректер қайшы келеді. Зор ықтималдықпен, бұл жағдайда біз морфологиялық типті неандертальдық үшін тән болып келетін адамның осы заманғы түрі типіне іштей қайта құрылыс процесінің басталуымен ұшырасып отырмыз деуге болады.

Неандерталь типі тұрақты болып қала бермеді және едәуір эволюцияға ұшырады. Сөйтіп европа олжаларының арасында неғұрлым ертедегі және неғұрлым кейінгі кездегі екі топ бөлінеді. Ертедегі топ миының неғұрлым прогрессивті құрылысымен және осыған байланысты неғұрлым биік күмбезімен азырақ дамыған қабақ үсті көбесімен және жалпы алғанда белгілі бір дәрежеде осы заманғы адам типіне жақындата түсетін морфологиялық типінің прогрессивтігімен сипатталады. Адамдың типті белгілерінің шоғырлану дәрежесіне қарай, ол бұл жағынан оларға жол бергенімен палестиндік неандертальдықтарға жақындайтын еді. Кейінгі топ, керісінше, құрылысының тұрпайылығымен оқшауланады және көп белгілері жағынан ерте және орта плейстоценнің гоминидтерін еске түсіреді. Антропологиялық әдебиетте бұл топтар көбінесе Эрингсдорф топтары мен Шапелль топтары (ең типті олжалар табылған орынның атымең) неандертальдық деген атпен аталып жүр.

Гоминид семьялығының тарихында неандертальдық типтің орны қандай? Бұлардан бірқатар прогрессивті белгілері мен айырмашылығы болған ерте және орта плейстоценнің өте көне гоминидтері морфологиялық типтері негізінде оның қалыптасқаны айқын. Бірақ осы заманғы адамзаттың антропологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуында осы типтің қатысуы туралы ұғым ұзақ жылдар бойына өте қатты қарсылықтар тудырып келді. Неандертальдық тип Ноmо тегінің келесі эволюциясында із қалдырған дамудағы тұйық ретінде қаралып келді. Алайда, мұндай көзқарас неандертальдық пен Homo sapiens арасындағы морфологиялық сабақтастықты ескермеді, сондай-ақ төменде, біздің көзіміз жететіндей, неандерталь адамының мәдениеті негізінде жоғарғы палеолит мәдениеті қалыптасқандығы туралы дәлелдейтін археологиялық деректерді түгелдей елемеді. Осы фактілерге сүйене отырып көптеген антропологтар адамның осы заманғы түрінің дамуында неандерталь фазасының теориясын қорғайды. Осы теорияға сәйкес неандертальдық адам осы заманғының ата-тегі болып саналады, ал соңғының морфологиялық типі неандерталь типінің қайта құрылуы нәтижесінде қалыптасты. Айта кету керек, адам дамуындағы неандерталь сатысын негіздеуде 1939 жылы жасалған Өзбекстандағы (Тешик-Таш үңгіріндегі) неандертальдық олжа зор роль атқарды. Осы олжа табылғанға дейін археологиялық жағынан нашар зерттелген Орта және Орталық Азия территориясы, неандертальдық шыққан тегіне қарамастан, оны жақтаушылардың еңбектерінде осы заманғы адамның арғы отаны ретінде жиі айтылып келді.

3. Неандертальдық типпен 100—40 мың жылдықта деп шамаланатын палеолиттік мәдениеттің дамуында мустьерлік кезең (Францияның оңтүстік Батысындағы Дор-донь департаментіндегі Ле мустье үңгірі бойынша аталған) синхронды келеді. Көптеген мустьер тұрақтарының сайманында тасты екі жақты өңдеу дәстүрі сақталған. Мәселен, Қырымның көптеген тұрақтарында формасы жағынан шелль және ашелль соққыштарын еске түсіретін, бірақ одан анағұрлым кішкене, ықшамды болып келетін екі жақты өңделген соққыштар көптеген мөлшерде табылды. Жалпы алғанда мустьер дәуіріндегі тас индустрияның формалары мұның алдындағы уақыттан гөрі сан алуандығы анағұрлым көбірек болып келеді. Қырғыш пен өткір ұштылар басымдық жағдай алады.

Ашелль дәуірінің соққы беретін ретушь тәсілі мустьер дәуірінде одан әрі дами түсті — қарымта соққы беретін ретуші ойланып табылды. Жаңа тәсілдің мәні мынада еді: өңделетін қаруды тас немесе сүйек тұғырға (төске) салады да, оны ағаш соққышпен соққылайтын. Төске құрал арқылы берілген соққы құралға қайта оралатын да төске қаратылған оның өңделетін бөлігінен шақпақ қабыршағы ұшып шығатын.

Қырғыш тілетін деп аталатын бір шетінен ғана өңделетін де, сірә, ол терілер мен сүйектерді ғана қырғыштауға арналса керек. Өткір ұштық екі жағынан өңделіп, соққы беретін және тілетін аспап ретінде пайдаланылады. Мұнда оның таяққа бекітілуі өте-мөте ықтимал, осылай етіліп найза тәрізді бір қару болып шығатын, не қысқа сапқа байланатын да, пышақ сияқты қолданылатын. Егер бұл болжам дұрыс болып шығатын болса, бұл енді құранды қарулар пайда болды деген сөз еді. Кейінгі мустьер тұрақтарында қарулардың бұл типтері түрліше өңделген, ұзартылған пластиналармен толықтырыла түсті. Бұл арада біз енді жоғарғы палеолиттік техниканың туғанын көріп отырмыз.

Аң аулау неандертальдықтарға сүйек оймыштары үшін мол материал берді. Ұсақ үшкірленген қарулар жасап шығару үшін сүйектерді пайдалану басталды. Айта кетсек, жасанды жолмен от табу әдістерін игерген неандерталь адамы үшін отты кеңінен пайдалану тән болып келеді. Бұл сүйектерді жиыстыруды оңайлатып, ынталы ете түсті, осы жағдайда көптеген мөлшерде ұсақ сынықтар пайда болды. Бұлардың қайсыбір шаруашылық қажеттеріне қолданылуы да ықтимал.

Неандерталь адамының мәдениеті мен техникасы Европа территориясында, әсіресе, жақсы зерттелген, мұнда олардың қанша болса да айтарлықтай жергілікті айырмашылықтары атап көрсетілмеген. Ең ықтималды жағдай, құралдар формаларындағы, оларды дайындау техникасындағы орын алған шағын вариациялар уақыт ішіндегі өзгерістерді көрсетеді және арғы немесе кейінгі ежелгі мустьер тұрақтары өзінің шығуымен борышты. Мустьер дәуірінің бастауы Европада әлі жылы да құрғақ климат болып тұрған уақытқа жатады, бірақ климаттың нашарлауы бірте-бірте болады да мустьер дәуірінің адамдары өз тарихының кейінгі кезеңінде (неандертальдықтар) мұзды дәуірдің қатаң климаттың жағдайларында өмір сүреді, мамонттардың, жүндес мүйіз тұмсықтардың, солтүстік бұғылардың замандастары болады.

Азия мен Африкадағы мустьер дәуірі едәуір нашар зерттелген. Азия мен Африка территориясында Европаның мустьер ескерткіштеріне сайман типологиясы жағынан соққыштары және өткір ұштылары бар мустьер дәуірінен едәуір айырымды сан-алуан мәдениетіне сай келсе керек. Ерте және орта плейстоцен үшін тән болып келетін ерте палеолиттік техника дамуы жолдарының сан-алуандығы мустьер дәуірінде толық бір ыңғайлылықпен ауыса қойды ма екен. Бірақ европалық мустьерге синхронды африкалық және азиялық мәдениеттерінің толық сипаттамасы әзірге мүмкін емес.

4. Ең көне және көне заман адамдары шаруашылықтарының екі саласы — жинап-терімшілік пе немесе аң аулау ма, қайсысы олардың өмірінің негізі болғанын айта қою қиын. Сірә, түрлі тарихи дәуірде, түрлі маусымдарда, түрлі географиялық жағдайларда олардың ара қатынасы бірдей болмаса керек. Алайда, нақ аңшылық алғашқы қауымдық адам ұжымының дамуын көп жағынан анықтаған шаруашылықтың неғұрлым прогрессивті саласы болғаны даусыз.

Қандай да болсын аймақтың фаунасына қарай аулау объектілері түрлі хайуанаттар болған. Тропиктік аймақтарда бұл гиппопотамдар, тапирлер, бөкендер, жабайы бұқалар т. б. болды. Шелль және ашелль тұрақтарында табылған хайуанат сүйектерінің арасында кейде, тіпті, піл сияқты ірі жануарлардың сүйектері де кездеседі. Солтүстікке таманғы аудандарда жылқыларды, бұғыларды, қабандарды, зубрларды аулады, кейде жыртқыштарды да, үңгір аюлары мен арыстандарды өлтіріп, олардың еттерін де тамақ етті. Таулы аудандарда неандертальдықтардың аң аулау ісінде, мәселен, тау ешкілерін аулау басым роль атқарды, бұл жоғарыда атап өткен Тешик-Таш үңгіріндегі олжалардан-ақ көрінеді. Ауланған аңның мөлшері жайында тұрақтарда табылған сүйектерді негізіне белгілі бір дережеде есептеу арқылы айтуға болады. Бұлардың көпшілігіндегі мәдени қабатта жүздеген, кейде тіпті мыңдаған хайуанаттардың қалдықтары болады. Еске алынып та өткен Чжоу-Коудяньдағы мекен-жайлармен қатар сол сияқты ашелль заманының үлкен тұрақтары Испаниядағы Терральба тұрағында және Италиядағы Обсерватория үңгірінде ашылды. Бұлардың біріншісінен, мәселен, басқа жануарларды есептемегенде, 30-дан астам пілдің сүйек қалдықтары табылған. Рас, бұл тұрақтар ұзақ уақыт бойына мекенделіп келген, бірақ осыған қарамастан, сірә, аң аулау олардың өмірінде аз маңызға ие болмағанды.

Ірі аңдарды, әсіресе, олардың ішінен табын болып жүретіндерін аулауды иіру әдісінсіз көз алдыға келтіру қиын. Ол ірі хайуандарды тікелей өлтіруі үшін ашелль аңшыларының қаруы тым әлсіз болды. Әрине, мұндай жағдайлар сөзсіз болған, бірақ оларды ерекше жағдай ретінде алып қарауға болмайды, оның үстіне көбінесе аң аулау кезінде табыннан қалып қойған ауру және алсіз жануарларды өлтіре алған. Әдетке сай, өте ежелгі заман адамдары ірі сүт қоректілерді өлтіруге иіріп аулағанда ғана батылы бара алған. Сірә, оларды шулап, ют шашып, тас лақтырып үркіткен болар, әрі көптеген тұрақтардың орын жайы көрсететіндей терең сайға немесе үлкен жарға айдап тығатын болған. Жануарлар құлап түсіп мертігетін, сөйтіп адамға тек оларды соғып алу ғана қалатын. Міне, сондықтан да нақ аң аулау, әрі ең алдымен, ірі жануарларды аулау алғашқы тұрмыстық адам табынының ұйымшылдығын бәрінен көп ынталандырған еңбек қызметінің формасы болды, еңбек процесінде оның мүшелерін бұрынғыдан тығызырақ топтасуға мәжбүр етті де, оларға ұжымдасу күшін көрсетті.

Мұнымен бірге аң аулау еттік тамақ алудың ең ірі көзі болды. Алғашқы тұрмыстық адамдар жануар текті тамақты тек сүт қоректілерді аулаудан ғана алмағандығы түсінікті: бұл кейініректе анағұрлым едәуір дамыған адам қоғамдарында практикалантандай олар құрт-құмырысқаларды ұстады, қосмекенділерді, бауырымен жорғалаушыларды, ұсақ кеміргіштерді өлтірді. Бірақ ірі жануарларды аулау бұл жағынан алғанда едәуір үлкен мүмкіндіктерді берді. Сонымен бірге адам организмі үшін аса маңызды заттары — белоктар, майлар мен көмірсулары бар еттер, әсіресе, оны отта қақтаудан кейін тек құнарлы тамақ қана болып қойған жоқ, сондай-ақ алғашқы тұрмыс адамының бойының өсуін тездетіп, тіршілік қызметін арттырды. Бұл жағдайды адам эволюциясының ертедегі сатыларында етті тағамды биологиялық прогрестің аса маңызды стимулы болған.

 

Әдебиеттер:

 

1. Першиц А., Монгаит А., Алексеев В. - Алғашқы қоғам тарихы. А, 1974.

2. Першиц А., Алексеев В. - История первобытного общества. М., 1990.

3. Всемирная история в 24-х томах. Авторский коллектив. Бадак А.Н.

и другие. Минск-М., 2000  т. 1. Каменный век.

4. Першиц А., Алексеев В. - История первобытного общества. М, 2004.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-09-08 16:38:57     Қаралды-4524

20 ҒАСЫРДЫҢ НЕГІЗГІ ӨНЕРТАБЫСТАРЫ

...

20 ғасырдың негізгі өнертабыстары, оларсыз қазіргі адам өмір сүре алмайды

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САМАУЫРДЫҢ ІШІНЕ ҚАҚ ТҰРСА

...

Cамауырдың ішіне қақ тұрса

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШАШ КҮТІМІ

...

Адамның шашы бірде түсіп, бірде шығып дегендей, ұдайы алмасып отырады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ӘЛЕМ ТУРАЛЫ СІЗ БІЛМЕГЕН 15 КЕРЕМЕТ ФАКТ

...

Біздің әлем - шексіз жұмбақ. Күн сайын сіз ол туралы көптеген жаңа нәрселерді біле аласыз!

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТАРКТИДА ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Мұз құрлығының ресми ашылған күні 1820 жылдың 28 қаңтары болып есептеледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЫЛҚЫ АТЫМЕН АТАЛАҒАН SNICKERS ШОКОЛАД БАТОНЧИК

...

Snickers - жастар арасында ең танымал батончик

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕР ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Бұл мақалада біздің жер туралы қызықты деректер талқыланады

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЯҚ КИІМГЕ ДЕ КҮТІМ КЕРЕК

...

Әдетте, адамның екі аяғы бірдей бола бермейді. Көбіне оң аяқ сол аяқтан гөрі үлкенірек келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮДЕРІ БҰЙЫМДАРДЫ ТАЗАЛАУ

...

Күдерден тігілген бұйымдарды қалай тазалауға болатын тәсіл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »