UF

 

Грек-парсы соғысы

 

Жоспар:

 

              1. Соғыстың басталуы

                        2. Марафон шайқасы

                        3. Саламин шайқасы

                   

     1. Соғыстың басталуы.

Кіші Азиялық  грек қалаларының тұрғындары парсылардың тұрғындары парсылардың салық жүйесінен өте-мөте зардап шекті. Парсылар тағайындаған тирандардың шекген тыс зорлық-зомбылықтары тұрғындардың қалың топтарының ауыр жағдайын одан әрі қиындата түсті. Бірте-бірте кез келген кішкене себептің  өзінен-ақ стихиялы көтеріліс бұрқ ете түсерліктей жағдай туды.

         Осы кезде ішкі күрестер нәтижесінде үлкен Наксос аралында аристократтар билігі құлатылды және қуғындалды. Наксос аристократтары Ионияға қашты. Олар барып көмек сұраған Милет тираны Аристагор Наксос аралында аристократтардың билігін қайта орнатқысы және сонымен бірге аралды Персияға бағындару арқылы патшаға жағынғысы келді. Бірақ аралды басып алу әрекеті іске аспады.

      Осыдан соң, Геродоттың айтуынша, І Дарийдің қаһарынан қорыққан  Аристогар Милеттке қайтып келіп, милеттіктерді парсылардың  езгісіне қарсы көтеріліске  шақырды. Б.э. дейінгі  500 жылы Милетте стихиялық көтеріліс басталды, ол кіші азиялық герктердің қалаларының көпшілігіне тез тарады және оны жергілікті тұрғындар карийліктер де қолдады. Тирандық биліктен  Аристагордың өзі бас тартты, өзге қалаларда тирандарды көтерілісшілер құлатты.

     Иония көтерілісінің алғашқы кезде табысқа жетуі, оның парсылар үшін күтпеген жай болуынан еді, Кіші Азияның батыс бөлігінде парсылардың жеткілікті әскери күштері болмады, Көтерілісшілер мұны түсінді. Аристагор Балқон Грециясының қалаларынан көмек сұрауға аттанды. Өзерінің сауда жолдарына парсылар орнатқан бақылаудан өте-мөте зардап шеккен Афины ғана іс жүзінде символдық көмекткөрсетуге келісім берді. Олар парсы флотына қарсы 20 әскери кеме жіберді. Эвбеядағы Эретрия қаласы 5 кеме жіберді.

      Бұл уақытта  көтеріліс  кіші  азиялық  жағалауды  тұтас қамтыды және тіпті Кипрге дейін жетті.Солтүстігінде ол Пропонтиданың европалық жағалауындағы  Византияға және басқа  да  грек қаларына  жайылды. Бірақ  күш  тең  емес  еді.    Б.э. дейінгі 494 жылы көтеріліс толық басылды. Содан аз ғана бұрын гүлденіп тұрған Иония толық құлдырады.   

 

 

2. Марафон шайқасы

         Б.з.д. 490 жылдың жазында теңіз жағалауындағы елді мекеннен жаушы Афиныға: «Марафон қойнауына парсы кемелері келіп кірді. Қаруланыңдар!» деген қорқынышты хабар жеткізеді.

    Қару ұстауға шамасы келетіндердің бәрі сапқа тұрды. Халық жиналысының стратегі міндетін атқаруға парсыладың ұрыс тәсілін жақсы білетін Мильтиад сайланады.Он мыңдаған жаяу әскері жауға қарсы аттанады.

    Спартаға көмек сұрап жаушы жібереді. Афинылық желаяқ жаушы екінші күні Лаконияға жетеді. «Элладаның көне қаласын жау қолына бере көрмеңдер!» деп жаушы спарталықтарды көмекке шақырып жар салады. Спарталықтар қазір емес, кейінірек көмек беретіндеріне уәде етеді.Олар өздерінің ежелден келе жатқан дәстүрінен аттай алмайтынын, ай толғанша спарталықтардың жорыққа шығуына болмайтынын алға тартады. Афиныға гректің басқа қалалары да көмектесе алмады. Тек Афинымен  іргелес Платеи қаласы ғана ерлік жасап, соғысуға мың жауынгер жібереді.

      Марафоннан Афиныға дейін қырық шақырымдай еді. Грек әскерлері Марафон қойнауын қоршаған адырларға жеткенде бүкіл жағалауды алып жатқан лагерь мен теңіз жиегіне тұмсық тіреп, сықасып тұрған кемелерді көреді.Анда-санда жылқылардың кісінегені мен жатжерліктердің сөйлеген дауыстары естіледі. Парсылардың өздерінен әлдеқайда көп екені байқалады.

     Мильтиад жаудың Афиныға өтетін жолына тосқауыл қояды. Бірақ адырлардан парсы атты әскерлерінің әрекетіне қолайлы жазыққа түсуден сақтанады. Күндер өтіп жатады. Ал, парсы әскербасыларға болса, афинылықтарды жазыққа алдап шығару үшін неше қилы тәсіл қолданып бағады. Ақыры, тәуекел теіп, қатерлі қадам жасайды.

     Түн ішінде парсы әскерінің бір бөлігі, атты әскерлерімен қоса кемеге тиеледі.Мұндағы мақсаты Аттиканы айналып өтіп, қорғанышсыз қалған Афиныға басып кіру еді.Әскерлердің тағы бір бөлігі Марафон жазығанда қалуға тиіс болады.

    Бұл хабарды естіген Мильтиад шайқасқа бел байлайды. Гректер жазыққа шығады да, иық тірескен тығыз қатармен сап құрап тұрады. Олардың соғыс шебі парсылардың ұзындығымен деңгейлес ,тек орта тұсының қатары ғана қарсыластарына қарағанда сиректеу болып көрінеді.Мильтиад соғысты бастауға жарлық береді. Бұл әрекет парсыларға есі ауысқан адамдардың

қылығы болып көрінеді.Не атты әскері, не садақшылары жоқ герктер жауып тұрған оққа қарамастан шабуылға ұмтылады. Марафон шайқасы осылай басталды.

   Парсылар герктер шебінің орта тұсын жарып, ілгері жылжиды, шет жақтары тырп етпейді. Мұны жеңіс нысаны деп ұққан парсылар ентелеп, гректер лагеріне қарай ұмтылады. Сол кезде жылжымай тұрған гректердің екі шеті қатарын тығыздай түсіп,парсыларға арт жағынан тиіседі.Эллиндер кескілескен ұрыспен жауды шегінуге мәжбүр етіп, теңізге қарай ығыстырады.Гректер жеті кемені басып қалады. Қалған кемелерімен парсылар Афиныға асығыс жүзіп кетеді.Жаудың ниетін сезген афинылықтар туған қаласын қорғайға асығады.Парсы кемелері Аттиканы айналып өтіп,Афины бұғазына жақындағанда сақадай сайланған герк әскерлері жағалауда соғысқа әзір тұрады. Парсылар батыл қимылға бара алмай, қайтадан кері жүзіп кетеді.

    Сол аралықта ай толып, екі мың спарталық Аттикаға келеді. Шайқасқа кешігіп қалған олар Марафонға барады, сол жерде өздері  алғаш көрген парсы жауынгерлерінің өліктеріне таңдана қарасыды.

    Осыдан кейін парсылардың жеңілмейтіндігі туралы дақпырт азаяды. Олар алғаш рет афинылықтардан күйрей жеңіледі. 

  

3. Саламин шайқасы.

Грек соғыс кемелері Саламин бұғазын тастап  кетер деп қорыққан Фемистокл парсы жағынан қолға түскен өзіне аса сенімді Сикин деген құлды шақырып алады да: «Қайыққа отыр да, Фалер қойнауына қарай жүз» дейді. «Тақсыр, сен мені парсылар жағына жұмсап тұрсын ғой»деп таңдана сұрайды Сикинн.Ия,аялдама, Элладаның тағдыры сенің қолында! .

  Құл құпия тапсырманы орындап, Ксеркс патшаның алдына жеткізілді. «Бүкіл адам баласының билкушісі! »Афинылық Фемистокл саған мынандай хабарды жеткізуге бұйырды; «Эллиндерді қорқынышшты үрей билеп алады, осы түнде қашып кетуге әзір тұр. Соны өткізбесін дейді. Соғыс қызған кезде менің қожам сені жаққа өзі өтіп келетін болады».

   Бұл сөзге имандай сенген Ксеркс кемелеріне дереу теңізге шығуды бұйырады да, Саламин бұғазынан шығатын жолды ториды.Фемистоклдің осы амалының арқасында шайқас осы жерде өтеді.Кемелерінің тосқауылдап тұрғанын көреді. Енді шайқас өзіне-өзі осы жерде өтуге тиіс еді.

    Бұғаз аузындағы биік төбеге қойылған алтын тағында отырған Ксеркс Аттика жағалауын барлай шолады. Өз кемелерінің көптігіне масайраған патша жеңіске жететініне күмәнсіз сенеді. Сол аралықта қатты жел тұрады да, парсының биік палубалы кемелерін шайқалақтата ылғалтады. Ал тапалтақ тиерлерге ешқандай қауіпті емес еді. Гректер осы арада жауға алғаш рет соққы береді.

    Осы шайқастың жәй-жапсарын оған өзі қатысқан ақын Эсхил былай суреттеп жазады: «Алға,Эллада ұлдары! Отанды құтқарыңдар, әйелдер мен балаларды, құдайлар храмдарын, ата-бабалар қабірін құтқарыңдар!..» деген дауыстар жер жаңғыртты. Алғашында парсы әскерлері табандап тұрып қарсыласты. Содан кейін жау кемелері бұғазға сұғына ішкеріліп енгендебіріне-бірі көмектесе алмай қалды да, жез тұмсықтарымен өз кемелеріне өздері соқтықты, бәрі қирап жойылды. Теңіз суының бетінде өлгендердің қаны мен қираған кеме тақтайлары қалқып жүрді.»

    Саламин бұғазындағы жеңіс – грек-парсы соғысында шешуші міндет атқарды. Осы жеңілістен кейін Ксеркс құрлық әскерінің бөлімдерін қалдырды да, өзі Грециядан кетіп қалды.

    Бір жыл өткен соң бұл әскер Платея түбіндегі ұрыста толық талқандалды. Сөйтіп, гректер ұзаққа созылған аса ауыр күресте өз елінің тәуелсіздігін сақтап қалды.

4. Афинылықтардың Марафон түбінде қуатты парсы десантын жеңуінің үлкен моральдық және саяси мәні бар еді. Ол гректердің бойында парсы басқаншыларына қарсы күресте өз тәуелсіздіктерін қорғап қалу мүмкіндігіне сенім туғызды. Персия жаулап алған халықтар өзезушілерінің Марафон түбінде жеңіліске ұшырағанын естіп, қозғала бастады. Парсы үкіметі Грецияны жаулап алу ойынан бас тартқан жоқ.Бірақ ішкі толқулар оған Грецияға үшінші жорық ұйымдастыруға кірісуге көпке дейін мүмкіндік бермеді. Б.э. дейінгі 486 жылы І Дарий өлді.

     Гректер сәті түскен бейбіт танысты лайықты пайдалана алмады.Полистер арасындағы өзара соғыстар,олигархиялық және демократиялық топтар арсындағы араздықтар жалғаса берді. Парсылардың тағы да басып кіру қаупін азды-көпті дәрезеде барлығы да анық сезді. Кіші Азиядан Парсы державасы территориясындағы көтерілістің басып-шаншылғаны және Дарийдың мұрагері Ксеркс Грецияны бағындыру мақсатындағы жорыққа дайындала бастағаны туралы хабар келе бастағанда, Фессалия мен Беотия парсы патшасының жоғарғы билігін мойындады. ТіптіПелопонестегі Аргос ең алдымен Афиныға қарсы бағытталған алдағы болатын соғыста өзінің бейтарап тақалатынын мәлімдеді.Бүкіл гректік беделді діни орталық – Дельфте көрші Беотия мен Фессалияның ықпалы күшті ед, сондықтан оракул солқылдақ позиция ұстады. Бірақ өзге грек қалалары бір-бірімен іс-қимылдарынкеліспесе де, барлығы парсыларға қарсылық көрсетуге әрқайсысы әр түрлі дәрежеде дайындала бастады.

    Афиныдағы саяси күрес пен соғысқа әзірлік бізге жақсы мәлім Атикада, алдағы болатын қорғаныс соғысының стратегиясы жөніндегі мәселеде Афины азаматтарының әр түрлі топтарының мүддесін бейнелейтін құрлықтық және теңсіздік саяси топтар өзара күресті. Жер иесі аристократтар құрлықтық барлық күштерді топтастырып жұмылдыруды жақтады, бұларға шаруалардың қалың топтары қосылды, өйткені олар басқыншылық болған жағдайда өз шаруашылықтарының талан-таражға ұшырауынан қауіптенді. Аттиканың ауыл шаруашылығымен айналысатын тұрғындары құрлықтағы бекініс жасаған шекарадан күшті армияның көмегімен дұшпанды өз жерлеріне өткізбеуден үміттенді.


 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-05-25 19:11:04     Қаралды-8704

БӨЛШЕКТЕР ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Алдымен бұлар «жай бөлшектер» деп аталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕ ЖҮЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ ЦИРК ҚАШАН ЖӘНЕ ҚАЙ ЖЕРДЕ АШЫЛДЫ?

...

Қазіргі кездегі заманауи цирктің әкесі - ағылшын кавалеристі аға сержант Филип Астли

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЕТРО ҚАЙ ЖЕРДЕ ЖӘНЕ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Метро - теміржол көлігінің бір түрі, оның жолдары көшелерден алшақ, көбінесе жер асты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЫСЫҚТАР ҚАШАН ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫНА АЙНАЛДЫ?

...

Соңғы уақытқа дейін ежелгі мысырлықтар мысықтарды алғаш қолға үйреткен деп есептелді

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КІРПІШ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Пісірілген балшықтан жасалған бұл әмбебап құрылыс материалы

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ОТТЕГІ ҚАЙДАН КЕЛЕДІ ЖӘНЕ ОЛ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

...

Оттегі - жер бетіндегі ең көп таралған химиялық элементтердің бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДӘПТЕР ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Мектеп дәптерлеріне ата-әжелеріңіз, аналарыңыз бен әкелеріңіз жазған

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ПЛАНЕТА ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Біздің планетамыз шамамен 4,5 миллиард жыл бұрын пайда болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ПЛАНЕТА ҚАЙСЫ?

...

Күн жүйесіндегі ең үлкен планета - Юпитер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »