UF

Б.з.б. VIII – VI ғ.ғ Греция

 

Жоспар:

 

1. Б.з.б. VIII-VI ғғ. Грецияның экономикалық дамуы

2. Б.з.б. VIII-VI ғғ. Ұлы Грек отарлауы

3. Полистердің пайда болуы. Спарта қала-мемлекетінің қалыптасуы

4. Пелопаннес одағы

5. Афины қала-мемлекеті

 

 

 

1. Б.з.б. VIII-VI ғғ. Грецияның экономикалық дамуы.

         Б.э. дейінгі VIII – VI ғасырларда Грецияның қоғамдық дамуы, Гомер дәуірінің аяғында жер – жерде басталған ерте таптық қоғамның процесінің жалғасы болды. Б.э.д VIII – VI ғасырлар кезеңін дәстүр бойынша, әдетте архаистік, яғни алғашқы деп атайды, өйткені ХІХ ғасырдың үшінші жартысында басталып, осы күнге дейін созылып келе жатқан ұлы археологиялық ашылуларға дейін ежелгі Грецияның тарихын, әдетте б.э.д. VIII ғасырдан бастайтын. Алайда бұл термин бұл қазіргі күндерде де сақталуы мүмкін. Өйткені шын мәнінде б.э.д VIII – VI ғасырларда алғаш рет құл иеленуші қоғамының мейлінше таза және оның айқын бейнеленген түрінде қалыптасып құрылу процесі жүрген, бұл ғылымда антик дәуірі деп аталады.

         Дорий жаугершілігіне байланысты болған үзілістен кейін, Грецияда қайтадан кіші – гірім құл иеленуші мемлекеттер пайда бола бастады. Олар бекініс поселкелері сияқты болып келіп, онда жер иеленушілердің коллективтері тұрды, сөйтіп, өздерінің жалпы мүдессін, бекініс поселкелерінің жанындағы жер учаскелеріне меншігін және құлдарға меншігін бірге қорғады. Ежелгі гректер бұл мемлекеттік құрылулар полистер, яғни қала – мемлекеттер деп атады. Натуралдық шаруашылық үлкен мемлекеттік бірлестіктер үшін жағдайлар жасамады.

         Қауымдық жер иелену, негізінен, Гомер дәуірінің аяғында ыдырап біткендіктен, Грецияның көпшілік аудандарында шаруа – қауым мүшелері крит – микены дәуіріндегідей қанауға мүмкін болмай қалды...Бай жер иеленушілер өздерінің қарыздар құлға айналдырды. Дүние – мүлік жіктелуінің алшақтай түсуі ру аристократтарының арасында күшті әлеуметтік және саяси қайшылықтар тудырды. Ру аристократтары бұл кезде бай жер иеленушілер мен құл иеленушілердің басқарушы тобына айналған болатын. Бұларға қарама – қарсы қарапайым халық – селолық және қалалық демостар – Гомер дәуірінің қарапайым қауым мүшелерінің ұрпағы тұрды.

 

 

2. Б.з.б. VIII-VI ғғ. Ұлы Грек отарлауы.

 Ежелгі Грециялық басым көпшілік аудандарында, ауыл шаруашылығында пайдалануға жарайтын жерлердің жеткіліксіз жағдайында, дүние – мүлік дәрежесіне қарай жіктелу жер таршылығына ерте әкеліп соқты. Жерсіз азаматтар саны көбейді. Қолөнерінде құлдардың арзан еңбегін пайдаланудың күшейе түсуі бұл азаматтардың көпшілігіне қолөнершіге айналуға мүмкіндік бермеді. Полис территориясының шығындығы және оның экономикалық дәрежесінің төменгі өз аймағында кедейленген азаматтардың тек азын – аулақ бөлігінің ғана өлместің күнін көріп, өмір сүруін қамтамасыз ете алатын еді. Бұл мәселеге кезінде К. Маркс назар аударып, былай деп жазған болатын: «Өндірігіш күштің жеткіліксіз дәрежеде өркендеуі азаматтық правоны бұзуға болмайтын, белгілі ара сан қатынасына тәуелді етті. Бұдан құтылудың бірден – бір жолы эмиграция болды».

         Жоғарыда айтылған әлеуметтік – экономикалық және саяси өркендеу антик кездегі артық азаматтарды туған полистерінен үнемі және жаппай жер аударумен ұштасып отырды. Бұл жер аударушылықтың б.э.дейінгі VIII ғасырдың аяғында, әсіресе VII және VI ғасырларда, кең көлем алғаны соншалықты, тіпті тарихқа олар ұлы грек отарлауының кезеңі деген атпен енді. Бірінші және негізгі себебінен басқа отарлаудың өркендеуіне теңіз саудасы да әсер етті. Үшінші себебі: грек полистерінде бұл дәуірде таптық және саяси күрестің шиеленісуі болды. Әдетте, сәтсіздікке ұшырап жеңілген әлеуметтік және саяси топтың айрықша белсенді өкілдері не қуылатын, немесе өз ерімен туған полисінен жер аударылатын. Олар корабьдерге мініп, Жерорта теңізінің немесе онымен қатар жатқан теңіздердің жағасндағы бір елге жүзіп барып, ауыл шаруашылығына ыңғайлы, теңізге беті ашық күтшті толқындардан қойнау арқылы қорғанатын, жағадағы бір жерді таңдап қоныстанатын.

         Халықтың бір бөлігін туған қаласынан жер аудару көбіне ұйымдасқан түрде жүргізілетін. Жер аударылған топтар өз ортасынан басшы сайлайтын6 ол ойкист деп аталады. Олардан жиналған жалпы қаржыға бір немесе бірнеше кораабльдер жабдықталған. Оларға азын – аулақ қорларын, аспаптарын, қару – жарақтарын тиеп, алыс жолға, бөтен жаңа жерге апойкий құруға аттанатын. Жаңа жерде, жаңа келгендерге тосырқап қарайтын, ал тіпті кейде жауыздықпен де қарайтын. Таныс емес тайпалармен көршілес тұру, қорғаныс поселкелерін бірлесіп салу, егіндік жер игеру, жергілікті халықтармен арақатынас орнату т.т. қажет болды. Мұндай жағдайда бұрын өз анында әр түрлі рулар мен кәсіптік мамандықтан арасында белгілі орын алып келген сословиелік ескі әдеттер артқа қалып қойды. Бұл жағдайлар отарлардың көпшілігінің әлеуметтік – экономикалық жағынан тез өркендеп дамуына жағдай жасады. Бұлар мен отарлар бөлініп шыққан полистердің арасында азды – көпті жақын туыстық қатынас сақталғандықтан, отарлар өздерінің метрополияларындағы, яғни ана – қалалардағы – жер аударған қалаларды осылай деп атайтын. Отарлар тәуелсіз полистер болды.

         Алғашқыда гректер Эгей теңізшілері Оңтүстік Италияға және Сицилия аралына өте ерте келді. Б.э.д VIII ғасырдың өзінде Италияның батыс жағалауында грек отары Кумы құрылды. Б.э.д VIII және VII ғасырларда Италияның оңтүстігіне қала – отарлар: Кротон, Сибарис, Тарент өркендеп өмір сүрді. Сицилияның жағалауларын отарлау осымен қатар жүргізілді. Мұнда толып жатқан қалалар пайда болды, оның ең белгісі Сирракузы еді.

         Отарлау одан әрі Жерорта теңізінің солтүстік жағалауымен батысқа қарай жалғастырылды, өйткені Жерорта теңізінің батыс жағынын оңтүстік жағалауында, өзінің Карфаген деген отарын құрған, мұнда финикилікте үстемдік ететін. Италиядан солтүстік – батысқа қарай гректің ең маңызды отарларының бірі Массалия қаласы орналасты.

         Отарлары архаистік дәуірінде басқалардан гөрі тез және қатты дамыған. Ионий, Халкида грек сауда – қолөнер полистерін Эвбей аралындағы Эретрий, Коринф және басқаларын бөліп шығарды. Бірақ жалпы тәртіптен ауытқушылық та табылды болды. Мысалы, кейін гректердің оңтүстік Италиядағы ірі отары болған Тарентті, өз елін саяси жағдайға байланысты тастап кеткен, артта қалған Спартадан шыққан ел құрған.

         Грецияның отаршылдық саясатының оңтүстікке қарай екінші негізгі бағыты – Солтүстік Африка жағалауы болды. Мұнда отарлардың саны аздау еді. Олардың ішінен Балкан түбегінен оңтүстікке қарай орналасқан Дорий – Киренаның маңызы күшті болды. Бірақ Африка жағалауындағы ең маңызды отар – б.э.д. VII ғасырда салынған Ніл өзенінің сағасындағы Навкратис қаласы болды. Басқа грек отарларынан мұның ерекшелігі – бұл қала Египеттпен сауда жасауға мүдделі он екі грек қаласынан шыққан адамдардың бірлескен күшімен салынған. Ол өзінің іші автономиясын сақтай отырып, Египет әкімшілігіне бағынды. Сөйтіп Навкратис өзара тиімді грек – египет саудасының аса ірі орталығына айналды.

         Грек отарлауының үшінші негізгі бағыты, жоғарыда атап көрсеткендей, солтүстік – шығыс дедік. Эгей теңізінің солтүстік жағалауын игергеннен кейін, гректер Геллеспонттың жағалауын отарлай бастады, одан кейін Пропантиданың оңтүстік жағалауына қоныстанды, содан барып ақырында Фракия Боспорының жағалауына жалғасты. Бұл ауданда құрылған отарлардың ішінен ең маңыздысы Мрамор теңізінің жанында егін шаруашылығымен айналысатын Халкедон отары құрылды. Бұдан біраз уақыт кейін Боспордың европалық жағалауында, Алтын Мүйіздің жанында гректердің жаңа сауда отары Византия пайда болды. Бұл Қара теңіз жағалауларына баратын жолдағы транзитті порт болып, өзінің өркендеу жолында егін шаруашылығымен айналысатын Халкедонды тез басып озды. Гректер Қара теңіз жағалауынан негізінен астық әкелетін еді.

         Гректер б.э.д. VIII ғасырдың өзінде – ақ Босфордан өтіп, Қара теңіздің оңтүстік жағалауымен жүзіп отырып, сонау алыс шығыста темір рудасын өндіретін кенді жерде Синопу отарын құрды. Бірақ Қара теңіз жағалауына одан әрі жылжу осымен тоқтатылды. Грецияның солтүстік – шығысында орналасқан, аралдары жоқ Қара теңіз грек теңізшілері үшін қиындықтар жасады. Қара теңіз жағалауын жауынгер тайпалар жайлайтын және ол көп жерлерде көпестер мен жаңа қоныс аударушыларын жаға түсуіне қатерлі болатын. Сондықтан да гректер теңіздің жергілікті атын тек жадында ғана ұстады да, оның атын өздерінше өзгертті, сөйтіп алғашқыда Аксин Понты деп атады, яғни қонақ – жай емес теңіз деген сөз.

         Бірақ кейін, алғашқыда батыс жағалауда, ал б.э.д. VII ғасырдың аяғында Қара теңіздің солтүстік жағалауында Днепр – Буг қойнауының жанында Березань аралында милеттіктер тұратын гректің шағын ғана сауда отары пайда болды. Оның артынан Қара теңіз жағалауының солтүстігінде бірнеше грек қалалары салынды. Жергілікті тайпалаордың ру аристократтары грек қолөнер өндірісінің заттарын қызыға сатып алып, оның орнына астық және басқа азық – түлік товарларын және шикізат берді. Милеттен шыққан гректер Буг өзенінің оң жақ жағалауында, Днепр – Буг қойнауының жанында, гректердің Солтүстік Қара теңіз жағалауындағы өте маңызды отарларының бірі болған Ольвияны салды. Милеттіктер Қырымда Феодосия қаласын, Киммерий Боспорынының жағасында қазіргі Керчьтің орнында Пантикапей қаласын салды. Кейін бұл қала Солтүстік Қара теңіз жағалауында гректер милеттіктер Диоскуриаду отарларын құрды.

         Ионийлік гректер Кубань өзенінің атраунда – Тамань түбегінде бірқатар отарлар құрды, олардыңң ішінен Фанагория ерекше көзге түсетін еді. Гректер Меотидағы Азов теңізі арқылы өтіп, оның солтүстік – шығыс жағалауында, қазіргі Дондағы Растовкаға жағын жерде, ең солтүстіктегі отар – Танаисті құрды.

         Б.э. дейінгі V ғасырдың басында Қара теңіздің оңтүстік жағалауында орналасқан дорий отары, Гераклиден Қырымның оңтүстік жағалауына, Херсонеске аударылан болатын.

 

 

3. Полистердің пайда болуы. Спарта қала-мемлекетінің қалыптасуы.

         Спарта б.э.дейінгі ІХ ғасырда дорий тайпаларының жаңа жерлерге ауысуын кейінгі шабулы кезінде шыққан архаистік Грецияның ежелгі мемлекеті болып табылады. Бұл кезде Лакония, Аркадия және Акадия басқа аймақтарға бұрын қоныс аударған дорийліктер жайластырған. Уақыт жөнінен, дорий қоныс аударушылырының соңғы тайпалары болып табылытын бұлар ұзақ күресте,біресе жеңіліп, біресе жеңіп жүріп, Лаконияны жаулап алған ды. Ол рулық қоғамның ыдырау сатысында еді. Бұл кезде оларда мемлекет әлі болмаған. Лаконияны жаулап алғаннан кейін дорийліктер өздеріне жерлікті халақты бағындырды. Халықты езіп жаншу үшін қанау аппаратына қажеттілік туды. Осылайша Спарта мемлекеті пайда болды.

         Пелопоннес территориясына басып кірген дорийліктер жергілікті халыққа қарағанда өте аз болғандықтан және шапқыншылар әлі ру, қоғам ыдырау сатысында ғана тұрғандықтан, оладың үстемдік етуінің түріде өзінше сипатта болды. Жергілікті халық өз селоларында қала берді. Бірақ келгендерге жұмыс істеуге тиіс болды. Мұндағы бір жағдай жаулап алған жергілікті халықтың өмірі құлдардың өміріндей бағаланбады, өйткені құлдар құл иеленушілердің жеке меншігі болғандықтан, иелері оладың өмір сүруіне бегілі дәрежеде мүдделі еді. Ал шеттен келгендерге жергілікті халықтың көбеймегені пайдалы болатын.

Илоттарды бағынышта ұстау қиын болды, өйткені олар спаталықтардан бірнеше есе көп еді. Спарта мемлекетінің тек әскери күштін қуатымен ғана өмір сүруі табиғи нәрсе болатын. Спартаның бүкіл өмірімен тәжрибесі осы мақсатқа бағындырылды.

         Спарта мемлекетінің заңынын жасаған Ликурп деп саналды. Осы уақытқа дейін оның, мифтік адам немесе Плутарх жазып, Фукидид және басқа да антик авторлар ескеркендей, шын мәнісінде өмір сүрген аддам екені белгісіз. Бірақ спарталық әдет – ғұрыптар мен заңдар Ликургтің еркімен шыққан жоқ. Олар барлық күшті Спарта мемлекетінің әскери құбылысын нығайтуға жұмсау керек деген өмір қажеттігінің нәтижесінен туып, бірте – бірте қалыптасқан нәрсе.

         Спартада қатар екі патша болатын. Біреуі – дорий руы Эврипонтидтен, екіншісі – ахей руы Агиадтан болатын. Бұл екі жақтылық, бір – бірімен күресіп келген ахей және дорий руларының Паконияны бағындырған дорий жаулаушылығының кезінде екі ел аристократ төбе тобының брігуін еске алуды көрсететін нәрсе болса керек.

         Патшалар басилейлер немесе архагеттер деп аталды. Олардың қажылық қызметі болды және аруақты деп саналды. Соғыс кезінде патшалар әскерлерге басшылық етті. Олар герусияның – Спарта мемлекетінің жоғарғы аристократ органының құрамына кірді. Патшалардың мемлекетке шын билігі болған жоқ. Қандай да болмасын бір мәселе жөнінде әңгімелесу үшін эфорлар, яғни барлық Спарта мемлекетін бақылайтын жоғарғы қызметтегі адамдар патшаны шақырып ала алатын. Егер патша эфорға келмесе, онда оны күшпен зорлар әкелетін.

         Эфорлар бесеу болды. Олар халық жиналысында бір жылға сайланатын.

         Күштірек және іс жүзінде мемлекетті басқаратын орган герусия. Спартаның ең білімді және ықпалды ру өкілдері қауым басыларының жиналысы болды. Герусияға алпыс жастағы 28 адам және 30 жасқа жеткен екіпатша кірді. Егер патшалар одан жас боса, онда герусияда олардың орнына патша туысқандарының ішінен қамқоршылары өкілдік етті. Геронттар герусияда өмір бақи мүше болды. Егер геронттардың біреуі өліп қалса, бос қалған орынға, халық жиналысына апеллаға өз кандидатурасын ұсынған, жасы 60 – тан кем емес спарталық жаңа геротты сайлау жүргізілді. Апелладан бөлінген арнаулы комиссяны жабық үйге орналастырады, содан кейін бұл үйдің жанынан геротқа кандидаттар жүріп өтеді.

         Грусияның әрбір мүшесінің бір ғана даусы болған, сондықтан да герусияда патшалардың іс жүзінде ешқандай ықпалы болмады.

         Спарта аристократтар мемлекеті болған, онда басты рольді герусия мен эфорлар атқарған.

 

4. Пелопаннес одағы.

         Пелопоннестің ең күшті мемлекеті Спарта б.э.д. VI ғасырда – ақ, екі соғыстан кейін, батыстағы көрші бай ел – Мессенияны басып алып, оның тұрғындарын илоттарға айналдырды. Оңтүстік Греция территориясында қалған мемлекеттерге келсек, Спарта оларды, жаулап ала алмады, дегенмен олар да бірте – бірте бағынуға мәжбүр болады да Пелопоннес одағын құрды. Оған өз билігі өзінде қалған тек Аргос пен Ахайя ғана кірген жоқ. Оның есесіне Пелопоннес одағына Орта Грецияда орналасқан Мегары кірді. Спарта Пелопаннес одағында басты роль атқарды.

         Өз уақтына қарағанда Спарта әскері жақсы ұйымдастырылған еді. Ұрыс кезінде алға айдап салып отырған илоттардың соңынан жас спарталықтар, одан соң кексе жауынгерлер және алпыс жасқа дейінгі қарттар жүріп отырды. Спарталықтар тәртіпті болды. Олар найза, семсер және қалқаннан тұратын қаруларды бала күнінен – ақ тамаша меңгереген болатын. Бұл армия б.э.дейінгі VI – V ғасырларда Грециядағы ең жақсы үздік армия болды.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-05-20 19:15:28     Қаралды-4203

20 ҒАСЫРДЫҢ НЕГІЗГІ ӨНЕРТАБЫСТАРЫ

...

20 ғасырдың негізгі өнертабыстары, оларсыз қазіргі адам өмір сүре алмайды

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САМАУЫРДЫҢ ІШІНЕ ҚАҚ ТҰРСА

...

Cамауырдың ішіне қақ тұрса

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШАШ КҮТІМІ

...

Адамның шашы бірде түсіп, бірде шығып дегендей, ұдайы алмасып отырады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ӘЛЕМ ТУРАЛЫ СІЗ БІЛМЕГЕН 15 КЕРЕМЕТ ФАКТ

...

Біздің әлем - шексіз жұмбақ. Күн сайын сіз ол туралы көптеген жаңа нәрселерді біле аласыз!

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТАРКТИДА ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Мұз құрлығының ресми ашылған күні 1820 жылдың 28 қаңтары болып есептеледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЫЛҚЫ АТЫМЕН АТАЛАҒАН SNICKERS ШОКОЛАД БАТОНЧИК

...

Snickers - жастар арасында ең танымал батончик

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕР ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Бұл мақалада біздің жер туралы қызықты деректер талқыланады

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЯҚ КИІМГЕ ДЕ КҮТІМ КЕРЕК

...

Әдетте, адамның екі аяғы бірдей бола бермейді. Көбіне оң аяқ сол аяқтан гөрі үлкенірек келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮДЕРІ БҰЙЫМДАРДЫ ТАЗАЛАУ

...

Күдерден тігілген бұйымдарды қалай тазалауға болатын тәсіл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »