UF

Теңіз омыртқасыздары- Онихофоралар, Қармалауыштылар, Тікентерілілер, Погонофорлар, Қылтанақжақтылар, Жартылайхордалылар типтері.

 

Тікентерілілердің қазіргі заманда 6000-ға жуық түрлері бар.Тікентерілілер        екіншіауыздыларға        жататын        жануарлар. Эмбриональдық даму кезінде тікентерілілердің ауыз тесігі ұрық денесінің алдыңғы   бөлігіндегі   эктодерманың   майысуынан   пайда   болады.   Ал бластопор аналь тесігіне айналады немесе бітеліп кетеді.    Тікентерілілер ертеден келе жатқан жануарлар. Олар жоғары ұйымдасқан целомды жануарлар    болғанымен,    денелері    сәулелі симметриялы.  Тікентерілілердің ауыз тесігі орналасқан бөлігі оральді, ал аналь тесігі орналасқан бөлік-аборальді полюс деп аталады. Көпшілік  тікентерілілер   ауыз   тесігімен   төмен   қараған, оральді  жағымен жорғалайды

Тікентерілілерге 5 сәулелі симметрия тән. Ішекқуыстылардың сәулелі симметриясы алғашқы реттік (бастапқы) болып табылады. Себебі, олардың ата-тегінде екі жақты симметрия болмаған. Тікентерілілер денесінің сәулесі симметриясы кейін (екінші ретте) пайда болған. Олар екі жақты симметриялы жануарлардан шыққан. Оны тікентерілілер дернәсілінің екі жақты симметриялы денесінен байқаймыз.

Қазіргі заманғы тікентерілілердің ішіндегі ең ертеден келе жатқан түрі -теңіз лалагүлі. Кейбір теңіз лалагүлдерінен басқалары белсенді қозғалып тіршілік етеді. Теңіз лалагүлдерінің планктонды дернәсілдері теңіз түбінде отырықшы тіршілік етуге ертеден субстратқа бекінеді

 

 

 

        Алғашқы ауыздылардың дене жабыны бір қабатты эпителийден және оның туындысы-кутикуладан тұратын болса. барлық тікентерілілердің денесі екі қабатты теріден тұрады: Эктодермадан пайда болған бір қабатты кірпікшелі эпителийден және оның астында жатқан мезодермадан дамитын, кутис деп аталатын дәнекер ұлпалы қабаттан тұрады. Тікентерілілерге мезодермадан дамитын ізбесті қаңға тән. Ол ішкі қаңқа қызметін атқарады. Ізбесті қаңқа кейде ізбесті пластинкалардан, кейде тұтас панцирден, кейде көптеген ізбесті инелерден тұрады. Инелер ірі болғандықтан сыртқа шығып тұрады. Типтің аты соған байланысты қойылған.

Ал голотурийлердің қаңқасы ірі пластинка түзбейді. Денесінің сырты эпидермиспен қапталады  да, оның астындағы жақсы дамыған дәнекер ұлпасында ұсақ ізбесті пластинкалар орналасады. Олардың пішіндері керемет болып келеді.

Ізбесті пластинкалар ішкі қаңқа қызметін атқарса, ізбесті инелер жауынан қорғану және қозғалу қызметтерін атқарады.

Көптеген тікентерілілердің (теңіз кірпісі, теңіз жұлдызы) кейбір инелері ерекше тістеуікке немесе шымшуырға айналған.

Олар педицеллярийлер деп аталады да бірнеше қызметтерді атқарады: тазалық-инелер арасына тұрып қалған бөгде заттар мен жануардың экскременттерін алып тастайды; қорғаныштық және жемтігін ұстау, көпшілік педицеллярийлер улы болып келеді.  Тікентерілілер   денесі   целом қуысының   ұрықтық   жапырақшаларынан   дамыған   бірнеше   қуыстар жүйесінен    тұрады:    дененің    нағыз    қуысы-кірпікшелі    эпителиймен астарланған, целом сұйықтығына толы қуыс; амбұлякляральді-тек қана кеңтерілілерге ғана тән суға толы каналдары бар қуыс псевдогемальді немесе жалған қанайналым қуысы-амбұлякральді каналдардың шетін орналасқан жеке, тұйық қуыстар жүйесі. Псевдогемальді қуыстың қустары целомнан пайда болған және онда дене сұйықтығына ұқсас сұйықтықпен толы.

Жіктелуі. Тікентерілілер типі 5 кластан тұрады: 1. Теңіз жұлдыздары
 2. Жылан құйрықтылар немесе Офиуралар 3.Теңіз кірпілері; 4.Голотуриилер; 5.Теңіз лалагүлдері                                    

Тікентерілілер теңіз, мұхит жануарлары. Әсіресе, жылы. тұзды суларда көп кездеседі.

Погонофоралар типі Роgоnорһоrа Погонофоралар-теңіздің терең жерлерінде (3000-10000 м) ұзын қорғаныштық түтіктің ішінде тіршілік ететін жануарлар. Тек кейбіреулері ғана (7 түрі) өзендерде кездеседі.

Бұл типтің алғашқы өкілі 1914 жылы ғана сипатталып жазылды. Бірақ, оның систаматикалық орны 1925 жылға дейін белгісіз болып келді. Ол уақытта погонофоралардың 3 түрі ғана табылған.

Погонофоралар планктонды ағзалар мен өсімдік шірінділермен қоректенеді. Қармалауштарының кірпікшелі клеткаларының қозғалысы арқылы ас түйіршігін қармалауыш аралық кеңістікке айдайды да, астың қорытылуы мен сіңірілуі сол жерде жүреді. Сонда пиннулалар ішек бүрлерінің қызметін атқарады.

Погонофоралар - жоғары ұйымдасқан жануарлар. Денесі метамерлі. Алғашқы екі сегментте бір целом қапшығы, ал кейінгі ұш сегментте жұп целом қапшықтары болады. Қан айналу жүйесі тұйық. Жүректері жақсы дамыған және дененің құрсақ жағында орналасқан Қандарында оған қызыл түс беріп тұратын гемоглобині бар.

Тыныс алуы қармалауышаралық кеңістікте жүреді. Себебі, онда үнемі су алмасып отырады.

Зәр шығаруы целомдукты мүшелері арқылы іске асырылып, дененің бірінші сегментінде сыртқа ашылады.

Жүйке жүйесі қарапайым - беттік жүйке торлары бірігіп, бас миы мен арқа жүйке тізбегін құрайды.

Эмбриональды дамуы барлық екінші ауыздыларға тән жолмен жүреді. Погонофоралар қорғаныштық түтікте тіршілік етуге бейімделгендіктен, олар ішектерден түгелдей айырылған. Ас қорыту қызметін қармалауштары атқарады.

Онихофоралар типі Опусһорһога. Онихофоралар — тропикада ғана тіршілік ететін азғантай (70 түрге жуық) жануарлар тобы. Оңтүстік Африкада тіршілік етуші қап перипатусы (Регіраіорsіs сареnsis) ғана жақсы зерттелген. Олар көбіне жасырын өмір сүреді: тастардың астында, ағаш қабықтарының астында, сызда, ылғалды жерлерде, шіріген жапырақтар астында т.б.

Онихофоралар — денесі сегменттерден (14-44) тұратын құрт тәрізді жануарлар (15 см дейін жетеді). Бірінші сегменттер айқын білінбейтін бас бөлігін құрайды, ал қалған сегменттері гомономды болып, тұлға құрайды.

Перипатустың басында кішілеу көздері, бір жұп сақиналы мұртшалары бар. Бастың астыңғы жағында емізшелермен қоршалған ауызы орналасқан. Ауыздың ішінде жақтың қызметін атқаратын бір жұп хитинді пластинка орналасып шайнау қызметін атқарады.

Бас бөлігінің екі бүйірінде бір жұп қысқа емізікшелер орналасады. Олар 3-сегменттің түрі өзгерген аяқтары болып табылады. Олардың түбінде шырышты тері бездері болады да, олардың секреттері әлсіз тітіркендіргіштің өзінен 10-15см-ге шашылады.

Осылайша, онихофоралардың бас бөлігі акроннан және үш сегменттен тұрады.

Онихофоралардың тұлға аяқтары өте қарапайым. Олар — бунақталмаған конус тәрізді дене қабырғасының өсіндісі. Оның ұшында кішкене табаны бар және жұп хитинді тырнақпен аяқталады.

Онихофоралардың ішкі құрылысы аннелидаларға да, буынаяқтыларға да ұқсайды. Онихофораларда нағыз тері-бұлшық ет қапшығы бар. Ол жұқа хитинді жабынмен жабылған.

Онихофоралардың дене қуысы буынаяқтылардағы тәрізді аралас қуыс немесе миксоцепь.

Тыныс  алу  мүшелері  — трахеялар.  Дене  жабынында  болатын. Көптеген шункьірларда ұсақ тыныс тесіістері — стигмалар орналасқан. Олар қысқа тутікке, одан бутақталмаған жіңішке трахея шоғырына жалғасады.    

Трахея шоғырлары бір-бірімен баиланыспаи, өрқаисысы жеке тыныс мүшесі ретінде жұмыс істеіаді.

Онихофоралардың жүйке жүйесі өте қарапайым. Ол жұтқыншақүсті ганглиядан, жұткыншақмаңы коннекгивтерден және құрсақ жүйке бағанынан тұрады.

Онихофоралар - дара жыныстылар. Олардың әналықтары ұрпағын тірідей туады. Дамуы метаморфозсыз, тікелей.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Дәуітбаева К. Омыртқасыздар зоологиясы.Алматы, 2004ж.

2. Догель В.А. Зоология безпозвоночных. М.1989г.

3. Натали В.В. Зоология безпозвоночных. М.Просвещение.

4. Шарова И.Х. Зоология безпозвоночных.М.2004г.

5. Дүйсебаев А. Омыртқасыздар зоологиясының практикумы. Алматы,1976ж.

6. Есембекова Г.Б. Омыртқасыздар зоологиясы  пәні бойынша лабораториялық сабақтардың әдістемелік  нұсқауы. Шымкент, ЮКГУ, 2006ж.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-09-05 20:24:01     Қаралды-3103

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТЕЛЕДИДАР ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Қара және ақ түстің әртүрлі реңктерінен тұратын қозғалмалы бейне

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙДАН НЕ ЖАСАЛАДЫ?

...

Шикі мұнай іс жүзінде қолданылмайды. Ол тазартылады және өңделеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ ҚАЙДАН КЕЛДІ?

...

Бүгінгі таңда ғалымдардың көпшілігі мұнайдың биогендік шығу тегі деп есептейді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАРЫШТЫҚ ШАҢ ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛАДЫ?

...

Ғарыштық материяның барлық фрагменттері ғарыштық шаң деп аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БӨЛШЕКТЕР ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Алдымен бұлар «жай бөлшектер» деп аталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕ ЖҮЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ ЦИРК ҚАШАН ЖӘНЕ ҚАЙ ЖЕРДЕ АШЫЛДЫ?

...

Қазіргі кездегі заманауи цирктің әкесі - ағылшын кавалеристі аға сержант Филип Астли

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЕТРО ҚАЙ ЖЕРДЕ ЖӘНЕ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Метро - теміржол көлігінің бір түрі, оның жолдары көшелерден алшақ, көбінесе жер асты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »