UF
Загрузка...

«Кітапханалық қор» 

Кіріспе

 

Кітапхана ісінің болашақ мамандары бүгінгі күн талаптарына сай кітапхана қорының әдістемесін, олардың қалыптасу тарихын, ҚР қорлар жүйесін құжаттардың сандық және сапалық сипаттамасын білуге машықтануы тиіс. Ол үшін бірінші кезекте кітапхана қорын ұйымдастыруға, жұмыс жүргізе білуге жан- жақты хабардар болғаны жөн. Пәннің «Кітапханатану» мен «Библиографиятану», «Кітапхана ісінің тарихы», «АСОД» және басқа да жалпы ғылыми мен арнайы пәндерімен байланысы. Пәннің көлемі мен құрылысы. Ұсынылатын әдебиеттер.

 

1. Кітапхана қоры кітапхананың жүйе бөлігі.

 

«Кітапхана» жүйесіндегі кітапхана қорының орны туралы пікірлер мен көзқарастар эволюциясы. Кітапхана қоры терминінің пайда болуы.Кітапхана жүйесінде кітапхана қорының тура және кері байланыстары. Қордың әлеуметтік функциялары: сыртқыжүйелік және ішкіжүйелік

 2. Кітапхана қорының жүйе ретіндегі негізгі компоненттері.

Құжат түсінігі. Құжаттың пайда болуы оның формаларының әртүрлілігі, баспа шығармасы, кітап түсініктерімен байланыстары. Құжаттар қор құрастырушы элемент ретінде. Кітапхана қорының байланыстары: генетикалық, өзара толықтыру, даму, қайта құру, әрекеттестік. Кітапхана   қорының  құрлымы: мазмұны  бойынша,  құжаттардың түрлері    бойынша,    кітапханалар    мен жүйелер бөліктер арасындағы байланыстары бойынша. Қорды тұтынушылардың белгілері (жасы, қор пайдалану дәрежесі және т.б.)  кітапхананы тұтас алғандағы белгілері (оның құрлымы, мақсаты және т.б.).

 3. Кітапхана қоры құжаттық қорлар жүйесінде.

Құжаттық коммуникациялар жүйесінің жалпы мінездемесі. Қоғамдағы негізгі құжат шығарушылар: кітап баспалары, газет журналдар редакциялары, типографиялар, редакциялық-баспа бөлімдері бар мекемелер, ұйымдар, акционерлік қоғамдар, кино-фото құжаттар мен қазіргі ақпарат таратушыларды көбейтетіндер (электрондық ғылыми басылымдар) құжаттық қордың мәні. Қасиеттер: ақпараттық тығыздық жүйелік мінезі, дамудың ішкі динамикасы, сенімділік. Құжаттық қордың функциялары: технологиялық және әлеуметтік.

 4. Кітапхана қорын қалыптастырудың негіздері.

Кітапхана қорын қалыптастырудың (КҚҚ) негіздері. Кітапхана қорын қалыптастыру: мәні, мақсаты, маңызы. Ю.В. Григорьев және кітапхана қорын қалыптастыру теориясының пайда болуы. Кітапхана мақсаттарының тұтынушылардың қажеттіліктеріне сәйкестігі заңын өңдеудегі Н.С. Карташовтың, Ю.Н.Столяровтың қосқан үлесі. Кітапхана қорын қалыптастырудың мазмұны. ҚР кітапханаларының КҚҚ қазіргі күнгі ағымдары.

 

 5. КҚҚ принциптері.

 КҚҚ принциптерін  өңдеу  проблемасы тарихынан. Талғап алу (селективность)- КҚҚ-дың маңызды принципі.Үйлесімдік      (конгруэнтность)- КҚҚ жалпы әлеуметтік принципі. Кескінделу    үйлестіру:    кітапхана тұтынушылардың   қажеттіліктерінде жалпы, ерекше және жеке есеп.Жүйелілік - КҚҚ ұйымдастыру принципі.

 

 6. Құжаттарды  іріктеу теориясы.

Н.А. Рубакиннің, Л.Б. Хавкинаның, К.Н:Деруновтың, А.А. Покровскийдің еңбектеріндегі іріктеу теориясының өңделуі. Құжаттарды іріктеу: алғашқы екінші қайтара. Іріктеу сапасының критерийлері. Іріктеудің нәтижелік критерийі - ең аз еңбек уақыт шығыны. Іріктеудің жеке критерийлері. Кітапхана қорының толықтығы: артық, кем, жеткілікті және салыстырмалы. Кітапхана қорының ақпараттық және құжаттық толықтығы. Кітапхана қорының өзегі: құрамы, көлемі, жаңаруы. Көпшілік кітапхана қорының өзегінің, ғылыми және арнайы кітапхана қоры.

.

 

 7.  ҚР тұтас кітапхана қорының құрылуы мен қызмет көрсетуінің алғышарттары.

ҚР тұтас кітапхана қоры: мақсаты, құрлымы, басқару. Оны қалыптастырудың саясаты.Қазақстанда тұратын ұлттар, халықтар мен этникалық топтардың төл мәдениетінің, өлкетанудың базасын құру. Кітапсіз мәдениеттің, аудио - бейне матариалдар мен құжаттардың, Виртуальды кітапханалардың пайда болуы.

Интернет жүйесін пайдалану. Халықаралық кітап айырбастау - шетелдік, құжаттарды алудың бір жолы. Елдің    тұтас    кітапхана    қорының қалыптасу мен дамуындағы ҚР Ұлттық кітапханасының ролі. РҒТК, ҚР Ғылым академиясының  ғылыми кітапханасының,  басқа      ақпараттық кітапханалық мекемелердің орны.

 8.   КҚҚ технологиялық цикл ретінде.

Цикл, процесс, жұмыс операциясы түсініктері. КҚҚ циклінің технологиялық құрлымы. КҚҚ автоматтандырылған технологиясы: толық, жарым жартылай. КҚҚ технологиясына қойылатын талаптар.

 

 9. Кітапхана қорын модельдеу

К.Н.Деруновтың, Н.А.Рубакиннің О.С.Чубарьянның сипаттама моделдерінің теориясы. Г.И.Чижкованың, В.И.Терешиннің «кітапхана қор моделдерін» өңдеуге арналған тәсілдері. Кітапхана қоры моделдерінің түрлері: сипаттама, математикалық, библиографиялық, құрылымдық.

 

 

 

 

 

 10. Кітапхана қорын есепке алу мен өңдеу

Есепке алудың мәні, функциялары. Есепке алуға қойылатын талаптар: міндеттілік, үздіксіздік, дәлдік, ұқыптылық, шапшаңдық, есеп бірліктерін үйлестіру мен тұрақтылығы. Есепке алудың түрлері: біріктірілген және сараланған. Біріктірілген есептің формалары: кітапхана қорының есеп кітабы. Сараланған есеп: инвентарлық кітап. Кітапханалық және бухгалтерлік есеп. Кітапхананың қорын толықтыру мен құжаттарды өңдеуді автоматтандыру жағдайдағы кітапхана ісі.

 

 11 Кітапхана   қорын  жайғастыру мен жеткізу.

Кітапхана қорын жайғастыру: мақсаттары мен факторлары. Қор қоймасының көлемдік - кеңістіктік композицисын таңдау.Қорды орналастырудың архитектуралық-жоспарлық шешімдердің варианттары: көлденеңдік, тіке, аралас. Қорды ашық пайдалануда орналастыру.Дүкеннің қор қоймасында қорды орналастыру. Кітапхана қорын орналастыру: түсінігі, мағынасы, міндеттері. Кітапхана қорын орналастыру тәсілдері: семантикалық формальды. Семантикалық (маңызды) орналастыру: жүйелік, тақырыптық, пәндік. Фомальды орналастыру: алфавиттік, хронологиялық, географиялық, форматтық. Құжаттарды жеткізу. Оған қойылатын талаптар.      Кітапхана     ғимараттарын жоспарлау, қорды жайғастыру, қатынас жолдарды ұйымдастыру, құжаттарды тасымалдау.

 

 12. Кітапхана қорын мүлтіксіз сақтау.

Кітапхана қорын мүлтіксіз сақтаудың мәні.  Кітапхана қорындағы құжаттарды толықтыру мен өңдеу. Жайғастыру мен пайдалану процестерінде қорғаудың әлеуметтік факторы. Бақылаудың контакті және контактсіз формаларын пайдалану. Мүлтіксіз сақтаудың технологиялық факторлары: жарық-температуралық, ылғалдылық режим, санитарлы- гигиеналық және экономикалық.

 

 13. Кітапхана қорын басқарудың құрлымы.

 Кітапхана қорын басқарудың субьекті мен обьекті. Кітапхана   қорын   басқарудың құрлымы:  басқарушы  және басқарылатын жүйе бөліктері, жүйе мен ішкі     орта    арасындағы    ақпараттық байланыстар. Кітапханалық персонал: тура   және    кері    пропорционал байланыстар.  Кітапхана        қорын басқаруда   ақпараттың   ролі.   Жоғары көтерілуші (мәліміт беретін) және төмен түсетін   (басқаратын)  ақпараттың ерекшеліктері.

14.  Кітапхана   қорын қалыптастыруды басқаруды ақпаратпен қамтамсыз ету.

 КҚҚ ақпаратпен қамтамасыз етудің мағынасы мен мақсаты. КҚҚ басқарудың негізі - тұтынушылар құрамын, олардың ақпараттық қажеттіліктерімен сұраныстарын зерттеу. Кітапхана қорын пайдалануды зерттеу әдістері: кітапхана пайдаланушылары арасында тура және жанама түрдегі зерттеулер.

Кітапхана қорын зерттеу. Кітапхана қорын зерттеудің әдістері. КҚҚ  сапасы      мен      нәтижелігінің критерийлері.    Активті           қорды қалыптастырудың  нәтижелігінің критерийлері. Пассивтік  қорды қалыптастырудың   нәтижелігінің критерийлері.

 15. Кітапхана қорын басқару функциялары.

Кітапхана қорын басқару жүйесі: статикалық, динамикалық. Кітапхана қорын басқару функциялары: жоспарлау, ұйымдастыру, реттеу, есептеу, бақылау және талдау. Кітапхана қорының дамуын жоспарлау. ҚҚҚ процестерін реттеу: технологиялық, статикалық, технологиялық қайтымды және қайтымдылық шаралар. Бақылау басқару функциясы ретінде. Кітапхана қорының объекті мен субъектінің әрекетін талдау- басқарудың қорытынды функциясы. КҚҚ бойынша басқарулық шешім қабылдау үшін талдаудың қорытындыларын пайдалану.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-09-01 21:17:48     Қаралды-8450

АРАБ ЖЫЛҚЫСЫ

...

Араб жылқысы - байырғы жылқы тұқымдарының бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРХЕОЛОГИЯ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

тарих ғылымының бір саласы, алғашқы қауымнан, көне заманнан, орта ғасырдан қалған заттай есқерткіштерді зерттеу арқылы адам қоғамының өткендегі тарихын анықтайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БЕЛБЕУ ТАСТАУ

...

Қазақтың ұлттық ойыны

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СОЛТҮСТІК МҰЗДЫ МҰХИТ

...

Жер шарындағы ең кіші мұхит

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САРЫАРҚА ҚАТПАРЛЫ АЙМАҒЫ

...

Сарыарқа қатпарлы аймағы - Азиядағы дербес ірі геологиялық құрылымдардың бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ЖЫЛДАМ ҚҰСТАР

...

Құстар - жердің ең жылдам тіршілік иелері, өйткені жануарлар әлемінің құрлық немесе суда жүзетін құстарының бірде-бір өкілі олармен жылдамдығымен салыстыра алмайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АУА

...

Жер атмосферасын құрайтын, негізінен азотпен оттектен тұратын газдар қоспасы. Ауа су мен жер қыртысының құрамында да болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІРЖАН - САРА АЙТЫСЫ

...

Біржан мен Сараның 1871 жылы қазіргі Талдықорган облысының Қапал - Ақсу өңірінде кездескендегі айтысы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІРЖАН-САРА ОПЕРАСЫ

...

Опера тұңғыш рет 1946 жылы 7 қазанда Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрында қойылды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »