UF

Кеңірдек тыныстылар тип тармағы. Көпаяқтылар мен насекомдар кластары.

 

Кеңірдек тыныстылардың барлығы құрылық жануарлары.

Су қоймасында тгршілік ететін кейбір түрлері (бунақденелілердің арасында кездеседі) екінші ретте, кейіннен суға бейімделген. Тип тармағы екі кластан тұрады: 1. Көпаяқтылар (Мугіарогіа); 2. Бунақденелілер (Іпзесіа). Екі класс өкілдерінде де тыныс алу мүшесі ретінде кеңірдек қыэмет атқарады. Кеңірдек тыныстыларда бір жұп мұртша болады. Сол себепті оларды Аіеіосегаіа - "Мұртшалары толық еместер" деп атаған. Көпаяқтылар мен бунақ денелілердің бас бөлігі дене сегменттерінен айқын бөлінген. Басы акрон және төрт сегменттің бірігуінен тұрады: 1. интеркалярлы; 2. мандибұлярлы; 3. бірінші максиллярлы; 4. екінші максиллярлы.

Көпаяқтылар - кеңірдекті буынаяқтылардың ішіндегі ең ежелгі қарапайым жануарлар. Оған дәлел болатын белгілері - дене сегменттерінің гомономдылығы, олардың көкірек және құрсақ бөліктеріне бөлінбеуі. Ал бунақденелілердің жоғарғы сатыдағы буынаяқтыларға жатуы - денелері гетерономды сепиенттелген және үш бөлімнен тұрады: бас, көкірек, құрсақ.

       Көпаяқтылар 10500-ге жуық түрді біріктіріп отырған нағыз кұрылық жануарлары. Көпшілігі оңтүстік белдеулер мен тропикалық аймақтарда кездеседі.

Көпаяқтылардың барлығы ылғалды жерлерде (орман шалғыны, бастың асты. топырақ, шіріген ағаш т.б.) тіршілік етеді, себебі оларда құрғап кетуден сақтайтын сыртқы әпикутикула қабаты жоқ. Дене мөлшерлері 2мм-ден 28 см-ге дейін жетеді.

Көпаяқтылар денесі көптеген гонономды сегменттерден тұрады. Әр түлеген сайын бұл жануарларда жаңа сегмент пайда болып отырады, бұл процесс аноморфоз деп аталады.

Көпаяқтылардың денесі бас және тұлға бөлімшелерінен тұрады. Бас бөлігінде бір жұп мұртша және 3 жұп аяқтары болады.

Бунақденелілер класы  жалпы сипаттама Бунақденелілер - қазіргі заманғы фаунадағы ең үлкен класс. Олардың 750000-ға жуық түрлері белгілі.

Бунақденелілер құрылықтың барлық жерлеріне таралып, бейімделген.

Бунақденелілер - буынаяқтылардың ішіндегі ең жоғары ұйымдасқан жануарлар. Оларды екі топқа бөледі: ертеден келе жатқан қарапайым жануарлар (алғашқы қанатсыздар және қанаттылардан — инелік, поденкалар, т.б.) және жоғарғы сатыдағы бунақденелілер (көбелек, қоңыздар, қосқанаттылар, қатқылқанаттылар).

Бунақденелілер 34 отрядтан тұрады. Дене бөліктері.  Бунакденелілер денесі 3 бөлімнен тұрады: бас(серһаіоп), көкірек ( Іnогах) және құрсақ (abiотеn). Бас бөлігі бірігіп кеткен 4 сегменттен тұрады. Көкірегі барлық уақытта 3 сегменттен тұрады. Ал құрсақтары әр түрлі сегменттерден тұруы мүмкін, көбінесе 9-10 (толықсаны 11 өте қарапайымдарында 12).

Акронда бунақденелілердің жай және фасетті көздері. мұртшалары орналасады. Бастың бірінші сепменті рудиментке айналып кеткен, онда ешқандай өсімді болмайды. Ол сегмент интеркалярлы деп аталады. Келесі 3 сегментте түрі өзгеріп, ауыз аппаратының бөліктеріне айналған аяқтары бар.

Бунақденелілердің мұртшасы маңызды мүше болып саналады, онда сипап-сезу және иіс сезу мүшелері орналасқан. Олар бунақты және пішіндері әртүрлі: жіп тәрізді. Түйреуіш тәрізді, ұршық тәрізді, ара тәрізді, қауырсың тәрізді, айдарлы, пластинкалы. т.б. Мұртшаның пішіні маңызды систематикалық белгі болып табылады.

Бунақденелілердің қорегінің сипатына қарай ауыз аппараттары да әртүрлі болады. Ден әсілі мен ересек түрінің өзінде екі түрлі қоректі пайдаланғандықтан ауыз аппараттары ұқсас емес.

Кеміргіш ауыз аппараты қатты қоректік затты пайдаланатын бунақденелілерде болады: көбелектің дернәсілі. коңыздар, шегірткелер, т.б. Олардың ауыз аппараты хитинді бір жоғарғы еріннен, жоғарғы      -   мандибұладан   (тісті   пластинка),   жұп   төменгі тардан — бірінші максилпадан (жұп төменгі ерін мен екінші максилпалардың бірігуінен пайда бопған) тұрады

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Дәуітбаева К. Омыртқасыздар зоологиясы.Алматы, 2004ж.

2. Догель В.А. Зоология безпозвоночных. М.1989г.

3. Шарова И.Х. Зоология безпозвоночных.М.2004г.

4.Есембекова Г.Б. Омыртқасыздар зоологиясы  пәні бойынша лабораториялық сабақтардың әдістемелік  нұсқауы. Шымкент, ЮКГУ, 2006ж.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-09-05 20:21:15     Қаралды-3391

20 ҒАСЫРДЫҢ НЕГІЗГІ ӨНЕРТАБЫСТАРЫ

...

20 ғасырдың негізгі өнертабыстары, оларсыз қазіргі адам өмір сүре алмайды

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САМАУЫРДЫҢ ІШІНЕ ҚАҚ ТҰРСА

...

Cамауырдың ішіне қақ тұрса

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШАШ КҮТІМІ

...

Адамның шашы бірде түсіп, бірде шығып дегендей, ұдайы алмасып отырады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ӘЛЕМ ТУРАЛЫ СІЗ БІЛМЕГЕН 15 КЕРЕМЕТ ФАКТ

...

Біздің әлем - шексіз жұмбақ. Күн сайын сіз ол туралы көптеген жаңа нәрселерді біле аласыз!

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТАРКТИДА ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Мұз құрлығының ресми ашылған күні 1820 жылдың 28 қаңтары болып есептеледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЫЛҚЫ АТЫМЕН АТАЛАҒАН SNICKERS ШОКОЛАД БАТОНЧИК

...

Snickers - жастар арасында ең танымал батончик

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕР ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Бұл мақалада біздің жер туралы қызықты деректер талқыланады

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЯҚ КИІМГЕ ДЕ КҮТІМ КЕРЕК

...

Әдетте, адамның екі аяғы бірдей бола бермейді. Көбіне оң аяқ сол аяқтан гөрі үлкенірек келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮДЕРІ БҰЙЫМДАРДЫ ТАЗАЛАУ

...

Күдерден тігілген бұйымдарды қалай тазалауға болатын тәсіл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »