UF

Буынаяқтылар типі. Желбезек тыныстылар тип тармағы. Шаянтәрізділер класы, желбезек аяқтылар класс тармағы. Жақаяқтылар класс тармағы.

 

Буынаяқтылар жер бетіндегі жануарлардың ішіндегі түрі жағынан да, саны жағынан да ең көп таралған жануарлар. Жер фаунасында барлығы 1103000-нан астам түр бар десек, соның 80%-і, яғни 850000-нан астамы буынаяқтылар. Салыстыратын болсақ, буынаяқтылардан кейінгі екінші орында тұрған былқылдақ денелілердің саны 128000-дай, ал омыртқалы жануарлар типінің 41700-ге жуық түрі бар.

Омыртқасыз жануарлардың ішінде буынаяқтылар жоғары ұйымдасқан және түрлері өте алуан.

Типтің өкілдері барлық тірі тіршілік бар жерлерде кездеседі: теңіз, мұхит, тущы су, топырақ, батпақ, құрылық, ауа т.б,

 Денелері түгел хитинді кутикуламен қапталған. Кутикула тері эпителийінен (гиподерма) бөлініп шығады. Ол өте қалың, панцирлі болып келеді (шаян тәрізділерде, қоңызда, т.б.) немесе өте жұқа нәзік болуы мүмкін (маса, шыбын, т.б.).

Хитинді жабын 3 қабаттан тұрады: базальды жарғақ, гиподерма және суды бұландырмайтын липопротеинді.

Хитин қатты және созылмайды. Сол себепті буынаяқтылар өсетін кезде түлейді: сыртқы хитинді қабат киім сияқты шешіліп қалады да, нәзік кутикулалы жануар 1-2 тәулік ішінде өсіп, кутикула қайта қатаяды.

 Буынаяқтылардың аяқтары қозғалмалы буындардан тұрады. Аяқтарының буынды болуы қатты қаңқасының болуына байланысты. Аяқтарының негізгі қызметі - қозғалу және сипап сезу.

Буынаяқтылар 4 тип тармағына бөлінеді:

1. Желбезектыныстылар (Вгапсһіаtа); 2. Трилобиттер (ТгіІоЬіtа);

3. Хелицерлілер (Сеlісегаtа); 4. Кеңірдек тыныстылар (Тгасһеatа)

Желбезектыныстылар тип тармағы-Вгапсһіаtа

Бұл тип тармағының бір ғана класы бар: шаянтәрізділер {Сгustасеа). Қазіргі заманғы фаунада түрге өте бай класс. Ең басты белгілері екі жұп мұртшаларының болуы: антеннулалар және антенналар.

Шаян тәрізділер класының 35000-нан астам түрлері бар. Теңіз және тұщы су жануарлары. Олардың планктондық, отырықшы, еркін жүзіп жүретін теңіз түбін мекендейтін, құрылық және паразит түрлерін ажыратуға болады.

Шаян тәрізділердің дене мүшелері миллиметрге жетпейтін шамадан 80 см-ге дейін барады. Планктондық шаян тәрізділер киттер мен балықтардың қоректік асы, ал басқа түрлері адамдарға азық болады.

         Шаянтәрізділер денесі 3 бөлімнен тұрады: бас (серһаlоп), көкірек (tогах) және құрсақ (аЬdоmеп). Бас белігі акроннан және үш сегменттің бірігуінен тұрады. Онда бес жұп өсінді бар:  антеннулалар, антенналар, мандибула, максилла І, максилла ІІ. Бастың алдыңғы бөлігі, яғни акрон мен антенналық сегменттің бірігуінен протоцефалон түзіледі. Барлық  сегменттерінің қосылуынан (мандибұла, максилла I, максилла II) - гнатоцефалон түзіледі. Бұл бөлік көкіректің алғашқы бірнеше сегменттерімен бірігеді де  көкірек - гнатоторакс түзеді.

Көптеген шаян тәрізділерде бастың бөлігін жауып тұратын қалқаны
көкірек бөлігін, кейде бүкіл денесін жабатын есінді түзеді, оны баскөкірек
қалқаны - қарапакс деп атайды. Көкірек сегменттерінің барлығында аяқтары бар. Ал құрсақ сегменттері бір-бірімен қозғалмалы байланысқан. Тек жоғарғы сатыдағы шаян тәрізділердің құрсақ сегменттерінде аяқтары бар. Басқа шаянтәрізділерде жойылған. Құрсақ сегменттері тельсонмен аяқталады.

Шаянтәрізділердің кездері екі түрлі: жай немесе науплиальді көз; күрделі немесе фасетті көз.

 Шаянтәрізділер класы 4 класс тармағынан тұрады:

1. Желбезекаяқтылар (Вгапсһіороdа);

2.Жақаяқтылар (МахіІІороdа);

3. Бақалшақтылар (Оstrakoda);

4. Жоғарғы сатыдағы шаянтәрізділер (Маlocostraca).

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Дәуітбаева К. Омыртқасыздар зоологиясы.Алматы, 2004ж.

2. Догель В.А. Зоология безпозвоночных. М.1989г.

3. Натали В.В. Зоология безпозвоночных. М.Просвещение.

4. Шарова И.Х. Зоология безпозвоночных.М.2004г.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-09-05 20:16:57     Қаралды-6045

ГАЛАКТИКА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Ежелгі гректер бұл жұлдыздар шоғырын Галактика деп атаған, ол Құс жолы дегенді білдіреді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАЛАМ ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

20 ғасырдың бірінші ширегіне дейін Әлемнің өзгермейтін, тұрақты және мәңгілік нәрсе ретіндегі идеясы болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰХИТ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

...

Дүниежүзілік мұхиттар – гидросфераның негізгі бөлігі

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ҚУАТЫН КІМ АШТЫ?

...

Бенджамин Франклин есімді адам бірінші болып электр тоғының не екенін толық түсіндіруге тырысты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ВЕЛОСИПЕДТІ АЛҒАШ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Бұл скутер педальсыз велосипедке көбірек ұқсады...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОФЕНІ ҚАШАН ЖӘНЕ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Кофені кім және қашан ойлап тапқанын нақты айту мүмкін емес - бәрі аңыздан басталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ АЛҒАШҚЫ СМАРТФОН

...

Сенсорлық экраны бар ең алғашқы смартфон IBM Simon болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СІЗ АУАНЫ КӨРЕ АЛАСЫЗ БА?

...

Ауаның мөлдір, түссіз, иіссіз екенін бәрі біледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕҢ БИІК ТАУ ҚАЙ ЖЕРДЕ?

...

Планетамыздағы ең биік тау құрлықта емес, Тынық мұхитының түбінде тұр

ТОЛЫҒЫРАҚ »