UF

Ежелгі Рим және Италия

 

Жоспар

  1. Ежелгі Рим тарихнамасының деректемесі мен тарихнамасы
  2. Апенин түбегінің табиғат жағдайы
  3. Апенин түбегінің халқы
  4. Этрускілер қоғамның әлеуметтік – экономикалық құрылымы және дамуы

 

  1. Ежелгі Рим тарихнамасының деректемесі мен тарихнамасы.

 Рим тарихнамасының басы Рим мемлекеті қуатты Жерорта теңізі державасына айналған б. э. дейінгі II ғасырға жатады. Римнің Греция мен эллиндік мемлекеттерді жеңіп алуы грек ықпалының күшеюіне жол ашты. Қалаларда кұлдар мен тұтқындар арасынан жақсы білімді гректер шықты. Рим нобильдері үшін грек тілін, ғылымы мен өнерін білу міндетті болды. Алайда Рим қоғамы эллиндік дүние мәдениетін жайдан-жай өз бабына сіңіре бермеді, одан Рим мемлекеттік өмірінін нормаларына, дәстүрлеріне, мораліне жататындарын ғана алды. Римнің ертеректегі тарихшылары шынайы Рим тарихын жазу туралы ойламады. Олар тек практикалық мақсаттарды ғана көздеді: бұрынғы замандастарының еліктеуі үшін ең жақсы үлгілерді табуға, атақты рулардың ерлік даңқын шығаруға, әрі осы арқылы республиканың нығаюына жол ашуға тырысты. Рим анналистерінің тарихтың сыртқы жағына қызығуы осыдан туады. Басқа түп деректер абыздардың ауа-райын түсірген жазбалары еді. Жыл сайын бас абыз өз үйінің қабырғасына ақ тақтайша шығарып, оның үстіне жалпы жұрттың назарын аударған дүниені: стихиялық күйзелістерді, күн мен айдың тұтылуын, соғыстың басталуы мен аяқталуын т. б. қысқа сипаттан жазады. Б. э. дейінгі 130 жыл шамасында аға абыз ұлы понтифик Публий Муций Сцевола понтификтердің барлық жазбаларын бірыңғайлап тұтастырады. Ол «Ұлы анналдар» басын шығарады.

Рим тарихының ертеректегі түп деректерінің ерекшеліктері аға анналистер деп аталған б. э. дейінгі III—II ғасырлар тарихшылары шығармаларының сипатында көрінеді.

Латын тіліндегі алғашқы тарихи шығармаларды латын прозасының негізін қалаған Марк Порций Катон (б. э. дейінгі 234— 149 жылдар) жазды. Ол көрнекті мемлекеттік қайраткер (консул және цензор), тарихшы шешен еді. Катон түп деректерге мұқият қарады: ол понтификтердің жылнамасын, анналистердің шығармаларын, өз басының байқауларын, көз көргендердің әңгімелерін, ауызша аңыз-әңгімелерді пайдаланды.  Пуни соғыстарының тарихын баяндап щығу алдында, Катон соғыс әрекеттері жүргізілген жерлерді карап көрді, Карфагеннің мемлекеттік құрылысымен танысты, әрі тарихи және географиялық мәліметтердің арасындағы байланысты қадағалауға тырысты.

Кіші анналистер төтенше болған "оқиғалар, аңыздар туралы әңгімелерге қарсы ойысты. Бұлардың шығармаларындағы жаңа нәрсе материалды жылнамалап баяқдаудан бас тарту еді. 'Кіші анналистер оқиғалардың себептері мен мән-жайын анықтауға тырысты. Алайда олардың еңбектері үшін фактілерді баяндаудағы тенденциялылық, қызғылықты, анекдот материалды келтіру, хронологиялық қателер тән еді. Рим мемлекеті гректер Италия деп атаған, Апеннин түбегі территориясында пайда болып нығайды. Б. э. дейінгі I мың жылдықтың алғашқы жартысында Европаның осы бөлігінің табиғат жағдайлары мен халқы қандай болған?

 

 

 

2. Аппенин түбегінің табиғи жағдайы.

Апеннин түбегі Жерорта теңізінің орталық бөлігіне тереңінен ауысқан және оны екі бөлікке айыратын ұзынша жердің қушықталған тілігі болып келеді. Түбектің солтүстік шекарасы оны европалық материктің негізгі массивінен бөліп тұратын биік, өтімі қиын Альпі тау жоталары болып табыдады. Түбек негізін Альпіден солтүстік-батыста тарамдалатын және бүкіл түбек бо йына бірнеше тізбек болып созылған Альпі таулары құрайды. Әуел баста Апенниндер батыс жағалаудан шығыс жағалауға дейін түбектерді қиып өтіп, солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа дейін созылады, ал оңтүстігінде оңтүстік-батысқа қарай шұғыл бұрылады да бірте-бірте төмендеп, түбектің шеткері оңтүстік түкпіріне — Бруттий аймағына жетеді. Апеннин тауларының осындай жайғасуының арқасында түбек үш үлкен аймаққа: солтүстік — Адриат теңізіне, келіп құятын құймалары бар Италияның ең үлкен өзені Падус (қазіргі По) бойлап ағатын Альпі мен Апенниндер арасындағы ойпат; орталық — солтүстік-шығыс пен оңтсүтік-шығыстан қоршап жатқан, бірте-бірте төмендеп келетін батыс беткейлері бар Апеннин таулары, өз кезегінде, осы территория бірқатар жеке аудандарға — Арнус (қазіргі Арно) өзені аңғарына, Тибр өзені аңғарына және оңтүстікте Кампания шұрайлы ойпатына, Вольтурно өзені аңғарына бөлінеді. Солтүстік пен солтүстік-батыстан Апенниндер түбегі бөліп тұрған Апулийдің оңтүстік-шығыс ойпаты — үшінші аймақ болып табыдады.

Апеннин     шығыс жағалауының жақын жатқан ешқандай аралдары жоқ. Жаға аралдарының бәрі батысты орналасқан. Сицилия үлкен құнарлы аралы материктің жалғасындай болып келеді. Біраз алшақта басқа екі үлкен арал: Сардиния мен Корсика орналасқан. Бұлар мен Апеннин түбегі арасында бірнеше жартасты кішкене аралдар бытырап жатыр, олардың ең ірілері Тиррен теңізі жағасына жақын Ильва (қазіргі Эльба), әрі Неаполитан бұғазына кіре берістегі Капрея (қазіргі Капри) бодып табылады. Қысқы, әсіресе көктемгі кезде суы мол, буырқанған Апеннин түбегінің өзендері жылдың жазғы ыстық айларыңда мүлде дерлік кеуіп, олардың кеме жүрісі үшін жарамдылығын нашарлатады.

Ескілікте Апеннин түбегінің үлкен бөлігі, өзінің типі жағынан, Батыс Европаның орман алабы сияқты қалың ормандармен бүркеніп жатты. Италия ормаңдарында емен, жеке, бүк, каштан және Апеннин түбегіне тән, ерекше, қозы құйрық тәрізді берік басты қарағай типті пиний өсетін еді. Жеміс ағаштарынан  Италияда ерте заманнан бері алмалар, анарлар өсетін. Кейіні-ректегі Италия пейзажына тән цитрус ағаштары да, палъмалар да, тіпті зәйтүн мен кипаристер де болмады. Бұл өсімдіктердің бәрі Италия топырағына кейінгі тарихи замандарда алынып келінді. Ежелгі Италияның хайуанат дүниесі орта европалықпен ұқсас еді. Ежелгі Италия таулары мен ормандарында ландар, еліктер, қабандар, қасқырлар, түлкілер, сондай-ақ түрлі ұсақ аңдар, құстар, бауырымен жорғалаушылар болды.

Апеннин түбегінің жер қойнауы пайдалы қазбаларға біршама кедей еді. Альпі тауының тарамынан аздаған алтын мен күміс шығарылды. Орталық Апенниндерден: «травертин»—сұрғылт және «каррарский»—ақ және түсті мәрмәрі ойылып алынады. Ильва аралында темір мен мыс өндіріледі, Апеннин түбегінің басқа аймақтарында металдың елеулі кен орындары болмады.

 

3. Аппенин түбегінің халқы.

Апеннин түбегі сонау ерте заманнан мекенделген еді. Италияда табылған адамның болған іздері палеолит дәуірінде-ақ мұнда халық өмір сүргенін көрсетеді. Неолиттік мекен тұрақ қалдықтары түбектің сан алуан бөліктерінде б. э. дейінгі IV мың жылдықпен белгіленеді. Солтүстік Италияның өзендері мен көлдерінде діңгек үстіне салынған поселкелердің қалдықтары б. э. дейінгі III—II мың жылдарда кездеседі. Поселкелердің маңындағы қоқыр-соқырдың шіріген үлкен үйінділері бойынша бұларды террамаралар (италиялық — доңды жер) деп атайды.  

Йталияның орталық ауданында басқа да ежелгі қоныстардың құлап бықыған орны табылған, бұларды мекендеушілер тас құрылыстар тұрғызып, оймышты сазбалшық ыдыс, қыш ыдыстарды жасай білген, бұл сірә ахей Грециясы мен Финикиясынан келімсектермен қатынастар салдары болса керек. Б. э. дейінгі II және I мың жылдықтар межесінде Италияның ежелгі тұрғындары қарулар мен еңбек жарағын жасауға темірді пайдалана бастаған. Бұл заманға тән мекен-жай археологтар XIX ғасырдың орта кезінде-ақ зерттеп шыққан, Болоньи қаласына жақын Вилланов селениесіне таяу ежелгі қала жұрты болды. Италия халқының темірмен таныс болуына да Апеннин түбегінің жағалауындағы түрлі пункттеріне, барған   сайын  жиі-жиі қатынасып отырған грек және финикий теңіз кезуші саудагерлері мен пираттары себепкер деп ойлауға болады.

Б. э дейінгі І мың жылдықтың алғашқы ширегінің аяғына қарай Апеннин түбегінің ежелгі халқы түрлі тайпалар мен халықтар тобынан тұратын. Тілі, қоғамдық құрылысы мен мәдениетінде ортақтық көп италия тайпалары екі: умбро-сабелль және латыно-сикуль тобына бөлінді.

Ежелгі  Италияның ең дамыған халық тобы этрускілер болды. (римдіктер бұларды «тускілер» деп атады. гректер «тирреналар»   деді,   олар   өздерін   «рассеналар»   деп   атады). Б. э. дейінгі VIII—VI ғасырлардағы этрускілер Апеннин түбегінің едәуір бөлігін алып жатты. Олардың қалалық мекен-жайлары Падус өзенінін сағасы мен онтүстік жағалауынын төменгі ағысынан Италияның батыс жағалауына дейін, Арнус өзенінің теңізге кұятын жерінен Тибр өзенінің жағаларына дейін бытырап жатты. Бұдан басқа, олар Корсика аралынын шығыс жағалауын Ильва аралын мекендеді және Кампанияның бір бөлігін басып алды. Бұлар саяси бірлестіктерден гөрі, діни сипаты бар одақтарға біріккен тәуелсіз қала қауымдары болып тұрды. Этрускілердің гректерден айырмашылығы кыш ыдысты шимайламады,  дөңгелектеп   безендірді.   Олар балшыққа күйе араластырды, осының арқасында олардың керамика бұйымдары металдан құйылған бұйымдардай әсер тудырды.

 

  1. Этрускілер қоғамның әлеуметтік – экономикалық құрылымы және дамуы.

Этрускілелер теңіз қарақшылығымен де шұғылданды. Олардың кемелері Греция мен Африканың жағаларына дейін жетті. Б. э. дейінгі I мың жылдықтың ортасында этрускілердің енді өз жазу-сызуы  болды.

Материалдық мәдениет ескерткіштерін зерттеу және ежелгі тарнхшылардың хабарлары этрускі коғамының таптық құл иеленушілік кұрамы туралы корытындыға жетектейді. Этрускі шонжарлары құлдар мен тәуелді халықтың еңбегін қанады. Этрускі коғамынын үстемдік етуші жігі лукомондар деп аталды.

Этрускі коғамы өзінің гүлденуіне б. э. дейінгі VII—VI ғасырлар межесінде жетті. Осы уақыт ішінде этрускілер өзінің билігіне Кампанияны бағындырды да, Капуя қаласының негізін қалады. Осы  кезеден-ақ олар  Тибр  өзенінің  төменгі  ағысында панда болған маңызды орталық—Рим каласымен Лациянын бөлігіне ие болады. Б. э. дейінгі IV ғасыр ортасына қарай этрускі қалаларының федераңиясы құлдырауға келіп, галлдар Падус өзенінің аңғарында орнығып, Апеннин түбегінің орталық бөлігі аймағына тонаушылық шабуылдар қолдана бастағанда, италия тайпалары оларға тойтарыс беру үшін жаңа саяси және әскери орталық— Рим қаласының төңірегіне бірігеді. Кеиінгі жылдарда Рим қауымының басшылары өзінің ықпалын Этрурдың көп бөлігіне, сондай-ақ Кампанияға, әрі рим-италиялық құл иеленушілері қуатты конфедеративтік одағының ұйытқысын құраған орталық Италияның басқа аймақтарына да тарады, бұл б. э. дейінгі ІІІ ғасырдың басына қарай әскери жағынан Жерорта теңізі дүниесінің ең күшті құл иеленуші державаларының бірі болып алады.

Б.э. дейінгі II—I ғасырларда Рим тарихының ежелгі кезеңі туралы аңыздар мен ертегі әңгімелер Рим халқының мәдени жіктерінің арасына кеңінен тарала отырып, рим авторларымен қабылданып, шығармаларының негізіне алынды. Осы заманғы зерттеушілердің пікірі бойынша Римнің ежелгі
тарихын Тибр өзенінің сол жақ жағасындағы төбелер үстінде
жеке қоныс-жайлардың пайда болуын б. э. дейінгі X ғасырға
жатқызуға болады. Жаңа қалалар ежелгі италия тайпалары қоныстарының түйіскен жерінде пайда болғандықтан, оның халқы алғашында жеке тайпа бірлестіктерінен тұрды. Тарихи дәстүрлерге сәйкес ежелгі тайпалар: тицилер, рамналар, лукералар деп аталады. Қазіргі ғалымдардың пікірлері бойынша бұл атаулар Римнің атам заманғы көп тайпалық құрамын растап, сабиналарды, латындарды және этрускілерді атады.

 

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-05-27 19:12:32     Қаралды-5471

БӨЛШЕКТЕР ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Алдымен бұлар «жай бөлшектер» деп аталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕ ЖҮЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ ЦИРК ҚАШАН ЖӘНЕ ҚАЙ ЖЕРДЕ АШЫЛДЫ?

...

Қазіргі кездегі заманауи цирктің әкесі - ағылшын кавалеристі аға сержант Филип Астли

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЕТРО ҚАЙ ЖЕРДЕ ЖӘНЕ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Метро - теміржол көлігінің бір түрі, оның жолдары көшелерден алшақ, көбінесе жер асты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЫСЫҚТАР ҚАШАН ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫНА АЙНАЛДЫ?

...

Соңғы уақытқа дейін ежелгі мысырлықтар мысықтарды алғаш қолға үйреткен деп есептелді

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КІРПІШ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Пісірілген балшықтан жасалған бұл әмбебап құрылыс материалы

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ОТТЕГІ ҚАЙДАН КЕЛЕДІ ЖӘНЕ ОЛ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

...

Оттегі - жер бетіндегі ең көп таралған химиялық элементтердің бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДӘПТЕР ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Мектеп дәптерлеріне ата-әжелеріңіз, аналарыңыз бен әкелеріңіз жазған

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ПЛАНЕТА ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Біздің планетамыз шамамен 4,5 миллиард жыл бұрын пайда болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ПЛАНЕТА ҚАЙСЫ?

...

Күн жүйесіндегі ең үлкен планета - Юпитер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »