UF

Ашық жақтылар немесе нағыз насекомдар класс тармағы. Шала және толық  түрленіп дамитын насекомдар.

 

Төменгі сатыдағы бунақденелілерде жұмыртқадан ересек түріне ұқсас ағза пайда болады. тек дене мөлшері ғана кіші болады. Мұндай дамуды тікелей деп атайды. Ал кейбір бунақденелілерде жұмыртқадан шыққан особтың кейбір мүшелері дамып жетілмеген. Олар бірте-бірте ересек түріне ұқсайды. Мұндай дамуды анаморфоэ деп атайды.

Қанатты бунақденелілер түрі өзгерістер арқылы немесе метаморфоз жолымен дамиды. Оның екі түрі бар: толық түрленіп даму; шала түрленіп   даму.

1-   Бунақденелілердің   шала   түрленіп   дамуы.   Мұндай  түрмен ит      бунакденелілер өте кеп: саранчалар, шегірткелер,  клоптар, термигтер,     т.б.     Бұлардың     барлығында     жұмыртқадан     ересек денеліге ұқсас ұрпақ шығады. Ерекшелігі дене мөлшерінде, жыныс делерінің   дамымағандығында   және   қанаттарының   жоқтығында. Жаттықтыру алғашқы (түлеу процестерінің бірінде пайда бола бастайды. іспейі  мүшелер бірте-бірте дамып жетіледі.

Демек, шала түрленіп дамитын бунақденелілердің тіршілік циклі үш кезеңнен тұрады: жұмыртқа, дернәсіл және имаго. Мұндай бунақденелілердің дернәсілдерін нимфа деп атайды да егер дернәсіл суда тіршілік ететін болса, оларды хандалар деп атайды.

Дернәсілдердің суда тіршілік ететін түрлерінде, тіршілік жағдайына байланысты провизорлық (уақытша) мүшелер пайда болады, Олар ересек түріне көшкенде жойылып кетеді. Ондай мүшелерге — трахеялық желбезектер, ауыз аппаратының ұстағыш мүшесі, т.б. көктемнің соңы мен жаздың бастапқы мезгілдерінде инеліктің судағы дернәсілінде уақытша мүшелер имаголық мүшелерге алмаса бастайды. Ол кезде бұл дернәсілдер қимылсыз су түбінде жатады. Өзгерістер толығымен аяқталғанда олар судың жағасына шығып, шөптерде жабысып отырады да, соңғы рет түлеп, қанатты ересек имагоға айналады. Будан кейін инеліктер түлемейді. Шала түрленіп дамуға жататын себебі, бұл бунақденелілерде қуыршақ сатысы жоқ.

2. Бунақденелілердің толық түрленіп дамуы. Постамбриональдық дамудың көп тараған түрі болып табылатын Мұндай метаморфоз түрі голометабопа деп аталады. Ол қоңыз, бүрге, көбелек, шыбын, маса, ара, құмырсқа, т.б. тән. Толық түрленіп даму 4 даму фазасынан тұрады: жұмыртқа, дернәсіл, қуыршақ және имаго. Толық түрленіп даму кезіндегі, дернәсілдер имагодан айқын ажыратылады: қанаттары, фасетті көздері болмайды, дернәсілдерінің денесі гомономды сегменттелген, пішіндері құрт тәрізді. Дернәсілдері ересек түрлеріне қарағанда басқаша жағдайда тіршілік етеді, қоректік заттары да өзгеше. Сол себепті біршама провизорлық мүшелері пайда болады. Мысалы, көбелектің жұлдыз құрты.

Көбелек дернәсілі құрттәрізді, құрсақ, бөлігінде 5 жұп бунақталмаған аяқтары бар, ауыз аппараты кеміргіш. Денесінің сырты ересек көбелек сияқты қабыршақпен қапталмаған, тері өсінділері мен түктері бар. Жұлдыз құрттардың көбінесе сақтандырғыш реңдері немесе бүркегіш реңдері болады.

Ішкі мүшелерінде де дернәсілдің имагодан көп айырмашылығы бар: тоқыма бездері бар. ішектерінің құрылысы имагодан бөлекше, құрсақ жүйке тізбегінде түйіндер саны көп.

Бунакденелілердің дернәсілдік даму сатысы олардың өмірінің көп бөлігін алады. Дернәсіп фазасында олар қарқынды қоректеніп, өседі және 4-5, кейде одан да көп рет түлейді.

Қуыршақ сатысы - қоректенбейтін, қозғалмайтын фаза. Тек маса қуыршағы ғана қозғалады. Қозғалмағандықтан олар әртүрлі әдістермен қорғалады. Олар көзге түспейтін жерлерде орналасады немесе бүркегіш реңге ие болады. Сонымен бірге олар пілдеге оралады.

Жабынның қуыршағы сыртынан қатты қабықпен қоршалады. Бунақденелілер қуыршақтары екі түрлі болады:

-    бос қуыршақ - олардың бас, көкірек аяқтары, қанаттары денеге жабысып тұрғанымен тез ажыратылады және олар желімделіп мүлдем

катып қалмаған (қоңыз, бүрге, жарғақ қанаттылар қуыршақтары).

- жабық қуыршақ - дененің барлық бөліктері хитиннің ерекше қабатымен қапталған.

Даму барысында сыртқы ерекшеліктерден бөлек, ішкі құрылыстарында түбегейлі өзгерістер жүреді. Яғни, дернәсілдің Ішкі мүшелері толығымен жойылып, ересек бунақденелінің ішкі мүшелері жасалады: гистолиз - ұлпа жасалу, гистогенез — мүшелер жасалу процестері жүреді.

Кейбір бунақденелілерде толық түрленіп даму бір емес бірнеше дернәсілдік сатыдан өту арқылы күрделенуі мүмкін. Қызылбасты шпанкалар 3 түрлі дернәсілдік фазаны басынан кешіріп барып, қуыршаққа айналады. Мұны гиперморфоз немесе шектен асқан митаморфоз деп атайды. Қазіргі уақытта бұл метаморфоз және түлеу процестері гемолифаға бөлінетін ерекше гормондармен реттеледі деп есептеледі. Бас мидан нейросекреторлық гормон белініп, дернәсілдің өсіп-өнуін реттейді. Алдыңғы көкірек бездері эндизон гормонын бөледі. Ол түлеуді және жыныс гонадаларының дамуын күшейтеді. Ювенильді гормон дернәсілдік мүшелердің өсуін қамтамасыз етіп, ересек особьтың метаморфозға ұшырауына кедергі жасайды. Метаморфоздың имаголық сатысы көбіне дернәсілдік сатыдан қысқа Ересек форманың мәңызы - жануардың көбеюіне, таралуына мүмкіндік береді. Ал шаянтәрізділер мен былқылдақ денелілерде керісінше дернәсілдік сатысы таралуға мүмкіндік береді де, ересек кезеңінде жануар аз қимыл жасап, өсу, қоректену метаморфоздан кейін жүреді.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Дәуітбаева К. Омыртқасыздар зоологиясы.Алматы, 2004ж.

2. Догель В.А. Зоология безпозвоночных. М.1989г.

3. Натали В.В. Зоология безпозвоночных. М.Просвещение.

4. Шарова И.Х. Зоология безпозвоночных.М.2004г.

5. Дүйсебаев А. Омыртқасыздар зоологиясының практикумы. Алматы,1976ж.

6.Есембекова Г.Б. Омыртқасыздар зоологиясы  пәні бойынша лабораториялық сабақтардың әдістемелік  нұсқауы. Шымкент, ЮКГУ, 2006ж.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-09-05 20:23:00     Қаралды-6029

20 ҒАСЫРДЫҢ НЕГІЗГІ ӨНЕРТАБЫСТАРЫ

...

20 ғасырдың негізгі өнертабыстары, оларсыз қазіргі адам өмір сүре алмайды

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САМАУЫРДЫҢ ІШІНЕ ҚАҚ ТҰРСА

...

Cамауырдың ішіне қақ тұрса

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШАШ КҮТІМІ

...

Адамның шашы бірде түсіп, бірде шығып дегендей, ұдайы алмасып отырады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ӘЛЕМ ТУРАЛЫ СІЗ БІЛМЕГЕН 15 КЕРЕМЕТ ФАКТ

...

Біздің әлем - шексіз жұмбақ. Күн сайын сіз ол туралы көптеген жаңа нәрселерді біле аласыз!

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТАРКТИДА ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Мұз құрлығының ресми ашылған күні 1820 жылдың 28 қаңтары болып есептеледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЫЛҚЫ АТЫМЕН АТАЛАҒАН SNICKERS ШОКОЛАД БАТОНЧИК

...

Snickers - жастар арасында ең танымал батончик

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕР ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Бұл мақалада біздің жер туралы қызықты деректер талқыланады

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЯҚ КИІМГЕ ДЕ КҮТІМ КЕРЕК

...

Әдетте, адамның екі аяғы бірдей бола бермейді. Көбіне оң аяқ сол аяқтан гөрі үлкенірек келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮДЕРІ БҰЙЫМДАРДЫ ТАЗАЛАУ

...

Күдерден тігілген бұйымдарды қалай тазалауға болатын тәсіл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »