UF

Б.з.б. V-ІV ғасырдағы Греция

 

Жоспар:

 

         1. Б.з.б. V ғ. Грецияның әлеуметтік-экономикалық өмірі

         2. Афинада демократияның дамуы

         3. Эфиальт реформалары

         4. Перикл Афины демократиясының көсемі

            5. Афины демократиясыныд саяси құрылысы

            6. Афины теңіз одағы

            7. Пелопоннес соғысы. Соғыстың болу себептері мен сылтаулары

         8. Архидам соғысы

1. Б. э. дейінгі V ғасырда грек экономикасы жедел Дамыды. Бұл даму құлдықтың антик формасына негізделді. Ф. Энгельс ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің арасындағы Шын мәніндегі еңбек бөлінісін құлдық қана тудыра алғаны және ол кездегі өндіріс тек соған негізделгені жөнінде жазған еді. «Тек Құлдық қана жер өңдеу мен өнеркәсіп арасындағы неғұрлым ірі Карқындағы еңбек бөлінісіне мүмкіндік ашты... Құлдықсыз грек Мемлекеті, грек өнері мен грек ғылымы болмас еді; құлдықсыз Рим империясы да болмас еді. Ал Греция мен Рим қалаған ірге тассыз осы заманғы Европа да болмас еді».

Б. э. дейінгі VI—V ғасырларда құлдықтың антик формасы да дамыды. Бұл уақытта құл иеленуші сан жағынан да, сапа жағынан да өсе түсті. Құлдарды пайдалану ертедегі Шығыстағы және б. э. дейінгі VII ғасырдағы және VI ғасырдың басындағы Грециядағы құлдарды пайдаланудан гөрі күшейе түсті.

Б. э. дейінгі V ғасырда құлдардың саны шұғыл артты. Бір жағынан бұл грек-парсы соғысының нәтижесі — көп мөлшердегі  әскери тұтқындарды қолға түсірудің және сатудың нәтижесі еді. Бірақ бұдан басқа, грек әлемінің шет өлкелерінде, мысалы Фракияда, Кіші Азияда және өзге де жерлерде қайсыбір жергілікті  тайпалар өз көршілеріне шабуыл жасап,оларды ең алдыме гректерге сату мақсатында кұлға айналдырып отырды.

Грецияда құл базарлары болды. Оның ең ірісі ертеден-ақ құлсатумен аты шыққан Хиос аралында орналасқан еді. Құлдар Хиостан өзге де грек қалаларында, мысалы Афиныда, сатылатын.

Сатып  алушылар товардың сапасын көруі үшін кұлдарды жалаңаш сататын. Сатып алушы құлдың бұлшық еттерін ұстап көретін, аяқтары сау және дене кұрылысы дұрыс екеніне көз жеткізу үшін жүгіртіп, секіртіп көретін.

Қолөнерші кұл сол жерде қолма-қол іс тігіп, темір соғып, немесе әлдеқандай өзге қолөнер жұмысын істеп көрсетуге тиіс еді. Артист құлдар (ал ондайлар көп болатын) өз өнерлерін көрсететін: ән салатын, билейтін, фокустар көрсететін т. т. Шешесін біреу, балаларын екінші біреу сатып алып, шешесі балаларынан ажырағанымен ешкім санаспайтын. Егер құлдың қандай да бірі ауруы бірден байқалмай, кейін байқалса, сатып алушы құлды оның бұрынғы иесіне қайтара алатын.

Құл еңбегі ауыл шаруашылығында, қолөнерде, рудниктерде қолданылды. Бай адамдардың үйлерінде құлдар қызметші есебінде пайдаланылды.

Көптеген буржуазиялық ғалымдар Грециядағы барлық қолөнер азат адамдардың қолында болды деп санайды. Бұл дұрыс емес. Рас, құлдардың өз шеберханасы болған жоқ. Маманданған шеберлердің көпшілігі азат болғаны сияқты, қожайын да азат адам болды. Бірақ кез келген кәсіпте өндіріс процесінің құл еңбегін қажетсінетін жақтары да болды, ең алдымен бұлар үлкен қара күшті тілейтін жұмыстар еді.

Қең тараған қышшы қолөнерінде құл еңбегі шеберханаға саз балшық әкелу, сонан соң оны илеу үшін қажет еді. ЬІдысты күйдіру үшін пештерді жағу керек болды. Бұл жұмысты және сондай-ақ отын жеткізуді де кұлдар атқарды. Бірақ құлдардын қыштан ыдыс жасау, ыдыстарға әуелі бөлек жасалатын құлақтарын бекіту сияқты жұмыстарды атқарғаны да күмәнсыз. Сауыттардағы жазуларда құлдардың кейде сауыттарды әшекейлейтін суретшілер болғандығы жөнінде де айтылады. Мысалы, сауыттардың бірінде: «Мені Скиф құл әшекейледі»,—деген жазу бар. Әрбір шеберханадағы адамдардыц ең аз дегенде жартысы құлдар болды деп санауға болады. Шеберханаларда кұлдарға өте қатал қарайтын. Беотиялық сауыттардың бірінде қыш шеберханасы және сондағы аяқ-қолынан ілініп қойылған құлды бейнелеген сурет бар. Оны солай іліп қойып, дүрелеп жатқаны көрсетілген.

Әсіресе, рудниктердегі құлдар еңбегі ауыр болды. Рудниктер ол кезде нашар жабдықталатын еді. Штольнялар тар болатын, ағаш сатылар жиі сынып, бақытсыз жайларға әкелуші еді. Жер астында жарық жоқ болатын, құл әдетте өзімен бірге өсімдік майын құйып жағатын кішкене шамды алып жүретін. Бұл шам жалындап жанып, ауаны улайтын. Жұмыс күні шектелмейтін. Бақылаушылардың шыбыртқысы арқасында ойнаған құлдар сілелері қатқанша жұмыс істейтін. Түнде шаршап жығылатын, ал таңертең қайта бастауға тиіс еді. Олардың ауырғаны, шаршағаны ешқандай ескерілмейтін. Тіпті денсаулығы ең күшті құлдың өзіде мұндай жұмысқа бес жылдан артық төзе алмайтын.

Құл иеленушілер кейде рудниктердегі жұмыс үшін өзге қожайынның құлдарын жалдайтын. Егер құл өлсе, оның орнына жалдаушы басқасын қайтаруға тиіс еді.

Құл заң жүзінде қожайынның меншігі болып саналды.

Кей мемлекеттерде, мысалы Афиныда, құлды өлтіруге тыйым салатын заң болғанымен, іс жүзінде бұл заң орындала бермейтін. Құлды қылышпен немесе дарға асып өлтіруге болмайтын, бірақ оны соққыға жығып, немесе аштан өлтіруге болатын, өйткені құл әлдеқандай жазалау үстінде өлсе, құл иесі кінәлы болып саналмайтын.

Афины сотында, өзге де қалалардың сотындағыдай, құл куә бола алмайтын. Ал бірақ құлдың көрсеткендері «тәннің даусы» болған, басқаша айтқанда, азаптау арқылы айтқызылған жағдайда олар шындық ретінде саналатын.

Құлдар заңды некеге отыра алмайтын. Олардың іс жүзіндегі ерлі-зайыптылық қатынастары — бірге тұру ғана еді, оны қожайын кез келген уақытта тоқтата алатын.

Құлдардың ішінде педагогтар, дәрігерлер, актерлер, музыканттар, бишілер болды. Тіпті құл-философтар да болған. Бірақ бұл мамандықтар құлды қожайынның зорлық-зомбылығынан ешқандай да сақтай алмайтын. Құл иесі кез келген уақытта ойына не келсе, құлына соны істей алатын.

Мемлекеттік кұлдар да болды. Олар кеңселерде ең төменгі қызметтер, мәселен жазуды көшіруші қызметін, атқарды. Мұндай құлдардың жағдайы жеке меншіктегі құлдарға қарағаңда жеңіл еді. Бірақ олар да кез келген уақытта сатылып жіберілуі немесе басқа жұмыстарға ауыстырылуы мүмкін еді. Құлдар әрқашан зат ретінде саналды және олармен ешкім санаспады.

Тап күрестері. Құлдардың қанаушыларға қарсы күрестері алғаш пассивті сипатта болды. Құлдар еңбек кұралдарын сындырды және бүлдірді, жұмысты нашар істеді. Олар жиі-жиі қашып кетіп тұрды. Мысалы, Пелопоннес соғысы кезінде (б. э. де киінгі 431—404 жылдар) 20 мыңнан астам құлдар Афиныда Декелея қаласындағы спарталықтарға қашып кетті. Бұл кашу Пелопоннес соғысында Афинының жеңіліске ұшырауының маңызды себептерінің бірі болды, өйткені құлдар соғыс үшін қару-жарақ дайындалатын шеберханаларды жұмысшы күшінсіз қалдырған еді.

Бірақ құлдардың қашып құтылып кетуі сирек еді. Құлдарды әдетте ұстап алып, қожайынға қайтаратын, ал ол оларды жазалайтын. Тек илоттар бірге тұрған ертедегі Спартада ғана б. э. дейінгі V ғасырда илоттардың үлкен және белгілі  дережеде ұйымдасқан көтерілістері болып тұрды. Олардың ең ірісі б. э. дейінгі 464—455 жылдары болған көтеріліс еді, ол өзінің аса үлкен көлеміне қарай 3-ші Мессен соғысы деген атқа ие болды және спарталықтар оны қиындықпен басты.

   Еркін өндірісшілер. Ертедегі Грецияда б. э. дейінгі V-IV ғасырларда қолөнерде де, сондай-ақ ауыл шаруашылығында да жұмыс істеген еркін өндірісшілер болды.

Бұлар шағын шеберханаларға ие қолөнершілер еді, кейде олармен бірге тек жақын туыстары ғана жұмыс істеп, кейде бұлар өз ісінің маманы болып табылатын жай ғана шеберлер болатын. Еркін шеберлер неғұрлым нәзік және мамандықты тілейтін істерді атқарды. Қыш бұйымдар жасау ісінде олар ыдысқа белгілі түр беріп күйдіретін, өрнектейтін. Шеберханаларда вазаларды әшекейлейтін арнаулы суретшілер болды. Олардың көпшілгінің жазып қалдырған есімдері белгілі. Металлургиялық шеберханаларда еркін ұсталар металдан тамаша құралдар мен түрлі бұйымдар жасады. Дәл осы гректердің іс жүзіңде тұңғыш рет болат алуды жүзеге асырғаны белгілі.

Еркін тас қалаушы шеберлер құрылыс үшін мәрмәр және басқа материалдарды тамаша өңдеді. Ғимараттар тас қалаушы суретшілер салған бедерлі суреттермен әшекейленді.

Ол кездегі Грецияда қару-жарақты шебер жасайтын. Әсіресе Коринф шеберлері атақты болатын. Қару-жарақ Афиныда жасалатын. Еркін қолөнершілер әр түрлі мамандықтар саласындағы тамаша шеберлер еді. Бірақ б. э. дейінгі V—IV ғасырлар; барлық салаларда құл еңбегін пайдаланудың арта түсуі бірте - бірте еркін қолөнершілердің еңбектену мүмкіншіліктерін шектей түсті және оларды екінші сортты адамдарға айналдырып, әлеуметтік жағдайын төмендетті.

   Ауыл шаруашылығы. Б. э. дейінгі V—IV ғасырларда бастап ауыл шаруашылық дақылдары: жүзім, зәйтүн, жемістер жәйі бақша өсімдіктер (пияз, сарымсақ және т. б.) болды.

Егін өсіру тек қана жақсы суландырылған құнарлы алқаптарда — Лакония, Мессения, Беотия, Фессалияда дамыды. Бұл жерлерде бидай, арпа, тары егетін. Өз астықтары жетпейтін, сондықтан оны өзге елдерден, әсіресе Солтүстік Қара теңіз алқаптарынан әкелетін.

Егін егуде —соқа, жүзім өңдеуде — кетпен, шот, жүзім пышғы ағаштардың түбін қопсытуға күрек пайдаланылды.

Б. э. дейінгі V ғасырдан бастап Грецияның басты ауыл шаруашылық өнімдері — шарап пен зәйтүн майын өндіру үшін шарап жасайтын және май шайқайтын орындар пайда болды.

Пелопоннес соғысына дейін ұсақ жер иелерінің меншігінде клерлер — шағын үлестер болды. Ірі жер иеліктері аз еді. Бірақ Пелопоннес соғысы кезінде шағын өндірісшілер күйзеліске ұшырап, неғұрлым ірі жер иеленушілер арта түсті. б. э. дейінгі V ғасырда ауыл шаруашылығында құл еңбегі еркін шаруалар еңбегімен бәсекеге түсті. Шағын жер иеленуші жерді құл еңбегі кө-мегімен өңдейтін ірі жер иеленушімен, әрине, бәсекелесе алмады.

     Қолөнер. Б. э. дейінгі V—IV ғасырларда бүкіл Грецияда қолөнер дамыды. Афины қолөнер кәсібі көптеген қалалар үшін үлгі болды. Ол кезде афинылық өнімдердің бәрі: вазалар, маталар, болат және темір бұйымдар ерекше бағаланатын.

Әр түрлі қолөнер бұйымдарын шығаратын шеберханаларды эргастериялар («эрга»— іс деген сөз) деп атайтын. Б. э. дейінгі V және VI ғасырларда-ақ Афиныдағы эргастериялар едәуір ірі болды. Шеберхана меңгерушісінің семьясы ғана жұмыс істейтін ең кішілерін айтпағанда, оларда жұмыс істейтіндердің саны 20— 30 адймға жететін. Б. э. дейінгі IV ғасырда өмір сүрген атақты шешен Демосфен өз әкесінің қару-жарақ шеберханасын суреттеп жазды. Оның айтуынша, онда 33-тей құл жұмыс істеген.

Бірақ ірі шеберханалар сирек болатын. Сол кездегі түп деректерден 120 құлы бар бір ғана шеберхана белгілі. Әдетте шеберханалардағы жұмыс істейтіндер саны 20—30-дан аспайтын, 2-ден 10 адамға дейін (құлдар мен еріктілер) жұмыс істейтін шеберханалар көп болатын.

Қолөнердің дамуы Афиныны бай қалаға айналдырды. Афинының құл еңбегіне негізделген өндіргіш күштері өз уақыты үшін өте жоғары дамыған еді.

   Сауда. Афинынағы қолөнердің дамуы ішкі және әсіресе сыртқы сауданың гүлденуімен қатар жүрді. Аттикаңың бас порты Афиныдан бес шақырым жерде орналасқан, шетелдің сауда кемелері кіретін Пирей еді. Пирей айлағы желден мүлде ықта болғандықтан, ал теңізден бұл айлаққа кіретін жол өте тар болғандықтан қолайлы еді. Кемелер онда кірп, дауылдың басылуын тоса алатын. Бұл ертедегі айлақ біздің кезімізге дейін сақталып отыр.

Балкан Грециясы Жерорта теңізі бассейніндегі көптеген елдермен сауда жасады. Рас, Үлы Грециямен, басқаша айтқанда Сицилия мен Италияның қалаларымен, сауда-саттық аз жасалды, бұлармен сауданы Қоринф пен Пелопоннестің өзге қалалары жүргізді. Афины бұл рынокқа кіруге талпынды, Бірақ Афины оның есесіне Афины теңіз одағының құрамына енетін өзінің барлық  одақтастарымен — Кіші Азияның, Фракияның қалаларымен және бүкіл Эгей теңізінің барлық аралдарымен сауда жүргізді. Әрі, бұдан тысқары Афины және жалпы алғанда Балкан түбегінің гректері, Геллеспонт (осы күнгі Дарданеллы), Пропонтида (Мрамор теңізі) қалаларымен және Қара теңіз жағалауындағы қалалармен сауда жасады. Афинылықтардың Солтүстік Қара теңіз жағалауы рыноктарын қаншалықты бағалағандығын Афинының бірінші стратегі Периклдің Қара теңізге экспедйция жасаған фактісі де көрсетеді.

Грецияға әкелінетін негізгі өнім — ең алдымен астық еді. Ол Боспор патшалығынан тасылды. Солтүстік Қара теңіз жағалауынан балық, соның ішінде бекіре балық, әкелінетін.

Грецияға тасылатын   маңызды   нәрсе — құлдар  еді.   Олар негізінен Фракия мен Фригиядан, сондай-ақ Солтүстік Қара теңіз жағалауынан да әкелінетін. Қара   теңіз жағалауынан Грецияға сондай-ақ мал да тасылды.

Афиныға шараптың таңдаулы: фасос, родос, мендс,книд сорттары әкелінетін.

 

2. Грек-парсы соғыстары және  Афины теңіз одағының қүрылуы кезінде Афинының теңіздегі қуаттылығы дами бастады. Барлық афиныі азаматтары өздерінің дүние-мүліктеріне карай қандай жікке жататынына сәйкес белгілі әскери міндет атқара бастаған және саяси правоға ие болған. Солон реформасынан кейін афины кедейлері болып табылатын феттер афинының саяси құрылымының ең төменгі сатысынан орын алды. Ауыр қару-жарақтар алуға олардың қаржылары болмады, сондықтан көмекші отрядтарда қызмет атқаруға мәжбүр болды. Матростарға қымбат қару-жарақтың қажеті болмағандықтан, әскери-теңіз флоты дамыған кезде феттер құрлықтағы көмекші отрядтарда қызмет етумен бірге, кемелерде де қызмет атқара бастады. Ал флот 1-ші Афины теңіз одағының тірегіне айналғаннан кейін феттер өздерінің саяси жағдайы жөнінен бірте-бірте афины демосының өзге, неғұрлым ауқатты және ерекше пұрсатты жіктерге жататын зевгиттермен, ішінара тіпті атты әскерлермен де теңелді. Феттер б. э. дейінгі V ғасырда Афинының қуат-күшінің тірегі болды.

Грек-парсы соғыстарында афины демосынан құрылған афины зрмиясы жеңіске жетті. Сондықтан демостың грек-парсы соғыстары дәуірінің өзінде-ақ бедел алып, билікке ұмтылуы табиғи құбылыс еді. Сонымен бірге ол уақыттағы өндірістің ұйымдастырушылары да дәл осы демостар еді, олар қолөнермен және саудамен айналысты. Шаруашылық іс жүзінде деуюстың арқасында ғана гүлденіп тұрды.

Селолы жерлерде б. э. дейінгі V ғасырда негізінен село демосының өкілдері — майда және орташа жер иеленушілер, өмір сүрді. Ірі жер иеліктері,көп емес еді. Б. э. дейінгі IV ғасырда ірі жер иеленушілік дамыды, бірақ ол аристократтардың үстемдігі негізінде емес, олигархияның дамуына байланысты туған еді.

Бірте-бірте өзінің жетекшілік позицияларын жоғалта бастаған афины аристократтары қарсыласуын тоқтатпады. Грек-парсы соғыстарының аяқ кезіндеақ аристократиялық және демократиялық топтар арасында аяусыз саяси күрес жүрді, біз иларды, дәл емес болса да, партиялар деп атаймыз.

   Атақты қолбасшы Мильтиадтың баласы -  талантты флот бастығы Кимон бастаған аристократтар партиясы әскери табыстар арқасында Афиныда ең жетекші ролъ атқаруға ұмтылды. Бірақ аристократтар партиясының күш-қуаты кеміген еді. Аристократтар ол уақытта сол кездегі өндірісте қандай да болмасын елеулі роль атқарудан қалған болатын, олардың жер иеліктері де азая берді.

Аристократтар мен оларға жақын бай азаматтар топтары ареопагқа сүйене отырып және Афины тұрғындарының демократиялық топтарының үлкен бөлігі соғыста жүргендігін пайдаланып, өз биліктерін уақытша күшейтіп алды. Бірақ әскери қимылдар аяқталып, жауынгерлер мен матростар үйлеріне қайта бастауымен бірге демостардың қалың топтарының белсенділігі де арта берді. Ареопагтың саяси функцияларын әлсіретуді демократиялық партия өзінің басты міндеті деп санады.

  

     3. Эфиальт реформалары. Б. э. дейінгі 462 жылы демократия-
лық партияның көсемі — Эфиальттің реформасы жүзеге асты.
Ол ареопагты саяси мекеме ретінде жоюды көздеген еді. Бірақ
бұл органның беделі тым жоғары болғандықтан Эфиальт ашық
қимылға бара алмады. Ол ареопагтың кейбір мүшелері сот істе-
рі үшін пара алғандығын әшкерелейтін материалдар жинады
(ареопаг ол кезде Афинының ең жоғарғы соты да еді). Ашылған
фактілер ареопагтың беделін түсірді. Сондықтан Эфиальт енді
келесі реформаны жүзеге асыруға мүмкіндік алды. Сол мезгіл-
ден бастап ареопаг саяси бақылаудан айрылып, алдынала ой-
ластырылған кісі өлтірушілік пен ен ардақты нәрсені аяққа бас-
қаны үшін айыпталатын жағдайдан өзге ешқандай да сот ісін
шеше алмайтын болды. Өзге істердің бәрі де ант бергендер
соты — гелиэйге жүктелді. Ареопаг өзінің бұрынғы маңызынан
айрылды. Рас, Эфиальт осы реформаны жүзеге асырғаны үшін
қазаға ұшыратылды. Оның қазасы — аристократтардың кек қай-
таруы екендігінде күмән жоқ.

 

4. Перикл афины демократиясының көсемі. Афины демократиялық партиясы мен афины демосы Эфиальттің қаза табуына  қарамастан, ареопагты әлсіретіп, өздерінің саяси жағдайын нығайтып алды. Бірақ аристократиялық және демократиялық   партиялар арасындағы күрес шиеленісе түсті.

Бұл кезде аристократиялық партияның көсемі — Мелесийдің баласы, тәжірибелі саяси  қайраткер Фукидид (тарихшы емес), ал демократиялық партияның көсемі — Эфиальттің жолын қуушы Перикл болған еді. Бұл күресте демостың мүддесін қорғай отырып, Перикл бастаған демократиялық партия жеңіске жетті. Дристократтардың жетекшісі Фукидид Афиныдан қуылды.

Перикл де, сол кездегі өзге саяси қайраткерлер сияқты, аристократтар тұқымынан шыққан еді. Оның шешесі белгілі Алкмеоцидтер әулетіне жататын, осы әулеттің өкілі Клисфен көрнекті демократиялық кайраткер болғанды. Перикл бала кезінен Афинынын демократиялық жолмен дамуын жақтаушылардың арасында өсті. Ол тамаша білім алды. Өзің айбынды да асқақ ұстай білгені үшін, ол «олимпиші» деген атақ алды. Оның бойы биік, тур-келбеті көрікті еді. Ол аса салқын қанды және ұстамды болды.    

Периклдің айналасында философтардың, драматургтар мен жазушылардың, суретшілер мен архитекторлардың үйірмесі құрылды. Ол тек қана Афинының емес, сондай-ақ бүкіл Греция-нын да мәдени орталығы еді. Бұл үйірмеде Периклдің әйелі, сол кездегі озық әйел, Милеттен шыққан Аспасия үлкен роль атқарды. Ол да Перикл сияқты, осы үйірменің ұйытқысы болды. Үйірмеге Периклдің бұрынғы мұғалімі философ Анаксагор, мүсінші Фидий, тарихшы Геродот және басқалары қатысты. Б. э. дейінгі V ғасырдағы  Грецияның мәдениеті мен білімін дамытуда бұл үйірме өте үлкен роль атқарды.

Перикл құл иеленушілік демократия идеяларына мейлінше берілген еді. Ол афины демосының өмірін жақсартуға қамқорлық жасады және демостың мүддесі үшін саяси қызмет етуді өзінің өмірлік мақсаты деп білді. Бұл жөнінде ол Пелопоннес соғысында алғаш қаза тапқан жауынгерлерді жерлеу үстінде сөйлеген сөзінде айтты. Бұл сөзді тарихшы Фукидид  жазып  қалдырды,  Перикл афины демократиясына және б. э. дейінгі V ғасырда жасалған өнер шығармаларына үлкен мән берді. Оның: «Біз шығармаларды қысқа мерзім ішінде жазғанмен, олар ұзақ емір сүреді»,—деген сөздері әйгілі.

Периклді    ертедегі    адамдар эпидемия   кезіңде оба   ауруынан өлді деп санаған, бірақ ол, шамасы бөртпе сүзектің ауыр форамаларының бірінен қайтыс болғанға ұқсайды. Өлерінің алдында өзіне өміріңіздегі басты нәрсе не деп санайсыз деп қойылған сұраққа ол. «Бірде - бір афины азаматы менің кінәмнан қараплащ киген жок»,— деп жауап берген.

Перикл демостың орта топтарына сүйенді және қала қорғандары мен Афиныны Пиреймен жалғастыратын қорғандарды салу және нығайту, афины храмдарын тұрғызу ісін ұйымдастыру арқылы, афины азаматтарының кедей топтарын жұмыспен қамтамасыз етуге ұмтылып отырды. Афины халық жиналысындағы көпшілікке берік сүйене отырып, ол билікті 15 жыл бойына өз қолында ұстады.

 

5. Афины демократиясыныд саяси құрылысы. Афины мемлекетінің басты билік органы халық жиналысы — экклесия болды. Халық жиналысы ең ұзақ дегенде он күнде бір рет Акрополь жанындағы үлкен жайдақ төбе Пникстің басына жиналатын. Мәжілістер кейінірек афины театрында өткізілетін болды. Халық жиналысына 20 жасқа толған барлық дфины азаматтары қатысатын. Өзге қалалардан Афиныға қоныс аударған гректер — метектер   және  сондай-ақ   құлдар   экклесияға   жіберілмейтін.

Афины халық жиналысы Афины саясатының барлық негізі мәселелерін талқылайтын және шешетін, финанс мәселелерін қарайтын, соғыс және бейбітшілік жөніндегі мәселелерді шешетін, өзге елдерден келген дипломаттардың баяндамаларын тыңдайтын және сондай-ақ күнделікті көптеген мәселелерді карап отыратын. Халық жиналысында әрбір афины азаматы кез келген сұрақты қоюға праволы еді. Шешім ашық дауыспен қол көтеру арқылы, кейде жабық дауыспен де қабылданатын. Жабық дауыс бергенде урнаға бұршақтар, қара, не ақ тастар, не жазуы бар ыдыстың сынықтары салынған.

Халық жиналысынан тысқары өзге де демократиялық мекемелр өмір сүрді, дегенмен, өздерінің маңызы жөнінен халықы жиналысымен теңесе алмайтын еді.

Демократиялық мекемелердің бірі—Клисфен кезінде негізі қаланған буле немесе бес жүздіктер кеңесі еді. Бес жүздіктер кеңесі халық жиналысында талқылануға тиісті мәселелер мен олардың күн тәртібін әзірлейтін. Бұдан тысқары бес жүздікте кеңесі Афинының қызмет адамдарының істерін қарайтын.

Ант берушілер соты-гелиэй-ірі демократиялық мекеме еді. Судьяларды зеребе бойынша бүкіл Афины азаматтары сайлайтын. Барлығы 6 мың судья сайланатын, олардың 5 мыңы ант берген, ал 1 мыңы қосалқы судьялар еді. Афины соты 10 пала

таға бөлінді, олар дикастериялар деп аталды және бірқатар комиссиялардан тұрды. Судьялар мен сот мекемелерінің саны осынша көп  болуы — олардың тек  афины  азаматтарына  ғана  емес, өзгелерге де қызмет етуіне байланысты еді. Мұнда Афинының барлық одақтастары да, басқаша айтқаңда, іс жүзінде Кіші Азия жағалауының, Оңтүстік Фракияның және Эгей теңізі аралдарының барлық тұрғындары дерлік сот істерімен келуге тиісті еді.

Афины сотында ісі қаралатын бір де бір азамат өзінің ісі қай декастерияда қаралатынын алдын ала білмейтін еді. Ол мұны сот болатын күні немесе мәжіліс басқалардың алдында ғана білетін. Мұндай ереже қуынушының пара бере алмауы үшін өмір сүрді. Ертедегі кезде адвокаттар болмайтын. Қуынушы немесе айыпталушы шығып сөйлейтін, сондай-ақ олардың туыстары да сөйлей алатын.

Стратегтер немесе әскери қолбасшылар коллегиясы Афиныдағы маңызды мекеме еді. Коллегия 10 адамнан тұратын. Ол Афиныны қорғау ісіне, әскерлерге, әскери кемелерге, қамалдар мен әскери қамалдарға басшылық жасады. 10 стратегтің әрқайсысының өз міндеттері болды, сондай-ақ бірінші стратег те бол-ды. Б. э. дейінгі 444 жылдан 429 жйлға дейін бұл қызметті Перикл атқарды.

Таза әскери міндеттерден басқа стратегтер коллегиясы халықаралық мәселелермен, өзге мемлекеттермен қарым-қатынас жасау ісімен де айналысты. Кей стратегтерге дипломатиялық миссиялар жүктелді.

Грек-парсы соғыстары барысында Клисфен әскери мекеме ретінде құрған стратегтер коллегиясының мемлекеттік қосымша функциялары бірте-бірте көбейе берді де, б. э. дейінгі V ғасырда ол іс жүзінде Афины мемлекетінің ең басты, басқарушы коллегиясына айналды.

Мемлекеттік қызмет атқаруға афинының әр азаматы қабілетті деп саналды. Сондықтан стратег пен қазына ұстаушыдан басқа қызметкерлердің бәрі де зеребе бойынша сайланды, стратег болу үшін белгілі дәрежеде арнаулы дайындық керек деп саналғандықтан, стратегтер ашық дауыс берумен сайланатын еді.

Афины құл иеленушілік демократиясы афины азаматтары үшін үлкен праволар беретін. Өзінің мүліктік жағдайына, біліміне қарамастан, әрбір афины азаматы халық жиналысына белсене қатыса алатын еді.

Бірте-бірте афины азаматтарының мемлекеттік қызметтердің көпшілігіне сайлану правосына ие болуға қолдары жетті.

Перикл тұсында кедей адамдарға, өздерінің барлық уақыттарын мемлекеттік істер атқаруға жұмсай алуы үшін, тұңғыш рет мемлекеттік қызметке ақы төлеу тәртібі енгізіле бастады. Сотқа қатысқаны үшін тұрмыс дәрекесі орташа афины азаматтығына бір күндік табысындай ақы — 2 обол төленетін. Оған қатардағы қолөнершіге бір күнге қажет нәрсенің бәрін де сатып алуға болатын еді. Бұл ақы диета деп аталатын.

Театрға барғаны үшін де ақы төленетін,   афины   азаматы театрға баруға берген ақшаны алып, оған сол күнге азық-түлік сатып алатын. Театр ойындары азаматтарды саналылыққа тәрбиелеуге тиіс еді. Кедейлердің де театрға баруын қамтамасыз ететін театр ақшасын енгізудің себебі осымен түсіндірілетін.

Бірте-бірте б. э. дейінгі V ғасырдың соңғы он жылдықтары мен ІV-ғасырдың алғашқы жартысында Афиныда  мемлекеттіқ арлық қызметтерге және тіпті халық жиналысына (экклессияға) қатысқаны үшін де ақы төлеу енгізілді.

Әрбір Афины азаматы халық жиналысына жаңа заңдар жобаларын ұсынуға праволы еді. Бірақ заң жобаларын талқылау мен бекіту жолдары күрделі, ал олардың авторының жауапкершілігі өте қатаң еді: егер жаңа жобаны зерттеген комиссия мең халық жиналысы оны афинының демократиялық құрылысың қарсы бағытталған деп тапса, авторы өлім жазасына дейін кесілетін. Жаңа заң бекітілгеннен кейін бір жыл ішінде әрбір афины азаматы оған қарсылық білдіре алатын еді, Афиныда қалыптасқан мемлекеттік жүйенің тұрақтылығы осылайша қамтамасыз етілетін.

Жетекші демократиялық мекемелермен қатар, Афиныда ескі мекемелер — ареопаг пен тоғыз архонт коллегиясы да өмір сүріп, өз қызметін жалғастыра берді. Алайда Эфиальт реформасынан кейін ареопаг өзінің бұрынғы саяси маңызынан айрылып қалды, ал архонттар коллегиясы барған сайын басқарушы емес, құрметті мемлекеттік институт сипатына көбірек ие бола берді.

Біз жоғарыда айтқан барлық праволармен, Афины мен Аттика тұрғындарының іс жүзінде оннан бірі ғана болып табылатын, афины азаматтары ғана пайдаланды.

Афиныда афины азаматтарынан басқа, гректің өзге қалала
рынан шыққан метектер де тұрды. Бұлар — Милеттің, Самос
аралының және басқаларының тұрғындары еді. Бұл адамдар
дың афиныда шеберханалары, кейде үйлері де болғанымен, олар
афины азаматтары болып саналмады. Көптеген метектер Афи
ныда ұзақ жылдар бойы тұрып келе жатқандар еді, олардың
қайсыбірінің әкелері мен аталары ертеде осында көшіп келген
болатын, бірақ оған қарамастан метектің өзі де, балалары да
саяси праволарға ие болмады. Б. э. дейінгі 451 жылы Перим
«таза азаматтық жөнінде», басқаша айтқанда кандай адамның
афины азаматы бола алатыны жөнінде; арнаулы заң шығарды.
Бұл заң бойынша азаматтар қатарына әкесі мен шешесі толып
праволы афинылықтар ғана қосыла алатын еді.   

Афины тұрғындарының жартысы болған әйелдердің де саяи праволары жоқ еді. Олар халық жиналысына қатыса алмады мемлекеттік қызмет атқара алмады, театрға бара алмады.

Афины мемлекетінде өндіріс құл еңбегін қолдануға негіздел
ді. Бірақ құлдардың ешқандай азаматтық және саяси праволары
жоқ еді.

Демократияның осындай шектеулі болғанына қарамастан Афины мемлекеті құл иеленушілік формация үстемдік етіп тұрған кезеңдегі ең алдыңғы қатарлы мемлекет болды. К. Маркс Перикл дәуірін афины демократиясының ең гүлденген кезі деп сипаттады.

Афинылық құл иеленушілік демократияны дәріптеушілік XIX  ғасырдақ орын алғанды. Өз уақыты үшін Грецияның өте мазмұнды тарихын жазған белгілі ағылшын тарихшысы Дж. Грот осы дәріптеушіліктің алғашқы негізін қалады. Ол дүниедегі болған және болашақ мемлекеттердің ішіндегі ең таңдаулысы афины демократиясы болмақ деген. Гроттың бұл трактатын өзге тарихшылар да қабылдады және оны қолдайтындар бүгін де бар.

 

 6. Афины «архэсы». Афины демократиясының көлеңкелі жақтарының бірі — оның одақтастарымен қарым-қатынасы еді. Грек-парсы соғыстары дәуіріндегі 1-ші Афины, немесе Делосс, теңіз одағы құрылды, ол өзінің алдына Персиямен соғыста толық жеңіске жетуді мақсат етіп қойды.

Гректер парсыларды жеңгеннен кейін, афинылықтар казынаны Делосс аралынан Афиныға көшіріп әкелді. Сөйтіп, одақтастар енді бұл қазынаның жұмсалуына бақылау жасай алмайтын болды. Бейбіт уақытта одақтастар қазынаға ендігі жерде де Афинының пайдасына арналған алым-салық — форос төлеуді жаластыра берді.

Осылайша 1-ші Афины теңіз одағы бірте-бірте Афины архэсына («архэ»—«билік», «үстемдік»), басқаша айтқанда Афины теңіз державасына айнала берді. Форос алудан басқа, афинылықтар одақтастар территориясына өздерінің кедей азаматтарын көшіріп, оларды клермен қамтамасыз ете бастады. Клерухиялар арқылы афинылықтар екі мақсатқа қол жеткізді: Аттикадағы әлеуметтік жағдайлар туғызған жер тапшылығын жеңілдетті және одақтастарына үстемдік жүргізу үшін тірек базаларын жасады. Клерухиялар әскери жер иеленуші қоныстанушылар болды. Одақтастардың Афины әкімшілігіне бағынбаған немесе көтеріліс жасаған жағдайында клерухиялар өздері қоныс тепкен территорияны Афиныдан шыққан жазалаушы экспедицияның келіп түсуіне арналған плацдарм ретінде ұстап тұратын әскери отрядқа тез арада айналдырып отырды.

Форос пен клерухиялар әрдайым одақтастардың Афины үстемдігіне наразылығын туғызып отырды. Бірақ Афины архэсына айналған 1-ші Афины теңіз одағы демосқа одақтас полистерде үстемдік жағдайды қамтамасыз ете отырып, кәсіптік өндірісті дамытуға және Эгей теңізінде сауда ісінің күшеюіне жағдай туғызды, жергілікті аристократия мен олигархияға қарсы күресте одақтық демостың позициясын арттыра түсті. Сондықтан Афины архэсы б. э. дейінгі V ғасырдың аяғына дейін дерлік өмір сүрді.

Б. э. дейінгі V ғасырда Афинының экономикалық, саяси және мәдени гүлденуі байқалады. Дәл осы кездерде Афиныда көптеген эргастерийлер (шеберханалар) жұмыс істеді, оларда жоғары сапалы қолөнер бұйымдары жасалды. Әсіресе Эгей, Мрамор және Қара теңізде афины саудасы гүлденді. Бұл кезде Афины Грецияның ең күшті мемлекеті еді.

                           

         7. Пелопоннес соғысы әр аймақтарда әр түрлі дәрежеде дамыған, ежелгі Грецияның құл иеленуші қоғамының ішкі қайшылықтарының жинақталуы және шиеленісуі нәтижесінде туды. Артта қалған Спартаның 1 – ші Афины теңіз одағын әлсірету немесе күйрету есебінен Грецияда өзінің саяси гегемониясын қайтадан қалпына келтіруге ұмтылуы Афинының экономикалық жағынан дамыған бәсекелестерінің, соның ішінде әсіресе Коринф пен Мегераның, өздерінің суда және қолөнер саласындағы қарсыластарын әлсіретсек деген тілегімен дәл келді. Коринф пен Пелопоннес одағы үшін әсіресе – Афинының Оңтүстік Италия мен Сицилияда орнығуға ұмытылуы қауіпті еді. Б.э.д V ғасырдың екінші жартысында грек полистерінің басым көпшілігі немесе 1 – ші Афины теңіз одағының құрамында, немесе Пелопоннес одағына кіргендіктен, соғыс жалпы грециялық сипатқа ие болды.

         1 – ші Афины теңіз одағының экономикалық және саяси жағынан жедел дамуы барысында Афинының өз одақтастарымен де, сондай – ақ өзге грек полистерімен де қақтығыстары жиілей түсті.

         Соғыстың басталуын тездеткен алғашқы оқиға Коринфтен, Спарта мен Афиныдан алыста – ертедегі грек дүниесінің батыс шетіндегі Эпидамна колониясында және Керкира аралында өрбіді. Бұл екеуі де Грециядан Оңтүстік Италияға және Сицилия аралына жүк таситын теңіз жолындағы маңызды стациялар еді. Эпидамнада демократиялық төңкеріс болды. Қаладан қашқан олигархтар Эпидамнаға қайтадан шабуылға шықты. Эпидамналықтар өз метрополийі Керкирадан көмек сұрады, бірақ бұл кезде Керкираны олигархтар билеп тұрған еді, олар көмек бермеді. Керкира Коринфтің колониясы болғандықтан, эпидамналықтар енді коринфтіктерден көмек сұрауға аттанды. Коринфтіктер Эпидамнаға көмектесті, бірақ осы үшін Керкира енді оларға қарсы шықты. Теңіз соғысында керкиралықтар коринфтіктерді жеңді, коринфтіктер сол сәтінде – ақ есе қайратуға кеңінен әзірлене бастады. Керкира осыдан соң 1 – ші Афины теңіз одағына кірді, бұл – осы одақ пен Пелопоннес одағының арасындағы өткенде жасалған бейбітшілік шартын бұзу еді. Бейбітшілік шартында одақтастар бір – бірінің жақтастарын өз жағына шығаруға әрекеттенбеуі керек деп көрсетілген болатын. Осыдан кейінгі коринфтіктермен болған теңіз соғысында керкиралықтарды толық жеңілістен Афинының көмегі ғана сақтап қалды. Осылайша Оңтүстік Италия мен Сицилияға баратын теңіз жолында Коринф пен Афины арасында әскери жанжал туды. Бұл жанжалда демократиялық Афины ортақ жау олигархиялық Коринфке қарсы күресте Керкира олигархтарына көмектесті, ал Коринф олигархтары Эпидамна демократтарын қолдады. Сөйтіп, Коринф пен Афинының экономикалық мүдделері олардың саяси көзқарастарынан жоғары болып шықты.

         Бірінші қақтығыстан кейін іле – шала екінші қақтығыс болып өтті. Оқиғалар Халкидика түбегіндегі Коринф колониясы Потидеяда өрістеді. Халкидика 1 – ші Афины теңіз одағына кіретін, бірақ сонымен бірге Коринфпен де тығыз қарым – қатынас жасайтын, бұл соңғысы Керкирамен болған жанжалдан кейін Потидеяны Афиныдан іргесін аулақ салуға көндірді. Афинылықтар Потидеяны қоршауға алды, ал Потидеяға Коринф қарулы көмек көрсетті. Коринфті мегарылықтар қолдады. Екі полис те Спартаны Афиныға қарсы соғыс қимылдарын бастауға жігерлі түрде үгіттей бастады. Осы кезде үшінші жанжал туды: афины халық жиналысы мегары сауда кемелеріне 1 – ші Афины теңіз одағының барлық айлақтарында бойкот жариялаған арнаулы шешімді бекітті. Негізінен жағалаудағы қалалармен және Эгей теңізі аралдарымен ғана сауда жасап келген, сауда мен қол - өнерді кәсіп еткен Мегары полисі өте қиын жағдайға ұшыратылды.

 

         8. Архидамның соғысы (б.э.д 431 – 421 жылдар).  Коринф пен Мегарының қысымымен спарталықтар Афиныға қарсы әскери қимылдар бастады, оған ІІ Архидам патша басшылық етті, ол соғыс жоспарын спарталықтардың құлықтағы әскери күшінің артықшылығын ескере отырып жасады. Сондықтан да Пелопоннес соғысы, ал оның бірінші кезеңі Архидамның соғысы деп аталды. Аттикадағы экономикалық және саяси жағдайды ескере отырып жасады. Сондықтан да Пелопоннес соғысы, ал оның бірінші кезеңі Архидамның соғысы деп аталды. Аттикадағы экономикалық және саяси жағдайды ескере отырып, Архидам оның ауыл шаруашылығын күйзелтуді және осының нәтижесінде Перикл мен оны қолдаушы қала демосына қарсы ашық соғысқа шығуға мәжбүр етеді, ал құрлықтағы афины күштері спарталықтардан едәуір аз болғандықтан, спарталықтардың жеңуі күмәнсыз деп есептеледі.

         Спарталықтардың соғыс жүргізу жоспарына афинылықтар Перикл жасаған жоспарды қарсы қойды. Егер спарталықтар өздерінің құрылықтағы әскери күштерінің артықтығына сүйенсе, афинылықтар өздерінің әскери – теңіз флотының артықтығына арқа сүйеді. Аттиканың спарталықтар басып кіру мүмкін қауіпті аудандардың село тұрғындары Афины мен Пирей арасындағы ұзына ұзақ қорғанмен қоршалған жерлерге уақытша қоныс аударуы қажет еді. Бұл кезде Афины әскери – теңіз флоты Пелопоннесті теңізден қоршауға алып, Коринфтің Сицилиямен және Оңтүстік Италиямен сауда қатынасын үзуге тиіс еді. Пелопоннес одағының экономкалық мүмкіндігі афинылықтар мен олардың одақтастарының экономикалық мүмкіндігінен төмен еді. Теңіз блокадасы пелопоннестіктерді әлсіретуге тиіс болатын. Афиныны құрылықтан қорғап және теңізбен жалғастырып тұрған, бекініс қорғандармен қоршалған аудан ол кезднгі соғыс жүргізу әдістері бойынша алынбас берік еді. Оның үстіне спарталықтар қорғандарды алып үйренбеген болатын, теңізде үстем болған афинылықтар жергілікті тұрғындарды да, Афины ұзынан – ұзақ бекініс қорғанының ішіне қоныс аударғандарды да іс жүзінде қанша уақыт болса да азық – түлікпен қамтамасыз ете алатын Перикл жоспарының осал жері – шаруаларды амалсыз эвакуациялауға тура келетіндігі және жау әскерлері олардың жер учаскелерін ойрандауы мүмкін екендігі еді.

         Спарта әскерлері Афинының солтүстігіндегі және батысындағы шаруалардың шаруашылықтарын ойрандағанмен де, афинылықтарды шешуші айқасқа шығара алмады. Басып алған жерлерді ойрандаймыз деп спарталықтардың өздері азық – түлік жөнінен қиын жағдайда ұшырады және екі айдан кейін Аттиканы тазартып, Пелопоннеске қайтуға мәжбүр болды. Б.э.д. 430 жылы олар өз жорықтарын тағы қайталады. Сол жылы Афиныға күтпеген жерден атап келді: афины кемелері Пирейге өздерімен бірге шығыстан аса ауыр жұқпалы дерт әкелді. Қашқындар көп жиналған бекініс қорғандарының ішіндегі антисанитарлық жағдайда жұқпалы ауру Афиныға тез тарап, көп адам өлімге ұшырады. Деректерде бұл ауру оба делінеді. Эпидемия жергілікті сипатта өтті. Ол Афиныны әлсіретті, бірақ адамдар оба аурумен ауыратын жағдайдағыдай жаппай қырылған жоқ. Егер ол шынымен оба ауруы болғанда, афинылықтар бұдан он төрт жылдан кейін – ақ Сицилия экспедиясын шығара алмаған болар еді. Шамасы, ол сүзектің болс керек.

         Халық, әсіресе шаруалар, Афинының басына келген ауыртпалыққа кінәлы адам деп санаған Перикл б.э.д. 430 жылы биліктен құлады. Бірақ кешікпей – ақ ол қайта ақталды да, б.э.д. 429 жылы қайтадан бірінші стратег болып саналады. Алайда өте қартайған Перикл жұқпалы аурудан өлді.

  Перикл өлгеннен кейін соғысты жалғастыруды жақтаушылар мен бейбітшілік бітім іздеушілер арсындағы күрес күшейе түсті. Соғысты жақтаушылар жеңіп шықты. Билікке тері өңдеу шеберханасының меңгерушісі Клеон келді, ол өз саясатында, Спартаны жеңу арқылы өздерінің жағдайын түзеп алудан үміт еткен, демостың кедейленген топтарының мүддесін көзднді. Бірақ жұқпалы ауру салдарынан Афинының әлсіреуі 1 – ші Афины теңіз одағының мүшелері арасында Афинының қарсы аристократиялық және олигархиялық топтардың белсенділігі күшеюіне алып келді. Бұл топтарға Спарта барынша көмектесті. Б.э.д. 428 жылы Митиленах қаласына көтеріліс туып, афинылықтар оны әрең басты. Б.э.д. 427 – 425 жылдары Керкира аралына көтеіліс болып, соның нәтижесінде билік жергілікті аристократтардың қолына көшті. Аристократия мен демос арасндағы өзара қатал соғыста екі жақ та тағылыққа жол беріп, күреске құлдарды да қатыстырып отырды. Ең ақырында Керкирада Афинының көмегімен демократтар жеңіп шықты.

         Індет әкелген шығыннан едәуір оңалған афинылықтар б.э.д. 425 жылы Спартамен соғысты қайта күшейтті. Флотқа басшылық жасаған афины стратегі Демосфен Пелопоннестің батыс жағалауын қоршауды қайтадан қолға алып, әскер түсірді де, Мессиниядағы Пилос портын басып алды.

         Клеон қаза тауып, Амфиполь түбінде әскери жеңіліске ұшырағаннан кейін, енді Афинының сыртқы саясатының тізгінін қолға алған Никий бастаған бейбітшілік орнатуды жақтаушылардың ықпалы күшейді. Екі жақ та – Пелопоннес те, 1 -  ші Афины теңіз одағы да алма кезек женіспен он жыл бойына жүргізілген соғыстан қажыған еді. Бейбітшіік жөнінде келіс – сөздер басталып, б.э.д. 421 жылы Афины мен Спарта арасында 50 жылға арналып бейбітшілік жөнінде келісім жасалды, ол келісім ос іске ұйтқы болған Никийдің есімімен аталды. Никий келісімнің шарттары бойынша спарталықтар мен афинылықтар өз әскерлерін басып алған жерлерді босату және қолға түскен тұтқындарды өзара айырбастауға тиіс еді. Оның үстіне афинылықтар егер құлдар көтеріліс жасай қалс, спарталықтарға көмектесуге уәде берді. Бейбітшілік шарттары толық орындалған жоқ. Афинылықтар мессендік Пилоста, ал спарталықтар Фракияда қалып қойды. Спартаның одақтастары Коринф, Мегары және Фивы Никий келісімін таныған жоқ.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-05-26 19:53:16     Қаралды-6123

ГАЛАКТИКА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Ежелгі гректер бұл жұлдыздар шоғырын Галактика деп атаған, ол Құс жолы дегенді білдіреді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАЛАМ ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

20 ғасырдың бірінші ширегіне дейін Әлемнің өзгермейтін, тұрақты және мәңгілік нәрсе ретіндегі идеясы болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰХИТ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

...

Дүниежүзілік мұхиттар – гидросфераның негізгі бөлігі

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ҚУАТЫН КІМ АШТЫ?

...

Бенджамин Франклин есімді адам бірінші болып электр тоғының не екенін толық түсіндіруге тырысты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ВЕЛОСИПЕДТІ АЛҒАШ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Бұл скутер педальсыз велосипедке көбірек ұқсады...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОФЕНІ ҚАШАН ЖӘНЕ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Кофені кім және қашан ойлап тапқанын нақты айту мүмкін емес - бәрі аңыздан басталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ АЛҒАШҚЫ СМАРТФОН

...

Сенсорлық экраны бар ең алғашқы смартфон IBM Simon болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СІЗ АУАНЫ КӨРЕ АЛАСЫЗ БА?

...

Ауаның мөлдір, түссіз, иіссіз екенін бәрі біледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕҢ БИІК ТАУ ҚАЙ ЖЕРДЕ?

...

Планетамыздағы ең биік тау құрлықта емес, Тынық мұхитының түбінде тұр

ТОЛЫҒЫРАҚ »